1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз



бет65/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

81. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз
Н.С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибе жүргізіп, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Оның шешімімен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, жаңа өлкелер құрылды. Бірнеше қала атаулары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды.
Бұл жылдарда елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъективизмді, валюнтаризмді және өктемдікке әуестікті жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.
Елде қалыптасқан жағдайды түзеу және бұрын жіберілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылданды. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И. Брежнев сайланды, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Кеңес үкіметінің басшысы етіп А.Н. Косыгинді тағайындады. КОКП-ның 1965 жылғы қыргүйек пленумында өнеркәсіпті аумақтық ұстаным бойынша басқарудың тиімсіз болып шыққаны сөз болды. Енді оны салалық ұстаным бойынша басқару өнеркәсіптің салалары бойынша республикалық және одақтық министрліктер құру қажет деп ұйғарылды. Сонымен қоса мұнда кәсіпорындарға көбірек дербестік беру, шаруашылық есепті дамыту, жұмысшылар мен қызметкерлерді экономикалық ынталандыру, материалдық көтермелеу ұсынылды. Жаңа шаруашылық реформалары деп аталған бұл шаралар 1965 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесін өзгерту және мемлекеттік басқарудың кейбір органдарын қайта құру» туралы заңда дәйектелді. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда экономикалық аудандардың халықшаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық, республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза, қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік т.б. кәсіпорындары біріктірілді.
60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды.
1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестену тоқтатылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие және т.б ретке келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүддесіне баса назар аударылды. 1966 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған өнеркәсіптер жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70 пайызы жаңа жүйемен жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халықшаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металл шығару бойынша үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Ауылшаруашылығы шикізатының мол болуы 1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақөнеркәсібін дамытуға ықпал етті. Бұл кезеңде салынған кәсіпорындардың ішіндегі аса ірілері – Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқкиім фабрикасы, Қостанай костюмдік штапель маталар комбинаты, Қарағанды аяқкиім және шұлық фабрикалары, Жезқазған, Семей, Ақтөбе тоқыма фабрикалары және т.б. болды. Бұл жылдары Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда жаңа ет комбинаттары өнім бере бастады. Ондаған сүт, нан зауыты салынды. Шу мен Ақсуда қант, Алматыда маргарин зауыттары, Ақтөбеде кондитер фапбрикасы сияқты ірі кәсіпорындар іске қосылды. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптен 14 кәсіпорын салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. 1970 жылға қарай қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет