1 тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптар Жұмыс мақсаты: Өнертабысқа өтінімге қойылатын жалпы талаптардыды, сонымен бірге “Құрылғы ” өнертабыс объектісі, «Бұрыннан белгілі құрылғыны жаңа бағытта қолдану»


Қандай жағдайда өнеркәсіп бірлігі сақталған болып танылады ?



бет4/4
Дата14.11.2022
өлшемі26,12 Kb.
#50105
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
1 апта- 1 тәжірибелік жұмыс

Қандай жағдайда өнеркәсіп бірлігі сақталған болып танылады ?

Бір ғана техникалық нәтиже (нұсқалары) алуды қамтамасыз ететін бір түрге, бір бағытты объектілерге жататын болса, өнеркәсіп бірлігі сақталған болып танылады.



  1. Өтінімнің құрамында нелер болуы тиіс ?

Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтінімде мыналар болуы тиіс:

  • аттарына инновациялық патент және патент сұралып отырғап өнертабыс авторы және тұлғалар көрсетілген инновациялык патент және патент беру туралы өтініш, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны;

  • өнертабыс жүзеге асырылуы үшін толық ашатын сипаттамасы;

  • опың мәнін білдіретін және сипаттамада толық негізделген өнертабыс формуласы;

  • егер олар өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса, сызбалар және өзге де материалдар;

  • реферат;

  • өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда, сенімхат;

  • өнертабыска патент сұралған жағдайда осы Заңның 22-бабының 7- тармағында қарастырылған өтініш.




  1. Қандай құжаттар өтінімге қоса тіркеледі ?

Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беру төлемін растайтын құжат қоса тіркеледі. Белгіленгеннен аз мөлшсрде төленген жағдайда төлемді растайтын құжаттан басқа оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат та тапсырылады.



  1. Өтініш және өтінімнің өзге құжаттары қандай тілдерде тапсырылуы мүмкін ?

Инновациялық патент және патент беру туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырылады. Өтінімнің өзге қүжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде тапсырылады. Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде тапсырылса, өтінімгс мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы тіркеледі. Қазпатентке құжаттары басқа тілдегі өтінім түскен соң екі ай ішінде өтінімші аударманы тапсыруға тиіс, ал тиісті ақысы төленсе, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс (заңның 16-бабының 2-тармағы).



  1. Қандай құжаттар және қанша данада тапсырылады ?

Инновациялық патент және патент беру туралы өтініш төрт дана, онертабыс мәнін түсінуге қажетті өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, сызбалар және озге материалдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған реферат үш дана етіп тапсырылады. Басқа тілде толтырылған құжаттар бір дана, ал олардың мемлкеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы үш дана етіп тапсырылады.
Қалған құжаттар егер олар басқа тілде толтырылса, олардың мемлекеттік нсмссе орыс тіліндегі аудармасы бір дана етіп тапсырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет