Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан
Қазақ халқының лиро-эпостық жырларының бір бҧтағына ХІХ ғасырда
туып, ел арасына таралған «Мақпал қыз», «Қҧл мен қыз» («Талайлы мен
Айым қыз»), «Кҥлше қыз – Назымбек», «Есім сері – Зылиқа» сияқты
ғашықтықты жырлайтын дастандар жатады. «Олар ҿзіміздегі ежелгі
сюжеттерді, діни-кітаби хикаяттарды пайдаланумен қатар ҿмірде болған
оқиғаларды да жырлайды. Ҽсіресе, ХҤІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ даласының
ҽр тҥкпірінде орын алған тарихи оқиғалар мен ҽлеуметтік-сҥйіспеншілік
мҽселелер дастан мазмҧнына айналады да, ондай шығармаларда махаббат
қана емес, тарихи жҽне ҽлеуметтік сарындар пайда болады.»
1
Бҧл жырлар фольклор мен жазба ҽдебиетін жалғастырып тҧрған
мҧралар. Жырларға ҽйел теңдігі, еркін махаббат, ҽлеуметтік теңсіздік
мҽселелері арқау болған. Фольклортанушы ғалым Ҽ. Қоңыратбаев «Бҧл
жырлар
халық
фольклоры
мен
жазба
ҽдебиетті
ҧштастырып,
байланыстырады. Сол себепті олардың фольклорлық жҽне авторлық сипаты
бар. Бір анығы, бҧл жырлар ҥлкен-ҥлкен эпос айтушылардың ҿңдеуінен ҿтіп,
жетіле, кҿркемделе тҥскен»
2
, – деп жазады.
Ал, ғалым Ы.Т. Дҥйсенбаев «Қазақтың лиро-эпосы» деген еңбегінде
«...Кҥлше қыз – Назымбек», «Есім сері – Зылиқа», «Қҧл мен қыз», «Мақпал
қыз» секілді кҿлемді, кҿркемдігі бірсыдырғы дастандар бар. Бҧлардың тҥп
негізі халық аңыздарына барып тірелсе де, кейбіреулерінің авторлары да
белгілі, шамасы ел арасында есімдері мҽлім ақындар сол халыққа жете таныс
сюжетті қайтадан жырлап ҿңдеген, толықтырған болу керек. Демек, осы
аталған нҧсқалардың қай-қайсысын алсақ та, бір жағынан, оларға
фольклордың тікелей ҽсері тисе, сонымен бірге жазба ҽдебиеттің де біраз
ықпалы болғандығын аңғару онша қиын емес»
3
, – деп жазады.
Мысалы, «Есім сері – Зылиқаны» Нҧрқан Тоқмағамбетов немесе
Тоқмағамбет жырау, «Мақпал қызды» – Ертай Қҧлсариев немесе Бақыткерей
Науқанов жазды деген мҽлімет бар екен. Қалай десек те, бҧл дастандардан
тарихи жаңа кезеңнің ықпалымен дҽстҥрлі сюжеттердің жаңаша кепте,
ҿзгеше ҿрнекте қайта жырланып, фольклорлық арғы тамырдан алшақтап,
жазба ҽдебиетке тоғыса бастағанын зерттеушілер байқаған.
Бҧл дастандарда ҽйел теңдігі, махаббат еркіндігі, бір сҿзбен айтқанда,
адам бостандығы ҽңгіме болады.
«Фольклорлық дҽстҥр бойынша сҥйіспеншілік тақырыбы жырланады,
бірақ мҧнда ҽлеуметтік сарын басым: бірін-бірі сҥйген екі жас таптық,
1
Қасқабасов С., Ҽзібаева Б. Қазақ дастандары // Бабалар сҿзі. Астана, 2004. 1-т. 18-б. Тағы да қараңыз:
Каскабасов С. Родники искусства. Алма-Ата, 1986. С. 91-92.
2
Қоңыратбаев Ҽ. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991. 237-б.
3
Дҥйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы. Алматы, 1973. 10-б. Тағы да қарауыңызға болады: Дҥйсенбаев Ы.
Қазақтың лиро-эпосы жайында // Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 504-508-б.
542
ҽлеуметтік теңсіздіктің қҧрбаны болады. Қыз байдың, ханның баласы да,
жігіт – кедейдің ҧлы немесе қҧл ретінде суреттеледі» деп жазады
С.Қасқабасов.
1
Назымбек пен Кҥлше арманына жетіп қосылады, Талайлы атылып, қаза
табады, Айым қыз суға кетіп ҿледі. Сегіз сері Мақпалмен қосыла алмай,
сағыныштан қҧса болған қыз ауруға душар боп ҿледі. Ал, Есім сері
кҥрескерліктің арқасында Зылиқаны алып қашып, елден босып-ауып, ақ
махаббатқа қол жеткізеді.
Бҧл шығармалар жазбаша мен ауызша дҽстҥрдің тоғысында туғандықтан
ежелгі сюжеттердің жаңа идеяға қҧрылғаны анық. Қазақтың кҿне лиро-
эпостық жырларында кейіпкерлердің барлығы байдың немесе ханның ҧл-
қызы болса, бҧнда («Назымбек пен Кҥлше қыздан» басқасы) қыздар байдың
қызы да, жігіт қарапайым еңбек-шаруа адамы. Яғни сол кезеңде қазақ
қоғамында нақтылы ҿмір сҥріп, ел ортасында жҥрген реалды кейіпкерлер.
Тҥйіндеп айтқанда, бҧл жырларда «эпикалық кеңістік» ҿзгеріске ҧшырап,
«тарихи-реалды кеңістікке» ауысқанын байқаймыз.
Тҿрт дастанның ішінде эпикалық дҽстҥрге етене жақын тҧрғаны
«Назымбек пен Кҥлше қыз». Ондағы бас кейіпкерлер он сан ноғайдың ханы
Асылбектің ҧлы Назымбек, қырық сан Қырымның ханы Жанысбайдың қызы
Кҥлше. Жырдағы кеңістік Ҽ. Қоңыратбаев тап басып айтқандай, «оқиғаның
XVI ғасырдағы Орманбет хан мен қырық сан Қырым жҧртымен байланыста»
2
екендігін байқаймыз. «Қозы Кҿрпеш – Баян сҧлу» жырындағыдай екі хан
«балалы болсақ, қҧдаласайық» деп, уҽде беріседі. Ақыры, солай болады да,
Назымбек жеті жасқа толғанда ҽкесі қайтыс болады:
Жанысбай енді ойлайды тҧрмаймын деп,
Жетім ҧл, жесір қатын кҿрмеймін деп.
Еліне қызын бермей, кҿшіп кетті,
Кҥлшені бір жетімге бермеймін деп.
Сонымен екі жас жиырма жасқа толғанда Қырым еліне ноғайлыдан
тҥйелі керуен келгенде Кҥлше сҧлуды сары атан танып, боздайды:
Келіпті қатарласып керуен де,
Қыз шығар кешке жақын серуенге.
Жаныс бай Қырым елден кҿшкенінде,
Бар екен бір сары бота бозінгенде.
Қалы бар маңдайында сары атан-ды,
Жамағат, кҿріп пе едің мҧндай жанды?!
Сары атан кҿше бойы боздағанда,
Кҥлше қыз танып даусын, қайран қалды.
1
Қасқабасов С. Қазақ фольклоры мен ҽдебиетінің тарихы //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл, ҽдебиет сериясы.
1988. № 4. 35-б.
2
Қоңыратбаев Ҽ. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991. 249-б.
543
Қысқасы, екі жастың махаббатының қайтадан оянуына осы сары атан
себепкер болады да, Кҥлше қыз Назымбекке «бағасы тоғыз жҥздік торғын
белбеу» беріп жібереді. Керуен елге алты ай жҥріп жеткенде Назымбек
науқастанып, содан 7 жыл ауырып, ақыры, Кҥлше сҧлуды іздеп шығуға
тҽуекел етеді:
Ноғайдың жар шақырып жияр бҽрін,
Қалдырмай ҥлкен-кіші кҽрі-жасын.
Ҿнерлі тҿрт-бес жолдас аламын деп,
Жидырды он сан ноғай бозбаласын.
Бір жақсы қария бар сол бір кезде,
Сынаумен біледі екен ҽр мінезді.
Ҿткізген тоғыз ханды толғауменен,
Қарияның жасы келген тап бір жҥзге.
Сыпыра жырауды елестететін бҧл қария Назымбекке айыр кҿмей шешен,
жауырыны жерге тимеген палуан, домбырашы ақын дегендей ылғи ығай-
сығай азаматтарды елден таңдап қосып беріп, сапарға аттандырады.
Білемін мың жылқыда бес атың бар,
Бесеуі бес мың тіллҽ бағасы бар.
Жезмойын, Сҧрбикеш пен Бозойнақ ат,
Біреуі – Танакҿз ат, Еркешҧбар.
Сыншы қария осы сҽйгҥліктерді Назымбекке таңдап береді. Сонымен
олар Кҥлше сҧлуға келсе, ол қырық сан Қырым елінің патшасына ҧзатылғалы
жатыр екен. Қалыңдығының ҧзатылу тойының ҥстіне тҥскен Назымбек:
Мен ханы ем он сан ноғай Орманбеттің,
Ісіне кім кҿнбейді қҧдіреттің?
Қолымнан жеті жасар тҧйғын қашып,
Сонымен сҧрау салып келіп жеттім.
Патша:
Таптың ба, жоғыңызды, Назым мырза,
Неше айда келіп едің бҧл Қырымға?
Ақылмен артыңызды сіз байқаңыз,
Іздеген қҧсың тҥсті біздің торға.
Осылай жауаптасқан соң Назымбек билікті патшаға береді. Ал, патша
билікті Кҥлше қызға береді. Кҥлше қыз болса:
Патша еді мынау тҧрған менің ием,
Назымбек, топ ішінде сізді сҥйем.
Падиша, сізбен болдым ҥш жыл жолдас,
Мойныма қарыз қылмай кешсең, тием.
544
Патша:
Назымбек, менен бҧрын сенің жарың,
Кҿрген соң тҽубҽ қылдың ғашық жарын.
Алдыңнан Жаппар ием жарылқасын,
Мен кештім, қҧдай кешсе, соның бҽрін.
Шығармада жастар осылайша ҿзара тіл табысып, екі ғашық бақытқа
жетеді.
Жарасар тоқым салса қаракҿкке,
Бір Алла жеткізе кҿр ақ ниетке.
Назымбек іздеп келіп, жолы болып,
Кҥлше қыз таңдап тиді Назымбекке.
Екі хан айдалада дос болыпты,
Сҿйлесіп, кҿңілдері қош болыпты.
Падиша Назымбекке қҧшақтасып,
Назымбек падишамен дос болыпты.
Сюжет фольклорлық дҽстҥрде ҿрбіген. Бірақ бҧндағы тың жаңалық – екі
ер азамат билік пен таңдауды ҽйелге ҧсынып, соның дегенін бҧлжытпай
орындауы еді. Лиро-эпостық шығармалардың дені трагедиямен аяқталса,
бҧнда жыршы тосын шешім қабылдайды. Дастан ҽйелді ардақтау, ҽспеттеу
басты қҧндылық екендігін ҽйгілеп, соған лайықты ерлерді оқырманға ҥлгі
етуімен романтикалық ҿзгеше ҿрнекке жол ашқан. Адамның жан тазалығын
дҽріптеп, ар-ҧжданының жеңісін мадақтаған.
Осы сияқты халық шығармасында пайда болған ҿзгеше ҿрістер туралы
«Қазақ ҽдебиетінің тарихында» «Ертедегі батырлар жырында ҽйелдер образы
сҥйген жарының кҿмекшісі, ақылшысы, сҧлу-сымбаттысы болып
бейнеленеді. Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысында шыққан жырларда
ҽйелдер тек сҥйкімді, сҧлу жар ғана емес, ҿз бас бостандығы ҥшін кҥрескен
ер кейпінде жырлау эпоста жиі ҧшырайды» деп орынды мҽн беріп, мысалға
Қарашаш батыр, Нарқыз бейнелерін келтіреді
1
.
Б.Ҽзібаева романдық дастандардың поэтикалық жҥйесіне жан-жақты
талдау жасап, бҧл дастандардың пайда болуына қазақтың лиро-эпосы мен
шығыс дастандарының тигізген ҽсерін нақтылы саралаған. Ол аталмыш
дастандардың тууына «жергілікті фольклорлық сюжет негіз» болғандығын
айтады
2
.
«Мақпал қыз», «Есім сері – Зылиқа», «Қҧл мен қыз» шығармаларының
ерекшелігі сол – онда «тарихи-реалды кеңістіктегі», яғни қазақ қоғамындағы
сол кезеңдегі жастардың ҿмір-тіршілігі суреттеледі. Бас кейіпкерлер –
байырғы лиро-эпостағыдай ежеғабыл салтымен тумай жатып атастырылған,
тағдырдың бҧйрығымен бір-біріне ессіз ғашық болған, тҥпкі шын мҽніне
1
Ғҧмарова М. Бҧрын зерттелмеген жырлар // Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 470-б.
2
Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос. Алматы, 1998. С.119.
545
келсек, ата-ананың алдындағы ақ парызды орындаушылар емес, керісінше,
бірін-бірі кездейсоқ ҧнатып, еркін махаббатты таңдағандар. Бір сҿзбен
айтқанда, ата дҽстҥрге қайшы келіп, қалыңмалға наразылық білдірушілер.
Айым қызға ғашық болған жігіт Талайлы қҧл, ал Мақпалға – Сегіз сері,
Зылиқаға – Есім сері ғашық. Сегіз бен Есім, Талайлы – ҥшеуі де байдың
жылқышылары. Бҧл ҥш жігіт те ҿнерпаз, тепсе, темір ҥзетін тегеурінді
азаматтар. Ҥшеуінің де аузымен қҧс тістеген жҥйрік аттары бар. Сегіз серіде
Кербесті, Қара жорға, Талайлыда Керқҧла, Есім серіде Қанкҥрең деген
тҧлпарлар бар.
...Талайлы ҽрі іскер, ҽрі палуан,
Ҽртҥрлі ҿнері бар алуан-алуан.
Ҽрі ақын, ҽрі тілді, шешен-шебер,
Істейді ҽртҥрлі істің бҽрін қолдан.
Ал, Сегіз сері мен Мақпал оқыған, кҿзі ашық, кҿкірегі ояу азаматтар:
Тапсырдым, Мақпал, сені бір Аллаға,
Тіліміз бір келіп ед бисмиллаға.
Дҽуірде қарсы қарап тҧрушы едік,
Мектепте оқып едік бір молдада.
Яғни, ҽлеуметтік-сҥйіспеншілік дастандардың бас кейіпкерлері шетінен
атбегі, палуан, сал, сері, ақын, ҿнерпаз, тіпті, оқыған азаматтар. Бҧлардың
жалғыз міні – дҽулетінің аздығы ғана. Ал, қарсыластары – қисапсыз бай,
биліктің кҥшіне сенген жуандар тобы. Мақпалды малға сатып алғалы
келгендер:
Қыз іздеп қарақалпақ Жабы батыр
Қамданып қосшы-қолаң сайлап келді.
Бас қылып қырық жігітке Бҧлдырықты,
Жасанып жау келгендей жайнап келді.
Тҥрінен тҿрт тҥліктің тізе тіркеп,
Ілуді қой малымен айдап келді.
Есім серіні қуып келгендер былай суреттеледі:
Ер болсаң бҧл ісіңді тындырып бер,
Еріксіз Есіміңді кҿндіріп бер.
Есерсоқ ел бҥлдірген тентегіңді
Қҧл қылып, жайдақ тҥйе міндіріп бер.
Ҧлыққа сені ҧстатам мҧңымды айтып,
Тауып бер Есіміңді, шыныңды айтып.
Болмаса шабыншылық кҿрсетемін,
Мҧнан соң тілге келмей саған қайтіп.
546
Қысқасы, дастанда жуандар тобының мал байлығына Есім сері, Сегіз
сері, Талайлының жан байлығы, ар тазалығы, ҿнер-білімі қарама-қарсы
қойылады. Ал, ҥш қыз материалдық байлық иелерін емес, рухани байлық
иелерін қҧлай сҥйеді.
Бас кейіпкерлер Айым, Мақпал, Зылиқа – ҥшеуі де байдың қызы. Айым
қызға фольклорлық «қыздың кҥйеу таңдау» мотивіндегідей ата-анасы ҿзіне
лайықты жар таңдауға рҧқсат еткенімен, Талайлы қҧлды ҧнатқандықтан
арманына жете алмай, екі жас қҧрбан болады. Мақпал қалыңмал
тҿлегендіктен қарақалпақтың батыры Жабыға ҧзап, жолда Сегіз серіге ҥш
кҥн кездесіп, тҥпкілікті мҧратына жете алмаған соң, махаббат дертіне
шалдығып, қапыда кҿз жҧмады. Сегіз серінің болашақ тағдыры бҧлыңғыр
қалады:
Бір-бірін сонсын қайтып кҿре алмапты,
Ғашықтық дертке тҿзім бере алмапты.
Сонан соң сҽн-салтанат, кҿрген қызық
Қиялын қыз Мақпалдың бҿле алмапты.
Басталып, жаугершілік, жол тоқталып,
Сал Сегіз уҽдеге орай келе алмапты.
Яғни ол да заманның қҧрулы тҧрған тезінен ҧзай алмайды. Басқаша
қадам жасатып, жыршы да ҿтірікші бола алмайды. Ал, кейіпкерлердің ішінде
ең кҥрескері – Есім сері. Ол қоғамдық жҥйеге бас иіп, дҽрменсіздік танытпай,
ҿз бақыты ҥшін ерлік жасап, Зылиқаны алып қашып, Орынбор, Бҧқар, Шаш
ҿлкелеріне бой тасалап, мҧратына жетіп, бала сҥйеді. Патшалық ҿкіметтің
билік орындарына да қарсы келіп, Мҧқан тҿренің аяр екендігін ҽшкерелейді.
Бҧл шығармаларда қазақ қоғамының сол кезеңдегі ҽлеуметтік
қайшылығы айқын бедерленеді. Шығыс дастандары тҽрізді шытырман
оқиғалы болдыру ҥшін жыршы Есім серіні атқамінер барымташы ретінде
суреттейді. Ҽлбетте, халқымыз ҥшін жылқышылардың ҽлеуметтік мҽртебесі
ерекше қадірлі болған. Сол себепті жырлаушылар ҽйел махаббатының
қорғаны ретінде басқаны емес, «кҥлдір-кҥлдір кісінетіп, кҥреңді мінген» ҥш
жылқышыны таңдап алады. Ҥш дастанда да ҽйел бостандығы
«қалыңмалдың» қҧрбанына айналып, ар-ҧжданы аяқ асты етіледі. Айым
қыздың ата-анасы жар таңдауға рҧқсат еткенімен, ақырында, ескіліктің
шырмауынан шыға алмайды. Бҧл да сол дҽуірдің буырқанған ҿмірі, ащы
шындығы.
Тҥйіндесек, ҽлеуметтік-сҥйіспеншілік дастандарда жаңа заман туғызған
рухани қҧндылықтар алға озады. Атап айтқанда, ҽйел теңдігі, махаббат
еркіндігі, адамның ар-ҧждан бостандығы, ішкі жан дҥниесіндегі қазыналар,
азаматтық намыс негізгі тақырыпқа айналады. Бҧл шығармаларда
суреттелетін тҧлға керемет қасиетке ие эпикалық мінсіз кейіпкер емес, ел
ішінде жҥрген қарапайым еңбек адамдары, яғни лирикалық кейіпкерлер
1
.
Б.Ҽзібаева:
«Дастанда бас кейіпкердің эволюциялық ҿзгеріске ҧшырағанын
1
Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос. Алматы, 1998. С. 145.
547
байқаймыз: ендігі бас кейіпкер ру-тайпаны ерлікпен қорғайтын бҧрынғы
атақты аңшы-батыр емес, кҽдімгі адамгершілік сезімді ардақтай білетін
қарапайым адам. Дастанда сол жаңа тҧлға халықтың сҥйіктісіне, идеалына
айналады»
1
, - деп жазады.
Бҧдан біз ҽлеуметтік-сҥйіспеншілік дастандағы кеңістіктің де,
кейіпкердің де тосын ҿзгеріске ҧшырап, соны ҿріске бет алғанын кҿреміз.
Бҧнда фольклорлық қалыпқа соғылған дҽстҥрлі поэтикалық жҥйе қолданыла
бермейді, керісінше кҽдімгі ҿмірдегі жеке адамдардың ішкі жан дҥниесіндегі
арпалыстар шынайылықпен суреттеледі. Дҽлірек айтқанда, «Бҧл топтағы
жырларда қаһарманның кҿңіл кҥйін сипаттау, кейіпкердің іс-ҽрекетіне
психологиялық дҽлелдеме беру ҿрнегі молаяды, демек мінездің дара келбетін
елестету нақтылана тҥседі»
2
. Ҽлбетте, бҧл деректер ақындық дара
қолтаңбаның халық шығармасына бедер сала бастағанын кҿрсетеді.
Фольклорда «индивидтік тіл, даралық портрет»
3
болмайтын болса, бҧл
дастандарда керісінше ондай қасиеттер мол. Яғни, халық мҧрасы ҽу бастағы
тек-тамырынан алшақтап, ендігіде жазба ҽдебиетпен тоғысып, ҿмір сҥруге
қадам басқаны аңғарылады. Демек бҧл дастандардан жазба ақындардың
жеке қолтаңбасын айқын аңғаруға болады. Фольклор жаңа дҽуір тудырған
рухани сҧраныстарға жауап беріп, тҥрі мен мазмҧны елеулі ҿзгеріске
ҧшырап, уақыт талабына бейімделгенін аңдаймыз. Ескі дҽстҥр халық
ақындары сусындайтын сарқылмас қайнар кҿзге айнала бастағаны
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |