1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет99/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   135
Күй  аңызы.  Халықтың  рухани  мҧрасының  ішінде  кҥй  аңыздарының 

орны  ерекше.  Кезінде  академик  М.О.Ҽуезов  былай  деп  жазды:  «Кҥй 

аңыздарының  кҿп  екенін  ел  біледі,  бірақ  кітап,  баспа  білмейді.  Егер 

олқылықтар  толып,  кҥйлердің  кҿрікті  аңыздары,  тілдегі  баяндауыш 

ҽңгімелері жазылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына ҽдемі айшық, 

нақыш қосылумен, мағыналы мазмҧн анықталып, жалғасуымен қатар ауызша 

фольклор  да  ҿзінің  бір  қысқа  тҥрдегі  кҿркем  ҽңгіме,  новеллаларын  кҿп 

байытқан  болар  еді.  ...Ҧмытылып,  жоғалып  бара  жатқан  кҿп-кҿп  ескі 

кҥйлердің қызық, терең, сырлы, мол мағыналы аңыздары да мҽдениет мҧрасы 

болып, жҿнін тауып, жолы ашылар еді»



1

Қазақ  фольклорындағы  басқа  жанрларға  қарағанда  кҥй  аңыздарының 



назар  аударатын  ерекшелігі  –  ол  қоғам  ҿміріндегі  салт-дҽстҥрмен,  ҽдет-

ғҧрыппен,  кісілікті  қалыптармен  (нормалармен),  кҥнделікті  тҧрмыс-

тіршілікпен,  қысқасы,  халықтың  барша  тарихи-ҽлеуметтік  ҿмірімен  біте 

қайнасып жатыр. 

Кҥй  аңыздары  –  жалпы  этникалық  мҽдениеттің  тек-тамырымен 

сабақтасып  жатқан  біртҧтас  рухани  қҧбылыс.  Мҧның  ҿзі  кҥй  аңыздарының 

пайда болу, қалыптасу жҽне бҥгінгі кҥнге дейін туындау ҥрдісі кҿрсетеді.  

Кҥй  аңыздары,  атауы  айтып  тҧрғандай,  музыкамен,  соның  ішінде 

кҥймен тікелей байланыста дҥниеге келеді. Демек кҥй мен кҥй аңыздарының 

арақатынасын  шендестіре  саралау  арқылы  оның  тҿл  ерекшелігін,  мҽн-

мағынасын тереңірек ашуға болады. 

                                                

1

 Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет. Алматы, 1962. 60-б. 




 

465 


Кҥй аңыздарының тарихи деректілігіне назар аударсақ, жалпы кҥй ҿнері 

жҽне  онымен  шендес  ҿмір  сҥретін  кҥй  аңыздары  қазақ  халқының  рухани 

мҽдениетінде  елеулі  орын  алатыны,  сондай-ақ  ғасырлар  қойнауынан 

басталатын  текті  дҽстҥр  екені  тарихи,  археологиялық,  этнографиялық, 

лингвистикалық,  жазбаша  айғақ-деректер  арқылы  кҿрініс  тапқан.  Ҽсіресе, 

домбыра, қобыз сияқты аспаптардың жаңаша жыл санауға дейінгі кезеңдерде 

қолданылғанын  дҽлелдейтін  археологиялық  олжалардың  табылуы  немесе 

«кҥй»  деген  сҿздің  ежелгі  тҥркі  заманында  қолданылғанын  танытатын 

лингвистикалық  айғақтар,  сондай-ақ  байырғы  жҽне  орта  ғасырлық  жазба 

деректер  (Плутарх,  Квинт  Курций  Руф,  Сыма  Цянь,  Плано  Карпини, 

Вильгельм  Рубрук,  Марко  Поло,  Рузбехан,  Якуб,  Махмҧд  Қашғари, 

Ҽбдіқадыр  Мҧрағи,  т.б.),  міне,  осының  қай-қайсысы  да  кҥй  ҿнерінің  жҽне 

онымен  етене  бірлікте  ҿмір  сҥретін  кҥй  аңыздарының  тарихи  деректілігіне 

ден қойдырады. Ал, орта ғасырдан бергі кезеңдерді шолғанда, кҥй ҿнері мен 

кҥй  аңыздарының  бҥгінгі  кҥнге  дейін  ҥзілмей,  сабақтасып  жатқанын  кҿруге 

болады. Қорқыт (VІІІ-ІХ ғғ.), Кетбҧға (ХІІ-ХІІІ ғғ.), Асанқайғы (ХIV-ХV ғғ.), 

Қазтуған (XV ғ.), Байжігіт (ХVІ-ХVІІ ғғ.), Абылай хан (XVIII ғ.), Қҧрманғазы 

(XIX  ғ.),  Дина  (ХІХ-ХХ  ғғ.),  т.б.  ондаған,  тіптен,  жҥздеген  кҥйші-

композиторлардың  арқалы  кҥйлері  мен  ол  кҥйлердің  шежірелі  аңыздары 

бҥгінгі  кҥнге  жеткен  жҽне  олар  қазақ  халқының ең  бір  мазмҧнды-мағыналы 

рухани  асыл  қазынасы  болып  табылады.  Тҥптеп  келгенде,  осының  бҽрі  кҥй 

аңыздарының тарихи деректілігін аңғартады.  

Жалпы  музыка  ҿнеріне,  оның  ішінде  кҥй  ҿнеріне  қатысты  келтірілген 

сан  ғасырлық тарихи  деректер,  тҥптеп  келгенде,  кҥй  аңыздарына  да  тікелей 

қатысты.  Себебі,  дҽстҥрлі  талғам-таным  бойынша  кҥй  мен  кҥй  аңызы 

біртҧтас қҧбылыс. Қазақтың бірде-бір кҥйі себепсіз шықпаған. Кҥйдің шығу 

себебі  сол  кҥйді  тартарда  кҥй  аңызы  тҥрінде  алдымен  ауызша  айтылатын 

болған. Яғни кҥй аңыздары қазақ фольклорындағы кездейсоқ қҧбылыс емес. 

Бҧл тҧрғыдан келгенде тарихи деректердің қатысы кҥйге де, кҥй аңыздарына 

да бірдей ортақ. 

Кҥй аңыздарының тарихи деректілігін сҿз ету барысында оларды тарихи 

кезеңдерге  тели  отырып,  саралау  шарт.  Осы  орайда  академик  Ҽлкей 

Марғҧланның  қазақ  эпостарын  тарихи  кезеңдер  бойынша  саралаған  ҥлгісі 

басшылыққа алынды. Ҽрине, мҧндай ҥлгі-жіктеу кҥй аңыздары ҥшін де жат 

емес.  Ҿйткені,  қазақ  халқы  біртҧтас  этникалық  қҧбылыс  болған  соң,  оның 

рухани ҽлемі де біртҧтастықта қарастырылуы қажет. Халық ҿзінің эпостарын 

тудыру  ҥшін  бір  тҥрлі  ҿмір  сҥріп,  кҥй  аңыздарын  туындату  ҥшін  екінші 

ҿмірді  таңдай  алмайды.  Оның  ҥстіне,  қазақтың  халық  ауыз  ҽдебиеті  ҿзінің 

барша  бітім-болмысында  музыкамен  тығыз  байланыста  дҥниеге  келіп 

отырған. 

Кҥй аңыздарын мынадай тарихи кезеңдер бойынша саралауға болады: 

1.  Біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  VІІІ-V  ғасырлар  мен  біздің 

заманымыздың  VI  ғасырындағы  аралықты  қамтитын  кҥйлер  мен  кҥй 

аңыздары.  Бҧған  Еуразияның  Ҧлы  даласындағы  кҿшпелілер  арасына  ислам 

діні  тарағанға  дейінгі  қиял-ғажайып  тақырыптарға  арналған  кҥйлер,  жорық 



 

466 


сарындары,  жаугершілік  кезеңдерде  ел  есінде  қалған  айтулы  батырлар, 

ақылды  арулар,  ерге  серік  болғандай  қанатты  пырақтар,  киелі  жануарлар 

туралы  кҥйлер  мен  олардың  аңыздары  жатады.  Мҽселен,  «Қос  мҥйізді 

Ескендір», «Кҿк тҿбет», «Кҿк бҿрі», «Аққу», «Сарын», «Ҿгіз ҿлген», «Тарғыл 

бҧқа», т.б. кҥйлері мен кҥй аңыздарын атауға болады. Бҧлардың қай-қайсысы 

да  байырғы  саз-сарындарымен  ғана  емес,  қосарлана  айтылатын  аңыз-

ҽңгімелерімен  де  алыс  заманаларды  меңзейді.  Мейлінше  байырғы  ҧғым-

тҥсініктерді  тілге  тиек  етеді.  Тҽңірге  жалбарынудың  табы,  табиғат 

қҧпияларын  тҽңір  тҧту,  кҿк  аспанды,  аспан  тҥстес  жан-жануарларды  (кҿк 

тҿбет,  кҿк  бҿрі,  кҿк  ҿгіз...)  культке  айналдыру  жағдайы  айрықша  айқын 

аңғарылады. 

2. Оғыз-қыпшақ кезеңінің (VI-XII ғ.ғ.) кҥй аңыздары. Бҧған Қорқыт ата 

сарындарының  аңыздары,  «Абыз  толғауы»,  «Саймақтың  Сарыҿзені», 

«Балжыңгер»  сияқты  кҥйлердің  аңыздары  жатады.  Бҧл  кезең  Орта  Азия 

алабындағы жауынгер тайпалардың ҿмір салты, тарихи тағдыры ортақтасқан, 

жан-жағынан анталаған Табғаш (Қытай), Қызылбас (Иран), Ҧрым (Византия) 

сияқты  іргелі елдердің қомағай ниетіне қасқайып қарсы  тҧра бастаған сыны 

мол шаққа орай туындаған музыкалық мҧралардың айрықша сипаты, сарын-

сазы аңғарылса, олармен сабақтас айтылатын кҥй аңыздарында елдің бірлігі, 

ердің  табандылығы,  ҿмірдің  мҽні,  бақыттың  баяндылығы  (Қорқыттың 

мҽңгілік  ҿмірді  іздеуі)  сияқты  алапат-асқақ  тақырыптар  арқау  болып 

отырады. 

3.  Ноғайлы  кезеңінің  (XII-XVII  ғ.ғ.)  кҥйлері.  Оғыз-қыпшақ  заманының 

аласапыранынан  кейін кҿшпелілердің  ру-тайпалық  тҧтастануы,  Алтын  Орда 

сияқты айтулы мемлекеттің бой кҿтеруі осы кезеңдерге тҧспа-тҧс келеді. Тек 

ол  ғана  емес,  ілгері  ғасырлар  талқысында  тарихи  тағдырын  ортақтастырған 

далалық  ру-тайпалардың  саяси  одақ  қҧрып,  бір-бірімен  біте  қайнасып, 

«қазақ» деген кең мағыналы этностың тарих сахнасына шыға бастаған кезеңі 

осы  тҧс.  Сондықтан  да  елдің  ҿзін-ҿзі  тҧтастықта  тану  сапасы  мейлінше 

шыңдалғанын, 

бір 

рудың 


қырбайлығы 

тҧтас 


елдің 

қабырғасын 

қайыстыратынын,  ел  шетінен  найзаның  ҧшы  кҿрінсе,  тҧтас  ел  болып 

ереуілдейтінін,  ҽсіресе,  фольклорлық  туындылардан  айқын  аңғаруға 

болады. 

Ноғайлы  кезеңінде  туған  музыкалық  жҽне  фольклорлық  мҧралардың 

санатына  «Жошы  ханның  жортуылы»,  «Ҽмір  ақсақ»,  «Қамбар  кҥйі»  сияқты 

халық  кҥйлерімен  бірге,  Кетбҧғаның  «Ақсақ  қҧлан»,  Асанқайғының  «Ел 

айрылған»,  Қазтуғанның  «Сағыныш»  кҥйлерін  жҽне  олардың  аңыздарын 

жатқызуға болады. 

4.  Жоңғар  шапқыншылығы  кезіндегі  (XII-XVIII  ғ.ғ.)  кҥйлер  мен  кҥй 

аңыздары.  Осынау  екі  ғасырға  созылған  аласапыран  халықтың  сан-сала 

рухани мҧрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды.  Аңыз-

ҽңгіме,  жыр-дастан,  толғау-термелерден  бастап,  ҽн-кҥйге  дейін  халықтың 

азатшыл  рухы  аста-тҿк  кҿрініс  тауып  отырды.  Мҧның  айғағы  ретінде 

«Қаратаудың  шертпесі»,  «Қалмақ  биі»,  «Беласар»,  «Қалмақтың  қара 

жорғасы»,  «Қоржын  қақпай»  сияқты  ондаған,  тіптен,  жҥздеген  кҥйлер  мен 



 

467 


олардың аңыз ҽңгімелерін атауға болады. 

5.  XVII-XIX  ғасырларда  жҽне  XX  ғасыр  басында  туған  кҥйлер  мен 

олардың  аңыздары.  Бҧл  кезеңнің  рухани  мҧраларында  саяси-ҽлеуметтік 

сарынның мейлінше  айқын  кҿрініс  тауып  отыратынын алдымен  атау  қажет. 

Ҽсіресе,  ҧлттық  дербестіктен  айырылған  халықтың  хан-сҧлтандарға,  бай-

патшаларға  деген  кҿзқарасы,  кҿңіл  кҥйі,  олардың  арасындағы  ҽлеуметтік 

айырмашылықтың ҧлғаюы жалпы фольклорлық мҧраларда, соның ішінде кҥй 

аңыздарында тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Содан да болу керек, бҧл 

кезеңде  туған  кҥйлер  де,  кҥй  аңыздары  да  ерекше  молдығымен, 

тақырыбының  ҽр  алуандығымен,  оқиғасының  деректілігімен  назар 

аудартады. 

Кҥй аңыздарының қҧрылымын анықтау ҥшін мотивтік ерекшеліктерінен 

де бҧрын қҧрылымдық-тақырыптық (структурно-тематический) қасиеттеріне 

алдымен  мҽн  беріледі.  Ҿйткені,  кҥй  аңыздарының  бҽріне  тҽн  ортақ  мотив 

бар,  ол  –  кҥй  аңыздарының  себепті  (этиологический)  болып  келетіні.  Яғни 

кез  келген  кҥй  аңызы  белгілі  бір  кҥйдің  дҥниеге  келу  себебі  ретінде 

айтылады.  Оның  ҥстіне,  кҥй  аңыздарының  ішкі  оқиғаларында  да  адамдар 

арасындағы  тосын  кездесулер,  шекісіп  барып  табысулар,  дау  тҥйінін кҥйдің 

шешіп отыруы, табиғат аясындағы кҥтпеген қҧбылыстар, жан-жануарлардың 

ерекше  қасиеттері  сияқты  кҿшкін  мотивтер  (мигрирующие  мотивы)  жиі 

кездесіп  отырады.  Ондай  мотивтер  кҿбінесе  кҥй  аңызы  жанрының  аясынан 

шығып кетіп, мҥлде басқа жанрлармен шендесіп жатады. 

Сондықтан  да  кҥй  аңыздарын  сюжет-мотивтері  бойынша  емес, 

қҧрылымдық-тақырыптық  қасиеттері  бойынша:  тарихи  оқиғаларға  арналған 

кҥй аңыздары; кҥйші-композиторлар ҿміріне қатысты кҥй аңыздары; тҧрмыс-

салтқа  байланысты  туған  кҥй  аңыздары;  арнау  кҥйлерінің  аңыз-ҽңгімелері; 

қоршаған  орта,  табиғат  туралы  кҥй  аңыздары;  жан-жануарлар  туралы  кҥй 

аңыздары деп жҥйелеуге болады.  

Ал  кҥй  аңызының  жеке  жанр  ретіндегі  тҿл  сипаттары  анық.  Мҽселен, 

кҥйдің  шығарушысы  белгілі  болса,  сол  кҥйші  туралы  бедерлі  мағлҧмат 

алдымен айтылады. Яғни кҥйшінің ҿмір сҥрген заманы, ортасы, шыққан тегі, 

ҿмір  салты,  кҥйшілік  жолға  қалай  тҥскені,  ҧстаздары  мен  шҽкірттері, 

шығарған  кҥйлері  сҿз  болады.  Одан  соң  тартылатын  кҥйдің  шығу  себебі, 

яғни  аңыз-ҽңгімесі,  кҥйдің  тартылу  ҥлгісі,  қҧлақ  кҥйі,  қағыс  тҽсілдері  сҿз 

болады.  Тарихтан  хабары  бар  Ҿнерпаз  адамдар  кҥйдің  кімдер  арқылы 

жеткені, қай кҥйші-домбырашы қандай ерекшелік дарытып тартқаны туралы 

да айтады. Сонымен қатар ол кҥйдің қандай елеулі басқосуларда тартылғаны, 

қандай  композиторлардың  шығармаларына  арқау  болғанынан  да,  бҧл 

шығарма  туралы  белгілі  адамдардың  айтқан  пікір-тҧжырымдары  да 

баяндалатын болады. 

Кҥй  тартылар  алдында  сол  кҥй  туралы  осы  сияқты  дерек-

мағлҧматтардың  айтылатыны  орныққан  дҽстҥр.  Былайша  айтқанда, 

тыңдаушының кҿкейінде сҧрақ қалмай, «енді сол кҥйді тыңдайықшы» дейтін 

халге  келуі  керек.  Бҧл  –  кҥй  аңызының  ежелден  қалыптасқан  канондық 

шарты. 



 

468 


Жалпы,  фольклорлық  жанрдың  қай-қайсысы  болса  да,  тап-таза  кҥйінде 

кездеспейді.  Ҽрбір  фольклорлық  жанр  тарихи-ҽлеуметтік  ҿмір  аясында 

туындау,  қалыптасу,  орнығу  барысында  басқа  жанрлармен  ҿзара 

ықпалдастықта болып, бірде кірігіп, келесіде ыдырап, енді бірде жаңа сапада 

кҿрініс тауып отырады. Мҧның бҽрі де адам қоғамының, ҽлеуметтік ҿмірдің, 

ондағы  салт-дҽстҥр  мен  талғам-тҥсініктің  ҧдайы  ҿзгеріске  тҥсіп 

отыратындығымен тікелей байланысты ҥрдіс (процесс). 

Кҥй  аңызы  ертегіге  жатпайтын  прозалық  фольклордың  дербес  жанры 

ретінде  ҿз  ішінде  жанрлық  тҥрлерге  бҿлініп,  іштей  тарамданып,  бытыраңқы 

категориялық  сипат  алып  жатады.  Атап  айтқанда,  кҥй  аңызы  жанры  ҿз 

қҧрамындағы  аңыз-ҽңгімелердің  ҿмірге  келу  ҥрдісі  мен  шындыққа  қатысы 

жҿнінен мына сияқты ішкі жанрлық тҥрлерге бҿлінеді: миф, ҽпсана (легенда), 

аңыз  (предание),  жағдаят  (бытовые  рассказы).  Осынау  ішкі  жанрлық 

тҥрлердің  таза  мифтік,  ҽпсаналық,  аңыздық,  жағдаяттық  сипаттары  айқын 

болғанымен, олардың қай-қайсысы да белгілі бір кҥйдің шығу себебі ретінде 

айтылатын  болғандықтан,  ең  алдымен,  кҥй  аңызының  жанрлық  ерекшелігін 

жасақтауға  қызмет  етеді.  Сондықтан  да  кҥй  аңыздарының  ішінде  кездесетін 

мифтік, ҽпсаналық, аңыздық, жағдаяттық сюжеттер мен мотивтерді біртҧтас 

кҥй  аңызы  жанрының  кҿп  қҧрамды  сипаты  ретінде  тану  қажет.  Тҥптеп 

келгенде,  ертегіге  жатпайтын  прозалық  фольклордың  ішінде  кҥй  аңызын 

дербес  жанр  ретінде  айқындап  кҿрсететін  ең  бір  мҽнді  ерекшелігі  де  осы 

болса керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет