1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет27/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Жауын шақыру – дҥние жҥзіне кең тараған магиялық ғҧрыптың бірі. Ол 

терімшілік,  аңшылық,  балықшылық,  бақташылық,  диқаншылық  сияқты 

шаруашылық  тҥрлерімен  айналысқан  тайпалар  мен  халықтардың  арғы-бергі 

тарихында кҿп кездеседі. Ҿйткені, адам тіршілігінің ертеңі мен болашағы кҿп 

жағдайда  тікелей  жауын-шашын  мҿлшеріне  тҽуелді  болған.  Бҧлт  пенен 

жаңбырдың  қыратты,  жоталы,  таулы  ҿңірлерге  ҥйір  келетінін  адамдар  ерте 

бастан-ақ  байқаған,  сондай  жерлердегі  қайнарларды,  бҧлақтарды, 

кҿлшіктерді  қадірлеген,  қасиет  тҧтқан,  қайсыбір  жҧрттар  киелі  санап, 

                                                

1

 ОҒК қолжазба қоры. 1092-бума, 11-дҽптер. 



2

 Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 155-156-б. 

3

 ОҒК қолжазба қоры. 1089-бума, 1-дҽптер. 



4

  Қараңыз:  Путилов  Б.Н.  Мотив  как  сюжетообразующий  элемент  //  Типологические  исследования  по 

фольклору. М., 1975. С. 141-155. 



 

130 


табынған.  Кҥн  жайлаушылар,  нажағай  ойнатушылар,  жайшылар,  яки  ауа 

райына  магиялық  бақылау  жасаушылар  да  кҿбінше  биік  тҿбелерді 

мекендеуге  тырысатын,  сол  арадан  ауа  райына  тікелей  ҽсер  ету  қолайлырақ 

деп  білген.  Ауа  райын  магиялық  ҽдістермен  басқарудың  қоғамдық  ҿмірдегі  

маңыздылығы  соншалық,  кейбір  елдерде,  мҽселен,  Тибетте  ҽрбір  ауылдың, 

қаланың,  шіркеудің  «маманданған»  ҿз  бҧршақ  тоқтатушысы  (сэргагпа),  ҿз 

жауын шақырушылары (лхава) болған

1



Қайнардың  кҿзін  аршыса,  жауын  жауады  деп  ойлау  –  гомеопатиялық 

магияға  тҽн  ҽдет.  Қазақтар  да  ҿзге  жҧрттар  секілді  жауын  шақыру  ғҧрпын 

ҿзен-судың бойында ҿткеретін. Славяндар қҧдыққа тҥрлі тағамдарды немесе 

заттарды  тастаса,  жауын  тез  жауады  деп  білген

2

.  Кавказдық  ҽйелдер  соқаға 



жегіліп, ҿзеннің кеуіп қалған арнасын жыртқан

3

. Бҧл мысалдарда жердегі су 



арқылы кҿктегі бҧлтқа ҽсер ету ниеті айқын сезіледі.  

Жауын  шақыру  тілегімен  ҽйелдердің  жалаңаштануы,  суға  шомылуы 

сияқты  ҽдеттер  де  кездеседі.  Ҽйел  менен  жаңбырды  байланыстыру  –  ҽлем 

халықтарында  кең  тараған  тҥсінік.  Судың  тҽңірі-иесін  ҽйел  бейнесінде  тану 

да сол негізде шығуы мҥмкін. Оның тҥп-тҿркінінде имитациялық магияға тҽн 

наным-сенімдер  жатыр.  Қайнардың  кҿзін  аршу,  қҧдыққа  тҥрлі  нҽрселер 

тастау, ҿзен маңынан жер жырту салттарынан символикалық белгілер де бой 

кҿрсетеді.  

Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы да типологиялық жағынан 

ҿте  ҧқсас:  бір  топ  адам  (кейде  ҽйелдер,  кейде  қыздар,  ал,  кейде  ҽйелдер 

тобына  ер  кісілер  мен  ҧл  балалар  да  қатысады)  ҥй-ҥйді  аралап,  жауын 

шақыру  ҿлеңін  айтады,  ҽр  ҥйден  тиесілі  кҽдесін,  сыйлығын  алады  (кҿбінше 

дҽм-тҧз,  тағам  тартылады).  Мҧндағы  ортақ  жора  жҽне  ең  негізгі  жора  –  су 

шашу (қуыршаққа, ҽйел киіміндегі еркекке). Қазақта жауынның мол болуын 

тілеп,  танаптан  қайтқан  егіншілердің  ҥстіне  су  қҧятын  ҽдет  болған.  Ондай 

рҽсімді,  негізінен,  орта  жастағы  ҽйелдер  мен  жас  келіншектер  атқаратын

4



Сҿйтіп,  кҿптеген  халықтардың  тҥсінігінде  шашылған  су  менен  жаңбыр 



арасында магиялық байланыс бар деп есептеледі. Ал, қолға қуыршақ (кҥрек, 

сыпырғыш) ҧстау салтына келетін болсақ, ҽу баста бҧл рҿлді тірі адам, адам 

болғанда  ҽйел  адам  (қолдағы  затқа  ҽйел  киімін  жабу  немесе  кҥрекке  ҽйел 

бейнесін салу мысалдарын еске тҥсірелік) атқарғанына кҥмҽн жоқ.  

Қысқасы, ерте замандарда жауын шақыру ғҧрпын орындау кезінде ҽйел 

жынысты  адамдар  қҧрбандыққа  шалынған  деп  айтуға  толық  негіз  бар.  Бҧл 

рҽсім  ҽйел  мен  жаңбырды  байланыстыру  сенімінің (ҽйел  –  ҿмірдің бастауы, 

су  –  жалпы  тіршілік  бастауы,  ҽйел  –  жаңбыр)  ең  соңғы  нҥктесі  немесе  ең 

жоғарғы  магиялық  шарасы  болып  табылады.  Сҿйтіп,  біз  жауын  шақыру 

ғҧрып кешеніндегі қҧрбандық шалу жорасының орны, мҽн-мағынасы қандай 

                                                

1

 Календарные обычаи и обряды народов Восточной Азии. М., 1989. С. 275. 



2

 Толстые Н.И. и С.М. Заметки по славянскому язычеству // Славянский и балканский фольклор. М., 1978. С. 

102. 

3

  Чурсин  Г.Ф.  Магия  в  борьбе  с  засухой  у  кавказских  народов  //  Бюллетень  Кавказского  историко-



археологического института в Тифлисе. 1930. № 6. С. 17. 

4

 Қараңыз: Кармышева Дж. Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования и культы 



народов Средней Азии. М., 1986. С. 61. 


 

131 


деген мҽселеге келіп тірелдік. 

Қазақта қҧрбандыққа адам шалу рҽсімінің ізі қалмаса да, тасаттық беріп, 

мал  шалу  ҽдеті  кҥні  бҥгінге  дейін  сақталып  отыр.  Тасаттыққа

1

  қатысу,  оны 



неғҧрлым  жоғары  дҽрежеде  ҧйымдасқан  тҥрде  ҿткізу  кҿпшілік  тілегінен 

туындайтын  ортақ  мҥддені  білдіреді.  Ҽдетте,  оған  жас-кҽрі,  еркек-ҽйел  деп 

бҿлінбей,  тҥгел  жиналуға  тырысады.  Тасаттық  қҧрғақшылық  жылдары 

беріледі.  Қҧрбандық,  ҽдетте,  ҿзен-сулы  жерде  шалынады.  Оның  себебі 

аталған  рҽсімнің  су  иесіне  (су  тҽңіріне)  арналатындығынан  болса  керек. 

Малдың  бауыздау  қаны  қолма-қол  суға  ағызылуы  (адамды  суға  ағызу 

мысалымен  салыстырыңыз)  –  су  тҽңіріне  жасалған  аса  ірі  ілтипат  белгісі. 

Тасаттық зират маңында да беріледі. Ол аруақтар культімен байланысты.  

Жалпы,  қҧрбандық  шалу  дҽстҥрінің  шығу  тегі  адамның  еркінен  тыс 

кҥштерге  қатысты  екендігі  анық  байқалады.  Кҿне  тҥркілердің  «жер-су» 

тҽңіріне  бағыштап,  тайы  беруі  мен  бҥгінгі  қазақтың  тасаттығында  кейбір 

пішіндік айырмашылықтар болғанмен, олардың мазмҧны біреу-ақ – адам мен 

табиғаттың  ҥстінен  қарайтын  кҥшті  разы  қылу,  сҿйтіп,  алға  қойылған 

мақсатқа жету. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет