1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет21/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

 

Балалар фольклоры 

 

Халықтың  тҧрмыстық  тҽжірибесінде  сҽбидің  ҽрбір  ҿмірлік  қадамы 



назардан  тыс  қалмай,  дҽстҥрлі  тҥрде  ҽрқилы  ырымдармен  аталып  ҿтіп 

отырады жҽне олардың барлығы ҿнер тілімен ҿрнектеліп келеді.  

Бҧл  шығармаларды  тудырушылар  да,  орындаушылар  да  ересектер, 

сондықтан  да  оларды  ғалымдар  балалар  фольклорының  бір  саласы  ретінде 

қарастыру қажет деген пікірді алға тартады

1

.  



Сонымен,  біздің  анықтауымызша,  балалар  фольклорының  арналы  бір 

саласы – қазақ ҽлпештеу поэзиясының  ішкі жанрлық сарасы мынадай: бесік 

жыры,  сҽбилік  ғҧрып  жырлары,  мҽпелеу  жырлары  (пестушки),  уату-

алдарқату жырлары (потешки). 



Бесік  жыры.  Тҥп-тамыры  тым  тереңге,  сонау  алғашқы  қауымдық 

қҧрылысқа қарай кететін бесік жыры ҧзақ жылдардағы адамзат тҽжірибесінің 

жемісі. 

Ҽлем  халықтарының  бесік  жырлары  атқаратын  функциясы,  мазмҧн 

байлығы, ішкі қҧрылымы жағынан тҧтастай қарағанда желілес, ҥндес шығып 

отырады.  Бесік  жырының  тҥп-тҿркінінің  тым  кҿнелігі,  оның  алғашқы 

негізінің  сҿз  емес,  саз  (музыка)  болғандығы,  басты  атқаратын  қызметі  – 

баланы  тыныштандыру,  оның  жан-жҥйесі  мен  санасына  алғашқы 

эстетикалық  нҽр  сіңіріп,  тҽрбие  беру.  Бҧл  сипаттар,  сҿз  жоқ,  қазақ  бесік 

жырларының табиғатына да тҽн. Ал, бесік жырларының шығу тегі (генезис), 

ішкі  жанрлық  сарасы,  ҽр  халық  жырларының  ҿзіндік  табиғаты  туралы  сҿз 

                                                

1

  Балалар  фольклоры  туралы  К.Матыжановтың  филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дҽрежесін  алу 



ҥшін  дайындаған  «Қазақтың  отбасылық  ғҧрып  фольклоры»  атты  диссертациясы  мен  Іслҽмжанҧлы  К. 

«Рухани уыз» кітабынан (Алматы, 1995) кеңірек танысуға болады. 




 

91 


қозғағанда  ғалымдар  пікірі  ҽртҥрлі  арна  тҥзейді.  Мҽселен,  бесік  жырының 

пайда болу, шығу тҿркіні жҿнінде ғалымдар арасында екі ҧдай пікір бар. 

Орыс  бесік  жырларын  алғаш  арнайы  зерттеген  К.М.Элиаштың  «бесік 

жырларының  кҿне  тҥпкі  негізі  арбау  (колыбельные  заклинания)  ҿлеңдермен 

байланысты»  деген  пікірін  В.П.Аникин,  Ю.Г.Рочев,  А.Н.Мартынова, 

Э.Н.Таракина  да  қолдайды.  Ал,  М.Н.Мельников,  Р.Ф.Ягафаров,  А.Сафаров, 

т.б.  зерттеушілер  «Ана  ҿзінің  тума  табиғатымен  (инстинкті)  бала  ҥшін,  ең 

алдымен, оны тыныштандыратын жарқын да, бір сарынды ҽн қажет екендігін 

тҥсінді.  Бесік  жырының  формасы  осылайша  пайда  болды»,  –  деген 

А.Ветуховтың  пікірін  жандандыра  отырып,  бесік  жырының  арғы  тегінде 

арбау  ҿлеңдері  мен  кҿне  ырымдардың  элементі  жоқ  деген  пайымдауларға 

тоқтайды. 

Бҧл мҽселе, шындығында, ҽлі де зерттей тҥсуді қажет етеді. Аты айтып 

тҧрғандай-ақ,  бҧл  жырдың,  негізінен,  баланың  бесікте  жатқан  кезінде 

орындалатыны  белгілі.  Қазақ  арасында  бала  бесікке  7,  9,  11,  13-кҥн 

аралықтарында  салынады.  Сол  сияқты  халық  бесікті  ҿз  ҧғымдарындағы, 

сенім-нанымдарындағы жын-шайтан, албасты, ҥббе, т.б. мифологиялық қауіп 

иелерінен  де  қорғайтын  киелі  орын  деп  ҧққан.  Сондықтан  баланы  бесікке 

салу  рҽсімі  ауылдастар  арасында  арнайы  тойланып,  тҥрлі  ҽдет-ғҧрып 

салттары,  ырым,  жоралғылары  жасалады.  Бесік  баланы  тамақтандырып, 

бағып-қағуға  ғана  ыңғайлы  емес,  оны  ҽнмен  тербетіп,  ойнатып,  кҿңілін 

алдап,  аялап,  алдарқатуға  да  қолайлы.  Ана  жырының  ырғағы  табаны 

тербетуге лайықталған бесік ырғағымен ҥндес шығып отырады. 

Салыстыра  қарасақ,  бесікке  салуға  байланысты  ҽдет-салттардың  кҿп 

халыққа ортақ екендігін кҿреміз. Мҽселен, бесіктің арқалығын қару, оған ҥкі, 

қасқырдың азуы сияқты заттарды іліп қою, баланың басына пышақ, қанжар, 

т.б. заттар жастап қою Орта Азия халықтарының кҿпшілігіне ортақ

1

. Ал, бос 



бесікті  тербетпеу  салты  халықтың  бҽрінде  дерлік  бар.  Қазақта  баланы 

бҿлерде бесікті отпен аластап: 

 

Алас, алас, пҽледен қалас, 



Кҿзі жаманның кҿзінен алас, 

Тілі жаманның тілінен алас, 

Қырық қабырғасынан алас, 

Отыз омыртқасынан алас! – 

 

дегендей  ырым  ҿлеңдер  айтылады.  Мҧндай  анимистік  ҧғым  ҽр  халықта 



сақталған.  Орыс  бесік  жырларында  ҧйқы  шақыру  сарыны  бар.  Бесік 

жырының  магиялық  негізін  дҽлелдеушілер  кҿбінесе  осы  тектес  мҽтіндерді 

тілге  тиек  етеді

2

.  «Ҧйқым  қашып  жҥр»,  «Кҿзіме  ҧйқы  тығылып»,  «ҧйқым 



келмеді»  деген  тіркестер  мҧндай  магиялық  тҥсініктің  қазақ  халқында  да 

болғандығын  аңғартады.  А.Н.Мартынова  мҧндай  мҽтіндердің  тегін  арбау 

                                                

1

  Хомич  Л.В.  Колыбель  у  народов  Сибири  (к  вопросу  о  типологии)  //  Сборник  Музея  антропологии  и 



этнографии. Вып. ХІІ. Л., 1888. 

2

 Аникин В.П. Русские народные пословицы, поговорки, загадки и детский фольклор. М., 1957. С.90-91. 




 

92 


ҿлеңдермен  байланыстыра  келіп,  орыс  бесік  жырларында  екі  тҥрлі  арбау 

сарындарының  бар  екендігін  айтады.  Оның  бірі  –  тілек  арбау  (заговоры  –

пожелания)  да,  екіншісі  –  арнайы  арбау  (заговоры-обращения).  Осы  екі 

сарынның да элементтері қазақ бесік жырларында кезігеді. 

Сҿздің  магиялық  қҧдіретіне  сеніп,  баланың  болашағына  ақ  жол  тілеу 

сияқты  тілек  арбау  сарыны  бесік  жырында  ҿте  басым.  Қазақ  мҽдениетінің 

білгірі  А.Байтҧрсыновтың  бесік  жырын  «жын  шақыру»,  «қҧрт  шақыру», 

«дерт  кҿшіру»  сияқты  «қалып  сҿзімен»  қоса  топтауы  ғалымның  осы 

магиялық  негізге  ден  қойғандығынан  болса  керек

1

.  Ҽрбір  қҧбылыс,  зат, 



барша  дҥние  –  жанды  қҧбылыс,  онымен  тілдесуге  болады,  ҿз  ҿтінішіңді 

ҿткізуге болады деген алғашқы қауымдық тҥсінікке негізделген арнайы арбау 

сарыны  тым  кҿмескілене  бастағанымен  де  қазақ  бесік  жыры  табиғатынан 

арбау сарыны қылаң беріп отырады. Сондай-ақ: 

 

Дарын деген баладан, 



Тауып алдық даладан...  

 

немесе: 



Дарын біздің қайда екен, 

Қыздарменен тойда екен... – 

 

деп келетін жырлардың арғы тегінде де осындай мҽн бар. Нақтырақ айтқанда, 



анасы  баласына  келген  зиянкестерді  алдап,  басқа  жолға  салып  жіберуге 

тырысады.  Біздің  ойымызша,  бҧл  жырлардың  кҿне  нҧсқаларында  сҽбиге 

тҥрлі  зиянкестік  жасайды  деп  ҧғынылған  «қауіпті»  сейілтуге  арналған 

магиялық сарын ҽлдеқайда анық айтылған болуы тиіс. Яғни: 

 

Ҽлди, ҽлди, ақ бҿпем, 



Ақ бесікке жат, бҿпем, – 

 

сияқты мҽтіндерге қарағанда кезеңі жағынан аталмыш жырлар кҿне. Ҿйткені, 



ол  мҽтіндердің  негізінде  балаға  зиянкестік  жасайтын  тҥрлі  қҧбыжықтарды 

жыр  сҿзімен  алдап-арбап,  жолатпау  ниеті  бар.  Мҧндай  тҥсініктер  балалары 

ҿле  беретін  ата-аналардың  тумаларын  біреуге  беріп,  қайта  «сатып  алу» 

немесе  баласына  тҥрлі  жаман  есімдер  беру  салттарынан  да  кҿрініс  береді. 

А.Л.Троицкая  «сатып  алу»  ырымының  бесікке  салу  кезінде  де  болатынын 

жазады


2

. Оның мҽліметіне қарағанда, бесікке салу қҧрметіне ие болған адам 

бесікке  атша  мініп  отырып,  «сатып  ал»  деп  дауыстайтын  кҿрінеді, 

отырғандар  шамасына  қарай  ҽлденелер  береді.  Ырым  жоралғысы  бойынша 

бесік  тойына  жиналғандар  бала  емес,  ат  сатып  алған  болып  шығады.  Бірақ 

бҧл этнографиялық детальдар бесік жырының магиялық функциясына ҽлі де 

                                                

1

 Байтҧрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989. 257-261-б. 



2

  Троицкая  А.Л.  Первые  сорок  дней  ребенка  (чилля)  среди  оседлого  населения  Ташкентского  и 

Чимкентского  уездов. Ташкент, 1927; Троицкая А.Л., Рождение  и первые годы жизни ребенка  у таджиков 

долины Зеравшана // Советская этнография. 1935. № 6. 




 

93 


болса  толық  дҽлел  бола  алмайды.  Бесік  жырының  ҿте  кҿне  ҥлгілері  бізге 

жетпеген, ал, соңғы кезеңдегі бесік жыры мҽтініндегі мифологиялық ҧғым – 

тҥсініктердің  кейіннен  жамалуы  мҥмкін.  Сондықтан  оның  арбау  қызметі 

жҿнінде кесіп айтарлықтай бҧлжытпас дҽлел жоқ.  

Бесік жырының мазмҧндық қҧрамын іштей жіктеу жҿнінде де ғалымдар 

тҥрлі  толғамдар  айтады.  Дегенмен  қазақ  бесік  жырларын  дҽстҥрлі  бесік 

жырлары жҽне суырыпсалма бесік жырлары деп, екі топқа бҿліп қарастырған 

жҿн. 


Дҽстҥрлі  бесік  жырларына  ҧзақ  жылдар  бойы  айтылып,  ҽбден  қалыпқа 

тҥскен,  мазмҧндық-композициялық  негізгі  қаңқасы  толық  сақталып, 

Қазақстанның  барлық  тҥкпірінде  кҿп  ҿзгеріссіз  айтылатын  жырлар  жатады. 

Жыр  қҧрылысында  «ҽлди-ҽлди»  немесе  «жылама,  бҿпем,  жылама»  тҽрізді 

қайырмалар  қайталанып,  жырдың  негізгі  мазмҧны  баланы  ҧйықтатуға, 

тыныштандыруға,  оның  жарқын  болашағына  ақ  тілек  білдіруге  қҧрылады. 

Бҧл  жырларда  қазақ  халқының  дҽстҥрлі  бала  тҽрбиелеу  ісінің,  халық 

тҧрмысының, ҧғым-тҥсінігінің, арман-мақсатының кҿріністері мол. 

Суырыпсалма  бесік  жырлары  адамның  жеке  басындағы,  тҧрмыстағы 

тарих  пен  қоғамдағы  тҥрлі  оқиғалардың  ҽсерінен  туып,  тарап  отырған.  Ол 

жырларда сол кезеңдік оқиғалардың бедері мол. Бала тербетіп отырған адам 

бесік  жырының  дҽстҥрлі  нҧсқасын  пайдалана  отырып,  ҿз  ой  толқынысын, 

кҥйініш-сҥйінішін  сыртқа  шығарады.  Бҧл  топтағы  жырларды  іштей  тарихи-

тҧрмыстық  тақырыптағы  жҽне  айтушының  жеке  басына  байланысты  мҧң-

шер  жырлары  деп,  екіге  бҿлуге  болады.  Бірақ  мҧндай  жырлардың  кҿпшілігі 

белгілі аймақта ғана айтылып, кең тарамаса, енді біреулері ҿз уақытында кең 

таралғанымен, ҿлеңнің тууына себеп болған оқиғамен бірге уақыт ҿткен соң 

ҧмытылып  кеткен,  сондықтан  біздің  қолымызға  тҥскен  мҽліметтер  тым 

тапшы. Бҧған ілгерідегі фольклор жинаушылардың кҿлемді жанрларға (эпос, 

ертек,  аңыз,  т.б.)  ерекше  ден  қойып,  ҧсақ  жанрларды  жинауға  аса  мҽн 

бермегені, сондай-ақ бҧл жанрлардың соңғы кезде де жҥйелі тҥрде жиналмай 

келе жатқандығы себепкер болса керек. 

Қазақтар бесік жырын «ҽлди» деп те атайды. Ҽлдилеу  – тербету немесе 

баланы  алдына  алып,  бірқалыпты  ырғау  деген  ҧғымды  береді.  «Ҽлди-ҽлди» 

орыстардағы  «баю-бай»,  ҿзбектердегі  «алла-алла»,  татарлардағы  «ҽлли-

бҽлли» сияқты қазақ бесік жырындағы тҧрақты қайырма. 

Халық  тҧрмысында  бесік  жырын  айтушылар  аналар  ғана  емес.  Оны 

немересін  жҧбатқан  аталар  мен  ҽжелерден  бастап,  отбасы  мҥшелерінің 

барлығы  да  орындайды.  Ҽдетте,  қазақ  отбасы  кҿп  балалы  болатындықтан 

ересектерінің  кішілерін  бағып,  тҽрбиелеуі  ҥйреншікті  жағдай.  Кейде  бесік 

жырын балалар кезектесіп те айтатын кҿрінеді. Бірінші бала: 

 

Апаң кетті бел асып, 



Беліне белбеу жарасып. 

Тезек теріп жҥргенде 

Кетіп қапты адасып, –  

 



 

94 


десе, екінші бала: 

 

Апасы оның келеді,  



Жҧмыртқа ҽкеп береді.  

Дҽркен оны біледі,  

Жыламайды, кҥледі, – 

 

дейді  екен.  Бесік  жырын  ҽжелерден  бастап,  отбасы  мҥшелерінің  қайсысы 



болса да орындай береді. Мҽселен, бесік тербеткен адамның: 

 

Ҽлди, ҽлди, алайын, 



Атқа тоқым салайын 

Қыдырып кеткен апаңды 

Қайдан іздеп табайын? – 

 

деп ҽндететіні бҧған дҽлел.  



Халық санасының ҧжымдық жемісі болғандықтан да, бесік жырында ел 

тҧрмысының  кҿріністері  мол-ақ.  Ондағы  «жілік  шағып  берейін», 

«байқҧтанның қҧйрығын жіпке тағып берейін», «қой  тоқтысын сой, бҿпем», 

«қуырдағына той, бҿпем»,  «ҥстіне  тоқым жабайын, астына терлік салайын», 

«быламыққа  май  қҧйып,  тҿңкерме  қып  берейін»,  т.б.  толып  жатқан 

этнографиялық  ҿрнектер  мен  баланы  жақсы  кҿру,  еркелету,  айналып-

толғануға  байланысты  айтылатын  не  тҥрлі  балама,  теңеулер  табиғатынан 

қазақы тҧрмыс байқалады.  

Балаға  деген  махаббат,  еркелету,  айналып-толғану  –  бесік  жырының 

негізгі ҿзегі. Баланы ҽлдилей отырып: 

 

Қҧрығыңды майырып, 



Тҥнде жылқы қайырып, 

Қызмет қылар ма екенсің? 

Қолымыздан іс алып, 

Бақытымызға, жан балам, 

Бізді бағар ма екенсің? – 

 

деп, халық ҿз арман-тілегін жырға қосады. 



Баласының  тезірек  ержетіп,  шаңырақ  кҿтеріп,  ҿзінше  отау  иесі,  ҥлгілі, 

ҿнегелі  отбасы,  иесі  болса  деген  ата-ананың  ақ  тілеуі  де  бесік  жырында  ҿз 

кҿріністерін тауып отырды. 

 

...Бурыл тайға мін, бҿпем, 



Ақ қызы бар ауылдың 

Балпаң, балпаң ҥйіне... 

Бҧралып барып тҥс, бҿпем, 

Қымызынан іш, бҿпем. 

Қымызынан бермесе, 



 

95 


Қызын ала қаш, бҿпем. 

Ашуланса ағасы, 

Іштен шалып жық, бҿпем. 

Кекеңдесе жеңгесі, 

Жынға басын тық, бҿпем! – 

 

деген  ҽзіл-жырдың  астарында  кҥйкі  тірлікті  кҥлкімен  сҽулелендіре  отырып, 



бала  жҥрегіне  жеткізудің  ҿз  кҿңілін  де  кҿтеріп,  қиялын  ҧшырған  аналық 

арман-мҧрат жатыр. 

Ел тарихы, қоғам дамуында болған елеулі оқиғалар халық тҧрмысы мен 

ҽрбір  отбасындағы  жеке  адам  ҿміріне  ҽсер  етпей  қойған  емес.  Кҿпшілігі 

қағазға  тҥспей,  тарих  тозаңының  астында  қалған  суырыпсалма  бесік 

жырларының  бізге  жеткен  там-тҧм  нҧсқаларынан  халық  жҥріп  ҿткен  сол 

кезеңдердің  тҥрлі  іздерін  байқаймыз.  Мҽселен,  жазушы  М.Мағауин  хатқа 

тҥсірген: 

Менің бҿпем ақ сары 

Бҿпем шашы сап-сары, 

Бҿпем мінген бесіктің 

Бекімейді жапсары. 

Бекімесе бел тҥрсін, 

Шекер мен бал келтірсін. 

Беліне шашы қҧйылсын, 

Бикелері жиылсын, – 

 

деп  келетін  жырлар  кезеңдік  тҧрғыдан  қарағанда  шығу  тарихы  XV  ғасырға 



дейінгі  дҽуірге  келетін  кҿне  жырлардың  қатарына  жатқызуға  болады.  Ең 

алдымен,  бҧл  мҽтіннің  сҿз  қолданысы  мен  ҿлең  қҧрылысының  ҿзі  тым 

кҿнелілігін  байқатса,  ҿлеңде  кездесетін  образдық  оралымдардың  біразы 

кезінде  бір  ел  қҧрамында  болған  халықтар  фольклорында  ҿзгеріссіз 

қайталанады.  Мысалы,  осы  жырдың  ноғай  халқындағы  бір  нҧсқасы  былай 

болып келеді: 

 

Бепем-бепем, бек сары 



Бепемнинь богы сап-сары, 

Бепем минген бесиктинь 

Бегимейди иапсары. 

Бегимесе бегинсин, 

Белден шашы қҧйылсын, 

Кҿре алмаған игиттинь 

Кҿкирегі туьйилсин.  

 

Ал, С.Сейфуллин: 



 

Бҧрынғыдай жайың бар ма? 

Мінетҧғын тайың бар ма? 



 

96 


Жылағанда дайын тҧрған 

Қарындағы майың бар ма? 

Бҧрынғыдай елің бар ма? – 

 

деген ҿлеңді «қалмақ шапқыншылығынан қалған»



1

, – дейді. Бас-аяғы кҥзеліп 

жеткен  ана  жырының  бҧл  ҥзіндісінен  біз  XVIII  ғасырдағы  қазақ-қалмақ 

халқы арасындағы шапқыншылықтардың ауыр сызын сезінеміз, бірақ дҽл қай 

уақыт, қандай оқиға екендігін тап басу қиын. Жҽне белгілі орыс фольклорисі 

В.Я.Пропптың  пікіріне  сҥйенсек,  мҧндай  анық-қанықтық  фольклор 

шығармаларындағы шындық аумағына сыймайды

2

.  



Г.Н.Потанин жазып алған: 

 

Таудан Тоғас тҥскен жоқ, 



Секемен тары піскен жоқ. 

Тоғас тҥссе етекке, 

Қой жҥреді жетекке, 

Жылама, бҿпем, жылама

3

, – 


 

деген бесік жырының ҥлгісінен жарты қҧрсақ жатақтар ҿмірінің ауыр тірлігін 

танимыз.  Мҧндағы  Тоғас  деп  отырғаны  Шығыс  Қазақстан  облысын 

мекендейтін  Найманның  ішіндегі  Қаракерей-Байжігіт  (Жҧмық,  Тоғас, 

Мҽмбет) руының бір бҧтағы.  

 

Оспанбайдың қызымын, мен – Зҧлқия 



Зҧлқияның қолында гармония 

Мың бес жҥз сом алды да, сатты мені 

Ташкентпенен болды да компания 

Жылама, бҿпем, қой, бҿпем, 

Жылама, бҿпем, ҽлди-ой... – 

 

тҽрізді мҽтіндерден сҥйгеніне  қосыла алмаған қазақ ҽйелдерінің ішкі мҧңын 



шертуге бесік жырының қолайлы шара болғандығын аңдаймыз. 

Ал,  Зҧлқия  Оспанбайқызының  XIX  ғасырдың  аяғында  ҿмір  сҥргені 

тарихи  шындық.  Бірақ  Зҧлқия  атымен  айтылатын  ҽндердің  онға  жуық 

нҧсқасын  салыстырғанда  оның  мҽтіндерінің  кҿп  ҿзгеріске  тҥскенін  байқау 

қиын  емес.  Яғни  ел  арасына  кең  таралып,  біраз  уақытты  бастан  кешірген 

ҿлең мҽтіні фольклорлық сипатқа ие болған. Бҧл халық бесік жырларының ҽр 

мҽтініне ел ҿмірінің, адамдар тағдырының осындай тҥрлі табы тҥсетіндігінің 

дҽлелі. 


Кеңес ҿкіметі тҧсында туған бесік жырлары негізінен халықтық дҽстҥрлі 

сипатын толық сақтағанмен: 

 

                                                



1

 Сейфуллин С. Шығармалары: 6-томдық. Алматы, 1964. 6-т. 42-б. 

2

 Пропп В.Я. Фольклор и действительность. М., 1976. С. 62-84. 



3

 Потанин Г.Н. Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С. 188. 




 

97 


Мына бесік – бҧл бесік – жаңа бесік 

Бҧл бесіктей бесік жоқ берер несіп. 

Жаңа ҿмірдің бесігі қҧнды емес пе, 

Тербетеді талайды жаңаша ҿстіп, – 

 

деген сияқты жаңа мазмҧндық сапаға ие болды.  



Халық ҽдебиетінің ерекше ҿрлеп, жаңа мазмҧнға ие болған кезеңінің бірі 

Ҧлы  Отан  соғысы  кезеңі  екені  белгілі.  Соғысқа  нҽлет  айту,  жеңіске  деген 

сенім,  баланы  ерлікке,  патриоттыққа  ҥндеу,  тылдағы  ауыр  еңбек  –  бесік 

тербеткен аналар жырына да арқау болады. Оның бір ҥлгісі мынадай: 

 

Фашисті қызыл ҽскер жеңер ме екен? 



Ҽскерден ҽкең аман келер ме екен? 

Ҽскерден ҽкесі аман келер болса, 

Бҿпешім езу тартып, кҥлер ме екен? 

Ҽлди, бҿпем, ҽлди-ай, 

Кҿкең аман келсін-ай.  

 

Немесе: 



Бапаң шалған беліне кҥміс қылыш, 

Кҥміс қылыш қолында салып ҧрыс, 

Ҧлы сҥрең ішінде жҥрген шығар 

Ҽлди, ҽлди, ақ бҿпем, ҧйықта тыныш, –  

 

деп басталған ана жыры баласына ҽкесінің Отан шебіндегі жанкешті ерлігін 



ҥлгі ете отырып: 

Бапаң салған беліне мҥйізден қын, 

Мҥйіз қыны даттанса, ердің сыны. 

Ҧйықтамай-ақ қой енді таң да атты, 

Тағы да бір соғыстың ҿтті тҥні, – 

 

деген оптимизмге толы жігермен аяқталады. 



Қорыта  айтқанда,  бесік  жыры  –  қазақ  фольклорында  ҿзінше  орны  бар 

жанрдың  бірі.  Халықпен  кҿне  заманнан  бері  бірге  жасасып,  бала  тҽрбиелеу 

ісінде  ҥлкен  қызмет  атқарып  келе  жатқан  балалар  фольклорының  арналы 

саласы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет