Олар аш сенен жем сұрап жүр. Күн сайын жем беріп , қолға үйрету керек, -деді шешесі. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Міне ,енді бізге торғай үйренді. Шашқан бидайды тақтай үстінене жейтін болды. Кейін алақандағы дәнді шоқитын болды.
№ 8
Төмендегі сөйлемдерден жіктік жалғаулы сөздерді тауып, олардың жалғауларының қай жақта тұрғанын айтыңдар. Біздер бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесіңдер? Қандай газет- журналдар оқисыңдар? Сіз аса талантты офицерсіз. Берік болат біз жастармыз, мың сан миллион достармыз. Біз ол жақта үлкен іс бітіреміз, отрядтар құрамыз. Біз сүйеміз, бейбіт күнді, бейбіт күнде туғанбыз. Біздің өмір күндей нұрлы , Бақыт құшқан ұланбыз.