1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет110/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

Наурызбай-Қаншайым 
«Айман-Шолпанға» қарағанда бҧл шығарманың балладалық сипаты 

басымырақ. Мҧнда эпика мен лирика, тарих іздері мен қиял элементтері бар,


ал, бҧлар баллада тектес лиро-эпикалық жырға тҽн. Осылармен бірге 
балладаға хас ерекшеліктер де жоқ емес: шығарма қызық оқиғалы, сюжет
эпикалық пафоспен баяндалып келіп, кҥрт ҥзіледі, негізгі оқиға тҿтенше 
жағдаймен бітіп, трагедиямен аяқталады. Сҿйтіп, «Наурызбай-Қаншайым»
жыры тыңдаушысын (яки оқырманын) мҧңлы кҥйде қалдырады. Жырда 
бірнеше тарихи адамдар, атап айтқанда, Кенесары хан мен Наурызбай,
Ағыбай сияқты атақты батырлар бейнеленеді, бірақ олар ҿмірдегідей, я 
болмаса тарихи эпостағыдай сыртқы жаулармен шайқасып жҥрген жоқ, олар
Наурызбайдың мҥддесін қорғап, оның тағдырына араласады. Ал, жырда 
баяндалатын оқиға тарихта болмаған, яғни сюжет ойдан алынған, сол себепті
мҧндағы ағыны қатты Ҥшбурыл ҿзені, Тҥбек, Арал деген жерлер қиялдан 
туған, олар тылсымға толы, ҥрейлі болып кҿрсетіледі де, жырға біршама
ғажайыптық бедер береді. Ал, мҧндай жҽйттер балладаға мҥлде жат емес, 
ҿйткені, баллада – «ҿткеннің ерлік істерін, қыз бен жігіттің қайғылы
махаббатын, аруақ, жын-шайтан араласқан ҥрейлі оқиғаларды, т.б. жырға 
қосатын елгезек жанр»
1

«Наурызбай-Қаншайым»


жырының

сюжеті
жай

ғана
ойдан

шығарылмаған, тақыр жерден тумаған, мҧнда ертеден келе жатқан, бҥкіл


эпосымыз бен ертегімізде баяндалатын сюжет пайдаланылған. Ол сюжет – 
жігіттің ерлікпен ҥйленуі. Ежелгі ертегіде кейіпкер айдаһардан, немесе басқа
бір дҧшпаннан қҧтқарып, қызға ҥйленсе, қаһармандық эпоста батыр ҿз 
сҥйгенін қалмақты, яки басқа жауды жеңіп алады. Ал, мына жырда ерлікпен
ҥйлену сюжеті сҽл ҿзгеріп, қаһармандықтан гҿрі лирикалық бағытта 
баяндалған, бірақ соған қарамастан бҧрынғы эпосқа тҽн классикалық
композицияны сақтаған: батырдың бабасын, ата-анасын таныстыру, оның 
ерекше тууы, жастай ерлік жасауы, қалыңдық іздеп шығуы, қыздың еліне
келуі, оның ҽкесімен (басқа біреумен) шекісуі, қызға ҥйленуі, сол жерде біраз 
уақыт мекен етуі, еліне қайтуы, келгенде (кейде) тҿтенше жағдайға тап
болуы (елін дҧшпанның шауып кетуі), т.с.с. Олай болса, ХІХ ғасырдағы 
тарихи есімдерді бейнелейтін шын оқиға деп қабылданған жыр ертеден келе
жатқан фольклорлық дҽстҥрге сҽйкес жасалған деп айтуға негіз бар. 
Ойымызды дҽлелдейік.
Жырдың басталуы – дҽстҥрлі пролог бойынша: Абылай «мҧсылманға 
хан болып ҿтеді», Тҥркістанға бата қылып қойылады. Оның қалмақ ҽйелінен
1
Ҽдебиеттану. Терминдер сҿздігі. Екінші басылуы. Алматы, 1998. 98-б. 


555


Қасым хан ерекше, қан шеңгелдеп, екі кҿзін қызартып, ашып туады. Қасым
хан ҿлген соң Кенесары хан болады.
Міне, бҧрынғы эпостағыдай Наурызбайдың ата-тегі туралы баяндалып,
олардың идеалды образы жасалады. Енді дҽстҥр бойынша болашақ батыр да 
ерекше жағдайда тууға тиіс: ҽулиенің қолдауымен, немесе кҥшті аңның
(тотемнің) етінен, ҽйтпесе, кҥн сҽулесінен, яки гҥлден, т.б. Кейін кейіпкерлер 
ҽкесі ҿлген кҥні дҥниеге келеді, бҧл – ғажайып туудың ҿзгерген тҥрі.
Енді осы мотив айтылмыш жырда басқа формада кҿрінеді: Наурызбай 
басқа ҽйелден туады. «Наурызбай бір анадан қалған екен, қолына Кенесары
алған екен, Науанның ҿзгесінен жасы кіші, жанына жолдас-жора алған екен», 
– деп айтады жыр. Бҧдан байқайтынымыз – Наурызбай жастай анасынан
айрылған, яғни жартылай жетім, жас жағынан бҽрінен кіші, яғни кенже бала, 
ҿзге ҽйелден туған, яғни шешесі жағынан алғанда – бҿтен. Міне, осылардың
бҽрі Наурызбайдың дҥниеге келуінің ҿзі – айрықша еді, ендеше оның 
ғҧмыры да айрықша болады дегізеді. Оның дҽріптелуі, бір жағынан, қазақ
салтынан туындайды. Кенже бала қазақ ҧғымында – қара шаңырақ иесі, сол 
себепті ертегіде, эпоста ол мейлінше идеалды бейне. Екінші жағынан, қазақ
болмысында жетімді, жесірді қаңғыртпаған, ҽке-шешесіз қалған баланы 
туыстары қамқорлыққа алған, сондықтан да қазақ фольклорында жетім мен
ҿгей шеше образы бірен-саран ғана. Ҥшіншіден, қазақтың полигамиялық 
отбасында бір ҽкеден туған балалар – аға, іні есептеліп, олар бір-бірін
бҿтенсінбейді. Сол себепті де Кенесары жастай қалған інісі Наурызбайды ҿз 
қолына алады, жанында ҧстайды. Мінеки, Наурызбайдың идеалды, мінсіз
адам болуының алғышарты – осылар. Бҧларды бҧрынғы ғажайып туу 
мотивінің жаңа дҽуірдегі ҿзгерген тҥрлері деп айта аламыз.
Дҽстҥрлі эпостың сюжетінде болашақ батыр ерте жастан ерлік кҿрсетеді: 
аң аулайды, жабайы бір кҥшті аңды ҿлтіреді немесе біреумен кҥш сынасады,
кездескен дҧшпанмен соғысады, т.с.с. Наурызбай да сондай. Ол қырық 
жігітті қасына ертіп, сауық-сайран қҧрады, «келуші-кетушінің жолын
тосады». Он жеті жасында сауыт-сайманын, қару-жарағын асынып
«алабҧртып жҥреді». Бір кҥні «шарап ішіп, кҿңілі тасып» отырып, қасындағы
қырық жігітке: «Қайраты менен асқан адам бар ма, Бар болса, іркілместен 
айтып бергін!» – дейді. Жігіттердің біреуі ондай адам бар. Олар – Алшын,
Жаппастағы Тілеуқабақ байдың Ҽли, Мҧса атты екі баласы, олар ҽрі мерген, 
ҽрі баһадҥр, ҽрі бай деп»; «Тақсыр-ау, сол жылқыны бір алмасаң, бҧл сҿзің
қҧр мақтанның қай жағында?» – деп, Наурызбайдың намысына тиеді. 
Жырдың осы эпизоды екі міндет атқарып тҧр. Бірі – жас батырдың ҥйден
шығуы, яғни ҿз мықтылығын кҿрсету ҥшін жортуылға шығуы. Екіншісі – 
осы жорықта батыр ҿзінің қаһармандығын кҿрсетуі. Осының екеуі де ескі
эпоста бар. Бҧрынғы батыр да ҿзінің кҥшін сынау ҥшін немесе ҿзіне ҽйел 
іздеу мақсатында жолға шығады. Мҧны ғылымда «ҥйден аттану» («отлучка
из дома») дейді. Осыған сҽйкес Наурызбай да ҥйден аттанады. Оның аттану 
себебі – намыстануы. Алайда, ол бірден аттанбайды, алдымен ағасынан бата
алуға тиіс, ҽйтпесе жолы болмайды. Кенесары ағасы ҽ-дегеннен келіспейді, 
ҽлі жассың дейді. Сҿйтіп, фольклор заңына сҽйкес «тыйым» салынады, ал,



556


тыйымды бҧзған кісі пҽлеге ҧшырайды. Осыны ескерген жыршы бҧл
жағдайды басқаша шешеді. Наурызбай ағасына ауыр сҿз айтады. 
(«Қатыныңша қаңтарып тізгіндейсіз, Абҧйырды қимайсыз, сірҽ, маған»).
Осыдан кейін Кенесары рҧқсат береді де, Ағыбайды басшы етіп, қырық 
жігітті қосып, Наурызбайды жылап тҧрып аттандырады. (Кенесары жырда
екі-ҥш жерде осылай жҧмсарып, кҿзіне жас алады, тіпті, мінҽжат қылып, 
зарланып, еңірейді. Бҧл жырдың лирикалық қырын кҥшейту ҥшін
қолданылған тҽрізді). Сонымен, Наурызбай ҥйден аттанып кетті. 
Эпостың поэтикасы бойынша бҧл жолда неше тҥрлі қиындық пен
кедергілер болуға тиіс. Бҧл жырда да солай. Алғашқы қиындық – алыс жол, 
белгісіз ел. Екінші кедергі – «жҥктей тасты кҿтеріп, ағып жатқан Ҥшбурыл»
ҿзені. Ҥшінші қауіп – тылсымға толы тҥбек, ҥрей тудыратын бейуақыт, 
қараңғылық («Ай қараңғы, кҥн бҧлт, қалың тҥбек, Болжай алмай келеді ой
мен қырды»). Осылардың бҽрінен аман-есен ҿтеді. Алыс жолды «жиырма 
кҥн-тҥнімен» жҥріп ҿтеді, Ҥшбурыл ҿзенін бірінші болып Наурызбайдың ҿзі
ҿтеді, қалың тҥбектен де шығады. 
Қиындықтардан ҿткеннен кейін эпостың батыры қыздың еліне келуі
керек, кҿбінесе ол танылмай, тіпті, басқа кейіпте келеді. Мҧндай жағдайды 
Наурызбай да бастан кешіреді. Ол қараңғы тҥнде ҽн салып отырған қызға
кездеседі. Екеуі ҿлеңмен қағысып, бірін-бірі сынайды, ҿзді-ҿзін 
таныстырады. Жҿн сҧрасып, біліскеннен кейін Науан іздеп келе жатқан
Тілеуқабақ байдың елі осы екеніне кҿзі жетеді. Таныса, сҿйлесе келе 
Қаншайым қыздан байдың жылқысы қайда жатқанын, ҿткелдің қай тҧста
екенін сҧрап алады. Не керек, сол жерде қызбен қол алысып, серттеседі. 
Осыдан бастап Қаншайым Наурызбайдың қалыңдығына айналады. Енді не
істеу керек? 
Енді байырғы эпостағыдай қызды алу ҥшін зорлықшыл жаумен, я
болмаса болашақ қайын атасымен, немесе оның балаларымен шайқасу керек. 
Қаншайым қыздың айтуымен Наурызбай ҥш жарым мың жылқыны айдап
ҽкетеді. Қыз еліне барып, Ҽли мен Мҧса деген екі ағасын жҧмсайды. 
Наурызбай ол екеуінің басын жарып, аттарын алып кетеді, сҿйтіп, болашақ
екі қайын ағасын жеңеді де, қыздың кҿңілін тҥгелімен ҿзіне аударады. 
Ағаларының жағдайын кҿрген Қаншайым Наурызбайды қуып жетіп, оның
ханзадалығын сынау арқылы жылқысын тҥгел қайтарып алады. Қыз: 
«Тақсыр-ау, ҧнатсаңыз, ҿзімді ал!» – деп, Наурызбайға уҽде береді. Екінші
сҿзбен айтқанда, қызды алуға Наурызбайдың толық хақысы бар: ол қайын 
жҧртынан қай жағынан да артық екенін дҽлелдеді, кҥшпен жеңді, шауып
алған малын қайтарды, қыздың уҽдесін алды. 
Осы жерден бастап «Наурызбай-Қаншайым» жыры басқа арнаға тҥседі.
Батырлық эпоста батыр қызға дереу ҥйленеді де, сол жерде аз уақыт тҧрады, 
содан соң еліне келіп, ҧлан-асыр той жасайды. Бҧлар айтылмыш шығармада
да бар, бірақ сҽл ҿзгеше, яғни Наурызбай бірден ҥйленбейді. Ол 
Кенесарының ордасына қайтып келеді, ағасы інісінің қалыңдық тапқанына
қуанып, той жасайды (оның жылқыны қайтарып бергенін қҧп кҿреді, 
ханзадалығын кҿрсетті деп ҧғады). Жырдың ендігі бҿлігі романдық эпостың



557


ҥлгісінде: Тҿлеген қҧсап Наурызбай да қызды алуға қайтадан қайын жҧртына
баруға тиіс. Ол да уҽделескен уақытында, «ел жайлаудан қайтқан кезде» 
Қаншайымға бармақ, ағасынан Ағыбай арқылы рҧқсатын алады, тек
Кенесары: «Қыстамай, қайтып келіңдер!» – деген шарт қояды. Ағасының 
батасын алып, Наурызбай жолға шығады, бірақ ол Тҿлеген секілді жалғыз
емес. Оның қасында Ағыбай бастаған қырық жігіт бар жҽне олар қҧдалық 
жолына деген кҿп дҥние алған. Сҽн-салтанатпен сауық қҧрып, олар қыздың
елінің шетіне келіп жетеді. 
Ендігі оқиға қаһармандық эпос пен ғашықтық жырдың сарынында
ҿрбиді. Қыздың елінде ҥлкен той болады. Классикалық эпостағыдай, екі 
жақтың ғҧрыптық ойын-тартыстары ҿткізіледі. Бҽйгеде де, балуан кҥресте де,
жамбы атуда да, айтыста да Наурызбай жағы басым тҥседі. Қҧда болатын екі 
рудың тартысы – ежелгі заманнан келе жатқан салт, ол фольклорда, ҽсіресе,
эпоста ҽсірелене кҿрсетіледі де, кейіпкердің қалыңдықты алу ҥшін орындауға 
тиісті шарттарға айналады. «Наурызбай-Қаншайым» жырында айтылмыш
дҽстҥр ҿте кең ҽрі ҽдемі бейнеленген. Жалпы, Наурызбайдың қыз 
ауылындағы істері тҥгелімен дерлік қазақтың ҥйлену салтын кҿрсету болып
шыққан. Оларды тізбелеп жатпай, сюжетінің ҿрбуіне оралсақ, мҧнда тағы да 
эпостық жҽйтті кҿреміз. Ол – кҥйеу жігіттің ҥйленгеннен кейін қайын
жҧртында біраз мекен етуі. Наурызбай тойды қызықтап, Қаншайымның 
елінде бір ай жатып қалады. Кенесарыға берген уҽдесі еске тҥсіп, дереу
қайтпақ болады. Алайда, қыздың Ҽли, Мҧса деген екі ағасы тағы жиырма екі 
кҥн ҧстап қалып, тойды одан ҽрі жалғастырады. Мҧнда да қазақтың қҧдалық
салты, кҽдесі тҽптіштеп баяндалады, байлардың дҽулеті, сҽн-салтанаты 
ҽңгімеленеді. Қойшы, ҽйтеуір, межелі кҥн бітіп, Наурызбай жас келіншегін
алып, жолдастарымен еліне аман-есен жетеді. Ағасы ҧлан-асыр той жасап, 
мҧндайда жасалатын ырым-жоралғының бҽрін ҥлкен салтанатпен
орындайды. Дҽстҥрлі эпос осымен бітеді. 
Ал, «Наурызбай-Қаншайым» жыры олай тҽмамдалмайды, трагедиямен
аяқталады. Сҧлулығына елдің бҽрі таңырқаған Қаншайым ҿзінің қайын ағасы 
Кенесарының кҿзі тиіп, қайтыс болады. Наурызбай қатты қайғырады, жылап
тҧрып, қырық жігітке ҿзінің жайын айтады: «Ойлайсыздар, қырық жігіт, Бір 
қатынға қайғырып, Мҧнша неге солды деп. Мен ойлаймын ісімнің Ырымы
жаман болды деп... Қауіп қылып қатты қорқамын... Ҿмірім де менің қысқа 
деп». Айтса айтқандай, «онан соң тоғыз-ақ жыл ҿмір сҥріп, жиырма бес
жасында қаза жетті», – делінеді жырда. Міне, осы финал «Наурызбай-
Қаншайым» жырына балладалық сипат беріп тҧр. Қаншайымның ҿлімі
жырдың сюжетін кҥрт ҥзіп, оқиғасын кілт тоқтатып тастаған. Одан кейін 
ешқандай оқиға баяндалмайды да, суреттелмейді. Тіпті, Наурызбай ҿзіне,
жолдастарына тоқтау айтып, «Мақҧл кҿрсе Кенекем, қазаққа Қоқан қас дейді. 
Соған таман жетелік!» – деп ҧрысқа шақырса да, сюжет ҽрі қарай
дамымайды. Тек жыршы ҿмір туралы, оның ҿткінші екенін ескертіп 
толғайды да, Наурызбайдың қайтыс болғанын хабарлайды. Демек негізгі
оқиға бітті, ол екі ҿліммен аяқталды. Шығарманың бҧлай тҿтенше 
жағдаймен, кенеттен аяқталуы – балладалық яки лиро-эпикалық жырда жиі



558


болатын жҽйт. Оның ҥстіне бҧл жырдағы оқиғалар ҽрі лирикалық, ҽрі
эпикалық сарында баяндалады, сондықтан да ол лиро-эпикалық делініп отыр. 
Ҽрине, мҧның ҿзі де белгілі дҽрежеде шартты, ҿйткені, фольклор жанрлары
бір-бірімен тығыз байланыста дамып, біртҧтас жҥйе болғандықтан олардың 
ара-жігін дҽл ажырату қиын.
«Наурызбай-Қаншайым» жыры – сҿз ҿнеріне жататын кҿркем шығарма. 
Оның образдар жҥйесі, тіл кестесі, кҿркемдеуіш қҧралдары мен бейнелеуіш
амал-тҽсілдері жалпы фольклор поэтикасының аясында қалыптасқан. Сол 
себепті тарихи адамдардың бейнесі, олардың мінезі, іс-қимылдары
фольклорлық қалыпта бейнеленеді, халықтың этикалық, эстетикалық 
ҧғымына, тҥсінігіне жҽне талап-тілегіне сай суреттеледі. Соған байланысты
кейіпкерлер дҽріптеледі, мінсіз адамдар болып кҿрсетіледі. Осындай кейіпте, 
ҽсіресе, Кенесары, Наурызбай жҽне ойдан қосылған Қаншайым, Ҽли, Мҧса,
Кҥлнарайым, Толбала, т.б. бейнеленеді. 
Жырда Кенесарының алғаш кҿрінуі – Наурызбайдың алыс сапарға
рҧқсат сҧрап келетін эпизод. Хан інісінің ҽлі жас екенін ескеріп, рҧқсат 
етпейді. Осының ҿзі Кенесарының қандай адам екенін байқатады. Ол ҿте
сабырлы, алды-артын ойлап, сақтық танытады. Наурызбайды алыс жолға 
жіберуге қауіптенеді, ҿйткені, оның алабҧртқан мінезін біледі, бірдеңеге
ҧрынып қала ма деп ойлайды. Демек, Кенесары – Наурызбайдың ақылшысы, 
қамқоршысы, тҽрбиешісі. Інісіне деген оның сезімі айрықша, оның кҿңілін
қалдырмау ҥшін Кенесары шалғайдағы Тілеуқабақ елін іздеуге Наурызбайға 
батасын береді, соның ҿзінде де оған бас-кҿз болсын деп Ағыбайды қосып
жібереді. Сҿйтіп, ол алғашқы райынан қайтады, яғни Кенесары қажет болса 
жҧмсақ та бола алады. Оның бҧл қасиеті шығармада бірнеше рет байқалады,
тіпті, кейде сезімге ерік беріп, жылап та алады. Екінші сҿзбен айтқанда, 
Кенесары жырда қатал ҽмірші емес, кҽдімгі жҧмыр басты адам ретінде де
бейнеленген, оған қуану да, ренжу де, кҥлу де, жылау да жат емес. Мҽселен, 
Наурызбайдың сапарға шығу талабынан қайтпайтынын кҿрген Кенесары
«Жібермесем, қайғылы болады-ау деп, Жастығын уайым қылып еңіреді», – 
дейді жыр. Ол-ол ма, Кенесары «патихасын беріп жылағанда» кҽнігі батагҿй
ақсақал қҧсап, ҧзақ толғайды, інісін Қҧдайға тапсырып, жҥз жиырма тҿрт 
мың пайғамбарды, отыз ҥш мың сахабаларды, тҿрт шариярды, басқа да
бірталай ҽулие-пірлерді кҿмекке шақырады. Бірақ осының ҿзінде де 
Кенесары ҿзінің кемеңгер басшы екенін де кҿрсетеді. Бата беріп болған соң
ол Ағыбайға: «Бізді баққан дҧшпан кҿп, бейқам болмай, берік бол!», – деп 
тапсырады. Оның осы сҿзі кҿп нҽрсені аңғартады. Біріншіден, заманның
тынышсыздығы, елді қоршаған жаудың кҿптігі, екіншіден, Кенесары – 
халықтың қамын ойлаушы хан екендігі. Аңдыған дҧшпан кҿп екенін білген
ол ҥнемі сақтықта жҥреді, басқаларды да ескертіп отырады. Қайын жҧртына 
кеткен Наурызбай кешіккенде ол қатты қайғырады, дҧшпандар қолынан қаза
болды ма деп те ойлайды. Кҿңілі тынбай, ақыры, Наурызбайды іздеуге алты 
жігітті жҧмсайды. Осындай аумалы-тҿкпелі уақытта ҿмір сҥргендіктен
Кенесары ҽрбір жақсылыққа мҽн береді, қуанады. Алғаш сапарында інісі 
Наурызбай қалыңдық тауып келгеніне қатты қуанып, ҥлкен той жасайды, ал,



559


оның барымталаған жылқыны қыздың уҽжді сҿзіне бола қайтарып бергенін
хан тҧқымына лайық іс деп бағалайды, қҧп кҿреді. 
Орайы келгенде айтатын бір нҽрсе – Кенесарының ҿзін ҧстауы, жҥріс-
тҧрысы, сҿзі мен ісі – бҽрі ханға лайық. Ол жырда жиі кҿрінбейді, тек бір 
маңызды, тағдырлы сҽттерде ғана іске араласады немесе ақыл береді, ал,
керек кезде жанындағы батырлармен ақылдасып, кеңес жасайды. Кенесары – 
ҿте кең мінезді, мырза, жомарт болып кҿрсетіледі. Тегі, ол ерекше қасиетке
де ие. Оның назары тым ауыр ҽрі қауіпті. Бҥкіл назарын салып қарап еді, 
Қаншайым мерт болды. Жырда оның батырлығы, жаумен шайқасы
кҿрінбейді. Мҧның себебін лиро-эпикалық жанрдың табиғатынан іздеген 
жҿн, бірақ соған қарамастан Кенесарының идеал бейнесі жасалған.
Наурызбай ҽр сипатта бейнеленген. Ҽлбетте, ол – ең алдымен, батыр. 
Сонымен бірге ол – албырт жас жігіт, қыздың ғашығы жҽне кҥйеу бала. Ең
бастысы, ол – Абылай ханның ҧрпағы, Кенесары ханның інісі. Осының ҿзі-ақ 
оның ерекшелігін айғақтайды. Не істесе де оған бҽрі кешірімді, сыйымды.
Ерте жасынан қырық жігітті серік етіп, далада емін-еркін ойнап-кҥліп қана 
қоймай, келуші-кетушінің жолын тосып, оларды ҥркітіп жҥреді. Оның бҧл
«тентектігін» ағасы да, басқа жҧрт та сҿкпейді. Осы кезеңде ол ҽрі мақтаншақ 
мінез де кҿрсетеді: бір кҥні «шарап ішіп, кҿңілі тасып» отырады да,
қасындағы қырық жігітке «қайраты менен артық адам бар ма?» – деп 
мақтанады. «Бар» – дегенді естіп, намыстанады, сол адамды іздеуге шығады.
Міне, осыдан ҽрі қарай Наурызбайдың алабҧртқан жастығы бітеді де, ол 
ендігі жерде ҿзін ханзада ҽрі батыр ретінде кҿрсетеді. Оның ештеңеден
тайсалмайтын ержҥрек жігіт екендігі алғаш рет тасқыны қатты Ҥшбурыл 
ҿзеніне келгенде кҿрінеді. Жанындағы қырық жігіттің зҽресі ҧшып,
ешқайсысы суға тҥсуге батпайды. Мҧны кҿрген Наурызбай Қызыр, Ілиясқа 
сиынып, ҿзенге тҥседі де, аман-есен арғы бетке ҿтіп шығады. Жас батырдың
еш нҽрседен қорықпайтыны екінші рет қайталанатын тҧсы – қараңғы тҥнде, 
тылсымға толы, белгісіз тҥбекте ол жалғыз келіп, қызға жолығады. Енді
Наурызбай аса тапқыр, сҿзге ҧста ақын болып шығады. Қаншайым қызбен 
ҿлеңдетіп танысқан ол небір ҧтқыр, кҿркем ой айтып, қызды тҽнті етеді.
Қызбен айтысқандағы Наурызбай ҿзіне-ҿзі сенімді, тіпті, ҿркҿкірек, ҿзін 
жоғары ҧстап, қызды ҽрі менсінбей, ҽрі шабына тиіп сҿйлейді, кейде қуақы
боп қыршаңқы сҿздерді қолданады. Мҧнысымен ол қызды ҽрі сынап 
кҿрмекші. Мысалы, Наурызбайдың сҿздері мынадай болып келеді: «Жігітке
қыз қарғысы майдай жағар», «Ауруым ҽсте менің басылмайды ҿзіңді ат 
кҿтіне бір салмастан», «Мҽніссіз сҿз айтады қыз ақымағы», т.б. Қыздың
сҿздерінен оның ақылдылығын, парасаттылығын аңғарған Наурызбай оған 
жылы сҿзді де аямайды: «Жауабың сҿзге тҽуір кҿрінеді, жарқыным, жҿніңді
айтшы, сен кім едің», «Кем емес еш пендеден парасатың», «Есімнен, жаным, 
сені шығармаймын», т.т. Осындай сҿзбен қақтығысу Наурызбай мен
Қаншайым арасында тағы бірнеше рет болады. Екеуі де сҿзді бағалайды, 
сҿзбен мҽселелерін шешеді, уҽжді сҿзге тоқтайды. Сҿз сайысы олардың
бірін-бірі толығырақ білуге, сҿйтіп, сезімдерін оятуға, соңында екі жастың 
қосылуына ҽкеледі. Сҿз қҧдіреті жырда ерлікпен, кҥшпен пара-пар, тіпті,



560


олардан да артық.
Наурызбай ҿзінің ерлігін бірнеше мҽрте дҽлелдейді: артынан қуып 
келген Ҽли мен Мҧсаның басын жарады, бірақ Қаншайымға берген уҽдесі
бойынша ҿлтірмейді. Қаншайым сҿзден жеңіп, ханзада жылқыны тҥнде 
ҧрламай, ерлермен шайқасып, тартып алғаны жҿн дегенде, мақҧл кҿріп, қол
жинап кел деп, Қаншайымды еліне жібереді де, ҿзі жалғыз тосып тҧрады. 
Наурызбайға қарсы ешкім бата алмай, қыз ҿзі келеді батырға. Екеуінің
арасында тағы да сҿзбен ақыл мен парасаттылық сайысы басталады. 
Осы сҽттен бастап, Наурызбайдың ханзадалығы, бекзаттылығы нақты
кҿрініс береді. Олжа сҧрап келген Қаншайымға сҿзінің дҽлелді болғанын, 
оның батыл ҽрі ақылды екенін аңғарған Наурызбай бҥкіл жылқыны қайтарып
беріп, ҿзінің бекзаттылығын, тектілігін танытады. Тҿре бола тҧрып, қара 
халықтың ҽдет-ғҧрпынан аттамайды. Қайын жҧртына ҧрын келгенде де,
кейін той кезінде де, тойдан соң да кҥйеу балаға тиісті ізеттілік сақтайды, 
қажетті кҽденің бҽрін атқарады. Осы тҧста ол ағасына ҧқсап ҥлкен мырзалық
кҿрсетеді. Қайын атасына, қайын ағаларына, Қаншайымның жеңгелеріне, 
қасындағы қыз-келіншектерге сый-сияпатты аямайды, бҽрін риза қылады.
Сондай-ақ қыз аулындағы тойда болған айтысты да, кҥресті де ҽділ шешіп, 
ҿзін салиқалы тҿреші ретінде кҿрсетеді. Айтыста қыза-қыза келіп, қырық
жігітке ҽдейі тіл тигізген сақау ақын Толбала қыздың қарсыласы Қасымға 
қосылсам деген тілегін орындайды, ал, кҥресте бірін-бірі ала алмай жҥрген
Ағыбай мен Баят екеуін тең тҥсті деп, тағы бір кҿпшілікке жаққан шешім 
қабылдайды.
Наурызбай жас жігітке тҽн іңкҽрлік сезімінен де ада емес. Қаншайыммен 
танысқан сҽтте Наурызбай пҽлендей бір сезімге тҥспейді, тек жолдас болуды
ҧсынады. Ал, елінен жауды қуар ер таппай, ҿзі жалғыз келген қыздың олжа 
сҧрап: «Тақсыр-ау, ҧнатсаңыз, ҿзімді ал!» – дегенінен кейін Наурызбайда
қызға бозбалалықпен қызығу секілді сезім пайда болады: «Ханыша, 
қараңғыда Сізді кҿрдім, Ҿзіңді кҿргеннен соң кҿңіл бҿлдім. Уағдаң шын
ақиқат болсын десең, Еңкейіп, ат ҥстінен қолың бергін!» – дейді. Қаншайым 
қолын береді. Осы мезетте екеуінде де махаббат отының ҧшқыны тҧтанады:
«Бірінің бірі қолын ҧстаған соң, Пара-пар екеуінің бойлары еріді», – дейді 
жыр. Бҧдан былайғы жерде Наурызбай Қаншайымды ҧмыта алмайтын халде
болады. Уағдалы кҥз болғанда ол Ағыбайға «Ойымнан шығар емес 
Ханышайым», – деп, ағасынан қыздың аулына баруға рҧқсат сҧрауды
тапсырады. Қаншайымға деген іңкҽрлігі бірте-бірте ҧлғайып, енді
Наурызбай ғашық болады. Ҧрын келіп, Қаншайыммен жолыққаннан кейінгі
жағдайды жыршы былайша суреттейді: «Екеуі бір-біріне болды ғашық, 
Шықпайды жанабынан қадам басып!».
«Батыр – аңғал келеді» деген халық сҿзі бар. Сонымен бірге батыр 
сезімтал да болады екен. Мҧны Наурызбай бейнесінен байқауға болады.
Қанша жаужҥрек, бірбеткей болғанмен, ол қарапайым адамша қайғыра да, 
егіле де алады. Қаншайымның кенеттен қайтыс болуы оны кҽдімгідей
есеңгіретіп тастайды: «Дҥниеге қарамайды назар салып, Ер Науан Ханышаны 
ойлап, қайғыланып. Кҥй тартып, бойы қызып, сҿйлеп кетті, Кҿзінен батыр



561


Науан жасы тамып». Бірақ ол жасымайды, керісінше, бойын тез жиып алып,
ҿзінің қандай ауыртпалықты болса да ерше қабылдап, ерше кҿтере алатынын 
байқатып, қырық жолдасына қарата ҿзінің хал-жайы, Қаншайым жҽне тағдыр
туралы толғау айтады да, жігіттерді Қоқанмен, басқа дҧшпандармен кҥреске 
шақырады. Бҧл тҧста да Наурызбай ҿзін хан тҧқымы, жаужҥрек батыр, ҿр
мінезді ер екенін кҿрсетеді. 
Жырдағы басты кейіпкердің бірі – Қаншайым. Ол ҥш сипатта кҿрінеді:
ҿзіне лайық жар іздеген бойжеткен, Наурызбайдың қалыңдығы жҽне 
келіншегі. Ҿзінің теңіне қосылуды ойлаған қызды Наурызбаймен алғаш
кездесетін тҥнде айтқан ҿлеңінен жҽне Наурызбаймен тілдесіп, танысар 
сҽттегі сҿздерінен кҿреміз. Жҽне оның айттырып қойған біреуі бар екенін,
бірақ оған кҿңілі толмайтынын аңдаймыз. Қыз ҿз жағдайын ҿлеңге қосып: 
«Қояды ҽркім теке ҿз лағын, Жарымды аз тоқтайын ҿлеңдетіп», – дейді.
Соған қарағанда, қыз – біреудің қалыңдығы, бірақ оны менсінбейді. Ал, 
«Далада иттей ҧлып біз отырмыз, Ҽлдекім ермек қып жҥр қарағымды», –
деген сҿзінен қыз ол жігітке кҥдікпен қарайтынын аңғаруға болады. Осы 
сҿздерін естіген Наурызбай: «Біреумен талабы бар кетсең нетті, Мал берген
жаманыңнан кем бола ма?» – дейді. Оған дереу қыз былай деп жауап береді: 
«Жанымды кейіп тҧрған кейітпеші, Айырылып қалқасынан мендей болғыр!».
Демек қыз – ҧнатқан жігітінен айрылған, бірақ қалыңмал тҿлеген жҧрттың 
жесірі. Ендеше, оны ҽмеңгерлікпен бір «жаманға» қоспақ, қыз соған ренжулі:
«Ей, жігіт, ақын болсаң, бері келші, Дертімді ішімдегі келіп білші», – деп 
Наурызбайға мҧңын шаға сҿйлейді. Қыздың дертті екенін, оны алатын
адамның тең еместігін кейінірек оның Кҥлнарайым атты жеңгесінің 
Наурызбайларға жҧмбақтап айтқанынан анық білеміз. Жҽне қыз – Тама
руының жесірі екені де кейін белгілі болады.
Сонымен, алғашқы кездесуден Қаншайымның ҿзіне лайық жарды
аңсайтын қыз екенін кҿреміз жҽне ҿзімен тілдесіп тҧрған жігітке іш тартып 
сҿйлеп, онымен танысуға кет ҽрі емес екенін, тіпті, ҧнатып қалғанын
байқаймыз: «Кіші жҥз бҧл жердегі мағлҧм еді, кім еді даусы ажарлы қоя 
берген?» – деп, жігітке оң баға бере сҿйлейді. Қыз ҿте сезімтал, аңғарғыш
ақын ҽрі ақылды, зерек. Наурызбайдың кім екенін білгеннен соң, оған ҽдемі 
сҧрақ қояды: «Патшаға бҥйтіп жҥру лазым ба, тҥн қатып, тҥсің қашып, неғып
жҥрсіз?» – дейді. Осыдан-ақ қыздың ҽр нҽрсенің жҿнін жақсы тҥсінетін, 
ақсҥйек хан тҧқымы қалай жҥріп-тҧратынын, қалай ҿзін ҧстауға тиісті екенін
білетін адам екендігі кҿрініп тҧрған жоқ па?! Оның осы қасиеті кейінірек 
бірнеше мҽрте білінеді. Мҽселен, Наурызбай жылқыны айдап бара жатқанда,
оған ерлікпен емес, тҥнде ҧрлықпен алып кетіп барасың деп батырды 
намысына тиіп, тоқтатады. Ал, Наурызбай бозбалалық істегісі келгенде,
Қаншайым: «Далада қҧл мен кҥңдей жатқаныңды, тақсыр-ау, ҿз бойыңа мін 
кҿрмесең?» – деп, райынан қайтарады.
Қаншайым – ҿте ақылды, ҽрі тапқыр, ҽрі тҽуекелшіл батыр қыз. Іздеп 
келген жылқыны Наурызбай таппай қоймайтынына кҿзі жетіп, ол жылқының
Бетпақтың ар жағында жатқанын ҿзі айтады да, жігіттен ҿзін олжалас 
жолдасым деп айтып, қол беріп кетуін талап етеді. Тапқырлығы мен



562


тҽуекелшілдігінің арқасында Қаншайым ҽкесінің жылқысын тҥгелімен
Наурызбайдан «олжамды бер» деп, қайтарып алады. Осы тҧста ол тағы бір 
қырынан танылады: баяғының батырларынша жалғыз ҿзі жылқыны айырып
алу ҥшін ҽкесінен бата алып, Наурызбайлардың соңынан қуады. Яғни 
барымталанған жылқыны алып қалатын сҽттерде Қаншайым ескі эпостағы
батыр қыз (алып ҽйел) сипатында бейнеленеді (Қарлыға, Дариға, т.б.). 
Жырдың ҿзінде де оған: «Ханыша ҿзі қҧйын мерген екен», – деген мінездеме
беріледі. Демек Қаншайым бойында кҿне фольклордағы кейіпкерлердің де 
белгілері бар. Жҽне батырлығы мен мергендігі оның қыз кезіндегі тірліктері
болып кҿрсетіледі. Ал, Наурызбаймен уағдаласып, оның қалыңдығына 
айналғанда Қаншайым басқа қасиеттермен ерекшеленеді.
Қалыңдық болған Қаншайым ендігі жерде Наурызбайды сҥйетін, оны 
тосып, уайымдайтын, оны ҿзіне жар етуді ойлайтын қыз болып жҥреді. Кҥзде
қайтып келемін деп кеткен Наурызбайды «Қаншайым жҥреді екен кҥн-тҥн 
ойлап, Бір жаққа қарайды екен ҽр кҥн бойлап», – делінеді жырда. Ол
мазасызданып, батырдың кешіккеніне себеп іздейді: «Ер еді екі талай арсы-
кҥрсі, Бір жаққа кетті ме екен тағдыр айдап?» деп те ойлайды. Тағаты
таусылған қыз қасына серіктерін ертіп, Наурызбай келген баяғы Ҥшбурыл 
ҿзеніне барып, оның жолын тосады. Сарыла кҥткен жігіті келгенін кҿріп, екі
ағасын барып, қарсы алуға жҧмсайды. Ал, Наурызбай ҧрын келген кҥйеуге 
қатысты ҽдет-ғҧрыптың бҽрін атқарып, Қаншайымның бҧрынғы қайын
жҧрты саналған Тамаларға қалыңмалын қайтарып, яғни қалыңдығының 
басын біржола босатып алып, қыздың аулына келгенде Қаншайым ҥлде мен
бҥлдеге оранып, Наурызбайдың ордасына ҿзі келеді. Келген қызды сынайын 
деп, Наурызбай оның қолын алмай, жҥзіне назар салмай қояды. Осы мезетте
Қаншайым ҥлкен сабырлық танытып, парасатты сҿздер айтады, оның қалай 
бҧл елге келгенін, танысқанын, кҥйеу болғанын тҥгел рет-ретімен баян етеді
жҽне ҿзінің Наурызбайды сҥйетінін, сҥйгендіктен тиетінін жасырмайды: 
«Ҽуелі тҥнде кҿргенде, Бойым балқып, мас болып, Жауабыңа сҥріндім», –
деп, алғашқы кездесуде-ақ ғашық болғанын мҽлімдейді. Қаншайым ҿзін 
кішірейте сҿйлеп, Наурызбайды «айналайын, сҧлтаным», «тҿрем» деп
кҿтермелеп, мақтайды, сҿйтіп, сыннан ҿтіп, Наурызбайды риза етеді. 
Ҥлкен тоймен ҧзатылған Қаншайым хан ордасына келін болып тҥседі.
Екі жас ҿте бақытты, бір-бірін шын сҥйеді. «Қаншайым ер Науанды 
балқытады, махаббат назбен қарап, хадден асып», – деп суреттейді жыршы
екеуі қосылғаннан кейінгі жағдайларын. Жас келіннің сҧлулығына жҧрт 
таңданып, қайран қалады. Кенесары да келінінің нҧр жҥзіне таң қалып, назар
салады. Оған кҿңілі толып, аспандағы Шолпанға теңеп, «Перизат, 
хорлығайын нҧр қызы екен», – деген баға береді. Алайда, оның бҧл мақтауы
мен назары Қаншайымға оқ болып тиеді. Сҿйтіп, ол ҿзін сҥйікті ҽйел ретінде 
толық кҿрсете алмай, жарық дҥниемен қоштасады. Оның кенеттен қайтыс
болуы тыңдаушыны да, оқырманды да ҿкініш сезімге бҿлейді.
«Наурызбай-Қаншайым» жырының бҧлай аяқталуы – баллада жанрына
тҽн белгінің бірі. Оқиға кілт ҥзіліп, сюжет кҥрт тоқтағаны да, яғни кҥтпеген 
жағдаймен бітуі де – баллада ҥшін ҽдеткі тҽсіл. Соның нҽтижесінде бҥкіл



563


шығарма драмаланған сипатқа ие болады. Мҧны біз трагедиялық шешім
болмаса да, «Айман-Шолпаннан» да аңғарамыз. Мҧнда да оқиға кҥтпеген 
жағдаймен тҽмамдалады, бірақ оның бҥкіл ҿрбу жолы драмаланған, Кҿтібар
мен Айман тартысы жырдың соңына дейін немен тынатыны белгісіз болып 
келеді де, кҥрт ҿзгеріске тҥседі, кҥтпеген шешіммен тоқтайды. Осындай
жағдай «Ерназар-Бекет» («Бекет батыр») жырында да кездеседі
1
.

Қорыта айтқанда, аталған шығармалар қазақ фольклорында эпикалық


жанрдың жаңа тҥрі пайда болғанын айғақтайды. Оның табиғатында 
қаһармандық эпостың, тарихи жырдың ҽрі ғашықтық эпостың белгілері бар.
Басқаша айтқанда, жаңа жанр тақыр жерде пайда болған жоқ, ол бҧрынғы 
жанрларға сҥйенді, олардан кҿп нҽрсе алды жҽне ҿзінің қалыптасу
барысында басқа да жанрлардан ҽртҥрлі амал-тҽсілдерді қабылдады, сҿйтіп, 
жалпы фольклорлық поэтикаға енді. Соның арқасында кҿне мотивтер мен
нанымдарды да кҿркемдеуіш қҧралы етіп пайдаланды, ескі мен жаңаны 
шебер ҧштастырды. Сҿйтіп, кҿркем фольклор жанрына, яғни сҿз ҿнеріне
айналды. Оны «Айман-Шолпан», «Наурызбай-Қаншайым», «Ерназар-Бекет» 
жырларынан кҿруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет