1.Тəрбие жүйесі жəне оның негізгі компоненттері.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
2.Тәрбие жүйесінің құрылымы және даму кезеңдері . Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу , қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті , отбасы , мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие әдістері тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі , тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады.Тәрбие әдістеріне берілген әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :
Жеке басқа ықпал ету құралы;
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
Тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
Тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз .
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету , жағымды мінез құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін ұйымдастыру , ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ . Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз .
Г.И. Шукинаның «Педагогика» оқулығында тәрбие әдістерін :
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру ;
2. Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру ;
3. Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин бойынша оған қосымша :
4. Мінез құлық , іс әрекетке бақылау жасау , өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев , Н.Г. Гончарев , Ф.Ф. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру , жаттығу , мадақтау және жазалау деп қарастырады.Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме , әңгімелесу , лекция , пікірталас , өнеге жатады.Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын , қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасапу қажеттігі туындайды.Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады.Тәрбие әдістерінің келесі бір түрі пікірталас тәсілі.Ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес , керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы , дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі.Бұл топтағы әдістерге талап қою , жаттықтыру , тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
Кез келген тәрбие әдістерін таңдау:
Нақтылы сынып жағдайына;
Баланың жас және дара ерекшелігіне;
Оқушылар ұжымының қалыптасу дәрежесіне;
Тәрбиешілердің педагогикалық әдетімен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне;
Бала әрекетінің сапасына байланысты болып келеді
Сондықтан да тәрбиешілер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |