1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет71/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

1
.
Бҧл сарын қоғамдық дамудың ҽр кезеңінде тҥрлі мағынада, оның бастапқы 

мазмҧны – сиқырлық кҥшке байланысты кҿрінген



2
. Ал шешендік сҿздердегі 
кҿлді бҿлу ҿмірде мҧндай жағдай, ҽрине, мҥмкін емес, бірақ Қасқакҿлге
қатысты сюжет қазақ тіршілігінде орын алған жер дауының бір қыры ретінде 
қолданылған.
Дауласқан кезде даугерлер бидің қарсы алдында жҥгініп отыратын 
тҽртібі болған, «жҥгінді» сҿзінің мағынасы осыдан шыққан. Билікке разы
болмаса, ҿзге қҧрметті, ҽділ биге немесе ханға баруға мҥмкіндік болған. 
Тҿрелік берілгеннен кейін істің ашылмаған жағдайлары белгілі болғанда, дау
қайта қаралатын. Қазақтың шешендік сҿздерінде айыпкерді тергеу процесі 
кҿрсетілмейді.
Фольклорлық шешендік сҿздерде дауласушылар бір бидің тҿрелігіне 
разы болмай, екінші би не ханға жҥгінуі, істің қайта қаралу шаралары да
сырт қалады. Кҿп ретте бір бидің алдынан-ақ шаруалары жай тапқан кҥйде 
беріледі, ҽкесінің немесе ханның дауға тҿре бере алмаған кҥйін кҿрген
баланың (мыс., Едіге, Қазыбек, Тайкелтір, т.т.) араласуы істің қайта қаралуы 
жағдайына жатпайды, олар араға уақыт салдырмай-ақ, сол сҽтте дауды
шешудің жолын айтады. Тҿле бала кҥнінде даугерлердің тҿрелікке разы 
болмай, жолда кетіп бара жатқан жерінен ҽкесі Ҽлібектің алдына қайтадан
алып келуі


3
, шындығында, тҽн емес. Едіге бала жасаған тҿрелікке Тоқтамыс 
ханның тарапынан «Соның тҿресі – тҿре, мен ондай тҿре бере алмаймын»
деуі бала би типі ҥшін тҽсіл. 
Кҿп ретте би болу ҥшін қажет қасиеттің бірі – сҿзге шешендік. Ноғай
лингвистикасы бҧл сҿзге «дана, сыпайы сҿйлеуші, сҿзшең» деп тҥсінік берсе, 
башқҧрттар халық ауыз ҽдебиетін кҿп білетін адамды шешен деп таниды.
Жҽне бҧл эпитет тек ер адамдарға қатысты қолданылған, олардың ҽлеуметтік 
статусында да тҧрақты тҥрде атап кҿрсетілетіні – шешен тҿменгі таптың ҿкілі
екендігі. Қазақ фольклоры Жиренше шешенді «ҿзі кедей, асқан ақылды, сҿзге 
ҧстамды, ханды жақтамапты, елдің сҿзін сҿйлепті», - деп таныстырады, ХVІІІ
ғасырда ҿмір сҥрген Байдалы шешенді «бай бола алмапты, дҥние 
қҧрастырып, дҽулет жинауға... қолы тимесе керек, ақылын азық, асыл сҿзін
сусын еткен» - деп кҿрсетеді.
Аяз би Мадан ханның алдына жаман адам статусында келген. Аяз есімді
кейіпкер ауған жҽне тҥркімен фольклорында да бар. Екі елдің фольклорында 
да ол - Махмуд Газневидің қҧлы, сондықтан оның реальды тҧлға екендігін
анықтау ҿз алдына бір мҽселе болғанымен, кейіпкер ретіндегі шығу тегі 
парсы фольклорында жатса керек.
Ауған фольклорында тҥрлі даулы жағдайлар мен қиын сҽттерде жол 
тауып шығатын оқиғаларға арналған шағын проза хикаяттар деп бҿлінген.


1
Сказки и повести Древнего Египта. Л., 1979. С.220. 
2
Францов Ю.П. Древнеегипетские сказки о верховных жрецах // Советский фольклор. М.-Л., 1936, № 2-3. 

С.172-175.



3
Тҧрланның Дҽулетқали тҿреге айтқаны // Тозған қазды топтанған қарға жейді. Алматы, 1991. 69-б. 


406


Сондай хикаяттардың бірінде шахтың сҥйікті қҧлы болған Аязды
сарайдағылар кҿре алмай, «қазына ҧрлап жҥр» деп, оған жала жабады. Шах 
ҧрлықтың ҥстінен тҥспек оймен ізін аңдып келгенінде, Аяз ескі, кір
киімдерін киіп алғанын кҿріп, себебін сҧрайды. Аяз ҿзінің бҧл ісін бҧрын 
қандай болғанын ҧмытпау ҥшін, шахтың қайырымдылығын ойлап, оған
алғыс айту керек деген оймен жасайтынын баяндап, жаладан басын 
арашалайды. Сҿйтіп, патша алдында дҽрежесі арта тҥседі

1
.
Ал тҥркімен фольклорында Аяз хан тағына жеткен, бір кездерде ҿзінің 

жаман болғанын ҧмытпас ҥшін сарайының кҿрнекті жеріне ескі шарығын


іліп қояды екен. Тҥркімен паремиясындағы «Аяз хан, шарығыңа қара» деген 
мақалдың туу жағдайын аңыз осылай тҥсіндіреді

2
. Демек, бірнеше елде Аяз 
ҥшін бір мазмҧн берілген.
М.Ҽуезов Жиреншені жиынтық образ деп таныған. Ал, Ш.Уҽлиханов: 
«Ҽз-Жҽнібектің дана, білгір, шешен биі – Жиренше шешен болған.
...Жиренше есімінің ел арасында тапқырлық пен шешендіктің символы 
болуы, Жҽнібек хан мен Жиренше шешеннің қосарлана айтылуы тегін
болмаса керек»,


3
– деп, Жиреншенің тарихи тҧлға екендігіне ден қояды. 
Қазақ фольклорында Жиренше ертегі жҽне шешендік сҿздер жанрында,
башқҧртта Ерэнсэ сэсэн – тҧрмыстық ертегі, аңыз, қырық ҿтірік, т.б. 
жанрлардың кейіпкері. Оның даналығы ағайындылар арасындағы ақсақ ешкі
дауы мен айғырын кісінетпесін (АТ 875 Е) сарындары бойынша сомдалады. 
Ерэнсэ сэсэннің, сондай-ақ, сыншылық қасиеті де аталады, ол -
Ябайхынсының баласы. Башқҧрттар тыңдаушыға оны бергі тарихтан 
кҿрсетуге тырысып, «осыдан 400 жыл бҧрын Қорам ауылында, бҥгінгі
Шмалы ауданында Ябайхынсы есімді адам ҿмір сҥрген» деп, фольклор ҥшін 
анахронизмді пайдаланады.
Қырғызда Жирен бала кҥнінде Кара канның алдына айғырын 
кісінетпесін сарыны бойынша елші болып келеді. Оның шешен атағын алуы
ҿзі мойындатқан қарсы жақтан. Башқҧртта: «Жарайды,- дейді хан, - сенің ҽр 
сҿзіңнің қҧны – бір алтын. Осыдан бастап сенің есімің Ерэнсэ – сэсэн

4
,
қырғызда: «Кара кан сҿзге жыгылып: «-Э-э, чунак бала, келген дооң ошол 

беле, кечтим!- деп, жообуна ыраазы болут, балага «Жейрен чечен» деген


ысым ыйгарат»


5
тҥрінде айтылған.
Жиренше шешен даналық символы болғанда, алдымен, ақылды бала
типінде байқалады, ол жаяу мал қарап жҥріп, Жҽнібек ханға кездескенде
оның сҧрақтарына берген жауабы бейнелі, тҥсінуге ой керек. «Бір қой
жеймін десеңіздер, қай ҥй болса да, қона бересіздер. Екі қой жеймін 
десеңіздер, біздің ҥйге қонасыздар», - дейді ол. Қонақтардың алдына буаз
саулық ҽкеліп, союға бата сҧралғанда ғана бала сҿзінде бойдақ малдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет