1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет108/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

«Ағыбай  батыр»  жыры.  Ҧлт-азаттық  кҿтеріліс  қаһармандарының  бірі, 

Кенесары  хан  ҽскерінің  бас  қолбасшысы  болған  Ағыбай  Қоңырбайҧлы 

туралы халық жыры бізге екі нҧсқа тҥрінде жеткен. 

Жырдың  негізгі  оқиғасы  Ағыбайдың  жорыққа  мінуге  лайық  жақсы 

жылқы  алып  келу  ҥшін  жорыққа  аттануынан  басталады.  Бірінші  нҧсқада 

бҧған  Ағыбайдың    Кенеге:  «Қай  жерде  жақсы  ат  болса,  жи.  Барады  бастан 

асып  жау  айласы»,  –  деп  ақыл  айтуы,  соған  орай  Кененің  алты  Алаштан  ат 

іздеуі  тҥрткі  болады.  Сҿйтіп  жҥргенде,  Ағыбайға  біреу:  «Бір  ел  бар 

кҥншығыста,  жылқысы  аса  сҧлу  мінсіз  жҥйрік»,  –  дейді  де,  Ағыбай  қасына 

жеті жолдас ертіп, жолға шығады. 

Екінші  нҧсқада  бір  соғыста  Наурызбайдың  астындағы  бес  ат  ҿлгені, 

сондықтан  Кенесарының  Ағыбайды  шақырып  алып:  «Қасыңа  қырық  кісі 

алып,  атқа  мінші.  Наурызбайға  мінетҧғын  бізде  ат  жоқ.  Бір  тҧлпар 

тҥрікпеннен алып келші», – дегені баяндалады. 

Екі нҧсқада да Ағыбай мен оның серіктестері Шу ҿлкесіндегі Тектҧрмас 

ҿзенінің басына келіп, тынығып жатқанда оларға бейтаныс жалғыз салт атты 

адам келеді. Бірінші нҧсқада оның жіңішке, ҧзын бойлы, тіп-тік, сида, сҿйлер 

сҿзге  епті,  сыпайы  жас  жігіт  екені  бейнеленеді.  Ал,  екінші  нҧсқада  ол  – 

ағармаған  сары  бурыл  сақалы  бар,  бет-ажары  қардан  ақшыл,  бес  метрдей 

бойы биік, аяғы ат ҥстінде салақтап, шалғынға тиіп келе жатқан, саусақтары 

жас баланың білегіндей, алып адам. 

Бірінші нҧсқада жас жігіт келе сала бас  қаһарманды бҧрыннан танитын 

адамдай:  «Есенсіз  бе,  Ағыбай,  ағеке?»  –  деп,  сҽлем  береді  де,  содан  басқа 

сҿзге  келместен,  атынан  тҥсіп,  етегін  тҿсеп,  жеңін  жастық  қылып,  ҧйықтап 

қалады. Ағыбай мен жолдастары ҿздері ет асып, жейді де, бейтаныс жігітке 

тағы  да    ет  пісіріп  қояды.  Ҧйқысы  ҽбден  қанып  оянған  бейтаныс  жолаушы 

дҽретін  алып,    ҿзіне  берілген  дҽмді  жеп  алады  да,  тым  болмаса,    бір  ауыз 

«қош» деместен, келген жағына қарай жҥріп кетеді. Екінші нҧсқада бейтаныс 

кісі Ағыбай мен оның серіктерінің ет асқан бақыршыдан басқалары, ҧйықтап 

жатқан  уақытында  келеді  де,  бақыршы  оның  тҥрінен  шошынып,  есі  ауып, 

қҧлап жатқанда, бақырдағы барлық етті найзамен  тҥйреп алып, кейін қарай 

қайтып кетеді. 

Екі  нҧсқада  да  Ағыбай  бейтаныс  жолаушының    соңына  тҥседі.  Бірінші 

нҧсқада  ол  бҧл  ҽрекетін  жолдастарына:  «Мынаның  жайын  білмей,  ҥйге 

барсам, ҿлімнен артық маған ҥлкен арман», – деп тҥсіндіреді. Екінші нҧсқада 

жолаушының  қылығы  ашуын  келтірген  Ағыбай  Кҿкбестісін  алдырып, 

қасындағы қырық жігітіне: «Бірің барма! Ҽкелем ҿзім», – деп, аттанып, сыры 

беймҽлім  адамды  қуып  жеткенімен,  бейтаныс  адам  Ағыбайға  кҿзін  де 

салмайды,  оның  тҧлғасы  бас  кейіпкерді  шошытады.  Жырдың  бҧл  нҧсқасы 

Ағыбайды  сескендірген  жолаушыны  сипаттаған:  «Ерегіссе  егер  де, 

шабатындай,  ойран  етіп  кеткендей  бір  тайпа  елін»,  –  деген  тармақтардан 



 

491 


кейін шорт ҥзілген. 

Бірінші нҧсқада  жас жігіт артынан жеткен батырға: «Жарайды,  Ағыбай 

аға, қош келіпсіз», – дегеннен басқа сҿз айтпай, ҿзінің алған бағытына қарай 

тарта береді. Осылайша он шақты кҥн  бірге жортқанда  Ағыбай жас жігіттің  

іс-ҽрекетіне қайран қалып, тҥрін  ҧнатпайды. Бірінші кҥні жас жігіт қҧланды 

қҧрықпен ҧстап, екінші кҥні Ағыбайды сескендірген жолбарысты шоқпармен 

бір-ақ  ҧрып  ҿлтіріп,  екі  олжасын  да  Ағыбайға  сойдырады.  Осы  жерде 

Айнатасов  Тҽужи нҧсқасында  Тектҧрмастың басында жатқанда  Ағыбайдың 

жолбарысты садақпен атып ҿлтіргені суреттелетінін де ескерте кету лҽзім. 

Ақырында жас жігіт Ағыбайды жылқысы кҿп бір ауылдағы ақ орданың 

қасына ертіп келеді де, Ағыбайдың қанжарын сҧрап алады да, батырға: «Осы 

жерде тілектес боп сіз тҧрыңыз. Кешікпей, аман болсам, шығармын тез. Егер 

де  ҥйден  шықпай,  ҿліп  кетсем,  бас  сақтар  ақ    сҧр  атпен  қам  қылыңыз»,  – 

дейді  де,  ордаға  кіріп  кетеді.  Шошынып,  тері  аққан  Ағыбай,  тҽуекелге 

сыйынып: «Баланы қайтіп тастап кетемін?» – деп, жанын қиып тҧра береді.  

Аз уақыт ҿткен соң қанжары мен екі қолы қан болған бала ҥйден шығып, 

ҿзімен  жылап,  кҿрісіп  жатқан  ҽйелінің:  «Залымның  халі  қалай?»  –  деген 

сҧрағына:  «Ақжолтай  Ағыбаймен  жолдас  болып,  тҥсірдім  ішек-қарнын 

аяғына», – деп жауап береді. 

Содан  кейін  Ағыбайды  қонақ  етіп,  қҧрмет  кҿрсетіп  отырып,  жас  жігіт 

ҿзінің  жиені  кҥшінің  басымдығын  пайдаланып,  мҧның  мал-мҥлкін,  ҽйелін  

тартып  алып,  ҿзін  ҿлтірмек  болғанын,  сондықтан  ақ  сҧр  атпен    қашып,  жан 

сауғалап,  жапанда  қонып  жатқанда,  тҥсіне    марқҧм  ҽкесінің  кіріп,  бҧған 

Ағыбайдың жеті жолдасымен  бірге Тектҧрмасқа қонып жатқанын хабарлап, 

«Жолдас  бол,  тез  бар,  балам,  оныменен...  Қанжарын  екі  жҥзді  қару  қылсаң, 

аласың дҧшпаныңның басын кесіп»,  – деп ақыл айтқанын, аруақтың сол бір 

берген аяны айнымастан келгенін ҽңгімелейді. 

Академик З.Ахметов жырда жас батырдың кҥш-қайраты  Ағыбайдікінен 

басым  екендігі  баяндалуы  «Ағыбайдың  ақ  жолды,  аруақты  батыр  екенін 

айқындай  кҿрсету  мақсатын  жҥзеге  асыру  ҥшін  қолданылған  қызықты 

кҿркемдік суреттеу тҽсілі» екенін дҧрыс ашып кҿрсеткен

1

. Ағыбайдың жырда 



халық  қиялындағы  мінсіз  батыр  кейпіне  енгізіле    дҽріптеле  бейнеленгенін 

академик  С.Қирабаев:  «Ағыбай  бар  жерде  жеңіс  бар,  Ағыбай  жоқ  жерде  – 

қапысыз  жеңіліс.  «Ер  Ағыбай»  атты  халық  жыры  осы  концепцияны 

жақтайды»

2

, – деп тҥсіндіреді. 



Бҧл жырда да фольклордың сан ғасырлық даму тарихында қалыптасқан 

бірқатар  мотивтер    пайдаланылған.  Солардың  қатарына  жыр  нҧсқаларының 

бірінде  Ағыбайдың  жорыққа  ҿз  бастамасы  бойынша  аттануы  да  жатады.. 

Ҿйткені қаһармандық эпос дағдысында бас қаһармандар аса қҧдіретті тҧлға, 

яғни,  ешкімге  тҽуелсіз  адам,  ҿз  елінің  ең  жоғарғы  билеушісі  ретінде 

бейнеленуі  –  басты  шарттардың  бірі.  Екінші  нҧсқада  Кенесарының 

тапсырмасымен сапарға шыққан Ағыбай бірінші нҧсқада ханның ҿзіне ақыл 

                                                

1

 Ахметов З. Ағыбай батыр бейнесі ҽдебиетте // ҚР ҦҒА Хабарлары. Тіл, ҽдебиет сериясы. 1993, № 1, 36-б. 



2

 Қирабаев С. Ақжолтай Ағыбай – ҧлт-азаттық қозғалысының қаһарманы // Сол журналда. 47-б. 




 

492 


беруші, ҿз қалауымен іс-ҽрекет жасаушы тҧлғаға айналдырылған. 

Кейіпкердің  о  дҥние  ҿкілдерінің  қолдауы  мен  ықыласына    бҿленуін  

кҿрсететін  мотивтер  ғылымда  «риза  болған  ҿлік»  («благодарный  мертвец») 

деген  атау  аясына  топтастырылады..  Ағыбайдың  аруағының  мықтылығы, 

яғни,  оның  ғайыптан  алар  кҿмегі  зор  екені  шартарапқа  жайылғандығын 

бейтаныс  жігітке  марқҧм  ҽкесі  тарапынан  берілген  аян  айқын  ҧқтырады. 

Фольклор  туындыларының  кҿпшілігіне  ортақ  тҥс  кҿру  мотиві  арқылы 

берілген  аянның  ешқашан  жалған  болып  шықпайтыны  бҧл  жырда  да 

бҧлжымастан қайталанған. 

Бейтаныс  жолаушының  екінші  нҧсқадағы  гротеск  тҽсілі  бойынша  ҥрей 

туғызатындай  етіп  суреттелген  сыртқы  кейпі  Ағыбайдың  аруағының  зорлы-

ғын  сездіре  тҥсу  бағытында  жасалған  келесі  бір  адым  секілді.  Осы  нҧсқада 

жолбарысты  ҿлтіруші  Ағыбай  екені  баяндалуы  да  бірінші  нҧсқада  бас  ке-

йіпкердің    ешқандай  ерлігі  бейнеленбеуінің  орынсыздығын  сезінудің 

нҽтижесі деп білеміз. 

Ағыбайдың  жолдастарының  саны  жырдың  бір  нҧсқасында  «жеті», 

екінші нҧсқасында  «қырық» деп  кҿрсетілуі де  қазақ фольклорында жиі бай-

қалатын ҥйреншікті қҧбылыстың қайталануы болып табылады. 

Дегенмен,  «Ағыбай  батыр»  жырының  дҥниеге  келген  уақыты,  оған 

арқау  болған  тарихи  шындық  пен  бҧл  туынды  қағазға  тҥсірілген  сҽт 

арасындағы  уақыттың  шығарма  толық  фольклорлық  тҧтастануға  ҧшырап 

ҥлгеруі  ҥшін  жеткілікті  болмағаны  жырда  бейнеленген  оқиғалардың  да, 

кейіпкерлердің  де,  ҿзге  жағдайлардың  да  қалыпты  сипаты  басым  тҥсіп 

жататынынан айқын сезіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет