1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз



бет49/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

61. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз.
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. ауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді. Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса құнды материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан. Төбесі тапталып, опырылып қалған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі тереңдікте жатқан қабірлер бар екені анықталды.
Жетіасардағы әрбір қала орнының төңірегінде мыңдаған жерлеу құрылыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жерге көму және сағаналарға жатады. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған. Еркектердің қабірінен әдетте пышақтар, семсерлер, сүйектен жасалған бастырмалары бар күрделі садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің қабірлерінде қола айналар, кабыршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі. Жетіасардағы қабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табылады. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді етіп жабылған. Тікбұрышты камераның (орта есеппен 3,5x2 м) ішінде екі-үш қабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киізге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамақ салып, су құйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де жер астындағы сияқты, бірақ олар күйдірілген кесектен қаланған аласа цоколь-стилобаттарға тұрғызылып, олар да оба үйіліп жабылса керек. Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабірлер Жетіасар мәдениетінің бүкіл бойында болған, ал сағаналардың пайда болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздағы II — IV ғасырларға жатады деген қорытындыға келуге негіз береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет