1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


І-БӚЛІМ. ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ



бет8/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

І-БӚЛІМ. ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ 


Жалпы сипаты 
Фольклордың тарихын дҽуірлеудің ҿзі мейлінше шартты, ҿйткені, оның 

жеке бір шығармасы дҽл қай уақытта туды деп қарастыруға ҽсте болмайды.


Фольклордың ең алғашқы нҧсқалары қандай болғанын нақтылап анықтау да, 
сипаттау да қиын. Оның себебі – біріншіден, адамзаттың ерте замандағы
рухани мҧрасы бізге сол кҥйінде жеткен жоқ; екіншіден, ежелгі дҽуірдегі 
руханият бҥгінгідей сала-салаға бҿлінбей, біртҧтас, синкретті дҥние болған,
оның қҧрамында ырымдар мен ғҧрыптар, діни нанымдар мен жҽй ҽңгімелер, 
мифтер мен арбау, жалыну, жалбарыну, алғыс, қарғыс сияқты алуан тҥрлі
ҧғымдар мен нанымдар, тҥсініктер мен іс-ҽрекеттер аралас, бір-бірінен 
ажыратуға келмейтін рухани ҽлем болған. Сол себепті біз рулық замандағы
мҽдениет (фольклор ғана емес) деп жиынтық мағынада айтамыз. Осы 
мҽдениеттің, сол арқылы кейбір жанрлардың шығу мезгілін шамалап
анықтауға болатын секілді. Тарих пен этнология, фольклортану 
ғылымдарының дҽлелдеуі бойынша, адамзаттың рухани мҽдениеті есте жоқ
ерте заманда орныққан рулық, тайпалық қауымда пайда болғанға ҧқсайды 
(«алғашқы қауым» деп те аталады). Жер бетінде пайда болған тҧңғыш рулық
қауымның тҥрі – матриархат (анаеркі) деп саналады. Рас, бҧл туралы соңғы 
жиырма-отыз жыл бойы ҥлкен пікірталас орын алып келеді, алайда,
матриархаттың болмағандығы туралы пікір ҽлі толық дҽлелденген жоқ. 
Осыған байланысты жҽне этнографиялық, фольклорлық деректерге сҥйеніп,
ҽзірше дҽстҥрлі, ғылымда қалыптасқан тҧжырымды негізге алуға тура келеді. 
Анаеркі (аналық) рудың басты-басты сипаттары не десек, ең алдымен,
сол шақтағы биліктің ҽйелдер қолында болуын, неке мен отбасының 
матрилокальдық болғанын, мҧрагерліктің ҽйел балаларға тиесілі болғанын
жҽне балалардың ана (нағашы) жҧртында ҿсуін, сондай-ақ ҽйелдерді 
қастерлейтін алуан тҥрлі ҽдет-ғҧрыпты, ҧғым-тҥсінікті айтуға болады.
Авункулат, кувада сияқты дҽстҥрлердің, анимизм, тотемизм секілді 
нанымдардың сол матриархат дҽуірінде пайда болғаны ғылымнан белгілі.
Матриархаттың орнығу себебі – сол замандағы адамдардың кҥнкҿрісіне 
байланысты еді, яғни алғашқы ру адамдары ҿздері ештеңе ҿндірмей,
табиғаттағы дайын нҽрселерді, жеміс-жидекті, қҧстардың жҧмыртқасын, 
ағаштағы алма, ҿрік сияқтыларды қорек еткен. Ғылымда мҧны – иемденуші
шаруашылық (немесе терімшілік) дҽуірі дейді. Мҧндай азық жинауға ҽйелдер 
епті болғандықтан ҥстемдік қҧрған. Осы дҽуірдің кҿріністері Австралия,
Океания, Африка байырғы тҧрғындарының тҧрмысында да, мҽдениетінде де 
сақталған. Сол кҿне заманның елесі біздің фольклорда да байқалады, ҽрине,
кҿркем сананың екшеуінен ҿткен тҥрде. Егер нақтылап айтар болсақ
жалмауыз кемпір мен кҿріпкел сҽуегей ҽйелдердің, айдаһардың бейнелері,
ғайыптан (ғажап) туу, кҽмелеттік сынақтан ҿту, баланың ҽкесі ҥйде жоқта 
тууы, қаһарманның қалыңдықты алыстан іздеуі, оның болашақ қайын
атасымен қақтығысуы сияқты мотивтер атам заманғы матриархат салттары 


25


мен ҧғым-тҥсініктерінің елесі. Ең кҿне мифтердің, тҧрмыстық ҽңгімелер мен
қарапайым ҽн-ҿлеңдерінің пайда болу мезгілі – ежелгі рулық қауым уақыты 
деп ойлауға болады
1

Ең кҿне мифтер – алғашқы қауым адамдарының ҿзін қоршаған ортадағы,


маңайындағы ҽртҥрлі объектілер мен табиғат қҧбылыстары турасындағы 
тҥсіндірме ҽңгімелері тҥрінде болып келеді. Ондай ҽңгімелерде заттардың,
аңдардың пайда болуы мифтік сана бойынша тҥсіндіріледі. Ал, мифтік 
сананың ҿзі екі кезеңге бҿлінеді. Бірінші кезең – «адам мен табиғаттың
бірлігі» жҿніндегі тҥсінік. Яғни адам ҿзін жан-жануардан, табиғаттан 
бҿлмейді, адам мен жануар, адам мен зат бірдей деп тҥсінеді, ҿлі мен тірінің
арасына да жік қоймайды. Дҽл осы кезеңде анимистік наным жҧмыс істеп, 
мифтерде адамның аңға, басқа бір затқа немесе керісінше жануардың, заттың
адамға айналуы заңды қҧбылыс ретінде қабылданады. Мифтік сананың 
екінші кезеңі – «адам мен табиғаттың бірлігі» туралы ҧғымның бҧзылуы. Бҧл
уақытта адамдар ҿзінің жануарлардан, қоршаған табиғаттан ҿзгеше екенін 
тҥсінеді де, тотемистік нанымға негізделген мифтер шығарады. Сҿйтіп,
тотемистік жҽне этиологиялық мифтер дҥниеге келеді. Алғашқы кезеңде жер 
бетіндегі нҽрселердің, аспан шырақтарының қалай пайда болғанын
баяндайтын жасампаздық жҽне космогониялық мифтер шықса, екінші 
кезеңде тотемистік, дуалистік мифтер туады
2
.

Мифтердегі басты кейіпкерлер – ілкі ата мен жасампаз қаһарман, тотем-


баба мен шаман (бҧл кейінірек). Олардың іс-ҽрекеттері, кҿбінесе, 
жасампаздық болып келеді, жердегі заттарды, аң-қҧсты, т.б. жаратқан солар
болып кҿрсетіледі. Мифтер, ҽрине, бір қалыпта тҧрмай, ҿзгеріп тҧрған. Ҽу 
баста олар қасиетті ҽңгіме-шежіре тҥрінде қҧпия айтылса, бірте-бірте
сакралдық сипатынан айрылып, фольклордың кейбір жанрларына кірігіп 
кеткен. Мифтік сананың екінші кезеңінде қалыптасқан діни нанымдар мен
ҧғымдарға, солардың іс жҥзінде атқарылатын ырымдары мен ғҧрыптарына 
негізделген (мифтермен қатар) ҽр алуан тҧрмыстық, кҽсіптік, т.б. ҽңгімелер
де туады. Олар сол уақыттың фольклорлық жанрлары десе де болады. 
Олардың басты ерекшелігі утилитарлық қызметінде, яғни ондай ҽңгімелер
жеке айтылмайды, белгілі бір ырымды, ғҧрыпты атқару барысында 
айтылады. Демек, ондай ҽңгімелер практикалық (тҽжірибелік) мақсат
кҿздейді. Сондай фольклордың ҥлгісі ретінде терімшілік, аңшылық, 
малшылық пен егіншілік кҽсіптерге қатысты шығармаларды айтуға болады.
Олардың бҽрі бізге алғашқы кҥйінде жетпеген, олар талай ҿзгеріске 
ҧшыраған, ҽрі ҿте кеш хатқа тҥскен. Сол себепті біздің қолымыздағы ҽңгіме,
ҿлең-жырларда кҿркемделу кҥшті де, ҽу бастағы ҧғым-нанымдардың ізі ғана 
сарқыншақ ретінде кҿрініс береді. Соған қарамастан ол шығармалардан
ежелгі анимизмнің, тотемизмнің, магияның тҥбірін тауып, зерттеуге болады. 
1
Веселовский А.Н. Историческая поэтика. Л., 1940; Пропп В.Я. Исторические корни волшебной сказки. Л., 

1946; Соныкі. Фольклор и действительность. М., 1976; Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. Алма-


Ата, 1972. 
2
Қазақ мифтері туралы кеңірек қараңыз: Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984; Соныкі: 

Жаназық. Астана, 2002.





26


Сондай магиялық қызметі айқын фольклорға алғыс, қарғыс, арбау, жалыну,
жалбарыну, бҽдік сияқты жанрлар жатады. Ҽлбетте, қоғамдағы даму мен 
ҿзгеру барысына қарай олар да жаңа сипат алып отырған. Мысалы, ежелгі
алғыс ислам діні енгеннен кейін бата болып, екеуі қатар ҿмір сҥрген. Жалпы, 
магиялық қызмет рулық замандағы мифтік сананың екінші сатысында ҥлкен
рҿл атқарған. 
Алғашқы қауым адамдары бірте-бірте табиғатта бар нҽрсені ғана
пайдаланбай, енді ҿздері ҿнім жасай бастайды, яғни иемденушіден 
ҿндірушіге айналады. Бҧл, ҽсіресе, аңшылық пен аушылық, егіншілік пен
малшылық (бақташылық) кҽсіптерін тудырып, енді ҿмірде еркек адамдардың 
кҥш-қуаты қажет болып, олар ҥстемдік етеді. Сҿйтіп патриархат (атаеркі,
аталық) орнығады. Бҧл шақтағы рудың ең негізгі белгілері – бір атадан 
тараған ҧрпақ қауымы, осы руға ортақ таңба, ортақ ҧран, ортақ зират, бірі
ҥшін – бҽрі, бҽрі ҥшін – бірі жауаптылығы, қанға-қан, жанға-жан шартының 
болуы, т.б. Осыған сҽйкес қоғамдық қатынастарда ҿзгеріс пайда болады.
Отбасы – ер адам ҥйінде орналасады, некелік пен мҧрагерлік, басқа да ҽдет-
ғҧрыптар патриархаттық сипат алады. Ру мен отбасының арақатынасы, билік
жасау жҥйесі жаңа арнаға кҿшеді. Рубасылары мен бақсы-абыздар 
тҧрмыстық жҽне идеологиялық салаларға билік жҥргізіп, ҽскери іс-
шараларды, ырым-кҽделерді басқаратын болады. Қауым ҿсе келе тайпаға 
айналады, тайпалар одағы қҧрылады, ҽскери демократия орнығады.
Бізге жеткен фольклорлық ҽрі этнографиялық материалдарда аталық ру 
ҿмірінің кҿптеген белгілері кҿрініс береді. Мысалы, дана ақсақалдар мен
қайсар батырлар басты кейіпкерлер болып суреттеледі, тіршілікте 
туындайтын барлық мҽселелерді талқылау, шешу – солардың қҧзырында
болады. Кейіпкерлердің ежелден келе жатқан керемет кҿмекшілері де ер адам 
болып шығады. Патриархат заманында пайда болған кҿптеген салт-дҽстҥр,
ҽдет-ғҧрып фольклорда айқын сақталған. Солардың ішінен, мҽселен, қҧда 
тҥсу, келін тҥсіру, қалыңмал тҿлеу, кҿп ҽйел алу, қонақ кҥту, кҿрімдік беру,
сый-сыяпат жасау сияқтыларды айтуға болады. Бҧлар фольклорымыздың ҽр 
жанрында ҧшырасады, ҽсіресе, ертегі мен эпоста ҽдемі баяндалады.
Рулық заманның бҧл кезеңінде неше тҥрлі ежелгі мифтік ҧғымдар мен 
діни нанымдарға негізделген бҧрынғы мифтермен қатар жаңа мифтер пайда
болады, оларда да ескі сана ҿзгеріске ҧшырап, кейіпкерлер ер адамдар болып 
шығады. Бҧл уақытта аңшылық жайындағы ҽңгімелер қҧпиялықтан арылып,
ғажайып аңшы-мергендер мен олардың серіктері – тылсым керемет 
қасиеттері бар арғымақтар мен сырттандар туралы баяндайды. Оқиғалар кҿп
жағдайда мергеннің басынан кешкендері хақындағы меморат тҥрінде 
ҽңгімеленеді. Мҧндай ҽңгімелер кейінгі замандарда хикая жанрымен
араласып кетеді. Мемораттың кейбірі тҧрмыстық ҽңгіме тҥрінде болып 
келеді. Ондай шығармаларда ежелгі діни нанымдар басқа қырынан кҿрініп,
кҥлкілі жағдайлар ғҧрыптық (ритуалдық) мҽнге ие болады. 
Еңбек-кҽсіпке байланысты фольклор патриархат заманында қайта
қаралып, жаңаша айтылады. Ежелгі мифологиядағы ҽр заттың рух-иесі енді 
пірге, алғашқы ата-бабаға айналады (кейін кҿркем образ болады). Мҧны,



27


ҽсіресе, меморатта (кейін хикая мен хикаятта), малшылық (бақташылық) пен
егіншілік (диқаншылық) туралы ҽңгімелерде, ҿлеңдерде кҿреміз. Бҧрынғы 
діни-нанымдар да, салт-ғҧрыптар да, ырымдар да фольклорда басымдық
рҿлде емес, кҿлеңкеде жҥреді. Ҥйлену салтына жҽне жерлеу рҽсіміне 
қатысты ҽдет-ғҧрыптар атқарылған кезде орындалатын фольклор енді
біршама ҿзінше, кей-кейде ғана ырымдардан жеке айтылып, кҿркемдік-
эстетикалық та мақсат кҿздейді. Олардың мазмҧны да, орындалу мҽнері де
басқаша болып, бейнелік жағы кҥшейе тҥседі. Жар-жар, сыңсу, беташар, той- 
бастар секілді шығармалар ендігі уақытта тек ырым мен ғҧрыптың сҿз-серігі
ретінде ғана емес, сондай-ақ адам сезімін кҿрсететін кҿркем ҿлең тҥрінде де 
айтылады. Сол сияқты жерлеу рҽсіміне байланысты орындалатын жоқтау,
кҿңіл айту, жҧбатулар да салт бойынша орындала отырып, кҿркемдік-
эстетикалық та мақсатты ҧмытпайды. Бҧл айтылғандардың бҽрі –
патриархалдық рудың дамыған кезінде орныққан руханият еді. 
Рулық заманда пайда болған рухани мҽдениеттің бір саласы – халықтық
білім мен халықтың ҿнері. Кең мағынада алғанда бҧлар да – фольклордың 
тҥрлері болып саналады. Сондықтан да ҽлемдік фольклортануда оларды
музыкалық фольклор, пластикалық фольклор, халықтың қолҿнері, халық биі 
деп атау орныққан. Фольклордың бҧл тҥрлері, сондай-ақ халық
астрономиясы мен календары, қарапайым математика мен механика, 
халықтық медицина мен мал емдеу ісі, сҿз жоқ, ҿмір тҽжірибесінен
туындаған қҧндылықтар. Аңшылық қҧрған, мал баққан, егіншілікпен 
шҧғылданған, кҿшіп-қонып жҥрген жҧрт табиғаттың алуан сырын, ауа
райын, жҧлдыздардың жылжу ретін ҥнемі қадағалап, біліп отырған. 
Сондықтан олар аспан шырақтары туралы, тҿрт тҥлік малдың ерекшеліктері
жҿнінде, дҽнді дақылдардың айырмашылықтары жайында тҽжірибелік білім 
қалыптастырған жҽне неше тҥрлі ҽңгіме-жыр шығарған. Бҧл ҽңгіме-
ҿлеңдерінде объектісінің тҥр-тҥсін, мінез-қҧлқын, т.б. қасиетін тҽжірибеге 
сҥйеніп сипаттау да, сондай-ақ ежелгі мифтік, діни нанымдарды пайдалану
да бар. Сҿйтіп, ҿзінің мінез-қҧлқын, тҧрмыс-тіршілігін ҽңгімелеп отырған 
объектісіне кҿшіріп, ҽрі танымдық пайдасы, ҽрі кҿркемдік мҽні бар шығарма
тудырып отырған. Халық календары мен астрономиясы – фольклорды 
зерттеуде ҿте қҧнды материал болатыны себебі – осы.
Халықтың қарапайым математикасы да, механикасы да – кҥнделікті 
тіршіліктің қажеттілігінен туған руханият. Малдың есебін білу, жорыққа
шығарда адам санын анықтау – халық математикасының негізін қҧраса, киіз 
ҥйді жасау, оны тең-тең етіп, тҥйеге, кҿлікке арту, кҿліктің ҿзін оңтайлы етіп
жасау – қарапайым механиканың тҥрі. Ал, киіз ҥйдің жабдығы тек қана 
практикалық мақсат орындамайды, оның ҽсемдігі, ҥйдің безендірілуі –
белгілі дҽрежеде эстетикалық талапқа жауап береді. Ендеше, халық қолҿнері 
– фольклордың ҽрі утилитарлық, ҽрі эстетикалық қызмет атқаратын тҥрі.
Сонымен, рулық замандағы мҽдениет – ҧзақ уақыт бойы қалыптасқан 
руханият. (Тарих ғылымының дҽуірлеуі бойынша отыз мыңдай жылды
қамтиды). Оның салалары мен тҥрлері кҿп. Олар бірі-бірімен тығыз 
байланыста, біртҧтас, синкретті жҥйе қалыбында дамып, қоғамның, ой-



28


сананың жетілуіне сҽйкес қарапайымдылықтан кҿркемдікке қарай кҥрделі де
қиын жолдан ҿтті. Оу баста тек қана утилитарлық-тҽжірибелік жҽне 
танымдық қызмет атқарған алғашқы фольклор ҥлгілері бірте-бірте тҽрбиелік
жҽне кҿркемдік мақсатты кҿздейтін шығармаларға айналды. Алайда, олар ҽлі 
нағыз кҿркем фольклор дҽрежесіне кҿтеріле алған жоқ-ты. Бҧл ҥрдіс кейін
кҿпке созылып барып, тек мемлекеттік қоғамдар тҧсында жҥзеге асқан еді. 
Соның ҿзінде де фольклор қаншалықты кҿркем болғанымен, онда сол ежелгі
рулық замандағы салттар мен ғҧрыптар, діни нанымдар мен ҧғымдар бірде 
кҿркемдеуіш қҧрал, бірде бейнелі сҿз, бірде ҽсіреленген образ тҥрінде кҿрініс
тауып, шығармаға поэтикалық, эстетикалық, эмоциялық реңк беріп тҧрады. 
Осының бҽрі қосыла келіп, бізге жеткен фольклорды, бір жағынан, ежелгі
заманның дҥниетанымы, кҿне мҽдениеті ҽрі мҧрасы; екінші жағынан, ел 
тҧрмысының бір бҿлшегі; ҥшінші жағынан, халықтық сҿз ҿнері деп
сипаттайды.



29




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет