Оқу әрекетіндегі қиыншылықтар төмендегідей жағдайдан туындауы мүмкін:
- оқу әрекетіне қажетті элементтердің қалыптаспауы (оқушы позициясы, танымдық мотивациялар т.б.);
- ырықтылықтың даму деңгейінің төмендігі, зейін, еске сақтау деңгейінің төмендігі, ересек адамға тәуелділік;
- мектеп өміріне бейімделе алмау, тұлғалық , мектеп өмірінен тыс әрекеттерге қызығушылық таныту т.б.
3. Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпы адамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында ілім болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды.
Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады. Антикалық және орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт).
Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.
Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар. Олардың жоғарыда аталған діни, философиялық, моральдық, эстетикалық және экономикалық түрлерінен өзге, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, саяси, қаржылық, экологиялық және тағы басқа түрлері аталады. Құндылықтарды материалдық және рухани, жеке және ұжымдық, адамзаттық және ұлттық, дәстүрлі және қазіргі заманғы және басқаша да жіктей беруге болады. Әрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым өзіне тән құндылықтар жиынтығымен ажыратылады.
Бұл тұрғыдан алғанда Батыстың Шығыстан, қаланың даладан, көшпенді қоғамның отырықшы қоғамнан, сондай-ақ әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне сай айырмашылықтары болады. Сол сияқты адамзаттың дәстүрлі кезеңінде бағаланған нәрселер мен қазіргі заман құндылықтарының арасында да айырмашылықтар бар. Қазіргі құндылықтар белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымның немесе халықаралық қауымдастықтың қандай да бір құндылықтарды насихаттауы барысында қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы жақсы, дұрыс немесе қалаулы деп есептелетін құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық деп атау қабылданған, алайда оның кейбірінің батыстық түбірге ие екендігін ескеру қажет.
Құндылықтар жүйесінің бұл көрінісі қалыпқа немесе нормаға айналып кеткен. Ол қалыптарды әлеуметтік құндылықтарға жатқызуға болады, бірақ норма мен құндылық түсініктерінің айырмасы бар. Құндылықтар – бұл абстрактылы жалпы ұғымдар болса, ал қалыптар – адамдардың әр алуан ахуалдарда ұстанатын ережелір мен ұстындары. Қазіргі қоғамда қалыптасқан құндылықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: денсаулық, отбасы мен туыс жақындар, үй мен материалдық игілік, жұмыспен қамтылу және қанағаттану, қоғамдағы әлеуметтік мәртебе мен жағдай, дін мен рухани құндылықтар, білім алу, шығармашылық, демалыс, еркіндік (таңдау мен сөз еркіндігі т.б.), тұрақтылық және басқалары.
Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар.
Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады. Сонымен, қорыта айтқанда, құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады. Адамгершілік құндылықтармен айналысатын саланы гуманистік аксиология деп атауға болады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды.
Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Батыстағыдай кәсіби философия болмаса да, қазақты тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып – адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер.
4. Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді–шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады.
Мектепті басқару туралы білімдер жиынтығы мектептану деп аталады. Қазіргі заман мектебі күрделі жүйе болғандықтан, ол оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-тәрбиелік қызмет көрсететін ұстаздардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Ғылыми басқару – белгілі нәтижеге жету мақсатында жоспарланған жүйелерді басқару. Ғылыми басқарудың мынадай белгілері бар: жалпы таным мен обьективтік заңдылықтарды саналы пайдалану; басқару ықпалының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету; басқарылатын обьектілер мен үдерістерді модельдеу; құбылыстарды бағалаудың сандық өлшемдерін қолдану.
Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге жатады: тұтас педагогикалық процесс, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, “ыќпал ету” ұғымының орнына “өзара әрекеттесу”, “ынтымақтасу”, рефлексивті басқару” ұғымдары қолданылады.
Сол сияқты мектепті басқару теориясы, мектепшілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогикалық үдерісте жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты басқару.
Педагогикалық үдерісті ғылыми негізде басқару мұғалімнен басқару теориясын игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйымдастыра білу білім деңгейін көтеруді, оның барлық бөліктерін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару нысанының өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді қажет етеді.
5. Тұтас педагогикалық процесс теориясы
Ең алғашқы тәрбие мен оқыту идеясының біртұтастығы Песталоциидің И.Г. педагогикалық тәжірибесінде жарық көрген, кейіннен Гербарттың И.Ф. еңбектерінде оқыту теориясының тәрбиелік мәні көрсетілген. Ол – адамгершілік білім бермей, оқыту мүмкін емес, немесе мақсатсыз құралға айналады, ал керісінше, оқытусыз адамгершілік білім беру, құралсыз мақсатқа тең деп батып атап көрсеткен. Педагогикалық үрдіс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тығыз байланысты. Орысша процесс, қазақша үдеріс (латын тілінен аударғанда алға басу) деген ұғым мынаны білдіреді:
Жағдайлардың, даму деңгейлерінің бірізді өзгеруі;
Белгілі бір нәтижелерге жету мақсатындағы іс-әрекеттің жиынтығы.
Педагог Шацкийдің ойынша педагогикалық процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін объектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті болып есептеледі.
Бұл педагогикалық процесс мәнін түсінуде П.Ф.Каптеревтің берген анықтамасымен салыстырғанда, педагогикалық процестің әлеуметтілігін қамтамасыз ететіндігі және мұғалім мен оқушының іс әрекеттері оның дамуының шарты болатындығы айқын көрсетілген. Ол педагогикалық процесті –«білім беру процесі» ретінде қолданды. Қазірдің өзінде П.Ф.Каптеревтың айтқан нағыз, бұрмаланбаған педогогикалық процесс бір уақыт кезеңінде ерікті және қажет, себебі бұл өзін-өзі дамыту процесі болады деген ескертуі өз маңызын жоғалтқан жоқ. Мұнда өзіндік әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Терминнің авторы оны әртүрлі қасиеттері мен қырлардан, құралдардан тұратын біртұтас үлкен бір құбылысты көрсетуге болатындығын және оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау т.б. сияқты кезеңдері болады. Ұсынып отырған ұғымның тартымдылығы сонда, П.Ф. Каптерев бойынша педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде. Сонымен бірге, мұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастарды туралы ой байқалады, ол арқылы мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қатынастарды түсіндіру мүмкін емес, бірақта соның негізінде тәрбие мақсатында жету қамтамасыз етіледі.
«Педагогикалық энциклопедияның» авторы Гмурман В.Е. «педагогикалық процесс» туралы ұғымға мынадай анықтама берді: «Бұл терминнен (педагогикалық талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқу-тәрбие процесін, ұстаздар мен тәрбиеленушілердің, оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттері ретінде қарастырылуында. Екіншіден, оның екі жақты сипаттылығы жасалған маңызды қадам бола тұрса да, бұл анықтама мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттерінің ерекшеліктері не деген сұраққа жеткілікті түрде айқын жауап бере алмады.
Яғни, педагогикалық процесс теориясының қалыптасуы мұғалімнің кәсіби дайындығын одан әрі дамытудың шарты болады.
Қазіргі педагогикалық үрдістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. М.А. Данилов өзінің «Педагогикалық процесс педагогикалық теорияның объектісі» деген еңбегінде, ең бастысы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясының одан әрі жетілдіруі айқындалады.
Педагогикалық процестің мәнінің әлеуметтік-педагогикалық жалпы түсіну бағыты Э.И.Моносзон мен Г.Н.Филоновтың еңбектерінде көрсетілген.
Герман Демократиялық Республикасы мен Кеңестер одағының педагогика ғылымдары академияларының бірігіп шығарған еңбектерінде педагогикалық үрдісті ұғынудың жалпы ғылыми бағыты оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылған. Бұндай көзқарас басқа да социалистік елдердің ғылыми әдебиеттерінде жарық көрген. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия) «педагогикалық процесс» деген ұғым «оқыту» деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.
Б.Г. Лихачев үшін тәрбие процесі педагогикалық іс-әрекеттің арқасында ғана әрқашанда нәтижелі. Бірақ, тәрбиеленушілердің бағдарын анықтау барысында, айтып отырған авторымыз, көп жағдайда дәйекті емес екендігін көрсетті. Мысалы, педагогикалық процестің бағыттылығын айқындай отырып, ол педагогикалық іс- әрекетпен тұтас тәрбие процесінің объектісін, ең ақырында осы объект үшін жүзеге асатын процес сол, ол, балалрдың өздері болып есептеледі. Мұғалім үшін, бала ықпал ету объектісі ғана болып қоймайды, ол даму үстіндегі, белсенді әрекеттенуші, әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай «өзін-өзі тәрбиелеудің субъектісі болатын» адам. Лихачев педагогикалық процестің тағыда бір басқа ерекшелігін- оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.
Ю.П. Азаров біртұтас педагогикалық процесті рухани-жеке тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық, тәрбие компоненттерінің технологияларының бірлігі ретінде қарастырады. Автор бұл бірлікті жүзеге асыру үшін оқыту — тәрбие процесінің дамыған технологиясын жасау керек деп есептейді.
Көріп отырғанымыздай тәрбиелеушілердің педагогикалық процестегі орнын бағалаудағы қарама-қайшылық, тәрбие объектісі (бала, адам) педагогикалық үрдістің объектісі ретінде де қарастырумен тығыз байланысты. Сондықтан да, қоғамның тәрбиені кімге (нақтылы объектіге) бағыттағанын естен шығармай отырып, бай мәдени мұраны меңгеру үшін тәрбиеленушілердің белсенділігі керек..
Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерінше педагогикалық процесте екі белсенді әрекет етуші жақтары — мұғалімдер мен оқушылар екендігі байқалады. Ғылыми әдебиеттерде бар нақтылы материалдар негізінде екі жақтың (мұғалім мен оқушылардың) қарым-қатынастарындағы өздеріне тән стилдерінен педагогикалық процестің нәтижелерінің тиімділігі, танымдық іс-әрекеттердің деңгейі ғана емес және адамгершілік тәрбиенің жағдайы да тікелей байланысты деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |