1. Толқындық оптика. Гюйгенс принципі. Юнгтің интерференция және дифракция құбылысын түсіндіруі. Гюйгенс принципі


ЭҚК, Бөгде күш, Тұйық тізбек үшін Ом заңы



бет4/5
Дата19.05.2023
өлшемі409,8 Kb.
#95309
1   2   3   4   5
Байланысты:
15,16 билет электр және оптика

2.ЭҚК, Бөгде күш, Тұйық тізбек үшін Ом заңы. Тізбекте ток болуы үшін токты тасымалдаушы Кулон күшінен басқа бөгде күш әсер етуі керек. Егер Кулон күші әр аттас зарядтарды өзара біріктіретін, потенциал айырымын теңестіретін, электр өрісін жоятын болса, бөгде күш керісінше әр аттас зарядтарды бір-бірінен бөледі де потенциал айырымын тудырады. Бөгде күштер токты тасымалдаушы бөлшектерге ток көзінің (гальваникалық элементтің, аккумлятордың, электр генераторының т.б.) ішінде әсер етеді. Егер Кулон күші зарядтың сыртқы тізбегі бойынша қозғалуын қамтамасыз етсе, бөгде күш зарядтардың ток көзінің ішінде электр өрісіне қарсы қозғалуын қамтамасыз етеді. Бөгде күштер ток көзінің энергиясы арқылы зарядтарды қозғау кезінде жұмыс істейді. Осы істелген жұмыстың зарядқа қатынасын электр қозғаушы күш (ЭҚК) деп атайды.

Тұйық тізбек үшін ток көзінің электр қозғаушы күші сыртқы және ішкі кернеудің кемуінің қосындысына тең болады:
осыдан

Сонымен ток күші ЭҚК-ке тура, ал сыртқы   және ішкі  кедергілердің қосындысына кері пропорционал болады.
Кернеу. Электроқозғаушы күш. Таза электростатикалық өрісте тұрақты ток жүрмейді. Бірақ тәжірибеде тұрақты токты алуға болады. Яғни өріс кернеулігінің табиғаты электростатикалыық болмайтын өрісте өмір сүре алады. Осындай өрістің кернеулігін бөгде күштің кернеулігі деп белгілейді.Сонда электр өрісінің жалпы кернеулігі электростатикалық өріспен бөгде өрістің кернеуліктерінің геометриялық қосындысына тең болады. Сондықтан өткізгіштің екі (1 және 2) нүктелерінің арасындағы кернеу
(22)
немесе жеке интегралдар қосындысы түрінде
(23)
мұндағы бірінші интеграл екі нүктенің арасындағы потенциал айырымы
(24)
ал интеграл бөгде күштің электроқозғаушы күші деп атайды
(24)
Сонымен кернеу потенциал айырымы мен э.қ.к. қосындысына U= φ1– φ2+ 12 тең болады.
Электроқозғаушы күш (э.қ.к.) бір өлшем зарядты өткізгіштің 1 нүктесінен 2 нүктесіне тасымалдауға жұмсалатын табиғаты электрлік емес бөгде күштің жұмысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет