1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін көрсетіңіз



бет63/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

79. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін көрсетіңіз
Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар.
Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз — әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.
Айталық, Н. Гродеков Алаштың – Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен Ұлы, Орта және Кіші жүздердің арғы тектері болғандығы туралы аңызды келтіреді; М. Шорманов шежіресінің негізінде Г.Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның – Юсун, Ақжол және Алшын атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы екінші аңызды келтіреді; Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың – Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы үшінші аңызды келтіреді; біздің ел арасынан жинаған деректеріміз үш түрлі аңызға негізделген болжамдар туғызып отыр. Бірінші болжам бойынша – Қазақтың (Алаштың) Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс атты үш ұлы болған; екінші болжам бойынша –Қазақтан (Алаштан) Ақшора, Жаншора және Бекшора туады, үшінші болжам бойынша – Қарамендеден – Байшора, Жаншора және Қарашора туады да, олардан сол ретімен қазақтың үш жүзі бастау алады. Әрине, мұның бәрі тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке – дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген жайт. Шығыстанушы ғалым В.В. Вельяминов–Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XVI ғ.) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XVII-XVII ғасырда Қазақстанның пайда болғандығын баяндайды. Ресей бас штабының офицері М. Красовский қазақ жүздерінің қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хандарының заманындағы (XVI ғ.) олардың бір–бірінен алшақ орналасқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғандығын дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет