1 тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптар Жұмыс мақсаты: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптардыды, сонымен бірге “Құрылғы ” өнертабыс объектісі, «Бұрыннан белгілі құрылғыны жаңа бағытта қолдану»


Өтінімге қоса тіркелетін құжаттар



бет2/4
Дата14.11.2022
өлшемі26,12 Kb.
#50105
түріҚұрамы
1   2   3   4
Өтінімге қоса тіркелетін құжаттар

  1. Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беру төлемін растайтын құжат қоса тіркеледі. Белгіленгеннен аз мөлшсрде төленген жағдайда төлемді растайтын құжаттан басқа оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат та тапсырылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін. Тиісті төлемі төлеген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспау керек.

  2. Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес өтінімге конвенциялық басымдығын сұраумен алғашқы өтінім көшірмесі тіркеледі, ол конвенциялық өтіпім Қазпатсптке түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей тапсырылады. Егер алғашқы өтінімдер бірнешеу болса, осы өтінім көшірмелерінің барлығы тіркеледі.

Конвенциялық өтінімді басқа өтінімші берген жагдайда басымдық құқығын пайдалануға алғашқы өтінімнің өтінімшісіне рұқсат етіледі.
Алғашқы өтінім берілген күннен бастап он екі ай мерзім өткен соң, бірақ он екі айлық мерзім өткеннсн кейін екі айдан кешікпей түскен өтінім жөнінде конвенциялық басымдық сұрау кезінде өтінімге көрсетілген он екі айлық мерзімде өтінім беруге өтінімшіге қатысты емес кедергі болған жағдай көрсетілген кұжат және одан Қазпатент хабардар деген негіз болмаса, осы жағдайдың болғанын растайтын құжат қоса тіркеледі.
Конвенциялық басымдыгын апықтау туралы өтініш өтінім беру кезінде (инновациялық патент және патент беру туралы өтініштің тиісті бағанға келтіріледі) немесе өтініш түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін.



    1. Өтінім тілдері

Инновациялық патент және патент беру туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырылады. Өтінімнің өзге қүжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде тапсырылады. Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде тапсырылса, өтінімгс мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы тіркеледі. Қазпатентке құжаттары басқа тілдегі өтінім түскен соң екі ай ішінде өтінімші аударманы тапсыруға тиіс, ал тиісті ақысы төленсе, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс (заңның 16-бабының 2-тармағы).



    1. Даналар саны

Инновациялық патент және патент беру туралы өтініш төрт дана, онертабыс мәнін түсінуге қажетті өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, сызбалар және озге материалдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған реферат үш дана етіп тапсырылады. Басқа тілде толтырылған құжаттар бір дана, ал олардың мемлкеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы үш дана етіп тапсырылады.
Қалған құжаттар егер олар басқа тілде толтырылса, олардың мемлекеттік нсмссе орыс тіліндегі аудармасы бір дана етіп тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет