1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет17/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   135
Жар-жар.  Жар-жар  –  ҥйлену  ғҧрып  фольклорының  ішіндегі  ежелгі 

жанрдың бірі. А.Байтҧрсынов ҿзінің «Ҽдебиет танытқышында»: «Жар-жар – 

қыз  ҧзатар  ҥйде  ҧзататын  қызды  жҧбату  ҥшін  айтылатын  ҿлең.  Жар-жарды 

екі  жақ  болып  бастап,  соңынан  бір  жақты  етіп  жібереді.  Олай  болу  себебі, 

жҧбатушының  сҿзіне  ҽуелі  жауап  қайырылып  отырады.  Сонан  соң  жҧбату 

сҿз  қыздың  жақындарын  жҧбатуға  ауып  кетеді.  Екі  жақ  болған  жерінде 

жҧбатушы  жақ  жігіттер  болып,  қарсы  жағы  қыздар  болып  айтады»

1

,  –  деп 



жазады.  Жалпы,  тойда  айтылатын  ҿлең-жырлардың  басым  кҿпшілігі 

диалогқа қҧрылады. Мҧның негізі ежелгі дҽуірдегі жҧптық тартыстан туған. 

Сол  тайталаста  ҥнемі  ерлер  жағы  жеңіп  отырады.  Міне,  осы  «жеңіс» 

орайында,  ата-баба  салтына  бойҧсынған  қызға  жҧбату  айтылады.  Жар-

жардың соңындағы «бір жақты» айтылатын жыр да осы жҧбату мазмҧнында. 

Оны  кҿп  жағдайда  ерлер  жағы,  кейде  қыздың  жеңгелері  айтады.  Сонымен 

бірге,  жар-жарды  ҧзатылатын  қыз  бен  ҥйленетін  жігіт  айтпайды,  солардың 

атынан  басқа  адам,  кҿбінесе  ҿлеңге  ҧста  қыз  бен  жігіттер  айтады.  Тіпті,  ҽр 

ауылда соған машықтанған жастар да болады. 

Олардың ішінде ҧзатылатын қызға кҿңілі жақын жігіт те болуы мҥмкін. 

Жар-жар  –  ғҧрыптық  мҽні  аса  терең,  орындалу  кезінде  қатаң  сақталатын 

рҽсімдік  реті  бар  жанрлық тҥр.  Мҽселен,  жар-жар  айту  салты  қыз  аттанарға 

таянған уақытта, яғни той басталып, арқан тарту, жамбы ату, қыз қуу, палуан 

кҥрес,  ат  бҽйгесі  аяқталған  соң  орындалады.  Оны  белгілі  этнограф 

Х.Арғынбаев  былай  сипаттайды:  «Ат  бҽйгесі  аяқталар  алдында 

(Қазақстанның солтҥстік-шығыс аудандарында) кҥйеу отаудан шығып кетеді 

де,  қалыңдықтың  жанында  қыз-келіншектер  қалады.  Бҽйге  бітісімен  жас 

жігіттер жиналып келіп, отауды қоршай тҧра қалып, тҥндігін сыпырып алып, 

кҿкпар қып тарту ҽдеті болған. Бҧған ҥйдегі қыз-келіншектер сойыл, қамшы, 

айбалталармен  қаруланып,  тҥндікті  қорғауға  шығады.  Ақыр  аяғында,  кҥйеу 

атынан  «тҥндік  тарту»  кҽдесін  беріп,  жігіттерді  риза  етеді  де,  олар  жайына 

                                                

1

 Байтҧрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989. 252-б. 




 

76 


кетеді.  Бҧдан  кейін  отау  алдына  жар-жар  айтатын  жігіттер  жиналады...»

1

,  – 



дейді. Кҿріп отырғанымыздай, тойда атқарылатын рҽсімдердің бҧлжымайтын 

реті  мен  тҽртібі  бар  жҽне  ол  қатаң  сақталуы  керек.  Ат  бҽйгесінен  кейінгі 

тҥндік  тарту  ҽдеті  ертедегі  ас  беру  салтындағы  бҽйгеден  соңғы  жҧрттың 

қаралы  ҥйді  сабалап,  найза  сындыру  ғҧрпын еске  тҥсіреді

2

.  Жар-жар  тҥндік 



тарту ойынының жалғасы, былайша айтқанда, қыз ҧзату тойында бастан-аяқ 

кҿрініс  беретін  екі  рудың  немесе  қыздар  жағы  мен  жігіттер  жағының 

арасындағы  тартыстың  соңғы  нҥктесі  іспеттес.  Сондықтан  жар-жар  да  екі 

жақтың  айтысынан  басталады.  Бірақ  жар-жарда  екі  жақтың  тайталасынан 

гҿрі  қыздың  мҧңын  тыңдап,  жҧбату  сарыны  ҽлдеқайда  басым.  Оның 

соңының бір жақты жҧбатуға ҧласып кететіні де сондықтан. 

Жар-жардың  екі  топ  арасындағы  хордың  кезекпе-кезек  айтысы  арқылы 

орындалуы  рулық  қоғамдағы  ҿте  кҿне  ғҧрыптық  рҽсім  екендігін  кҿрсетеді. 

Оның  арғы  тегі  «қос  ҧйым»  арасында  болатын  экзогамдық  неке  кезіндегі 

рулық  топтардың  тартысынан  туған.  Ҥйлену  тойында  болатын  қҧдалар 

тартысы, қыз қуу, палуан кҥрес пен ат жарыстарынан бастап, айтысқа дейінгі 

екі  жақты  тайталастың  астарында  да  осы  негіз  жатыр.  Мҧндай  тартыс 

наурыздағы  қыс  пен  жаздың  айтысы,  бҽдіктегі  қыз-жігіттердің  айтысы 

сияқты  ғҧрыптық  фольклордың  басқа  жанрларында  да  бар.  Ал,  ҥйлену 

ғҧрпында  бҧл  –  қҧдалар  арасы  мен  қыз-жігіттердің  тайталасына  кҿшкен. 

Рулар  мен  топтар  арасындағы  тартыс  ежелгі  рулық  қоғамда  барлық 

тайпаларда болған.  

Жар-жардың  орындалу  рҽсімінде  синкреттілік  сипат  айқын  кҿрінеді. 

Жігіттер мен қыздардың жеке-жеке емес, топталып,  хормен ҿлең айтуы осы 

кҿне  синкретизмнің  белгісі.  Кҿне  заманда  ҿлеңнің  сҿзінен  гҿрі  ғҧрыптық 

мҽні  мен  ҽрекетке,  ырғаққа,  музыкаға  тереңірек  мҽн  берілген.  Жар-жар 

мҽтінінің жаттанды болып келетіні де сондықтан.  

Ҿлең ырғаққа, музыка ҽуеніне ілесе орындауға лайықталған. Соңындағы 

«жар-жар-ау»,  «ҥкі-ау»,  «сылқым-ай»  деген  сияқты  қайталаулардың  ҿзі  осы 

ырғақтың  ықпалынан  туған.  «Жар-жар»  деген  сияқты  қайталаулар  ырғақ 

екпінін нықтап, бекіте тҥседі. Келе-келе ҿлең сҿзі тҥрленіп, кҿркемдік сипат 

салмақтанып,  авторлық  бояулар  қосылып,  ҽрлене  тҥседі  де,  ғҧрыптық  мҽн 

ҽлсірей бастайды. Лиризм ҥстемдік алады.  

Жігіттер: 

– Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар, 

Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар. 

Ҽкем-ай деп жылама, байғҧс қыздар, жар-жар. 

Ҽкең ҥшін қайын атаң онда болар, жар-жар. 

 

Қыздар: 



– Жазғытҧры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар, 

Қҧлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар. 

                                                

1

 Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, 1984. 212-б. 



2

 Симаков Г.Н. Общественные функции киргизских народных развлечений в конце XIX – начале XX вв. Л., 

1984. С.141-145. 



 

77 


Азар жақсы болса да қайын атам, жар-жар, 

Айналайын ҽкемдей болмақ қайда, жар-жар

1

,– 


 

деп  келетін  ҿлең  жолдары  ҿзінің  кҿнелік  сипатын  айқынырақ  кҿрсетеді. 

Оның  бір  белгісі  кезектесіп,  хормен  айтылу  мҽнері  болса,  екіншіден, 

қайымдасып  келетін  қара  ҿлең  тҥріндегі  ҿлең  ҿрнегі  де  кҿне.  Сондай-ақ, 

А.Н.Веселовскийдің  айтуынша,  жырдағы  кҿне  сипаттың  бірі  ондағы  ҥнемі 

қайталанып  келетін  қайырмалардың,  сҿздер  мен  сҿз  тіркестердің  тҧрақты 

болатындығы

2

.  Бҧл  –  ежелгі  кҿне  синкретизмнен  қалған  формулалар. 



Ғҧрыптық  лирика  хордан,  биден  алшақтап,  жеке  жанр  ретінде  отау 

тіккенімен, ондағы синкретизм ҥрдісінен қалған қайталаулар ҧзақ сақталады. 

Оны  наным-сенімге  байланысты  фольклор  мен  маусымдық  жырлардан  да 

айқын кҿруге болады. Тіпті, ол сипат эпостық жанрлар табиғатында да бар.  

Қолжазба  қорындағы  материалдар  ішінде  жыр  ағымымен  жыраулық 

ҥлгіде  айтылатын  кҿп  тармақты  жар-жар  ҥлгілері  де  мол  кездеседі,  бҧл  да 

кҿне жыр ҥлгісі болғанымен, ол – хормен емес, жеке адамның айтуына лайық 

тҥр.  Оны  қыз  бен  жігіт  жеке  орындаған  кездерде  пайдаланған  болу  керек. 

Оның  ҥстіне  бҧл  ҿлең  тҥрі  кҿп  жағдайда  жар-жардың  жеке  айтатын  соңғы 

шумақтарында  кездеседі.  Мҧндай  тҥрдің  тууына  ҿлең-жырдың  ғҧрыптық 

негізден ірге ажыратып, кҿркемдік сипатқа ие болуымен, ғҧрыптық жырдың 

жаттанды  мҽтінін  жеке  авторлар  ҿздерінше  ҿзгертіңкіреп,  ғҧрыптық 

орындаудың  қалыптасқан  тҽртібін  бҧзып,  жеке  орындауға  қарай  бет  бҧруы 

негіз болатындай.  

Ал, жар-жардың мазмҧнындағы мҧң-зарға келетін болсақ, ата-анасының 

оң  жағынан  ҧзатылып  бара  жатқан  қыздың  ешқайсысы  да  оған  қуаныш 

білдіре алмайтын. Ҿзі қалап сҥйген жарына қосылған бақытты қыздың ҿзі де 

қуанышын  жасырып,  дҽстҥрлі  «жар-жар»  мен  «сыңсуын»  айтып,  жылап 

аттанатын.  Ҿйткені,  қоғамның  ҧстанымы  солай.  Біріншіден,  оң  жақтағы 

балалық  бал  дҽуренмен  қоштасудың  ҿзі  аса  мҧңды  дҥние.  Екіншіден, 

баратын  жат  жҧрт  ҧзатылатын  қыз  ҥшін  мҥлде  басқа  жҧмбақ  ҽлем,  тосын 

орта,  бейтаныс  адамдар  оны  қалай  қарсы  алары  белгісіз,  міне,  жар-жар 

мҽтінінің бҥкіл мазмҧн-мҽні осы ахуалды жырға қосады. Мҧндайда жыламау 

қыздың ҿзіне, ата-анасына, қала берді, бҥкіл елге сын. 



Сыңсу.  Жат  жҧртқа  ҧзатылып  бара  жатқан  қыздың  ата-анасымен,  ел-

жҧртымен, қҧрбы-қҧрдасымен қоштасу салты барлық елдерде бар. Қыз ҧзату 

тойында  айтылатын  мҧндай  ҿлеңді  қазақ  арасында  «қыздың  қоштасуы», 

«қоштасу»,  «танысу»,  «қыздың  жылауы»,  «қыздың  кҿрісуі»,  «сыңсыма», 

«сыңсу»  деп,  алуан  тҥрлі  атап  келген.  Қазақ  фольклорында  оны  жеке 

жанрлық  тҥр  ретінде  жіктеп,  алғаш  тексеру  жасаған  –  М.Ҽуезов.  Ол 

«Ҽдебиет  тарихы»  еңбегінде  оны  «Қоштасу-танысу»  деп  атаса

3



С.Сейфуллин  «Сыңсыма»  деп  айдар  таққан

4

.  Дегенмен,  соңғы  кездегі 



                                                

1

 Тал бесіктен жер бесікке дейін. Алматы, 1996. 71-б. 



2

 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. М., 1989. С.76. 

3

 Ҽуезов М. Аталған еңбек. 51-52-б. 



4

 Сейфуллин С. Шығармалар: 6-томдық. Алматы, 1964. 6-т. 98-б. 




 

78 


жинақтар  мен  зерттеу  еңбектерде  «сыңсу»  термині  жиі  қолданылып, 

тҧрақтанып  қалған  сыңайы  бар.  Белгілі  ғалым  Б.Уахатов  та  ҿзінің 

монографиялық  еңбегінде  осы  терминді  қолданып,  зерттеу  жҥргізген. 

«Сыңсу, – дейді ол, – ҧзатылатын қыздың туып-ҿскен жерімен, ауыл-аймақ, 

ағайын-туыстарымен,  ата-ана,  апа-жеңгелерімен,  қала  берді,  қҧрбы-

қҧрдастарымен арыздасып, қоштасып, танысуы»

1



Қыздың  бҧлайша  қоштасу  рҽсімі  бір  сҽттік  жағдай  емес,  біраз  уақытқа 



созылады.  Қалыңмалы  тҿленіп,  кҥйеу  жігіт  ҧрын  келіп,  екі  жақтың 

уағдаластығы  орындалған  кезде  қыз  ауылындағы  ҧзату  тойының  соңында, 

кейде  сҽл  бҧрынырақ  қызды  аттандыруға  даярлайды.  Бҧл  кезде  қызды 

ауылдастары,  жақын-жуық  ағайыны  кезекпе-кезек  шақырып,  соңғы  сапарға 

шығарып  салуға  қам  жасайды.  Осы  уақытта  қыз  ауылды  жағалай  аралап, 

ҥйді-ҥйге  кіріп,  жақын-туыстарымен  «танысады».  «Танысу»  терминінің 

«сыңсу», «қоштасумен» бірге қолданылатыны да сондықтан. Ҽр ҥйге барған 

сайын  қыз  сыңсып  жылап,  мҧңын  шағады,  ҿз  кезегінде  оған  жҧбату 

айтылады.  А.Левшиннің жазуына  қарағанда,  мҧндай  қоштасу  кезінде  қызды 

қалы  кілемге  салып,  алып  жҥретін  кҿрінеді

2

.  Міне,  осы  кезеңде  қыз  ҥй 



сыртынан  дауыс  салып,  ҿз  мҧңын  шағып,  ҿлеңдете  жылап  келеді.  Оған 

туысқандары  жҧбату  айтады.  Ежелгі  дҽстҥр  бойынша,  қыздың  қоштасу-

танысу  кезінде  ағайынның  ҥйіне  сырттан  дауыс  айтып,  жылап  келуі  –  қаза 

кезіндегі ежелгі ҥйге «ой, бауырымдап» келетін салтты елестетеді. Сыңсуды 

аза  жырларымен  туыстыра  кҿрсететін  сипаттар  бір  бҧл  ғана  емес.  Қыздың 

туысқандарымен  кҿрісіп,  қоштасу  салты  да  аза  жырларымен  тҿркіндес. 

Сыңсудың  орындалу  рҽсімі  ғана  емес,  мазмҧны  мен  сазы  да  жоқтаумен 

ҿзектес.  Мҧның  барлығы  сыңсудың  шығу  тегінің  рҽсімдік  жылаудан 

(ритуальный плач) бастау алатындығын дҽлелдей тҥседі. Яғни ежелгі дҽуірде 

қыздың  ҧзатылуын  ҿлім  рҽсімімен  теңдестіре  қарап,  бір  елден  екінші  елге, 

бір ортадан екінші ортаға, бір ҽлеуметтік топтан екінші ҽлеуметтік топқа (оң 

жақтағы  қыз  дҽуреннен  –  келіншек  мҽртебесіне  ҿту)  ҿтуді  «ҿтпелі  ғҧрып» 

рҽсімімен атап ҿткен. Сондықтан дҽстҥрлі салт бойынша, қыз «сыңсу» айтып, 

рҽсімдік  жылау  жоралғысын  жасайтын  болған.  Оған  қызды  алдын  ала 

даярлап, ел ішінде дҽстҥрге айналған тҽртіппен аттандырады. 

Сыңсудың  арты  ойын-сауыққа  ҧласады.  Ҧзатылатын  қызға  кілем-

кілшеден  бастап,  тҥрлі  білезік,  сырға,  асыл  бҧйым  сияқты  сый  беріледі. 

Мҧның  бҽрі  қыз  жасауына  қосылады.  Міне,  осындай  ел  аралау  кезінде  қыз 

ҿзінің  аттанар  сҽтінде  айтатын  сыңсуына  негіз  қалайды.  Ҿйткені,  сыңсуды 

кҿп  жағдайда  қыздар  ҿз  жанынан  шығарып  айтады  немесе  оны  алдын  ала 

дайындайды.  Ҿзі  ҧзатыларға  дейін  кҿрген  сый-сияпат,  қадір-қҧрмет, 

сыйластық қарым-қатынастар, тіпті, реніштер де сыңсудың ҿзегін қҧрайды.  

Сыңсудың  шарықтау  шегі  қызды  ҥйінен  аттандырар  сҽтте  болады. 

Некесі  қиылып,  батасы  оқылған  соң  туысқандары  қызды  жолға  ҽзірлейді. 

Оның  тақиясынан  бастап  шешіп  алып,  жаңа  киім  кигізеді.  Отау  жығылып, 

                                                

1

 Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 197-б. 



2

 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацских орд и степей. Алматы, 1996. С.337. 




 

79 


қыздың жасауы теңделіп дегендей қауырт шаруалар істеледі. Қыз мінетін ат 

ҽбзелденіп,  кҿлденең  тартылады.  Қызды  ҥйден  шығарудың,  атқа  мінгізудің 

ҿз рҽсімдері бар. Мҽселен, киім кигізерде қыз тақиясын шешпей: «Тақиямды 

алмашы,  басыма  шҽлі  салмашы»,  –  деп,  онымен  жылап  қоштасады.  Ҥйден 

шығарда босағадан ҧстап, бҥгіліп: 

 

– Есіктің алды ошаған, 



Ҧстатпайды қашаған. 

Жыл айналып келгенше, 

Қош болып тҧр, босағам

1

, – 



 

деп сыңсиды. Атқа мінерде: 

 

– Есіктің алды ақ қайың, 



Ерттеп қойған аттарың. 

 

Ерттеп бір қойған аттарың  



Кҿлденең ҽкеп тартқанын

2

, – 



 

деп ҿлеңдетеді. Одан ҽрі қыз ҽкесімен: 

 

– Ақ торғынның қиығы-ай, 



Жақсы адамның зиыны-ай. 

Айналайын, ҽкем-ау, 

Айырылысудың қиыны-ай. 

 

Есіктің алды – дҿңесім,  



Таусылмас ақыл кеңесің. 

Еркелеткен, ҽкем-ау, 

Жат елге қайтып бересің?

3

 - 



 

деп егіле жыласа, одан соң: 

– Қияйын қайтып апамды, 

Ҿсірген тартып жапамды. 

Жат елге кетіп барамын 

Апам-ай, берші батаңды. 

 

Апам-ай, апам, дегізген, 



Бал беріп, қаймақ жегізген. 

Ақтамай кетіп барамын 

Ақ сҥтін иіп емізген

4

, – 



                                                

1

 Тал бесіктен жер бесікке дейін. Алматы, 1996. 97-б. 



2

 Сонда. 101-б. 

3

 Сонда. 99-б. 



4

 Сонда. 100-б. 




 

80 


деп, шешесімен кҿрісіп, сыңси жылайды. Осылайша рет-ретімен қыз ағасына, 

бауырына  (інісіне),  жеңгелеріне  жеке-жеке  арнап,  ҿлең  айтады.  Оларды 

кезек-кезек  қҧшақтап  тҧрып,  жылай,  жырлап  айтады.  Мҧны  «кҿрісу»  деп  те 

айтады.  Мҧндайда  аракідік:  «...Атасы  басқа  жау  жеңге,  отауға  салып 

тыңдапты»  деген  сияқты  ҿкпе-наздар  сыңсу  ішінде  аралас  жҥреді.  Ал  ҿз 

кезегінде екіншілері де қызға жырлап жауап беріп, қызды жҧбатады.  

Сыңсудың басты қызметі қыздың елімен, жерімен қоштасуы болғанмен, 

қыз  осы  тҧста  ҿзінің  балалық  бал  дҽуренімен  де  қоштасады.  Бҧл  –  қыздың 

тақиясымен  қоштасуы  (тақияның  орнына  сҽукеле,  кимешек  киіп  немесе 

жаулық  жабылады),  тҿрімен,  ақ  босағасымен,  маңдайшасымен  қоштасудан 

кҿрінеді. Тақия – қыз дҽуреннің символы болса, тҿр мен босаға – туған ҥйдің 

символы. 

Сыңсу – той жырларының ішіндегі лирикалық толғаныстарға бай, аса бір 

кҿркемдерінің  бірі.  Оның  ішкі  мазмҧны  қайғы-мҧңға,  толғаныс  пен  шерге 

толы  болғанмен  де,  соңы  ҽрқашан  оптимистік  сарынмен  аяқталып  отырады. 

Ондай  оптимистік  кҿңіл-кҥй  халықтың  салт-дҽстҥрін  бҧзбау,  ата  салтына 

бойҧсыну  сияқты  дҽстҥрлі  дҥниетаным  арнасымен  сабақтас  туындайды. 

Жҽне  оның  барлығы  жалаң  дидактикамен,  ақылгҿйлік  моральмен 

айтылмайды, кҿркем ҿрнектеліп келеді.  

 

Қарағай ерге қас болмас, 



Қыз бала елге бас болмас. 

Ҿз ҥйіңнен кеткен соң, 

Бал жесең де, ас болмас

1

, – 



 

деген  тҿрт  жолдың  астарында  дҽстҥрлі  дҥниетаным  мен  ҧстанымның  халық 

поэзиясына айналған кҿркем ҥлгісі жатқандай. Қыз аузымен айтылатын ҿлең 

шумақтары  тҧрмыстық  ҿрнектерге,  ҧлттық  нақыштарға  аса  бай.  «Шашыма 

таққан  шаш  теңге»,  «Жылқыда  бар  ту  қҧйрық»,  «Былғары  тоқым  бҥкпелі, 

мен  ағама  ҿкпелі»,  «Қарадан  қамзол  пішіңдер,  жібектен  арқан  есіңдер», 

«Буынғаным беліме кісе ме еді», «Неге ҿсті екен қыз сорлы сылауменен, тал 

шыбықтай  аш  белін  қынауменен»,  «Бір  бешпетім  бар  еді  дҥриядан»,  т.т. 

толып  жатқан  мҧндай  этнографиялық  детальдар  жай  ғана  ҧйқас  ҥшін 

алынған  тіркестер  емес.  Олар  келесі  жолдармен  іштей  ҧштаса  келіп,  нҽзік 

емеурін,  астарлы  ойға  жетелейді.  Жалпы,  сыңсу  –  астарлы  ойға,  мағынаны 

емеурінмен,  символмен  беруге  бейім  форма.  Ондағы  кейбір  символдар  мен 

психологиялық  параллелизмдер,  метафоралар  мен  теңеулер  сыры  бҥгінгі 

оқырманға тосындау кҿрінуі де мҥмкін. Ал тереңірек ҥңіліп қарасақ, олардың 

тегінде ежелгі кҿне дҥниетаным мен ҽдет-ғҧрып, салт-сананың  ізі  жатқанын 

байқауға болады.  

Ҿлең қҧрылысы  жағынан сыңсу кҿп жағдайда тҿрт  тармақты, он-он бір 

буынды  қара  ҿлең  ҥлгісімен  келеді.  Аракідік,  ҽсіресе,  жҧбатуларда  жыр 

ағымымен келетін жеті-сегіз буынды шҧбыртпалы шумақтар да кездеседі. 

                                                

1

 Сонда. 87-б. 




 

81 


Жинақтап  айтсақ,  сыңсу  –  қыздың  ҿз  ауылынан  аттанар  қарсаңында 

туған  ҽке-шешесімен,  туысқандарымен,  балалық  шақпен,  ел,  жерімен 

қоштасу  кезінде  айтылатын  ҥйлену  ғҧрып  жырларының  бір  тҥрі.  Оның 

композициялық  қҧрылымы  қыздың  жастық  дҽуреніне,  елі  мен  жеріне, 

туысқандарына  арнаған  қоштасуынан,  қыз  туысқандарының  қызды 

жҧбатуынан  жҽне  оған  арнап  айтылатын  ҥгіт-насихатынан  қҧралады. 

Мазмҧны  –  қыздың  жастық  дҽуренін,  елін,  жерін,  туған-туысқандарын, 

қҧрбы-қҧрдастарын, балалық бал дҽурен шағын қимай, зарлана қоштасу мен 

оған айтылған жҧбатудан тҧрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет