1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз


жылдардағы Қазақстанда өлкетану жүйесінің қайта құрылуы немен байланысты?



бет22/39
Дата13.09.2022
өлшемі185,78 Kb.
#38951
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Өлкетану жауап нов (копия)

38. 1930 жылдардағы Қазақстанда өлкетану жүйесінің қайта құрылуы немен байланысты?
1930-1940 жылдары Қазақстандағы өлкетанудың дамуындағы гылыми мекемелердің рөлі арта түседі. 1934 жылы Қазак мемлекеттік университеті мен Қазақ үлттық мэдениетінің ғылымизерттеу институты қүрылды. Қыска мерзімде Қазакстан зерттеу қоғамы (1935) қайта ашылды. 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы ашылды. ¥лтты қ тарихшы, археолог, этнограф жэне өлкетанушы кадрлер даярлана бастады. ¥лы Отан соғысы кезіндегі өлкетану жүмысы бәсеңдеді. Согыстан кейінгі жылдардағы өлкетану жүмысы көтерілуі 1945 жылы ҚазКСР ҒА-ның Ш.М. Уәлиханов атындағы тарих, археология жэне этнография институтының қүрылуымен байланысты. 1949 жылы КСРО ҒА-ның этнография институты ҚазКСР ҒА-ның ТАЭИ және республиканың түрлі аймагына ғылыми, оның ішінде өлкетанулык материалдар жинайтын орталық музеймен бірлескен экспедиция үйымдастырылды. Оның мақсаты жэне коп кырлы зерттеменің фундаменттік ағымы - республиканың көп үлтты халықтарының мэдениеті мен түрмысын зерттеу болып табылады. 1950-1960 жылдар арасындағы Қазақстан аймактарындағы экспедициялық зерттеулер көптеп үйымдастырылды. Қазақстанның тарихи-этнографиялық атласын дайындау кезінде белгілі бір тарихи кезеңмен байланыстырылған этнографиялық, археологиялық, антропологиялық, өлкетанулық, терминологиялық, диалектикалық альбом суреттер, типологиялық кестелер мен карталар пайдаланылды. Қазақстанның тарихи-этнографиялық атласын даярлау материалдық мэдениет (шаруашылық,орналасуы мен үйі, киім мен сәндік бүйымдары, тагам мен жиһазы, көлік пен козгалыс күралы), халыктың көркем өнері жайында экспедиңиялық жүмыс кезінде жинақталган мэліметтер қазақ этносының мэдениеті мен түрмысының этно-дифференциалды белгісін ашатын зерттеулер айналымын қүруга негізгі бастау базасы болды. Қазак колхоз ауылдарының сол кездегі түрмысын (Көкшетау облысын) Г.Н. Уәлиханов жэне (Батыс Қазақстан облысын) В.В. Востров 1950-1952 жылдары зерттеді.
39. Қазақстан өлкетанушыларының Орталық бюросының құрылуын талдаңыз.
Қазақстанды зерттеу қоғамы Орынбор ғылыми архив комиссиясы және Орынбор орыс географиялық қоғамы бөлiмшесiнiң және де Қырвоенкомат штабы тарихи-статистикасы бөлiмiнiң мұрагерi болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы 1920 жылы 15 қазанда ҚазССР Халық-ағарту комиссариятының ғылыми комиссиясында ұйымдастырылып хаттамамен бекiтiлген. Ал оның жұмысы 1920 жылы 1 қарашадан бастап ресми тiркелген. 1925 жылы Қазақ халық-ағарту комиссариатының ғылыми бөлiмнен өз алдына жеке бөлiмше болып Қазақстанда зерттеу қоғамы бөлiнiп шықты. Қоғамды құруға бастамашы болғандар-тарихшы-өлкетанушы А.П.Чулошников,Орынбор өлкесiн алғашқы зерттеушi, бұрынғы Орынбор архив комиссиясының құрметтi мүшесi А.П. ГРА, тарихшы-этнографтарА.А.Диваев, С.М.Петров,А.Л.Мелков,И.В.Мелкова,А.А.Четыркина,И.М.Расторгуев, Н.А.Чулошникова, жер қыртысын зерттеушi биологтар Л.П. Лошкарев, М.И.Рожанец, К.К.Саховский, В.Е.Тележников және басқалар Құрылтайшы-мүшелерi арасында ҚазЦИК-тiң төрағасы С.Меңдешов, Қазвоенкоматтың штаб бастығы А.Н. Турский болды.
Қоғам ретiнде өз уставын қабылдады.
-республика туралы жергiлiктi архивтер, кiтапханалар, жекелеген кiсiлердегi мәлiметтердi iздестiрiп, жүйеге келтiрiп, оның ғылыми маңызын бағалап, өңдейдi.
-тұрғылықты жерде ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастырып, өлкенi зерттеу үшiн экспедиция жабдықтайды.
-өлкеге ғылыми мақсатпен келген кiсiлерге көмек көрсетедi және де осы өлкенi зерттеушiлердi көптеп тарту, олардың бiлiмi мен тәжiрибесiн қоғамға пайдалану басқа да ғылыми қоғамдермен байланыс орнату.
-ғылыми материалдарды, кiтаптар, қолжазбалар, актілер, карталар басқа да басылымдарды, өнер туындыларын жинау мен сақтау өлкетану музейі құруға жан-жақты ат салысу. Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысын алғашқы он екi жылын сипаты бойынша үш кезеңге болуге болады:Орынборлық 1920-1925,Қызыл-Ордалық-1925-1929 және Алматылық 1929 жылдан бастап. Қазақстанды зерттеу қоғамының мақсаты мен мiндеттерi, сол кездегi елдегi жаппай бастаған өлкетану қозғалысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес келдi.
Қазақстанды зерттеу қоғамы көп кешiкпей өз бөлiмшелерiн Оралда, Қостанайда Ордада, Көкшетауда ашты. 1922 жылы ҚазАССР-нiң Орталық атқару комитетi ауылдық жерге Қызыл керуен жiбердi, қоғамды белсендi құрушылардың бiрi этнограф А.А. Четыркина Торғай, Ақмола, Семей облыстарының елдi мекендерiнде өлең, ертегi аңыз, қазақ ою, өрнектерiн жинаумен болды. Ал қоғамның келесi мүшесi А.Л.Мелков 1923-24 жж. қазақ ауылдарын аралай жүрiп көптеген фольклорлық материалдар мен халық қолөнерi бұйымдарын жинады. Оның жинаған экспонаттары 1925 жыл сәуiрде Парижде өткен бүкiл дүниежүзiлiк көркем-қол өнер көрмесiнде көрсетiлдi. 1923 жылы Қоғам Москвада бүкiлодақтық ауыл шаруашылық көрмесiне қатысып, Қазақстан халықтары тұрмысын суреттейтiн бөлiмдi дайындады. Политехника музейінде конкурс-концерт өткiзiлiп, әсем қазақ әндерiн тыңдаушыларға жеткiзу сәттi аяқтайды.
Қоғамда ғылыми кiтапхана құрылды. Оған бұрынғы орыс географиялық қоғамының бай кiтап қоры және Орынбор ғылыми архив комиссиясының қоры кiрдi. 1923 жылы кiтапхана қоры 40 мың болды. Қоғам қызметiнiң қажеттi бағытының бiрi 1924 жылы мектеп өлкетануы бөлiмiн құру болды. Оның мiндеттерi - өлкетану жұмысына оқытушылар мен мұғалiмдерiн нығайту болды. Қазақ халық-ағарту комиссариатының тапсырысы бойынша мектептерге арналып Қазақстанның географиялық картасы жасалынды, оқулықтар қазақ тiлiне аударылды. Әдiстемелер дайындалды. 1921 жылы Орынборда «Қырғыз өлкесiн зерттеудегi Орынбор қоғамының еңбектерi» тұңғыш шығарылымы жарық көрдi. 1924 жылға шейiн ол «Еңбектер» алты рет шықты. Тарихи-археологиялық және этнографиялық секция қазақ халқының тарихын архив материалдары арқылы зерттеуге көп көңiл бөлдi. Қазақстанды зерттеу қоғамының тұңғыш төрағасы А.П. Чулошников қазақ халқының шығу тегiн зерттеуде жемiстi еңбек еттi. Қазақтың тарихи аңыздары мен басқа белгiсiз деректерге сүйене отырып жаңа мәлiметтердi ендiрдi. Оның «Қазақ-қырғыз халқының басқа түркi тайпаларымен байланысы очеркi» алға жылдыған қадам болды.
Қызыл-Ордада болған кезеңде қоғам өз еңбектерiнiң 4 томын шығарды онда өндiрiстiк қуат, Қазақстан халық шаруашылығының, физико-географиялық ортасы қазiргi кезге дейiнгi түйе шаруашылығы туралы П.В.Иванованың жұмысы өз маңыздылығын жойған жоқ. 1927 жылы Қазақстанда жұмыс iстеп тұрған 9 мұражай, 6 ғылыми қоғам, 5 қорық, 5 ғылыми кiтапхана, кiтап палатасы, 2 кiтап сақтау орны. Бiрақ олардың барлығы материалдық жақсартуды қажет еттi. КАССР халық комиссарлар кеңесi 1927ж. 13 қарашада арнайы қаулы қабылдап, Халық-ағарту комиссариатына, мәдени-экономикалық құрылысқа байланысты өлкетану жұмысын өркендетуге, мектеп өлкетануының белсендiлiгiн арттыруға, уездер, болыстар, кәсiпорындарда өлкетану жұмысын жетiлдiру қолға алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет