1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет102/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

§ 6. Дастан 

Жалпы сипаты. Қазақ халқының эпикалық поэзиясы батырлық,
ғашықтық жҽне тарихи жырлармен шектелмейді. Осылармен қатар халық 
поэзиясында кҿлемі жағынан айтарлықтай мол, тақырыбы сан алуан,
оқиғалары шытырман келетін, сюжеттерінің басым кҿпшілігі кҥллі шығыс 
халықтарына ортақ, кҿркемдік деңгейлері алуан тҥрлі, енді ғана жиналып,
жариялана бастаған халық туындылары жетерлік. Бҧл туындылар тҧтастай 
алғанда, халқымыздың жалпы эпикалық дҽстҥр шеңберінде пайда болып,
ҧлттық фольклор жанрлары жҥйесінде қызмет ететін, сонымен бірге белгілі 
дҽрежеде жазба ҽдебиет пен жеке ақындық шығармашылықтың ықпалын да



518


бойына сіңірген, яғни тақырып, сюжет, идея, кейіпкерлер жҥйесі жҽне
кҿркемдік бейнелеу қҧралы жағынан дҽстҥрлі батырлық, ғашықтық, тарихи 
жырлардан ҿзгешеленеді. Олар – дастандар.
Дастандардың ең бір кҿп туындаған жҽне жарияланған кезеңі ХІХ 
ғасырдың еншісіне тиеді. Ол кезде Қазан, Омбы, Ташкент, Мҽскеу жҽне
басқа қалалардың баспаханалары білімнің ҽртҥрлі салаларына, қоғамдық 
ҿмір мен кҿркем шығармашылыққа қатысты кҿптеген материалдарды араб
ҽрпімен қазақ тілінде жариялап тҧрған. Оның ішінде дастандар, ҽсіресе, 
ғашықтық (романдық) жҽне діни мазмҧндағы шығармалар ҿте кҿп болғаны
белгілі.
Ал, кеңес дҽуірінде бҧл шығармалар ресми идеология мен кеңес
ҿкіметінің саясатына байланысты жарияланбады да, зерттелмеді. Мысалы, 
1917-1990 жылдар аралығында дастандардың небҽрі тҿрт-ақ томы жарық
кҿрді, ал, монографиялық деңгейде дастан тҥрлерінің ішінде тек қана 
романдық дастандар зерттелді.
Ҧлттық фольклор мен ақындық поэзия қҧрамында дастан жанрының 
пайда болып қалыптасуы, оның жанрлық тҥр ретінде тҥбегейлі орнығуы
дастандық эпостың қазақ қоғамының рухани сҧранысынан туындағанын 
кҿрсетеді, сонымен бірге ол процеске шығыс фольклоры мен ҽдебиетінің де
ҽсері мол болды.
Қазақ қоғамы байырғы заманнан-ақ ҿзінің географиялық жағдайы мен
тарихи дамуына қарай Орта Азия халықтарының кҿпшілігімен генетикалық 
ҽрі тарихи байланыста бола отырып, қазіргі айтып жҥрген «шығыс ҽсерін»
еш уақытта жатсынған емес, қайта арналы бастаудың бір сағасы ретінде 
сезініп, сол бағалы қазынадан сусындап, ҿз ерекшелігіне сай қабылдай білді.
Мҧны жалпы тҥркілік мифологиялық жҥйеге негізделген қазақтың ескі аңыз-
мифтерінен, кҿне мифологиялық жҽне фольклорлық тҥсініктері мен
образдарынан кҿруге болады.
Орта ғасырларда қазақ даласы басқа елдер сияқты VІІ-ХІІ ғасырларда
жоғары ҿркендеу дҽрежесіне жетіп, дҥниежҥзілік тарихи маңызға ие болған 
біртҧтас араб-мҧсылман мҽдениетінің ықпалында болды. Ал, араб-мҧсылман
мҽдениеті араб халифатының қҧрамына енген кҿптеген халықтар 
мҽдениетінің ең озық жҽне аса танымал дҥниелерін қабылдап, ҿз бойына
сіңіру арқылы биік қҧндылық дҽрежесіне кҿтерілгені белгілі. Сондықтан да 
қазақ даласына діни нанымдар жҽне мҧсылмандық қағидалармен қатар Иран,
Ҥндістан, араб халықтарының фольклор, ҽдебиет, мҽдениет ҥлгілері де кең 
тарады.
Шығыс сюжеттері қазақ халық ауыз ҽдебиеті арнасында жырланып, 
басқа да фольклорлық шығармалармен қатар ауызша айтылып отырды.
Демек ҧлттық эпикалық дҽстҥрдің ықпалы ҿте кҥшті болды. Сол себептен 
қазақ эпосы дҽстҥрімен ҧлттық рухта жырланған бҧл шығармалардың басым
кҿпшілігі халқымыздың тҿл шығармасына айналған. Кейде шетелдік 
сюжетке қҧрылған шығарманың қазақ ҿмірін, оның ерекшелігін дҽл
беретіндігі соншалық, кезінде ҿз топырағында туған ол тҿл шығарма ретінде 
қабылданды. Мҧндай жағдайлар сол сюжеттерді шығарушы қоғам мен



519


қабылдаушы қоғамның ҽлеуметтік қҧрылысының ҧқсастығынан туады.
Шетелдік сюжеттермен қатар кҿптеген дастандық туындыларға 
жергілікті аңыз, ҽңгімелер, қазақ болмысынан кҿрініс беретін тарихта нақты
болған оқиғалар, қҧбылыстар, фактілер арқау болды. Яғни бҧрын дҽстҥрлі 
эпоста жырланбаған ҿзгеше сюжет, мотив, идея, образдар эпикалық
шығармашылық аумағында белсенді ізделіп, қарастырылды. Сонымен бірге 
біраз дҽстҥрлі тақырыптар мен сюжеттер жаңаша тҥсіндіріліп, ҿзгеше
жырланды. Бҧл шығармаларда кей кезде шығыс дастандарының элементтері 
мен жекелеген мотивтері пайдаланылып отырды. Осындай ізденістердің
нҽтижесінде кҿптеген шығармалар дҥниеге келді.
Қорыта айтқанда, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жергілікті жҽне шығыс
сюжеттеріне қҧрылған шығармалар қазақтың дастандық эпосын қҧрап, 
ҧлттық фольклорымыздың бай жҽне маңызды саласына айналды.
Қазақ дастандық эпосының мынадай негізгі тҥрлерін ажыратуға болады: 
1. Хикаялық (новеллалық) дастандар; 2. Діни дастандар; 3. Романдық
(ғашықтық) дастандар; 4. Қаһармандық дастандар; 5. Ертегілік дастандар; 6. 
Ҽлеуметтік-сҥйіспеншілік дастандар.
Қазақ дастандарының ҿзіне ғана тҽн жанрлық болмыс-бітімін 
белгілейтін ерекшеліктер мынандай: жаңа сипатты кейіпкердің пайда болуы,
жаңа тақырып пен сюжеттерді тудырудағы белсенді ізденістері, дҽстҥрлі 
сюжеттерді дамытудағы жаңалықтары; бҧрын фольклорда бір қалыпта
суреттелетін тартыстардың (мысалы: жағымды, жағымсыз ҽйел) негізгі 
тақырыптарға айналуы, фольклорлық тҽсілдердің діни тақырыптар мен
сюжеттерді жырлауда кҿркемдік ҽдіс ретінде қолданылуы, т.б. Жанрдың 
ҿзіне тҽн тағы бір ерекшелігі – кейіпкер психологиясын кҿрсетуге деген
талпыныс, дастан кейіпкерлерінің мінез қырларын жан-жақты ашуға 
ҧмтылыс, қоғам мҥшесінің ҿмірлік ситуациядағы іс-ҽрекеттерін ҽр қырынан
кҿрсету арқылы дҽстҥрлі стереотиптен ауытқып, суреттеу аясының кеңеюі. 
Сонымен, Иран елінен ауысып, кҥллі тҥркі тілдес ҽдебиеттерде ҿзіндік
орны мен мҽнге ие болған дастан қазақ топырағында да кең қанат жайып
фольклорымыздың қҧрамында дербес, толыққанды, бірнеше тҥрлерімен
танылған жанрлық тҥр ретінде тҥбегейлі орналасып, жаңа идея, талпыныс, 
мақсат, кҿзқарас жҽне жаңа дҽуір жаңалықтарын жырлаудың дайын ҽрі
тиімді формасы болды. 
Фольклортанушы-ғалымдардың зерттеулерінің нҽтижесінде ҽртҥрлі
мҽдени-тілдік аймақтарда дастанның ҿзекті жанрлық белгілерінің 
сақталатыны жҽне барлық дерлік халықтар дастандарының типологиялық
тҧрғыдан ҧқсастығы анықталып отыр. Мҧндай қҧбылыстан қазақ дастандары 
да шет қалмаған. Яғни қазақ дастандарының болмысы бҧрынғы батырлық,
лиро-эпостық, тарихи жырлардан біршама бҿлек болып қалыптасты, ҽрі олар 
ҿз бойына басқа халықтардың осы тектес шығармаларына тҽн жалпы
типологиялық тҿлтума қасиеттерді жинақтады жҽне тек қана қазақ 
дастандарына тҽн ҿзгешеліктерімен ерекшеленеді. Осы айтылғандардың бҽрі
біздегі дастан жанры қазақ қоғамының рухани қажеттілігінен туындаған, 
халқымыздың эпикалық дҽстҥрімен сабақтас, ҧлттық қайнарымен ҥндес,



520


ҿзіндік сипаты бар мҧра екенін кҿрсетеді.
1917 жылғы Қазан тҿңкерісіне дейін шығыстық, сондай-ақ жергілікті 
тҿл сюжеттерге қҧрылған шығармалардың бҽрі қисса деген атпен басылып,
ел арасында да сол атаумен белгілі болған. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында, ХХ ғасырдың басында жарық кҿрген қазақ
фольклорының басқа да кҿптеген ҥлгілері – соның ішінде қаһармандық, 
ғашықтық, тарихи эпос мҽтіндері де, айтыстар да – қисса деген атпен жарық
кҿрді. Кейбіреулері хикая, хикаят деп аталып жҥрді. Алайда ҿлең, жыр 
тҥрінде айтылған шығармалардың бҽрі Қазан тҿңкерісіне дейін кітап болып
басылып, қисса деп аталғанмен, қисса сҿзі жеке жанр туралы тҥсінік, ҧғым 
бермейді. Ал зерттеушілік ҽдебиетте (шығыстану жҽне тҥркі тілдес
фольклортану ғылымдарында) біз сҿз етіп отырған шығармалар «дастан» 
терминімен аталады. Қазақ зерттеушілері де оны қабылдаған. Себебі,
талқыланып отырған шығармалардың негізгі жанрлық қасиеттері, белгілері 
оларды шығыс жҽне тҥркі халықтарының ҽдебиеті мен фольклорында
қалыптасқан дастан жанрына жататындығын дҽлелдейді. 
Назар аударатын тағы бір жайт: «…Қисса шығарған, ҽдебиет
нҧсқаларын жинап бастырған ақындар, авторлық мҽселесін ҿзінше, осы 
кҥнгіден басқаша тҥсінген… Тіпті, жинап бастырған, ҿзінше ҿңдеген
халықтық шығармаларды да (олардың вариантын) кейбір ақындар ҿзімдікі 
деп санаған. Қисса ҿлеңдерінің ішіне кейде қазақтың батырлар жырынан
кесек-кесек ҥзінді алып кіргізіп, болмаса екінші бір ақынның сҿздерін 
пайдалана берген… Сондықтан кейде тақырыбы екі басқа шығарманың кҿп
жері бірінен-бірі айырғысыз, ҧқсас болып келуі де ғажап емес»
1
.

Дастандық шығармаларды ел ішінен жинап, айтушылардан жазып алып, 


ҿзінше жҿндеп, баспаға жіберіп отырған бастырушылардың басым кҿпшілігі


ҿз аттарын міндетті тҥрде мҽтінге қосып отырған. Ҿз еңбегін олар былай 
бағалаған: жырладым, жаздым, шығардым, қазақшаға аудардым, қазақша
жырладым, нҽсірден назым еттім, кҿшірдім, т.б. 
Ҽрине, дастанның пайда болып, дамып, жеке жанр ретінде қалыптасып,
ҧлттық фольклорымыздың қомақты, мағыналы саласына айналуында ақын
жыршылардың рҿлі зор екені сҿзсіз. Сондай-ақ, ауызша айтылып, халық
жадында сақталып келген шығармаларды қағазға тҥсіріп, кітап етіп 
шығаруда жинаушы, бастырушылардың еңбегі айрықша. Сондықтан
«бҧрыннан бар, қалыптасқан суреттеу амал-тҽсілдерін, дҽстҥрлі ҥлгілерді 
пайдалана» жырлап, дастан шығарған ақындарды сол дастанның бірінші
жырлаушысы деп, ал мҽтіндерде аттары кездесетін кҿшіруші, сақтаушы, 
айтушы, бастырушылардың еңбегін, ҽсіресе, бір шығарманың бірнеше
варианттары болған жағдайда жинаушы, редактор деп бағалаған жҿн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет