82. Тәуелсіз Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттарына баға беріңіз Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы өзіндік әсер етті. Алып империяның құлауына байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың социалистік ұжым құндылықтарымен өмір сүру дағдысы өзгерістерге ұшырады. Бәрін бұрынғыша басқару мен қабылдау, сол қалыпта жүре беру мүмкін емес еді. Қоғам даму мен оның талаптарынан бұл көрініс айқын аңғарылды. Экономика деңгейі 55 пайызға төмендеді. 1991 жылы өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы – 8%-ға жетті.
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті.Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды. 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20%-ға артты. 1992 жылдың қаңтар айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны ырқына жіберді. Екі ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан, Ресейдің бұл қадамы Қазақстанға едәуір экономикалық шығын алып келді. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымда жасаған реформаларының да әсері болды. Тегін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету қысқара бастады. Сонымен қатар бұл салаларда мемлекеттік емес қызмет көрсету түрлері қалыптасып үлгермеді. Егер еңбекақы, зейнетақы және басқа да төлемдер көлемі жыл сайын ұлғайып отырған жағдайда, бұрын тегін қызмет көрсеткен салаларды біртіндеп ақылы түрге көшіруге болар еді. Алайда, елдегі әлеуметтік-экономикалық қиын ахуал, халыққа қызмет көрсету салаларын жекешелендіріп, шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік бермеді. 1993 жылдың қараша айынан, яғни ұлттық валюта енгізілген кезден бастап 1996 жылға дейін баға 35 рет өсті.