1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет114/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Діни  дастан 

 

Ҧлттық  фольклорымыздың  ҿте  бай,  маңызды  саласы  болып  табылатын 

дастандық эпостың едҽуір бҿлігін діни дастандар қҧрайды. Ҿткен ғасырларда 

қоғамның  рухани  сҧранысынан  туған  бҧл  шығармалардың  басым  кҿпшілігі 

ХІХ  ғасырда  кітап  болып  жарық  кҿрсе,  біразы  қолжазба  кҥйінде  сақталып 

келді.  Қазақ  даласында  ислам  дінінің  кеңінен  қанат  жаюына  олардың  ҽсері 

айтарлықтай  болды.  Себебі,  ислам  дінін  нығайту  ҥшін  жҥргізілген  кҥрес 

соңғы  ғасырларда  екі  тҥрлі  жолмен  іске  асып  отырды:  бірінші  ҽдіс  ислам 

дінін  таратушылардың  іс  жҥзіндегі  (мешіт,  медресе  салу,  т.б.)  ҥгіт-насихат 

жҥргізуі  арқылы  жҥзеге  асса,  екіншісі  –  ақынжанды  дала  тҧрғындарының 

жан-жҥрегіне жыр сҿздерімен  (діни дастандар) ҽсер ету арқылы орындалған 

тҽрізді. 

Діни  дастандар  ҿзінің  сюжеттері,  мазмҧны,  шығу  тарихы,  даму,  таралу 



 

526 


жолдары жағынан ҽртҥрлі. Бірақ олардың барлығы идея жағынан бірігеді, ол 

– исламдық руханият қҧндылықтарын ҥгіттеу. 

Осы  бастапқы  идеяны  жҥзеге  асыру  ҥшін  діни  дастандарда  дҥниенің 

исламға  тҽн  жаратылыс  тҥсініктері,  Қҧран  мифологиясы,  Шығыс  пен  Батыс 

халықтарына ортақ кҿне ертегілік, эпикалық мотивтер мен шығыс халықтары 

фольклорының  типтік  кейіпкерлерінің  бейнелері  кеңінен  қолданылады. 

Сондай-ақ бҧл шығармалар ойдан шығарылған кҿркем қиял арқылы байиды, 

ал  кейіпкерлердің  образдары  мақсатты  тҥрде  халық  танымына  сҽйкес 

тҧлғаланады. 

Діни  дастандарды  тақырып  пен  мазмҧнына  сҽйкес  былайша 

топтастыруға болады: 1. ислам дінінің негіздері мен ҧстанымдарын  дҽріптеу 

жҽне  оларды  бҧзушыларды  жазалау  туралы  дастандар;  2.  Мҧхаммед 

пайғамбар  (c.а.с.)  мен  ҽділетті  тҿрт  халифа  жайлы  дастандар;  3.  мҧсылман 

батырлары  мен  ҽулие-ҽнбиелердің  ҿмірі,  жасаған  ерліктері  туралы 

шығармалар;  4.  исламды  тарату  мен  орнықтыру  жолында  дінсіздермен 

кҥресті  суреттейтін  жҽне  мҧсылман  тарихында  шынайы    болған,  халық 

жадында із қалдырған оқиғаларға негізделген туындылар. 

Бірінші  топты  исламның жекелеген  ҿсиеттері  мен  тыйым-тоқтамдарын, 

халал мен харамды ҽңгімелейтін жҽне оларды бҧзушыларды жазалау туралы 

дастандар  қҧрайды.  Сондай  шығармалардың  жарқын  бір  ҥлгісі  – 

«Ҽбушаһма»    дастаны.  Шығарманың  басты  кейіпкері  Ҽбушаһма  –  хазіреті 

Омар  халифаның  баласы.  Ол  Қҧранды  шебер  оқуымен  жҽне  дауысының 

пайғамбар  дауысына  ҧқсастығымен  ерекшеленеді.  Бір  кҥні  сахабалар 

(Мҧхаммед 

пайғамбардың 

серіктері) 

пайғамбардың 

дауысын 


сағынғандықтарын  айтып,  Ҽбушаһмадан  Қҧран  Кҽрімнен  сҥрелер  оқып 

беруін ҿтінеді. Ҽкесі оған кҥні бойы мешітте Қҧран оқуға рҧқсат береді. Одан 

ҽрі  қайтар  жолында  Ҽбушаһманың  бір  ҽзҽзілге  еріп,  шарап  ішкені,  бҧрын 

шарап  ішпегендіктен  мас  болғандығы,  соның  кесірінен  бір  ҥйге  кіріп,  ол 

ҥйдегі сҧлу  қызбен зина жасағаны баяндалады. Қыздың аяғы ауырлап, біраз 

уақыт  ҿткен  соң  сҽбиін  алып,  Омар  халифаға  келеді.  Омар  халифа  қыздың 

сҿзін антпен  бекіттіріп  сенеді  де,  баласына  ҿте  қатал,  бірақ  шариғат  заңына 

сай келетін «жҥз дҥре соғу» ҥкімін шығарады. 

Бҧл  шығарма,  тҧтастай  алғанда,  Қҧранның  қағидалары  мен  ҿсиеттеріне 

негізделген.  Мысалы,  зинақорлықпен  айналысқандардың  жазасы  –  жҥз  дҥре 

екендігі  Қҧранның  «Нҧр»  сҥресінің  екінші  аятында  кҿрсетілген:  «Зинашы 

ҽйел  мен  ердің  ҽрбіріне  жҥз  дҥре  соғыңдар.  Егер  Аллаға,  ақырет  кҥніне 

сенсеңдер,  оларға  жҧмсақтықтарың  ҧстамасын.  Ҽрі  екеуінің  жазасын 

мҥміндердің  бір  тобы  кҿріп  тҧрсын»

1

.  Осы  жерде  атап  айтатын  нҽрсе: 



исламда  жазалау  –  мақсат  емес,  жазаның  басты  мақсаты  –  мҧсылмандарды 

кҥнҽдан арылту. 

Дастанның  басты  тақырыбы  мен  идеясы  –  ислам  қағидаларын 

бҧзушылармен  кҥрес  жҽне  кҥнҽ  істемеуге,  зорлық  жасамауға  ҥгіттеу,  егер 

жасалған  кҥнде  оларды  жаза  кҥтетіндігін  ескерту.  Тіпті,  ол  халифаның  ҿз 

                                                

1

 Қҧран Кҽрім: Қазақша мағына жҽне тҥсінігі. Мҽдине, 1991. 




 

527 


баласы болса да, кешірім жоқ. Сонымен шығарма тҧтастай алғанда Қҧранның 

қағидалары мен ҿсиеттеріне негізделгенімен, оның сюжеттік желісін халифа 

Омардың ҽулетінде болған тосын оқиға, яғни бір ғана нақты факт қҧрайды.  

Ал енді осы хикаялық оқиға, яғни ортағасырлық мҧсылман дҥниесіндегі 

тіршіліктің  болмашы,  бір  ҥзік  эпизоды  дастанда  қалай  бейнеленетінін 

кҿрелік. 

Ең алдымен атап ҿтетін нҽрсе – оқиға желісі ҿте шымыр, ҽрі тартымды. 

Негізгі  кейіпкер  Ҽбушаһма  да  кҥнҽсіз  жас.  Оны  адал  жолдан  тайдырған 

шараптың  зардабы  болып  сипатталады.  Табиғатының  ҽлсіздігінен  ол 

шараптың еліктірушілік залалына қарсы тҧра алмай қалады. Ал оның ҽкесі – 

халифа,  бҥкіл  мҧсылман  қауымының  басшысы  ғана  емес,  мемлекеттің 

басшысы.  Былайша  айтқанда,  оның  қолында  баласын  жазадан  қҧтқара 

аларлық  қҧдірет  бар.  Оны  қасындағы  адамдар  жақсы  біледі.  Сондықтан 

халифаның  ҿз  баласын  шариғат  заңы  бойынша  жауапқа  тартатынына 

сенімсіздік  білдіреді.  Бірақ  Омар  да  ҿз  шешімінің  кҿптеген  мҧсылмандар 

сенімінің бекуі немесе ҽлсіреуіне ҽсер ететінін жақсы тҥсінеді. 

Дастанда  ҽділ  тҿреші  де,  жазаны  орындатушы  да  –  халифаның  ҿзі. 

Халифа  бейнесі  аса  кҿркем  жҽне  ҽр  қырынан  кҿрінеді.  Ол  Мҧхаммед 

пайғамбардың  тҿрт  шариарының  ішінде  «ең  ҽділеттісі»  атанған  адам.  Араб 

тарихнамасында  жҽне  араб  халифатының  қҧрылуы  туралы  еңбектерде  оның 

аса  кҿрнекті  мемлекет  қайраткері  ретіндегі  қасиеттері  мен  дарынды 

қолбасшылық  қабілеті,  қайтпайтын  қайсарлығы,  табандылығы  туралы 

айтылады

1



Ал фольклорлық шығармаларда Омар болмысының кейінгі мҧсылмандар 

ҥшін басты мҽнге ие болған ҧстамдылығы, бірбеткейлігі, бақ-дҽулет, дҥние-

байлыққа  қызықпайтындығы,  ислам  жолындағы  ҿз  парызын  жоғары  қойған 

қасиеттері мадақталады. Омардың ислам жолына адалдығы ҿз парызын терең 

сезінуімен, ерік-жігерінің қайсарлығымен, тіпті, ерекше фанатизмімен ҽсерлі 

суреттеледі. 

Талқыланып  отырған  дастанда  Омар  халифаның  ҿз  ҧлын  жанындай 

жақсы  кҿретін  мейірімді  ҽке  ретіндегі  қыры  да    танылады.  Оның  баласына 

деген  ҽкелік  сезімінің  нҽзік  иірімдері  дастанда  ҿте  шебер  тҽсілмен,  бір  ғана 

кҿрініс арқылы кҿрсетілген. Мҽселен, ол нҽресте Ҽбушаһма ауырған кезде он 

мҽрте ҥзіліссіз ораза ҧстауға ант етіп, оны соңына дейін орындайды. 

Ҽсіресе,  дастанда  баласының  ҿлімінен  кейін  жҥрегі  қайғы-қасіреттен 

қан  жылап  жатып  қалатын  Омар  халифаның  халін  суреттейтін  тҧстар  аса 

ҽсерлі  де  кҿркем  картинаны  қҧрайды:  «Кҥні-тҥні  кҥңіреніп  жатып  қалды, 

кеудесін  кҿтеруге  жоқ  межелі».  Бірақ  ол  шешімінің  дҧрыстығына 

кҥмҽнданбайды, себебі ҿз сенімінде ҽке парызын адал атқарды. Ҿйткені, ол – 

исламның шын берілген ҧлы, оның тазалығының қорғаны. Халифа шешімінің 

дҧрыстығына  Ҽбушаһманың  ҿзі  де,  шешесі  де  шексіз  сенетіндігін  атап  ҿту 

керек. 

Омардың  баласының  таяқтың  астында  ҿлгендігі  жайында  Қожа  Ахмет 

                                                

1

 Грюнебаум Г.Э.фон. Классический ислам. М.,1986. С.52. 




 

528 


Иассауи ҿзінің «Диуани хикметінде» айтады: 

 

Шариғатты бек тҧтқан, тарихатты рас тҧтқан, 



Хақиқатты қҧп білген, ҽділетті Ғҧмар-дҥр. 

Ҧлын жырлап келтірген, дҥре соғып ҿлтірген, 

Ҽділдікпен жол салған, ҽділетті Ғҧмар-дҥр

1

.  



 

Демек,  Иассауи  заманының  ҿзінде-ақ  халифа  баласы  Абдолланың  бір 

рет шарап ішіп, сол ҥшін жазаланғаны тарихи айғақ ретінде ел арасында кең 

тарап,  тҥрлі  аңыздарға  арқау  болған.  Ҽйтсе  де,  діни  аңыздардың  басқа,  ҿзі 

іспеттес  тарихи  аңыздардан  ҥлкен  бір  айырмашылығы  –  бҧлардың    негізгі 

мақсаты танымдық, мағлҧматтық қызметімен қатар тҽрбиелік маңызы да бар, 

яғни  олар  ислам  қҧндылықтарын  насихаттайды.  Ал,  қазақ  шайырлары 

(нҽзирашыл  ақындар)  осындай  аңыз,  ҽңгімелерді  ҿзінше  жырлап,  соны 

сипатты, тың суреттерге толы, сырлы дастандар тудырған.    

Дастан  кейіпкерлерінің  бейнелері  реалистік  мҽнерде  сомдалған. 

Олардың  мінез-қҧлық  ерекшеліктері,  ішкі  сезімдері  жан-жақты,  тҽптіштеліп 

баяндалған,  яғни  жалпы  дастан  жанрына  тҽн  психологиялық  белгілер  мол 

кҿрініс  тапқан.  Ҽрине,  ХХІ  ғасырға  қадам  басқан  ҿркениетті  елдердің 

кҿзқарасы тҧрғысынан алғанда, жас баланы дҥре соғып ҿлтіру  – сҿзсіз қатал 

жаза,  алайда,  біз  бҧл  жерде  мынаны  ҧмытпауымыз  керек:  біріншіден,  бҧл 

дастан  ерте  заманда,  VІІ  ғасырдағы  араб  қоғамында  орын  тепкен  оқиғаны 

баяндайды;  екіншіден,  ҽкесі  баласын  ҿлтіруді  кҿздеген  жоқ,  яғни  жоғарыда 

айтылғандай,  исламда  жазалау  мақсат  емес,  жазалаудың  мақсаты  – 

мҧсылмандарды кҥнҽдан арылту; ҥшіншіден, бҧл – кҿркем шығарма. 

Діни  дастандардың  келесі,  екінші  тобын  Мҧхаммед  пайғамбар, 

«қҧтқарушы» (мессия) жҽне ҽділетті тҿрт халифа туралы дастандар қҧрайды. 

Солардың 

ішінде 

Мҧхаммед 

пайғамбарға 

арналған 

шығармалар 

тақырыптары  бойынша,  негізінен,  екі  тҥрлі  болып  келеді:  пайғамбарды  

қорғансыздардың  қамқоры  ретінде  суреттейтін  жҽне  оның  ҿмірі  мен 

қызметінің жекелеген кезеңдерін баяндайтын шығармалар. 

Мҧхаммед ибн Абдулла бин Абдулмуталиб (570-633)  – Алланың елшісі 

(Расул  Алла),  ислам  дінінің  негізін  қалаушы,  тарихи  тҧлға.  Мҧхаммед 

пайғамбар  адамзат  тарихына  исламның  жҽне  бірінші  араб  халифатының 

негізін  қалаушы  ретінде  енді.  Ал,  қарапайым  бҧқара  халық  болса,  бірінші 

кезекте  Мҧхаммед  пайғамбардың  адамгершілік  қасиеттерін  бағалады,  оны  

имандылық  пен  тақуалықтың  нағыз  ҿнегесі  деп  білді.  Сондықтан,  халық 

оның  тамаша  адамгершілік  қасиеттерін,  соның  ішінде  кеңпейілдігін, 

кешірімшілдігін,  адамдарға  деген  қайырымдылығын,  қамқорлығын, 

мейірімділігін, қарапайымдылығын дҽріптейтін шығармалар тудырды.  

Сондай шығармалардың бірі – пайғамбардың ҿз бостандығын кепілдікке 

беріп,  лақтары  жетім  қалып,  ҿзі  қақпанға  тҥскен  киік-ананы  қҧтқаруын 

баяндайтын  «Киік»  дастаны.  Диалог  формасында  қҧрылған  бҧл  дастанның 

                                                

1

 Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. Алматы, 1993. 53-хикмет. 96-б. 




 

529 


кҿлемі шағын, бірақ кҿркемдігі жоғары, оқиғасы ҿте қызық. Оны В.В. Радлов 

ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  ел  аузынан  жазып  алып,  1870  жылы 

жариялаған

1

.  Шығарманың  мазмҧны  былайша  ҿрбиді:  бір  дінсіз  қақпан 



қҧрады да, оған бір ҧрғашы киік тҥсіп қалады. Аңшы оны ҿлтіруге келгенде 

Мҧхаммед  пайғамбар  алдынан  шығып,  киіктің  енесін  іздеп  маңыраған  екі 

лағын аяп, жануарды босатуын сҧрайды, киіктің орнына ҿз басын кепілдікке 

ҧсынады.  Сондай-ақ  мҧнда  екі  лағын  ерткен  киік-ананың  кері  оралғаны, 

балаларының да енелерінің ауыр  тағдырын бҿлісуге бас тіккені суреттеледі. 

Аңшы  киіктің  жас  лақтарын  кҿріп,  қатты  қуанып,  ҧстап  алмаққа  ҧмтылады. 

Бірақ  Мҧхаммед  (с.а.с.)  мҧндай  қаталдыққа  жол  бермек  емес.  Оны  мына 

жолдардан  кҿруге болады:   

 

Тас алтын тауға шықсам теремін бе, 



Сенің айтқан сҿзіңе еремін бе? 

Ҥш киік келеді деп қуанасың, 

Мен саған ол ҥшеуін беремін бе?! 

 

Соңында  киіктердің  ҿміріне  айырбас  ретінде  пайғамбар  дінсізге 



исламды  қабылдауға  рҧқсат  етеді  де,  оған  о  дҥниенің  мҽңгілік  рахатын 

сыйлауға уҽде береді. 

Осы  топқа  жататын  діни  дастандардың  Мҧхаммед  пайғамбардың  ісін 

жалғастырушы  «ҽділетті  тҿрт  халифа»  жайындағы  нҧсқалары  да  сан  алуан 

тақырыпты қозғайды. 

Солардың  ішінде  В.В.Радловтың  жоғарыда  аталған  кітабында 

жарияланған  «Бозторғай»  дастанының  орны  ерекше

2

.  Ҿйткені,  мҧнда 



«ҽділетті  халифалардың  бірі»  –  Ҽли  ибн  Ҽбу  Тҽлиб  тҧлғасы  жан-жақты 

кҿрінеді.  Жалпы,  мҧсылман  қайраткерлерінің  ішінде  айрықша  танымал 

болғаны да, кҿптеген дҽріптеу шығармалардың қаһарманына айналғаны да  – 

хазірет  Ҽли  болды.  Мҧсылман-сҥнниттер  оны  Аллаға  берілгендік  пен 

қайырымдылықтың жарқын ҥлгісі ретінде санады, қазір де солай бағалайды. 

Шииттер  арасында  оның  тҧлғасы  бҧдан  да  биік  дҽрежеде.  Ол  –  «Қҧдайдың 

қҧдіретін ҽкелуші», «таратушы», тіпті, «Қҧдай» дҽрежесінде сипатталады.  

Ал  халық  тҥсінігінде,  Ҽли  –  ҿн  бойына  исламның  танымал 

қайраткерлерінің, эпикалық батырлардың жҽне исламға дейінгі қҧдайлардың 

қасиеттерін жинақтаған кейіпкерлердің бірі.  

Дастанда  бір  теңге  алса  да,  мың  теңге  жазып  қоятын  ҿсімқорлардың 

шырмауына тҥскен белгісіз бір кедей тағдыры баяндалады. Ҿмірден тҥңіліп, 

ҥмітін ҥзген кедей кҿмек сҧрап, Мҧхаммед пайғамбарға жалбарынады, бірақ 

ол да – кедей. Сонда Ҽли бейнесі жарыққа шығады. Ол пайғамбардың кҿмек 

сҧрағандарға  қол  ҧшын  бере  алмағанына,  ал  маңайындағылардың  қолынан 

келсе  де,  бҧған  кҿмектеспегендігіне  қатты  қиналып,  ренжиді  де,  кедейге 

кҿмектесуге  рҧқсат  сҧрайды.  Ҥйіне  келіп,  барлық  киімін  ақтарып,  ештеңе 

                                                

1

 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и Джунгарской 



степи. СПб., 1870. С.665-670. 

2

 Радлов В.В. Аталған еңбек. 693-713-б. 




 

530 


таппайды. Содан соң Ҽли ҿсімқорларға кедейді босату ҥшін кепілдікке ҿзінің 

ҧлдары Асан мен Ҥсенді қалдырады.  

Сонан  соң  Ҽли  дінсіздер  еліне  барып,  оларды  ақыл-парасаты  арқылы 

жеңіп,  ҿз  балаларын  да,  кедейді  де  қҧтқарады.  Ол  дінсіздердің  еліне  келген 

соң,  оларды  исламға  қаратады.  Бірақ  ол  мҧны  ерлігімен  емес,  «жҧмбақ 

айтыс» арқылы іске асырады. Шарттың мҽні ҿте қатал: дінсіздер оған жҧмбақ 

сҧрақ  береді,  оны  кешіктірмей  шешу  керек  –  ҽйтпесе  ҿзі  ҿледі.  Ҽли  барлық 

сҧрақтың  жауабын  дҽл  шеше  отырып,  ҿз  кезегінде  дінсіздерге  ҥш  тҥрлі 

жҧмбақ  айтады.  Ҥш  сҧрақтың  да  тҿркіні  –  «Биссмиллаһи  рахман  ир-рахим» 

жҽне    «Лҽ  илҽһа  илла  Алла»  дейтін  бҥкіл  мҧсылмандар  қауымының  басты 

шарты  –  қағида  болып,  Ҽли  оларға  иман-калимді  мойындатып,  жауын 

жеңеді.  Мҧнан  кейін  олар  соғысудың  орнына  Ҽлиге  қымбат  бағалы  заттар 

беріп,  тарту  жасайды.  Ҽли  оны  алып,  ҿсімқорларға  береді  де,  ҿзінің 

балаларын босатады.  

Кҿріп  отырғанымыздай,  мҧнда  Ҽли  –  бақытсыздыққа  ҧшыраған 

бейшаралардың  қорғаны.  Қҧранды  жетік  білетін,  шариғаттың  негізін, 

мҧсылман аңыздары мен хикаяларын меңгерген қабілетімен танылады. Ол  – 

дархан  пейілді,  қайырымды,  жаны  жайсаң  жан.  Кҿңілі  шалқар  кҿлдей  кең. 

Ҽрине,  кез  келген  адам  ҿзінің  туған  ҧлдарын  белгісіз  бір  кедей  ҥшін 

кепілдікке  қалдыра  алмайды.  Ҽлидің  бҧл  ерлігі  ҿзінің  сипаты  жҿнінен 

батырлық ерлікке барабар.  

Бҧл  тақырыптағы  бҧдан  басқа  дастандардың  айтар  ойы,  кҿркемдігі  сан 

алуан. 

Мҧсылмандар,  ҽсіресе,  шииттер  арасында  қҧтқарушы  (мессия)–  Маһди 

туралы  ілім,  тҥсінік  VІІ  ғасырда  пайда  болған.  Маһди  –  Алла  Тағаланың 

нҧсқауымен  тура  жҥруші  һҽм  тура  жол  кҿрсетуші,  қҧтқарушы  (мессия), 

ақырзаманды  хабарлаушы.  Яғни  Маһди  –  адам  аты  емес,  ол  –  титул.  Ал 

дастанда   Мҽди деп ҿзгеріп, адам атына айналып кеткен

1



«Қҧтқарушы»  пайғамбар  ҽулетінен  шығу  керектігі  мҧсылман  дініндегі 



ҽртҥрлі  ағымды  ҧстанушылардың  арасында  ҽртҥрлі  мҽнге  ие  болған. 

Мысалы,  шииттер  пайғамбардың  Ҽли  мен  Фатимадан  туылған  екі  немересі 

Хасан  мен  Хҧсайыннан  басқа  еркек  кіндікті  мирасқоры  болмағандықтан, 

заңды  билеуші  Ҽли  мен  оның  тікелей  ҧрпағы  (барлығы  –  12)  болу  керек 

деген идеяны ҧстанды. Сондай-ақ олар Ҽли ҧрпақтарының бірінің «жоғалған 

имам» ретінде, Алланың еркімен жасырынғандығына, уақыты жеткенде жер 

бетіне «қҧтқарушы» бейнесінде оралатындығына сенеді. 

Осы  идея  мҧсылмандар  арасында  кҿптеген  аңыз,  ҽңгіме,    қисса, 

дастандар туғызды. Қазақ арасында да осы тақырыпқа арналған шығармалар 

аз  емес,  солардың  бірі  –  «Дариға  қыз»  дастаны.  Атап  айтатын  нҽрсе,  мҧнда 

қҧтқарушы Маһдидің тікелей ҽкесі ретінде хазірет Ҽли кҿрсетілген.  

Бҧл  дастан  екі  бҿлімнен  тҧрады.  Бірінші  бҿлімде  –  болашақ 

«қҧтқарушының»  «ҽдеттегіден  тыс»  жағдайда  ғажайып  туысы  суреттеледі. 

                                                

1

 Жалпы, Маһди туралы ілім Қҧранда («Қамар» сҥресінің 6-аяты, «Мҥрсҽлат» сҥресінің 7-аяты) тҧспалмен 



тҧжырымдалған ақырзаманның таянуы, сол уақытта Алладан жіберілген елші ретінде жер бетінде ҽділеттік 

орнату ҥшін «қҧтқарушының» келетіндігі туралы мҽліметтер негізінде пайда болған. 




 

531 


Ол  ҥшін  дастан  оқиғасында  ерлікпен  ҥйлену  мотивінің  классикалық  ҥлгісі 

мақсатты  тҥрде  пайдаланылады:  хазірет  Ҽлидің  еш  уақытта,  ешкімнен 

жеңілмейтін  батыр,  алып  қыз  Дариға  туралы  хабар  алуы,  оның  еліне  келуі 

мен  екеуінің  жекпе-жегі,  батырдың  қызды  жеңуі,  ҥйленуі,  мерзімді  уақыт 

ҿткен соң ҧл тууы қызықты ҽңгімеленеді. Яғни мҧнда ерлікпен ҥйленудің ең 

кҿне тҥрі – кейіпкердің қалыңдығымен жекпе-жегі пайдаланылған. 

Ҽлидің  «қҧтқарушы»  Маһдидің  ҽкесі  ретінде  дастан  кейіпкері  болуына 

бірнеше  себеп  болған:  а)  Маһди  пайғамбар  ҽулетінен  болу  керек,  ал  Ҽли  – 

пайғамбардың кҥйеу баласы, немере інісі; ҽ) Дариға секілді алып қызды  тек 

Ҽли  сияқты  батырлардың  батыры  ғана  жеңе  алады;  б)  Ҽли  – 

мҧсылмандардың ең сҥйікті қаһарманы. 

Дастанның  екінші  бҿліміндегі  оқиғалар  тікелей  Маһди-Мҽдиге 

байланысты  ҿрбиді.  Ол  –  шығарманың негізгі  жҽне  басты  кейіпкері.  Дастан 

оқиғасы  «жоғалған  имам»  туралы  мҧсылмандық  аңызға  қҧрылған,  мҧнда 

имамның  жоғалуының  себебін  –  «ҿз  ҽкесімен  білмей  соғысып,  соған  қатты 

ҧялғандықтан  жер  астына  кіріп  кеткен»  деп  тҥсіндіреді.  Баланың  ҽкемен 

соғысы  кҿптеген  халықтардың  фольклорында  кездесетін  кҿне  мотивтердің 

бірі


1

.    Демек  дастанның  оқиға  ҿзегінде  діни  аңызды  тҥсіндіру  ҥшін  кҿне 

фольклорлық  сарындар  (ерлікпен  ҥйлену,  кҥйеудің  қалыңдығымен  немесе 

баласының  ҽкесімен  жекпе-жегі) 

мақсатты  тҥрде  жҽне  орынды 

пайдаланылған. 

Ҽли  –  кҥшті,  даңқты  ер.  Ал  Дариға  сҧлу  одан  да  кҥшті.  Бірақ  оған 

қарамастан Ҽли оны жеңеді. Дариға ҿз кҥшінің басым екендігін біле тҧра ҿзін 

Ҽлидің жеңетінін алдына ала сезеді жҽне оған ескертеді. Ол болашақ ҧлының 

ҽкесіне:  «Ҽли,  менен  артық  емес,  тіпті,  кҥшің,  Аллаға  жаққан  екен  қылған 

ісің»,  –  дейді.  Яғни  мҧнда  да  Ҽлидің  басым  тҥсуі  оның  мҧсылман 

болғандығымен  тҥсіндіріледі.  Сондай-ақ  Мҽди  бейнесі  де  барынша 

кҿтермеленіп, ҽсірелей сипатталады: 

 

Айы толып, Дариға толғатқанда, 



Ай мен кҥндей боп бір ҧл туды. 

Мҽди деп балаға қойды атты, 

Бҧл бала барша жаннан салтанатты! 

 

Ол  медреседе  оқитын  ҿз  қҧрдастарымен  ойнаса  да  басым  тҥсетін, 



болашақ  батыр  белгілері  жастайынан  білінетін,  ҽкесін  іздеп,  ауыр  жолға 

шығатын  қайсар  ҧл.  Жолда  орасан  зор  бҿгеттерден  ҿтіп,  айдаһарды  жеңіп, 

батырлық  эпос  кейіпкері  тҽрізді  сынақтардан  ҿтеді.  Яғни  батырға  тҽн 

дҽстҥрлі ерліктер жасайды. 

Дҽстҥрлі  эпос  заңы  бойынша,  ол  кҽмелеттік  сынақтан  кейін  негізгі 

ерлігін  жасау  керек  немесе  ерлікпен  «ҥйленуі»  қажет.  Бірақ  дастанның  бҧл 

бҿлігі  діни  мифке  қҧрылады  да,  классикалық  эпостың  образды  жасау 

логикасы  бҧзылып,  қорытындысында  кейіпкер  ҿзін  дастандық  кейіпкер 

                                                

1

 Веселовский А.Н.  Историческая поэтика. Л., 1940. 546-570-б. 




 

532 


ретінде  кҿрсетеді.  Оның  келесі  ерлігі  батырлық  емес,  адамгершілік 

сипатымен  ерекшеленеді:  ол,  жоғарыда  айтылғандай,  ҿз  ҽкесімен  білмей 

соғысып,  соған  қатты  ҧялғандықтан  жер  астына  кіріп  кетеді.  Мҧндағы  бір 

ескеретін  нҽрсе,  діни  мифтің  кейіпкері  ҽдеттегі  фольклорлық  кейіпкерге 

айналады да, ешқандай діни фанатизм елесі аңғарылмайды. 

 

Қорыта  айтқанда,  бҧл  дастанда  кҿне  фольклорлық  мотивтер  мен 



мҧсылмандық-қҧрандық  аңыздар  ҿзара  кірігіп,  бір-бірін  толықтырады,  ал 

діни  кейіпкерлер,  ислам  батырларының  образдары  фольклорлық  ҥлгіде 

жырланып, эпикалық қалыптарға сай сомдалады. 

Ислам батырларына арналған ҥшінші топтағы кҿрнекті шығармалардың 

бірі  –  «һаза  кітап  Мҧхаммед-Ханафия»  дастаны.  Дастанның  бас 

кейіпкерлерінің бірі – хазірет Ҽли.  Дастанда  оның Рҧмды басып алуы, Рҧм 

патшасын  ҿлтіріп,  оның  керемет  сҧлу  қызы  Ханафияны  тҧтқындап,  ҿзімен 

бірге  алып  келгені  баяндалады.  Мҧхаммед  (с.а.с.)  қыздан  исламды 

қабылдауды сҧрайды. Сонда қыз ҥш тілегін айтады. Олар: 1. ҿзі ерлігіне тҽнті 

болған  Ҽли  батырмен  қосылу;  2.  пайғамбардың  қызы,  Ҽлидің  ҽйелі 

Фатимамен  ҿзінің  тең  дҽрежеде  саналуын  қамтамасыз  ету;  3.  ҿзінің  атын 

пайғамбардың есімімен біріктіретін ҧлды дҥниеге келтіру.  

Мҧхаммед (с.а.с.) ҧзақ ойланады. Осы уақытта жаратушыдан Жҽбірейіл 

періште арқылы қыздың  тілегі орындалатыны туралы хабар келеді. Осындай 

жолмен  алдын  ала  келісілген  жағдайда,  Қҧдайдың  қҧдіретімен,  екі  тҥрлі  ат 

иемденген  (Мҧхаммед  пайғамбар  мен  Рҧм  императоры  қызының  аты)  – 

Мҧхаммед-Ханафия  туылады.  Демек  Мҧхаммед-Ханафия  ҽдеттегіден  тыс 

жағдайда,  яғни  эпикалық  қаһармандар  секілді  ғажайып  жағдайда  туылады. 

Бҧл – шығарманың прологы. Мҧнан кейін Мҧхаммед-Ханафияның тҽрбиесі, 

оның  ҿсу  жолдары,  он  жасында-ақ  айналасындағылардан  басым  тҥскені,  он 

екі  жасында  басқа  дін  ҿкілдерімен  кездесуі,  оларды  ҿз  дініне  кіргізуге 

ҥгіттеуі, оған кҿнбегендермен соғыс жорықтары сипатталады. 

Бҧдан  ҽрі  ерлікпен  ҥйленуі,  ондағы  тҥрлі  ҽрекеттер,  той  кҥні 

қалыңдықтың  дҽу  арқылы  ҧрлануы,  дҧшпанның  арқанды  қиып  жіберуінің 

кесірінен  Мҧхаммед-Ханафияның  жердің  астына  тҥсіп  кетуі,  қамығуы, 

тҥсінде Мҧхаммед пайғамбардың аян беруі, жер бетіне шығып, ҽйелін іздеуге 

аттануы,  ағалары  Хасен  мен  Хҧсайынды,  ҽкесі  хазірет  Ҽлиді  кездестіруі, 

дҧшпанды жеңіп, мҧратына жетуі баяндалады.  

Сонымен  дастан  мазмҧнын  қҧрайтын  сюжет  пен  мотив,  эпизодтар 

мыналар:      кейіпкердің  ғажайып  жаратылысы;  батырға  тҽн  балалық  шағы; 

алғашқы  ерлігі  –  сансыз  кҿп  жау  ҽскерін  жою;  қалыңдық  ҥшін  кҥрес  жҽне 

онымен  қосылу;  қалыңдықты  дҽудің  алып  кетуі;  дҽумен  кҥресте  бас 

кейіпкердің  жеңісі;  қалыңдықтың  екінші  рет  жоғалуы;  бас  кейіпкердің 

ҽкесінің араласуымен дҧшпандардың талқандалуы; бақытты қосылу. 

Кҿріп  отырғанымыздай,  дастан  фабуласының  жалпы  кҿрінісі,  оны 

қҧрайтын мотивтер мен оқиғалардың орналасу тҽртібі жҽне қаңқасы дҽстҥрлі 

эпикалық  сюжет  қҧрайды.  Шынтуайтқа  келгенде,  біз  бҧл  жерде  эпикалық 

қаһарманның  типтік  ғҧмырнамасын  танимыз.  Оның  басты  мазмҧнын 

батырлық  ерліктер  қҧрайды.  Олар  ислам  дінін  таратуға,  орнықтыруға 



 

533 


арналған.  

Шығарманың басты оқиғалары дастан поэтикасына сай «ғажайып сарай 

бақтарында» ҿтеді. Мысалы, Мҧхаммед-Ханафияның алғашқы қарсыластары 

онымен  «керемет  сарай»  бағында  кездеседі.  Кейіпкердің  «Қҧдай  қосқан 

қосағы»  да  «айналасы  аққан  бҧлақ,  бау-шарбақтың  ортасында  жанған 

шырақ» деп сипатталатын жерді мекендеген. 

Ал  дастанның  тарихи  негізіне  келсек,  хазірет  Ҽлидің  Мҧхаммед-

Ханафия  есімді  ҧлы  болғаны  рас

1

.  Ҽлидің  бірнеше  ҽйелдерінен  кҿптеген 



балалары  болған,  бірақ  Мҧхаммед  пайғамбардың  қызы  Фатимадан  туған 

Хасен  мен  Хҧсайын  жҽне  Мҧхаммед  ибн  ҽл-Ханафия  ең  ҽйгілісі  болды. 

Мҧхаммед  ибн  ҽл-Ханафия  Иран  мен  Рҧмда  исламның  таралуы  ҥшін  кҿп 

еңбек сіңірген батыр, ер жҥрек адам болған.  

Сонымен  бірге  дастан  ҿзегінде  бір  елде,  бір  ғасырда  болған  оқиғаны 

екінші елге, басқа дҽуірге кҿшіру, яғни тарихи тҧтастану (анахронизм) жҽне 

«ойдан қосу» ҽдістерінің орын алғаны да байқалады. Бҧл жағдай Мҧхаммедті 

Рҧмды  алуға  қатыстыру,  Фатиманың  тірі  кезінде  Ҽлиге  ҽйел  алдыру  жҽне 

кейінгі ҽйелдерінің бірін византиялық деп кҿрсетуден байқалады. 

Шығармада  нақты  ҿмірде  болған  тҧлғаның  ҿмірбаяндық  деректері 

тарихи  тҧрғыда  емес,  дастан  рухына  сай  пайдаланылады.  Тарихи  тҧлғаны 

кҿтермелеп,  мадақтау  ҥшін  Мҧхаммед-Ханафияның ҿзі ғана  емес,  исламнан 

кҿп  бҧрын  пайда  болған  кҿне  сюжеттер  қолданылады.  Бҧл  –  фольклорда 

кездесетін  қҧбылыс.  Яғни  дастанда  Мҧхаммед-Ханафия  фольклорлық 

канондарға  сҽйкес  эпикалық  қаһармандарға  ҧқсас  сомдалған.  Соның 

нҽтижесінде  оның  ерліктері  тарихилықтан  гҿрі  ертегілік  –  эпикалық  сипат 

алады. 

Исламның орнығуы мен нығаюы ҥшін  қиян-кескі соғыстар жҥргізілгені 

тарихтан  белгілі.  Сондай  жорықтарды  сипаттайтын  шығармалар  діни 

дастандардың  тҿртінші  бір  тобын  қҧрайды.  Арабтардың  ҧзаққа  созылған 

жорықтары,  ислам  дінін  тарату  мен  орнықтырудағы  кҥресі  кҿптеген 

батырлардың  тҧлғасын  тудырды.  Кейін  олар  ондаған  қисса-дастандардың 

кейіпкерлеріне  айналды.  Сондай  шығармалардың  тобына  «Зарқҧм», 

«Сейітбаттал»,  «Қаһарман»,  тағы  басқа  дастандар  жатады.  Бҧлар  тарихи 

оқиғаларды  бейнелей  отырып,  арабтардың  мҧсылман  емес  елдерді  жаулап 

алуы мен ҿзіне қарату ҽрекеттерінің жинақталған кҿрінісін береді. 

Сонымен жоғарыда сҿз болған тҿрт топтағы дастандарды талдау арқылы 

мынадай қорытындыға келуге болады. Қазақтың діни дастандарының негізін 

мҧсылман аңыздары мен мифтері, Қҧран қағидалары, пайғамбар суннасы мен 

хадистер,  мҧсылман  қайраткерлері  мен  ислам  батырлары  туралы  аңыздар 

қҧрайды.  Діни  дастандардың  тақырыптық ауқымы  ҿте  кең:  бҧл  –  мҧсылман 

батырлары  туралы  баяндаулар,  қасиетті  соғыс,  пайғамбардың  қызметі,  т.б. 

Олардың  барлығы  да  белгілі  бір  мақсат  –  ислам  дінін  дҽріптеуге  жҽне 

насихаттауға  арналған.  Ол  ҥшін  дастандарға  негіз  болып  отырған  бастапқы 

материал  халықтың  дҥниетанымдық  кҿзқарастары,  тҥсініктері  жҽне 

                                                

1

 Фильштинский И.М. История арабов и халифата (750-1517 гг.). М., 2001. С.12-13. 




 

534 


эстетикалық  идеалдары  тҧрғысынан  ой  елегінен  қайта  ҿткізіліп,  кҿркем 

қиялмен  байытылады,  рухтандырылады,  кҿне  сюжеттер  мен  мотивтер 

пайдаланылады  жҽне  ислам  кейіпкерлерінің  тҧлғалары    фольклорлық 

тҽсілмен жасалады.  

Қазақтың 

діни 


дастандарында 

ислам 


қайраткерлерін 

«қарапайымдандыру»,  олардың  қайырымдылық,  жомарттық,  кеңпейілділік, 

қамқорлық  қасиеттерін  сипаттай  отырып,  «адамиландыру»  –  мейлінше 

тҧрақты  ҥрдіс  ретінде  байқалатындығын  атап  ҿткіміз  келеді.  Мҧндай 

қайырымды  діни  қайраткерлер  туралы  шығармалар  халықтың  ҽділетті 

билеуші  жайлы,  мейірімді  патша  туралы,  ҽлсіздердің  қорғаны  бола  алатын 

қабілетті  тҧлғалар  жайындағы  арман-тілегінен  шығатын  утопиялық 

аңыздарға  ҧқсас.  Олар  ақыр  соңында  ақиқаттың  жеңетіндігі  мен  жарқын 

болашақ туралы, бақытты ҿмір жайлы адам сеніміне сҥйенеді.  

Дастанды  тудырудың  басты  ҽдісі  –  жалпы  фольклорлық  дҽстҥрді 

пайдалану, атап айтқанда, суреттелетін оқиғаның кеңдігі, батырлық дҽріптеу, 

нақтылы  тарихи  деректер  мен  ҿмір  кҿріністерін  ертегілік  қиялмен  жҽне 

кҿркем оймен ҥйлестіру. Сондай-ақ дастан ҿлшемінің ҿзіндік ерекшеліктері: 

образ  сомдаудағы  жҽне  кейіптеудегі  даралау  мен  айқындау,  психологиялық 

тартыс, нақтылық пен бедерлілік белгілері арқылы кҿрінеді.  

Қазақтың  діни  дастандары  –  халқымыздың  рухани  ҽлемінде  ерекше 

орын  алған,  қоғам  дамуының  белгілі  бір  кезеңінде  ерекше  қызмет  атқарған 

фольклорлық  жанр;  олар  ислам  қҧндылықтарының  жалпы  адамзаттық 

моральдық қағидалармен сҽйкес келетін тҧстарын суреттеуімен қҧнды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет