1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


§ 2.  Отбасылық ғҧрып фольклоры



Pdf көрінісі
бет15/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   135
§ 2.  Отбасылық ғҧрып фольклоры 

 

Ҥйлену ғҧрып фольклоры 

 

Дәстүрлі қоғамдағы үйлену салты. Адам баласының ержетіп, қоғамның 

белді  мҥшесі  болуының  басты  белгісі  –  оның  ҿз  алдына  шаңырақ  кҿтеріп, 

отау тігуі. Ол, ең алдымен, ҧлының ержетіп, қызының бойжетіп, ел қатарлы 

ҥй болуын аңсаған ата-ананың қуанышы болса; екіншіден, ҿмірдің тізгінін ҿз 

қолына  алып,  жҧрт  қатарына  қосылған  жастардың  орындалған  мҧраты; 

ҥшіншіден,  іргесін  кеңейтіп,  тың  кҥш  қосып,  жаңа  шаңырақпен  толыққан 

рудың,  тайпаның  (дҽстҥрлі  қоғамда),  халықтың,  ҧлттың,  қала  берді,  барша 

қоғамның қуанышы.  

Тойдың  ҿзі,  тҧтастай  алғанда,  ойын-сауықтық  тҧрғыдағы  кҿңілашар 

шара ғана емес, ол – ғасырлар бойына сандаған ҧрпақ санасының сарасынан 

ҿткен  тарихи  мҽдени  қҧндылық.  Онда  ислам  дініне  дейінгі  кҿне  наным-

сенімдердің,  дҽстҥрлі  дҥниетанымның  нҽрі  сіңген,  ҽлденеше  қатпарлы 

рухани  қҧндылықтар  қоймасы  бар.  Сондықтан  да  той  дегенді  тек  кҿңіл 

кҿтеру,  ойын-сауық  жасау,  жастардың  ҥйлену  рҽсімін  атап  ҿту  ғана  деп 

тҥсінуге  болмайды.  Ҽсіресе,  дҽстҥрлі  қоғамда  бҧл  аса  жоғары  мҽнге  ие,  сол 

дҽуірдің  бҥкіл  дҥниетанымы  мен  дҽстҥрлі  ҽдет-ғҧрпына,  салт-санасына 

лайық қалыптасқан кҥрделі ғҧрыптық рҽсімдер кешені болып табылады. 

Ҥйлену  ғҧрыптары  бір  кҥннің  немесе  бір  сҽттің  ішінде  атқарылатын  іс 

емес,  ҽлденеше  сатыдан  тҧратын,  ҽр  сатысы  ҿзінше  ғҧрыптық  салттармен 

рҽсімделген,  бірнеше  айға  (жаушы  жіберу,  қҧда  тҥсу,  ҧрын  бару,  қыз  ҧзату, 

келін  тҥсіру,  т.т.  дегендей),  тіпті,  жылдарға  (қҧда  болу  салтынан  бастап 

                                                

1

  Телеутский  фольклор.  М.,  2004.  С.  66.  Бҧл  кітапта  «Колядки»,  орысша  транскрипциясы  «Урей»  деп 



жазылған. 


 

69 


есептегенде) созылатын кешенді ҧзақ процесс. Оны шартты тҥрде ҥш кезеңге 

бҿліп  қарастыруға  болады.  Оның  алғашқысы  –  қҧдаласу  кезеңі.  Мҧның  ҿзі 

біраз  уақытқа  созылған  ҽртҥрлі  рҽсімдерден  тҧрады.  Олардың  қатарында 

«жаушы  жіберу»,  «сырға  (ҥкі)  тағу»,  қҧдаласу,  қалыңмал  алысу,  «ҧрын 

бару»,  т.б.  толып  жатқан  жол-жоралғыларды  атауға  болады.  Ҽрқайсысы 

ҽртҥрлі  ҽдет-ғҧрыппен,  кішігірім  той,  думанмен  аталып  ҿтеді.  Бҧл  кезеңнің 

де ҿзіндік айтылатын сҿздері, фольклорлық мҽтіндері болады. 

Қҧда  тҥсуге  келген  жаушылар  сҿзін:  «Сізде  –  аққу,  бізде  –  сҧңқар, 

ілдіргелі  келгенбіз»,  –  деп  тҧспалдап  бастайды.  Оның  ҿлең  тҥріндегі 

нҧсқасын  «Қамбар  батыр»  жырындағы  айттыра  келгендегі  Келмембеттің 

сҿзінен кҿреміз: 

– Кҿтерсең менің назымды: 

Саусағы алтын сҧңқарға 

Ілдірейін деп келдім, 

Кҿлдегі ҥйрек, қазыңды-ай, 

Алтайы қызыл тҥлкіңе 

Қосайын деп ойлап ем, 

Қҧмай жҥйрік тазымды-ай

1



 



Екінші  кезең  –  қыз  ҧзатылатын  той.  Ҽдетте,  бҧл  қҧдаласу  бітіп, 

қалыңмал  алу  аяқталған  кезде  екі  жақтың  келісімімен  жасалады.  Дҽстҥрлі 

қоғамдағы  тойдың  сҽндісі  ҽрі  маңыздысы  осы  болған.  Сондықтан  мҧнда 

жасалатын  ырым-жырымдар  да,  салт-дҽстҥрлер  де,  жол-жоралғылар  да  кҿп. 

Соған  орай,  мҧнда  орындалатын  фольклорлық  шығармалар  ауқымы  да  мол. 

Мҽселен, қҧдаларға қҧйрық-бауыр асатар сҽтте: 

 

Қҧда, қҧда деселік, 



Қҧйрық-бауыр жеселік. 

Қҧйрық-бауыр жемесек,  

Несіне қҧда деселік

2

, – 



 

деп  ҽндетіп,  қҧдалар  қҧйрық-бауырды  отырған  жҧртты  айнала  жҥріп, 

қолымен  қыстап  асатады.  «Жар-жар»,  «сыңсу»,  «аушадияр»  сияқты  сҥбелі 

жанрлық  тҥрлер  де  осы  тойда  міндетті  тҥрде  орындалатын  шығармалар. 

Қазақ тойының барша ҽдет-ғҧрып пен рҽсімдері, ойын-сауық, ҿлең-жырлары 

«қыз  ҧзату»  кезінде  жарқырай  кҿрінеді.  Асылында,  ежелгі  дҽуірде  «қыз 

ҧзатуды»  адам  мен  қоғам  ҿміріндегі  аса  маңызды  оқиға  санаған,  оған  баса 

мҽн  берген.  Оның  тҥпкі  себебі,  арғы  матриархат  дҽуірінде  жатуы  да  кҽдік. 

Сондықтан  да  М.Ҽуезов  сынды  ғҧлама  зерттеушілердің  ҿзі  бҧл  жанрлық 

топты «Қыз ҧзату кезіндегі салт ҿлеңдері» деп топтаған. Тіпті, беташарды да 

осы топқа қосады

3



Ҥйлену ғҧрпының ҥшінші кезеңі – келін тҥсіру тойы. Ғҧрыптық жағынан 

                                                

1

 Батырлар жыры. Алматы, 1987. 3-т. 24-б. 



2

 Қазақтың ҽдет-ғҧрыптары мен салт-дҽстҥрлері: ҿткендегісі жҽне бҥгіні. Алматы, 2001. 100-б. 

3

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 46-52-б. 




 

70 


алғанда,  бҧл  да  аса  маңызды  кезең,  онда  атқарылатын  рҽсімдер  мен  жол-

жоралғылар  да  жетерлік.  Олардың  қатарында  «арқан  керу»,  «келін  тҥсіру», 

«отқа  май  салу»,  «бие  қысырамас»,  «асықты  жілік,  тҿс  тарту»,  «отқа 

шақыру»  деген  сияқты  толып  жатқан  рҽміздер  мен  ырым-кҽделерді  атауға 

болады. Бірақ фольклорлық тҧрғыдан келгенде, нақ осы тойда орындалатын 

міндетті  ғҧрыптық  шығармалар  қатарында  «беташарды»  ғана  атай  аламыз. 

«Той-бастар»,  «тойтарқар»  сияқты  басқа  да  ҽн-жырлар  барлық  тойларда 

орындалады. 

Отбасылық ғҧрып фольклорының қҧрамдас жанрларының ішінде ҥйлену 

ғҧрып  фольклоры  кҿркемдік  ҿрісі,  эстетикалық  қуаты  мен  дҥниетанымдық 

аясы  жағынан  ерекше  кҿрнекті  орынға  ие.  Дҽстҥрлі  ҥйлену  ғҧрып 

жырларының 

мазмҧндық 

шалқары 


қазақ 

халқының 

этникалық 

дҥниетанымдық, кҿркемдік-эстетикалық элементтері молынан қамтиды. 

Қазақтың  тойы  дала  тҿсіндегі  ҥлкен  сахнаны  елестетеді.  Ондағы  ҽрбір 

адамның, қҧда-қҧдағидан бастап шақырылған қонақтарға дейін ҿз мҽртебесі, 

белгіленген  орындары  мен  ҿз  рҿлдері  бар.  Кҥнделікті  тіршіліктің  ресми 

заңдары  мен  қағидалары  мҧнда  жҥрмейді,  ол  –  мерекенің,  тойдың  ежелден 

қалыптасқан  ҿз  қағидасына  бағынады.  Тойда  хан  мен  қара,  бай  мен  кедей, 

қожайын мен қызметші қоғамдағы орындарынан басқа мҽртебеге ие болады. 

Бірі  –  қҧда-қҧдағи,  бірі  –  кҥйеу,  қалыңдық,  енді  бірі  –  той  бастаушы,  бет 

ашушы, қалғандары – ежелгі жақын-жекжат, қадірлі қонақтар,  т.б. Олардың 

ҽрқайсысының дҽстҥрлі ҽдет-ғҧрыппен белгіленген ҿз орны бар. Соған лайық 

сый-сияпат  кҿрсетіледі.  Сондықтан  қҧда  болып  келген  жақтың  ҿкілдерін 

олардың  жас  ерекшелігімен,  ҽлеуметтік  мҽртебесімен  санаспай-ақ,  қҧдаға 

қажетті жасалатын жол-жоралғының барлығын жасайтын болған (бет-аузына 

ҧн,  айран  жағу,  суға  тҧншықтыру,  қҧда  тартысқа  салып  сҥйрелеу,  т.т.). 

Ҿнерімен  танылған  кедей  жігіт  той  басқарады,  жар-жар  немесе  беташар 

айтып,  тойға  келгендерді  ҿз  айтқандарына  кҿндіреді.  Тіпті,  тойға  барынша 

жасанып киініп барудың ҿзі адамдардың жаңа сипатқа ауысуын бейнелейді. 

Той – ҥлкен халықтық сипатқа ие, оған аяғы жеткен алыс-жақын ағайын, ру, 

тайпа,  қоғам  мҥшелері  тайлы-таяғы  қалмай,  тҥгел  жиналады.  Тіпті, 

шақырусыз келген кембағал адамдарға да тойда сый-қҧрмет кҿрсетіледі. Ал, 

таныс-білісті  тойға  шақырмау  –  ҥлкен  айып.  Қазақтың  «той  десе,  қу  бас 

домалайды»  деп  мҽтелдейтіні  сондықтан.  Тойдағы  ойын-сауықтық  сипат  – 

халықтық мҽдениеттің қайнар кҿзі. 

Ҿнердің  пайда  болуында  мерекелік  ойын-сауықтардың  рҿлі  ерекше. 

Жҽне  оның  бастау  кҿзі  ойын-сауықтың  рухани  қажеттілік  болмауынан 

туғандығын  ҽлем  халықтарының  дҽстҥрлі  мҽдениетін  зерттеушілердің 

барлығы да жазған болатын. Ҿнер мен мҽдениеттің дамып, қалыптасуындағы 

ғҧрыптық  ойын-сауық  пен  мерекенің  рҿлінің  зор  екендігінің  қазақ 

зерттеушілері  де  атап  кҿрсетіп  келеді.  Бҧл  орайда  оның  драмалық  сипатын 

танытқан Ш.Хҧсайынов пен Ы.Дҥйсенбаевтың, С.Қасқабасов еңбектерін атап 



 

71 


кҿрсетуге болады

1

.  



Ҥйлену  тойында  атқарылатын  ойын-сауықтардың  мазмҧнына  назар 

аударсақ,  ондағы  қуаныш  (кҥлкі)  пен  қайғы,  мҧңның  (жылау)  қатар 

жҥретіндігі. Олардың ҥнемі жарыса, шендесе қос қабат келіп отыратындығы 

айрықша кҿңіл аударуды қажет етеді. Мҽселен, ел тойға жиналып, кҿңілденіп 

жатса,  қыз  сыңсу  айтып,  елімен  қоштасып,  жылап-сықтайды,  қҧрбы-

қҧрдастар мен ата-ана, туған-туыстары  да ҿлік жҿнелткендей жылау ҥстінде 

болады. 

Ҽрине,  той  болған  соң  қуанышқа  жасалатыны  белгілі.  Бірақ  сол 

қуанышты  барынша  қыздыра  тҥсетін  небір  кҥлкі  туғызатын  рҽсімдердің 

ҽдейі  жасалатындығы  кҿзге  оқшау  кҿрінеді.  Бҧл  жерде  ҽңгіме,  біріншіден, 

тойда  атқарылатын  рҽсімдердің  жай  ғана  кҿңіл  кҿтеру  емес,  еріксіз  кҥлкі 

туғызарлық  небір  масқарампаздық  жол-жоралғылармен  атқарылатынына 

назар аударғымыз келіп отыр.  

Қазақтың  ҥйлену  тойындағы  «рҽсімдік  кҥлкі»  («ритуальный  смех»)  тегі 

де  ескі  заманнан  бастау  алады  жҽне  ол  рулық  қоғамда  бертінге  дейін 

сақталған.  Ол  ғҧрыптық  фольклордың  табиғатына  да  ҽсер  еткен.  Мҽселен, 

қҧдалар айтысында ҿткір ҽзіл, қалжың ҿте кҿп. Тіпті, ол айтыстардың «бҽдік 

айтысқа»  (боғауыз  айтысқа)  ҧласып  кететін  кездері  де  болады.  Сол  сияқты 

беташар  мазмҧнында  да  осындай  ҽжуа  таныстырулар  кездесіп  отырады. 

Тіпті, жеңіл ҽзіл бесік жыры мен балалар ҿлеңдерінде де жетерлік. 

Жалпы,  дҽстҥрлі  дҥниетанымда  кҥлкі  –  тіршіліктің,  ҿсіп-ҿнудің 

символы. Ол – тек тірілер ҽлеміне ғана тҽн қҧбылыс. Сондықтан да баланың 

дҥниеге келуінде, адамдардың ҥйленуіндегі кҥлкі  – олардың жаңа ҿмірге аяқ 

басуының, ҿсіп-ҿнудің белгісі іспеттес. Ежелгі дҥниетаным бойынша, кҥлкі – 

дҥниеге  жан  бітіруші  кҥшке  ие,  оның  тірілер  ҽлемінде  ғана  болатыны 

сондықтан, ҿлілер ҽлемінде кҥлкі жоқ. Рҽсімдік кҥлкінің мҽні осында. Кейін 

кҥлкінің орнын ҽн-кҥй, ойын-сауық басады. 

Ал,  ҥйлену  жырларындағы  қайғы-мҧң,  зар  қыздың  жат  елге  кетуіне 

байланысты  туындайды.  Дҽстҥрлі  дҥниетанымда  басқа  ҽлем  (ҿлікті 

жҿнелтуде ол – ҿлілер ҽлемі, ал қыз ҧзатуда – жат жҧрт) – ҽрқашан жҧмбақ, 

қорқынышты,  ҥрейлі,  тылсым.  Міне,  қыз  осы  ҿзіне  жҧмбақ  ҽлемнен,  жат 

елден  қорқады,  жанына  жақын  алтын  ҧядан  айрылғысы  жоқ.  Осыдан  барып 

зар  туады.  Шындығына  келгенде,  бҧл  да  рҽсімдік  қайғы,  тіпті,  қыз  ҿзі 

баратын  ауылды  ҿте  жақсы  біліп,  сҥйгеніне  қосылып  бара  жатқан  кҥннің 

ҿзінде  ҿз  елінен  «сыңсып»  аттануға  тиіс.  Мҧндай  қос  тінді  сипат  ҥйлену 

тойының драмалық табиғатын кҥшейте тҥседі. Бҧл рҽсім, айналып келгенде, 

ғҧрыптық  жырлардың  жаттандылығына,  формулалығына  алып  келетін  жол. 

Ғҧрыптық жырлар поэтикасын тексеруде мҧны да есте ҧстау шарт. Былайша 

айтқанда, бір елден екінші елге аттанып бара жатқан қыз жылауға тиіс болса, 

екінші  жағынан,  жаңа  ҿмірге  келгеніне  қуануы  тиіс.  Бҧл  –  ҿтпелі  ғҧрыптар 

(«обряды  перехода»)  кезінде  болатын  қос  сипаттылық.  Кең  ҧғымда  алғанда, 

                                                

1

  Хусайнов  Ш.,  Дюсенбаев  И.Т.  Театрально-драматические  элементы  в  казахском  устном  творчестве  и 



народных играх // Известия АН КазССР. Серия искусствоведения. Алма-Ата, 1959. Вып. 1; Каскабасов С.А. 

Колыбель искусства. Алма-Ата, 1992. С. 34. 




 

72 


жылау,  қайғы,  мҧң  ҿлімнің  символы  болса,  кҥлкі  –  қуаныштың,  ҿмірдің 

символы. Дҽстҥрлі мҽдениетте осылай.  

Сонымен  қатар  кҿңіл  бҿлетін  тағы  бір  нҽрсе  –  ҥйлену  ғҧрып 

жырларының  жанрлық  табиғатын  тек  оның  ғҧрыптық  сипаты  ғана 

анықтамайды, оның басты белгілерінің қатарында поэтикалық ерекшеліктері 

де тҧрады. Тойда орындалатын шығармалардың барлығы тек ғҧрыптың сҿзге 

кҿшірілген нҧсқасы емес, ҿзіндік кҿркемдік ҽлемі бар эстетикалық категория. 

Оның  шындықты  бейнелеудегі  ҿз  заңдылығы  бар.  Оның  мазмҧны  да 

ғҧрыптық  рҽсімді  жалаң  баяндамайды,  сол  дҽуірдің ҿзіндік  ахлағы  (мораль) 

мен ҧстанымдарының кҿркем суретін жасайды. Бҧл орайда той жырларының 

мазмҧны мен тҥрі басқа жанрлық топтардан ірге ажырататын ҿзінше сипатқа 

ие. Тойға, соның ішінде той жырларына тҽн басты қасиет – ондағы драмалық 

сипаттың алабҿтен айқын танылатындығында. 

Ҥйлену  ғҧрып  фольклорының  жеке  жанрлық  тҥр  ретіндегі  ҿзіндік 

ерекшеліктерінің  қатарында  олардың  белгілі  сарынмен,  яғни,  ҽнмен 

орындалатынын  да  атап  айтқан  жҿн.  Тойбастардың  да,  жар-жардың  да, 

сыңсудың  да,  беташар  мен  тойтарқардың  да  домбырасыз,  ҿзіне  тҽн  сазсыз 

орындалмайтыны белгілі. В.Я.Пропп атап кҿрсеткендей, бҧл да фольклорлық 

шығармалардың жанрлық сипатын анықтаудағы басты сипаттың бірі

1



Сонымен  қатар,  аталмыш  топтағы  шығармалардың  кҿпшілігі  ҿзінің 

орындалу  мҽнерімен  де  ерекшеленеді.  Олардың  ішінде,  ҽсіресе,  қыз  ҧзату 

тойында  айтылатын  жар-жар,  сыңсу,  кҿрісу  сияқты  ҿлеңдердің  диалогпен, 

хормен  орындалатындығын  атап  айту  шарт.  Тіпті,  беташардың  ҿзінде  де 

диалогтық  сипаттың  бар  екендігін  (сҿзбен  болмаса  да,  келін  мен 

беташушының,  келін  мен,  немесе  беташушы  мен  жиылған  жҧрттың 

арасындағы ишаралық қарым-қатынас) аңдау қиын емес. 

Жалпы, ҧлттық ойындардағы жҧптық тартыс (қҧдалар тартысы, қыз қуу, 

палуан  кҥрес,  мешкейлер  жарысы,  ат  жарыс,  т.б.),  ҿлең-жырлардағы 

жауаптасу  (қыз  бен  жігіттер  айтысы,  қҧдалар  айтысы,  жар-жар,  т.б.)  сияқты 

ғҧрыптық  рҽсімдер  –  ҥйлену  тойындағы  дҽстҥрлі  қҧбылыс.  Егер  зер  сала 

қарасақ,  олардың  арғы  тегінің  қоғамдағы  қос  ҧйымдық  (дуальная 

организация)  жҥйеден  бастау  алып,  екі  ру  (фратрия)  арасындағы 

экзогамиялық  некемен  іргесін  бекітіп,  кейіннен  фольклордағы  жҧптық  тай-

таласқа (бинарная оппозиция) ҧласқанын байқаймыз. Дҽстҥрлі дҥниетанымда 

бҥкіл дҥниені ер мен ҽйелге бҿліп қарау, бағзы заманнан келе жатқан ҥрдіс, 

тіпті,  табиғаттың  ҿзін  адамдар  осылай  жҧптастыра  қарайды.  Мҽселен,  кҥн 

мен ай немесе кҿк пен жер. Осыған ҧқсастыра кейде жансыз заттардың ҿзін 

еркек – ҧрғашыға бҿлу салты да бар. Мҽселен, тарақтың ҧсақ  жҥзін ҧрғашы 

жҥзі  десе,  кҥмістің  бір  тҥрін  де  зергерлер  «ҧрғашы  кҥміс»  дейді.  Домбыра 

жасайтын  шеберлер  де  оның  шанағы  мен  қақпағын  ҧрғашы,  еркек  деп 

бҿлетін  кҿрінеді.  Мҧндай  мысалды  кҿптеп  келтіруге  болады.  Ал,  ҽйел  мен 

ерді  тайталас  қарастыру  ежелден  қалыптасқан  табиғи  қҧбылыс.  Қалай 

дегенде  де,  бҧл  «жҧптық  тайталас»  ҥйлену  салт  жырларының  формалық, 

                                                

1

 Пропп В.Я. Фольклор и действительность. М., 1976. 




 

73 


мазмҧндық сипатын  қалыптастыруға  зор  ықпал  жасаған.  Диалогтық  тҥр  тек 

«жар-жар»  ғана  емес,  той  жырларының  кҿпшілігіне  тҽн.  Ал,  жар-жарда  ол 

айқын кҿрінеді. 

Сонымен,  ҥйлену  ғҧрып  фольклорының  қатарына  ҥйлену  ғҧрпына 

қатысты  айтылатын,  ҿзіндік  саз-ҽуені  бар,  кҿбінесе,  жауаптасу-диалог 

тҥрінде, драмалық сипатта орындалатын ҿзіне тҽн поэтикалық тҥрі мен мҽн-

мазмҧны бар шығармаларды жатқызамыз. Нақтылай айтсақ, олар: той-бастар, 

жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет