Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер кҿркем тҥрде
жинақталып, қиял тҧрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілердің
ҿз ойына, арман-мҥддесіне сҽйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп
кҿрсетеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, кҿп уақыт ҿткендіктен
оқиғаның қалай болғанын дҽл білмегендік, екіншіден, бҧрынғы заманда
болған шындықтың ҿзін емес, ел қалаған шындықтың кҿрініс табуы. Мҧның
бҽрі аңызда кҿркемдеу саналы тҥрде болмайтынын дҽлелдейді.
Бейнелейтін оқиғаларына, кейіпкерлеріне, жалпы тақырыбы мен
мазмҧнына қарап, тарихи аңыздарды шартты тҥрде мынадай топтарға бҿлуге
1
Кҥй аңыздарына арналған А.Сейдімбектің зерттеулерін қараңыз.
381
болады: а) оғыз-қыпшақ заманынан елес беретін аңыздар (оларға Қорқыт,
Ахмет Яссауи жҽне Арыстан алып туралы ҽңгімелерді енгізуге болады, VIII –
ХII ғ.); ҽ) моңғол шапқыншылығы мен Алтын Орда кезіндегі оқиғалар
жайындағы аңыздар (Шыңғыс, Жошы, Тоқтамыс, Темір есімдеріне
байланысты ҽңгімелер, ХIII –ХV ғ.); б) Қазақ хандығы тҧсындағы оқиғалар
мен қайраткерлер туралы аңыздар (Жҽнібек, Асанқайғы, Жиреншелер
жайындағы ҽңгімелер, ХV- ХVII ғ.); в) қалмақтарға қарсы соғыс-ҧрыстарға
байланысты туған аңыздар (Абылай, Қазыбек, Ҽбілқайыр, Бҿгенбай,
Қабанбай аттарына қатысты ҽңгімелер, ХVIII ғ.); г) Сырым, Исатай-
Махамбет, Жанқожалар бастаған кҿтерілістерге байланысты туған аңыздар
(ХVIII-ХIХ ғ.); ғ) ХХ ғасырдағы ҿмір кешкен белгілі қайраткерлер туралы
баяндайтын аңыздар.
Ҽрине, бҧл 6 топтағы шығармалардың бҽрі бірдей таза аңыз жанрының
белгілеріне, аясына толық сҽйкес келе бермейді. Ҽңгімеде баяндалып
отырған оқиға неғҧрлым қашық, яғни ҿте ертеде болса, соғҧрлым ол ҽңгіме
аңыздан гҿрі ҽпсанаға немесе хикаятқа жақындай береді. Онда алғашқы
оқиға кҿмескіленіп, оның сҧлбасы ғана сақталады, ҽйтпесе, тіпті, ҧмытылып
кетуі де мҥмкін. Уақыт ҿткен сайын аңыз кҿркемделе тҥсіп, ондағы іс-
ҽрекеттер ҽсіреленеді, кейіпкерлер дҽріптеледі, сҿйтіп, аңызға ҽпсана мен
ертегінің поэтикасы ене бастайды
1
. Осындай жағдайды, ҽсіресе, алғашқы ҥш
топқа енген шығармалардан байқауға болады.
Оғыз-қыпшақтар тарихына қатысты аңыздар қатарына «Жанкент қаласы
туралы»
2
, «Арыстан алып пен Тойма сҧлу»
3
, «Кҿккесене»
4
сияқты
шығармаларды жатқызуға болады, ҿйткені, бҧларда кҿрінетін адамдар мен
ҽңгімеленетін шаһарлар сол VIII-ХI ғасырларда болған оқиғаларда кҿрнекті
рҿл атқарған. Сондай қаланың бірі – Жанкент. Бҧл шаһар Х ғасырда оғыз
ҧлысының астанасы болып, Орта Азия, Таяу Шығыс, Жетісу, Қытай, Еділ
бойындағы елдердің сауда-саттық, мҽдени, саяси байланыстарында ҥлкен рҿл
атқарғаны тарихтан белгілі. Жанкент қаласының қираған қалдықтары
Қазалыдан 20-30 шақырымдай тҿмен Сырдарияның сол жағында жатыр.
Жанкент қаласының қашан, қалай қирағаны туралы нақты жылнамалық
дерек ҽлі табылған жоқ. Қалай болғанда да, бҧл қаланың қҧлауы
жаугершіліктен болғаны дау туғызбаса керек. Мҽселен, 1897 жылы мынандай
бір дерек жарияланыпты: «Жент қаласын, оның тҿңірегін жаулап алғаннан
кейін моңғолдар Жанкентті басып алды. Олар ҿзенмен қҧлдилап тҿмен
тҥсіпті, бірақ бҧл жорыққа Жошының ҿзі қатысты ма, жоқ па – белгісіз.
Жент ҿлкесін тҥгел бағындырып алғаннан соң Жошы ҽкесіне қосылу ҥшін
1
Бҧл процесті Ҽлкей Марғҧлан Қорқытқа байланысты фольклорлық шығармаларды талдағанда жақсы
кҿрсеткен. Қараңыз: Марғҧлан Ҽ. Қорқыт ата ҿмірі мен ҽфсаналары // Жҧлдыз (журнал). 1983. №3, 139-166-
б.
2
Легенда о Джанкенте // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. 1910. Вып. ХХII. С. 222-225.
3
Қисса Алаңғасар алып // Записки Восточного отдела Русского археологического общества. 1896. Т.11.
С.292-294; Киргизская (казахская. – С.К.) легенда о постройке Акыр-Таша // Протоколы заседаний и
сообщений Туркестанского кружка любителей археологии. 1905. Т.10. С. 37-39. (Арыстан алып тарихи
ҽдебиетте Алп Арслан, ал аңыздарда Арсалаң алып, Арыслан алып, Алаңғасар алып деп аталады).
4
Диваев А. Мавзолей Кок-кесене // Протоколы заседаний... С. 40-42; Труды Оренбургской ученой архивной
комиссии. 1910. Вып. ХХ. С. 49-50.
382
Бҧқараға бет алғаны анық»
1
. Демек, оғыз-қыпшақ заманында гҥлдеп тҧрған
Сыр бойындағы Жент, Сҧнақ, т.б. қалалар сияқты оғыздардың астанасы
болған Жанкент те Шыңғысхан бастаған моңғол шапқыншылығы кезінде
қатты қираған.
Ал, бізге жеткен аңыздарда Жанкент шаһарының тарихы таза
фольклорлық дҽстҥрде баяндалады. Бҧл туралы Ҽлкей Марғҧлан былай деп
жазады:
«Жанкент туралы айтылатын қазақ аңыздарында бҧл қаланы мекендеген
елдің жойылып кетуін, оның кҥйреп бітуін қалаға ордалы жылан қаптап
кетуінен деп қауесет етеді. Қаланың даңқты адамдары Қорқыт ата, Сарман
қҧса, Санжақ сҧлтан, оның жҧбайы Бикем, олардың ата-аналары тегісімен
жыланның шағуынан ҿледі. Жанкент патшалығын сақтау ҥшін Сыр бойына
қара дауыл соқтырып, Қорқыттың кҥшті рухы ретінде қара бура келеді»
2
.
Жанкент шаһарының қирауы туралы аңыздар
3
қай кезде пайда болғанын
анықтау қиын
4
. Ҽ.Марғҧланның айтуынша, бҧл аңыз «Қорқыт кітабы» мен
«Оғызнамеде» айтылатын Қазанбектің ордасын бешенелер қиратқан оқиғаны
суреттейді
5
. Біздің ойымызша, бҧл аңыз дҽл бір тарихи оқиғаны
баяндамайды. Мҧнда байқалатын нҽрсе – тарихи анахронизм: Жанкенттің
қирауын бергі дҽуірлерде болған деп ҽңгімелеу. Шындығында, Жанкент
қаласы бірнеше соққыны басынан ҿткерген: арабтардың шабуылы,
моңғолдардың шапқыншылығы жҽне Ақсақ Темірдің жорықтары. Осы
оқиғалардың дҽл қайсысы жоғарыдағы аңызға негіз болғанын тап басып айту
қиын. Дегенмен, фольклордың ҽр дҽуір іздерін бойына сіңіріп отыратынын
ескерсек, бҧл аңызға алғаш тҥп негіз болған оқиға мҧсылман дінін таратушы
арабтардың қалаға басып кіруі сияқты. Аңызда мҧсылмандық сарынның
айқын кҿрінуі де қосымша дҽлел іспетті. Уақыт ҿте келе аңыз кейінгі
кездерде болған оқиғаларды да қамтыған, бірақ бергі замандарда оқиғалар
кҿмескі тартып, аңызда қиял басым бола бастаған. Сҿйтіп, біздің дҽуірге ол
аңыз кҿркемделіп, кҿптеген қосымшалармен толықтырылып, басқа сипатта
жеткен. Сондықтан мазмҧны мен поэтикалық кестесіне қарағанда жоғарыда
келтірілген шығарма аңыздан гҿрі ҽпсанаға жҽне хикаятқа жақын. Мҧнда
ҽпсанаға тҽн ғажайыптық (фантастика) бар, кереметтіктің элементтері
(элементы чудесного) айтарлықтай кҿркем функция атқарып тҧр. Оның
ҥстіне бҧл шығармада хикаяттың басты белгісі – діни (мҧсылмандық)
мифология айқын кҿрініс береді. Міне, мҧның бҽрі Жанкент қаласы туралы
аңыздың жанрлық сипаты жағынан ҽпсана мен хикаятқа айналғанын
кҿрсетеді. Демек, ҿте ертеде пайда болған кҿне аңыздар бірте-бірте ҽпсанаға,
хикаятқа, тіпті, ертегіге айналады.
Қолымыздағы материалдарға қарағанда, кҿне тарихи аңыздардың
ішіндегі жанрлық сипатын біршама тҽуір сақтағандары қазақ елінің моңғол
1
Приложение к протоколу Туркестанского кружка любителей археологии. 1897. С.12.
2
Марғҧлан Ҽ. Қорқыт ата ҿмірі мен ҽфсаналары. // Жҧлдыз (журнал). 1983. №3. 150-151-б.
3
Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. 1910. Вып. ХХII. С. 222-225.
4
Ҽзірге нақты дерек табылған жоқ.
5
Марғҧлан Ҽ. Аталған еңбек. 151-б.
383
мен Орта Азия шапқыншыларына қарсы кҥрес жҥргізген дҽуірі жайындағы
аңыздар болып табылады. Тарихи тҧрғыдан дҽуірлесек, бҧл аңыздардың
бейнелейтін шағы – ХIII-ХIV ғасырлар, бірақ аңыздардың ҿзі қай мезгілде
пайда болғаны туралы ҥзілді-кесілді пікір айту қиын. Дегенмен де, Шыңғыс
хан, Жошы хан, Ақсақ Темір есімдерімен байланысты ҽңгімелердің сол
кездің ҿзінде-ақ тууы мҥмкін. Ҽрине, олар бізге алғашқы қалпында жетпеген,
алайда, оқиғаның ҿзегін, дҽуірдің тынысын, кейіпкерлердің іс-қылығы мен
мінез-қҧлқын біршама сақтай білген. Осындай аңыздардың біразы Шыңғыс
пен Жошы ханның қазақ елін билеп-тҿстеген шағын баяндайды. Бірақ бҧл
аңыздар нақты болған белгілі бір оқиғаны ҽңгімелемейді. Олардың кҿбісі
Шыңғыс пен Жошы есімдеріне байланысты болып келеді де, солардың
қаталдығын, бҥкіл сол заманның рухын айқын сипаттайды. Мҽселен,
Шыңғыс хан туралы аңыздардан сол кездердегі хандардың арасындағы
алауыздықты, бақталасты, таққа таласып, бірін-бірі қуғындаған ағайындылар
тарихын аңғаруға болады
1
.
Бҧлардың мазмҧны «Моңғолдың қҧпия шежіресімен» ҥндес
2
, алайда,
қазақ аңыздары «Шежіредегі» оқиғаларды тҥгел жҽне дҽлме-дҽл
қайталамайды. Тіпті, қазақ аңыздарында айтылатын кейбір оқиғалардың
шындықтан алшақ екені де байқалады, ал, енді бір шығармаларда
оқиғалардың мезгілі, адамдары шатастырылып, қайсыбір жағдайда ҽр дҽуірде
болған оқиғалардың елесі шоғырланғаны сезіледі. Мысал ҥшін атақты
«Ақсақ қҧлан» аңызын алайық. Аңыздың сюжеті баршаға аян: ханның
баласы аңда жҥріп, жаралы қҧланның тҧяғынан ҿледі.
Аңыздың біраз нҧсқаларында бҧл оқиға Шыңғыс пен Жошыға
байланысты
айтылады
жҽне
зерттеушілердің
кҿбісі
солай
деп
тҧжырымдайды
3
. Ал, басқа бір нҧсқаларында қҧланнан ҿлген Жошы болады
да, оның ҽкесі Алаша хан болып баяндалады
4
. Енді бір нҧсқаларда аң аулап
жҥріп ҿлетін – Жошы емес, оның баласы
5
, ал, кейде Жҽнібектің ҧлы
6
, я
болмаса Ақсақ Темірдің баласы
7
болып ҽңгімеленеді. Тіпті, кейбір
мҽтіндерде баласы Жошы делініп, ҽкесінің есімі аталмайды
8
. Міне, бір ғана
сюжетті (оқиғаны) баяндайтын бірнеше шығармада кейіпкерлер ҽр басқа:
Алаша, Шыңғыс, Жҽнібек, Темірлан, Жошының ҿзі. Бҧлар ҽр заманда ҿмір
1
Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. Пг., 1917. С. 49-51; ОҒК қолжазба
қоры. №194-бума, 1-9-парақтар. ҼҾИ қолжазба қоры. №242-бума.
2
Моңғолдың қҧпия шежіресі. Ҿлгий, 1979.
3
Маргулан А. О носителях древней поэтической культуры казахского народа // М.О.Ауэзов: Сборник статей
к его 60-летию. Алма-Ата, 1959. С.74.; Мағауин М. Қобыз сарыны. Алматы, 1966. 8-9-б.; Ҿмірҽлиев Қ. ХV-
ХIХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1976. 82-83-б.
4
Алаша хан һҽм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сҿз // Дала уалаятының газеті. 1897,
№13. 14, 18; Алаша хан мен Жошы хан туралы аңыз // ОҒК қолжазба қоры. №198, 300-бумалар. ҼҾИ
қолжазба қоры. №123. 242-бумалар.
5
Аксак кулан, Джучи хан // Затаевич А. 1000 песен киргизского народа. Оренбург, 1925. С.358; Сказание о
Жоши хане и его сыне // Казахские сказки. Алма-Ата, 1962. Т.2. С.264-265.
6
Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Алма-Ата. 1961. Т.1. С. 398-399.
7
Темірланның оры // Дала уалаятының газеті. 1899. №50. Темірлан қаздырған ор туралы аңыз Кавказ
халықтарында да бар. Бірақ олардың мазмҧны басқаша. Қараңыз: Далгат У.Б. Героический эпос чеченцев и
ингушей. М., 1972. С. 224-234, 398-406.
8
Кербуга куйши // Труды Общества изучения Киргизского края. Оренбург, 1922. Вып. III. С. 169-170.
384
сҥрген адамдар, бҧл – анахронизм, аңыз, ҽдетте, тарихи дҽуірлерді, оқиғалар
мен адамдарды жылнамадағыдай дҽлме-дҽл суреттемейді, оларды тарихи
тҧтастану заңына сҽйкес ҿзгертеді. Олай болса, ҿлген баланың ҽкесі болып
бірде Шыңғыстың, бірде Алашаның, бірде Жошының, бірде Жҽнібектің
кҿрінуі тарихи аңызды фольклорлық жанр ретінде тағы да бір сипаттайды.
(Соның ҿзінде де аңыз ҿмірде болған адамдарды ҽңгімелеген).
Ал, осы аңыздағы оқиғаның ҿзі ҿмірде болған ба, ол қаншалықты
шындыққа сҽйкес келеді?
Аңыздың сюжеті қҧрылысы жағынан ҥш бҿлшектен тҧрады. Бірінші
бҿлшек: Жошының аңға шығып, қҧландарды қууы. Қҧланның айғыры
жаралы болып, оны мерт қылуы. Екінші бҿлшек: Шыңғыстың «Кімде-кім
Жошының ҿлімін естіртсе, аузына қорғасын қҧямын!» - деген жарлығын
бҧзып, Кербҧғаның (Кет Бҧқа, ҿнерпаз кҥйші, домбырашы, ҧлы жыршы) ҿнер
арқылы Шыңғысқа қазаны естіртуі, Шыңғыстың домбыраның шанағына
қорғасын қҧюы. Ҥшінші бҿлшек: қаһарлы ҽкенің елге ғаламат ор қаздырып,
қҧлан біткенді орға тҥсіріп, қыруы.
Осы ҥш бҿлшектің біріншісі – негізгі оқиға: Жошының қаза болуы. Бҧл
тарихқа сҽйкес: Жошы ҽкесінің тірі кезінде ҿлген. Ал, Жошының ҿлу себебін
баяндау – фольклорлық қиял, бірақ шындыққа саятын қиял, ҿйткені, ол кезде
Шыңғыс та, оның балалары да қҧлан аулауды машық еткен.
Алайда, осы негізгі оқиға аңызда тікелей айтылмайды. Аңыз басты
кҿңілді екінші жҽне ҥшінші бҿлшектерге аударады. Мҧнда фольклорлық
дҽстҥр кҥшіне еніп, оқиғадан гҿрі Шыңғыстың қаһарлығын, қаталдығын
кҿрсетуге кҥш салынған. Бҧл, сҿз жоқ, аңыздың кҿп уақыт бойына кҿркем
фольклормен қатар, солардың ортасында ҿмір сҥргенінің нҽтижесі.
Сондықтан да, «Ақсақ қҧлан» аңызында тарихи оқиға кҿмескіленіп, оның
есесіне біршама ҽрлей баяндау етек алған.
Қазақтың кҿне тарихи аңыздарына Алтын Орда дҽуірі мен Қазақ
хандығы қҧрылған шақтың оқиғаларын баяндайтын Тоқтамыс, Едіге, Ақсақ
Темір, Жҽнібек, Асанқайғы есімдеріне байланысты шығармаларды да
жатқызуға болады
1
. Бҧл аңыздарда нақты бір тарихи оқиға суреттелмесе де,
жалпы сол мезгіл шындығы бірнеше тарихи оқиғаны шоғырландыру арқылы
кҿрсетіледі. Мҽселен, Тоқтамыс жайындағы аңызда сол кезде анық болған
Тоқтамыс пен Едіге арасындағы (бірде тату, бірде араз) қатынас Хабардин
жҽне Сҽтемір (дҧрысы – Ақсақ Темір) атты қаһармандардың араласуы
арқылы баяндалады.
Оғыз-қыпшақ дҽуірі мен моңғол шапқыншылығы, Алтын Орда
замандарында пайда болып, уақытпен бірге талай ҿзгеріске ҧшыраған кҿне
тарихи аңыздарға қарағанда ХVIII-ХIХ ғасырлардың оқиғаларын баяндайтын
шығармалар тарихи негізін айқынырақ сақтаған. Ҽсіресе, жоңғар
қалмақтарына қарсы ҧрыс-соғыстар жайындағы аңыздар ҿзінің тарихи
шынайылығымен қҧнды.
1
Киргизское предание о Хабардине и Тохтамыш-хане // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии.
1910. Вып.ХХII. С.95; 1911. Вып. ХХIII. С.48; Ҽмір Темір туралы // ҼҾИ қолжазба қоры. №131-бума;
Жҽнібек // ОҒК қолжазба қоры. № 202-бума.
385
Солардың ішінде нақтылы оқиғаны баяндайтын аңыздар да кҿп. Мҧндай
шығармалардың кҿпшілігі жасақтарды басқарып, кескілескен ҧрыста
ерлігімен елді таңдандырған қолбасшы батырлар, сҧлтандар есімімен
байланысты болып келеді
1
. Міне, осындай аңыздардың ішінен мысалға
Қазыбек, Абылай, Бҿгенбай, Қабанбай, Байғозы, Жапақтардың басынан
кешкен оқиғаларды баяндайтын шығармаларды атауға болады. Бҧл
шығармалардың басты ерекшелігі – нақты болған оқиғаға негізделгендігі.
Мҽселен, Абылай ханның жоңғарлықтарға тҧтқын болуы жайындағы аңызды
алайық. Тарихи мағлҧматтар бойынша, жоңғарлықтар небҽрі 50 жылдың
ішінде, яғни ХVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ еліне бірнеше дҥркін
шабуыл жасап, екі ел арасында 1710, 1717-1718, 1723, 1728, 1730, 1741-1743
жылдары қиян кескі ҧрыстар болған
2
. Сондай ҧрыстардың бірінде (1741 ж.)
Абылай 2 мыңдай жасағымен жоңғарлықтардың қолына тҥсіп, тҧтқыннан
Россия елшілігінің араласуы нҽтижесінде босайды
3
.
Аңызда осы оқиға дҽл бейнеленген, бірақ, ҽрине, тарихи жылнамалар
мен қҧжаттардан ҿзгеше. Шоқан Уҽлиханов жазып алған аңыз бойынша,
жоңғарлықтардың кезекті бір шабуылында Абылай жекпе-жекке шығып,
Галдан-Цереннің Чарча деген баласын ҿлтіреді. Галдан баласын ҿлтірген
адамды кім болса да, қайдан болса да, тауып ҽкелуді бҧйырады. Қалмақтар
аңдып жҥріп, Абылайды серіктерімен аңда жҥргенде қолға тҥсіреді де,
Галданға алып келеді
4
.
Ал, екінші бір аңызда Абылайдың тҧтқынға тҥсуі басқаша баяндалады.
Галдан Абылайға: «Еркімен маған бағынсын, ҽйтпесе, соғыс ашамын!» - деп,
елші жібереді. Абылай ашуланып, елшіні ҿлімге бҧйырады да, «Жау қолын
қарсы алуға дайынмын!» - деп, хабар жібереді. Галдан мҧны естіген соң
бірнеше мың ҽскер жібереді. Осы ҧрыста Абылай қолға тҥседі. Оның
жеңілген себебін аңыз елшіні ҿлтіргендіктен болды деп тҥсіндіреді
5
.
Міне, Абылайдың тҧтқынға тҥсуін екі аңыз екі тҥрлі баяндайды. Бҧл –
фольклор табиғатынан туып отырған қҧбылыс, сондықтан бҧл жерде ешбір
жалғандық жоқ. Ҿйткені, фольклорлық шығарма қаншалықты шыншыл
болғанмен тарихи фактіні сол қалпында суреттемейді. Халық ол фактіні
ҿзінің қалауынша суреттейді. Мҽселен, Абылайдың дҽл қандай жағдайда жау
қолына тҥскенін ешкім тура айта алмайды, себебі оны кҿрген адамдардың, я
болмаса Абылайдың ҿзінің сҿзі сол кезде хатқа тҥспеген, демек, ауызша
тарап, бірден-бірге айтылып, біздің дҽуірге дейін кҿп ҿзгеріске тҥскен.
Сондықтан айтушылар оқиғаның ҿзін сақтап, оны ҿздерінше тҥсіндіріп
отырған. (Фольклорлық шығармалардың нҧсқалары болатыны да осыдан).
Сонымен бірге Абылайдың тҧтқында не кҿргені, қандай жағдайда болғаны да
1
Валиханов Ч. Исторические предания о батырах ХVIII в. // Собр. соч. в 5-ти томах. Алма-Ата, 1961. Т. 1. С.
220-227.
2
История Казахской ССР. Алма-Ата, 1979. Т.3; Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной
Азии. Новосибирск, 1983; Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. 2-е изд. М., 1983.
3
Казахстан в ХV-ХVIII веках. Алма-Ата, 1969. С. 120-121; Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в
ХVII – начале ХХ века. Алма-Ата, 1971. С.262-266;
4
Валиханов Ч. Ч. Аталған еңбек. 221-222-б.
5
Ибрагимов Мҧхамедғали. Қазақтың мҽселесі // Дала уалаятының газеті. 1891. №13.
386
дҽме-дҽл аңыздалмаған. Ол туралы ҽзірге тарихи дерек те жоқ.
Рас, Шоқан Уҽлиханов нҧсқасындағы аңызда тҧтқында жатқан
Абылайдың тағдыры шындыққа жақын келетін сияқты: ҿлген баланың
шешесі кҥнде Абылайға, оның серіктеріне қарғыс айтып, лағнеттеп отырады.
Шыдамы таусылған Абылай бір кҥні дірілдеп, тісін шықырлатып,
жҧдырығын тҥйіп келе жатқан ҽйелге: «Ей, қақбас қалмақ! Сенің ҧлың
сияқты қаңғыбас қҧл қайда ҿлмеген!» - дейді. Ҽйел ойбайлап, Галданға
барады да, Абылайды ҿлтіруді талап етеді
1
.
Міне, аңыздың осы тҧсы шындыққа жанасады: тҧтқындағы адамның
ҿмірі тҽтті болмаса керек. Оның ҥстіне тағы бір айтатын нҽрсе: Шоқан жазып
алған уақытта Абылай туралы ҽңгіме, аңыздар тарихи шындықтан онша
алшақтамаған болатын, олар ҽлі фольклорлық жанрдың аясына толық
тҥспеген-ді, ҿйткені, оқиғаның болған кезінен онша кҿп уақыт ҿткен жоқ-ты.
Жҽне Абылай тҧқымының ҥйлерінде (Шыңғыстың да ҥйінде) ол туралы
ҽңгімелер мен аңыздар барынша алғашқы қалпында сақталған болар,
сҧлтандар ҿздерінің бабалары жайлы ҿтірік сҿз айтқызбаған да шығар.
Рас, Шоқан келтірген мҽтінде Абылайды асыра мақтау ҥшін
фольклорлық дҽстҥр пайдаланылып, бҧрынғы ҿткен бабалар туралы ҽңгіме
(отбасылық хроника десе де болады) тарихи аңызға айналған да, осы жанрға
тҽн сипаттарға ие болған. Мҧны аңыздың соңынан да байқауға болады:
ҽйелінің іс-ҽрекетін кҿріп: «Осы Абылайды ҿлтіріп қояр» - деп қауіптенген
Галдан қазақ сҧлтанын жанындағы Жапақ батырмен бірге бастатып, еліне
қайтарады
2
.
Шындығында олай емес, бірақ айтушылар осылай етіп кҿрсеткісі
келген. Жалпы, тарихи аңызда оқиғаның сҧлбасы сақталып, адамдардың
істері, мінез-қҧлқы дҽуірдің, қауымның талабына сай баяндалады. Сол
себепті де Абылайдың тҧтқынға тҥскені туралы аңызда сҧлтанның бейнесі
сол кездің қажеттігіне сҽйкес дҽріптеле суреттелген. Аңызды айтушы мен
тыңдаушылар ҥшін Абылайдың ҿз басынан гҿрі қазақ сҧлтанын қалмақтың
қонтажысынан артық етіп кҿрсету маңызды. Кейбір осы сюжеттес аңыздарда
Абылайдың орнында басқа біреудің болатыны сондықтан, бірақ мҧнда біраз
сюжеттік ҿзгешеліктер бар
3
. Қонтажыны нашар етіп кҿрсету Қазыбек туралы
аңыздарда да орын алған.
Қазақ елінің ҿкілін жаудың ханынан басым қылып, кҿтере суреттеу –
фольклорлық шығармадағы ең басты тҽсіл. Сондықтан сҧлтандар мен
батырларды бейнелейтін аңыздардағы дҽріптеу – шарттылықтың бір тҥрі.
Хан мен сҧлтандарды халық оның байлығы мен билігі ҥшін мадақтамайды,
керісінше, жауға қарсы кҥресте ерлік кҿрсетіп, ел бастағаны ҥшін, ақыл-
айламен жол кҿрсеткені ҥшін жҽне ең бастысы – елдің атынан сҿйлеп,
халықтың жоғын жоқтап, соның кҿрнекті ҿкілі бола білгені ҥшін дҽріптейді.
ХVIII ғасырда туған тарихи аңыздар сол кездегі тарихи фактілер мен
тарихи жағдайларды нақтырақ, дҽлірек суреттейді. Мысалы, сыртқы
1
Валиханов Ч.Ч. Аталған еңбек.
2
Валиханов Ч.Ч. Аталған еңбек. 222-б.
3
Елеңке батыр // ҼҾИ қолжазба қоры. №123-бума.
387
шапқыншыларға тойтарыс беру жолындағы соғыстар, 1730 жылы
Аңырақайда қазақтар жеңген ҧрыс, 1741-1742 жылдарғы Абылай бастаған
жасақтардың соғысы, олардың тҧтқынға тҥсуі, Абылай ханның Ботақанды
ҿлтіріп, Жанайды байлап алуы, тҿлеңгіттердің Жағалбайлыны шабуы, т.т.
міне, осының бҽрі тарихта шын болған оқиғалар. Бҧл оқиғалар жайындағы
аңыздарда баяғыда болған жҽйттер баяндалмайды (оны кҿне аңыз бен
хикаяттан кҿреміз), керісінше, ҿз дҽуірінің кҿкейкесті мҽселелері, реалды
ҿмірі суреттеледі.
Демек фольклорлық жанр ретінде тарихи аңыз ХVIII ғасырда жаңа
сатыға кҿтеріліп, ҿзіне хас белгілер мен сипаттарға толық ие болады. Сҿйтіп,
ол бізге сол дҽуірдің тарихын баяндап, сол кездегі оқиғалардан, ҿмірден
мҽлімет береді, білімімізді арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |