1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


§ 7. Лиро-эпикалық (балладалық) жыр



Pdf көрінісі
бет117/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

 

§ 7. Лиро-эпикалық (балладалық) жыр 

 

Жалпы  сипаты.  ХІХ  ғасырда  қазақ  фольклоры  бір  топ  шығармамен 

толықты.  Олар  бҧрынғы  классикалық  эпостан  да,  ғашықтық  жырдан  да, 

тарихи  жырдан  да  ҿзгеше.  Солай  бола  тҧрса  да,  олар  осы  аталған 

жанрлардың  ҽрқайсысының  біраз  белгілерін  бойына  сіңірген.  Айталық,  

батырлар  жырынан  эпикалық  баяндауды,  ғашықтық  жырдан  лирикалық 

сарынды,  ал,  тарихи  жырдан  ҿмірде  болған  адамдарды  бейнелеуді  алған. 

Соған  қарамастан  оларға  ҧқсамайды.  Батырлық  эпостан  айырмасы  –  елді 

шапқыншылардан  қорғау  мен  ерлік  іс-ҽрекет  жоқ,  ғашықтық  жырдан 

айырмашылығы  –  жалындаған  махаббат  кҿрінбейді,  тарихи  жырдан 

ҿзгешелігі – нақты бір тарихи оқиға бейнеленбейді. Яғни бҧл шығармаларда 

эпикалық пафос бар да, эпикалық батыр жоқ, екі жастың қосылуы бар да, бір-

біріне іңкҽр болған ғашықтар жоқ, тарихи адамдар бар да, тарихи факт жоқ. 

Мҧндай  туындылардың  тағы  бір  ерекшелігі  –  ежелгі  мифтік  ҧғымдардың, 

ертегілік  қиял-ғажайыптың  жоқтығы  жҽне  оқиғаның  кҽдімгі  ҿмірдегі 

жағдайда  ҿрбуі.  Міне,  осылардың  бҽрі  ол  шығармаларды  жеке  жанрдың  

                                                

1

 Сонда. 144-б. 



2

 Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы, 1982. 184-б. 

3

  Қасқабасов  С.  Фольклор  теориясының  кейбір  мҽселелері  //  Сыр  сандығым  –  Сарыарқа:  «Орталық 



Қазақстандағы  халық  шығармашылығы  мен  ҽдебиеттің  қалыптасуы  жҽне  дамуы»  атты  республикалық 

ғылыми-практикалық конференция материалы.  Қарағанды,  2005. 14- б. 




 

548 


ҥлгісі деп қарауға негіз болғандай. Бҧл топқа «Айман-Шолпан», «Наурызбай-

Қаншайым»,  «Ерназар-Бекет»  секілді  шығармаларды  жатқызуға  болады.  Бір 

қарағанда,  олар  бір-бірінен  алшақ  сияқты  кҿрінеді,  сол  себепті  «Айман-

Шолпанды»,  «Наурызбай-Қаншайымды»  біресе  ғашықтық  жырға,  кейде 

тарихи жырға, ал, «Ерназар-Бекетті» тарихи жырға қосып келдік. Анығында, 

олар  –  жаңа  дҽуір  туғызған  лиро-эпикалық  жырлар.  «Лиро-эпикалық» 

дегенде  баяғы  «лиро-эпос»  ҧғымында  емес,  балладалық  сипаттағы 

шығармалар  деген  тҧрғыда  тҥсінеміз.  Ҽдетте,    біз  «баллада»  жанры  жазба 

ҽдебиетімізде ғана бар деп ойлаймыз. Ақиқатында, олай емес. Баллада жанры 

кҿптеген  елдің  фольклорында  бар  жҽне  халық  поэзиясының  жеке  жанры 

ретінде ғылыми тҧрғыдан зерттеліп те жҥр

1

. Ҽуелде баллада би ҿлеңі тҥрінде 

пайда  болғанмен,  ол  атау  бірте-бірте  шағын,  содан  соң  лиро-эпикалық 

сипаттағы 

поэзиялық 

шығармаға 

қатысты 

қолданылатын 

болған. 

Фольклорлық  баллада,  негізінен,  осы  тҧрғыда  қарастырылады.  Мҽселен, 

орыс  халық  балладасы  туралы  ең  жаңа  еңбекте  былай  делінеді:  «Ҽу  баста 

балладалар халық эпосының бір бҧтағы болған, сондықтан фольклористердің 

кҿпшілігі  оларға  халық  поэзиясының  эпостық  тҥрінің  эволюциялық 

дамуының нҽтижесі деп қараған»



2

.  Ҽлбетте, еуропа мен орыс халықтарының 

балладасы  мен  біздің  балладалық  жыр  деп  отырғанымыз  бірдей  емес. 

Олардың  фольклорлық  балладасында  негізгі  тақырып  –  адамның  қайғылы 

жағдайға  душар  болып,  ҿмірмен  қоштасуы  немесе  неше  тҥрлі  сҧмдық 

оқиғаларды  ҧйымдастыратын  жауыздардың  ҥнемі  жеңіп  отыруы  болып 

келеді.  Ҽсіресе,  ата-ананың  балаға  қастығы,  туыс  адамдардың  бір-біріне 

істеген  зҧлымдығы,    яғни  отбасындағы  трагедия  –  ең  кҿп  жырланатын 

тақырып.  Осының  бҽрі  лиро-эпикалық  сарында  баяндалады,  сондықтан 

шетел фольклористері балладаны лиро-эпикалық  жанрға жатқызады. 

Біздің лиро-эпикалық жырларымыз басқа халықтардікіне типологиялық  

жағынан ҧқсас: ҥлкен елдік, яки Отанды қорғау мҽселесінің жоқтығы, ҽңгіме 

ҿзегі  –  отбасылық  болуы,  сюжеттің  кҥрт  ҿзгеруі,  оқиғаның  кейде 

трагедиямен  аяқталуы.  Тегі,  мҧндай  типологиялық  ҧқсастықтың  болуы 

жалпы  фольклордың  даму  заңдылығынан  туындаса  керек.  Ғалымдардың 

айтуынша,  фольклорлық  баллада  –  феодалдық  қоғамда  пайда  болатын 

кҿрінеді.  Бҧл  кезде  фольклор  ҿмір  талабына  сҽйкес  ҿзгеріске  тҥсіп,  оның 

қҧрамында  жаңа  жанрлар  қалыптасады.  Сондай  жанрдың  бірі  –  халықтық 

баллада деп есептеледі. 

Қазақ қоғамы да кҿп  уақыт феодалдық-патриархалдық болғаны белгілі. 

Оның  ҿзіндік  ерекшеліктері  болғаны  сияқты  қазақ  фольклорында  да 

                                                

1

 Жирмунский В.М. Английская народная баллада // В кн.: Английские и шотландские баллады. М., 1973. С. 



87-103. Бҧл мақала 1916 жылы жазылған екен; Путилов Б.Н. Славянская историческая баллада. М.-Л., 1965; 

Балашов Д.М. История развития жанра русской баллады. Петрозаводск, 1966; Русское народное поэтическое 

творчество.  М.,  1969.  С.  307-308  («Лиро-эпические  песни-баллады»  тараушасы);  Кулагина  А.В.  Русская 

народная  баллада.  М.,  1977;  Аникин  В.П.  Русское  устное  народное  творчество.  М.,  1984.  С.  58-80 

(«Балладные песни» тараушасы); Аникин В.П., Круглов Ю.Г. Русское народное поэтическое творчество. М., 

1987. С. 293-300 («Балладные песни» тараушасы); Костюхин Е.А. Лекции по русскому фольклору. М., 2004. 

С. 213-217 («Баллады» тараушасы);                    

2

 Костюхин Е.А. Кҿрсетілген еңбек, 213-б. 




 

549 


типологиялық заңдылықтармен бірге кҿптеген ҿзіндік қасиеті болды. Мҧның 

бір  кҿрінісі  –  ХІХ  ғасырда  пайда  болған  лиро-эпикалық  жырлар.  Оларды 

балладалық  сипаттағы  шығармалар  деудің  ҿзі  белгілі  дҽрежеде  шартты, 

бірақ,  жоғарыда  айтылғандай,  ҿзінің  бҥкіл  болмысы,  нысанасы,  объектісі 

бойынша  балладаға  жақын.  Сҿз  жоқ,  біз  атап  отырған  шығармалар  таза 

баллада  емес,  олар  қазақтың  ҿмірінен  туғандықтан  ҽрі  басқа  фольклор 

жанрларының  ҽсерінен  таза  баллада  жанрының  ауқымынан  шығып  кетеді. 

Мҧнда  эпикалық  сарын  басым,  сондай-ақ  бірнеше  жанрдың  белгілері  бас 

қосқан:  айтыс,  қоштасу,  арнау  ҥлгілері  кездеседі,  ал,  мҧның  ҿзі  жырға 

лирикалық  сипат  береді.  Сонымен  бірге  қазақ  балладалық  жырларында 

ежелгі  заманның  салты  мен  ҧғымдары,  рулар  арасындағы  тартыс,  кҿне 

сюжеттер мен мотивтер ҧшырасады жҽне трагедиялық та, бақытты да финал 

бар, тарихи адамдардың жаңа дҽуірге сҽйкес жаңаша ҽрекеттері бейнеленеді, 

кейіпкерлердің  мінез-қҧлқы  мен  іс-қимылдарында  ескі  ҧғым-тҥсініктер 

ҿзгертілген  тҥрде  кҿрсетіледі.  Жалпы,  бҧл  жырларда  бҧрынғы  мен  кейінгі 

жағдаяттар  шебер  ҧштастырылған,  сҿйтіп,  олар  жаңа  жанрдың  пайда 

болғанын айғақтаған деп айта аламыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет