1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет105/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

«Сырым  батыр»  жыры.  Ҧлт-азаттық  кҿтеріліс  басшыларының  бірі  – 

Сырым  Датҧлы  туралы  жыр бізге  екі  нҧсқа  кҥйінде  жеткен.  Оның  біріншісі 

батырдың  қазақ  елі  орыс  отаршылдары  жҽне  солармен  ауыз  жаласқан 

жергілікті  хандар  мен  сҧлтандар  тарапынан  екі  жақты  езгі  кҿріп  жатқан 

уақытта  салтанатты,  рақатқа  толы  ҿмір  сҥріп  жатқан  Кіші  жҥздің  ханы 

Нҧралыны  іздеп  барып,  жолығып,  халықтың  мҧң-шерін  білдіргенін 

суреттеуден басталады. Бҧған шамданған Нҧралы батырды байлауға бҧйрық 

бергенде  ханның  нҿкерлері  жалғыз  келген  Сырымға  бата  алмайды. 

Керісінше,  ханның  тірі  қалуына  Нҧралының  ханымы,  Сырымның  туған 

қарындасы – Ақлима сҧлудың араша тҥсуі себепші болады.   

Қайтар  жолда    батыр  ҿз  аулын  тонап,  ҧлы  мен  зайыбын  тҧтқын  қып 

алып  келе  жатқан  орыс  ҽскерінің  бір  тобымен  соғысып,  жеңіп,  отрядты 

тҥгелімен байлап алады.  

Жырдың  келесі  тарауында  Сырым  бастаған    қырық  жігіттің  Стаханов 

салған  қамалға  шабуылы  суреттеледі.  Жайықтың    арғы  бетіндегі  жау 

қамалына    қарай    аттарын  жҥздіріп  келе  жатқан  қазақ  жігіттеріне  қамалдан 

зеңбірек оғы жаудырылып,  қырық жігіттің тоғызы ғана судан аман ҿтеді. Ол 

тоғызы  да  оққа  ҧшқанда,  жалғыз  ҿзі  жаумен  алысып,  таң  атқаннан  бастап, 

қызыл  іңір  болғанша  шайқасқан  Сырым  зеңбіректен  оқ  тиіп, 

жараланғандықтан,  қансырап,  ақырында  есі  ауып,  аттан  жығылады. 

Батырдың сол ерлігінің куҽсі болып, кейіннен ҽкесіне баяндаған Нҧралы ҧлы 

Есім  сҧлтан  Сырымның    сол  кездегі  қимылы  Азауды  шапқан  Орақты 

елестеткенін,  батырдың  балтасынан  қамалдың  қақпасы  бҧзылғанын, 

қылышынан  мың  кісі  қырылғанын,  найзасынан  жарты  мың  адам 

жараланғанын баяндап, ҽңгімесін: «Зеңбіректен оқ тиіп, қҧлатпаса Сырымды, 



 

482 


кҿрер ме, сірҽ, кҿрмес пе ең Есім сҧлтан ҧлыңды», – деп тҽмамдайды.  

Қансырап  жатқан  Сырымды  жау  ҽскері  шынжырмен  бҧғаулап,  тҥрмеге 

қамайды,  сырымға  қарасты  екі  мың  ҥйді  шауып,  тонайды.  Ел  адамдары 

Сырымды  босату  ҥшін  елу  жігіттен  қол  қҧрап,  Сырымның  ҿзі  баулыған 

Есболат  батырды  соған  басшы  қылып,  аттандырады.  Есболат  тҥрменің 

қарауылын ҿлтіріп, ішіне еніп, Сырымды босатып, елге қайтарады.  

Жырдың  енді  бір  тарауында  Атырауды,  Жемді,  Сағызды,  Ойыл  мен 

Қиылды,  Мҧғаджар,  Жайық  арасын  жайлаған  қазақ  баласының  Сырымның 

шабыншылыққа  ҧшырған  аулының  қонысы  –  Бҧлдыртыға  жиылып,  кеңес 

ҿткізгені, ақсақалдардың белсеніп, ҽулиеге сыйынғаны бейнеленген. 

Ел  жақсылары  бір  шешімге  тоқтала  алмай    тҧрғанда,  Сырым  айтқан 

шешендік    толғаудың  ҽсері  жырда::    «Сырым  сҿзі  –  сырлы  сҿз.  Қыздырды 

қызу ерлерді. Жҥрегінде желі бар аламанға жел берді. Атам қазақ халқының  

аруағы  тербелді.  Бҧрқырап  тастай  Бҧлдырты,  қҧр-қҧрлап  ҧстап  жылқыдан, 

жҧлқынған тҧлпар ерленді», – деп бейнеленеді. 

Жырды айтушының:  

«Жалғасы бар, – деп айтады, – бҧл Сырымның 

Табайын оны, Тҽке, енді қайдан?» – деп, жырды жазып алушы – Тайыр 

Ауатановқа  қарата  айтқаны  бҧл  туындының  аяқталмағанын,  яғни,  елеулі 

бҿлігінің бізге дейін сақталып, жетпегенін аңдатады. 

Жырдың  композициялық қҧрылысы,  образдар  ҽлемі  сан  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  эпикалық  дҽстҥр  қалыптастырған  ҽдіс-тҽсілдерге  сҥйене 

отырып  жасалған.  Бҧл  ең  алдымен  жырдың  кейіпкерлерінің  санының 

аздығынан  аңғарылады.  Қазақ  жырлары  ҽдетте  ел  орынға  отырған  кезден 

басталып, 

ҧйқыға 


кетер 

кезге 


дейін 

орындалуға 

бейімделіп 

шығарылатындықтан, кҿлемі шағын, кейіпкерлер ҽлемінің ауқымы тар болуы 

заңдылыққа  айналғаны,  қазақ  эпосындағы  кейіпкерлер  қҧрамын  дағдылы 

қалыпқа  тҥсіргені,  батырлар  жырының  ең  басты  типологиялық ерекшелігі  – 

оның  бас  кейіпкері  халық  қорғанына  айналған  батыр,  ал,  оның    қарсыласы 

жаулардың  билеушісі,  кҿбінесе  ханы  болып  келетінінен,  бҧдан  ҿзге 

кейіпкерлер  қатарында  бас  қаһарман  мен  оның  қарсыласының  отбасы 

мҥшелері  (ҽке-шешесі,  зайыптары,  балалары,  бауырлары)  жҽне  ең  жақын 

серіктері болатыны белгілі. Осындай ҥрдіс жоғарыда мазмҧндалған жырда да 

қайталанатыны ондағы кейіпкерлердің бас қаһарман мен оның ең басты жауы 

–  Нҧралы  хан  мен  Ералы,  Есім  сҧлтандар  жҽне  Сырымның  қарындасы, 

Нҧралының  ханымы –  Ақлима сҧлу, Есболат батыр, атаман сияқты бірнеше 

адамның ғана болуынан кҿрінеді. 

Сҿз  болып  отырған  кҿтерілісті  басқарушы  жалғыз  Сырым  ғана  емес 

екенін,  оның  қатарында  Табын  руының  билері  –  Барақ  пен  Тіленші  де 

болғанын деректер айғақтайды. Бҧл ақиқат «Барақ батыр» жырында да жақсы 

кҿрінеді.  Дегенмен,  жырда  барлық  бастама  да,  кҿрсетілген  кҥш-қайрат  та 

Сырымның жеке белсенділігінің нҽтижесі ретінде бейнелеуінің сыры ҽлемдік 

эпоста  тарихта  орын  алған  ҽскери  қақтығыстарда  елдің  тҽуелсіздігін  бас 

қаһарманның  жалғыз  ҿзі ғана  қорғап  қалған  секілді  бейнеленуінің  яғни,  бас 

кейіпкер  болып  табылатын  батырдың  бір  ҿзі  бҥкіл  халқының  кҥш-қайратын 



 

483 


танытуы дҽстҥрге айналғанында жатыр. Соған орай Сырымның ақыл-ойы да, 

елдің  қамын  жеуі  де,  ерлігі  мен  қажыр-қайраты  да  жырда  кҿрініс  беретін 

адамдардың  бҽрінен  басым  тҥсіп  жатады.  Оның  образы  халық  эпосының 

қаһармандарына ҧқсата сомдалғаны жырда оның бірнеше рет жалғыз ҿзі сан  

жағынан ҿзінен анағҧрлым басым жауға шабуынан да аңғарылады. 

Жырда  жағымды  кейіпкерлердің  мінсіздендіріле,  ал,  олардың 

қарсыластарының  жағымды  мінез-қҧлықтан  ада  пенде  кейпіне  ендіріле 

суреттелуі де – фольклор поэтикасының ҧстанымдары тудырған ҿзгешелік. 

 

* * * 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет