Қазақстандағы халық шығармашылығы мен ҽдебиеттің қалыптасуы жҽне дамуы» атты республикалық
548
ҥлгісі деп қарауға негіз болғандай. Бҧл топқа «Айман-Шолпан», «Наурызбай-
Қаншайым», «Ерназар-Бекет» секілді шығармаларды жатқызуға болады. Бір
қарағанда, олар бір-бірінен алшақ сияқты кҿрінеді, сол себепті «Айман-
Шолпанды», «Наурызбай-Қаншайымды» біресе ғашықтық жырға,
кейде
тарихи жырға, ал, «Ерназар-Бекетті» тарихи жырға қосып келдік. Анығында,
олар – жаңа дҽуір туғызған лиро-эпикалық жырлар. «Лиро-эпикалық»
дегенде баяғы «лиро-эпос» ҧғымында емес, балладалық сипаттағы
шығармалар деген тҧрғыда тҥсінеміз. Ҽдетте, біз «баллада» жанры жазба
ҽдебиетімізде ғана бар деп ойлаймыз. Ақиқатында, олай емес. Баллада жанры
кҿптеген елдің фольклорында бар жҽне халық поэзиясының жеке жанры
ретінде ғылыми тҧрғыдан зерттеліп те жҥр
1
. Ҽуелде баллада би ҿлеңі тҥрінде
пайда болғанмен, ол атау бірте-бірте шағын,
содан соң лиро-эпикалық
сипаттағы
поэзиялық
шығармаға
қатысты
қолданылатын
болған.
Фольклорлық баллада, негізінен, осы тҧрғыда қарастырылады. Мҽселен,
орыс халық балладасы туралы ең жаңа еңбекте былай делінеді: «Ҽу баста
балладалар халық эпосының бір бҧтағы болған, сондықтан фольклористердің
кҿпшілігі оларға халық поэзиясының эпостық тҥрінің эволюциялық
дамуының нҽтижесі деп қараған»
2
. Ҽлбетте, еуропа мен орыс халықтарының
балладасы мен біздің балладалық жыр деп отырғанымыз бірдей емес.
Олардың фольклорлық балладасында негізгі тақырып – адамның қайғылы
жағдайға душар болып, ҿмірмен қоштасуы немесе неше тҥрлі сҧмдық
оқиғаларды ҧйымдастыратын жауыздардың ҥнемі
жеңіп отыруы болып
келеді. Ҽсіресе, ата-ананың балаға қастығы, туыс адамдардың бір-біріне
істеген зҧлымдығы, яғни отбасындағы трагедия – ең кҿп жырланатын
тақырып. Осының бҽрі лиро-эпикалық сарында баяндалады, сондықтан
шетел фольклористері балладаны лиро-эпикалық жанрға жатқызады.
Біздің лиро-эпикалық жырларымыз басқа халықтардікіне типологиялық
жағынан ҧқсас: ҥлкен елдік, яки Отанды қорғау мҽселесінің жоқтығы, ҽңгіме
ҿзегі –
отбасылық болуы, сюжеттің кҥрт ҿзгеруі, оқиғаның кейде
трагедиямен аяқталуы. Тегі, мҧндай типологиялық ҧқсастықтың болуы
жалпы фольклордың даму заңдылығынан туындаса керек. Ғалымдардың
айтуынша, фольклорлық баллада – феодалдық қоғамда пайда болатын
кҿрінеді. Бҧл кезде фольклор ҿмір талабына сҽйкес ҿзгеріске тҥсіп, оның
қҧрамында жаңа жанрлар қалыптасады. Сондай жанрдың бірі – халықтық
баллада деп есептеледі.
Қазақ қоғамы да кҿп уақыт феодалдық-патриархалдық болғаны белгілі.
Оның ҿзіндік ерекшеліктері болғаны сияқты
қазақ фольклорында да
1
Жирмунский В.М. Английская народная баллада // В кн.: Английские и шотландские баллады. М., 1973. С.
87-103. Бҧл мақала 1916 жылы жазылған екен; Путилов Б.Н. Славянская историческая баллада. М.-Л., 1965;
Балашов Д.М. История развития жанра русской баллады. Петрозаводск, 1966; Русское народное поэтическое
творчество. М., 1969. С. 307-308 («Лиро-эпические песни-баллады» тараушасы); Кулагина А.В. Русская
народная баллада. М., 1977; Аникин В.П. Русское устное народное творчество. М., 1984. С. 58-80
(«Балладные песни» тараушасы); Аникин В.П., Круглов Ю.Г. Русское народное поэтическое творчество. М.,
1987. С. 293-300 («Балладные песни» тараушасы); Костюхин Е.А. Лекции по русскому фольклору. М., 2004.
С. 213-217 («Баллады» тараушасы);
2
Костюхин Е.А. Кҿрсетілген еңбек, 213-б.
549
типологиялық заңдылықтармен бірге кҿптеген ҿзіндік қасиеті болды. Мҧның
бір кҿрінісі – ХІХ ғасырда пайда болған лиро-эпикалық жырлар. Оларды
балладалық сипаттағы шығармалар деудің ҿзі белгілі дҽрежеде шартты,
бірақ, жоғарыда айтылғандай, ҿзінің бҥкіл болмысы, нысанасы, объектісі
бойынша балладаға жақын. Сҿз жоқ, біз атап
отырған шығармалар таза
баллада емес, олар қазақтың ҿмірінен туғандықтан ҽрі басқа фольклор
жанрларының ҽсерінен таза баллада жанрының ауқымынан шығып кетеді.
Мҧнда эпикалық сарын басым, сондай-ақ бірнеше жанрдың белгілері бас
қосқан: айтыс, қоштасу, арнау ҥлгілері кездеседі, ал, мҧның ҿзі жырға
лирикалық сипат береді. Сонымен бірге
қазақ балладалық жырларында
ежелгі заманның салты мен ҧғымдары, рулар арасындағы тартыс, кҿне
сюжеттер мен мотивтер ҧшырасады жҽне трагедиялық та, бақытты да финал
бар, тарихи адамдардың жаңа дҽуірге сҽйкес жаңаша ҽрекеттері бейнеленеді,
кейіпкерлердің мінез-қҧлқы мен іс-қимылдарында ескі ҧғым-тҥсініктер
ҿзгертілген тҥрде кҿрсетіледі. Жалпы, бҧл жырларда бҧрынғы мен кейінгі
жағдаяттар шебер ҧштастырылған, сҿйтіп, олар жаңа жанрдың пайда
болғанын айғақтаған деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: