1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗІНДЕГІ ФОЛЬКЛОР



Pdf көрінісі
бет58/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗІНДЕГІ ФОЛЬКЛОР 

 

§ 1. Хайуанаттар туралы  ертегі 

 

Фольклордың  бҧл  жанрындағы  шығармалардың  тҥптҿркіні  адамзат 

тарихының  ең  арғы  заманында,  аңшылық  ҿмір  кезінде  жатыр.  Басқаша 

айтқанда, жануарлар жайындағы ертегілер ертедегі адамдардың аң аулаумен 

ғана  кҥнелткен  шағында  туған.  Ол  кездегі  адамдар  кейбір аңдарды  қасиетті 

деп  санап,  қадір  тҧтқан,  оларды  ҿздерімен  туыстас  деп  ойлаған,  ал,  кейбір 

жануарларды  рудың  бабасы  деп  сенген.  Осындай  аңдардың  мейірі  тҥспесе, 

аңшылардың  жолы  болмайды  деп  тҥсінген.  Сондықтан  еркектер  аң  аулауға 

кеткенде,  ҽйелдер  ҥйде  отырып,  сол  аңдарды  мақтаған,  оларға  арнап  неше 

тҥрлі  ҽдемі  ҽңгімелер,  ҿлеңдер  шығарған.  Оларды  ҿте  кҥшті,  айлалы, 

айбарлы  етіп  бейнелеген.  Мҧндай  мақтау  ертегі  мен  ҽңгімелерді  ол  аңдар 

естиді,  сонан  соң  мейірленеді  деп  сенген.  Сҿйтіп,  аңшыларға  кҿмек  болады 

деп ойлаған. 

Ол  заманда  мифпен  бірге  аңдар  туралы  ҽңгімелерге  де  сенген,  олардың 

магиялық  қҧдіреті  бар  деп  тҥсінген.  Сол  себепті  бҧл  ҽңгімелерде  тҧспалдау 

болмаған.  Ондағы  аңдарды  –  жануарлар  деп  тҥсінген  (ал,  кейінгі  ертегіде 

аңдар  –  адам  орнында  болған),  олардың  іс-ҽрекетін  шын  деп  қабылдаған, 

себебі  ол  кездегі  табиғат,  ҿмір  туралы  тҥсініктер  мен  пайымдаулар 

тотемизмге,  анимизмге  жҽне  магияға  негізделген.  Сондықтан  дҥниені, 

адамның  ҿзін  қоршаған  маңайды  тануға  бағытталған  ҽлемнің,  тіршіліктің 

қалай пайда болуы туралы кҿне мифтермен қатар жан-жануарлардың шығуы, 

мінез-қҧлқы,  ерекшеліктері  жайындағы  ҽңгімелер  де  танымдық  қызмет 

атқарған, таза тҧрмыстық нысана кҿздеген. 

Алайда,  адамзат  санасы  мен  қоғамы  ілгерілеп  дамыған  сайын  ҿмір 

туралы, тірі табиғат пен ҿлі табиғат жайлы тҥсініктер тҥбегейлі ҿзгереді. Бір 

кезде  қасиетті  саналып,  қадірленген  нҽрселер,  бірте-бірте  мінеле  бастайды, 

сынға  ілігеді.  Баяғы  заманда  тотемдік  қасиеттерге  ие  болып  жҥрген  аң  мен 

қҧс  енді  басқаша  қабылданады.  Сҿйтіп,  кҿне  дҽуірде  шыққан  мифтер  мен 

ҽңгімелер  келе-келе  магиялық  сипатынан  айырылып,  ондағы  пір  тҧтылған 

жануарлар  енді  сынға  алынады  немесе  аллегориялық  сипат  алады.  Сҿйте-

сҿйте,  баяғы  жануарларды  қастерлейтін  ҽңгімелер  басқаша  айтылады,  тіпті, 

уақыт  ҿте  келе  жаңа  ҽңгімелер  шығады,  жануарлар  қасиетті  болып 

кҿрінбейді,  қайта  керісінше  бейнеленеді.  Байырғы  сҥйікті  жануарлардың 

мінез-қҧлқындағы  кҥлкілі  жақтары  ирониялық  тҥрде  суреттеледі.  Сҿйтіп, 




 

312 


қазіргі  ғылымда  ҽлі  анықтала  қоймаған,  ел  арасында  осы  кҥнге  дейін 

сақталған жануарлар жайындағы ескі тотемистік тҥсініктер мен классикалық 

ертегілер  арасындағы  қайшылық  пайда  болады

1

.  Басқаша  айтқанда,  ескі 



мифтер мен ҽңгімелерде жануарлар тотемистік тҧрғыдан бейнеленсе, кейінгі 

ҽңгімелер  мен  ертегілерде  олар  мҥлде  кереғар  кҿрсетіледі.  Демек,  мҧндағы 

алшақтық  тура  мағына  мен  ауыспалы  мағынаның,  шын  образ  бен  оның 

тҧспалының арасында болады. 

Кейінгі  замандарда  туған  ҽңгімелер  мен  ертегілер  бҧрынғылардан  тек 

кейіпкерлерді  ғана  мирас  еткен,  ал,  олардың  іс-ҽрекеті  мен  мінез-қҧлқын 

басқа  тҧрғыдан  бағалаған.  Бірақ  мҧнда  бір  айтатын  нҽрсе  сол:  жануарлар 

жайындағы  классикалық  (аллегориялық)  ертегі  мен  ескі  мифтік  ҽңгімелер 

арасында  ҽлі  де  болса  тотемистік  ҧғымды  сақтаған  ҽңгімелер  бар.  Олар 

феодализм  қоғамын  басынан  толық  ҿткізбеген  елдердің  фольклорында 

сақталған, бірақ, ҽрине, сол алғашқы кҥйіндей емес. 

Ал,  таза  ертегі  кҿркем  жанр  ретінде  мифтік  ҧғымдардан  біржола  қол 

ҥзгенде  ғана  қалыптасады.  Онда  жануарлар  образы  адамды  тҧспалдап 

бейнелеу  деп  қабылданады.  Жануарлар  жайындағы  классикалық  ертегі 

мифтік  жҽне  діни  ҧғымдардан  таза,  мҧндағы  қиял  кҿркемдік  қызмет 

атқарады. 

Егер  жануарларға  байланысты  тотемистік  тҥсініктерге  негізделіп  туған 

кҿне  ҽңгіме-мифтердің  мақсаты  ҽрбір  адам  білуге  міндетті  мифологияны 

білдірсе (хабарласа), кҿркем ертегінің мҥддесі басқа. Бҧл жанр  пайда болып, 

қалыптасқан  шақта  адамзат  таптық  қоғамда  ҿмір  сҥрген  еді.  Сол  себепті 

мҧндағы  қиял  тҧспалдау  тҥрінде  болады  да,  ҽлеуметтік-таптық  мҥдделерді 

кҿрсетуге  жҧмсалады.  Сҿйтіп,  жануарлар  жайындағы  классикалық 

ертегілерде  ҽңгіме  шын  мҽніндегі  аң  мен  қҧстар  жайында  емес,  адамдар 

жайлы болады. 

Міне,  жануарлар  жайындағы  ертегі  жанрының  туып,  даму  процесі 

осындай.  Ол  –  типологиялық  қҧбылыс,  барлық  елдің  ертегісіне  тҽн 

заңдылық. Қазақ ертегісі де осы заңдылық бойынша туып, қалыптасқан. Рас, 

оның ҿзіне тҽн ерекшелігі де бар. 

Жануарлар  жайындағы  қазақ  ертегілерін  ҥш  топқа  жіктеуге  болады. 

Біріншісі – шығу мерзімі жағынан ең кҿне миф жанрымен байланысын толық 

ҥзе  қоймаған,  жануарлардың  пішініндегі,  немесе  жҥріс-тҧрысындағы,  я 

болмаса  мінез-қҧлқындағы,  ҽйтеуір,  қандай  да  бір  ерекшелігін  тҥсіндіре 

баяндайтын  этиологиялық  ертегілер.  Екіншісі  –  Шығыс  жҽне  Батыс 

халықтарының  кҿпшілігіне  мҽлім,  яғни  дҥниежҥзі  елдерінің  жануарлық 

эпосын  қҧрайтын  классикалық  ертегілер.  Бҧлар  бҥгінгі  дҽуірде  балалардың 

ҥлесіне  тиген.  Қай  елдің  болса  да,  жануарлар  жайындағы  классикалық 

ертегілері  адам  мінезінің  ақылдылық,  ақымақтық,  қулық-сҧмдық  сияқты 

жақтарын  қарапайым  аллегория  арқылы  ашып  береді.  Ҥшінші  топқа  мысал 

ертегілер (апологтар) жатады. Бҧл ертегілер кҿбінесе кітаби болып келеді де, 

ҽдебиетке  жақын  тҧрады.  Мҧнда  жануарлар  бейнесі  шартты  тҥрде 

                                                

1

 Аникин В.П. Русская народная сказка. М., 1977. С.48-55. 




 

313 


алынғанмен,  ғибрат  ашық  айтылады.  Енді  осы  екі  топты  жеке-жеке,  нақты 

мысалдар арқылы қарастырайық

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет