1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет130/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
Фольклористика

 

§ 4. Жҧмбақ 

 

Қазіргідей  заманда  кҿптеген  фольклорлық  жанрлар  ҿмірден  ығысып, 



біржола  ҿшіп  жатқанда  жҧмбақ  ҿміршеңдік  танытуда.  Дегенмен,  мҽні 

біршама  ҿзгеріп,  басқаша  сипатта  ғҧмыр  кешіп  отыр.  Ҽуелде  халықтық 




 

649 


жҧмбақтар  ауызша  туып,  ауызша  таралып,  сақталып  келсе,  енді  оқырман 

жҧмбақтармен  кітап,  газет-журнал  беттерінде  қауышады.  Бҧрынғыдай 

фольклорлық  жҧмбақтар  ҥздіксіз  дамып,  ҧдайы  тоқтаусыз  жаңа  нҧсқалар 

туып  жатыр  деп  айту  қиын.  Ҿйткені,  ертеректе  ересектер  ҿзара  сынасатын 

болса,  осы  бір  жарасымды  дҽстҥр  ҧмытылып  бара  жатыр.  Жастар  тҥрлі 

жиын-отырыстарында,  сауық  кештерінде  жҧмбақты  сирек  айтатын  болып 

жҥр.  Жазба  ҽдебиет  кҥшейіп,  оқу-білім  ошақтары  кҿбейіп,  газет-журнал, 

теледидар адамдар уақытын  кҿбірек алған кезеңде жалпы ауызша мҽдениет, 

фольклор аясының тарылып, бҽсең тартуы заңдылық. 

Соңғы  алты-жеті  жыл  кҿлемінде  республикамыздың  жҽне  одан  тыс 

ҿңірлердегі  қазақтар  арасынан  жҧмбақтарды  ҥздіксіз  хатқа  тҥсірумен  қатар 

осы  жанрдың  сақталу,  таралу,  айтылу  ғҧрпына  назар  аударғанда 

байқағанымыз:  жасы  егде  тарта  бастаған  адамдардың  дені  ертеректе  естіген 

жҧмбақтарын  қиындықпен  еске  тҥсіреді.  Мҧның  себебін  жҧмбақты  кҿп 

айтпағандығымен  тҥсіндіреді,  айтса  да,  тек  балаларын,  не  немерелерін 

алдарқатып,  кҿңілін  аулау  ҥшін  айтады  екен.  Ал,  жастар  жағынан  сҧрау 

салғанымызда  ҿзі  білетін  жҧмбақтарының  негізін  газет-журнал  беттерінен 

оқып, мектепте оқып, жаттаған болып шығады. Балаларға арналып шығатын 

газет-журнал  беттерінде  ертегі,  тақпақ,  жаңылтпаш  секілді  жанрлар 

қатарында жҧмбақ та ауқымды орын иеленіп отыр.  

«Балдырған»  журналы  мен  «Ҧлан»  газеті  фольклорлық  мҧраларды 

таратып,  насихаттауда  игілікті  қызмет  атқарып  келеді.  Егер  тарихқа 

жҥгінсек,  қазақтың  ең  алғашқы  журналы  «Айқап»  ҿз  сандарында 

жҧмбақтарды  жариялап,  оның  шешімдерін  табуға  оқырмандарын 

араластырған.  ХХ  ғасырдың  60-жылдары  сатиралық  бағыттағы  «Ара» 

журналы  арнайы  рубрикамен  ҽзіл-сықақ  тҥрінде  жҧмбақтар  беріп  тҧрды. 

Соңғы  кезде  «Ана  тілі»  газетінде  «Атың  шықпаса,  жҧмбақ  шеш»  деген 

тартымды  айдар  ашылып,  жанды  іске  мҧрындық  болуда.  Газет-

журналдардың  мҧндай  бағыты  фольклорлық  мҧраларды  насихаттауға 

ықпалын  тигізіп  қана  қоймай,  ел  ішінен  жинауға  да  қозғау  салды. 

Жҧртшылық  ҿздері  естіген,  білген  халықтық  жҧмбақтарды  редакцияларға 

жіберіп  отырады.  Кейбір  адамдар  дҽстҥрлі  қалыпқа  сҥйеніп,  ҿздері  де  жаңа 

жҧмбақ 

шығарады, 

яки 

газет-журналдар 



халықтың 

жҧмбақ 


шығармашылығының  тот  басып  қалмай,  керісінше,  жалғастық  табуына 

демесіндік жасауда деген сҿз.  

Қазіргі 

қаламгерлер 

ҧлттық 

шеңбердегі 

фольклорды 

екшеп, 


жариялаумен  қанағаттанбай,  басқа  халықтардың  мҧраларына  кҿз  тігіп, 

олардың  жарамды  дегендерін  аударып  беріп  жҥр.  Бҧл  тҽжірибені 

«Балдырған»  ертерек  бастап,  басқа  ел  жҧмбақтарын    насихаттауға  даңғыл 

жол  ашты.  Ҽлем  халықтары  жҧмбақтарын  қазақ  баспасҿзі  ҥзіп-жҧлып 

ҧсынып  келсе,  соңғы  уақыттарда  танымал  ақын  Қадыр  Мырзалиев  бҧл 

жҧмысты  қҧнттап,  онымен  жҥйелі  тҥрде  айналысуға  кірісті.  Қ.Мырзалиев 

тҽржімалаған ҿзге халық жҧмбақтары газет-журнал беттерінде тҧрақты тҥрде 

жарияланып  келеді,  оның  аударған  ҽлем  халықтары  жҧмбақтары  кітап 




 

650 


тҥрінде оқырмандарына жол тартып та  ҥлгерді

1

. Қазақ оқырмандары ҧлттық 



фольклорлық  қазыналарымызбен  сусындап  қана  қоймай,  жат  жҧрттардың 

жҧмбақ асылдарымен қанығуға мҥмкіндік алып отыр. 

Бҥгінгі  таңда  ересектер  жҧмбақты  балаларға  бағыштап  айтады.  Демек, 

жҧмбақ  тҽрбиелік  мҥддеге  толықтай  бағындырылған  жанрға  айналған.  Жас 

ҿспірімдер  қиял-ғажайып  ҽлеміндей  ертегіні,  қимыл-ҽрекет  қажет  етер 

ойынды  жан  дҥниесімен  қандай  сҥйсе,  жҧмбақты  соншалықты  ҧнатады. 

Бҥлдіршіндердің жҧмбақ жасыруды да, шешуді де жақсы кҿру себебі неде? 

Бҧның  сыры  балалардың  жас  ерекшелігімен,  таным  процесімен 

байланысты.  Ес  біліп,  ақылы  кіре  бастаған  адам  перзенті  жан-жағындағы 

қҧбылыстар  мен  заттардың  қасиеттері  мен  ҿзгешеліктерін  танып-білуге 

талпынады, 

қоршаған 

ортаның 

бҥкпелерін 

игеру, 

ара 


жігін, 

айырмашылықтарын  ажырату,  салыстыру,  ҧқсату  процестері  арқылы  жҥзеге 

асады. Ҥйренсем, білсем деген табиғи ҧмтылыстар «неге олай?» деген тосын 

сҧрақтарға  ҽкеп  тірейді.  Жҧмбақ  та  қоршаған  ортаны  жыға  білу 

мақсатындағы  танымдық  жанр,  ол  да  сауал  қойып,  соны  салыстыру  мен 

ҧқсату  жолымен  табуды,  ой  жҥгіртуді  тілейді.  Сондықтан  айналасымен 

тереңірек  танысуға  қҧмарланған  балалар  танымдық  нышаны  басым 

жҧмбақты жанына жақын тҧтады. 

Қазіргі  мектеп  оқулықтарын  жҧмбақсыз  елестету  қиын.  Кітаптардағы 

жҧмбақты  балалар  сабақ  ҥстінде  қызыға  шешеді.  Ҧстаздар  жҧмбақты  тіл 

дамыту,  шҽкірттер  шаршаған  кезде  миын  тынықтыру,  сабақтардың 

тартымдылығын  арттыру  жолында  кҽдеге  жаратады.  Сабақтан  тыс 

уақыттардағы  ҽртҥрлі  кеш,  викториналық  ойындар  жҧмбақпен  қаны  кіріп, 

ажарланады. Ғасырлар сынынан мҥдірмей ҿтіп келген жҧмбақтың жас ҧрпақ 

тҽрбиесінде берері мол.  

Педагогтарға  қойылар  талап  –  ақыл-ойды  ҧштауға  жҽрдемі  тиерліктей 

жҧмбақтың  парқы  мен  нарқын  дҧрыс  бағалап,  тамыршыдай  дҿп  басып, 

орнымен қыбын тауып, қолдана алуы. 

ХХ  ғасырда  пайда  болған  жҧмбақтарымыздың  тақырыптық  аясы 

кеңейіп,  мазмҧны  байи  тҥскені  белгілі.  Қазіргі  таңда  да  оқу-білімге, 

техникаға  байланысты  жҧмбақтар  кҿптеп  туындап  отыр.  Ескі  кезеңдерде 

жҧмбақтардың  дені  кҿшпелі  ҿмір,  қазақтың  байырғы,  тҿл  кҽсібі  –  мал 

шаруашылығына  қатысты  объектілерді  кҿбірек  қаузап,  ҿзек  етті.  Жаңа 

дҽуірде  фольклорлық  жанрлардың  бірсыпырасы  замана  кҿшіне  ілесе  алмай 

жатқанда,  жҧмбақ  жаңа  зат,  қҧбылыстарды  бейнелеуде  елгезектік  танытты, 

бҧрынғы  қорымыз  енді  ҧшақ,  космос,  т.б.  туралы  жҧмбақтармен  байыды. 

Сондай  ҿріс  алған  жҧмбақтардың  бір  саласы  ҽліпбимен  байланысты.  Соңғы 

кезде  «Балдырған»,  «Бастаушы  мектеп»,  «Ҧлан»  тҽрізді  газет-журнал 

беттерінде  ҽліпбилік  жҧмбақтар  жиі  беріліп  жҥр.  Міне,  солардың  бірнеше 

ҥлгісін кҿрсетейік.  

Халық  жҧмбақтары  мен  авторлы  жҧмбақтардың  қарым-қатынасын  екі 

                                                

1

 Жҧмбақтар (жер жҥзіндегі жҥзге жуық жҧрттардың жҧмбақтары) // Ҽлем балалар ҽдебиетінің 50 томдығы. 



Қҧрастырған Қ.Мырзалиев. Алматы, 2004. 1-т. 


 

651 


жақты  қарау  жҿн.  Біріншісі  –  халық  жҧмбақтарының  ҽдебиетке  ықпалы 

болса,  екіншісі  –  ҽдеби  жҧмбақтардың  фольклорға  тигізген  ҽсері.  Халық 

жҧмбақтарын дҥниеге келтіретін нақты адамдар, талант иелері, ҽсіресе, ҿткір 

тілді,  шешен,  ақындардың  дҥниеліктері  ҧжымдық  қасиет  алған,  фольклорға 

қосылып  отырған  бҧл  мҽтіндер  ауызша  ҽдебиет  тҧсында  бола  беретін 

қҧбылыс. Дегенмен жазба мҽдениет ҿрістеген шақта да ҽрбір жаңа туындыны 

хаттауға,  тіркеуге  мҥмкіндік  туған  кезде  де  бҧл  процесс  сап  тыйылып 

тоқталған  емес.  Ел  аузында  авторлы  жҧмбақтар  халықтікіндей  болып, 

жатталып,  айтыла  береді.  Айтушы  жҧмбақты  жанында  ҧстағанымен,  оның 

авторына  кҿңіл  аударып  жатпайды.  Халық  арасында  жазылып  алынған 

жҧмбақтар жҧмбақ жинақтарына білінбей, еніп кетеді. Ҽдеби жҧмбақтардың 

ҧжым иелігіне ҿтіп жатқаны кҿз алдымызда болып жатыр. Сондықтан кейбір 

жҧмбақтың  халықтікі,  не  белгілі  ақындікі  екенін  тап  басып,  ҥзілді-кесілді 

шек қоя ажырату оңайға соқпайды. 

Жҧмбақ,  мақал-мҽтел  сынды  шағын  жанрларда  тҧрақтылық,  ҧжымдық 

сипаты басым, онда даралық, индивидуальдық белгілер кҿріне бермейді. 

Ғылым мен техниканы нысана еткен жаңа жҧмбақтарда бҧрыннан кҽнігі 

образдар  кең  пайдаланылады.  Бҧлардың  дені  –  тҿрт  тҥлікке  кіретін 

жануарлар. Мысалы, телеграфты: 

 

Қаз-қатар қатарынан бір озбайды, 



Аяғын анда-санда бір қозғайды. 

Бозінген желіп кетсе желден жҥйрік, 

Жоқ оның ботақаны, қҧр боздайды, –  

 

деп жанды тҥліктей бейнелейді. 



Тракторды  қара  азбанға,  аэропланды  ҥлкен  жорғаға,  іс  машинаны 

тайлаққа,  поезды  тҥйеге,  керуенге  ҧқсатады.  Жҧмбақта  ҽрбір  нысана  тура 

аталмай, меңзеледі, белгілі нҽрсенің тҧрпатына, бейнесіне салғастырылады. 

Жалпы,  трактор,  машина,  ҧшақ,  пароход  тҽрізді  техника  тҥрлерін  тҿрт 

тҥлікке салғастыруда сабақтастық бар. Тҿрт тҥлік мал техника шаруашылық 

пен  тҧрмысқа  кіргенге  дейін  кҿлік  қызметін  атқарып  келді,  сондықтан 

техника  қҧралдары  бҧрынғы  ат  пен  тҥйені  ауыстырған  кҿлік  деп 

қабылданды.  Отызыншы  жылдары  ауыл  ҿміріне  жаңалықтай  болып  енген, 

колхоз жҧмысын қажымай-талмай кҿтерген, кҥй талғамайтын кҥшті техника 

–  трактор. 

Жҧмбақ  тракторды  қара  нарға  балауда  ежелден  келе  жатқан  халықтық 

ҧғымға  сҥйенген.  Нар  –  кҥш  кҿлігі  ретінде  пайдалануға  берік  бір  ҿркешті 

еркек  тҥйе.  Жҥріске  кҿнбіс,  жҥк  кҿтеруге  белі  қайыспас  мықты  нар  –  мал 

баласын  жақсы  тани  білетін  қазақ  ҥшін  қажырлылықтың,  мойымайтын 

шыдамдылықтың символы.  

Демек қара нар, қара атан, қара азбан ауыстырулары трактордың кҿліктік 

пайдалы  қасиетін,  жҥріске,  еңбекке  тҿзімділігін,  кҥштілігін  кҿрсетеді. 

Ауыстырулар  алдындағы  «қара»  айқындауы  тҧспал  техниканың  тҥсін 

меңзеумен  бірге  символдық  мағына  иеленіп  тҧр.  Қара  –  кҿп  мағыналы  сҿз, 



 

652 


оның тҥс атауын білдіруден басқа қосымша мағыналары жетерлік, бҧл тҧста 

«мықты,  кҥшті»  деген  мҽнде  жҧмсалған.  Поезд  бен  оның  вагондарының 

алыстан  бҧлдырап  кҿрінуін  «бір  керуен  қатарында  ҿңшең  тҥйе»  деп  дҽл 

кестелеген. Ҽрі ежелден тҥйемен кіре тартып, алыс сапарларға, сауда жолына 

тҥйе  керуенімен  шеру  тартқан  қазақ  ҥшін  таныс  сурет.  «Ботасы  ҿлген  боз 

інгеннің  зары»  дегенде  терімізді  қҧйқасына  дейін  шымырлататын  қайғылы, 

мҧңды  дыбысты  естігендей  сезінеміз.  Бҧл  дауысты  қҧлақпен  естіп  қана 

қоймай, кҿзінен жасы кҿлдей тҿгілген асыл жануарды кҿргендей, қайғысына 

жанымызбен  ортақтасқандай  боламыз.  Қазақ  тҿрт  тҥлікті  тек  тіршіліктің 

ҿзегі  деп  қарамай,  адамша  қайғыратын,  жылағанда  етегі  толатын  сезім  иесі 

деп санаған.  

Телеграф  бағандары  сымының  ызыңды  дыбысын  жҧмбақ  дҽстҥр  ізімен 

былайша бейнелейді: 

 

Қатар-қатар боздаған, 



Бірінен-бірі озбаған. 

Ботасы ҿлген інгендей, 

Аңырып тҧрып боздаған.  

 

Тағы  бірде  поезд  дауысы  мен  інгеннің  аңырағанынан  ҧқсастық  табады. 

Аспанда  шарықтаған  ҧшақты  –  қыран  мен  жайынды,  алдындағы  бидайды 

жапырған комбайнды – батырды еске алу арқылы бейнелеу де қазақ ҧғымына 

жат емес.  

Бҧрыннан  қазаққа  етене  «отау»  сҿзін  ауызға  алып,  қоңырау  мен 

қолшатырдың  тҿбесін  тҧп-тура  елестетеді.  Халық  поэзиясында  кең  тараған 

образ  –  бҧлбҧл,  радионы  жҧмбақ  ҽн  салып,  тынымсыз  сайраған  бҧлбҧлға 

телиді.  Қазақ  тҧрмысына  кеңестік  дҽуірде  енген  патефонды  –  қапастағы 

тотыға теңестіреді.  

Моңғолия қазақтары арасынан профессор Иштван Қоңыр хатқа тҥсірген 

мына жҧмбаққа зер салайық: 

 

Бар еді бір жҧмбағым ойлап қойған, 



Ҥйірі қырық айғырдың байлап қойған. 

Ішінде қҧлын-тайға кҿз жетпейді, 

Сҥтіне ауыл тҧрмақ, аймақ тойған. 

 

Бҧл  –  малды  бағуды  кҽсіп  еткен  халыққа  жақын  болмыс-тіршілік 

кҿрінісі.  Алайда,  шешімі  кҥрделі  жҧмбақ  кҿркем  ҽдебиеттегі  роман  жанрын 

арқау  етіп  отыр.  Жаңа  ҧғым  байырғы  суретпен  астарланған.  Жҧмбақ  кілтін 

табудың қиындығы сонда, мҽтінде тҧспал бейненің нақты белгісі аталмайды. 

Байлам терең ойлау, тек абстракциялау жолымен шешілмек. 

Тікҧшақ бейнесін инелікке ауыстырып алуы нанымды: 

 

Пырылдар кҿкте инелік, 



Инелік емес, ҥй делік. 


 

653 


 

Цирькульді біз ретінде суреттейді: 

 

Бір сирағы біз, 



Бір сирағы салады із. 

 

Коньки хақындағы жҧмбақтан да тҧрақты «біз» ауыстыруы алдымыздан 



шығады. 

Нҽзік белі бҧралған, 

Ҧзын біздей қадалған. 

Қар ҥстінде жорғалап, 

Басқан ізін бояған. 

 

Музыкалық  аспаптар  туралы  жҧмбақтар  кҿп.  Бейтаныс  мондалина 



аспабын былайша бейнелейді: 

 

Бойы бір тҧтам, 



Сақалы қырық тҧтам. 

Аузы ордай, 

Мҧрыны қҧрдай. 

 

Бҧл жҧмбақ ертегілерде кездесетін образдық қолданыстарды еске салмай 



қоймайды. Халықтың «Алтын жҥзік» ертегісінде «Мҧрын деген кісі айдалада 

жалғыз ҥйге кезігіп, сол тамақ берген ҽйел ҿз кҥйеуі туралы былай дейді:  

–  Менің  кҥйеуімнің  бойы  бір  қарыс,  сақалы  қырық қарыс.  Ол  қазір  адам 

іздеп, ҽрі малын бағып, далада жҥр. Ал оның маған кҿрсеткен қорлығы ҧшан-

теңіз,  менің  адам  атаулыдан  кҿрмегелі  бірталай  жылдар  болды.  Енді  адам 

атаулыдан сізді кҿріп отырмын. Мені осы пҽледен қҧтқара кҿріңіз»

1

, – дейді.  



Кейде  жҧмбақтар  бҧрыннан  дайын  ҥлгі-ҿрнектерді  қайталаумен 

шектеледі.  Халық  ауыз  ҽдебиетінде  бҧған  дейін  ҧшырасатын  ҥлгіні  тірек  

етіп, 

ҿңдеп, 


варияциялау 

арқылы 


да 

сҽл 


ҿзгешелеу 

нҧсқалар 

туындатылатыны байқалады. Мҽселен, ҧршық жайындағы:  

 

Шаршамас кемпір кҿрдім жалғыз аяқ, 



Аузына тістеп алған шиден таяқ, 

Жҥрген сайын белбеуін қабаттайды, 

Беріпті ҽсемдікті аямай-ақ, – 

 

деген  жҧмбақ  аз-маз  ҿзгеріспен  іс  машинасы  туралы    басқа  ҥлгіде 



қайталанады: 

Шаршамас кемпір кҿрдім жалғыз аяқ, 

Аузына тістеп алған шиден таяқ, 

Жҥрген сайын белбеуін қабаттайды, 

                                                

1

 Елу ертегі. Алматы, 2006. 21-22-б. 




 

654 


Беріпті ҽсемдікті аямай-ақ. 

 

Ескі  ҧршықтың  орнын  басқан  іс  машинасының  кемпірге  балануы, 



бҧндай сабақтастықтың пайда болуы заңды. Іс машинасы бҿгде жҧмбақтарда 

дҽстҥрлі ауыстырулар – жеңеше, тайлақ, қыз ретінде сомдалады.  

Жаңадан  дҥниеге  келген  жҧмбақтарда  бҥгінгі  уақыт  тынысын 

аңғартатын  ҧғымдар,  заттар  образға  айналады.  Мысалы,  қоңызды  «Ҽуеде 

ҧшып жҥрген аэроплан емес, қҧс емес», ал тракторды: 

 

Сирағы темірден, 



Тҧяғы болаттан. 

Май ішеді бензиннен, 

Бҧл не деген жануар?, – 

 

деп кескіндейді. 



Бҥгінгі техникалық жаңалықтарды жаңа мазмҧнда бедерлеген жҧмбақтар 

кҿбіне  байырғы  пішінде  жасалады,  ол  ҥшін  кҽнігі  тҽсілдерді  бейнелеу 

қҧралдарын  пайдаланады.  Велосипед  туралы  жҧмбақ  осы  ойымызды 

айғақтайды. Ол «екі аяқты» жануар ретінде алынып: 

  

Жаны жоқ, басқан ізі бар, 



Ҥзеңгілі, жҥгенсіз, 

Тартпасы жоқ, ері бар, –  

 

дегендегі  дҽстҥрлі  «ат»  ауыстыруы  –  қарама-қарсы  шендестіріле  алынған 



«жаны жоқ, дегенмен ізі бар» дегенде парадокс, ҽдеттен тыс жайтты суреттеу 

сынды ескі тҽсілді ҧшыратамыз.  

Жаңа  дҽуірде  дҥниеге  келген  жҧмбақтар  ҿлеңдік  қҧрылымы  жағынан 

қарапайым,  жеңіл,  қысқа  да  нҧсқа  болып  келеді.  Мҧның  себебі  бҥгінгі 

жҧмбақтардың  дені  балалардың  ой-санасына,  таным-тҥсінігіне,  айтып-

жаттауына лайықталып алынуында. 

ХХ  ғасырдағы  жҧмбақтар  тақырыбы,  мазмҧны  жағынан  тҥрленіп,  байи 

тҥсті,  ғылым  мен  техника  қажеттіктерін,  оқу-білімге  қатысты  заттар  мен 

пайымдауларды  арқау  еткен  ҥлгілер  молайды.  Жаңа  жҧмбақтарда  дҽстҥрлі 

образдар, бейнелеу қҧралдары кҿп қолданылып келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет