1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет128/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

 

 

§ 2. Жҧмысшылар фольклоры  

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанда ҿндіріс орындары 

ашылып, жҧмысшылар тобы қҧрыла бастады. Алайда, босқан елдің ҿндіріске 

орналаса  қоюы  да  оңай  болмаған.  Бҧл  жағдай  жҧмысшылардың  сол  кездегі 

ҿлең,  ҽңгімелерінен  айқын  кҿрінеді.  Мҽселен,  16-17  жасынан  бастап 

Екібастҧз  ҿндірісінде  жҧмыс  істеген  қарт  жҧмысшы  Жақыбай  Мҧқашев  ҿз 

ҿмірі  туралы  естелігінде  ауылдан  ҿндіріске  келген  жҧмысшылардың  ауыр 

халін: 


 

Келдік біз Ерейменнің даласынан,  

Қашқан кҿп ағайынның жаласынан.  

Қамалды Екібасқа барша халық  

Ағылған Ертіс, Баян саласынан.  

Жазылар кҥн болар ма біз сорлыға,  

Денеге салған тҧрмыс жарасынан?...

1

 – 



 

деп  елестетеді.  Осы  ҿлеңнің  Қарағанды,  Ақмола  маңындағы  елдерден 

жазылып  алынған  «Біз  келдік  Қараҿткелдің  қаласынан»  деп  басталатын  ҥш 

шумақты бір нҧсқасында: 

 

Келіп ек Екібасқа іздеп пайда,  



Жатырмыз мекен етіп ҽрбір сайда.  

Кҥніміз ҿтіп жатыр жылауменен  

Боламыз болашақта қандай жайда?

2

 – 



 

деп, қыс қаһарына іліккелі отырған баспанасыз, жҧмыссыз, қорғансыз қалып 

                                                

1

ҼҾИ қолжазба қоры. 1955 жылғы Ақмола, Павлодар экспедициясының материалынан. 



2

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 




 

628 


кҥйзелген халықтың кҥйсіз тіршілігі баяндалады. Бҧндай ҿлеңдердің бірнеше 

нҧсқалары болуына қарағанда ҿлең сол кезде ауыл кедейлерінің арасына кең 

тараған сияқты. Кезінде Қарағанды маңындағы ел айтып жҥрген «Боздақтың 

Қарабақсы  бел  баласы»  деген  бір  ҿлеңде  Нілді  жерінен  айрылған  жергілікті 

халықтың аянышты халі, наразылығы баяндалады. 

 

Боздақтың Қарабақсы бел баласы,  



Ашылды кесірінен ел арасы.  

Тҿренің сарыала шен меншігіне  

Нілдінің айналды ғой кең даласы. 

 

Бҧдан  былай  Нілді  жерін  «ҿз  жерім,  ҿз  мекенім»  деп  айтудан  қалған 



кҥйзелген халық осы ҿлеңнің соңғы шумағында: 

 

Ҿткен жан бауырында кҿзі жасты 



Қамкҿңіл қапаланып, қайғы басты. 

Қолында қашау, кҥрек, балғасы бар  

Қопарып қҧлатады тау мен тасты

1

, – 



 

деп  барар  жері,  басар  тауы  қалмаған  халықтың  амалсыздан  ҿндіріске  келіп, 

жҧмысқа тҥсе бастағаны айтылады. 

Жҧмысшылар  арасына  кҿп  тараған  «Кедейлік»  деген  ҿлеңде  ауылдан 

безіп,  кҿмір  қазуға  келгенімен  қайыршылықтан  қҧтыла  алмаған  жігіт  жайы 

айтылады: 

 

Табарым тҽулігіне отыз тиын.  



Жоқшылық жас адамға қандай қиын.  

Жасқантып, шоқпыт киім ҧялтады  

Бір жерде ел жиылған болса жиын,  

Не арзан, адам арзан, ҿлім арзан,  

Береке таба алмай жҥр кҿмір қазған.  

Білмейміз қайда барып кҥн кҿруді,  

Жоқшылық болып жҥр «дос» Алла жазған

2



 

Қайда барса соңынан қалмаған жоқшылықты «жанашыр досына» теңеп, 

мысқылдайды.  Бҧл  ауыл  ҿмірінен  безіп,  ҿндіріске  келген  сол  кездегі  қазақ 

кедейлерінің кҿбіне тҽн жағдай еді. 

«Ҽлімнің  анасына  жазған  хаты»  деген  ҿлең  де  осы  тақырыптас.  Онда 

Ҽлім деген жігіт ауылда қалған анасына ҿлеңмен хат жазады. Ҿндірісте ҿтіп 

жатқан кҥндерінің кҥн емес, тҥн екендігін айтады. 

 

Сҥйектен суық ҿтеді  



                                                

1

 Сонда. 



2

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 




 

629 


Шыңырау, зындан тҥбінде. 

Тас аралас кҿмбе нан  

Жейтін тамақ кҥнінде

1

, –  



 

деп,  ауыр  тҧрмыстың  азабын  тартқан  жігіт  ауылға  оралуды  ойлайды.  Бірақ, 

ес  білгеннен  бастап  ауыл  байы  Ағанастың  жҧмысын  істеп,  есігінде  ҿмірін 

ҿткізсе де, арылмас артық шығын, мол борышты екендігін есіне алады. 

 

Ақымды бер деп кҥжілдеп  



Ауылға барсам Ағанас...

2

 – 



 

деп, одан да қаймығады. 

 

Қақабас отыр тағы да  



Мҧнда қалсам аямас...

3

 



 

деп қайырымсыз, қатал подрядші Қақабастан тағы қорқады. «Бҧл, бҧл заман, 

бҧл  заман»  деген  ҿлеңде  «тас  қазудан»  татымды  талшық  таба  алмаған 

жҧмысшы: 

Тас қазудан пайда жоқ.  

Кҥн кҿрерлік мен бе енді  

Қалған ешбір айла жоқ

4

, – 



дейді. 

Бҧл жырларда ерте қалыптасқан басты тақырыптың бірі – жҧмысшының 

ауыр тҧрмысы мен еңбек мҽселесі. Онда азапты ауыр еңбек жайы сҿз болады. 

Бҧл  бҧрынғы  халық  ауыз  ҽдебиетінде  кездеспеген  «тар  забой»,  «тар  ҥңгір», 

шанаға жегілгендердің иығын тілген «қамыс иықша» сияқты ҿткендегі ҧғым 

бҿгде  тың  мағыналы  сҿздер  арқылы  беріледі.  «Кҿртышқандай  жер  кеулеп» 

деген ҿлеңде: 

Кҿртышқандай жер кеулеп,  

Кҥнімен кҿмір қазамыз.  

Қай кесек басып қалар деп  

Қорқыныштан азамыз...

5

 – 



 

делінсе,  «Тҥсті,  міне,  қара  дауыл,  суық  кҥз»  деген  ҿлеңде  асты  су,  тар 

забойдағы шахтердің қиын халі кҿрінеді: 

 

Бес сыпырып кҥнде маңдай терімді,  



Қол шанамен тартып ылғи кҿмірді.  

Тар ҥңгірде белден батып, саз кештім  

                                                

1

 ҼҾИ қолжазба қоры. 1955 жылғы Қарағанды экспедициясының материалынан. 



2

 Сонда. 


3

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 

4

 Сонда. 


5

 Сонда. 



 

630 


Осы бейнет бҥкірейткен белімді

1

, – 



дейді. 

Бҧл  сияқты  ҿлеңдерде  шахтерлердің  12-13  сағат  сазды,  сулы,  тас- 

қараңғы  қапаста  кҿмір  шабатыны,  шабылған  кҿмірді  шанамен  жаяу  сҥйреп 

бадьеге  таситыны,  оның  ҥстіне  кҿп  бейнетқорлардың  тҿбеден  қҧлаған 

балшық  астында  қалып,  қазаға  ҧшырап  жататыны  айқын  кҿрсетіледі. 

Сондықтан  да  жҧмысшы  поэзиясында  ағылшындар  қожалық  еткен 

шахталарды «лақатты кҿрге», «қабырға», «тҥнек-зынданға» теңейді: 

 

Бҧл кҥнде жҧмыс қылдым жер астынан  



Қараңғы еш жарықсыз кҿр астынан

2



 

Бҧл  жырлар  еріккендіктен  тумаған,  кҥйзелуден  шыққан  кҿңіл  зары  еді. 

Сол  себепті  онда  ҿмір  шындығы  ҽсіреленбей,  шынайы  тҥрде  суреттелгенін 

байқаймыз.  «Рахаты  жоқ  ҿмірде  кҥшті  сарқып  сатамыз»

3

  деген  бір  ҿлеңде 



ҥнемі  ажал  тҿндірген  шахталарда  ҧзақты  кҥн  жҧмыс  істегенде  тапқаны 

тамағына да жетпейтін жҧмысшының ҥй тҧрмысы суреттеледі: 

 

Бҧлдыры жоқ кҿжеге 



Малта езіп қатамыз 

Кҥніне бір татамыз. 

Іргесі – сыз, асты – тоң 

Аядай жерде жатамыз

4



Сол  сияқты  «Сарымойнақ,  басындың  ба  мені  сен  де?»  деп  басталатын 



бір  ҿлеңде  іргесі  –  сыз,  асты  –  тоң  жер  кепенің  болымсыз  терезесымағы 

қарыннан  істелгені  айтылады.  Қарт  кеншілердің  айтуынша,  бҧл  ҿлеңнің 

тууына мына бір жағдай себеп болған. Революцияға дейінгі Қарағандыда бір 

жҧмысшы шыны жоқ болғандықтан ҿз  ҥйінің терезесіне қарын керіп қояды. 

Сақылдаған сары аяз. Шерияз деген саудагер  подрядші байдың Сарымойнақ 

деген  иті  жаңағы  ҥйді  тҿңіректеп  шықпайды.  Терезедегі  қарынды  жҧла 

тартып, қаша беретін болады. Бір кҥні ит иесі Шерияз бай ҽлгі жҧмысшыны 

ҥйіне  шақырып  алып,  қой  сойғызады.  Сол  сҽтті  пайдаланып,  ҽлгі  жҧмысшы 

Сарымойнақтың  қарын  терезені  қайта-қайта  жҧлып  ҽкете  бергенін  айтады. 

Байдан  сойылған  қойдың  жас  қарнын  сҧрайды.  Сонда  Шерияз:  «Осы 

Сарымойнаққа арнап бір ҿлең айтып жіберсең, ала қой», – дейді. Сол жерде: 

 

Сарымойнақ, басындың ба мені сен де,  



Кҿрген соң жҥргенімді ылғи кемде. 

Тҧрмысың менен сенің жақсы еді ғой  

Сорпа-су, кемік-сҥйек, ішіп-жемге.  

Бір емес, екі жедің «ҽйнегімді» 

                                                

1

 Сонда. 



2

 Сонда. 


3

 Сонда. 


4

 Сонда. 



 

631 


Бардай-ақ бір керемет ҿшің менде.  

Табады жас қарынды кҥнде қайдан  

Қой тҥгіл ешкісі жоқ біздей бенде?

1

 – 



 

деп, жҧмысшы ҿз ҿмірінің ішіп-жемі мол бай итінен де кем екендігін ҿлеңге 

қосып, зілді кҥлкіге айналдыра сҿйлейді. Ҿлең итке арнай айтылғанымен, сол 

кездегі  ҽлеуметтік  теңсіздіктің  бетін  ашады.  Ҿлеңнің  соңғы  шумағында 

дҽулетіне 

мастанған, 

ҿзінен 

ҿзгені 


ойламайтын 

байшігештердің 

астамшылығы мен жҧмысшы ҥйінің бейшаралық халі айтылады: 

 

Жҥрген соң еркіңменен кҥнде тойлап,  



Ҿзгені ойлармысың, Сарымойнақ.  

 

Далбайсыз терезеден кірген аяз  



Жҥйткиді ҥй ішінде салып ойнақ

2



 

Бҧл жоқ-жітігі мол, кҥйкі тіршіліктің бедерлі де ащы суреті.  

Ҿндіріс  қожалары  жҧмысшыларға  кҿбінесе  ақша  орнына  «ақ  талон» 

беретін.  Ақ  талон  ҿз  қожасының  лавкаларынан  басқа  жерге  ҿтпейтін. 

Қоймада  шіріп  жатқан  азық-тҥліктері  мен  ҿтпей  жатқан  бҧйымдарды 

ҿткізудің бҧл да бір табылған  тҽсілі еді. Біз бҧл жайды сол ақ  талон  туралы 

жазылған ҿлеңдерден айқын кҿреміз. Соның бірінде: 

 

 



Қҧрысын бҥйтіп берген ақ талоны,  

Ақ талон сор қайнатып, кҿп тонады.  

Бір кҥнде бҿгелнайын он ҿзгертсе,  

Ақшамыз айлық алған жоқ болады

3

, – 


 

деп,  жҧмысшылардың  ақ  талон  арқылы  тоналып  жатқандығы  суреттеледі. 

Кҥші  қазандай  қайнаса  да,  кҥресерге  дҽрмені  жоқ,  іштен  тынып  жҥрген 

жҧмысшыларға  қожайындар  ойына  келгенін  істейді.  Жҧмысшылардан  пара 

алу  подрядші,  бақылаушылардың  дағдылы  ісіне  айналады.  Немков, 

Шоқыбас,  Ҽбілдҽ,  Шерияз  сияқты  подрядшілердің  іс-ҽрекетін  ҽшкерелеуге 

арналған  мысқыл  ҿлеңдер  жҧмысшылар  қауымының  қарсылығынан  туады. 

Мысалы: 


Бірге туған бауырыңды  

Аямасқа жаралдың. 

Ісі тҥскен адамнан 

Кесек-кесек пара алдың,  

Ағылшынмен бірлесіп  

Штрафты жҽне алдың

1



                                                



1

 Автордың материалынан. 

2

 ҼҾИ қолжазба қоры. 1953 жылғы Қарағанды экспедициясының материалынан. 



3

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 




 

632 


 

Қақабас  образы  жалпы  қауымның  қасы  –  қараниет  подрядші  біткеннің 

басындағы жайды бейнелейтін типтік образ. Ҿлеңдерде кездесетін Екібастҧз 

жҧмысшыларын  қамшыменен  қанын  шығара  жондап  отырған  қатал 

подрядшілер  Ҽубҽкір  мен  Ҽбділдҽнің,  Қарағандыдағы  Шерияз  бен 

Баяндының іс-ҽрекеттері де соған ҧқсас. 

Осындай кҥрес ҥстінде жҧмысшылардың таптық ой-дҥниесі ояна тҥседі. 

Енді  олар  жҽй  бағынып,  ҽділетті  «Тҽңірдің»  ҿзінен  ғана  тілеп  отыра 

бермейтін болады. Ендігі туған ҿлең-жырларда уытты тілмен шенеу, ҽжуалау 

сарыны басымырақ бола береді. 

 

Болыс, билер бірігіп,  



Салықты баса салады.  

Купи-суфи деп жҥрген  

Молда да зекет алады.  

Ақырында, қожайын  

Ақымыздан азғана  

Кесіп-жонып қалады  

Сҥліктер солай сорады

2



 

Немесе «Бҧл заман» деген басқа бір ҿлеңде: 

 

Кедейде – қҧн, байда – ар 



Бҧл заманда қалмаған.  

Ақысын жеп ғарыптың 

Ҽбжыландай арбаған

3

, – 



 

дейді. 


Тап  жігінің  ашыла  тҥсуімен  байланысты  бҧл  жырларда  ҥстем  тапқа 

қарсы сыншылық пікір ашыла, айқындала тҥседі. 

Нижний-Тагильскіден  келген  Топорнин  деген  штейгерді  мҧрнының 

ҥлкендігіне  қарап  қазақ  жҧмысшылары  «Қошқартҧмсық»  деп  атаған,  міне, 

сол Қошқартҧмсық жиналған халыққа: 

 

Айналды меншігіне жер мен суың, 



Сусынға жоқшылықтың берген уын. 

Сендерге шыңыраудан тас қаздырып 

Маңына жиып алды елдің қуын. 

Қалайша бҧған сендер кҿнесіңдер?! 

Кҿнсеңдер, кҿресіні кҿресіңдер. 

Қҧр, бекер кҿнбістікке салынсаңдар, 

Азапта кҿк жҧлын боп ҿлесіңдер

1

, – 



                                                                                                                                                       

1

 Сонда. 



2

 Автордың материалынан. 

3

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 




 

633 


 

деп, қиянатшыл қорқаулардан кек алудың кҥресіне шақырады.   

 

Жер асты байқағанға бейне тамҧқ, 



 

Ісіне жауыз байлар болған қанық.  

Қоштады Қошқартҧмсық сҿзін айтқан  

Қуандық, Қаракесек барша халық

2

, – 


 

деген жолдардан кҥреске шақырушының пікірін қуаттаған  халықты кҿреміз. 

Тағдырлас орыс, қазақ жҧмыскерлері тізе қосып, бірігіп кетеді. Халық тілегін 

орындаудан бас тартқан қожайынның:   

 

Талқандап дҥние-мҥлкін қолмен алды,  



Бос қалды тас сарайы тақырланып

3

, – 



 

деп,  ҿлең  ереуілге  шыққан  халықтың  алғашқы  адымы,  бірінші  жеңісін 

баяндаумен  аяқталады.  «Арғыннан  Қаракесек,  Қуандықты»

4

  деген  басқа  бір 



ҿлеңде: бір кездегі «Шет жерден жау келгенде қарсы тҧрып», жетім-жесірдің 

талайын  жҧбатушы  «Қаракесек,  Қуандық  елін»  айтып,  жер  астында 

тҧншықтырған  Нілді  жерін  билеп-тҿстеуші  ағылшын  байының  қараниет, 

қатыгездігі сыналады. Ҿлеңде: 

 

Аты еді сол ағылшын – Белден мырза,  



Мырзаны жаяу қуған ерге риза.  

Ерімнің аты-жҿнін сҧрасаңыз,  

Айтайын даңқы шыққан біздің қырда  

Бірі оның Қошқартҧмсық орыс тегі,  

Ҽлімжан, Ағаламдай елдің бегі.  

Бас қосып, сҿйлескенде айтар сҿзі  

Намысын іздейтҧғын елдің кегі

5

, – 



 

делінеді.  Елі  ҥшін,  езілгендер  ҥшін  Белден  сияқты  белді  жуандардан 

қаймықпай,  егес-тартысқа  тҥскен  ерлер  есімін  «Мақтансам  мақтан  етем 

осыларды» деп, кейінгілерге ҥлгі ете сҿйлейді. 

1905  жылғы  Успен  жҧмысшыларының  ереуіліне  байланысты  туған 

жырлардың  қай-қайсында  болмасын  Қошқартҧмсық  бай-феодалдарға, 

капиталист-қожайындарға қарсы саналы кҥрескер ретінде кҿрсетіледі. 

«Бҧрынғы бірге жҥрген достар қайда?»

6

 сияқты ҿлеңдер де тақырыптық, 



мотивтік  жағынан  жоғарыда  айтылған  ҿлеңдермен  шендесіп,  ҧқсас  болып 

келеді.  Ереуілді  ерлік  кҥрес  мҽселесіне  байланысты  туған  жҧмысшы 

                                                                                                                                                       

1

 Автордың материалынан. 



2

 Сонда. 


3

 Сонда. 


4

 ҼҾИ қолжазба қоры. 1952 жылғы Қарағанды экспедициясының материалынан. 

5

 Сонда. 


6

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 




 

634 


поэзиясында  жҧмысшылар  талабына  қарсы  келіп,  бҿгет  жасап  отыратын 

екінші топ бар. Ол топ – қанаушы топ, ҥстем тап ҿкілдерінің тобы. 

«Керек  емес  ақшаңыз»

1

,  «Кҽпірменен  мҧсылман  деп  келеді»



2

,  «Ішкенім 

айран-шалап, тіккенім – қос»

3

 сияқты ҿлеңдерге шетел акционерлерін қолдап, 



халық  қарсылығын  ҽлсірету,  олардың  ҧйымдасқан  тобын  ыдырату,  іріткі 

салуды  ойлаған  жергілікті  қазақтың  бай-феодалдары  мен  қожа-

молдаларының іс-ҽрекеті ҽшкереленеді. 

Нілді  жҧмысшыларының  тегеурініне  тҿзе  алмасын  сезген  Нельсон 

Филль Нілді болысын шақыртты

4

. Нілді болысының беделді феодалдарының 



бірі  Жамантықтың  Ысқағына  кҥніне  25  сом  тҿлеп,  ереуіл  басталған  кҥннен 

бастап 7 кҥн бойы  жҧмысшылар арасына бақылаушы, тҽртіп орнатушы етіп 

тағайындады

5

.  Міндетіне  алған  шаруасын  орындау  жолында  Ысқақ  халыққа 



қатал  келді.  Бірін  бауырласым,  аталасым  деп  алдаса,  кҿнбегендеріне  кҥш 

кҿрсетті, қорқытты. 

«Қыс  болса,  кірекештер  киер  ҧйық»  деген  ҿлеңде  сол  Ысқақтың  іс-

ҽрекеті суреттеледі: 

 

Қыс болса, кірекештер киер ҧйық,  



Ысқақжан, аталдың сен «қызыл жҥйрік».  

Сҥйеніш арқа кҥзеу еткен сен де  

«Тоқтат» – деп, тҿбелесті – бердің бҧйрық.  

Белденнен кҥніне алдың 25 сом,  

Кигізді ҥстіңе арнап оқалы тон.  

Басты жар, кҿзді шығар, қолды сындыр,  

Бҧл кҥнде, Ысқақ бауырым, айтқаның «жҿн»

6



 

Қамкҿңіл 

халықтың 

мҥдде-мақсатын 

жеке 

басының 


қамына 

айырбастағандығын бетіне басады, қатал сынға алады. 

Азаптан  айықпаған  халықтың  жанына,  жара  жҥрегіне  дақ  салған 

шетелдік  қожайындардың  қиянатшылдығы,  жҧмысшылардың  оларға 

қарсылығы  бҧл  дҽуірдегі  жҧмысшы  жырларының  негізгі  тақырыбы  болды. 

«Боз атан, қара атанмен ауыр жҥгің»

7

, «Ҿзім – шал, ҿзім – кҽрі кҽріп едім»



8

«Екі  айдай  кҿмір  тарттым  қыстай  жҥріп»



9

,  «Ҥсінді  сол  аяғым,  мҧжық 

болды»

10

  сияқты  ҿлеңдерде  мҥгедегін  сыртқа  теуіп,  дені  сауына  ақысының 



алдын  беріп,  артын  соза,  азын-аулақ  –  тиынмен  тежеп,  алдап-сулап  қоя 

беретін қожайындардың қылмысты ҽрекеттері ҽшкереленеді. 

Бҧл  дҽуірдегі  жҧмысшы  поэзиясынан  ауыл  адамдарының  да  ауыр  халі 

                                                

1

 Сонда. 


2

 Сонда. 


3

 Сонда. 


4

 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мҧрағаты. 14-қор, 182-іс, 42-43-парақтар. 

5

 Сонда. 


6

 Қарағанды жҧмысшыларының ҽңгіме-жырлары (қолжазба). 

7

 ҼҾИ қолжазба қоры. 1955 жылғы Жезқазған экспедициясының материалынан. 



8

 Сонда. 


9

 Сонда. 


10

 Сонда. 



 

635 


аңғарылады. Ол жер мҽселесімен байланысты баяндалады. Оған ҿлеңнің: 

 

Айрылып атақоныс мекенінен 



Бҧл кҥнде қырдағы елден кетті-ау тҿзім, – 

 

деген жолдарымен «Майтҿбе»



1

, «Жайлауыңды жат алды»

2

 сияқты ҿлеңдерде 



ҿлеңдерде столыпиндік реакция дҽуіріндегі қоныс аудару саясатының халық 

басына тҥсірген ауыртпалығы айтылады: 

 

Жайлауыңды жат алды,  



Жат алмады – қас алды.  

Сарыала шенді тҿрелер  

Басқа алмады, сол алды.  

Сол алмады – сор алды,  

Жеріне қосып, мал алды.  

Мал алмады – жан алды.  

Ҿрісті жерден айрылып  

Қанаты қалды қайрылып.  

Қуандық пен Сҥйіндік  

Бҥгінде, сҿйтіп, тоналды.  

Аққу ҧшып, қаз қонған  

Шҧрайлы ҿлке – соны алды

3



Ҿлеңде  халық  қарсылығының  тереңнен  тебіндеген  салмақты  сыры 



байқалады. 

Жерінен  айрылған  халық  Столыпиннің  ҿзіне  шағымдар  беріп,  қоныс 

аудару  саясатына  қарсылықтарын  айтып,  келешекте  тыйым  салуын  ҿтінді. 

Бірақ  қарсыласқан  халық қайырымсыз  қатал  жаза  астында  болды.  Дегенмен 

бҧлай жазалау да халық қарсылығына бҿгет бола алмады. Оны сол дҽуірдегі 

жҧмысшылардың  қиянатшыл  ҿмірге  қарғыс,  лағнет  айтқан  кҿңілінен  туған 

жырлары бейнелеп берді. 

Ҧзақ  жылдар  кернеген  кек,  ашу-ыза  1916  жылғы  июнь  жарлығына 

байланысты  халықтың  патша  ҿкіметіне  деген  ҿшпенділігін,  қарсылығын 

кҥшейте тҥсті. 

Июнь  жарлығы  ауыл  адамдары  сияқты  қазақ  жҧмысшыларын  да  қатты 

қатуландырды. «Суық сҿз» деген ҿлеңде июнь жарлығын алғаш естіген кҥні 

жҧмысшылар: 

 

Халыққа қара тҥнек орнаған кҥн,  



Қайғы-шер ҥсті-ҥстіне торлаған кҥн.  

Қазақтан кісі алмақ боп соғысқа деп  

Ақ патша – қара жылан арбаған кҥн.  

Қайғымен қапа болған ата-ана  

                                                

1

 Сонда. 



2

 Сонда. 


3

 Сонда. 



 

636 


Кҥңіреніп кҥйзелумен зарлаған кҥн.  

Суық сҿз жоқшылықпен қабаттасып,  

Дегбірі бҥгінде елдің қалмаған кҥн.  

Қайғылы қазақ ҥшін қаралы кҥн,  

Оқ тиген ҿкпесіне жаралы кҥн.  

Айрылған қозысынан боз саулықтай  

Қан жҧтқан ата-анаға азалы кҥн

1

, – 



 

деп кҥңіренді. 

Бҧл  дҽуірде  рубасыларына  «қамқоршымыз»,  «жанашырымыз»  деп 

қарайтын жҧмысшылардың артта қалған тобының ҿзі де сенуді қояды. 

 

Мал ҥшін арын сатқан болыс-биім,  



Туысқан жақынына жат болғандай

2



 

Старшын,  болыстар  пара  берген  бай  баласының  орнына  кедейлер 

жағының  мосқалын  «жасартып»,  жасын  «ересектер»  қатарына  қосып,  қара 

жҧмысқа  салды.  «Бҥгінде  Қҧдай  ҿзгерді»  деген  ҿлеңде  старшын, 

болыстардың сол қылықтары ызғарлы мысқылмен сыналады: 

 

Бҥгінде Қҧдай ҿзгерді.  



Ҿзгергенін кҿз кҿрді.  

Артық айтып қайтейін  

Керек емес жел сҿзді.  

Қырық бестен шегеріп  

Отыз деген жас берді.  

Атын айтып қайтейін  

Досым емес қас берді.  

Қас бермеді жат берді...

3

 

 



Окоп  қазуға  барудан  бас  тартқан  жҧмысшылар  жҧмысты  тастап,  бет-

бетімен кетіп жатты. 

«Тҥйенің  кҿн  терісі  торсық  болмас»  деп  басталатын  ҿлеңде 

Қарағандының  қандыауыз  байы  Баян  мен  жҧмысшыларды  ҽбжыландай 

арбаған подрядшінің ҽділетсіз ҽрекеттері сыналады. 

Ал,  кедейлердің  кейбіреулері  подрядшінің  пара  алуына  да  риза.  Бірақ 

соған берері болмағанына қатты қынжылады: 

 

Ойландым, алды-артымды шамаладым,  



Кедейлік, он бес сомды таба алмадым.  

Болса егер он бес сомым жанқалтамда,  

Жҧмыста Қарсақбайда қалар едім

1



                                                

1

 Сонда. 



2

 Сонда. 


3

 Сонда. 



 

637 


 

Ҿндіріс  орталықтарына  шоғырланған  қазақ  жҧмысшыларын  қара 

жҧмысқа алу ҥшін ҽр жерде ҽртҥрлі ҽдістер қолданылды. 

Қарағанды,  Успен,  Спас,  Сарысу,  Қарсақбай  жҧмысшыларын  қара 

жҧмысқа  жіберу  ҥшін  алдын  ала  тізімдеп,  оларды  жҧмысқа  баруға  ҥгіттеу, 

оған  кҿнбесе,  ҽкімшілік  кҥшін  қолдану  тҽсілі  жҥргізілсе,  Екібастҧз  сияқты 

басқа  ҿндіріс  орындарында  кҥні  бҧрын  жасаған  тізім  бойынша  полиция 

кҥшімен  бір-ақ  тҥнде  жҿнелту  тҽсілі  жҥргізілген.  Бҧл  жайлар  жҥмысшылар 

арасында  қоштасу  тҥріндегі  ҿлең-жырлардың  мол  дамуына  себепші  болды. 

Ол жырлардың кҿбі тҥр, ҿлеңдік қҧрылысы жағынан салт жырларына ҧқсас. 

Мысалы, «Қош болып тҧр, қайран, мекен – Екібас»

2

 деген ҿлеңде жҧмысшы 



ҿзінің  басынан  кешкен  ҿмірін  есіне  алады.  Жҧмыс  істеген  жерімен,  ҿзі 

сияқты тас қазып, тамағын тапқан бақытсыз елімен қоштасады: 

 

Қош болып тҧр, пристаным істеген,  



Шарап іш деп достар талай кҥштеген.  

Бҽстескенде жоғары алып шығушы ем  

Қанар қапты аузыммен тістеген

3



 

Қарағанды,  Успен,  Спас,  Сарысу,  Қарсақбай  кендерінің  жҧмысшылары 

қара  жҧмысқа  барудан  бас  тартты.  Сана-сезімі  кҿтеріңкі  алдыңғы  қатарлы 

жҧмысшы  ақындар  ҿздерінің  ҿлең  шығармалары  арқылы  патша  ҿкіметінің 

бҧл  саясатын  ҽшкерелеп,  халықты  қара  жҧмысқа  барудан  бас  тартуға 

ҥндейді. Ең алғаш Қарағанды жҧмысшыларынан қара жҧмысқа кісі алу ҥшін 

старшын, болыстар келіп, мҽжіліс ҿткізгенде Спас заводынан Бекмҧхамбетов 

Еркеболат: 

 

Қазақтан солдат алғаны – 



Жауыз патша сасқаны.  

Не десеңдер о деңдер  

Біз білмейміз басқаны

4

, – 



дейді. 

Сол  жерде  жҧмысшылар  болыстан  тізімді  тартып  алмақшы  болады. 

Бірақ  урядник,  приставтардың  ара  тҥсуімен  тізім  жасаушы  болыс  аман 

қҧтылып кетеді

5



Бҧл дҽуірдегі жҧмысшы поэзиясында революциялық мотив қалыптасып, 



ҿріс  ала  бастайды.  Сол  мотив  қазақ  жҧмысшыларының  ғана  емес,  ауыл 

кедейлерінің  арасында  да  мол  туып  жатқан  ҿлең-жырлардың  ҿзекті  желісі 

болып  келеді.  Мҧндай  жырлардың  пайда  болуына,  біріншіден,  қазақ 

халқының  қанаушылыққа  қарсы  ерлік  кҥресі мен  ҽлеуметтік  жағдайы  себеп 

                                                                                                                                                       

1

 ҼҾИ қолжазба қоры. 1955 жылғы Жезқазған, Қарағанды экспедициясының материалынан. 



2

 Сонда. 


3

 Сонда. 


4

 ҼҾИ қолжазба қоры. 1955 жылғы Екібастҧз экспедициясының материалынан. 

5

 Восстание 1916 года в Казахстане. Алма-Ата, 1947. С.8. 




 

638 


болса, екіншіден, орыс жҧмысшыларының революциялық жырларының ҥлгі-

ҿрнектері  ҽсер  етті.  Тап  тартысының  ҽбден  шиеленіскен  кезеңі  бҧл  дҽуірде 

орыс халқының революциялық жырларынан қазақ халқы ҿз азабының шегін, 

арманының  тҥйінін  тапқандай  болды.  Сондықтан  да  қазақ  жҧмысшылары 

ҿздерімен  тағдырлас  орыс  пролетариатының  асыл  мҧрасы  –  халықаралық 

революциялық  ҿлеңдерін  қадыр  тҧтып,  одан  ҽсер  алды.  Ҽсіресе,  қазақ 

жҧмысшылары арасында «Марсельеза», «Варшавянка», «Смело, товарищи, в 

ногу»,  т.б. сияқты революциялық ҿлеңдер жиі тарай бастады. Бҧл ҿлеңдерді 

қазақ жҧмысшылары орыс жҧмысшыларымен бірге орыс тілінде де, кейінірек 

ҿздері қазақ тілінде айтатын болды

1

. Қазақ жҧмысшыларының ҿз арасында да 



осы  ҿлеңдермен  ҥндес  кҿтерілісшілдік  сарында  революциялық  мотивті 

жырлар туып жатты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет