§ 11. Әңгіме
Ҽңгіме – қазақ фольклорында ҿзіндік орны бар прозалық жанрлардың
бірі. Ол ертегі сияқты кең тараған жанрға жатады. Оның себебі – қазақ
болмысындағы, кҿшпелі-бақташылық тҧрмыстағы рухани ҽрі танымдық
талап пен қажеттілігі екені сҿзсіз. Мҧндай жағдайда ауызша ҽңгіме тҧрмыс-
салттық қана емес, қоғамдық та мҽнге ие болады. Қоғамдық мағынасы бар
ҽңгімелер тыңдаушыларға қажетті мҽлімет берумен қатар оларды
ойландырады, бірте-бірте олар алғашқы пайда болған ортадан, автордан
алшақтайды, ҿзінше ҿмір сҥреді, сҿйтіп, қоғамдық сананың фактісіне
айналады. Міне, осындай ҽңгімелерді фольклорға жатқызады.
Ауызша ҽңгімелер кҿбіне шын деректерден қҧралады. Оларды оқиғаға
қатысқан я басынан ҿткен, немесе сол оқиғаға куҽ болған адамдар айтады.
Қазақтың ауызша халық ҽңгімелерінің пайда болу жолдары ҽртҥрлі.
Олар – кҿбіне кҿңіл кҿтеретін емес, қайта ҥйренетін жҽне танып-білу
тҥріндегі ҽңгімелер. Кейде есіне ерте кездегі оқиғаларды сақтап, белгілі бір
шын, немесе ойдан шығарылған дерекке сҥйенеді. Ауызша ҽңгімелер
халықты
ҿмір
сҥруге,
ҿмірдің
қҧнын
тҥсінуге,
жақсылыққа,
қайырымдылыққа ҥйретеді, халықтың тарихымен, еліміздегі оқиғалармен
таныстырады, зҧлымдықты ҽшкерелейді.
Халық прозасы жанрларының ішінде ҧлттық кҿрініс
ауызша ҽңгімелерде
басымырақ байқалады. Кҿптеген соны сюжеттер сонда кездеседі.
Кейіпкерлердің мінез-қҧлқы, географиялық ортасы, халық кҿңілін кҿтеретін
сауық пен кҥлкі, кҿркем нақысты сҿз қҧралы жҽне ең негізгісі, ерекше
тақырып, міне, осының бҽрі ауызша ҽңгімелердің ҧлттық айқын кҿрінісінің
басты белгісі болып табылады. Ауызша ҽңгіме ҧғынып-тҥсінудің тамаша
ҥлгісі бола отырып, халық ҿмірінің ҽртҥрлі жағдайларынан хабардар етеді
(еңбек, достық, махаббат, айтыс-тартыс, рулық жҽне ру ішіндегі ҧрыс-талас,
шапқыншылық, ауыртпашылық, арғы ата-бабаларының істерін, халық
батырларын еске тҥсіру).
Халық ҽңгімелері халықтың тарихын, адамдар мен ҧрпақтың тағдырын
білу ҥшін керек. Табиғаты жағынан халықтың ауызша ҽңгімесі - ҿте ҿміршең
жанр, сондықтан онда халық ҿмірінің барлық жақтары қамтылады. Мысалы,
ҿтіп жатқан той кезінде ҽртҥрлі қызықты оқиғалар еске тҥседі, бірнеше кҥнге
созылатын бораны бар қатты қыста, суық кҥндерде ҿткен уақыттағы
ауыртпашылықтар туралы ҽңгімеленеді.
Ауызша ҽңгімелер қоғамдық сананың бір тҥрі болып табылатындықтан
ҿзі пайда болған уақыттың ғана емес, сондай-ақ ҿмір сҥріп, елге тарап,
айтылып жҥрген, яғни пайда болғаннан кейінгі дҽуірдің ҽртҥрлі сипаттары
мен белгілерін (ҽлеуметтік жҽне этникалық) сақтайды ҽрі бейнелеп кҿрсетеді.
Ҽңгіменің фольклорлық жанр ретіндегі қасиеттері: ауызша орындалуы,
оқиғалылық, сюжеттің динамикалық дамуы, жағымды кейіпкер мен
ғибраттылығы, тарихи негіз, кейіпкерлер мен ҽңгімеші қолданатын сҿйлеу
тілінің ҧйқастырылған ҿлеңге жақындығы, сҿйлеу тілінің ерекшелігі, белгілі
606
бір композициясының болуы олардың фольклорлық айналымдағы ерекшелігі
тҧрғысынан танылады. Фольклордың басқа жанрлары сияқты қазақтың
ауызша ҽңгімесінің де ҿзіндік композициялық қҧрылысы бар. Ауызша
ҽңгімелердің алдында экспозициясы, яғни бастама бҿлімі болады. Ҽдетте,
ҽңгімеші ҽңгімесін алдымен оқиғаның қай жерде, қай уақытта, кіммен
болғанын немесе кімнен естігені туралы баяндайды.
Экспозициядан кейін оқиға басталады. Бірақ қазақтың ауызша
ҽңгімелерінде кей жағдайларда оқиғаның басталуы экспозициямен дҽл келуі
мҥмкін. Мҧндай жағдайда сюжет бірден ҿріс алады. Ауызша ҽңгіменің тҥйіні
оқиға басталатын жерде туындайды. Ҽңгімеші ситуацияның бастапқы
жіптерін жинай бастайды. Мақсат пайда болып, оқиғаның бағыты
белгіленеді. Бҧл жерде сюжеттік желінің жекелеген элементтері араласады,
сосын оқиға шапшаң дами тҥседі. Бҧл – оқиға басталатын шекара. Шағындау
ауызша ҽңгіменің композициясын қарастырайық:
«Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нҧралы ханның ҥйіне
барса, Қараман тана Малайсарымен сҿйлесіп отыр екен.
– Балалар, аман ба? – депті де, елемей, ҿздері сҿйлесе беріпті.
Сырым жолдасына дауыстап: – Жҥр кетейік, бҧлар бізді адам деп
отырған жоқ қой! – дейді. Малайсары жалт қарап:
– Ата тҧрып, ҧл сҿйлегеннен без,
Ана тҧрып, қыз сҿйлегеннен без.
Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? – дейді.
– Ата тҧрып, ҧл сҿйлесе, ер жеткені болар,
Ана тҧрып, қыз сҿйлесе бойжеткені болар, – дейді Сырым.
– Сен толған екенсің, мен болған екенмін, – деп Малайсары Сырымды
қасына шақырған екен».
Ауызша ҽңгіменің фабуласы оқиғаның тез дамуын жҽне оқиғаға
кейіпкердің енуін талап етеді. Баяндауды созу, оқиғаны тҥбегейлі сипаттау,
пейзажды суреттеу оған тҽн емес. Оқиғаны табиғи дамыта отырып, ҽңгімеші
баяндауды жайлап кҥрделендіре тҥседі. Оқиға ҿрістеудің шыңына жетеді.
Бҧл шың шарықтау шегі болып табылады. Мҧнан кейін оқиғаның аяғы –
шешілуі болады.
Ауызша ҽңгімелердің композициясының соңғы элементі эпилог болып
табылады. Сонымен бірге ауызша ҽңгіме тек ҿзіне ғана тҽн мінез-қҧлқы бар
жеке адамға назар аударады жҽне ҿмірдің маңызды мҽселелерін кҿтереді.
Сҿйтіп, ҽңгіме деп баяндау тҥріндегі шағын прозалық шығарманы айтамыз.
Тақырыбының ҿзгешелігі мен қҧрылысының толықтығы, оқиғаның мақсатқа
бағыттылығы немесе кейіпкердің уайым-қайғысы, бейнеленген заттар мен
қҧбылыстардың табиғи, сенімді пропорциялары болуы да ауызша ҽңгімені
жанр ретінде мінездейді.
Бҧрынғы ҽңгімелерде ҿмірдің ащы шындығы бейнеленеді. Халықтың
мҧң-мҧқтажын, арманын, байларға деген ашу-ызасы мен кҥресін бейнелейтін
ҽңгімелер ҿмір сҥруін тоқтатпай, дамып отырды. Халық оларды тыңдап, ҧзақ
уақыт бойы есте сақтап, ауыздан-ауызға таратып отырды. Ҽңгімелерден сол
кездегі уақыт ағымын, халықтың дҥниетанымын сезуге болады. Кей
607
ҽңгімелер ҿзінің кҿркемдік тҥрі жағынан қанша ҽлсіз болса да, тарихи танып-
білерлік материал ретінде қҧнды болып табылады. Тарихи анықтық, нақты
шындық – міне, осылар ҿткен ғасырлардағы ҽңгімелердің сапасын білдіреді.
Ауызша ҽңгіме бірнеше рет қайталанған соң, тҧрақты тҥрге ие болады,
сонымен қатар фольклорлану процесі кезінде олар ҿзі тҥскен ортаның
ерекшелігіне қарай қайта жҿнделеді, ҽртҥрлі ҿзгешеліктерге ие болады.
Ҽңгімелердің қҧндылығы сонда: олар - ҧлттық фольклор ішіндегі ең ширақ
қимылдайтын, қоғамдағы, не жеке ҿмірдегі оқиғаларға бірінші болып баға
беретін жанр, яғни ауызша ҽңгіменің негізгі белгісінің бірі оның
шапшаңдылығы болып табылады. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда
ауызша ҽңгіме қандай да бір оқиғаға негізделіп туындайды. Болған оқиғаны
бейнелеп шығады. Тарихта белгілі, атақты адамдардың кҿбінесе ауызша
ҽңгімелерде бейнеленуі, міне, сондықтан. Оқиға болып кеткеннен кейін
бірден туындаған ауызша ҽңгімелердің фольклорлық ҿмірі кҿп жағдайларға
байланысты. Егер ҽңгіме ҿмір ағымына сай келіп, ҽрі қызықты болса, кең
тарап, халықтың жадында жақсы қалады. Олардың мазмҧны ҿзектілігімен,
қоғамдық маңыздылығымен, кҿпшілік сҧранысымен ерекшеленеді.
Фольклорлық ҽңгімеде ең бастысы – сюжеттің тҧрақтануы. Ауызша
айтылып, ауызша ҿмір сҥретін болғандықтан, оның сюжеті негізгі оқиғаны
сақтаса да, тҥрленіп отырады, нҧсқалар туғызады, оны ҽдеби ҽңгімеден
бҿлектеп тҧратын да – осы айырмашылықтар. Ауызша орындалу мҽнері де
оны ҽдеби жанрдан ерекшелендіріп тҧрады.
Кҿпшілік назарын ҿзіне аударушылық – ауызша ҽңгіменің тағы бір
маңызды ерекшелігі болып табылады.
Ол ҽрқашан ҽңгімешінің ҿміріндегі, не қҧбылыстағы ерекше маңызды
оқиғаларды бейнелеп, сол ортаның талап-талғамына сай болуы керек.
Ауызша ҽңгімелер, ҽдетте, ел арасында аты шыққан адамның жеке ҿміріне
қатысты ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жаңа қоғамдық ҿзгерістерге
байланысты да туып отырады. Олар тек ҿз заманын бейнелеп қана қоймайды,
соған қоса оқиғалар мен оған қатысушыларға баға береді.
Ҽңгіме жанрына жататын шығармалар кҿбінесе шынайы шындықты
бейнелейді, нақты бір сюжетке қҧрылады. Ҽңгіменің қҧрылымы кҿп ретте
қарапайым, есте қалуға лайықты болып келеді. Осының арқасында ҽңгіме ел
арасында жиі айтылып, фольклорлық циклге тҥседі, сҿйтіп, кҿпшілікке кең
тараған сюжетті ҽңгімеге айналады. Ҽр орындаушы ҿз ҽңгімесін айтады.
Бірақ естіген ҽңгімесінің негізгі сюжеті мен мағынасын сақтап, басқа
компоненттерді ҿзінше ҿрнектейді. Кейде халық ҽңгімелеріндегі шын дерек
белгілі бір жағдайға байланысты ойдан шығарылған сияқты болады.
(Мысалы, соғыс кезіндегі ерекше операциялар, партизан тойлары).
Ҽңгіменің негізгі мазмҧнын есте сақтап қалу ҥшін арнайы дайындықтың
керегі жоқ. Егер ҽңгіме шынымен қызықты болса, онда тыңдаушы ҽңгіменің
мазмҧнын есіне тез сақтап қалып, басқаларға да ҽңгімелеп береді. Жҽне
естіген ҽңгімесінің кҿркемдік қасиеті қаншалықты екеніне аса мҽн бермейді.
Бҧл жерде ҽңгіме мҥлде кҿркемсіз болады деген ой жоқ. Мҽселе - ҽңгіменің
атқаратын қызметінде жҽне оның айтылу мақсатында. Егер ҽңгіме
608
тыңдаушыларға белгілі дҽрежеде бір мҽлімет беру мақсатында айтылса, яғни
танымдық қызмет атқарса, оның мазмҧнына кҿңіл бҿлінеді, ҽңгімеші сюжетті
ҽрлеуден гҿрі нақты баяндауды мақсат тҧтады.
Ауызекі ҽңгіме бекерден-бекерге айтыла салмайды. Оны айту ҥшін
белгілі бір жағдай, яғни ҽңгімені тыңдайтын алқа топ қажет. Сонда ғана
ҽңгімелер айтылады. Жҽне ҽңгіменің жанрлық сипаты ҽңгімешінің
шеберлігіне қатысты ашылады. Мҧндай шығармаларда фольклорға тҽн басты
қасиеттер кҿрініп, ҽңгіме сол дҽстҥрдің аясында болады. Оның басталуы,
сюжеттік дамуы, шарықтау шегі, шешімі болады, ҽрі оқиға ҽсерлі
баяндалады. Ал, ҽңгіме белгілі дҽрежеде кҿркем беріліп, оны ең бір мықты
орындаушы, ҽңгімеші айтып берсе, бірақ оның мазмҧны қызықсыз болса,
онда ол ҽңгіме ҿзінің тыңдаушыларын таппай, ҧмыт болады. Себебі
тыңдаушыға ҿнердің аумағы тек бір ҽдемі сҽтпен шектеліп қомайды.
Оқымысты емес, жай қарапайым адам ретінде ҿмірде, табиғатта адамды не
қызықтырады – соның барлығы тыңдаушының да ықыласын тудырады.
Ауызша ҽңгіме фольклор жанрының негізгі категорияларын да
иемденеді. Фольклорлық ҽңгіме кҿркем шығарма ретінде қабылдану ҥшін
ондағы айтылып отырған оқиға кҿп ретте тыңдаушылары тыңдап отырған
уақыттан бҧрын болған жағдайды баяндайды. Ол ҥшін ҽңгіме тҧрақталған
сюжетке ие болып, шығармалардың ҽртҥрлі мазмҧнына тҽн қасиет бойынша
кейіпкердің бейнесі, мінез-қҧлқы ҿз ерекшеліктерімен берілуі керек. Тек
жылдар ҿткен соң ғана ауызша ҽңгімелер фольклордың шығармалары бола
алады. Ҽңгіме халық талқысынан ҿтіп, оның санасында ҿмір сҥреді.
Кҿпшіліктің кҿңіл-кҥйі мен пікірін білдіретін нағыз халықтың шығармасы
ауыздан-ауызға тарап, ҧзақ жыл ҿмір сҥреді. Қызықсыз, кҿркемдігі мен
танып-білетін белгілері жоқ ҽңгіменің ҿмірі қысқа.
Ауызекі ҽңгіменің тақырыбы ҽр алуан болып келеді. Ол халықтың ҿмірі,
тҧрмыс-салты, тарихы, жергілікті ҽдет-ғҧрпы, кҽсібі секілді ҽртҥрлі саланы
қамтиды. Ҽр тақырыптағы ҽңгіменің ҿзіндік кҽсіпшілік жҽне қоғамдық
ерекшелігі бар. Оның тақырыбы ҽңгіменің айтылып отырған жағдайына
байланысты болады. Айталық, аңшылар демалып отырып, ҽңгіме-дҥкен
қҧрса, олардың ҽңгімесі кҿбінесе аңшылық туралы болады. Ал, жиналған топ
ҿздерінің жас кезінде кҿрген-білгенін сҿз қылса, ҽңгіме тақырыбы соған
сҽйкес болады. Демек ҽңгімеден сол топтың, ҽңгімешілердің, кҥллі жҧрттың
талғамын, ой-арманын байқауға болады. Ҽңгіме дереу тыңдаушының
алдында айтылуы керек. Сол жағдайға байланысты ҽңгіме мазмҧны қызық
па, жоқ ҽлде айтушының ҿзінің беделі ме, сол сюжет кҿпшілікке керек пе, -
міне, мҧның бҽрі - ҽңгіменің сипатын айқындайтын нҽрселер.
Кез келген ҽңгіменің фольклорлық сипатын айқындау оңай емес. Ол
ҥшін белгілі бір белгілерді ҧстанған дҧрыс. Мҽселен, фольклорлық сипаттың
басты белгісі - ҽңгімедегі оқиға айтушының ҿзінен де, сҿз болып отырған
адамдардан да қол ҥзіп, ҿз бетімен ҿмір сҥріп, ел арасында айтылуы.
Ҽңгімешінің қабілеті мен қасиетіне, оның қай жанрға бейімділігіне
байланысты ҽңгіменің тақырыбы мен қҧрылымы жасалады. Ҽңгімеші
ҽңгімені жай айтып қоймайды, ол онда ҿзінің оқиғаға қатысы бар екендігін
609
айтады, оны ҿзінше сипаттайды, ҽңгімеге кірген белгілі бір жағдайға
байланысты ҿз пікірін қосады.
Ҽрине, ҽңгімешінің тіл байлығы неғҧрлым мол болса, соғҧрлым оның
естелік-ҽңгімесі де қызықты жҽне қҧнды болады. Ҽңгімеші ҿз кҿзімен кҿрген,
ҿзі басынан кешкен оқиғаларды баяндап қоймайды, сондай-ақ ол ҿзгеден
естіген ҽңгімелерді де шертеді. Мҧндай жағдайда ҽңгімеші ҿзгеден естіген
ҽңгімені де ҿзінің ҽңгімесіндей етіп айтуға тырысады. Ал, егер ҽңгімеге арқау
болған оқиға оның қҧрдасы немесе ҿзімен қатарлас адамның басынан ҿткен
болса, онда айтушы ҽңгімеге тҥрлі ҽзіл-оспақ қосып айтуы ғажап емес.
Ауызша ҽңгімелердің қалыпқа тҥскен қорытындысы болмайды, ҽр
ҽңгімеші оны ҿзі жасайды. Ауызша ҽңгімелерде баяндау кҿбіне бірінші
жақтан айтылады. Ертегі, аңыз, хикаят секілді ауызша ҽңгімелер де бір
немесе бірнеше эпизодтан тҧрады. Ҽңгімеші жалпы оқиғадан тыңдаушыға ҿз
ҿмірбаянының ең қызықты сҽтін, ең мағыналы эпизодын алады.
Жалпы, ауызша ҽңгімеге сырлы сезім онша тҽн емес. Олардың негізгі
міндеті - оқиғаны дҽл, анық кҿрсетіп, кейіпкерлерді бейнелеп шығу. Ауызекі
ҽңгімелердің кейіпкерлері – негізінен ҿмірде болған адамдар. Олар ҿз
есімдерімен аталады. Оқиғаның болған жері мен географиялық атауы
кҿрсетіледі. Бірақ олар ҽңгімеде қалай болса солай кҿп қолданылып, жиі
қайталанбайды, яғни ҽңгімені географиялық атаулармен, сандармен, жеке
аттармен кҥрделендірмейді. Ауызша ҽңгіменің ықшамдылығы – сюжетіне
байланысты. Оған да фольклордың басқа жанрлары секілді ҿмір сҥру
заңдылықтары тҽн. Ауызша ҽңгімелердің екінші ерекшелігі – баяндаудың
ықшамдылығы. Мҽтіндердің кҿпшілігіне нақты қҧрылым, бір эпизодтан
екінші эпизодқа логикалық ауысу тҽн.
Бір ауызша ҽңгіменің ел арасында тҥрліше қолданыста болуы мҥмкін.
Ҽңгімеші бір мҽтінді ҽр жерде тҥрлендіріп айтатыны бар. Оны ҽңгіменің
қҧрылымынан да, стиліндегі ҿзгерістерден де, жекелеген бҿліктердің тҥсіп
қалуы немесе жаңа эпизодтардың қосылуынан байқауға болады.
Нҧсқалардың пайда болуы – кҿптеген жағдайларға байланысты.
Алдымен, оны ҽңгімешінің ҿзі жасайды. Ҿзінің айтып отырған ҽңгімесіне
деген тыңдаушылардың ынтасын, қызығушылығын сезсе, ҽңгімеші ҿзі де
ҽсерленіп, ҽңгімесін одан сайын қызықты ете тҥсуді ойлайды. Сҿз арасында,
тіпті, ҿлең, мақал-мҽтел, жҧмбақ, т.б. қосып отырады. Алайда, кейде сол
ҽңгіме қызықсыз, іш пыстыратындай, ҽсерсіз айтылуы мҥмкін. Бҧл
ҽңгімешілердің, тыңдаушылардың кҿңіл-кҥйіне де байланысты болады.
Мҽтіннің негізі шын деректен, реалды оқиғадан, нақты кейіпкерлерден
жасалуы керек, ҽрі дарынды ҽңгімешілер қарапайым ғана қысқа да ықшам
ҽңгімесінде оқиғаны дҽл, нақты бере отырып, бір оқиғаның ҿрбуін анық,
айқын кҿрсетеді. Ҽңгімеде кейіпкер мен эпизод шағын болады. Мысалы, бір
сюжеттен тараған тҿрт нҧсқалы мына ҽңгіменің ҥшеуін қарастыралық:
«Кебекбай шешен ҥйі кҥзгі қорада отырғанда мынадай бір оқиға болады.
Тҥн ортасында иттер арсылдап жҥрген соң, Кебекең далаға шықса, екі
кҿкжал қасқыр бос қорадан тҥк таппай, арсалаңдап жҥреді. Ертеңгі ас ҥстінде
ол ауылдастарына: «Жеті кҥн елден, жеті кҥн жерден» кҥнелткен қасқырлар
610
қорама келіп, мал таппағанына бір ҧялдым-ау», - депті. Тыңдап отырған
ағайындары: «Сіз қасқырдан ҧялсаңыз, біз сізден ҧялдық», – деп, қырық-елу
қой жиып беріпті
1
.
«Қыпшақ Досбол би кедей болыпты. Мал дҽметіп, бай қҧдасына барады.
Қонақта отырғанда қҧдасы биден: - Ешкімнен жеңілдің бе? – деп сҧрайды.
Сонда би: - Жоқ, жеңілгенім жоқ, тек екі рет ҧялдым, - депті. Бірде –
қасқырдан, екінші рет – сенің қызың, менің келінімнен. Ерте тҧрып, қотанда
жҥр едім, бір қасқыр қотанға шауып кірді де, маған тілін жалаң-жалаң
еткізіп, ҿте шықты. Сонда ҧялдым, жаңағысы «Досболдың қотанын шауып,
қҧрауыз шықтым-ау», - дегені еді.
Келінім тҥскен соң, мал келгенде шелек алып, қотанға кіріп барған ғой.
Басқа қатындар: «Бидің ҥйінде мал болмайтын, шырағым, қайта ғой», - депті.
Келінім шелекті қҧр ҽкелген соң ҧялдым, - депті»
2
.
«Кҥздің кҥні Бірҽлі бай Сейдахметке соқса, ол кісі жабырқаулау отыр
екен.
- Неғып отырсыз? – депті Бірҽлі.
- Ҧялып отырмыз, - депті Секең.
- Неден?
- Ит ҥргенге ертеменен сыртқа шықсам, қорамнан екі қасқыр шығып
келе жатыр екен. «Бізден қай малыңды қызғандың?» дегендей, екеуі отты
кҿзімен қарады да, жҿнеле берді. Жауыз болса да, келген қонақтың ҥйімнен
қҧрауыз шыққаны ҧят болды,- депті Сейдахмет.
- Жарайды, Ҽлімжанды жіберіңіз, - деп, бай он қой бҿліп қойған екен.
- Енді бҧны қалай айдап кетесің? – депті бай.
- Ҽкем айтып еді: «Алдыңа қой салса, айдататын атын да берер», - деп.
– «Сҿз тапқанға қолқа жоқ», – деп, Бірҽлі бай ат мінгізген екен»
3
.
Міне,
орындаушы
автор
ауызша
ҽңгімелерді
тҥрлендіргенде
тҧрақтылықты сақтай отырып, шексіз мҥмкіндіктер жасай алады. Осылайша
сюжеті бір ҽңгіменің бірнеше нҧсқасын салыстырсақ, мынадай
ерекшеліктерді кҿруге болады: олар кҿркемдік сапасы тҧрғысынан бірдей
болмайды. Ол кҿлемі мен қатысушы кейіпкерлерінің қҧрамы жағынан да
ҽртҥрлі. Бір ҽңгімеші болған оқиғаны толық баяндап, тіпті, ҧсақ бҿліктеріне
дейін кҿрсетіп, кейіпкерлердің бейнесіне дейін суреттейді. Ал, енді бір
ҽңгімеші оқиғаға егжей-тегжейлі тоқталмай, тек нақты, дҽл деректерді
келтіреді. Ауызекі ҽңгімелер неғҧрлым халық кҿп жерлерде жиі-жиі айтылса,
соғҧрлым ықшамдалып, тҧрақты тҥрге ие болып, фольклорлық шығармаға
айналады.
Халықтың ҿз ҿмірінің ерекше қҧрылысына байланысты аңыз бен ауызша
ҽңгімелердің ҿзара араласып кеткені соншалықты, кейде, тіпті, оларды
ажырату ҿте қиынға тҥседі. Бҧл туралы С.Қасқабасов еңбегінде былай дейді:
«Бара-бара бҧл ҽңгіме басқа тайпаға, бҥкіл аймаққа тарайды, жай ғана тарап
қоймайды, неше алуан ҿзгеріске ҧшырап, басқа бір детальдармен
1
Ҽзірбаев К. Аңыздар сыры. Астана, 2000. 52-б.
2
ҼҾИ қолжазба қоры. №1058-бума.
3
ҼҾИ қолжазба қоры. №1059-бума.
611
толықтырылып, ҽсемделіп отырады. Бастапқы айтушының (ҽңгіме
кейіпкерінің) аты да, айтылу ситуациясы да ҧмытылуы мҥмкін, бірақ сюжет –
негізгі оқиға сақталып отырады. Ендігі айтушылар оқиғаны ҿзіне қатысты
қылып немесе ҿзіне, кҿпшілікке қажетті жағдайға байланысты етіп айтуы
ықтимал. Енді алғашқы ҽңгіме басқа жанрға кҿшеді. Ол – аңыз я болмаса
хикая болуы мҥмкін»
1
.
Бҧл жерде екі заңдылық байқалады. Біріншісі – ауызша пайда болған
сюжеттің тҧрақталып, фольклорлануы мен фольклорлық процеске тҥсуі, ал,
екіншісі – осы процестің барысында ҽңгіменің аңызға айналып кетуі, яғни
ҽңгіме мен аңыздың жақындығы. Рас, қазақтың ауызша ҽңгімелерін
таңқаларлық жҽне таңғажайып белгілері бар ҽпсанадан, хикаяттан айыру
жеңілірек.
Ҽңгіме кҿптеген қасиеттерімен аңызға жақын. Рас, аңыз сияқты, ҽңгіме
де шындықты, нақты ҿмірді бейнелейді. Аңыздан айырмашылығы - ҽңгіме
қоғамдағы не жеке ҿмірдегі бір ерекше жағдайды баяндайды. Ҽдетте,
ҽңгімеші ҿз басынан кешкенін немесе замандасымен болған оқиға жҿнінде
айтады. Егер ҽңгіме халықтың кҥнделікті тҧрмыс-тіршілігіне байланысты
оқиғадан алшақтап кетсе жҽне ҽр алуан қоспаларға жол берсе, аңызға
айналады. Алайда, ҽңгіме аңызға айналғанымен, ол айтушының шыққан
ортасы мен тҧрған жерінің ҿзіндік белгісін бойына сіңіріп, содан хабар
береді.
Фольклорлық белгілері бар ауызша ҽңгімелердің бҽрі бірдей аңызға жата
бермейді. Себебі аңыз қазіргі болып жатқан жайды емес, баяғы ҿткен
уақытта болған жайттарды ҽңгімелейді. Аңыз бен ауызша ҽңгіменің
айырмашылығы онда берілетін уақытқа да байланысты. Аңыздағы уақыт –
ертеде ҿткен шақ, ал, ҽңгімедегі мезгіл – онша алыс емес кезең, тіпті, қазіргі
ҽңгімеші, яки орындаушы ҿмір сҥріп отырған дҽуір болуы да ықтимал.
Қҧрамында аңыздың немесе ертегінің белгілері бар шығармаларда
шындықты реальды бейнелеу ме, ҽлде ойдан шығарушылық па - соны нақты
анықтап алу қажет.
Ҽңгіме фольклорлық жанр ретінде оның синкреттілік қасиетін
қабылдауына байланысты ертегінің, хикаяның да элементтерін бойына сіңіре
алады. Мҧндай жағдайда мҽселенің барлығы ҽңгімешінің баяндау
шеберлігіне байланысты: оның мағлҧматының тереңдігі мен кҿп
білетіндігіне, кҿп оқығандығына жҽне тілдік қорының байлығына тікелей
қатысты болады. Ертегілік элементтер ҽңгімеге кҿркемдік пен қызықтылық
бере отырып, тҥпкі шындықтан айтарлықтай алшақтатпайды.
Ауызша ҽңгімені ертегіден айыру қиын емес, ҿйткені, ертегі қиял-
ғажайып, авантюралық, фантастикалық мазмҧндағы сюжеттерден тҧрады.
Ертегінің мазмҧны, оның сюжеті мен идеясы қиялға қҧрылған, бҧл ауызша
ҽңгімеге тҽн қасиет емес.
Ҽңгімеде оқиғаны шын бейнелеуден ауытқушылық байқалса, оның негізі
фантастикалық сипатқа ие болса, ол шығарма кейбір шын тарихи деректері
1
Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984. 13-б.
612
болса да, ертегіге жатады. Ауызша ҽңгімеде кейіпкерді кҿркем бейнелеу ҥшін
кейде ертегі сияқты сҿйлеу ҽңгімеге кҿркемдік, қатысушы кейіпкерлерге
ғажайып мінездеме, баяндауға ҽдемілік дарытады. Мҧның бҽрі ҽңгімелерді
есте сақтап, ҽрі қарай ауызша таратуға зор мҥмкіндік береді.
Қазақ халқы билердің кҿрнекті шешендік сҿздерін де зердеге тҥйіп,
ауыздан ауызға тарата отырып, фольклордың игілігіне айналдыра білген.
Мысалы: Ертеде бір байдың жалғыз қызы - Ақбалық сҧлу толықсып,
бойжеткен шағында мырза, серілердің бірін де бойына теңемей, кедейліктен
басқа міні жоқ, ҿз ҥйінің жас қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Ата-ана,
жақын туыстары Ақбалықты жылатпай, ҿзінің сҥйгеніне қосыпты. Ақбалық
тҿркінінен тҥк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бҧған намыстанған
ру басшылары Қаздауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау
ҥшін ҽдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп тҥсе қалады. Қозыбақ қойын
жусатып тастап, ҥйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандық ҥстінде
Ақбалық сҧлуды қағытып: - «Е, қарындас, мҽнді сҿзден мҽн шығады, бимҽнді
сҿзден не мҽн шығады? Жапалақ ҥйрек іліпті, ҿйткенмен, одан не мҽн
шығады?» - дейді. Ақбалық сҧлу осы арада мҥдірмей тіл қатып: - «Рас, мҽнді
сҿзден мҽн шығады, бимҽнді сҿзден не мҽн шығады? Жапалақ ҥйрек ілгеніне
таңырқайсыз, оның енді бір қоңыр қаздан дҽмесі бар!» – дейді биге
кҥлімсірей қарап. Қазыбек қыздың қойшыны шын сҥйгеніне риза болып,
намысқой ақсақалдарға:
– Байлық мҧрат емес,
Жоқтық ҧят емес,
Теңін тапқанды текке бер,
Қосағымен кҿгерсін! - деп тоқтатып кетіпті»
1
.
Осы ҽңгіменің сюжетіне ҧқсас, Сырым батыр жайлы вариантында оқиға
былай болады:
«Сырым тағы бір жол сапарында жолдастарымен бір ҥйге келіп тҥсе
қалады. Бҧларға сый, қҧрмет кҿрсетіп жҥрген келіншектің сҥп-сҥйкімді
тҥріне, ҽдептілігіне іштей толқып отырған Сырым:
- «Шіркін-ай, мына келіншектің кҥйеуі қандай екен, дҥниедегі армансыз
жандай ма екен?» – дегендей ойда отырады. Кешікпей кҿзге қораш, егде
тартқан бір адам кіреді. Келіншектің кҥйеуі сол екенін білген Сырым:
- Мҽністің де мҽнісі бар,
Мҽнсіздің мҽніспенен не ісі бар?
Қҧладын қу іліпті
Япырай, оның не ҽдісі бар? – деп, жолдастарына сҧрақ қойғандай
болады. Бҧл тҧспалды тҥсіне қалған келіншек:
- Мҽністің де мҽні бар,
Мҽніссіздің де мҽніспенен бір ісі бар.
Қҧладын қу ілсе, ҽдісі бар,
Тағы да бір аққу қҧстан дҽмесі бар, -
деп, кҥйеуінің мҽніссіз емес екенін айтқан екен»
1
.
1
Қазақтың кҥлдіргі-сықақ ҽңгімелері. Қҧрастырғандар: Б.Кенжебаев, Н.Тҿреқҧлов Алматы, 1963. 29-б.
613
Келтірілген екі мысал бір қарағанда, шешендік сҿз болып кҿрінеді:
екеуінде де басты кейіпкер қазақтың ҽйгілі шешен-билері – Сырым мен
Қазыбек, екеуінде де билердің ақылдылығы мен ҽділдігі дҽріптеледі. Алайда,
осыған қарамастан бҧл екі шығарма шешендік сҿз емес. Бҧлар – бір сюжетке
қҧрылған фольклорлық екі ҽңгіме. Біріншіден, мҧнда екі қайраткердің
есімінен басқа тарихи немесе нақты дерек жоқ. Екіншіден, ҽңгімелердің
сюжеті біреу-ақ, бірақ Қазыбек туралы ҽңгіменің сюжеті біршама орныққан,
тҧрақталған, фольклорлық сипатқа ие, сол себепті онда фольклорға тҽн
басталу, оқиғаның ҿрбуі мен аяқталуы бар. Ҥшіншіден, екі ҽңгімеде де
барлық халықтың фольклорында кездесетін «ҧтымды жауап» жҽне «ақылды
қыз» мотивтері жақсы баяндалған, демек екі ҽңгіме де фольклорлық циклдан
ҿткен. Оның ҥстіне бҧл сюжеттің басқа да нҧсқалары бар
2
. Рас, олар кҿбінесе
новеллалық ертегілерде кездеседі, тіпті, эпостық шығармаларда да
ҧшырасады
3
.
Яғни тарихи тҧлғалар туралы прозалық фольклор тек тарихи аңыз емес,
сонымен бірге ауызша ҽңгімелер тҥрінде де болады. Олар белгілі бір оқиғаға
байланысты туындайды. Бірақ оқиғаның тҥрі, жағдайының баяндалуы,
сондай-ақ қҧрылымы да тҥрлі болып, бірте-бірте нҧсқалар қалыптасады.
Ауызша ҽңгімелердегі оқиғалардың тарихи дҧрыстығына пікір айту
қиын. Уақыт ҿткен сайын бастапқы оқиғадан қашықтап, ойдан шығарылған
эпизодтар мен жағдайлар қосылып, кейде алғашқы реалды негізінен
алшақтап кетеді. Тарихи деректер мен кейіпкерлердің ҽрекет ететін
орындарынан жылжуы байқалады. Бҧл жерде ауызша ҽңгіменің аңызға,
ҽпсана-хикаятқа айналуы байқалады. Мҧнан біз ҽңгімелердің ҧрпақтан-
ҧрпаққа ауысып отыру процесі кезінде белгілі бір контаминацияға
ҧшырайтынын байқаймыз. Талдауға алынған мысалдардан ҽңгіменің тарихи
тҥрі анықталады. Жетпіс ҥш сюжеттен тҧратын барлығы 216 мҽтінді
қарастыру барысында ҽңгімелердің мемуарлық (ҿмірбаяндық, естелік) жҽне
новеллалық, анекдоттар деген тҥрлері бар екендігі анықталды. Қазақ
ҽңгімелерінің ішінде мемуарлық жҽне новеллалық тҥрлері ерте кезден бар,
ал, анекдот кейінгі кезеңде пайда болған. Мемуарлық әңгімелер кҿп жағдайда
естелік сипатында болады. Сҿз болып отырған оқиғаға қатысқан, оны кҿзімен
кҿрген адамның ҽңгімесі бірнеше рет қайталанып, тҧрақты бір сюжетке
айналады, содан соң фольклорлық процеске тҥседі: ҽңгіме естелік сипатынан
алыстайды, алғашқы айтқан адамынан қол ҥзеді, ҽңгіме айтылып отырған
ортаның ерекшелігіне қарай жҿнделеді. Мысалы, 1916 жылғы кҿтеріліске
қатысты ҽңгімелер, Ҧлы Отан соғысы туралы ҽңгімелер осындай процесті
бастан кешірген. Бҧл – фольклордың нағыз ҿмірі. Оны зейін қоя зерттеу тек
қана фольклортану ғылымы ҥшін маңызды емес, сонымен қатар елдің
тарихына қатысты деректерді, мҽдени ҿмірдің қызықты сҽттерін қамтуы
арқасында ғылымның басқа салалары ҥшін де қажет.
Естеліктер мен ҿмірбаяндар кҿбінесе бірінші жақтан айтылады. Егер
1
ҼҾИ қолжазба қоры. №1057-бума.
2
Қазақтың би-шешендері. Қҧрастырғандар: Н.Тҿреқҧлов, М.Қазбеков. Алматы, 1993. 94-б.
3
«Аяз би», «Жиренше мен Қарашаш», «Мҧңлық-Зарлық» тҽрізді шығармалар.
614
ҽңгімеші шебер болса жҽне тыңдаушылары қоштап отырса, ол оқиғаны
асықпай, дамыта отырып, ара-арасында, кей тҧстарда лирикалық шегіністер
де жасайды, тіпті, кей эпизодтарды ҿз алдына жеке ҽңгімеге айналдырып
жібереді.
Ҽдетте, естелік ҽңгімелерді кҿргені мен тҥйгені кҿп, ҽр жерде болып, кҿп
елмен араласқан, сҿзге жҥйрік, тілі шешен адамдар айтады. Ҽңгімедегі
оқиғалар мен сюжеттер тек кҿпшіліктің сҧранысы болған жағдайда ғана
фольклорлық айналымға кіреді. Белгілі бір ортаның тҧрақтанған фактісі
болмайынша, естелік ҽңгіме фольклорға айналмайды. Фольклорға
айналғанның ҿзінде естелік ҽңгіме міндетті тҥрде эстетикалық мақсат
кҿздемейді, сол себепті ол тҥгелдей дерлік кҿркем болмайды. Ҿмір сҥріп
отырған ортасында қоғамдық маңызы бар кейбір ҽңгімелердің сюжеті
тыңдаушыны да, ҽңгімешіні де бірдей қызықтыруға тиіс. Ал, егер естелік
ҽңгіме кҿпшіліктің сҧранысын, я талабын орындамаса, ол ҽңгіме, айтушы кім
болса да, ол қандай шешен болса да, фольклорлық циклге тҥсе алмайды.
Сондықтан да естелік ҽңгімелер, егер сейілдік мақсатта айтылмаса,
кҿркемдігі жағынан айтарлықтай жоғары болмайды. Мҧнда бейнелік, яғни
астарлық кҿркемдік ҽдістер кҿп қолданылмайды.
Ҽдетте, новелла терминін шындық белгісі бар шағын прозалық
шығармаға қолданады. Ал новелла сияқты ауызша ҽңгімелер деп белгілі бір
оқиға, тҧрмыс, адам жҿнінде шағын, бас-аяғы жинақы баяндауды айтамыз.
Жанрдың бҧл тҥрі тарихи жҽне ҿмірбаяндық ҽңгімелерге жақын, ҧқсас,
себебі жалпы ауызша ҽңгімелерге тарихи мен ҿмірбаяндық белгі тҽн. Бір
ҽңгімелерде бҧл белгі айқынырақ кҿрінсе, екіншісінде ҽлсіз болып келеді.
Ал, новеллалық әңгіме тарихи ҽңгіме мен ҿмірбаяндық ҽңгіменің аралық
тҥрі болып табылады. Жанрдың бҧл тҥріне: сықақ, кҥлдіргі, тҧрмыстық,
аңшылық ҽңгімелер жатады. Оның тақырыбы алуан тҥрлі жҽне сюжеті
қарапайым, қысқа. Оның оқиғасы бірден іс-ҽрекетті баяндайды, кейіпкерлері
аз. Ауызша ҽңгімелердің бҧл тҥрінің негізгі ерекшелігі – тҧрақталған сюжет
пен айқын композициялық қҧрылым. Ҿмірбаяндық ҽңгімеге бірнеше эпизод
тҽн болса, новеллалық ҽңгімеде – бір эпизод. Новеллада мысалға келтірілген
бір дерек немесе эпизод арқылы белгілі немесе белгісіз кейіпкердің бейнесі,
тарихи жағдайы суреттеледі. Мҧнда маңызды тарихи оқиға не тарихи
адамдар, немесе ҽңгімешінің ҿміріндегі тамаша деректерден гҿрі ҿмірдегі
белгілі бір қызықты жағдайлар мен оқиғалар жҿнінде жиі баяндалады.
Ҽңгіменің назары тек бір жағдайға, тек бір кейіпкерге бҿлінеді. Сонымен
бірге новеллалық ауызша ҽңгімеде ҽңгімеші ҿзінің шеберлігі, ептілігі арқылы
болып жатқан кҿптеген оқиғалар ішінен ең керектісін, мағыналысын, ең
даулы жағдайларды таңдай білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |