1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет65/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135
Алпамыс батыр 

 

«Алпамыс  батыр»  –  қазақ  фольклорындағы  классикалық  батырлық 

жырлардың  бірі.  Алпамыс  есіміне  байланысты  ҿзбекте  «Алпамыш», 

қарақалпақта «Алпамыс», қазақта «Алпамыс батыр» жырлары мен башқҧртта 

«Алпамша мен Баршын-Хылуу», татарларда «Алпамша» ертегілері    белгілі. 

Ал, алтайлықтарда «Алып Манаш» мифтік сипатты молынан сақтаған, ол VІ-

VІІІ  ғасырларда  қалыптасқан

1

.  Мҧнда  Алып  Манаштың  ҽкесі  Байбарақ 



«аспан мен жер жаралғанда, алғашқы орман мен шҿп пайда болған мезгілде 

ҿмір  сҥрген»  жҽне  оның  бейнесін  «екі  жауырынының  арасында  отыз  қҧлын 

ерткен  жылқылар  табыны  жайылып  жҥре  алады»

2

  деп  суреттейді,  жырда 



бҧдан  басқа  да    мифтік  тҥсініктің  ҽсерін  сақтаған  сюжеттер  мен  сарындар 

бар.  


«Алпамыс  батыр»  жырының  ҽр  халықтағы  нҧсқасына  «Алып 

Манаштың»    ҽсері  тиген  жҽне  «Алпамыс  (Алпамыш)»  пен  «Одиссейдің» 

жақындығы    да  кездейсоқ  емес,  олар  ежелгі  шығыстық  ертегілік  бір 

сюжеттен  пайда  болған

3

.    «Одиссей»  де,  тҥркі  халқына  ортақ  «Алпамыс 



батыр» жыры да батырлық ертегіден бастау алған.

4

  Орта Азия халықтарына 



ХІV-ХVІ  ғасырларда  қалмақтардың  жасаған  соғысы  кезінде  «Алып 

Манаштың»,  т.б.  кҿне  батырлық  жырлардың  сюжеттері  ел  жадында  қайта 

жаңғырып,  елге  рухани  қажеттілік  туған  соң  қаһармандық  эпос  жанрының 

негізінде  Алпамыс  жырдың  кейіпкері  ретінде  сомдалды.  Сондықтан 

«Алпамыс батыр» жырының пайда болу мерзімі туралы патриархальді-рулық 

қауымның ыдырауымен патриархалды-феодалдық дҽуірдің орнығу кезеңінде

5

 

немесе ХVІ ғасырда 



6

 деген пікірлер бар.  

Эпикалық  сюжеттің  негізін  –  ғажайып  туу,  қаһармандықпен

  ҥйлену 

жҽне ҽйелінің тойының ҥстінен шығу сарындары қҧрайды. 

Қаһармандық  эпостың  жанрлық  ерекшелігінің  ҿзі  сол  –  патриархалды-

рулық қоғамдағы батыр ел қорғаны.  

«Алпамыс  батыр»  жырының  барлық  нҧсқасында  дерлік  перзентсіздік 

зарын тартқан қарттардың бала тілеп, ҽулие-ҽнбиелерді аралауы, тілегі қабыл 

болған  олардың  баласы  ғажайып  туу  сарыны  бойынша  дҥниеге  келуі,  ана- 

сының тотем аңға («Алпамыс батырда» - қабылан, «Манаста» – жолбарыстың 

жҥрегі) жерік болуы тҧрақты орын алған. Ал, «Алып Манашта» перзентсіздік 

зары  мен  ғажайып  туу  жҽне  қаһармандықпен  ҥйлену  сарындарының  

                                                

1

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 218. 



2

 Алып-Манаш // Улагашев Н.У. Алтай-Бучай. Новосибирск, 1946. С. 79-80. 

3

  Жирмунский  В.М.  Тюркский  героический  эпос.  Л.,  1974.  С.  333.  Сондай-ақ  кезінде  И.В.Пухов 



«Алпамышты» «Алып Манашпен» салыстырумен шектелмей, бір кездері орта азиялық тҥркі халықтарымен  

қатар  тҧрып,  аралас-қҧралас  болғандықтан  саха  фольклорымен  де    ортақ  мифтік  сюжеттердің  бар  екеніне 

назар аудартқан. (Пухов И.В.  Враги героя в олонхо и в «Алпамыше» // Об эпосе « Алпамыш». Материалы 

по обсуждению эпоса «Алпамыш».  Ташкент, 1959. С. 206). 

4

  Толстой  И.И.  Статьи  о  фольклоре.  М.-Л., 1966.  С.69; Жирмунский  В.М.  Тюркский  героический  эпос.  Л., 



1974. С.117-348. 

5

 Боровков А.К. Героическая поэма об Алпамыше. Тезисы докладов и сообщений регионального совещания 



по эпосу «Алпамыш». Ташкент, 1956. С.7. 

6

 Жирмунский В.М.  Тюркский героический эпос. Л., 1974. С.145-153.  




 

331 


жоқтығы – бізге жеткен нҧсқалардың толық кҥйде жетпеуімен байланысты

1



Майкҿт-Сҧлтанқҧл нҧсқасында перзентсіздіктен зар илеген Байбҿрі мен 

Аналық ҽулиелерді аралап, жолдан шаршап, шеңгел арасында ботадай боздап 

жҥреді де: 

...Сол уақыттар болғанда 

Топ қараған қасынан 

Бір шеңгелдің басынан 

Иіліп келіп бір шыбық 

Маңдайынан тіреді. 

Жазайыншы дегенше 

 

Екі елі батып кіреді. 



Қан шыққан жоқ онымен, 

Кереметті екен деп, 

Ақылмен ойлап біледі

2

, – 



 

деген жолдарда ҿсімдікті қасиетті деп таныған сенімнің кҿрінісі бар. Шеңгел 

тҥбінде ҧйықтап жатқанда Баба Тҥкті Шашты Ҽзіз аян беріп, олардың тілегі 

қабыл  болатынын  айтады,  яғни  болашақ  кейіпкердің  ерекше  жаратылыста 

тҧлғалануын  тҥсіндіруде  бҧл  сарындар  ҽуелі  партеногенезис,  содан  кейін 

аруақтың  араласуы  бір-бірін  толықтырып,  тарихи  кезеңдік  қабаттардың  

сатылы кҿрінісі жасалған. 

Ғажайып  туу  сарыны  қолданылған  соң  ол  кейіпкердің  ерекше  болуы 

тҥсінікті.  Алдымен  ол  бала  жасынан  ерен  кҥш  иесі  ретінде  танылады. 

«Алпамыс  ойнауға  бала  таба  алмай,  жалаңдап  келе  жатып,  бір  ҿрмек  қҧрып 

отырған  кемпірдің  қасында  ҧйықтап  жатқан  баланы  кҿріп:  –  ей,  бала,  тҧр, 

ойнаймыз,  –  деп  тҥртіп  қалса,  бала  ҧрғанын  кҿтере  алмай,  ҿліп  қалды»

3



Сонда кемпір: «Баламды жалғыз менің ҿлтіргенше, Алсайшы Гҥлбаршынды, 



қу жҥгірмек», – деп, Алпамыс ҿзінің атастырылған қалыңдығының бар екенін 

ҽдеттегідей сырт адамнан естіп, біледі.  

Қазақ  тҧрмысында,  жалпы  тҥркі  халқында  ежеқабыл  салты  болған, 

соның  ҿзінде  архаикалық  жырларға  кейіпкер  мен  оның  қалыңдығының  бір 

мезгілде туылу сарыны тҽн

4

. Сол фольклорлық дҽстҥр бойынша Алпамыстың 



Алпамыстың ҽкесі Байбҿрі мен Гҥлбаршынның ҽкесі Байсары балалар тумай 

тҧрып, қҧдаласып, екеуі де бір мезгілде сҽбилі болады. 

 Алпамыс: 

Атса, мылтық ҿтпеді, 

Шапса, қылыш кеспеді... 

Суға салса, батпады

5



 



Кейіпкердің  мҧндай  қасиетті  болуы  -  ҽлемдік  фольклорлық  сарын. 

                                                

1

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 216. 



2

  Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 93-б. 

3

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 100-б. 



4

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974.  

5

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 127-б. 




 

332 


Мҽселен,  ежелгі  грек  мифологиясында  Ахилл,  қырғызда  «Манас»,  т.б.  бар. 

Қазақтағы «Еркем Айдар» ертегісінде қарындасы ағасына «атса – оқ ҿтпесін, 

шапса  –  қылыш  кеспесін»  деп  тілек  айтады,  бҧл,  бір  жағынан,  сҿз 

магиясымен  байланысты.  Бірақ  оның  мҽні  тереңде  екендігі  Ахиллді  мҽңгі 

ҿлмейтін  еткісі  келген  шешесі  Фетиданың  жасаған  ҽрекеттерімен  тҥсінікті 

болады.  Ол  Ахиллді  тҥні  бойы  отқа  қақтап,  кҥндіз  денесін  амброзиямен 

(ежелгі  грек  мифологиясында  қҧдайларды  ҿмір  бойы  қартайтпайтын,  мҽңгі 

ҿлмейтін  қасиет  ҽкелетін  хош  иіс)  сылайды.  Тағы  бір  нҧсқада:  мифтік 

ҧғымдағы ҿлілер ҽлеміндегі Стикс ҿзеніне шомылдырғанда Ахиллдің ҽкесі – 

Пелейдің кесірінен ҿкшесі суға тимей қалады – оның ең осал жері сол болып 

қалады. Бҧдан соң Фетида баланы Хирон атты кентаврдың тҽрбиесіне береді, 

ол оны арыстанның, аюдың, қабанның ішкі қҧрылысымен тамақтандырады

1



Демек  кейіпкердің  отқа  салса  да,  суға  салса  да  ҿлмейтін  қасиеттілігі  мен 



батырдың  анасының  тотем  аңдарға  жерік  болып,  кейіпкердің  арыстандай 

айбатты,  жолбарыстай  қайратты  болуының  тҥп-тегінде  батырды  мҽңгі 

ҿлмейтін қасиетте  таныту бар. Ел қорғаны болған кейіпкердің  жыр соңында 

«мақсат-мҧратына жетіп, бақытты ғҧмыр кешетіні» айтылады. Бҧл батырдың  

тек  қана  елдің  жауын  мҧқатып,  шаруаны  тындырып  келуімен  байланысты 

болмаса керек, мҧндай  бақытты сҽттіліктің мҽні  – оның  ешкімнің қолынан 

ҿлместей  болып  жаратылған  ерекше  қасиеттілігінде  екендігі  айқындалады. 

Фольклордағы  мҽңгі  ҿлмейтін  су  іздеу,  мҽңгі  ғҧмыр  кешуге  тілек  білдіру 

сарындары осындай ежелгі тҥсініктердің салдарынан енгізілген. 

Манас  та    осындай  ерекше  қасиетте,  ол  да  «отқа  жанбайды,  балта  

шаппайды, садақ  ҿтпейді». Ал, Алып Манаштың мҧндай ерекшелігі одан да 

кҿнелеу тҥсінікпен суреттелген, яғни оның тамырында қаны жоқ, ҿлуге жаны 

жоқ

2

.  Қазақ  фольклорында  батырлардың  немесе  ешкімге  бой  бермес 



дҽулердің  (алып)  жаны  басқа  жерде  болуын  бір  жағдаймен  тҥсіндіруге 

болады,  яғни  ондай  ерекше  жаратылған  олардың  жаны  тҽннен  бҿлек  жерде 

сақталады деген тҥсінік болған

3



Алпамыс  қалыңдығын  алып  келу  ҥшін  жолға  шығады.  Ежелгі  дҽуірде 

жасҿспірім кҽмелеттік сынақтан ҿткен соң ғана ересектер қатарына қосылып, 

ҥйленуге  қҧқы  болған.  Осы  сапарда  ол  ҿзінің  алғашқы  ерлігін  жасайды. 

Сондықтан    ҿзіне  лайық  ат  таңдайды.  Ерекше  кейіпкердің  аты  – 

Байшҧбардың  да  ерекшелігі  танылады.  Ол  ат  жырда  «Бір  кҥн  шапса  шҧбар 

ат, Айлық жер алып береді»

4

 деп суреттелген.  



 

«Айналайын, Шҧбар ат,  

Қолтығыңда бар қанат»

5

, – 



 

деген  Алпамыстың    екі  рет  айтқан  сҿзі  бар,  бҧдан  жырдың  бҧрынғы 

                                                

1

 Мифы народов мира. М., 1987. Т.1. С. 137. 



2

 Алып Манаш // Улагашев Н.У. Алтай-Бучай. Новосибирск, 1941. С. 82. 

3

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 55. 



4

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 102-б. 

5

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т, 112-б.; 158-б. 




 

333 


нҧсқаларында Байшҧбардың қанатты ат болған хабары білінеді

1

Мифтік сипаттағы аттың бейнесі «Алып Манашта» жақсы сақталған. Ол 



аттың  ерекшелігі  –  оның  тҧяғы  тиген  жерден  қайнап  жатқан  кҿл  пайда 

болады,  таудың  ҥстінен  ҿтсе  –  ол  жазық  далаға  айналады.  Ақ  ханның 

ауылына  жақындағанда  оң  қҧлағымен  –  аспанды,  сол  қҧлағымен  жерді 

тыңдап, Алып Манашқа бҧл жолдың қатерлі екенін болжайды. 

Алып Манаштың ақсҧр атының тағы бір ерекшелігі – қҧбылушылық. Ол 

иесіне  осы  сапардың  қиындығы  туралы  айтқан  соң  ҿзі  жҧлдызға  айналады. 

Ат жылағанда оның кҿз жасы аспаннан жаңбыр болып жауады. Алып Манаш 

тоқсан  сажын  шҧңқырда  жатқанда  иесіне  кҿмектесу  ҥшін  қылға  айналады. 

Аттың  қҧбылушылығы  кейін  де  орын  алған.  Алып  Манаш  ауылына  қайтар 

жолында    қарт  тас-тарақай  (тазша)  бейнесіне  тҥскенде  ат  жерге  аунап, 

мҽстекке айналады. 

«Алып  Манаш»  жырында  аттың  жасаған  кҿмегі  кҿп.  Ол  иесіне 

кҿмектесу  ҥшін  бҽйтерекке  келіп,  оның  қайрат  беруін  сҧрайды.  Бҧл  ежелгі 

дҽуірде  бҽйтеректің  ҽлем  ағашы  ретіндегі  қасиетін  танытады.  Бҽйтеректің 

жанында  ҧйықтап  кетіп,  ат  тҥс  кҿреді  де,  тҥсінде  Алып  Манашқа  қалай 

кҿмектесу  керектігін  біледі.  Содан  Кҥлерби  ханның  еліндегі  қасиетті  суды 

(кҿбік)  іздеп,  ол  жерге  барғанда  ҿзі  қылға  айналып,  ешкімге  сездірмей, 

ҧртына  толтырып  алып  келеді.  Ол  судың  жартысын  иесіне,  жартысын  ҿзі 

ішіп,  екеуінің  де  кҥш-қайраты  артады.  Осыдан  соң  иесін  шҧңқырдан  алып 

шығу  ҥшін  ҿзінің  қҧйрығын  салады,  мифтік  сипаттағы  аттың  қҧйрығы  да 

ерекше,  ол  –  созылмалы  болып  шығады.  Міне,  осы  тҧста  ҿзбектегі  

«Алпамыш» 

жырындағы 

Байчибардың 

Алып 

Манаштың 



атымен 

салыстырғандағы  ҧқсас  бір  мифтік  қасиеті  кҿрінеді.  Бірақ  ол,  бҽрібір,  Алып 

Манаштың  атының  қасиетін  тҥгел  қайталамайды,  яғни  Алпамышты 

зынданнан  аттың  ҿзі  алып  шықпайды,  бҧл  арада    қалмақ  ханының  қызы 

араласады.  Кейіннен  қосылған  мҧндай  ҿзгеріс  қазақтағы  «Алпамыс  батыр» 

жырында да бар.  

Алпамыстың      нақты  тарихи  тҧлға  болғаны  туралы  ешқандай  мҽлімет 

жоқ, ол халық қиялынан туған фольклордағы қаһарманның жиынтық бейнесі 

болуы керек. Оның соғыс ҥстінде кҿрсеткен  бейнесі: 

 

Буырқанып, бҧрсанып, 



Мҧздай темір қҧрсанып, 

Ашуы қысты денені 

Айдаһардың тіліндей,  

Салса кеткен білінбей 

Қынабынан суырып, 

Қолына алды беренді,

2

 –  


 

деп  кҿрсетіледі.  Осы  орайда  қазақ  фольклорында  батырдың  жаны  –  оның 

                                                

1

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 149. 



2

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 105-б. 




 

334 


қаруында екендігі айтылатынын ескеру керек. Атап айтқанда, қылышта («Ҥш 

батыр»),  бҽкіде  («Бай  мен  баласы»),  семсерде  («Ҧшар  ханның  баласы»)  деп 

кҿрсетіледі

1

.  Мҧның  мҽнісі  –  темірден  жасалған  заттардың  магиялық  кҥші 



бар  деп  сенуде  жатыр.  Ал,  «мҧздай  темір  қҧрсанып»  деген  таныстыру 

батырдың  тҧтас  денесін  магиялық  сипатта  кҿрсетумен  сабақтас.  Алып 

Манаш    Ақ  ханның  еліне  барар  жолда  ҿзін  кең  дариядан  ҿткізген  қартқа 

«егер  садағымды  тат  басса  –  ҿлгенім,  ал,  ҿлмесем  –  бҧл  кҥндей  жарқырап 

тҧрады»  деуі  батырдың  жаны  мен  оның  темірден  жасалған  қаруының  бір  

ҧғыммен байланысқанын танытады.  

Қазақ  жырында  Гҥлбаршын  эпикалық  дҽстҥрге  лайықты  бейнеленген. 

Ол рухы биік адал қалыңдық, адал жар, ал, ҽйел ретінде нҽзік. Алпамыс оған 

шынайы тҥрде қорған

2



Ҿзінің  атастырылған  қалыңдығы  сҧлу  Гҥлбаршынды  алып  келгенінде 

ҽкесі  қалмақтың  ханы  Тайшықтың  бар  малды  алып  кеткенін  айтады.  Бірақ 

батыр  ҽке  малын  тҥгендеуші  ғана  емес,  ол  бҥкіл  ру  намысын  қорғайды. 

Рулық  қоғамда  ру  –  Отан  проблемасын  кҿтерген.  Сондықтан  Алпамыс  енді 

ел намысын қорғайды. 

Тайшық ҥшін  Алпамыстың оңай жау болмайтыны оның тҥс кҿріп, одан 

қатты қорыққанын: 

 

Қҧрсаулы қара нар келіп, 



Қарсы қарап шабынды. 

Кҿзімнің жасы егілді, 

Қабырғам менің сҿгілді,

3

 –  



 

деп баяндайды. 

Жырдың  бҧл  екінші  бҿлімінде  Тайшық  хан  Алпамыстан  қорқып, 

кҿмектесетін  адам  іздейді.  Кҿрген  тҥсті  болдырмау  ҥшін  ҽрі  батыр 

сапарының  оңай  еместігін  білдіру  мақсатында    жау  жаққа  кҿмектесуші  

мыстан  кемпір  кіріктірілген.    Жырда  мыстан  деп

4

  аталғанымен,  оның 



жырдағы  қызметі  хикаялық  кейіпкер  –  жалмауызбен  ҥндес.  Фольклорлық 

шығармаларда,  атап  айтқанда,  «Дотан  батырда»  жалмауыз  кейіпкердің 

ағаларын  да,  ҿзін  де  жҧтып,  қайта  шығаруға  мҽжбҥр  болған.

5

  Алпамыстың 



аты да Дотанның аты сияқты жалмауыздың адамға қас ниетте екенін бірінші 

болып  сезеді. Ол жырда: 

 

Байшҧбарға мінбекке 



Дҧшпан зҽлім, қу мыстан, 

Оңтайланып келеді. 

                                                

1

 Ертегілер. Алматы, 1988. 2-т., 112, 93, 63-б.  



2

 Смирнова Н., Сыдыков Т. О казахских версиях «Алпамыса» // Алпамыс-батыр. Алма-Ата, 1961. С. 436. 

3

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 119-б. 



4

 Фольклорлық шығармаларда жалмауыз кемпір мен мыстан кемпір образдарының ерекшеліктері мен 

кҿрсететін қызметтерінің айырмашылықтары туралы С.А.Қасқабасовтың “Казахская волшебная сказка» 

(Алма-Ата, 1972) атты еңбегінен кеңірек танысуға болады. 

5

 Батырлар жыры. Алматы, 1961. 2-т. 148-149-б.  




 

335 


Адамнан есті жануар 

Қос аяқтап тебеді,

1

 -  


 

деп  берілген.  Ендеше  «Алпамыс  батыр»  жырындағы  мыстан  кемпірдің  жай  

тҧрмыстық  деңгейдегі    жамандық  жасаушы    емес,  адамзатқа  қас  екенін  ат 

ҿзінің қасиеттілігі арқасында сезе білген.  

Бірақ  тҥс  нақты  тҥрде  жҥзеге  асады,  яғни  қазақтың  «Алпамыс  батыр» 

жыры қалыптасқанда фатализм ҽлі ҿз кҥшінде болған. 

Мыстан  кемпірдің  қолынан  келмейтіні  жоқ,  ол    қаншама  айлалы  болса 

да,  Алпамыстың  ажалы  жоқ  екені  белгілі  болады.  Мыстан  кемпірдің 

Алпамысты  қулықпен  мас  қылып,  ҧйықтатуы  батырдың  магиялық  ҧйқы 

сарынының  ҿзгеріске  тҥскен  тҥрі.  Мҧны  тҥсінуге  алтай  жыры  кҿмектеседі. 

Ол  жыр  бойынша  Алып  Манаш  Ақ  ханның  еліне  бару  ҥшін  кең  дария 

ҿзеннен  ҿткенінде  қалың  ҧйқыға  кетеді.  Мҧның  мҽнісі  –  ол  ҿзге  ҽлемге 

тҥскен,  соның  салдарынан  болған  магиялық  қҧбылыс.  Осы  себептен 

Алпамыстың  қалың  ҧйқысының  себебін  жҽне  ондай  батырлық  ҧйқының 

ҥстінде оған ешқандай зияндық жасалмайтынын тҥсінуге болады. 

Ақыры,  бҽрібір,  қандай  қиындық  кҿрсе  де,  кейіпкерлер  зынданнан 

шығып, жауды мҧқатқан соң еліне  келеді. Кҿнелік сипаты бар фольклорлық 

шығармаларда  Алып  Манаш  та,  Алпамыс  та,  жиырма  жыл  мҧхит  кезіп, 

сиқыршы Кирканың тҧтқынында бір жыл болып, одан да босап, елге келген 

Одиссей де ҿз еліне адам танымастай  кҥйде келеді. Ҿйткені, кейіпкерлердің 

мҧндай  сапары  олардың  «ҿліп-тірілгенін»  білдіреді

2

.  Демек  зындан  



кейіпкерлердің сынақтан ҿткенін білдіретін сынның ҿзгертілген тҥрі. 

Қазақтағы  «Алпамыс  батыр»  мен  ҿзбектегі  «Алпамыштың»  сюжеттік 

ҿзегі  ҽрі  композициялық  қҧрылымы,  негізінен,  бірдей

3

.  Екі  жырдың  да 



кейіпкері  батырлық  кҿрсеткенімен,  ҿзбек  нҧсқасында  романдық  сипаттар 

басым.


4

    


Қазақ  жырының мақсаты  айқын    –  жауға  қарсы  тҧра  алатын  қайратты, 

намысқой  батырды  жырлау.  Архаикалық  жырлардың  кейіпкерлері  некелік 

сынақ  кезіндегі  бҽйге,  садақ  ату,  мергендік  сайыстарына  қатысады,  ал, 

Алпамыс    қаһармандық  жырға  тҽн    шынайы  батыр  тҧлғасында  дҽріптелуі 

ҥшін  Гҥлбаршынды  қалмаққа  беріп  қоймай,  қалыңдығын  жаудан  азат  етеді, 

ҽрі  жауға қайрат кҿрсетеді. Ҿйткені, бҧл жырдың  пайда болуындағы тарихи 

ҥлкен  мҽселе  –  қалмақпен  соғыс  болған.  Сондықтан  жыршылар  жырды 

тудырғанда  некелік    сынақты  архаикалық  жырларға  ҧқсатпай,  бар  маңызды 

қалмаққа қарсы кҥшке аударған. 

     Алпамыс  Гҥлбаршын    туралы  естігенде  тоғыз-он  жаста  екені  айтылады. 

Яғни  қалмақпен  соғысқан  кезінде  ол  бала  батыр  типінде  кҿрінеді.  Соған 

                                                

1

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 122-б. 



2

 Қараңыз: Толстой И.И. Статьи о фольклоре. М.-Л., 1966. С. 67.; Жирмунский В.М. Тюркский героический 

эпос. Л., 1974. С. 55. 

3

 Қ.Жҧмалиевтің «Қазақ эпосы мен ҽдебиет тарихының мҽселелері» атты еңбегінде қазақ, ҿзбек, қарақалпақ 



нҧсқаларындағы кейбір ҧқсастықтар мен айырмашылықтар зерттелген.  

4

    Бҧл  туралы  1961  ж.  жарық  кҿрген  «Алпамыс-батыр»  кітабына  «О  казахских  версиях  «Алпамыса»  деп 



жазған Н.С.Смирнова мен Т.Сыдықовтың зерттеуі бар (434-436-беттер). 


 

336 


қарамай  қаһармандық  жырдағы  батырды  дҽріптеуге  сай  Алпамыс  қалмақ 

ханы  Қараманның  ҿзіне  де,  оның  ҽскеріне  де  бір  ҿзі  ҥрей  туғызады. 

Нҽтижесінде: 

 

Сҿйте-сҿйте Қараман 



Кесектеп қанды қҧсады. 

Ҧстады бала жағадан 

Айрылды хан бағадан

1

, – 



 

дегенге келтіреді. 

«Алпамыс  батыр»  жырында    әйелінің  тойының  үстінен  түсу  сарыны 

қолданылған.  Бҧл  сарын  «Алып  Манашта»  да,  «Одиссейде»  де  бар. 

«Алпамыста»  кҥңнен  туған  Ҧлтан  қҧл,  «Алып  Манашта»  батырдың  досы  

болған  Ақкҿбен  бас  кейіпкердің  ҽйелін  зорлықпен  алуға  ниет  қылып,  той 

қызығын  бастап  кетеді.    Ал  «Одиссейде»  ҥміткерлер  саны  –  бірнешеу. 

Мҧндай сарынның шығу тегінде ҽмеңгерлік салт жатыр. Одиссейдің алғашқы 

нҧсқасында  Пенелопадан  ҥміткерлер    иесі    жоқ  ҥйдің  тамағын  ішіп-жеуші 

дҿрекілер  емес,  олар  –  туысқандар.  Сондықтан  олар  Одиссейдің  ҥйінде 

болып, бір дастарқаннан тамақтанады

2

.  



 Одиссей алыс сапарға шығар кезінде «ҧлым ержеткенше кҥт» деп уақыт 

белгілеп кеткен, ал, Алпамыс дҽл осылай кесіп айтпай-ақ, «ҽйелімнің ішінде 

жеті  айлық  бала  қалып  барады,  ҧл  туса,  атын  Жҽдігер  қойыңдар»

3

,  –  дейді. 



Гҥлбаршын да, Пенелопа да кҥйеулеріне адалдығын сақтаған, ол туралы жыр 

мҽтіндерінде анық айтылады

4



Алпамыс Қаракҿзайымға ҥйленіп, Кейқуатты сол елге хан етіп қояды. Ҿз 



еліндегі  жағдайды  тҥс  кҿріп  біледі  де,  шҧғыл  жолға  шығады.  Одиссей  де 

ҽйелінің  тойы  туралы  естіп,  бір  кҥннің  ішінде  сиқырлы  кемемен  жетеді. 

Ақыры, ҿз ҽйелінің бҿгдемен некелесуіне жол бермейді. 

«Қорқыт  Ата  кітабында»  Бҽрік  Бану  Шешекке  неке  жҥзігінің,  Одиссей 

Пенелопаға  неке  тҿсегінің  ерекшелігін  айтып,  ҿздерін  танытқан.  Жҽне  бҧл 

шығармаларда батырдың ҿзінен басқа ешкім игере алмайтын садағы болады, 

зорлықшының  жариялаған  сайысында  сол  садақпен  ату  міндеттеледі.  Ал 

«Алпамыста»  Гҥлбаршын  «мына  диуананың  басындағы  лыпасы  болмаса, 

қҧдды  менің  еріме  ҧқсайды  екен-ау»,  –  деп,  Мапия  сақауды  бал  аштыруға 

жібереді


5

.  Сол  арада  Алпамыстың  Бадамшамен  айтысы  басталады,  ал, 

«Одиссейде»  мҧндай  айтыстың  болмауы  тҥсінікті,  грек  халқында  мҧндай 

жанр  жоқ,  ертеде  ҿшіп  қалған.  Демек  «Алпамыс  батыр»  жыры  сюжеттер 

қатарын  толықтыру  барысында  алдыңғы  сюжеттердің  сығымдалуының 

ҽсерінен  кейіпкер садағымен бақ сынасу қысқарған. Ҿйткені, бҧл кезде жыр 

бойынша  Ҧлтанқҧл  той  қызығын  бастап,  Жҽдігерді  кҿкпарға  салмақшы,  ал, 

                                                

1

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 114-б. 



2

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 327-328. 

3

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 118-б. 



4

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 162-б. 

5

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿп томдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т.  178-б. 




 

337 


Қарлығашты жамбының бҽйгесіне тіккен.  Бҧл бҽйгеде Қарлығаштан ҥміткер 

алпыс адамның оғы далаға кеткен де: 

 

Нҽубеті келіп Алпамыс 



Жамбыны атып салады. 

 

Осыдан  кейін  «бҽйгемді  бер»,  -  деп  Ҧлтанқҧлға  барады,  Алпамысты 



таныған  ол  қашпақшы  болады.  Алпамыс  оны  ҧстап,  баласы  Жҽдігер 

найзамен шаншиды, доптай теуіп домалатады, ақыры, итке жем болады.

1

   


Алпамыстың  ҧлы  Жҽдігер,  Одиссейдің  ҧлы  Телемах  ҽкелеріне  кҿмекші 

болып,  зорлықшыларды  ҿлтіруге  атсалысады.  Тек  Жҽдігер  ғана  емес, 

Алпамыстың  ҽке-шешесі  де,  қарындасы  да  ҿте  қиын  жағдайға  тап  болады. 

Одиссейдің  ҽкесі  Лаэрт  қарттың  да  тағдыры  осылай.  Ел  қорғанышы  болған 

бас  кейіпкердің  ҽкесінің  ҽлсіз  болып  кҿрсетілуі  –  жалпы  эпикалық  дҽстҥр

2



Расында  да,  жыр  бойынша  Жҽдігер  ҽкесі  жоқта  бейшара  кҥйге  тҥскен, 

Телемахтың  да  жастығы,  ҽлсіздігі  айтылады.  Бірақ  кҥш  кҿрсету  керек  сҽтте 

олар  қайраттанып  шығады.  Ал,  бҧл  жай  айтылмаған,  оны  Алпамыс  пен 

Одиссейдің  қиын  жағдайда  қалған  ҽкесіне  қамқор  болуымен  сабақтастырып 

қарасақ,  екі  арада  логикалық  байланыс  бар.  Бҧл  ҽр  ҧрпақтың  алдыңғы 

буынмен  салыстырғанда  кемелдене  тҥсуін  аңсаған  халық  мҧраты  екенін 

айғақтайды.  

Алпамыс  қалыңдығын  қорғауда  екіойлы  болмай,  қалмаққа  бірден 

аттанған. Бірақ  оның жолда: 

 

Ат қойып жалғыз барсам деп, 



Жазым болып қалсам деп, 

Артында кҿмек жоқтығы 

Ойына ердің келеді. 

Ата-анасын ойланып, 

Жалғыздық тҥсіп басына 

Кҿзінің жасын тҿгеді

3

, –  


 

деп  айтуының  мҽні  бала  –  батыр  ҿзіне  қымбат  шаңырақ,  ата-анасы  мен 

қарындасының  қорғаны  болған  соң  оларды  Аллаға  тапсыруымен  логикалық 

ҥйлесімділік жасалған.  

          Бҧл жалпы ислам дініндегі орта азиялық нҧсқалардың бҽріне тҽн. 

 

Тҥркістанда Қожахмет, 



Самарқанда палуан Ахмет, 

Бабай Тҥкті Шашты Ҽзиз, 

Қолыңа ал балаңды

1

, – 



                                                

1

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 280-281-б.  



2

 Гринцер П.А. Древнеиндийский эпос. М., 1974. С. 323. 

3

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 105-б. 




 

338 


 

дегені  жырдың  қалыптасуында  сол  кезде  ислам  дінінің  орнығуымен 

объективті  сана  ықпалымен  енген.  Халық  мойынҧсынған  сенімге  батыр  да 

қарсы  келмеуі  керек,  бҧлай  болмаған  жағдайда  елдің  сенімінен  шыға  алмас 

еді. Тіпті, Алпамыстың зынданнан шығуын жыршылар: 

 

Ғайып ерен, қырық шілтен 



Кҿтерді жерден қауғалап. 

Бабай Тҥкті Шашты Ҽзиз 

Келе жатыр аймалап

2

, -  



деп пірлермен байланыстырған. Сонда мҧндай ҿзгеріс мифтік аттың қызметін 

ығыстырған болып шығады. 

Қҧлтай  баба  бейнесі  алғашқы  тҥрдегі  нҧсқаларда    малшы  болса,  кейін 

сол отбасының толық мҥшесі ретінде кҿрінуі рулық-патриархальді қоғамның 

ерекшелігімен  сіңісті  болған.  Осындай  жағдайларды  ескергендіктен  қазақ 

жерінде ХVІ ғасырда қалыптасты деп есептелетін қоңыраттық нҧсқаға дейін 

қазан  татарлары  мен  башқҧрт  ертегілеріне  ҧқсас  аңыздаудың  ежелгі  тҥрі 

болған деген болжау жасалған

3



Алып  Манаш  терең  шҧңқырда  жатып  қаздың  қанатына  хат  жазып,  елге 



хабар  жібереді.  Бҧл  «Алпамышта»  да  бар.  Қазақ  жырларының  тҧтас  кҥйде 

қалыптасқан  нҧсқаларында  қолданылмаған  бҧл  сарын  Ҽ.Диваев  жариялаған 

«Алып  Алпамыстың»  прозалық  тҥрінде  бар.  Сондай-ақ  Алпамыс  қаруының   

иесінің  жанымен  байланысты  екендігі  айтылмауы  жыршылардың  «мҧздай 

темір қҧрсанып» деген таныстыруы енген соң ығыстырылған болуы мҥмкін. 

Бҧл жағдайлар кеңестік дҽуірде жинақталып жеткен қазақ нҧсқаларына дейін 

кҿне тҧтас жырдың болғанын жҽне оның бҿлшектенгенін білдіреді. 

«Алпамыс  батыр»  жырының  халық  арасындағы  ықпалы  тарихи 

дҽуірлердің  бҽрінде  белсенді  болған.  Соның  ықпалымен    Алпамыстың 

немересі, Жҽдігердің екі ҧлы – Жапарқҧл мен Алатайға арналған жыр

4

 қазақ 


еліне  Ресейдің  қанаушылық  саясаты  жҥргізілуіне  байланысты  туған.  Мҧнда 

Жапарқҧл  –  хан,  Алатай  батыр  болып  сомдалған.    Сҿйтіп,  белгілі  жыр 

шежірелік  тҧтастануға  тҥскен.  Бҥгінгі  кҥнде  белгілі  «Алпамыс  батыр» 

классикалық  жырларға  тҽн  кҿркемдік  дҥниеге  айналған.  Ол  тарихи  сана 

бойынша ҽр дҽуірде халық санасында жаңғырып,  кҿне сарындар мен кейінгі 

замандардың ықпалымен енген жағдайлар  бір-бірін толықтырып, қажетінше 

екшеліп,  жырдың  классикалық  дамуына  жағдай  жасалған.  Нҽтижесінде 

«Алпамыс  батыр»  жырында  ғҧмырнамалық  тҧтастану  жҥзеге  асқан.  Бҧл 

классикалық  қаһармандық  жырға  сай  бала  батырлық  ойын  кҿрсетуден 

бастап, ерлікпен ҥйлену, Тайшық ханды жеңуі – ғҧмырнамалық тҧтастануды 

қҧраған негізгі жағдайлар. 

                                                                                                                                                       

1

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 106-б. Ескерту: Баба Тҥкті Шашты 



Ҽзизге табыну мҧсылман діні орнағанға дейін басталған. 

2

 Қазақ халық ҽдебиеті: Кҿптомдық. Батырлар жыры. Алматы, 1986. 2-т. 140-б. 



3

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 182. 

4

 ОҒК қолжазба қоры. 423-бума. 1-дҽптер. 




 

339 


Фольклор  заңдылығына  сай  бҧл  жыр  бірнеше  нҧсқада  жасалып,  кең 

тарап,  жыршылардың  шығармашылық  ерекшелігіне  байланысты  кемелденіп 

отырды. Мҽселен, Қҧлтай бабаның: 

 

Бедеу аттың бестісі-ай, 



Адамның азбас естісі-ай, 

Қайда кетіп барасың, 

Қарағымның артында, 

Аманат қойған ешкісі-ай

1

, -  


 

деп зарланып айтатын сҿзі басқа тҥркі нҧсқаларында кездеспейтін сурет.   

Қорыта айтқанда, «Алпамыс батыр» жыры ежелгі дҽуірлерден басталған 

аңыздауларды жинақтау арқасында сюжеттердің қатарын молайтып,  тарихи 

жағдайларға  орай  рухани  қажеттіліктен  орта  ғасырлық  оғыз  нҧсқасы  мен 

қалмақтардың  соғысымен  байланысты  жырларды  қайта  жаңғыртып, 

дамытып отырған.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет