1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз


Ескерткіштерді зерттелудегі палеографияның орнын көрсетіңіз



бет12/39
Дата13.09.2022
өлшемі185,78 Kb.
#38951
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Өлкетану жауап нов (копия)

17. Ескерткіштерді зерттелудегі палеографияның орнын көрсетіңіз.
Тарихи зерттеулер үрдісінде палеографияны қолдану. Графиканың даму заңдарын анықтай отырып, палеография ең алдымен қолжазбаны дұрыс оқуға және алғаш қарағанда оқуға қиын болып көрінетіндей жерлерді ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл үшін қолжазбаны оқығанда графика туралы жоғарыда келтірілген материалға сүйенген жөн. Сонымен бірге жеке палеографиялық белгілер мен олардың жиынтығы тек филологиялық қана емес, сонымен бірге тарихи көзқарас тұрғысынан да маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың бірі құжаттардың шығу уақыты туралы мәселе болып табылады.Түп деректің пайда болған уақытын оның графикасы әрдайым онша дәл көрсете бермейді. Бұл бұрын қолжазба пайда бола алмайтын межені анықтай алады.
Осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен пергаменттің жасалған уақытын анықтау қиын емес, өйткені әдетте, ол жатып қалмаған да, шығарылған бойда пайдаланылған, сондықтан осы жолмен де оның шыққан уақытын білуге болады. Қағазда жазылған тексттер судағы таңбалар бойынша неғұрлым дәл даталанады. Бұл үшін даталанбаған қолжазбалардың судағы таңбаларын уақыты дәл көрсетілген жоғарыда аталған альбомдардың судағы таңбаларымен салыстыру керек.
Қол жазуына қарай қолжазбалардың кімдікі екендігін анықтай отырып, өте сақ болу қажет. Құжатты басқа бір кісі сақталмаған түп нұсқадан көшіруі немесе айтып жаздыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда авторын анықтау үшін қол жазу түкке тұрмай қалады. Түп нұсқа сақталғанмен қол жазу әр түрлі болып шығатын жайттар да кездеседі. Мұнда мәтіннің мазмүны мен тарихына сүйене отырып, ненің авторға, ненің канцелярист көшірмеге тиісті екендігін анықтаған жөн.
Палеографиялық деректер тарихи материалдардың арасында жиі кездесетін подделкаларды табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен зерттеуші, ең алдымен құжаттың қандай материалға және немен жазылғанын зерттеуге тиіс. Егер де қолжазба төл тума саналса, бірақ бұл әлі қолданыла қоймаған материалда немесе филиграньдеріне қарағанда қолжазба даталанған уақыттан гөрі кейінірек пайда болған қағазда жазылған болса мұны жалған деп санаған жөн.Көбіне фальсификаторлар өздерінің подделкаларын жатқызатын заманның жазуының сипаты туралы жалпы түсініктін, ғаңа болуы жеткілікті деп санайды. Тіпті бұлардың арасындағы ең маманданғаны жоғарыда көрсетілген А. И. Бардин XI—XIV ғасырлар қолжазбаларын өңін айналдыра отырып, ол кезде устав жазуы қолданылғандығын жалпы түрде ғана білді. Бірақ оған, палеографтар XIX ғасырдың екінші жартысында ғана анықтаған бұл жазудың кезендеріне қарай айырмашылығы бар екендігі мәлім емес еді. Ол XIV ғасырдың аяғында жартылай уставтың пайда болғандығын да білмеді. Ал кейбір жағдайларда XIV ғасырдан да ертедегі қолжазбаға ол, кейініректе анықталғанындай, жедел жазуға ғана тән сызықтарды пайдаланды.Жалпы палеографияның көмегімен ескерткіштің жасалу мерзімін, қандай шеберханаларды жасалғандығын және тарихшылар үшін тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет