1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры



Pdf көрінісі
бет69/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры 

 

«Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»  жырының  қай  кезде  пайда  болғаны 



жҿнінде ғалымдар ҽрқилы болжам айтады. Бір топ зерттеуші бҧл  жыр Жошы 

ҧлысында  дҥниеге  келген  десе,  екінші  топтағы  оқымыстылар  Ноғайлы 

дҽуіріне  телиді.  Ал,  ҥшінші  топтағы  ғалымдар  аталмыш  эпостың  пайда 

болуын  Қазақ  хандығымен  байланыстырады.  Бҧлардың  бҽрінен  ҿзгеше 

пікірді М.Ҽуезов пен Ҽ.Марғҧлан ҧсынады. М.Ҽуезов 1927 жылғы кітабында 

былай деп жазады: «Қозы Кҿрпеш нағыз қазақ жҧртының ҽңгімесі болса да, 

ҿлгенше ескі заманның  ҽңгімесі. Бҧған дҽлел –  барлық тҥрік жҧртына тегіс 

жайылғандығы,  екіншісі,  елдің  салтын  суреттеген  жерлерінен  білінеді... 

Меніңше,    «Қозы  Кҿрпештің»  ҿте  ескілігін    білдіретін  дҽлел:  осы  ҽңгіменің 

якут  (саханың)  ішінде  болғандығы,  олар  мҧсылман  емес.  Алыс  солтҥстікке 

кеткеніне  кҿп  заман,  қазақтан  оларға    «Қозы  Кҿрпеш»  ҽңгімесі  артынан  қуа 

баруға  қисынбайды.  Ол  ел  жалпы  тҥрік  шеңберінен  жырылып  кеткен  

кҥнінде  осы  жақтан  ала  кеткен  жолдасы  болуға  лайық.  Олай  болса,  «Қозы 

Кҿрпеш» тым кҽрі ҽңгіме болуға керек»

1



Ал,  Ҽ.Марғҧлан  былай  дейді:  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»  жырының 



                                                

1

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 2-басылуы. 115-116-б. 




 

361 


қай  кезде  шыққанын  жақсылап  айыратын  белгінің  бірі  –  оның  кҥмбезі.  Бҧл 

кҥмбез  ҿте  ерте  уақытта,  исламнан  кҿп  бҧрын,  ғҧн  заманында  не  Тҥркі 

қағанаты  кезінде  тҧрғызылған  белгі»

1

.  Осы  еңбегінің  тағы  бір  жерінде 



Ҽ.Марғҧлан бҧл кҥмбездің, оның ішіндегі тас мҥсіндердің жасалған мезгілі – 

Тҥркі қағанаты, яғни VІ-VІІІ ғасырлар шамасы» деп нақтылай тҥседі

2

.  


М.Ҽуезовте  де,  Ҽ.Марғҧланда  да  ҽңгіме  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу» 

жырының бізге жеткен осы кҥнгі ҥлгісі жайында емес,  сол жырдың ең ескі, 

тҥпкі  сюжеті  туралы  деп  ойлаймыз.  Егер  бҧл  эпостың  қазіргі  тҥрік 

халықтарындағы  (айталық,  башқҧрттағы,  қазақтағы,  алтайлықтардағы) 

нҧсқаларын жалпы мазмҧны, кейіпкерлері, мифтік ситуациялары мен жер-су 

атаулары,  т.б.  компоненттері  бойынша  салыстыра  қарасақ,  «Қозы  Кҿрпеш  – 

Баян Сҧлудың» ең алғашқы, тҥпкі сюжеті, шынында да, сонау Тҥркі қағанаты 

тҧсында пайда болғанына кҿз жеткізуге болады. Оған дҽлел кҿп

3

.  


Алғашында  Алтай  ҿлкесін  мекендеген  тҥркілерде  ҽңгімеленген  жігіт 

пен  қыздың  ҥйлену  тарихы  туралы  сюжет  Тҥркі  қағанаты  ыдырап,  туыс 

тайпалар  жан-жаққа  ауа  кҿшіп  кеткенде  ҽр  тайпаның    меншігіне  айналып, 

солармен  бірге  ҽр  жаққа  тарайды.  Сҿйтіп,  ол  Алтайдан  Еділге  дейінгі 

аралықта  ҽңгіме,  ертек  тҥрінде  айтылады.  Ҽр  ҧлыс-тайпа  ҿзінің  барған 

жерінде сюжетке ҿз қосымшасын қосады. Біреуінде сюжеттің мифологиялық 

сарыны  кҥшейе  тҥссе,  екіншісінде  оқиға  қоюлана  тҥседі,  сҿйтіп,  алғашқы  

сюжет кеңейеді, ҽр жанрда кҿріне бастайды. Жігіттің ҥйленуі қиындатылып, 

неше алуан кедергілер мен жағдайлар енгізіледі. Біреуде аңыз, біреуде ертек, 

біреуде ҿлең болып баяндалады, бірақ тҧтас жыр ҽлі тумайды. 

Жҥйелі  жырдың  ҽдепкі  ҥлгілері  Алтын  Орда  заманында  пайда  болған 

тҽрізді. Тарихтан белгілі: бҧл мемлекеттің қҧрамында  қыпшақ тілді тҥркілер 

басым болды. Ҽділін айтқанда, ол  империяның тҧрғындары осы кҥнгі қазақ, 

ноғай, татар, башқҧрт,  алтай, т.б. этностардың бабалары еді. Сҿйтіп, баяғыда  

Алтайдан  тараған  тҥркі  тайпалары,  ықтиярсыз  болса  да,  бір  мемлекетке 

енген,  ҿзара  қарым-қатынасын  қайтадан  кҥшейткен.  Осы  тҧста  ҽрқайсысы 

ҿзінше  айтып  жҥрген  жігіттің  ҥйленуі  туралы  сюжетке    негізделген  ҽңгіме-

аңыздар,  ертек-ҿлеңдер  енді  топтаса  бастайды,  фольклорлық  тҧтастану 

процесіне  тҥседі.  Соның  нҽтижесінде  сюжет  бҧрынғыдан  да  кҥрделенеді, 

қосымша  оқиғалар,  эпизодтар  пайда  болады,  кейіпкерлердің  саны  кҿбейеді. 

Бірте-бірте жҥйелі жырдың  нҧсқасы қалыптаса бастайды. 

Алайда,  бҧл  ҥрдіс  Алтын  Орданың  ыдырауына  байланысты  қайтадан 

ҥзіледі.  Ҥлкен  мемлекеттің  орнында  пайда  болған  хандықтар  ҽрқайсысы 

ҿзінше ҿмір сҥріп, ҿзінше дамиды. Қазан, Астрахан,  Қырым жҽне Қазақ пен 

Сібір  хандықтары  халқының  қҧрамы  тағы  да  осы  –  қыпшақ  тілді  тҥркілер 

болады.  Олар  енді  бҽрі  айтып    жҥрген  сюжетті  тағы  ҽрқайсысы  ҿзді-ҿзіне 

алып  кетеді,  сҿйтіп,  «Қозы  Кҿрпеш»  жырының  осы  кҥнгі  ҽр  ҧлттық 

нҧсқасының алғашқы ҥлгілері туады.  

                                                

1

 Марғҧлан Ҽ. Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу кешені. Алматы, 1994. 23-б. 



2

 Сонда. 5-б. 

3

 Бҧл туралы кеңірек қараңыз: Қасқабасов С. «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» жыры жҽне тҥркі эпостық дҽстҥрі 



// «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» эпосы жҽне тҥркі ҽлемі. Алматы, 2003. 6-11-б. 


 

362 


Жеке  отау  тігіп,  ҿз  мемлекетін  қҧрған  қазақ  халқы  бҧл  сюжетті  ҥлкен 

жырға  айналдыра  бастайды.  Қазақ  елінің  тҧрмыс-тіршілігі  мен  ҿмір  салты 

эпикалық дҽстҥрді қайтадан жаңғыртады, елдік  пен ерлік мҽселесін кҿтеріп, 

бҧрынғы  қаһармандық  эпостарды  жырлаумен  қатар,  кейінгі  жаулармен 

шайқастарда  ерекше  кҿзге  тҥскен  батырлар  мен  хандар,  сҧлтандар  туралы 

жаңа  туындыларды,  яғни  тарихи  жырларды  ҿмірге  ҽкеледі.  Ежелгі  аңыз-

ҽңгімелерді қайта тҥлетеді. Бҧндай процеске Қозы мен Баян тарихы да тҥседі, 

оның сюжеті тҧтастанады, оқиғалары молығады, кейіпкерлердің іс-ҽрекеттері 

мен  тартысы  ширыға  тҥседі,  кейбірі  ҿзгеріске  ҧшырайды.  Енді  Қозыға 

қастандық  істейтін  адам  –  қалмақ  Қодар  болады.  Сҿйтіп,  Қазақ  хандығы 

тҧсында  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлудың»  эпостық  негізі  қаланады,  ол  таза 

жыр формасына кҿшеді. 

Ал, оның бізге жеткен қалпындағы нағыз кҿркем шығармаға айналуы  – 

ХVІІІ  жҽне  ХІХ  ғасырға  тҧспа-тҧс  келеді.  Бҧл  кезеңде  қазақ  елі,  басқа  да 

біраз  тҥркі  халықтары  сияқты  Ресей  империясына  қарайды.  Бҧл  оқиғаның 

қайшылықты  салдары  кҿп  болды.  Бір  жағынан,  халық  басқа  жҧртқа  бодан 

болып,  ҧлттық тҽуелсіздігінен  айырылса,  екінші  жағынан,  бҧрын  жиі  болып 

тҧратын  сыртқы  шапқыншылықтан  қҧтылды.  Ата  жауы  болған 

жоңғарлықтардың    шапқыншылығынан  қҧтылған  соң  қазақ  фольклорында 

қаһармандықтан  гҿрі  лирикалық  сипат  алға  шықты.  Осы  тҧста  батырлық 

жҽне тарихи жырлармен қатар романдық эпос та  кең ҿріс алып, ақындар мен 

жыршылар  байырғы  «Қозы  Кҿрпеш»  тарихын  ҥлкен,  кең  қҧлашты  эпосқа 

айналдырады. Енді ежелгі сюжет кҿптармақты, эпикалық пафосты, нағыз сҿз 

ҿнеріне  лайық  кҿркем  туынды  болып  баяндалады.  Шығарманың  сюжеті 

бірнеше  есе  ҿсіп,  кеңейіп,  композициялық  жҥйеге  тҥседі,  сҿйтіп,  жырдың  

басталуы,  коллизиясының  дамуы,  шарықтау  шегі,  аяқталуы  –  тҥгелімен  бір 

ізге  келеді.  Сонымен  бірге  кейіпкерлердің  образдары    сомдалады,  олардың 

тартысы кҥшейеді. Эпостың тілі кҿркем, бейнелі сипат алады. Кҿптеген ескі 

мифтік  ҧғымдар  шеттетіліп,  шығарма  біршама  реалистік,  ҽсіресе, 

романтикалық сарынға ие болады.  

Эпостың басты тақырыбы – сҥйіспеншілік мҽселесі жаңаша, сол  кезеңге 

сҽйкес тҥсіндіріліп, жырланады. Қозы мен Баян – бір-біріне жай ғана ғашық 

болған  жігіт  пен  қыз  емес.  Олар  екі  ҽкенің  сертін  орындаушылар  болып 

суреттеледі. Сҿйте тҧра, олар бірін-бірі кҿргенде ҥлкен сезімге бҿленіп, шын 

ғашықтарға  айналады.  Жалпы,  бізге  жеткен  жырда  сҥйіспеншілік  пен 

имандылық, адалдық пен адамгершілік мҽселелері ең басты, ең негізгі болып 

кҿрсетіледі. 

Сонымен,  ХVІІІ-ХІХ-ғасырларда  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»  жыры 

ежелден  келе  жатқан  сюжетті  мҥлде  жаңа  сапаға  кҿшіреді,  жаңаша 

ҽңгімелейді. Жігіттің ҥйленуі туралы ескі ҽңгіме ендігі жерде махаббат ҥшін 

кҥрескен  екі  жастың  тағдырын  баяндайтын  ҽдемі  жыр  ретінде  орындалатын 

болады.  Талантты  ақын-жыршылардың  арқасында  бҧл  шығарма  елдің  сҥйіп 

тыңдайтын  жырына  айналып,  бҥкіл  Қазақстанға  тарайды.  Орыстың  ҧлы 

ақыны А.С.Пушкиннің бҧл жырдың мазмҧнын Орал ҿңірінен жаздырып алуы 

– осының айғағы. 



 

363 


Қазіргі шақта «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» жырының бізде хатқа тҥскен 

33 мҽтіні бар. Олар Қазақстанның ҽр тҥкпірінен жазылып алынған. Кейбірі  – 

жыр  тҥрінде,  енді  біреулері  –  проза  ҥлгісінде,  ал,  кейбірі  –  орыс  тілінде. 

Қалай  болғанда  да,  мҧншама  текстің  болуы  –  бҧл  жырдың  халыққа  ҿте 

қымбат, сҥйікті шығарма екенін кҿрсетеді. 

Бҧл  жыр  сюжетінің  ҿте  кҿне  екенінің  тағы  бір  дҽлелі  –  оның  бірнеше 

тҥркі  халықтары  фольклорында  болуы.  Мҽселен,  айтылмыш  жырдың    татар 

халқында  28  мҽтіні  хатқа  тҥссе,  башқҧрт  елінде  –  10  шақты,  ал,  алтай 

жҧртында  6  мҽтін  жазылып  алынған.  Аталған  халықтарда  жырдың  негізгі 

сюжеті  –  жігіттің ҥйленуі.  Бҧл  кҿне  сюжет  ҽр  халықта  ҽр  тҥрде  баяндалған. 

Мысалы,  алтайлықтарда  сюжет  мифологиялық  сипат  алған.  Ол  батырлық 

эпосқа айналған жҽне мҧнда кейіпкерлер де, оқиғалар да ертегілік ҽрі мифтік 

сарында  бейнеленген.  Біздің  байқауымызша,  алтайлықтардың  нҧсқасы    ең 

алғашқы сюжеттің кҿне белгілерін молырақ сақтаған сияқты. 

Башқҧрт  версиясында  да  ертегілік  мотивтер  мен  мифологиялық  

кейіпкерлер  ҧшырасады.  Алайда,  олардың  архаикалық  мҽні  сҽл  ҿзгерген. 

Мысалы,  бас  кейіпкерге  қастандық  істейтін  болып  дию  мен  перілер 

кҿрсетіледі  жҽне  олар  алтай  нҧсқасына  қарағанда  басқа  мақсатпен,    яғни 

басқа  себепке  байланысты  қас  болады.  Олар  Қарабайға  да,    оның  баласы 

Қозыға  да  мҧсылман  болғандары  ҥшін  дҧшпан.  Ал,  Қарабай  мен  Қозыға 

кҿмек  беруші  болып  ақ  сҽлделі  ҽулие  кҿрінеді,  ол  ҿзі  желеп-жебеп  жҥрген 

бас  қаһарманға  ылғи  Мҧхаммед  пайғамбарды  есте  ҧстап,  соған  сиынып 

жҥруді ҿсиет етеді. 

Кҿне  сюжеттің,  атап  айтқанда,  кейіпкерлердің  исламдық  сипат  алуы, 

ҽсіресе,  татар  версиясында  басымырақ.  Жалпы,  татар  тіліндегі  мҽтіндер 

ертедегі сюжеттің дастанға айналғанын аңғартады. Олардың барлығы  дерлік 

Сібір  татарларынан  жазылып  алынған  жҽне  бҽрі  қара  сҿз  тҥрінде,  тілі, 

негізінен,  қазақшаға  жақын.  Мҽтіндердің  ішінде  ҿлең  жолдары  кездеседі 

жҽне  бақташылық  ҿмірдің  белгілері  айқын  кҿрінеді,  тіпті,  кейбір 

варианттарының  мазмҧны  қазақтікімен  бірдей,  ҽрі  татар  тҧрмысында  

баяғыда ҧмытылған мал шаруашылығы мен оның ҧғымдарын сақтап қалған. 

Мысалы,  Қозы  қой  бағып,  оны  кешке  қораға  айдап  келеді,  отардағы    кҽрі 

қойлар  Қозыны  танып  қояды,  т.с.с.  Ҽсіресе,  ҿлеңмен  айтылатын  жҽйттерде 

ескі бақташылық, малшылық ҿмірдің белгілері, қазіргі татар тілінде жоқ мал 

атаулары, кҿшпеліліктің іздері мол. 

Қазақтың  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлуына»  келер  болсақ,  қай  нҧсқасын 

алсақ  та  –  тҿгіліп  тҧрған  жорға  жыр,  жарқырап  тҧрған  сҿз  маржаны,  нағыз 

классикалық  эпостың  ҿзі.  Ол  ҿзінің  таза  поэзиялық  ҥлгіде  болғанымен  ғана 

емес, сондай-ақ образдардың сомдалуымен, композициясының  жҥйелігімен, 

тілінің  ҿрнектілігімен,  ҽуенділігімен  жҽне  кҿне  діни  нанымдар  мен 

мҧсылмандық  тҥсініктерді  шебер  ҧштастыруымен,  кҿшпелі-бақташылық 

тіршіліктің  ҿзіне  ғана  тҽн  ҽсемдігін  даланың  қатал  дҥлейлігімен 

жымдастырып,  бҽрін  жарасты  етіп  кҿрсете  білуімен  басқа  халық 

версияларынан оқшауланып тҧрады. Ҽрине, мҧндай кҿркемдік кҿп ғасырдың 

жемісі,  талай  жыршы-ақындардың  еңбегі.  Жоғарыда  айтқан  бірнеше 



 

364 


халықтың  нҧсқаларын  салыстыра  қарағанда  осы  жырдың  сюжеті  оу  баста 

ҽңгіме,  ертек  тҥрінде  айтылғаны  байқалады.  Мҧны  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян 

Сҧлу»  жырының  композициялық  қҧрылымынан  айқын  кҿруге  болады. 

Жырдың қҧрылымдық реті мынадай: 

1. Балалар  (ҧл  да,  қыз  да)  ҽкелері  ҥйде  жоқ  кезде,  бір  мезгілде  дҥниеге 

келеді. 


2. Қозы ҿзіне айттырылған қызды іздеп, сапар шегеді. 

3. Қозы  болашақ  қайын  атасының  аулына  келеді.  Ол  ҿзінің  пішінін 

ҿзгерткен; оны ешкім танымайды. Ол қыздың ҽкесіне малшы болады.  

4. Қозы  ҿзінің  қайын  атасымен  қақтығысқа  тҥседі,  оны  жеңеді,  сҿйтіп, 

сҥйікті Баянымен қосылады. Бірақ қапыда мерт болады. 

Кейбір нҧсқаларда: 

5. Дҧшпандарын жеңіп, Қозы Баянға ҥйленеді, сол елді билейді. 

6. Қозы  ҿзінің  атамекеніне  қайтып  келеді,  балалы  болады.  Баласы 

ҽкесінің ісін жалғастырады. 

Міне, бҧл – жырдың шартты тҥрдегі схемасы. Осы схеманы ертегілерде 

де  кездестіреміз.  Ҽдетте,  қазақ  ертегілері  кҿбінесе  болашақ  кейіпкердің 

дҥниеге  келуімен  басталады.  Ол  туардан  бҧрын  ҽкесі  ҽртҥрлі  себептермен 

ҥйде болмайды: ол ҧзақ жолда жҥреді, немесе басқа жҧртпен соғыста болады, 

я  болмаса  жас  нҽрестенің    дауысын  естігенде  қуаныштан  жҥрегім  жарылып 

кетер деп, ҽдейі ҥйден кетіп қалады, т.с.с. 

Дҥниеге  келген  бала  ержетіп,  ҿзіне  жар  іздеуге  аттанады.  Ол  небір 

қиындықтардан ҿтіп, болашақ ҽйелінің еліне келеді. Оны ешкім білмейді,  ол 

енді  қыз  ҽкесінің  ҿте  ауыр  шарттары  мен  талаптарын  орындауға  мҽжбҥр 

болады.  Кейбір  ертегіде  кейіпкер  ҿзінің  қайын  атасымен  кҥш  сынасып, 

шайқаста жеңіп шығады. Қыз ҽкесі амалсыздан оған қызын, патшалық тағын 

береді.  Сҿйтіп,  ҽлгі  жігіт  қайын  атасының  тағына  отырады.  Содан  соң  ол 

біраз уақыт осы елді билеп тҧрады да, ҽйелін алып, еліне аман-есен оралады. 

Ертегідегі  бас  кейіпкердің  қайын  атасының  тағына  отыруы  мен  қайын 

жҧртында  біраз  уақыт  мекендеуі  –  ежелгі  матриархат  дҽуіріндегі  дҽстҥрдің 

елесі.  Ол  дҽстҥр  бойынша  ҥйленген  жігіт  ҽйелінің  елінде  тҧратын  болған. 

Мҧны  матрилокалдық  неке  деп  атаған.  Ол  ХХ  ғасырға  дейін  Африка  мен 

Океанияның, 

Индонезия 

мен 

Солтҥстік 



Американың 

байырғы 


тҧрғындарында сақталған

1

. Бҧл дҽстҥрдің басты ерекшелігі – ҥйленетін жігіт 



қыздың  ҥйіне  бір-екі  жыл  жҧмыс  істеуге  міндетті.  Оған  достары  да 

жҽрдемдескен. Егер болашақ кҥйеу бала жҧмысты нашар істесе, оған қызды 

бермейтін болған.  

Міне, қызды алу ҥшін оның ҥйіне қызмет ету дҽстҥрі – қалыңмалдың ең 

ескі,  алғашқы  тҥрі  десе  болады.  Қызды  осылай  «сатып»  алу  ҽдісі  – 

ертегілердегі  қыз  ҽкесінің  жігітке  қиын  шарттар  қою  мотивінің  арғы  тҥбірі, 

кҿне тҿркіні. Жҽне жігіттің ол шарттарды еш сҿзге келмей орындайтыны – да 

сол  дҽстҥрдің  кҿмескі  сарқыншағы.  Ҽлбетте,  бҧл  ҿте    ескі  дҽстҥр  жҽне  ол 

                                                

1

 Косвен М. Матриархат. Этнографические материалы // Ученые записки МГУ. Вып.61. История. М., 1940. 



Т.2.  С.  92,  93,  103,  120,  125,  т.б.  Першиц  А.И.,  Монгайт  А.Л.,  Алексеев  В.П.  История  первобытного 

общества. М., 1983. С. 74-76, 141-142.  




 

365 


фольклорда    сол  қалпында  емес,  ҿзгерген  тҥрде  кҿрініс  береді,  себебі  ол 

дҽстҥрдің ҿзі ҿмірден  ҿшкен. Сҿйтіп,  болашақ  кҥйеу баланың қалыңдықтың 

ҥйіне,  руына  атқарған  істері  енді    ертегіде  болашақ  қайын  атаның  жігітке 

орындалуы  ҿте  қиын  тапсырмаларына  айналады,  яғни  бҧл  жерде 

фольклорлық поэтика ҽсер етеді. Енді ертегідегі тапсырмалар – жігітті сынау 

болып қабылданады. Бҧл эпосқа да енеді. 

Қозы Кҿрпештің айттырылған қызы – Баянды іздеп, оның аулына басқа 

кейіпте,  танылмай  келуі,  Қарабайдың  малын  бағуы,  ақыр  аяғында,  Қарабай 

мен Қодарды жеңіп, сҥйгеніне қосылуы, сол елді билеп, бірнеше жыл тҧруы 

– кҿркем эпостың поэтикасына сҽйкес кҿрсетіліп, оның ҽдемі композициялық 

желісіне арқау болған. Ҽлбетте, бҧдан «Қозы Кҿрпеш  – Баян Сҧлу» жыры – 

ертегі  екен  деген  ой  тумауға  тиіс.  Бҧл  жерде  ҽңгіме,  біріншіден,    тҥпкі 

сюжеттің  тым  кҿне  екендігі  жҽне  ол  сюжет  ҽу  баста  ҽңгіме-ертегі  тҥрінде 

баяндалғандығы  туралы  болып  отыр.    Ҿте  ерте  заманда  туған  ҽңгіме-ертегі 

бірте-бірте  эпосқа  айналған.  Ол  ҧзақ  уақыт  аса  кҥшті  эпикалық  дҽстҥрдің  

қҧшағында  болғандықтан  эпос  жанрының  ең  басты  қасиеттерін  бойына 

сіңірген,  сҿйтіп,  орта  ғасырларда  ҽдемі  жырға  айналған.  Жігіттің  ҥйленуі 

туралы  ежелгі  сюжет  батырлық  мҽндегі  емес,  екі  жастың  сҥйіспеншілігіне 

арналған,  ғашықтық мҽндегі жырға айналған. 

Сҿз жоқ, бҧл жырдың тууы оп-оңай болған жоқ. Ол ҧзақ уақытты қажет 

етумен  бірге  сыртқы  жаулармен  ҧдайы  соғыс  жҥріп,  тек  батырлықты 

дҽріптеген заманда ерлікті айтпай, махаббат сезімін жырлау белгілі дҽрежеде 

алғашқы авторлар мен жыршылардан батылдықты ҽрі шеберлікті талап еткен 

еді. Оның ҥстіне адамның отбасы мен некесіне арналған жыр шығару да сол 

дҽуірдегі  қоғамның  рухани,  имандылық  мҽселесін  кҿпшілік  алдына  жайып 

салумен  бірдей  болатын.  Мҧның  ҿзі  ондай  жырды  жҧртшылық  қалай 

қабылдайды  деген  де  сауал  туғызуы  мҥмкін  еді.  Жас  жігіттің  ҧрыста  ерлік 

кҿрсетудің орнына жеке басын кҥйттеп, қыз іздеп, сергелдеңге тҥскенін жҽне 

қыз  бен  жігіттің  қиындықтарға  қарамай,  бір-бірін  сҥйіп,  махаббат  ҥшін 

кҥрескенін  баяндайтын  жырды  тарату  ҥшін  алғашқы  авторлар  мен 

жыршылар  сол  заман  ауанына  сҽйкес  кҿркем  шешім  тапқан.  Олар    екі 

жастың  ҿз  бақыты  ҥшін  кҥресін  –  олардың  ҽкелерінің  антын  орындау  ҥшін 

кҥрес  етіп  кҿрсеткен.  Яғни  Қозы  мен  Баянның    тағдыры,  олардың  ҿзі  ҽлі 

тумай  тҧрғанда,  Сарыбай  мен  Қарабайдың  ежелден  келе  жатқан  ежеқабыл 

салты бойынша қҧда болып серттескен сҽтте шешілген еді, ал, Қозы мен Баян 

осы  салтты  орындаушылар  ғана  деген  мҽндегі  жыр  етіп  шығарған.  Осының 

арқасында    жыр ҽлеуметтік-имандылық  проблемаларын  жҽне  жеке  адамның 

бас  бостандығы  мен  махаббат  еркіндігі туралы  идеяларды  ашық айта  алған. 

Осылай  жігіттің  ҥйленуі  туралы  ежелгі  ертегі  таза  махаббат  жайындағы 

ҥлкен  романдық  эпосқа  айналған  жҽне  ҿз  уақытының  қоғамдық,  ҽлеуметтік 

мҽселелерін  қамтып,  ҿмір  шындығын  біршама  дҽлдікпен  суреттей  алған. 

Екінші сҿзбен айтқанда, «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» жыры – нағыз кҿркем 

туынды  болып  шыққан,  алайда,  бҧл  жолда  ол  талай  ҿзгеріске  ҧшырап, 

жҿндеулерден  ҿткен.  Мҧхтар  Ҽуезов:  «Бізге  мҽлім  болған  «Қозы  Кҿрпеш  – 

Баян Сҧлу» жырларының кейбір варианты – ерте заманның ҿзіне байланысты 



 

366 


айтылса,  енді  біреулері  бергі  ХVІІІ-ХІХ  ғасырда  ҿңделіп,  жаңғырған.  Жҽне 

кейде  «ноғайлы»  деген  ескі  атаулары  жойылып,  оның  орнына  Кіші  жҥздің 

Шеркеш руы, не Орта жҥздің Бағаналы (Найман) руларының аттары аталады. 

Бірақ  бҧл  нҧсқалардың  қай-қайсысын  алсаңыз  да,  алғашқы  сюжет  асылы  – 

біреу. Ҽр дҽуірдің, ҽр жердің  ақындары ҿз ортасындағы тыңдаушыларының 

ыңғайына  тартқанымен,  оның  негізгі  мазмҧны,  оқиға  желісі  бір  арнаға 

саяды»

1

, - деп жазады. 



Ҧлы  Мҧхаң  бір  эпос  туралы  ғана  айтып  отырса  да,  жалпы  фольклор 

теориясының бірнеше заңдылығын қамтып кеткен. Оның бірі –  фольклорлық 

процестің ерекшелігі. Яғни бірде-бір фольклорлық  шығарма кейінгі ҧрпаққа 

сол  алғашқы  қалпында  жетпейді,  оның  тҥпкі  сюжеті  сақталады,  бірақ 

ауыздан-ауызға  кҿшкенде  оқиға  кҥңгірт  тартады.  Қоспалар  кҿбейеді, 

айтушылардың  ой-пікірі  енеді  немесе  тыңдаушылардың  талабы  ескеріледі. 

Екінші  заңдылық  –  фольклорда  болатын  тарихи  тҧтастану  (циклизация). 

Мҧндай  тҧтастануда  ҽр  дҽуірдің  шындығы,  фактісі,  оқиғасы,  адамдары 

араласып  кетеді.  Себебі  ҽр  дҽуір  мен  қоғамның  талабы  бойынша  бҧрынғы 

шығарма қайта жаңғырып орындалады да, сол шақтағы кҿкейкесті делінетін 

қажеттіліктер  шығармаға  енеді,  сҿйтіп,  не  ескіні  ығыстырады,  не  ҿзгертеді, 

не  қатар  пайдаланады.  Мҧхаң  айтып  отырған  «ноғайлының»  ығысып  кетуі 

осыдан. Ҥшіншісі – географиялық тҧтастану. Ҽдетте, жырдың ҿзінің ареалы 

болады, оқиға белгілі бір ҿлкеде ҿтеді. Сонымен қатар жыршылар ҿзі жҥрген 

жерлерді,  немесе  ҿзінің  ру-тайпасы  мекендеген  аймақты,  я  болмаса 

тыңдаушылардың  ҿлкесін  қосып  отыруға  тырысады.  Осылай  кейде  бір 

шығарманың бҿлек варианттарында кейіпкердің  іс-ҽрекеті тҧрақты ареалдан 

басқа да жерде ҿтіп жатады. 

Осы  айтылған  заңдылықтар  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»  эпосында  да 

бар.  Мҧнда  тағы  ғҧмырнамалық  тҧтастану  да  айқын,  яғни  шығармада  бас 

қаһарманның  туғанынан  бастап  қаза  болғанына  дейін,  демек,  оның  бҥкіл 

ғҧмыры қамтылады. Тіпті, Қозы мен Баянның ҿмірге келуіне дейінгі жағдай, 

яғни  перзентсіз  екі  қарияның  жай-кҥйі  баяндалады,  ал,  мҧны  ғылымда 

«пролог» деп атайды. Мҧндай  пролог дҥниеге келетін кейіпкердің келешекте 

ерекше  адам  болатынын,  оның  Қҧдайдан  тілеп  алған  бала  екенін  кҿрсету 

ҥшін  пайдаланылады.  «Қозы  Кҿрпеш»  жырының  кейбір  варианттарында 

эпикалық  жанрдың  тағы  бір  дҽстҥрі  қолданылады.  Ол  –  Қозы  мен  Баянның 

арманына жетіп,  Кҥлеп деген баласының болғанын ҽңгімелейтін эпилогтың 

болуы.  Міне,  осының  бҽрі  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»  жыры  біздің 

дҽуірімізге 

жеткенге 

дейін 


талай 

ҿңделіп-ҿзгергенін, 

шыңдалып-

шымырланғанын  кҿрсетеді.  Бҧл  ойымызды  Мҧхтар  Ҽуезовтің  мына  сҿздері 

тамаша қуаттайды. Абай туралы айта келіп, Мҧхаң былай деп жазады:  

«Белгілі ҽнші-кҥйші емес, жҽй орташа айтушыларға да халық жырларын 

немесе ҿз тҧсындағы ақындар жазған дастандарды жырлатып отырады. 

Топай  Бейсембай  деген  ақынға  «Қозы  Кҿрпешті»  Жанақ  ҥлгісімен 

жырла деп тапсырады. Бірақ бар ҿлеңін бір қалыпты ҽуенмен айту жҿн емес 

                                                

1

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 511-512-б. 




 

367 


деп,  Қарабай,  Қодар,  Тазша,  Сақау  қатын,  Баян,  Қозы  –  барлығына  кей 

сҿздерін ҿз ҽуенімен айтқызатын болады»

1



Сонымен,  біз  оқып  жҥрген  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу»  жыры  –  ҧзақ 



даму жолынан ҿткен классикалық эпос ретінде нағыз фольклорлық  сҿз ҿнері 

екені кҥмҽнсіз. Мҧнда нағыз  ҿнерге лайық ширатылған сюжет,  қызғылықты 

мазмҧн, сомдалған образдар, шиыршық атқан конфликт, жҥйелі композиция, 

кестеленген  ҿрнекті  тіл  бар,  яғни  бҧл  шығарма  болмысты  кҿркем  тҥрде 

бейнелеген  туынды.  Бір  ғажабы  –  бізге  жеткен  кейбір  нҧсқаларда 

фольклорда,  соның  ішінде  эпоста  да  кҿп  кездесе  бермейтін  кейіпкерлердің 

ҿсіп-жетілу  динамикасы  мен  ішкі сезімдері  кҿрініс  тапқан.  Мҧны  Қозы  мен 

Баянның  бейнелерінен  анық  кҿруге  болады.  Олардың  туғаннан  кейінгі 

ғҧмыры  батырлық  эпостағыдай  емес.  Екеуі    де  «сағат  сайын»  ҿспейді, 

жастайынан  ересен  қимылға  бармайды.  Қозы  ҿзі  қатарлы  балалармен  асық 

ойнап  ҿседі,  кҽмелетке  жеткенде  ғана  Баян  туралы  естіп,  есейгенін  сезеді. 

Баян  да  он  тҿрт  жасқа  дейін  ештеңе  ойламай,  еркелеп  ҿседі,  тек  он  тҿртке 

толғанда ғана Ай мен Таңсықтың айтуынан Қозыға деген сезімге беріледі. 

Жырда  Қозы  мен  Баянның  бір-біріне  деген  махаббаты  бірден  лап  ете 

тҥспейді.  Олардың  сҥйіспеншілік  сезімі  ҿрбу,  кҥшею  ҥстінде  кҿрсетіледі. 

Қозы  алғаш  рет  анасынан  Баянның  ҿз  қалыңдығы  екенін  естігенде  қызға 

бірден ғашық болмайды. Бірақ оны  іздеп шығады, себебі ол қыз  – Қозының 

ҽкесі атастырып қойған «заңды» қалыңдығы. Ҽуелде ол қалыңдығын кҿргісі 

келеді,  оған  қызығады,  алайда,  ҽлі  есін  жоғалтқандай  ғашық  емес.  Баян 

туралы  жол  бойы  ҽркімнен  естіген  сайын  ынтыға  тҥседі.  Тек  қалыңдығын 

іздеп  жҥріп,  қиналғанда,  шаршаған  тҧста  қызығушылық  енді  іңкҽр  сезімге 

айналады. Бірақ ҽлі ғашық емес. Тек Баянды кҿргенде ғана оны махаббат оты 

шарпып,  ол  қызды  ынты-шынтымен  сҥйеді,  ғашықтық  сезімге  оранады. 

Қозының  осы  сезімін  жырдың  ҿзі  де  екі  кезеңге  бҿледі.  Баянға  жолыққанға 

дейін ол «айдай Қозы» деп аталса, екінші кезеңде «ер Қозы» деп аталады. 

Баян  Сҧлу  да  Қозыға  ҽ  дегеннен  ғашық  болмайды.  Оған  Қозы  туралы 

жастайынан  Ай  мен  Таңсық  айтудай-ақ  айтқан.  Ҿзінің  атастырып  қойған 

жары екенін біліп, бір іздеп келер деп, іштей кҥтіп жҥргені рас, бірақ жігітті 

кҿрмейінше  қыздың  жҥрегі  лаулап  жанған  жоқ.  Егер  бҧрын  есімін  естіп, 

сырттай  білдірмей  кҥтіп  жҥрсе,  Айбастан  Қозының  жайын  естіген  соң  Баян 

енді  жҽй  қызығып  қана  қоймай,  Қозыны  бір  кҿруге  ынтық  болады.  Осы 

ынтызарлық  кҥшейе  тҥсіп,  жҥрегінде  от  тҧтатады.  Сонда  да  ол  Қозыны  ҽлі 

«сҥйікті жарым» деп емес, «ҽкем қосқан жарым» деп, оны тосып жҥреді. Тек 

Қозыны кҿргенде ғана оны махаббат сезімі еркінен  тыс билеп, қыз басымен 

ҧйықтап  жатқан  жігітке  ҿзі  баруға  мҽжбҥр  етеді.  Осыдан  кейін  ғана  екі  жас 

ҿздерінің  таза  сезімін  қорғайды,  ғашықтық  отына  кҥйіп,  соның  қҧрбаны 

болады... 

Осылай  адам  сезімін  сатылап,  біршама  дамыта  кҿрсету  –  жалғыз  бҧл 

жырдың ғана емес, жалпы романдық эпостың табысы, бҽлкім, бҧл ҽдебиеттің 

ҽсерінен болған шығар. Бірақ мҧнда ҽлі психологизм жоқ, ол фольклорға тҽн 

                                                

1

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1961. 2-т., 1-кітап. 367-б. 




 

368 


емес. Ғашықтық жырдың басты мақсаты – ерлікті емес, махаббатты жырлау, 

шайқасты емес, еркін сҥйіспеншілік ҥшін кҥресті дҽріптеу, сол себепті мҧнда 

ел  ішіндегі  бейбіт  ҿмір,  халықтың  тҧрмысы,  салт-ғҧрпы  молырақ  кҿрініс 

табады, кейіпкерлер соғыс алаңында емес, имандылық майданында айқасады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет