1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет67/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Едіге 

 

Алтын  Орда  мемлекетінің    соңғы  кезеңінде  ҿмір  сҥрген  белгілі  ҽмір, 

дарынды  ҽскери  қолбасшы,  кҿрнекті  қайраткер  Едіге  (1340-1419)  туралы 

халық  жырларын  зерттеген  бҧрынғы-соңғы  ғалымдар  ондағы  оқиғалардың 

желісі  тарихпен    ҥйлесіп  те,  ҥндесіп  те,  тіпті,  тіндесіп  те  жататындығын 

бірауыздан мойындаған

2

.  


Белгілі ғалым Б.Кенжебаев  «Едіге» жырының екі тҥрлі ерекшелігін атап 

ҿтеді. Оның байқауынша, алдымен, «Едіге» жырында тарихи шындықтар бар, 

екіншіден,    «онда  қазақтың  басқа  батырлар  жырында  сирек  кездесетін 

бірсыпыра миф-ертектер, легенда-ҽңгімелер» бар

3

.  


«Едіге  батыр»  жырының  бір  тамаша  жері  –  онда  тарих,  тарихи  оқиға, 

тарихи  адамдар  аттары  ҽрі  кҿп  ҧшырайды,  ҽрі  азды-кҿпті  дҧрыс  сақталған. 

Тарих,  тарихи  оқиға,  тарихи  адамдар  аттары  қазақ  халық  батырларының 

басқа ешқайсысында  да «Едіге батыр» жырындай кҿп, дҧрыс кҿрсетілмеген 

деуге болады. Ҿйткені, «Едіге батыр» жырындағы Едіге, Тоқтамыс, Сҽтемір, 

Нҧрҽлін,  Қадырберді,  тағы  басқа  адамдар  болсын,  осылардың  арасындағы 

қарым-қатынас,  ҽңгіме,  соғыс,  аударыспақ  болсын,  бҽрі  де  шын  болған, 

тарихи  адамдар,  тарихи  оқиғалар»

4

  деп  тҥйіндейді  Б.Кенжебаев.  Дҧрыс-ақ. 



Бірақ  біз  Едіге  туралы  жырлардың  нҧсқалары  ҿзара  айырмашылықта, 

сонымен бірге  осы жырдың поэтикалық бітімі дҽстҥрлі қаһармандық эпостан 

                                                

1

 Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925. С. 62. 



2

 Қараңыз: Валиханов Ч.Ч.Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата, 1961. Т.1. С.197,201;Потанин Г.Н. 

Тюркская сказка о Идыге //Живая старина.СПб, 1898. Вып ІІІ-ІҤ.С.294-350; Диваев А. Мурза Эдыге батыр // 

Сборник  материалов  для  статистики  Сыр-Дарьинской  области.  Том  V.  Ташкент,  1896.  С.12-32;  

Мелиоранский П.М. Сказание об Едигей и Токтамыш // Записки Императорского Русского Географического 

Общества  по  отделению  этнографии.  Приложение  к  тому  ХХІХ.  СПб.,1905;  Ҽуезов  М.  Едіге  батыр 

ҽңгімесінің мҽнісі // Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Алматы, 2001.4 -т. 63-65-б; Сейфуллаҧлы 

С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932.155-159, 183-186-б; Маргулан А. «Едыге» и «Орак-Мамай» //Литература 

и  искусство  Казахстана.  1940.  №2.  С.92-97;  Кенжебаев  Б.  «Едіге  батыр»  жыры  туралы  //  Ҽдебиет  жҽне 

искусство.  №7-8.  1940.  91-97-б;  Жҧмалиев  Х.  Қазақ  ҽдебиеті.  Орта  мектептердің  8-класына  арналған  оқу 

қҧралы.  Алматы,  1942.69-80-б;  Бартольд  В.В.  Сочинения.  Том.  ІІ.  М.,  1963.С.797-804;  Жирмунский  В.М. 

Тюркский героический эпос. Л., 1974. С.351-386; Бердібай Р. Алғысҿз //Едіге батыр. Алматы,1996. 3-50-б; 

Мағауин  Е.Ел  қамын  жеген  Едіге.  Алматы,  1996;  Қасқабасов  С.Тҧтастану  –  фольклор  поэтикасының 

заңдылығы // Қазақ фольклорының поэтикасы. Алматы, 2001. 17-27-б.  

3

 Кенжебаев Б. «Едіге батыр» жыры туралы // Ҽдебиет жҽне искусство. №7-8. 1940. 93, 95-б. 



4

 Сонда.  93-б. 




 

350 


да  ҿзгешелікте  екендігін  байқаймыз.  Мҽселенің  бҧлай  болуы  –  жырдың 

қалыптасу  стадиясына,  жанрлық  тҧрпатына,    тіпті,  тарихи  оқиғаның  ізі 

суымай жатып пайда болған кенже эпос екендігіне байланысты болса керек. 

Атап  айтар  болсақ,  ғылымда  классикалық  деп  саналған  Ш.Уҽлиханов 

нҧсқасы    тарихи  жырға  мейлінше  жақын,  ал,  Мҧрын  Сеңгірбайҧлы  мен 

Нҧртуған  Кенжеғҧлҧлы  нҧсқасы  қаһармандық  эпосқа,  Г.Н.Потанин

1



Ҽ.Диваев



2

 пен А.Белослюдовтың

3

 қара сҿз нҧсқасы хикая-ертекке жатады.  



Мҽселен,  Ш.Уҽлиханов  нҧсқасында  Алтын  Орда  мемлекетінде  ҿріс 

алған  саяси  шиеленістер,  ордадағы  тақталастың  азапты  ақыры  трагедиялық 

шешіммен суреттеледі. Шынын айтқанда, қазақтың басқадай ешбір жырында 

ордадағы  талас-тартыс,  хан  мен  бидің  текетіресі,  яғни  ақсҥйек 

алпауыттардың  билік  ҥшінгі  бітіспес    қақтығысы  мҧндай  дҽрежеде  ҽңгіме 

болмайды  да.  Ҽрине,    бҧл  эпикалық  дҽстҥрде  сирек  кездесетін  соны  сипат 

еді.  Жырдың  негізгі  кеңістігі  –  Тоқтамыс,  Едіге,  Сҽтемір  (Шах  Темір) 

ҥшеуінің  ортасындағы  геосаяси  ойынның  алаңында  ҿрістейді.  Тақырып 

ауаны  сарайдағы  саяси  тартыс  болғандықтан  жырда  кҿшпелі  мемлекеттік 

дҽстҥрде  қолданылатын  символдар  да  шешуші  мҽнге  ие  болып  отырады. 

Жырда  эпикалық  дҽстҥрдегі  Отанға  кҿзалартқан    сыртқы  жау  мҥлде    жоқ, 

керісінше  «бір  жҧрттың  ішіндегі  екі  мықтының  тайталасы  ҽңгімеленетін»

4

 

болғандықтан  оқиғалар  ҽдеттегідей  динамикалық қарқынмен  ширығып,  ҿріс 



ала  алмайды,  сол  себептен  бҧнда  рҽміздер,  тҧспалдар,  психологиялық 

шендестірулер  ҥлкен  қызмет  атқарады.  Ҽлбетте,  қаһармандық  жырда  батыр 

сыртқы  жауды  қуады,  жеңіске  жетеді,  нҽтижесінде  елін  бақытқа  кенелтеді. 

Ал,  біз  талдап  отырған  нҧсқада  керісінше  –  Едіге  ҿз  елінен  безінеді,  бҿтен 

жҧрттың  патшасы  Сҽтемірді  паналайды,  қайтадан  келіп,  ҿз  ҽміршісін 

жаулайды. Жырдың нақтылы тарихи шындықпен қабысып тҧрған бір тҧсы да 

осы  болса  керек.  С.Сейфуллин  «Ҿзге  батырларды,  мысалы,  Қобыланды 

батыр,  Шора  батыр,  Ер  Тарғын,  Қамбар  батыр,  Алпамыс  батырларды 

дҽріптеп,  батыр  атап,  жыр қылғанда    сол  заманда  Ноғайлы  елінің жауласып 

жҥрген бҿтен дінді «кҽпір» елдерімен, «қалмақ елдерімен» соғысып, соларға 

қайрат  кҿрсетіп,    бҿтен  жауды  жеңгендерін  айтып  ҽңгімелейді.  Ал,  Едігені 

дҽріптеп,  батыр  қылып  мақтағанда    Ноғайлының  ҿзінің  ҧлы  ханы  саналған 

Тоқтамыс  ханды  қуып,  орданы  басып  алып,    Тоқтамыстың  Кҽнікей,  Тінікей 

атты  екі қызын алғанын айтып батыр қылады. Бір ханды қуып, оның орнына 

екінші тҿрені хан қылу тарихта, ҽсіресе, Алтын Орда, Ноғайлы тарихында аз 

болмаған  іс»

5

  деп  жазады.  Қайнаған  тарихи  оқиғаны  кҿзімен  кҿрген  ҽу 



бастағы  жырлаушы  да  басқаша  айтып,    ҿтірікші  бола  алмаған  секілді. 

Ҿйткені, жырда эпикалық уақыт дҽстҥрлі бақытты тҥйінмен тҧйықталмайды, 

керісінше трагедиялы халде аяқталады. Мҽселен, бас кейіпкер Едігені ҿз ҧлы 

                                                

1

 Потанин Г.Н. Тюркская сказка о Идыге // Живая старина.СПб, 1898. Вып ІІІ-ІҤ.С.294-301, 312-313; 



2

  Диваев  А.  Мурза  Эдыге  батыр  //  Сборник  материалов  для  статистики  Сыр-Дарьинской  области.  Том  V. 

Ташкент, 1896. С.12-32; Мырза Едіге батыр // Едіге батыр. Алматы, 1996. 118-132-б.  

3

  Белослюдов  А.  Идыге-би  и  Токтамышь  //  Записки  Семипалатинского  подотдела  Западно-Сибирского 



отдела Императорского Русского Географического Общества. Вып Х. Семипалатинск, 1915. С. 14-19. 

4

 Бердібаев Р. Эпостанудың ҽдістемелік мҽселелері // Қазақ фольклорының тарихилығы. Алматы, 1993. 32-б. 



5

 Сейфуллаҧлы С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932. 185-б. 




 

351 


Нҧралын қаһарланып, кҿзін шығарып, қолын сындырады. Тоқтамыстың ҧлы 

Қадырберді  ҽкесінің  кегін  қайтарғалы    соқыр  Едігенің  кеудесіне  мініп,  ҥш 

секіріп,  масқаралап,  содан  кейін  ҽкелі-балалы  екеуі  қорланып  ҿлгенін  жыр 

айтады


1

.  Арғы  тегі  перімен  байланыста  делініп  дҽріптеліп  отырған  Едігеге 

ақырында  осылайша  кҥдік  келтіріп,  жыр  аяқталады.  Яғни  Едіге  эпикалық 

мінсіз кейіпкер емес, ол ҧлы хан Тоқтамыспен билікке,  ҿз ҧлы Нҧралынмен 

қызға  талас  қылған  пенде  ретінде  суреттеледі

2

.  Ҽрине,  жырда  тарихи 



оқиғаның  ірі  қаңқасы,  ҧлы  соқпақ-сҥрлеуі  бейнеленгенімен,  ол  тарихтың 

дҽлме-дҽл  кҿшірмесі  емес,  керісінше,  тарихқа  халықтың  берген  бағасы, 

ҽдетте, бҧл мақсат  эпикалық кҿркем дҽстҥр аясында орындалады. Мҽселен, 

Тоқтамыстың  ҧлы  Қадырберді  Едігені  шайқаста  ҿлтіргені  туралы  деректер 

бар

3

.  Бірақ  бҧл  шындық  жырда  поэтикалық  дҽстҥрге  сай  ҿрнектеледі: 



Қадырберді  соқыр  Едігенің  кеудесіне  мінеді,  намысына  тиеді,  содан  ол 

қорланып,  ҿмірден  ҿтеді.  Тегінде,  Едіге  билікке  келгеннен  кейін  Алтын 

Ордаға  белгілі  уақытта  тыныштық  орнатқаны  да,  «жасақ    пен  тҿре»

4

  деген 



ҽйгілі  заң  шығарып,  ҽділетті  би  болғаны  да,  балаларды  қҧлдыққа  сатуға 

тыйым  салып,

5

  ҽжептҽуір  озық  реформалар  жҥргізгені  де    тарихи 



жылнамаларда  кҿрініс  тапқан.  Сондықтан  да  жыр  Тоқтамыс  пен  Едігенің 

тартысын  кеңірек  шеңберде    қарағанда  «ҽділетсіз  хан  мен  ақылды  би» 

арасындағы  кҥрес  ретінде  сомдайды.  Қарадан  туып,  «ел  қамын  жеген» 

Едігені  азуы  алты  қарыс    ақсҥйек    Тоқтамысқа  қарсы  қою  ҥшін  оның  тегін 

кҥшейту мақсатында аққу  кейпіндегі періден туған етіп те суреттейді. Едіге 

билікке  жеткен  кезде  де  қарадан  туғандықтан  хан  болуға  хҧқығы  болмаған, 

сол  себептен  ол  ҿзіне  қолайлы  тҿрелерді  алма-кезек  таққа  отырғызып, 

сыртынан  басқарған.  Тарихи  Едігенің  де,  оның  ҧрпақтарының  да  ханның 

тҧқымымен  қаншама  арпалыса  алатын  алғырлығы  болғанымен,  басты  міні 

осы  еді.  Сол  себептен  де  Едігенің  аңыздық    тҧлғасын  жасаған  жыршы  да, 

кезінде қолдап, соңынан ерген халық та   сҥйікті ерінің тҥпкі тегін  перімен 

немесе  ислам ҽулиесі Баба Тҥкті Шашты Ҽзизбен байланыстыруы

6

 – ежелгі 



мифтік  тҥсініктерге  арқа  сҥйегендік  еді.  Шынтуайтында,  жырдың 

тарихилығын  мҥлде  басқа  арнаға  бҧрып,  кҿркемдік  міндет  атқарып  тҧрған 

осы  мифологиялық  сарындар.  С.Сейфуллиннің  тілімен  айтқанда,  осынау 

                                                

1

 Едіге. Текстологиясын қарап, баспаға ҽзірлеген, алғы сҿзін, соңғы сҿзін жазған Е.Мағауин. Алматы, 1993. 



59, 63-б. 

2

  С.Сейфуллин  негізінен  Ш.Уҽлиханов  нҧсқасын  талдаған.  Оған  М.Сеңгірбайҧлы  мен  Н.Кенжеғҧлҧлы 



нҧсқасы  белгісіз  болған.  Сол  себептен  ол  ҿзі  талдаған  нҧсқаға  сҥйеніп,  былай  деп  дҧрыс  қорытынды 

жасайды: «Ал, батырлық қылғанда, не қылды?» деген сҧрауға ҽңгіме жауап бере алмайды. Тек «Тоқтамысты 

ордасынан  қуды»,  онан  соң  «Ҧйықтап  жатқан  Қабантын  алыпты  Қабантынның  тҧтқын  қызымен  бірігіп, 

садақпен  атып  ҿлтіріп  еді»  дейді.  Міне,  Едіге  істеді  деген  батырлықтары  осылар  ғана».  Қараңыз: 

Сейфуллаҧлы С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932. 185-б. 

3

  Жирмунский  В.М.  Тюркский  героический  эпос.Л.,  1974.  С.373-374,  395;  Қадірбердінің  Едігені  ҿлтіргені 



туралы Қадырғали Жалайыр да жазады. Қадірберді айтқан «Еділ тоңса, кім кешпес, Едіге ҿлсе, кім бармас! 

Еділ  тоңбас  бҧрын,  Едіге  ҿлмес  бҧрын!»  деген  ҿлеңді  де  келтіреді.  Қараңыз:  Қ.Жалайыр.  Шежірелер 

жинағы. Алматы, 1997. 115-б.  

4

 Бартольд В.В. Сочинения. Т. ІІ. М., 1963.С.803. 



5

Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.І. СПб., 1884.С.474.  

6

 Бҧл туралы кеңірек қарауыңызға болады: Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С.380-



386. 


 

352 


«қоспа  ертектерін,  жапсырма  «кереметтерін»  былай  тастағанда»

1

  жыр 



сюжеті,  негізінен, тарихпен ҥндеседі.  

Мҽселен,  жырда  айтылатын  Тоқтамыс  пен  Едігенің  ортасындағы  ҽу 

бастағы  достық  та,  кейінгі  қастық  та,  Едігенің  Сҽтемірге  паналап  баруы  да, 

одан  кҿмек  алып,  орданы  жаулап  алуы  да,  ҧлы  Нҧралынның  Тоқтамысқа 

қарсы  жорығы  да,  ал,  Тоқтамыстың  кенже  баласы  Қадырбердінің  кек 

қайтарып, Едігені ҿлтіруі де тарихта болған жайттар 

2



Енді  жырды  тарихи  шындықтан  алшақтатып  тҧрған  мифологиялық 



сарындардың мҽнісіне ҥңілейік.  Алдымен Едігенің арғы тегін дҽріптеу ҥшін 

жыр оның атасын – ҽулие, анасын суда шомылған аққу кейпіндегі пері қызы 

етіп  суреттейді.  Ерекше  қаһарман  адамның  арғы  тегін  ежелгі  тотемдік 

тҥсінікке  сай  аққумен  (қҧспен)  байланыстыру  –  ҽлем  халықтарының 

фольклорында  тҧрақты  кездесетін  сарындардың  бірі.  Мҽселен,  тҥрік-

моңғолдардың  ежелгі  аңыздауларында  кереметке  ие  аңшы  суға  шомылып 

жатқан аққу қыздың киімін жасырып алып, оған ҥйленуге келісім жасайды

3



Ақырында,  жырда  айтылғандай  қыздың  ҥш  шартын,  яғни  тыйымды 

орындамаған себептен сҥйіктісінен қапияда айырылып,  жапа шегеді. Демек, 

осынау  кең  таралған  байырғы  сюжет  қарадан  туып,  хан  болуға  талпынған 

Едігенің  тегін  дҽріптеуге  пайдаланылған.  Тіпті,  А.Белослюдовтың 

нҧсқасында  Едігенің атасы  –    қарапайым  аңшы-мерген,  ол  жаралы  бҧланды 

қуып  келіп,  аң  иесі  Ғайыперенге  жолығып,  оның  қызына  ҥйленеді  де, 

«ҧйықтама» деген тыйымға тҿзбей, қапыда сҧлудан айырылып, есесіне  іште 

кеткен  ҧрпақ ерекше жағдайда ҿмірге келеді

4



Одан  кейін  жырдың  бастауында  бала  Едігенің    дана  биліктері 



мадақталады.  Бҧл,  тҥптеп  келгенде,  кҿптеген  халықтарда  кездесетін  «дана 

бала» сарыны

5

. Мҽселен, қазақта «Бақтыбай би»



6

,  «Мҧстақым» 

7

,  «Киелі бас 



бас сҥйек»

8

, «Адрышь»



9

  т.с.с  ертегілерде  ғажайып  жағдайда  туған  қаршадай 

бала керемет тҿреліктер айтып, жҧртты таңдандырады. Ал, Едігенің бала мен 

тҥйеге  таласқан  қиын  дауды  шешуі  Інжілде  Сҥлеймен  пайғамбар 

орындайтын  қазылыққа  ҥндес  екендігі  ғылымда  анықталған

10

.  Екі  еркектің 



ҽйелге  таласуы,  оны  қылышпен  бҿлуге  оқталу  сарыны  сахаларда  да  бар

11



Қазақтың  «Бақтыбай  би»  ертегісінде  ҽйелге  таласқан  екі  еркекке  (адам  мен 

                                                

1

 Сейфуллаҧлы С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932. 185-б. 



2

  Маргулан  А.  «Едыге»  и  «Орак-Мамай»//Литература  и  искусство  Казахстана.  1940.  №2.  С.92-97; 

Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С.351-386. 

3

 Дамдинсурэн Ц. К истории развития сказки об охотнике и небесной девушке // Монголын уран зохиолын 



харилцаа  холбооны  асуудалд.  Ҧланбатыр,1987.106-125-б;  Санжеев  Г.Д.  Дархатский  говор  и  фольклор.  Л., 

1931. С.94-95; Мыңжанҧлы Н. Қазақтың мифтік аңыздары.  Ҥрімжі, 1996. 141-б.   

4

 Белослюдов А. Идыге-би и Токтамыш // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела 



отдела Императорского Русского Географического Общества. Вып Х. Семипалатинск, 1915. С. 14. 

5

  Мелиоранский  П.М.  Сказание  об  Едигей  и  Токтамыш  //  Записки  Императорского  Русского 



Географического Общества по отделению этнографии. Приложение к тому ХХІХ. СПб.,1905. С.14. 

6

 Қазақ халық ертегілері. Ҥрімжі, 1980. 73-82-б. 



7

 ОҒК қолжазба қоры. 35-бума. 

8

 Қазақ аңыз-ертегілері. Бейжін, 2002. 455-458-б. 



9

 Белослюдов А. Адрышь // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела 

Императорского Русского Географического Общества. Вып Х. Семипалатинск, 1915. С. 25-27. 

10

 Потанин Г.Н. Восточные мотивы  в средневековом европейском эпосе. М., 1899. С.234-235. 



11

 Там же. С.235. 




 

353 


сайтан) бала би тапқыр тҿрелік жасайды. Сонымен Алтын Орда заңдарына оң 

ҿзгерістер ҽкелген тарихи Едігенің дана бейнесін сомдау ҥшін халық мҧрасы 

қалыпқа соғылып дайын тҧрған сарындарды оған теліген.  

Жыр  сарай  ішіндегі  талас-тартысты  бейнелейтіндіктен  рҽміздерді, 

тҧспалдарды,  психологиялық  шендестірулерді  мол  қолданады  дедік. 

Мҽселен,  Тоқтамыстың  Едігені  кҿргенде  селк  етіп  шошынатынын  ҿзіне 

дҽлелдеу  ҥшін  оның  етегіне  ханымы  ине  шаншиды.  Едіге  есіктен  кіріп 

келгенде хан селк еткенде  ине ортасынан қақ  бҿлініп кетеді

1

. Ине – кҿшпелі 



мемлекеттердің патшасы туралы аңыздарда кҿп қолданылатын    рҽміздердің 

бірі. Ине  – найзаның шағын ҥлгісі, оның сынуы бҥтіндікке қауіп тҿну болып 

саналады.  Мысалы,    жоңғарларда  мынадай  аңыз  бар:  «Цэвээн-Равданның 

кенже ҧлы Шунуды ағасы Цэрэн-Галдан қызғаныштың салдарынан зынданға 

қаматады.  Сол  кезде  қоңтайжыға  жау  патшасы  Масан  боғда  ханнан  ҥш 

тҥйеге  артқан  ине,  ҥш  ҥлкен  садақ  сыйлыққа  келеді.  Бҧны  кҿріп  Цэрэн-

Галдан  қуанады.  Сонда  Шуну  «Ҽке,  бҧған  еш  қуанбаңыз.  Жаудың  патшасы 

менің инедей кҿп ҽскерім бар, оны басқаратын  ҥш алып батырым бар деген 

екен.  Инені  елге  бір-бірден  таратып  берейік,  ҥш  садақты  сындырып,  ҿзіне 

қайтарып, қарымына шақпақ пен бҽкі беріп:  

  

Далада тас кҿп болғанымен, 



Шақпақтас қолда болады. 

Баста шаш кҿп болғанымен, 

Бҽкімен қырып салады, –  

 

деп ҽндетіп, жауап берейік»



2

 деген екен. 

Тағы бір аңызда «Шыңғыс хан қалғып кетеді де, тҥс кҿріп, жаудың таяп 

келе  жатқанын  сезіп,  тоғыз  ҿрлік-батырына:  «Инедей  тҥйреп,  жіптей 

шырмап,  жау  жақындап  келеді»

3

,  –  деп  жар  салады.  Бҧдан  біз  кҿшпелі 



халықтардың  танымында  ине  найзаның  шағын  ҥлгісі  болғандықтан  қару-

жарақтың рҽмізі

4

, сонымен бірге жауласудың тҧспалы қызметін атқаратынын 



атқаратынын байқаймыз. 

 

Жырда тҥс кҿру сарыны да бар, ол Едігенің ҽулие екендігін дҽлелдеуге 



қолданылады. Мысалы, Едіге он жеті досымен бірге далада босып жҥргенде 

                                                

1

  Едіге.  Текстологиясын  қарап,  баспаға  ҽзірлеген,  алғы  сҿзін,  соңғы  сҿзін  жазған  Е.Мағауин. 



Алматы,1993.23-б. 

2

  Хорлоо  П.  Ард  тҥмэн,  аман  зохиол.  Ҧланбатыр,  1987.  164-б.Осы  аңыздың  тҥрік  халықтарына  таралғаны 



туралы  білуіңізге  болады:  Валиханов  Ч.Ч.  Шуна-батыр  //  Собрание  сочинений  в  пяти  томах.  Алма-Ата, 

1961.  Т.І.  С.431-436;  Жалпы,  кҿшпелі  елдің  билеушілері  жауына  тҧспалды  сыйлықтар  тартқаны  туралы 

аңыздар кҿп. Мысалы, скифтер парсы патшасы Дарийға қҧс, тышқан, бақа жҽне бес  тал жебе тарту етеді. 

Бҧны  парсы  патшасы  “Скифтер  тышқанға  ҧқсап  жерін,  бақаға  ҧқсап  кҿлін,  қҧсқа  ҧқсаған  жҥйрік  атын, 

қолындағы  қаруын  тарту  етіп,  бізге  тізе  бҥккені”  деп  жорып,  қуанады.  Сонда  Гобрий  деген  білімпаз 

“Парсылар, сендер қҧс болып аспанға ҧшсаңдар да, тышқан болып жерге енсеңдер де,  бақа болып батпаққа 

тығылсаңдар да скиф жебесінен қҧтыла алмайсыңдар” ,  – деген  ишара деп  тҥсіндіреді. Қараңыз: Геродот. 

История в девяти книгах. Л., 1972.С.219-220.  

3

 Эзэн богд Чингис хааны домог оршвой. Ҧланбатыр, 1992. 75- б. 



4

 Иненің қару-жарақ рҽмізі екендігі тағы бір аңызда былайша кҿрініс табады: «Біз елден ине жинап, балта  

жасаймыз, балтаны ҧстап, балта кҿтеріп, бізді жаулаған елдің басын шабамыз!». Қараңыз: Пҥрэв О. Монгол 

бҿҿгийн шашин. Ҧланбатыр, 2002. 251 б. 




 

354 


былайша тҥс кҿреді: 

 

Ақсҧңқар қҧс болыппын, 



Кҿкке таман ҧшыппын... 

Тҿбеде жҥрген қоңғыр қаз 

Кҿк ҥстінде іліппін... 

Тҿс етіне тойыппын. 

 

Бҧл тҥс былай деп жорылады: 



 

Кҿкке таман сен ҧшсаң, 

Жҧрт алдына шыққаның. 

Тҿбедегі қоңғыр қаз 

Кҿк ҥстінде ілсең сен, 

Тҿс етіне тойсаң сен, 

 

Кеше сені жҧртындан қуған Тоқтамыс, 



Соны быт-быт қыларсың

1



 

Жалпы,  тҥрік-моңғол  халық  мҧрасында  қыран  қҧс  Тҽңірден  нҽсіп 

етілетін  биліктің  рҽмізі  болып  саналады.  Жырдың  Мҧрын  Сеңгірбайҧлы 

нҧсқасында  Тоқтамыстың  Қуқанат,  Нҧртуған  Кенжеғҧлҧлы  нҧсқасында 

Тҥктіаяқ  деген  ерекше  қыран    қҧсы  болады  да,    Едігенің  ҽкесі  Қҧттықия 

соның  бір  тал  жҧмыртқасын  Сҽтемірге  ҧрлап  бергендіктен  жазықты  болып, 

басы  кесіледі.  Осылайша  Едіге  тумай  жатып,  Тоқтамыс  тарапынан 

қудаланады,  жетім  қалады.  Бҧл  жайт  бас  кейіпкердің  ҽлеуметтік  статусын 

кҥрт ҿзгертіп, тҥптеп келгенде, оны дҽріптеудің тағы бір тҽсіліне айналған

2

.  



«Тоқтамыстың  Тҥктіаяқ  деген  қҧсы  бар  болатын.  Тҥктіаяқтан  ешбір  аң 

қҧтылмайтын.  Тҥктіаяққа  кҿрші  хандар  да,  билер  де  қҧмар.  Бірақ  Тоқтамыс 

ешкімге  бермейді.  Тҥктіаяқ  жылына  бір  ғана  жҧмыртқа  туады.    Ол 

жҧмыртқаны  керегенің  басына  жіпке  тізгендей  тіркестіріп  қойып, 

жҧмыртқалай  сақтайды.  Балапан  қылып  шығарайын десе,  «тҧқымы  кҿбейіп, 

басқа елге жайылып кетеді» деп қорқады. Тҥктіаяққа ажал жетіп ҿлсе, басқа 

қҧсқа біреуін ғана бастырып шығармақ. Басқасы тҧра береді»

3



Ҽрине, бҧл сюжеттің  тҿркіні аңшылық  дҽуірге де меңзейді.  Ҽйткенмен, 

жырда  осы  қҧстың  бір  тал  жҧмыртқасын    Едігенің  болашақ  ҽкесі Қҧттықия 

Сҽтемірге  ҧрлап  береді  де,  содан  ҧлы  ханның  басынан  бақ  тайғандығы 

астарлы  тҧспалданады.  Тіпті,  Тоқтамыс  ордасына  бала  Едігені  шақырып  оң 

тізесінен орын бергенде былай дейді: 

 

                                                



1

  Едіге.Текстологиясын  қарап,  баспаға  ҽзірлеген,  алғы  сҿзін,  соңғы  сҿзін  жазған  Е.Мағауин.  Алматы,1993. 

46-47-б. 

2

 Қасқабасов С.Тҧтастану – фольклор поэтикасының заңдылығы // Қазақ фольклорының поэтикасы. Алматы, 



2001. 27-б. 

3

 Едіге батыр. Алматы, 1996. 183-б. 




 

355 


Кҿкала жорға ат мін деді, 

Кҿн дабылпаз байлан деді, 

Ҧшан теңізді айлан деді, 

Тҧтам бауы сом алтын, 

Ақсҧңқар қҧсты бҧйыр да. 

Кҿл айнала шҥй деді

1



 



Тҥйіндегенде,  ежелгі  кҿшпелі  ел  хандарының  рҽмізіне  айналған  қыран 

қҧсты  жырдың  біз  айтып  отырған  нҧсқаларында  Тоқтамыс  пен  Едіге 

арасындағы  тартыстың  себебі  етіп,    биліктің  Сҽтемірге  аууының  ишарасы 

қылып кҿрсеткен. 

Тоқтамыс ханның Ақсақ Темірге мҽміле жасау мақсатында ақсҧңқар қҧс 

бастаған  тоғыз  сҽйгҥлікті  тартуға  тартқаны,  сол    сҧңқарды  Тҧран  ҽмірі  

бекзаттықпен  қолына  қондырғаны  туралы  да  дерек  бар

2

.  Осылайша 



мемлекеттік  рҽсімде  де,  халықтың  наным-сенімінде  де  елеулі  орын  алған 

қыран  қҧсты  билік  пен  қҧттың  символы  етіп  жырда  жиі    қолданғанын 

байқаймыз.  Ҽсіресе,  жырдың  татар  нҧсқасында  Тҥктіаяқтың  қҧт  рҽмізі 

екендігі айқын жырланады. Онда Ҽмір Барлас Шах Темір ғажайып қыранды 

ҿзіне беруді Тоқтамыстан талап етіп, хат жазады. Оған хан былай деп жауап 

береді: 


Кара лачын Тҿкле Аяк, 

Сиңа булмас, Шаһ Тимер! 

...Аннан кала Бҥз тойгын – 

Ул да булмас, Шаһ Тимер! 

Тешең житсҽ, таш кемир!

3

 



 

Бірақ  Тҥктіаяқтан  туған  балапан  қыран  болмай  шығады  да,  кҥдікті 

қҧсбегі Қҧтлықия қаһарлы жазаға ҧшырайды

4



Жырдағы  тағы  бір  тҧспал  –  қашып  бара  жатқан  Тоқтамыстың  тоғыз 

кҿзді кіреукесін шешуі, оны қанжығасына бҿктеруі, біраздан соң тҥсіп қалуы, 

тауып  алған  Нҧралынның  киіп  алуы  да  ханның  жаудан  жеңіліп,  қаза 

табатындығының  емеуріні ретінде алдын ала қолданылған

5

. Жалпы, кҿшпелі 



халықтардың  аса  киелі  санайтын  нысандары  –  тоқсан  басты  ақ  орда,  тоғыз 

кҿзді кіреуке, ақсҧңқар қҧс, алтын ер, ақ боз ат, ер азаматтың кеудесі сияқты 

қасиетті  ҧғымдар  жырда  шешуші  сҽттерде  ҥлкен  рҽміздік  қызметтер 

атқарады. 

Тоқтамыс  ханның  Нҧралынмен  кездесіп,  кҿз  жҧмардан  бҧрын  айтқан 

жырында  психологиялық  параллелизмдер  мол.  Бҧл  жыр    қазақ  ҿлеңінің  

                                                

1

  Едіге.Текстологиясын  қарап,  баспаға  ҽзірлеген,  алғы  сҿзін,соңғы  сҿзін  жазған  Е.Мағауин.  Алматы,1993. 



29-б. 

2

  Тизенгаузен  В.Г.  Сборник  материалов,  относящихся  к  истории  Золотой  Орды.  Т.ІІ.  М.-Л.,  1941.  С.159; 



Бҧндайда Ақсақ Темірдің сахибқыран деген мҽртебелі атағы да болғанын ескерген жҿн. 

3

 Идегҽй. Казан,1988.15-16-б. 



4

 Сонда. 21-б. 

5

  Едіге.  Текстологиясын  қарап,  баспаға  ҽзірлеген,  алғы  сҿзін,  соңғы  сҿзін  жазған  Е.Мағауин.  Алматы, 



1993.56-б. 


 

356 


классикалық  ҥлгісіне  айналып,  кейінгі  жыраулар  поэзиясына  да  ҥлкен  ҽсер 

еткенін ғалымдар қҧптайды

1



   



Сен бекер тҧрып тықырамашы, торыша ат, 

Мен кҥн-тҥн қатсам тҧрарсың; 

Бекер тҧрып, дҥрсілдеме, сҧм жҥрек, 

Едігеде – екеу, мен – жалғыз,  

Сайысқан жерде тынарсың. 

Солқылдама, ақ найза, 

Сайысқан жерде сынарсың; 

Бекер тҧрып жапырылма, кҿк орай, 

Бҧл қатерден жан қалса, 

Ноғайлының ауыр жҧрт, 

Басшы болып мен келсем, 

Байларым ҥстіңден баса бір айдап жайғанда, 

Қу шҿп болып соларсың; 

Толықсыма, тҧнық су, 

Байларым жылқыны баса айдап,  бір суарса, 

Сонда қҧрым бір батпақ боларсың; 

Қиқилама, қызғыш қҧс, 

Даусың зарлы, байғҧс қҧс. 

Қанатың қушық, мойның бос сенің. 

Баттауық толған жылқым жоқ, 

Тор толған жҧмыртқаң, 

Етектеп алар ҧлым жоқ, 

Мен елімден айрылдым, 

Сен кҿліңден айрылсаң, 

Сен де мендей боларсың! 

Бҧл қатерден жан қалса, 

Алдам иер ес болса, 

Жҧртыма басшы болып, мен келсем, 

Менің мініскерлерім ҥстіңден, 

Қара лашынды басып салса, 

Сонда бір қорқып жымарсың!

2

 



 

Жалпы,  жырда  Едіге  Сҽтемірден  қолдау  тауып,  орданы  жаулағалы 

келген  сҽттен  бастап  оның  бейнесіне  кҿлеңке  тҥсіп,  керісінше,  елін  қан 

тҿгіссіз  тастап,  қош  айтып  кеткен  Тоқтамыс  ханның  парасатты  да  дегдар 

тҧлғасы ҿзгеше ҿрнекте сомдалады

3

. «Ханнан қайрат кетіп, биге медет жетіп, 



хан  қашып,  би  қуған»

4

,  бір  сҿзбен  айтқанда,  ата  салттан  аттап,  бҿтен  елден 



                                                

1

 Жҧмалиев Х. Қазақ ҽдебиеті. Орта мектептердің 8-класына арналған оқу қҧралы. Алматы, 1942. 77-79-б. 



2

 Едіге. Текстологиясын қарап, баспаға ҽзірлеген, алғы сҿзін, соңғы сҿзін жазған Е.Мағауин. Алматы, 1993. 

57-б. 

3

 Бҧл жайтты Е.Мағауин де атап кҿрсетеді. Қараңыз: Мағауин Е. Ел қамын жеген Едіге. Алматы, 1996. 87-б.  



4

 Едіге батыр. Алматы, 1996. 108-б. 




 

357 


ғаскер ҽкелген опасыздыққа жырлаушы да наразы екендігі осы тҧстан бастап 

айқын кҿрінеді. Сол себептен де жыр соңында Едіге ит қорлық кҿреді, ҿз ҧлы 

Нҧралын  оның  кҿзін шығарып,  қолын  сындырады,  ал,  Тоқтамыстың  баласы 

Қадырберді  соқыр  Едігенің  кеудесіне  шығып,  ҥш  секіріп,  қорлайды.  Бҧл 

қорлыққа  намыстанып  ҽкелі-балалы  екеуі  қҧсаменен  ҿледі  де,  ақыры, 

Қадырберді  еліне  тҿре  болады.  Сонымен  жыр  Едігені  дҽріптеп 

басталғанымен,  аяғында  Тоқтамыстың  ҧлының  жеңісімен  тҽмамдалып, 

сатқындықты  жақтамай,  отаншыл  рухқа  елді  ҥндеуі  де  айрықша  қҧндылық 

еді. 

Ш.Уҽлиханов  нҧсқасы  тарихқа  жақын  дедік,  ҿйткені,  оны  ҽу  бастағы 



жырлаушы ордадағы оқиғаны кҿзімен кҿрген куҽгердің бірі болуы да мҥмкін. 

Ал,  бертіндегі  Мҧрын  Сеңгірбайҧлы  мен  Нҧртуған  Кенжеғҧлҧлының 

нҧсқасында керісінше – тарихтың сҧлбасы, тарихи тҧлғалардың аты-жҿні бар 

болғанымен,  жыр  желісі  соны  мазмҧнға  кҿтерілген.  Бҧл  нҧсқалардың 

жанрлық  тҧрғыдан  қаһармандық  эпосқа  жататыны  даусыз.  Мҧрын 

Сеңгірбайҧлы  нҧсқасында  Едіге  сыртқы  жау  –  қалмаққа  қарсы  соғысып, 

халқын бақытқа кенелтетін эпикалық мінсіз кейіпкер.  

 

Сонда Едіге сҿйледі: 



– Қалмақ едің сен деді, 

Ноғай едім мен деді... 

Тыңда мені, ит қалмақ, 

Менің айтқан кебімді, 

Ҿзіме қоныс қылармын, 

Сенің отырған жеріңді

1



 



Ал,  Нҧртуған  Кенжеғҧлҧлы  жырлаған  «Мҽулімнияз-Едіге»  жырында 

Сҽтемір  –  ноғайлының  бір  ханы,  ол  –  Едігенің  қайын  атасы.  Оған  Едігенің 

ҽкесі,  Тоқтамыстың  қҧсбегісі  Қҧттықия  Тҥктіаяқтың  бір  тал  жҧмыртқасын 

ҧрлап  бергендіктен,  хан  тағы  мен  қызы  Қағазды  Едіге  ержеткенде  беруге 

уҽде  етеді.  Яғни  ер  Едіге  Тоқтамыстан  кеткенде  бҿтен  елге  емес,  ҿз  қайын 

жҧртына  барады.  Жолда  Сҽтемірдің  елін  шауып  кеткен  қалмақ  Қабантиын 

дҽуге  жорық  жасап,    ҿлтіріп,  Қағазды  азат  етіп,  қаһармандықпен  ҥйленеді. 

Бір  сҿзбен  айтқанда,  Едіге  қалмаққа  қарсы  шауып,  ноғайлының  бір  ханы, 

қайын  атасы  Сҽтемірдің  елін  жаудан  азат  еткен  батыр  болып  суреттеледі. 

Қалмақты жеңгеннен кейін  «Сҽтемір Едігеге тағын берді. Едіге сол ҿлкедегі 

ноғайы,  қазағы,  маңғҧлы,  тағы басқасы  бар  –  тҿрт  арыс  елге  хан  болды»

2

,  – 



дейді  жыр.  Демек,  бҧнда  эпикалық  мінсіз  қаһарман  Едіге  ҿзін  де,  елін  де 

бақытқа кенелтеді. 

Бірақ  осы  нҧсқада  ҽке  кегін  қайтарғалы  Тоқтамысты  қуатын  Нҧрадин 

оның  елін  шауып,  ханның  ізіне  тҥседі.  Яғни  жыр  қайтадан  тарихи 

шындықпен  қауышады.  Ал,  Мҧрын  Сеңгірбайҧлы  нҧсқасында  да  тарихи 

                                                

1

 Едіге батыр. Алматы, 1996. 157-б. 



2

 Едіге батыр. Алматы, 1996. 266-б. 




 

358 


оқиғаның шоқтықты жотасы ҽредік-ҽредік қылаң беріп отыратынын ескерген 

жҿн. 


Сонымен,  Едіге  туралы  жырлардың  шын  тарихпен  не  жақын,  не  алыс 

болуы 


– 

оның 


нҧсқаларының 

стадиялық-жанрлық 

ерекшелігінде 

жатқандығынан  екен.  Мҽселен,  Ш.Уҽлиханов  нҧсқасы  тарихи  оқиғаға  ҿте 

жақын,  оның  пайда  болуына  Алтын  Орда  қайраткерлерінің  ортасында  орын 

алған  талас-тартыс  туралы  кезінде  ел  арасында  айтылған  аңыз-ҽңгімелер, 

хикаялар,  қауесет-дақпырттар  тҥрткі  болған.  Тіпті,  Едігенің  даңқы  дҽуірлеп 

тҧрған  шағында  1400-1411  жылдары  Алтын  Ордада  болған  тарихшы  Ибн-

Арабшахтың жазбаларына осындай халыққа жайылған ҽңгімелер негіз болған 

кҿрінеді


1

.  Демек,  шырғалаң  тарихы  бар  ҽйгілі  тҧлға  Едіге  туралы  аңыз-

хикаялар оның кҿзінің тірісінде пайда болып, тҥрік халықтарына

2

 кең тарала 



бастаған  деуге  болады.  Ҽйткенмен,  осы  нҧсқаны  тарихтан  алшақтатып 

тҧрған мифологиялық сарындар қарадан шыққан Едігенің арғы тегін дҽріптеу 

мақсатында 

оның 


ҧрпақтары 

мен 


соңынан 

еруші 


бҧқараның 

мадақтауларынан  пайда  болған.  Ал,  Мҧрын  Сеңгірбайҧлы  мен  Нҧртуған 

Кенжеғҧлҧлы нҧсқаларында  Едіге  дҽстҥрлі жау  –  қалмаққа  қарсы соғысып, 

халқын  зҧлым  жаудан  азат  етіп,  ҿзін  де,  елін  де  бақытқа  кенелткен  батыр, 

демек  жыр  тҧтастанып,  топтанып,  ширығып,  қаһармандық  эпос  жанрына 

айналып  кеткен.  Бҧл  нҧсқаларда  Едіге  мен  оның  ҧлы  Нҧрадын    Тоқтамыс 

ханға фольклорлық  дҽстҥрдегі «ҽке кегін қайтару» жолында соғысады, демек 

ҽділет орнатушы эпикалық кҽдімгі идеалды кейіпкер. Нҧртуған Кенжеғҧлҧлы 

нҧсқасында  Едіге  атастырылған  қалыңдығы  Сҽтемірдің  қызы  Қағазға 

қаһармандықпен  ҥйленіп,  ҽке  аманатын  орындаушы  болып  та  суреттеледі. 

Рас,  бҧл  нҧсқаларда  кейбір  кесек-кесек  оқиғалар  тарихпен  ҥндесіп 

жатқанымен  ол  эпикалық  соны  мазмҧнға,  тың  кҿркемдікке  кҿтерілген. 

Ҽлбетте,  Ҽ.Диваев,  Г.Потанин,  А.Белослюдов  нҧсқалары  даусыз  ертегі 

жанрына  жатады.  Қысқасы,  Алтын  Орда  дҽуіріндегі  айтулы  тҧлғалар  Едіге 

мен  Тоқтамысқа  байланысты  шынайы  оқиғалардан  бастау  алған  ілкі  сюжет 

кҿлемді эпикалық шығармаға айналған.     





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет