1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет68/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135
 

 

§ 4. Ғашықтық жыр 

 

Жалпы  сипаты.  Қазақ  фольклорында  екі  жастың  махаббаты  туралы 

ҽңгімелейтін эпикалық шығармалар тобы бар. Оларды фольклортану ғылымы 

«лиро-эпос»    деп  атайды.  Қазіргі  шақта  «романдық  эпос»  деген  атау  да 

орныққан.  Біз  қазақ  ҧғымына  тҥсінікті,  ҽрі  ел  арасында  айтылып  жҥрген 

«ғашықтық  жырлар»  деген  атауды  қолданғанды  жҿн  кҿрдік.  (Рас,  кейде 

синоним ретінде «романдық эпос» тіркесін де пайдаланамыз). 

Екі  жастың  бір-біріне  деген  сҥйіспеншілігін  жырлайтын  эпостарда, 

негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға 

                                                

1

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С.361-362. 



2

 Тҥрік халықтарына таралған нҧсқалары жҿнінде қараңыз: Бердібай Р. Эпос  –  ел қазынасы. Алматы, 1995. 

148-172-б. 



 

359 


ҧшыраған тағдыры баяндалады. Ҽдетте, олардың бақытына кедергі болатын 

нҽрсе  –  ата-аналардың  қарсылығы,  немесе  қызға  ғашық  басқа  жігіттің 

жауыздығы,  я  болмаса  екі  рудың  араздығы  болып  кҿрсетіледі.  Міне, 

тақырыптың,  оқиғаның  осы  негізде  ҿрбуі    бҧл  шығармалардың  ел  арасына 

кең таралуына  себеп болған. 

Ғашықтық  жырлар  кҿркем  фольклордың  даму  барысында  батырлық 

эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бҧл қаһармандық жыр мҥлде ҿшіп, оның 

орнына романдық эпос келді деген сҿз емес. Эпостың бҧл екі тҥрі кҿп уақыт 

бірге,  бір-бірімен  байланыса,  қатарласа  ҿмір  сҥрген.  Сондықтан  олардың  

ҧқсастықтары да аз емес, айырмашылықтары да баршылық. 

Ғашықтық жыр да, батырлық жыр да эпос жанрына жатады, сондықтан 

олардың 


жалпы 

поэтикалық 

сипаты 

ҧқсас. 


Айталық, 

сюжеттік 

қҧрылымдардың  бір  типті  болып  келуі,  образдар  жҥйесіндегі  біркелкілік, 

яғни  кейіпкерлердің  тек  біржақты  суреттелуі,  ҿлең  қҧрылысы  мен 

бейнелеуіш қҧралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі тҥрінде де 

кездеседі. Бҧлар эпос жанрының табиғатынан туындаған ҧқсастық. Сонымен 

бірге  батырлық  жырдың  ғашықтық  эпосқа  тигізген  ҽсері  де  бар.  Мҽселен, 

қызды  сҥйген  жігіттің  образында  қаһармандық  қасиеттердің  болуын, 

қыздардың  бейнесіндегі  ҽдемілік,  адалдық  сияқты  қасиеттермен  бірге 

ержҥректік пен қайрат-кҥштіліктің кҿрінуін батырлық жырдың ықпалы деуге 

болады.  

Дей тҧрғанмен, романдық эпостың ҿзіндік белгілері де кҿп. Ең алдымен, 

оның басты  тақырыбы  –  соғыс  емес, бейбіт  ҿмірдегі  екі  жастың  махаббаты. 

Сҥйгеніне  қосылу  ҥшін  кҥрескен  қыз  бен  жігіттің  бҥкіл  тіршілігі,  іс-ҽрекеті 

кҽдімгі қазақ аулында ҿтеді,  сол себепті  елдің тҧрмысы, салты, ғҧрпы жан-

жақты  кҿрсетіледі.  Ғашықтық  жырдың  кҥллі  бітімі,  ауаны  –  тынышты 

жағдай,  кейіпкерлердің  іс-қимылдары,  тартысы  –  шым-шытырық  емес,  ал, 

оқиғаның  ҿрбуі  –  баяу,  кҽдуілгі,  кҥнделікті  ҿмірдің  ағымына  сҽйкес. 

Романдық  эпостың  тағы  бір  негізгі  ерекшелігі  –  шығарманың  аяқталуы  кҿп 

жағдайда    трагедиялы  болып  келеді.  Ал,  бҧл  жанрдың  сюжеттік  негіздері  

мен  кейіпкерлері  шығу  тегі  жағынан  кҿне  аңыздауларға  да,  кейінгі 

уақыттарда  болған  шын  оқиғаларға  да  арқа  сҥйейді  жҽне  оларды  таза 

романтикалық  пафоста  баяндайды.  Соның  ҿзінде  де  эпостың  мҽнін 

жоғалтпай,  кейіпкерлердің ішкі сезімдерін, олардың қуанышы мен кҥйінішін 

суреттеуге  кең  орын  беріледі,  қаһармандардың  адамгершілік  қасиеттерін 

ашуға ҥлкен кҿңіл бҿлінеді. Мҧндай жағдай кейіпкерлерді шындыққа жақын 

етіп бейнелеуге, оларды аспандата ҽсірелемеуге міндеттейді. Егер батырлық 

жырларда  болашақ  батыр  ғажайып  жағдайда  туып,  жедел  ҿсіп,  ерлік  кҥш-

қайратын  бала  шағында-ақ  кҿрсетсе,  романдық  эпоста  бас  кейіпкерлер 

ҽдеттегі  адамдар  сияқты  ержетіп,  есейеді.  Мҧнда  қаһарман  ҿзінің  сҥйіктісін 

де тек ерлікпен ғана емес, сырт пішін-келбетімен,  ақылымен, ҿнерімен тҽнті 

етіп,  табындырады.  Бҧлай  болуының  себебі  –  ғашықтық  жыр  жанры 

қалыптасып,  ҿркендеген  дҽуірдегі  қоғамда  жігіттің  (қыздың  да)  идеалы 

ҿзгере бастаған болатын. Енді идеалды жігіт – тек қара кҥштің иесі ғана емес, 

ол алдымен ҿнерлі, білімді, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болды.  



 

360 


Жалпы, ҽлем халықтары фольклорының тарихына кҿз салсақ, ғашықтық 

жыр  кҿркем  эпос  ретінде,  негізінен,  ҿркендеген  феодалдық  қоғамда 

қалыптасып, дамиды екен. Оның себебі бҧл кезеңде адамдардың санасында, 

ҿмірде  рухани  ҿзгеріс  орын    алып,  жаңа  қоғамдық  идеал  пайда  болатын 

кҿрінеді.  Енді  ҿмір  сҥру  ҥшін  тек  батырлық  кҿрсетіп,  сыртқы  жаулармен 

соғысу  ғана  емес,  бақытты  болу  мақсаты  алға  шығады  да,  елдің  сана-

сезімінде  жеке  адамның  тағдыры  мен  ҽлеуметтік  мҽселелер  кҿкейге  қонып,  

актуальді  бола  бастайды.  Бҧл  тҧста  бҥкіл  мҽдениет  қайраткерлерінің, 

ақындар  мен  жыршылардың  назары  жеке  адамның  бақыты  мен  тағдырына, 

махаббат пен отбасы мҽселелеріне ауысады. Мҧндай ҿзгерістің болуы заңды 

еді.  Ҿйткені,  ҽрбір  жаңа  дҽуір  мен  жаңа  ҧрпақ  бҧрынғы  мҧраны  ғана 

пайдаланып қоймайды, олар ҿз талабы мен талғамына сай дҥниелерге мҧқтаж 

болады да, ҿз уақытының сауалдарына жауап беретін  шығармалар тудырып, 

соған  сҽйкес  кейіпкерлерді  сомдайды.  Ҿстіп,  дҥниеге  екі  жастың  тағдырын 

баяндайтын  кҿлемді  эпикалық  жыр  дҥниеге  келіп,  романдық  эпос  жанрын 

қалыптастырады. 

Біздің ғашықтық жыр жеке кҿркем жанр ретінде Қазақ хандығы кезінде 

қалыптасқан.  Ҽлбетте,  оның  кейбір  сюжеттері  мен  сарындары  ҿте  ерте 

заманда  пайда  болған.  Бҧл  тҧрғыдан    қарағанда,  ондай  сюжеттер  мен 

сарындар  сонау  рулық  қауымның  ҧғым-тҥсініктеріне,  алғашқы  мемлекеттер 

мен  Тҥркі  қағанаты  замандарындағы  наным-сенімдерге,  дҥниетанымға 

меңзейді. Мҧның ҿзі романдық эпостың кҿркем тҥрге дейінгі  даму жолы ҿте 

ҧзақ  болғанын  аңғартады.  Мҧны,  мҽселен,  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу» 

жырынан кҿруге болады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет