Байланысты: 1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org
І. Екі әйелдің бір балаға таласу сарыны бойынша берілетін сюжетте (АТ
926) даугерлер – екі ҽйел, талас нысаны – бала, оның жас шамасы
айтылмайды. Қазақ нҧсқасында тҿреші – Едіге бала, кҿне еврей ертегісінде –
патша. Екі халықтың фольклорында да тҿрелік етушілер баланы қылышпен
екіге бҿліп беретіндігін, ҽйелдер баланың жарты денесіне ие болатындығын
айтады. Таласушы бір ҽйел бҧл ҥкімге келіссе, шын туған анасы баласының
тірі жҥруін ойлап, қылышпен шаппауды жылап тҧрып сҧрайды.
Адамды қақ бҿліп тастау сарыны кавказда – адыгей жҽне Пакистанда
белудж халықтарының фольклорында да кездеседі, оның шынайы ҿмірде
қолданылуы мҥмкін дегенмен, оны қуаттау да қиын. Ал қазақ шешендік
сҿздеріндегі тҿрешілердің баланы қылышпен бҿліп беруді ауызға алуы –
«жалған ҥкім», эксперимент.
Сырт кҿзге жеңілген болып кҿрінетін шын туған ана, ақырында, дҧрыс
тҿреліктің берілуімен жеңімпаз, баласын қайтарып алады.
ІІ. Ақсақ малдың дауы. Ағайынды тҿрт жігіттің еншісіне қалған мал
кҽпірдің егініне тҥсіп кетеді. Егіндік иесі малдың тҿрт аяғы тиген жеріне тҿрт
жҥз ділдҽ талап етеді. Соның тҿресін сҧрап, Едігеге жҥгінеді. Ол ақсақ
аяқтың кімге тиесілі екенін біліп, оның бейдамақ болуын сҧрайды. Едігенің
тҿрелігі бойынша, кҿзі кҿріп, сҥйреп апарған – бас, сондықтан малдың
басына ие болған ағасына екі жҥз ділдҽ, ауру аяқты сҥйреп апарған сау
аяқтар болғандықтан, екі аға екі жҥз ділдҽдҽн тҿлейтін болады.
Мҧндай сюжет башқҧртта Ерэнсэ есімімен жҽне дағыстандағы лак
халқында бар. Онда дау тудыратын нысан - ешкі, оның тҿрт аяғын ағайынды
тҿрт жігіт бҿліскен, малдың бас мҥшесі аталмайды. Қазақта Едігеден басқа
Бименбет би атынан да айтылатын ақсақ ешкінің дауына тҿрелік беру Ерэнсэ
мен лак фольклорындағыдай – келтірілген зиянды сау аяқтардың иелері
тҿлейді. Адыгей ертегісінде талас нысаны – лақ, оны иелену тҽсілі – мал
денесін ҧзынынан екі бҿлікке бҿлу, даугерлер – ағайындылар емес,
омарташы – екеу.
ІІІ. «Айғырын кісінетпесін». Қазақ фольклорында айғырын кісінетпесін
сарыны да бар
1 , оның сюжеті бойынша шҥршіт елінің ханы Еженхан: «Егер
далада жҥріп, қазақтың айғыры кісінесе, менің биелерім қҧлын тастайды.
Айғыры кісінегеннің басы айдауда, малы талауда болады», – деп ҿктемдік
жасайды. Мҧндай сорақы талапқа жауап беру ҥшін ел ішінен ақылды бала он
екі жасар Қасен (Асан Қайғының шын аты делінген) табылып, ҿктемдік
жасаушы хан ауылының барлық итін ҽдейі қырады. Оның мҽнісін: – Кішкене
кҥнімде ҽкем маған қой бақтырды. Далада жҥргенімде қасқырлар келіп
қамады. Сонда мен кҿмекке ойдың да итін шақырдым, қырдың да итін
шақырдым. Бір ит келіп, ара тҥспеді. Сонда ант ішіп едім: Ойдың да итін
1
Шешендік сҿздер. Алматы, 1967. 29-30-б.
411
атармын, қырдың да итін атармын, – деп, сол сертіме жетейін деп, ит біткенді
қиратып атып келе жатқан жайым бар», – деп, хан шартының қисынсыз
екендігін мойындатады. Бҧл сюжет тҥркі халықтарының кҿбінде- башқҧртта,
ноғайда, қырғызда, дағыстандағы лак халқында сақталған
1 .
Бҧл мҽтіндерден байқалатыны – хан сҿзінің қаңқасы (клишесі) де,
қысымшыл ханның шаһарына кіргеннен-ақ ит атаулыны ату ҽрекетімен
сҧрақ-жауапқа алғышарт жасаған жауапкер (бала, қарт) сҿзінің қаңқасы да,
басқа мысалдардағы жағдайда да – айтар ойға басты тірек болған нҽрсенің
кҿбі есте сақтау ҥлгісін (моделін) қҧраған. Шығарманың орта бҿлігіндегі
маңыз болатын ҧйытқы қызметінде тҧрақтылық осы есте сақтау ҥлгісінде, ал
сҿздердің дҽлме-дҽл, ҿзгеріссіз берілуі мҥмкін еместігі фольклорлық мҧраны
жеткізуші тарапынан болатын жағдайларға тҽуелді.