ХІХ ғасыр оқиғалары мен тұлғалары туралы жыр
Жалпы сипаты. Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ҧлт-азаттық кҥресінің
қаһармандары – Кенесары жҽне Наурызбай Қасымҧлдары, Ағыбай, Жанқожа
Нҧрмҧхамедҧлы, Бекет Серкебайҧлы, Досан, Арқалық, Мырзаш, Қармыс,
Тҿлеп, Балуанияз жҽне тағы басқа батырлар да тарихи жырлардың бас
қаһармандары болып табылады.
Бір тамашасы – бҧл туындылардың бірқатары – ҿздерінің бас
кейіпкерлеріне айналған халық қаһармандарының ҿмірден ҿткеніне жарты
ғасырға жетер-жетпес уақыт болғанда жарық кҿріп ҥлгерді.
Ш.Елеукенов пен Ж.Шалғынбаеваның «Қазақ кітабының тарихы» атты
еңбегінде: «Жҥсіпбек Шайхислҽмов 1903 жылы Қазан қаласында «Қисса-и
Кене хан һҽм Наурызбай» деген атпен бастыртады. Екінші басылымын
баспагер Ахмадуллин шығарады»
1
– деген мағлҧмат келтірілген. Бҧл жырдың
қаһармандары – Кенесары мен Наурызбай ҿздері басқарған ҧлт-азаттық
кҿтерілістің 1847 жылы жеңіліс тауып, қаза болғаны белгілі.
Н.И.Веселовский Мҧсабай жыраудан 1893 жылы «Жанғожа батырдың
толғауы» атты жыр жазып алып, 1894 жылы Петербургте бастырып
шығарды. Осы жырды И.В.Аничков та Мҧсабай жыраудың ҿзінен жазып
алып, оның орысшаға жолма-жол аудармасын 1894 жылы жарық кҿрген
«Рассказ о батыре Джанходже Нурмухамедове» деген атаумен
2
, осы
туындының тҥпнҧсқасын 1895 жылы араб ҽрпімен Петербургте жариялады.
Кіші жҥз қазақтарының 1855-1858 жылдардағы Ресей патшалығының
отаршылдық қысымына қарсы кҿтерілісі басшыларының бірі болған, 1858
жылы тҧтқындалып, Сібірге жер аударылған Бекет батыр туралы жырлардың
бір нҧсқасын «Ученые записки Казанского университета» журналының 1896
жылғы ІV шығарылуында «Киргизская былина о героях Ерназара и Бекета»
деген атаумен И.В.Аничков
3
, екінші бір нҧсқасын сол журналдың 1897
жылғы санында «Киргизская былина «О Бекет батыре» деген атаумен
1
Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы (Ежелгі дҽуірден 1917 жылға дейін). Алматы,
1999. 138-б.
2
Известия Общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете. 1894, Т. ХІІ. Вып. 2.
С. 209-237.
3
Ученые записки Казанского университета. 1896. Вып. ІV. С. 1-16.
484
Ҽ.Диваев жариялады
1
.
Кҿрсетіліп отырған жҽйттен байқайтынымыз – оқиға неғҧрлым бертінгі
уақытқа жақын болса, ол туралы шығарма одан аса кҿп мезгіл ҿтпей-ақ тууы
да мҥмкін екендігі. Оның себебі – ХІХ ғасырда қазақ даласында Ресей мен
қоқандықтардың ҥстемдігіне қарсы кҥрестің жиі болуы еді. Ҧлт азаттығы
ҥшін шайқаста адамдар барынша қаһармандық кҿрсетті, міне, солардың
ерлігін дҽріптеу қажеттігі пайда болды. Сҿйтіп, ҽрбір кҿтерілістен кейін
ҽртҥрлі аңыз, ҽңгіме, ҿлеңдер туып отырды. Бҧл ғасырдағы бҥкіл тіршілік
бҧрынғысынан басқаша, жедел даму ҥстінде болды, ел шығармашылығы да
баяғыдай баяу емес, болып жатқан оқиғалардың артынша дереу туып жатты.
Ол дҥниелер, ҽсіресе, поэзиялық ҥлгідегілері циклденіп, сюжеттік
тҧтастануға тҥсіп, болған оқиғадан жарты ғасыр ҿтпей жатып, эпикалық
туындыға айналып ҥлгерген тҽрізді. Кҿңіл бҿлетін нҽрсе – ХІХ ғасырда
эпостың дҽстҥрі кҥшті болды, ҿйткені, бҧл шақта эпос, негізінен, сейілдік
қызмет атқарып, тҽлімдік мақсатта айтылып жҥрді. Ал, мҧның ҿзі жаңадан
туып жатқан тарихи жырдың кҿркемдік болмысына ҽсерін тигізгені сҿзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |