1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет60/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

ертегілер  (аполог).  Мҧнда  баяндау  белгілі  бір  моральдық  қағида  мен 

тҧжырымды  дҽлелдеуге  бағытталады,  сол  себепті  ертегі  афоризммен 

аяқталып  отырады.  Ертегінің  айтылу  мақсаты  да  осы  афоризмді  дҽлелдеуді 

кҿздейді. 

Қазақтың  мысал  ертегілері  шығыс  фольклорымен  тығыз  байланысты. 

Олардың  кҿбісінің  қайнар  кҿзі  –  «Панчатантра»,  «Хитопедаша», 

«Шукасаптати»  сияқты  ҥнді  жинақтары  мен  Орта  Азияға  ҽртҥрлі  жолмен 

келген  «Калила  мен  Димна»  жҽне  «Тотынама»  тҽрізді  кітаптар.  Мысал 

ертегілердің  кҿбінесе  кезінде  қазақтардың  басқа  тҥркі  халықтарымен 



 

315 


белсенді  байланыс  жасаған  аймағы  –  Оңтҥстік  Қазақстаннан  жазылып 

алынуы тегін болмаса керек.  

Ескі ҥнділік сюжеттер Қазақстанда жаңғырып, сыртқы сипаты мен  ішкі 

мағынасы жағынан мҽнді  ҿзгерістерге ҧшырайды. Мҽселен, сюжеті  «Калила 

мен  Димнада»  кездесетін  қазақтың  «Сегізбай  мен  Тышқан  қыз»  жҽне 

«Кҿгершіндер  туралы  ертегісін»  алайық.  Біріншісі  –  тҥркі  халықтарының 

арасына  кең  тараған  «Кім  кҥшті?»  атты  ертегінің  бір  нҧсқасы. 

Айырмашылығы – қазақша нҧсқасында қырғауылдың:  – Мҧз-мҧз, сен неден 

кҥшті  болдың?  –  деген  сҧрағына  ол  –  аяз,  ал,  аяз  –  жел  деп  жауап  береді, 

бірақ  барлығынан  кҥшті  қҧмырсқа  болып  шығады.  Алайда,  «Сегізбай  мен 

Тышқан қыз» туралы ертегі «Калила мен Димнадағы» нақылмен байланысын 

ҥзбеген.  Оны  «Кім  кҥштінің?»  сюжеті  сияқты  ертегілерден  бҿлектеп,  оған 

ҿзіндік ҥн беріп тҧрған да осы байланыс. «Калила мен  Димнадағы» мысалда 

діншіл  тақуа  қаршығаның  тырнағынан  тҥсіп  қалған  тышқанның  баласын 

тауып алады. Тақуаның тілегі бойынша тҽрбиелеуге жеңіл болу ҥшін Қҧдай 

оны  қызға  айналдырып  жібереді.  Кейіннен  бойжеткен  қызға  тақуа  кҥйеу 

таңдауды ҧсынады. Кҥн, жел, бҧлт жҽне тау бірінен соң бірі ҿздерінің кҥшті 

екендіктерін  мойындата  алмай,  таңдау  кезегі  кҿртышқанға  келеді.  Кҥйеу-

тышқан  қызға  ҧнап,  ол  ҽміршіден  ҿзін  қайтадан  кҿртышқанға  айналдыруды 

ҿтінеді. 

Қазақта ҥнді ертегісінің сюжеттік желісі сақталғанмен, баяндау барынша 

ҧлттық  тҥр  алған.  Мҧнда  діншіл  тҽуіп  жоқ,  жалғыз  басты,  бала  кҿрмей, 

қартая  бастаған  Сегізбай  бар.  Қазақша  нҧсқада  мысалдың  мҽні  де  біршама 

ҿзгерген, бірақ негізгі ойы сақталған.  «Қарға қарғаның даусын естіп ҧшады. 

Аттар  бірін-бірі  пысқырғанынан  біледі»,  –  дейді  дана  Сегізбай.  Бҧл 

тҧжырымның  ҥндінікімен  салыстырғанда  біршама  ҿзгеріп,  халықтың 

практикалық философиясына жақындай тҥскенін байқау қиын емес. 

Тегі  жағынан  шығыстың  кітаби  мисалдарынан  тараған  қазақтың  мысал 

ертегілері  шығыс  тҽмсіліне  тҽн  тиектелген  (обрамление)  композиция 

бойынша қҧрылады. 

XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  орыс  тіліндегі  шығармалардың 

қазақшаға кҿптеп аударыла бастаған кезеңінде аудармашылар  И.  А. Крылов 

мысалдарына ерекше назар аударады. Олардың аудармалары Ы. Алтынсарин 

мен  А.Байтҧрсыновтың,  А.Е.Алекторовтың  хрестоматияларында,  «Дала 

уалаятының  газетінде»  басылады.  И.А.Крылов  мысалдарын  Абай  да 

аударғаны  белгілі.  Абай  аударған  Крылов  мысалдары  халық  арасына  кең 

тарап,  қазақ  топырағында  жаңаша  тҥлеп,  қайтадан  фольклорға  айналады  да, 

шығыстық  ҥлгілер  сияқты  ҿзгерістерге  ҧшырайды.  Орыс  сюжеттері 

«ҧлттанып»,  оның  моралі  қазақ  тҧрмысына,  этикасына  бейімделеді.  «Бақа 

мен  қҧмырсқада»  («Шегіртке  мен  қҧмырсқаның»  бір  нҧсқасы)  уақиға 

қазақтың шаңқан даласында ҿрістетіледі. Бақа қаншалықты кҿңілді мінезімен 

дараланса  да,  оның  ертеңгі  кҥнін  ойламайтын  ҽдеті  жҽне  бар. 

Қҧрғақшылықтың  тҥскенін  біле  тҧрып,  қыс  қамынан  қҧралақан  қалған  бақа 

қҧмырсқадан  кҿмек  сҧрауға  бел  буып,  дала  ҽкімшілігінің  тҽртібін  сақтау 

ҽдетімен  ҽуелі  қҧмырсқалар  патшасына  келеді.  Бақалардың  ойын-сауықты 



 

316 


ғана  кҽсіп  қылып,  еңбек  етпейтінін,  сондықтан  берілген  қарызды  қайтара 

алмайтынын  білген  қҧмырсқа  патшасы  бақаның бҧйымтайын орындамайды. 

Демек, қазақ ертегісіндегі қҧмырсқаның кҿмек беруден бас тартуы – олардың 

желбуаздығы  мен  арамтамақтығын  ҽшкерелеуден  ғана  емес,  сонымен  бірге 

қҧмырсқаның  ҿзімшіл  психологиясынан  да  туған.  Бҧдан  «Еңбек  етпесең, 

қарыз да ала алмайсың» деген қағида туады. 

Қазақ  фольклорында  ауысып  келген  сюжеттер  ҧлттық сипат  алған.  Бҧл 

қасиет,  ҽсіресе,  оқиға  ситуациясы  мен  кейіпкерлердің  психологиясынан 

айқын  байқалады.  Ауысып  келген  сюжеттердің  желісі  де,  шығыстық 

ҥлгілердің  рамалық  тҥрде  ҿрнектелуі  де  бҧзылмай,  қҧрылымдық  белгілері 

сақталып отырады. Ең негізгі ҿзгерістер мысал ертегілердің идеялық мҽнінде 

ғана  болады.  Ауысып  келген  мысалдардағы  мораль  абстрактылықтан 

арылып, қазақтың ҽдет-ғҧрыптары мен тҥсініктеріне сай қайта қҧрылып, дала 

жҧртының философиясына жақындай тҥседі. 

Хайуанаттар  жайындағы  мысал  ертегілердің  классикалық  ертегілерден 

бір ерекшелігі – жануарлар сипаттамасының біркелкі болмауы. Классикалық 

ертегілердегі  тҥлкінің  ҿзінен  кҥшті  хайуанды  ҥнемі  жеңіп,  ал,  ҿзінен 

ҽлсіздерден  жеңіліп  отыратын  тҧрақты  мінездемесі  мысал  ертегілерде 

кездеспейді.  Мҧнда  эпикалық  фон,  я  болмаса  кейіпкердің  ҽлеуметтік-

тҧрмыстық  жағдайын  сипаттау  болмайды.  Оның  есесіне  ғибраттық  сарын 

мен  шартты  тҥрде  алынған  жануарлардың  аллегориялық  образы  бар. 

Ертегінің  қҧрылысы  кҿп  жағдайда  оның  мазмҧнынан  шығатын  афоризмді 

дҽлелдеуге  бағытталады.  Кҿркемдігі  жағынан  алғанда,  ішінара  ҿлең 

мҽтіндері кездескенімен, аполог формалары кҿбінесе қарасҿзді болып келеді. 

Ал,  ҿлең  тҥріндегі  фольклорлық  аполог  жеке  жанр  ретінде  толық 

қалыптаспаған,  себебі  XIX-XX  ғасырда  ҽдебиеттің  жедел  дамуы  мысал 

жанрын ҽдеби арнаға тҥсіріп жіберген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет