Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
Компьютерлік технологияны педагогикалық технология ретінде қарастыру.
Компьютерлік технологияны жаңа ақпараттық технология ретінде қарастыру.
Компьютерлік технологияны оқу үрдісінде қолдану тиімділігі.
Негізгі әдебиеттер /4-6/, Қосымша әдебиеттер/7-9,20-21/.
Дәріс – 15. Дәріс тақырыбы:Мектеп информатика курсының мазмұндық желілерін оқыту әдістемесі.
Дәрістің мақсаты: Информатиканың негізгі және жоғары курсында информатиканың оқытылуын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1. Информатиканың негізгі курсында информатиканың оқытылуы.
2. Информатиканың жоғарғы буынында информатиканың оқытылуы.
3. Телекоммуникация мазмұндық желісін оқыту.
Дәрістің мамұны: Информатиканың негізгі курсында информатиканың оқытылуы Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі. Ақпарат түсінігі курстың орталығы болып табылатындықтан ақпараттар бағыты негізгі (базалық) курстың толық мазмұнын қамтиды. Курстың кез келген тақырыбында ақпараттар мен ақпараттық үрдістерді ұсынудың әртүрлі нұсқаулары туралы айтылады. Бұл жүйедегі әрбір түсінік базалық курста екі аспект бойынша қарастырады: «компьютерлік» және «компьютерлік емес». Компьютерлік емес аспект адамға, қоғамға, табиғатқа қатысты жалпы позициялы компьютерленген байланысты емес ақпараттарды қарастырады. Бұл аспекте ақпараттарды анықтау және өлшеу, ақпараттық модельдер, ақпараттық үрдістер және табиғат пен қоғамда басқару үрдістері сияқты сұрақтар оқып – меңгеріледі. Компьютерлік аспект ЭЕМ архитектурасыда компьютердің функциялануының ақпараттық жақтары, сонымен қатар ақпараттары мен бағдарламалаумен жұмыс істейтін компьютерлік технологияларды оқып – меңгеріледі.
Ақпараттар және ақпараттық үрдістер бағыты бойынша оқушылардың білімдері мен қабілеттеріне қойылатын талаптар. Оқушылар келесілерді білуге тиісті: