1 тарау: Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістемелерініњ жалпы мєселелері



бет38/46
Дата02.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#71183
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Үздіксіз білім беру жүйесі.
Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру себебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі реформалау, оқу мерзімі 12 жылдық, «нәтижеге бағытталған» жаңа мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық үрдіс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру көкейтесті мәселе.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
Оқушыларға қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және олардың бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі – оқу үрдісінде педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізуде жатыр.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттыру педагогика ғылымы мен практиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтан оқыту, электрондық пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, қарастырылып отырған мәселенің шет елдегі жағдаймен танысуға толық мүмкіндік туады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады. Оқытудың компьютерлік технологиясы ақпараттық технологияның құрамды бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет