КІРІСПЕ
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ҧғым мен зерттеу дҽл ҿз
мағынасында осы уақытқа дейін арнайы тҥрде кҥн мҽселесіне қойылған емес.
Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке кҿркем
жҥйесі бар, кҿп ҿзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп тҥсінбей,
оны кҿркем ҽдебиеттің бір саласы деп ҧғыну орныққан еді. Соның
салдарынан фольклор тарихы – ҽдебиет тарихы деп қарастырылып жҥрді.
Екіншіден, фольклортану ғылымының ҿзі де кҿп уақыт бойы ҽдебиеттанудың
ішінде жҥрді жҽне сол ҽдебиеттанудың теориялық, ҽдіснамалық амал-
қҧралдарына сҥйеніп, соларды пайдаланып келді. Ҽлбетте, одан ол ҥлкен
зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың кҿптеген қасиетін толық тани алмады.
Ҥшіншіден, ҽдебиет тарихы жҥйелі тҥрде, кезең-кезеңге бҿлініп зерттелді де,
фольклор синхронды тҥрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның
тарихи даму жолдары, қандай дҽуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-
жеке жанрлар ғана зерттеліп жҥрді. Ҽрине, фольклордың, дҽлірек айтқанда,
қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай
ҿзгеріске ҧшырағанын дҿп басып айту мҥмкін емес. Сол себепті де бҧрынғы
Кеңес Одағы тҧсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да
фольклордың тарихын дҽуір-дҽуірге бҿліп зерттеуге кҿп бармады, ал барған
кҥннің ҿзінде маркстік-лениндік ҽдіснамадан шыға алмай, таптық
формациялар бойынша қарастыруға мҽжбҥр болды. Бірақ бҧл жол тҧрпайы
социологияға ҧрындырды. Мҽселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс
фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше
еңбек жарық кҿрді
1
. Бҧл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм
дҽуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тҧсындағы деп жіктеліп қаралды
да, ҽр дҽуірлеудің ҿзі ғасырлар мен нақты жылдарға бҿлінді жҽне
фольклордың тарихы кҿркем ойдың даму тҧрғысынан емес, ҽлеуметтік
тҧрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дҽріптеу мақсатында
зерттелді. Кезінде ол еңбектер ҥлкен сынға да ҧшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы
ҥлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды
2
. Бҧл еңбек те (қолжазба
кҥйінде-ақ) кезінде сынға ҧшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-
идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып,
ғылыми айналымнан алынып тасталды
3
. Ал, шындығына келгенде, бҧл еңбек
– ҥлкен жҧмыстың игілікті бастамасы еді, ҿйткені, сол тҧстың ҿзінде-ақ қазақ
ҽдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу кҿзделген-ді. Сҿз жоқ, бҧл кітап –
1
Русское народное поэтическое творчество советской эпохи. М.-Л., 1952; Русское народное поэтическое
творчество. Т.І. Очерки по истории русского народного поэтического творчества Х-начала ХVІІІ веков. М.-
Л., 1953; Русское народное поэтическое творчество. Очерки по истории русского народного поэтического
творчества середины ХVІІІ – первой половины ХІХ века. М.-Л., 1955. Т.ІІ. Кн.1.; Русское народное
поэтическое творчество. Очерки по истории русского народного поэтического творчества второй половины
ХІХ-начала ХХ века. М.-Л., 1956. Т.ІІ. Кн.2. и т.д.
2
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Фольклор. Алматы, 1948. 1-т.
3
1947 жылғы 21 қаңтарда жарияланған ҚК(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының
Тіл жҽне ҽдебиет институтының жҧмысындағы ҿрескел саяси хателер» атты қаулысын қараңыз.
11
ҿз дҽуіріне тҽн ғылыми тҧжырымдарға сҥйенді, сондықтан оның теориялық
сапасынан гҿрі идеологиялық, саяси ҧстанымы басым болды. Дей тҧрғанмен,
бҧл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс
болғанын айтпасқа болмайды. Мҽселен, тоғыз бҿлімнен тҧратын томның
бірінші бҿлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші
бҿлімді пайда болу мерзімі жағынан ең кҿне деп есептелетін ғҧрыптық
фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты
туған жанрлар қҧрайды: салт ҿлеңдері; мал, шаруашылық туралы ҿлеңдер;
дін салт ҿлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бҽдік, арбау, жалбарыну;
жарамазан жҽне жарамазанның батасы; ҥйлену салт ҿлеңдері: ҽдет, салт;
тойбастар; жар-жар, сыңсу-жҧбату; беташар; мҧң, шер ҿлеңдері: қоштасу,
естірту, кҿңіл айту; жоқтау.
Осыдан ҽрі қарайғы бҿлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық
жырлары; айтыс ҿлеңдері; шешендік сҿздер; тарихи ҿлеңдер; қазақ совет
фольклоры деп берілген. Аталған бҿлімдер, негізінен, фольклордың ХХ
ғасырға жеткен кҥйіндегі кҿркем жанрларды қамтыған, алайда, мҧнда ол
жанрлардың қай дҽуірде қандай кҥйде болғаны сҿз болмайды, неден, қайдан
пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сҥйенгені айтылмайды.
Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бҿлімнің болуы –
зерттеушілердің сол тҧстағы одақтық фольклортану мен ҽдебиеттануға тҽн
ҧстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мҽселен, осы бҿлімнің
тараушалары мынадай: революциялық кҥрес кезеңіндегі ҿлең, жырлар;
ауылды советтендіру жҿніндегі ҿлең, жырлар; колхоз, ҿнеркҽсіп ҿміріне
байланысты халық ҽдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық ҽдебиетіндегі
Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық ҽдебиетіндегі Аманкелді
образы;
Отан
соғысы
кезінің
жырлары.
Кҿріп
тҧрғанымыздай,
тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза ҽдебиеттану
шарттарымен қарастырылған жҽне талданған шығармалардың дені –
авторлық ҿлеңдер мен жырлар. Олар тҥгелдей таптық, советтік идеология
тҧрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бҥкіл ҽдебиетке тҽн
кҿркемдік-эстетикалық қҧндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен
қатар бҧл бҿлімде сол кездегі концепцияға сҽйкес халық ақындары
шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртҧтас халық
ҽдебиеті деп ҧғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Кҥдері, Жамбыл,
Сҽттіғҧл, Иса, Нҧрлыбек сияқты ақындардың ҿлеңдері совет фольклоры
ҥлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет
фольклорының ҿзін дҽуірлеу тҥгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-
қоғамдық кезеңдерге сҽйкестендіріліп, фольклор ҿмір ағымына сай жедел
ҿзгеріп отыратын рухани дҥние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет
фольклоры» деген ҧғымға келсек, ол кҿпке шейін ғылымда мойындалып
келді.
Совет фольклоры – толыққанды шығармашылық деген тҧжырымды
халық ақындарының ҿлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дҽлелдемек
болған еңбектің бірі – 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской
12
народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды
1
. Бҧл кітапта жоғарыда
айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен кҿрініс тапты, ақындардың
ауызша, импровизациямен шығарған ҿлең-жырлары халық поэзиясы деп
танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына
жатқызылды. Дҽл осындай кҿзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды
2
.
Мҽселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бҿлімінде 1916 жылғы
кҿтеріліс туралы халық поэзиясын сҿз еткенде ақындардың шығармалары
талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор»
деп аталатын тараушада дҽстҥрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына
қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа
ақындардың импровизаторлық ҿнері мен ҿлең-толғаулары туралы жазылады.
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бҥкіл Кеңес Одағы
фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бҧқараның
шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі
фольклорлық дҽстҥрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп
танылды. Сҿйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді
сказительдер шығарған былиналар, бізде ҧлы Жамбыл, Нҧрпейіс, Доскей, т.б.
ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды
зерттегенде ҽдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы концепцияның
айқын кҿрінісі – 1964 жылы шыққан «Қазақ ҽдебиетінің тарихы» атты еңбек
болды
3
. Бҧл том тҥгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ совет
фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму
жолдары деген екі ҥлкен бҿлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры
есебінде атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да
қарастырылды. Бір тҽуірі – бҧл шығармаларды талдағанда зерттеушілер
олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен, дҽстҥрімен шығарылғанын
атап кҿрсетеді. Ҽсіресе, шығыс дастандарының ҥлгісінде туғандарын да, ҽрі
ҿзіміздің жазба ҽдебиетіміздің ҽсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар
арқылы нанымды дҽлелдеген
4
. Ал, советтік ҿмірді бейнелеген шығармаларды
реалистік кҿркем ҽдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар
халық ақындарының дҥниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған
деуге болады.
Совет ҿкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса – ол қандай еді
– деген сауалдар тҿңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бҥкіл одақтық
фольклортануда ҥлкен пікірталас туды. Қорыта келе, «совет фольклоры»
деген фольклор болған жоқ, сол ҧғымның ҿзі де қате, ғылыми жағынан
дҽлелсіз дейтін тҧжырым орнықты. Осыған орай есте ҧстайтын нҽрсе –
фольклор деп тек қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту
керек пе, ҽлде ҽр заманда туып, ел ішінде айтылып жҥретін халық
шығармашылығын да тану дҧрыс па? Біздіңше, дҽстҥрлі фольклормен қатар
1
Очерки казахской народной поэзии советской эпохи. Алма-Ата, 1955. Осы кітап туралы Б.Кенжебаевтың
сын мақаласы да жарияланған болатын. Қараңыз: «Коммунист Казахстана» журналы. 1956. № 3. 57-61-б.
2
Қазақ ҽдебиетінің тарихы: Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап; История казахской
литературы. В 3 томах. Казахский фольклор. Алма-Ата, Т.1. 1968.
3
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Совет дҽуірі. Алматы, 1964. 1-т., 2-кітап.
4
Сонда. 258-268-б.
13
бҥгінде ел арасына тарап кеткен авторы беймҽлім ҽртҥрлі жаңа ҿлеңдер
(ҽсіресе, қара ҿлең), мақалдар, ҽңгімелер мен анекдоттар – халық
шығармашылығы ретінде фольклор болып саналуға тиіс. Ҽрине, бҧлар ерте
заманнан келе жатқан фольклордан ерекше, мҧнда дҽстҥрлі фольклорлық
поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ҧғым-тҥсініктер бой кҿрсетеді.
Демек, бҥгінгі таңдағы халық шығармашылығынан ежелгі фольклорды
іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-талғамына сай
халық шығармашылығының тҥрі, орындалу мҽнері ҿзгеше болуы ықтимал
екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық,
отбасылық ансамбль тҥрінде де болуы мҥмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ
фольклорының тарихын зерттегенде осының бҽрі есте болуға міндетті.
Фольклордың ҿзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені,
оның ҽр дҽуірде ҽр тҥрде болатындығы – бҥгінгі кҥнде кҥмҽн туғызбайтын
ақиқат. Ҿткен ХХ ғасырдың ҿзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи
кезеңдерін қарастыруға ҧмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған
«История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші
томын атауға болады. Кітапта «Очерк истории казахского фольклора» деген
тарау беріліп, ол тҿмендегі тараушаларға бҿлінген: фольклор времени
этногенеза казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ –
начала ХХ вв.; советский фольклор
1
. Бҧл жерде айтатын нҽрсе – қазақ
фольклорының тарихын дҽуірлеуге ғалымдардың кҿңіл бҿлгенін қҧптай
отырып, дҽуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Ҿйткені, мҧнда
азаматтық тарихтың ізімен жҥру шарты қолданылған да, фольклор тарихы
майда кезеңдерге бҿлініп кеткен, ҽрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары
ҧмыт қалған, соның нҽтижесінде фольклор тарихы ҽдебиеттің даму
жолдарына сай болып шыққан. Рас, бҧл еңбекте жекелеген жанрларды
тарихи дамуы тҧрғысынан зерделеуге кҥш салған жҽйт бар, алайда, авторлар
кҿбінесе кеңес ҿкіметіне дейінгі жҽне кеңес тҧсындағы деп, екі кезеңді бҿле
кҿрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бҧл кітап – қазақ фольклоры – ҿзіндігі мол
мҧра екенін, оның ҿз даму жолдары болғанын алғаш мҽселе етіп қойған
еңбек болды.
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры – ҽдебиеттің
бастауы бола тҧра, ҿзіндік қасиеттерге де бай. Оның ҧзақ тарихын
баяндамастан бҧрын, фольклордың мҽні мен мағынасын ашып, оның
теориялық мҽселелерін сҿз етіп алған жҿн сияқты. Алдымен «фольклор»
деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты
қалай ҽрі неден кҿрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың
фольклор қалайша жҽне қандай жолдармен қарапайымдықтан кҿркем сҿз
ҿнеріне кҿтеріліп, бҥгінгі заманға жеткен классикалық тҥріне айналуындағы
рҿлін кҿрсету – бҧл еңбектің басты мақсаты. Аса кҿңіл бҿліп айтатын нҽрсе:
бҧл монография – оқулық емес. Егер оқулыққа қойылатын талап – ғылымда
қабылданған, тҧрақты қағидаға айналған тҧжырымдар берілуі керек болса,
мҧнда фольклортанудың ҽрқилы мҽселелері жаңадан жазылған зерттеулердің
1
История казахской литературы. В 3 томах. Казахский фольклор. Алма-Ата, 1968. Т.1. С.64-124.
14
нҽтижесін пайдалана отырып, ҿзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген
соны пікірлер ҧсынылады, қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың
даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі тҥр-сипаты басқа
қҧрлықтардағы ХХ ғасырға дейін кҿне рулық-тайпалық салтта ҿмір сҥрген
жҧрттардың
рухани
мҽдениетімен
тарихи-стадиялық
ҽрі
тарихи-
типологиялық ҽдістермен салыстыру арқылы анықталады.
Оқырман назарын мына жағдайларға да аударуды жҿн санаймыз. Бҧл
еңбекте жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке зерттеу
жҧмысын арнау керек. Кітаптың мақсаты – ҧлттық фольклорымыздың даму
жолдарын кҿрсету, оның жекелеген жанрларының туу, қалыптасу, ҿркендеп-
ҿзгеру ҥдерістерін айқындау. Ҽрине, бҧл жерде белгілі дҽрежеде шарттылық
болатыны кҥмҽнсіз, ҿйткені қай жанрдың болса да пайда болған мезгілін дҽл
осы уақыт деп кесіп айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дҽуірде
қарастырылса, ол нақ сол кезеңде туған деп тҥсінбеу керек, себебі ол
жанрдың бастауы бҧрыныраққа барады, ал қалыптасуы, немесе ҿркендеуі
сол қарастырылып отырған шаққа дҿп келеді. Айталық, «Қазақ хандығы
тҧсындағы фольклор» қҧрамында қаралатын кейбір жанрлар тап сол заманда
тумаған, олар ертеректе пайда болып, хандық кезінде ҿркендеп, кҿркем
фольклорға айналған. Сол сияқты «Жаңа дҽуірдің» де біраз жанры ҿз
бастауын
орта
ғасырда
алып,
кҿркемделіп
дамуын
ХVІІІ-ХІХ
жҥзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге бҧл дҽуірде жаңа
жанрлар мен шығармалар да ҿмірге келіп отырған. Ал, ХХ ғасырдағы
фольклор туралы сҿз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар бҧрынғы
жанрлардың ҿзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір
ескертетін нҽрсе: еңбектің қҧрылымында бірізділік сақталмағандай кҿрінуі
мҥмкін. Оның себебі ҥлкен жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың
ішкі шағын жанрлық тҥрлері жеке тараушаларға бҿлінеді. Мҽселен, дастан
жанрын сҿз еткенде оған жалпы сипаттама беріліп, ал ішкі шағын тҥрлері
«діни дастандар», «хикаялық дастандар», «ғашықтық дастандар» деп бҿліне,
жеке қарастырылады. Басқа да ҥлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Жҽне
ҥлкен жанрларға жататын кейбір шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат
– фольклордың сҿз ҿнеріне айналғанын, оның ҿнерлік қасиеттерін кҿрсету
болды.
Ҧжымдық монографияның жазылуы барысында жаңа зерттеулермен
қатар ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов,
Д.Шалабеков еңбектері де ықшамдалып пайдаланылды. Мҧның себебі,
біріншіден, олардың жҧмыстарында ҽлі кҥнге қҧнды тҧжырымдардың болуы,
екіншіден, ғылымда ҽрқашан жалғастық болатындығы. Ҽрине, кітаптағы
айтылған кейбір ойлар мен пікірлер, тҧжырымдар даулы болуы да мҥмкін,
кей тҧстары кҥмҽн тудыруы да ықтимал. Бҧлай болуы орынды, себебі қазақ
фольклоры нақ осы тҧрғыда зерттеліп кҿрген емес жҽне ешбір елде фольклор
тарихы арнайы тҥрде бҧлайша жҥйелі сипатта ҽлі кҥнге дейін зерделенген
жоқ. Егер ғалымдар мен мамандар тарапынан ескертпелер, тілектер айтылып
жатса, авторлық ҧжым оған тҥсіністікпен қарап, ризашылығын білдіреді.
15
Еңбектің тараулары мен тараушаларын жазған ғалымдар: ҚР ҦҒА
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов
(«Кіріспе», «Қазақ фольклоры: статусы мен теориялық негіздері», «Ежелгі
замандағы рухани мҽдениет: жалпы сипаты», «Орта ғасырлардағы фольклор:
жалпы сипаты», «Жаңа дҽуірдегі фольклор: жалпы сипаты», «Миф»,
«Хикая», «Этиологиялық ертегі», «Қиял-ғажайып ертегі», «Хайуанаттар
туралы ертегі», «Батырлық ертегі», «Ғашықтық жыр», «Аңыз», «Ҽпсана»,
«Хикаят», «Новеллалық ертегі», «Сатиралық ертегі», «Тарихи жыр: жалпы
сипаты», «Кенесары туралы тарихи шығармалар», «Лиро-эпикалық
(балладалық) жыр», ҚР ҦҒА академигі, филология ғылымдарының докторы,
профессор Р.Бердібай («Кҿне эпос», «Батырлық жыр: жалпы сипаты»);
филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Кҿне эпос»);
ҚР ҦҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Достарыңызбен бөлісу: |