Алғыс (бата)
Кҿне тҥркі тілінде «алкыш» сҿзінің болуының ҿзі – оның ҿте ерте
заманда қолданылғанын айғақтайды. Мысалы, «Кҿне тҥркі сҿздігінде» былай
деп жазылған: «Алкыш – 1. хвала, благословение, прославление; 2. рел.
молитвенно-хвалебное песнопение, моление, молитва, гимн»
3
. Демек, алғыс
дегеніміз: 1) мақтау, тілек, даңқтау болса, 2) діни мазмҧндағы жалбарына
мадақтау ҿлеңі, жалыну, жалбарыну екен. Тҥркі халықтарының
фольклорында алғыстың осы екі мағынасы да сақталған, рас, ҽрқайсысында
сҽл-пҽл айырмашылық бар. Алдымен сҿздің айтылу тҥрі мынадай:
алтайлықтар «алғыш» немесе «алкыш», татарлар «алкыш», ҧйғырлар
«алкиш», тувалар «алгыш» немесе «алгыж»
4
, якуттар (сахалар) «алгыс»
5
дейді. Ал, енді осы сҿзге қандай анықтама берілген, соған кҿңіл бҿлейік.
Алтай тҧрғындары «игі тілек, ҿтіну, жалбарыну» десе, татарларда «ізгі тілек»
делінеді. Ҧйғырлар алғыс деп сҽлемдесуді, қол соғуды айтады. Сахалар алғыс
деп ҽртҥрлі рух-иелерге арналған мақтау ҿлеңдерін, соларға бағышталған
жалыну, жалбарыну сҿздерін, адамдарға арналған жақсы тілектерді тҥсінеді.
Осы аталған халықтардың бҽрінде алғыс ҥлкен мерекеде, ҥйлену тойында,
1
2005 жылы М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының Моңғолия қазақтары арасында
жҥргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы кезінде бҧл мҽліметтерді айтып бергендер: 15.11.1954
жылы туған Жанатхан Тҥркістанҧлы; 1924 жылы туған Қҧмархан Ысқақҧлы; 15.03.1935 жылы туған Бҽйтей
Бабиҧлы. Экспедиция мҥшелері:Ҽ.Нҧрбаев пен А.Тойшанҧлы. Бҥркітті «сырықтау» рҽсімі туралы тағы да
оқуыңызға болады: Мыңжанҧлы Н. Қазақтың мифтік аңыздары.Ҥрімжі, 1996. 79-б.
2
Монгол ес заншлын их тайлбар толь. Ҧланбатыр, 1992. 475-б.; Дуламын Бум-очир. Монголын бҿҿгийн зан
ҥйл.Ҧланбатыр, 2002. 129-б.
3
Древнетюркский словарь. Л., 1969. С.38.
4
Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары. Кызыл, 2002. 177, 295-б.
5
Қараңыз: Русско-алтайский словарь. М., 1964. Стлб б.31.; Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний
жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения. Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.63-77; Уйгуро-русский
словарь. М., 1968. С.48; Татар фольклоры жанрлары. Казан, 1978. 94-б.
142
тағы басқа қуанышты басқосуларда айтылады екен. Олай болса, алғыс –
бірнеше халықтың фольклорында кездесетін кҿне жанр ғана емес, ол
сонымен қатар бойына ҽлденеше жанрдың белгісін сіңірген синкретті жанр
екенін кҿреміз. Сондықтан ерте замандарда алғыс ҽрі жалбарыну, ҽрі арнау,
ҽрі мадақтау, ҽрі тілек рҿлдерін атқарған. Мҧны, ҽсіресе, ислам дінін
қабылдамаған жҧрттың фольклорынан анық байқауға болады. Сондықтан
ерте замандарда тҥркі халықтарының бҽрі алғысты ҽрі жалбарыну, ҽрі
арнау, ҽрі мадақтау, ҽрі тілек ретінде қолданғаны белгілі
1
. Мҧны, ҽсіресе,
ислам дінін қабылдамаған жҧрттың фольклорынан анық байқауға болады.
Мысалға алтайлықтар аңға шыққанда отқа табынып айтатын мына алкышты
оқып кҿрейік:
Алас, алас,
Отыз басты от ене,
Қырық басты қыз ене,
Шикі болса пысырған,
Тоңды болса еріткен,
Ата болып айланып тҥс,
Ене болып иіліп тҥс!
2
Аңшы биік таулардың асуынан асқан сайын тоқтап, сол таудың рух-
иесіне бағыштап арша тҧтатып, киелі ағашқа ақтық байлап, тағы да алкыш
айтқан:
Ал тайга асуын берсін,
Ағын су кешуін берсін,
Алтайым аңын аттырсын,
Жорық жеңіл болсын!
3
.
Ҽрине, бҧл алкыштарда аңшы от пен таудың иесіне жалбарынып, арнайы
ырым жасағаны кҿрініс тапқан. Енді алтайлықтардың отбасылық-тҧрмыстық
алкышында келінге айтылатын ізгі тілегін кҿрейік:
Алдыңғы етегін бала бассын,
Артқы етегін мал бассын,
Жақтыға айттырма,
Иықтыға бастырма,
Ішкен асың ас болсын,
Ішер жерің кҿп болсын,
Жҥйірік атқа мін,
Атың болса, терлемесін,
1
Уахатов Б. Қазақтың тҧрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы, 1983. 79-81-б.
2
Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения.
Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.70
3
Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения.
Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.70-71.
143
Қолың-арқаң ауырмасын,
Қолтығың сыздамасын!
1
.
Бҧл алкыш біздегі батаға ҧқсайды. Демек, алтай алкышында біздегі
жеке жанрлар – тілек, жалбарыну, бата, тіпті бақсы сарыны
2
да араласып
тҧрғандығы кҿрінеді. Ал, енді біздегі алғыс қалай?
«Қазақ тілінің тҥсіндірме сҿздігінде» «алғыс» сҿзіне мынадай тҥсінік
берілген: 1. Ізгі ниет, ықылас. 2. Ҥздік еңбегі ҥшін айтылатын ресми қҧрмет
3
.
Алайда, қазақтағы «алғыс» сҿзінің мағынасы осымен ғана шектелмейді.
Оның этикалық, этнографиялық, фольклорлық мҽнісі кең. Рас, қазақтың
«алғысы» кҿнелікке тҽн синкретті емес, бірақ ол тек «ізгі ниетті» ғана
білдірмейді. Бҧл – бір ғана сипаты. Кең мағынада қарайтын болсақ, біз
«алғыс» қай кезде қандай жағдайда айтылады жҽне оны кім айтады, соған
кҿңіл бҿлейік.
Біздегі «алғыс» сҿзі, ҽдетте, ҥлкен бір істің атқарылып біткен кезінде,
яки болмаса жас адамның ҥлкен қарияға жасаған игілікті іс-ҽрекетіне
қатысты айтылады. Яғни қазақтағы «алғыс» ежелгі сипатын ҿзгерткен, ол
рух-иеге немесе басқа бір қҧдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ «алғысы»
– ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты
кҿрсетеді. Сол себепті қазақ жастары ҥлкеннің алғысын алуға тырысқан.
Мҽселен, олар тойда, аста жиналған ҥлкендердің алдынан шығып, аттарынан
қолтықтап тҥсіріп, ҥйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым,
ғҧмырлы бол!» деп, ҿзінің рахметін айтады. Немесе, ҥйде жағалай отырған
адамдардың қолына жылы су қҧйып, орамал беріп, жастар қызмет етеді, ал,
ҥлкендер қолын сҥртіп, жастарға «Кҿп жаса, шырағым!» – деп, ризашылық
сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін ҥйге келген кісіге, яки жасы ҥлкен
адамға ізет кҿрсетіп, сҽлем етеді, оған «Қалқам, ҿркенің ҿссін» – деп, ҥлкен
кісі ҿзінің риза болғанын кҿрсетеді. Я болмаса жас адам ҥлкен кісінің
ҽлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған
«Жасың ҧзақ болсын!» – деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да кҿңілі хош
болады. Міне, қазақ фольклорындағы алғыс жанры тҧрмыспен, ғҧрыппен
тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын, ҿзгертіп,
негізінен, этикалық тҧрғыда қолданылатын болған. Оның басты мақсаты –
жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, сол себепті алғыс ерте
замандағыдай іс-ҽрекетті бастаудың алдында емес, сол шаруа атқарылған соң
айтылады жҽне ол рух-иеге немесе бір қҧдіретке жалынып, оны жҧмсарту
ҥшін айтылмайды.
Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сҿйтіп, ол екі адамның
бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Алғысты риза болған адам айтады,
оны сҧрап алмайды, сондықтан бізде сахалардағыдай арнайы алғысшылар
1
Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения.
Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.76
2
Бақсы сарынын алтайлықтар алкыш деп те атаған. Бақсы алкыштары тҿмендегі еңбекте жарияланған:
Анохин А.В. Материалы по шаманству у Алтайцев. Ленинград, 1924. С.66, 131-134, 136-137.
3
Қазақ тілінің тҥсіндірме сҿздігі. Алматы. 1974. 1-т. 211-б.
144
болмайды. Сахаларда ҥлкен тойлар мен қуанышты жиындар басталмас бҧрын
алғысшылар ҽртҥрлі рух-иелерге, қҧдіретке қарата кҿлемді алғыс айтатын
болған. Ондай алғыстардың қҧрылымы да біршама кҥрделі: бірталай рух-
иені, кереметтерді мадақтаған кіріспеден, содан соң соларға бағышталған
тоғыз тҥрлі жалыну, жалбарынудан, одан кейін қорытынды ҿтініштен
тҧрады. Алғыс айтылған соң сол қҧдіреттерге арнап қымыз шашады
1
.
Мҧндай кҿнелік белгі қазақ алғысында жоқ. Жалпы, қазақ фольклорында
алғыс жанры ҿзінің байырғы мҽн-мағынасын, ҽлеуметтік-тҧрмыстық
қызметін жоғалтумен бірге жеке бір жанр ретінде де ҿмір сҥруден қала
бастаған болу керек. Оның себебі кҿп. Біріншіден, ислам дінін ертерек
қабылдаған қазақ халқы бҧрынғы «алғыс» сҿзін «бата» сҿзімен алмастырып,
«бата» сҿзіне «алғыстың» мҽн-мағынасын кҿшірген, сҿйтіп, кҥнделікті
ҿмірде «алғыс айтудың» орнына «бата беру» орныққан. Байқайтынымыз:
алғысты риза болған жақ ҿзі айтса, батаны екінші жақ кҿбінесе «батаңызды
беріңіз!» – деп сҧрап алады. Екіншіден, «алғыс» сҿзі кейінгі уақыттарда
ресми сипат алған. Яғни мекеме басшысы, я болмаса басқа лауазым иесі
белгілі бір істі атқарып, еңбек сіңірген адамға алғыс жариялайтын болған.
Мҧнда алғыстың ризашылық белгісі сақталған, бірақ екі жақ таза ресми
қатынаста болып, бҧрынғы жеке адамның ішкі, шынайы сезімі кҿрініс
бермейді.
Сонымен қазақ тҧрмысы мен фольклорында алғыстың орнын бата
басқаны кҿрініп тҧр. Рас, алғыс ҽлі де ҥлкендер тарапынан жастарға
бағытталып айтылып жатады, бірақ ол ҿмірде ерте замандардағыдай ҥстем
емес жҽне дҽстҥрлі фольклорда алғыс пен бата, тіпті, жалбарыну мен қарғыс
та араласып кеткен. Сондықтан кей жағдайда оларды дҿп басып, дҽл ажырату
оңай емес. Оларды ажыратудың ең басты белгісі – сҿздің қай кезде, неге
байланысты айтылатындығы жҽне кім айтатыны ҽрі ол сҿзін кімге
арнайтындығы. Міне, осы тҧрғыдан келгенде, мҽселен, алғыстың айтылуы
мен батаның берілуі екі бҿлек. Алғысты ҥлкен адам біткен істің соңында
жасқа арнайды, ал, бата белгілі бір істің басталар алдында, я болмаса кейде
аяқталған соң айтылады. Айталық, алыс сапарға шығарда, немесе ҥлкен бір
іске кірісерде, малды қҧрбандыққа шалар сҽтте, ас ішердің алдында, кейде
тамақ ішіп болған соң, т.б. Рас, тамақ ішіп болған соң айтылатын тілекті бата
деу шартты, себебі оны «ас қайыру» деп атайды. Ҽдетте, бҧдан кейін дҧға
(Қҧраннан) оқылады. Атқарылатын іс-ҽрекеттің тҥріне жҽне айтылу
ситуациясына қарай батаның бірнеше тҥрі болады: жолға шығардағы бата,
дастарқан батасы, шай батасы, ҥйленген екі жасқа бата, тҧсаукесер батасы,
бесікке салу батасы, келінге бата, Наурыз батасы, т.б.
2
Осыған байланысты
батаның тақырыбы мен мазмҧны ҽркелкі болып келеді.
Ерте заманда батаны кҿптің алдында да, жеке адамға да айтатын болған.
Топ алдындағы батаны кҿбінесе елге сыйлы, жасы ҥлкен ақсақал айтқан, ол
жиналған кҿпшіліктің атынан ҥй иесіне немесе той, ас иесіне бата берген,
1
Эргис Г.У. Очерки по якутскому фольклору. М., 1974. С.159 и след.
2
Қараңыз: Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғҧрпының фольклоры. Хрестоматия. Алматы, 2004. 146-179-б.
145
сонымен бірге батасын, бір жағынан, сондағы қауымға да арнаған. Ал, жеке
жердегі бата нақты бір адамға беріліп, оған игі тілектер, жақсылық айтылған.
Мҧндай батаны кҿп жағдайды ҽкесі баласына берген. Оның мысалын
эпостық жырлардан кҿруге болады.
Бата берудің ҿз жоралғысы бар. Бата беру ҿте қҧрметті іс деп саналады,
ҿйткені, бата – қасиетті сҿз деп есептеледі. Сондықтан бата айтыларда бата
тілеуші адам немесе жамағат алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Сол
кезде ақсақал ҽуезді ҥнмен мҽнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен
ҿлеңдетіп, бата береді. Бата аяқталғанда жиналған қауым бір ауыздан
қуаттап, «Ҽумин. Айтқаныңыз келсін!» деп, бет сипап, ырыми қимыл
жасайды. Яғни айтылған ақ тілекті, жҥзеге асқалы отырған рҽсімді
заңдастырып, куҽландырады деуге болады.
Батаның қасиетті саналатыны оның атауы – Қҧранның бірінші сҥресі
«Фатихадан» туындаған
1
. Мҧны баталардың мҽтінінен де кҿруге мҥмкіндік
бар:
Менің берген фатихам,
Жаман қатынды алмаңыз деп,
Ҿтінемін, асылан
2
.
…Аллаң жар болсын,
Фатихам қабыл болсын.
Кеткенің келіп,
Кемтігің толсын
3
.
Бата да жанр ретінде ҽу баста сҿз магиясына сенуге байланысты пайда
болғандықтан онда ҽдемі сҿздермен қҧт-ырыздықты шақыру, Тҽңір иелерден
шарапат сҧрау, тілеу, кесір-кесапаттан сақтану, қорғану сарындары
айтылады. Батагҿй кҿпшіліктің атынан Аллаға, пайғамбарға, періштеге,
ҽулие-ҽнбиелерге сыйынады. Қыдыр ата, Қамбар ата, Шопан ата сияқты
кҿптеген киелі бейнелерге сҿзін арнап, бата сҧраушыға тілек білдіреді. Бір
сҿзбен айтқанда, ол қауым мен тылсым иелерді жалғастырушы, дҽнекерші
қызметін атқарады. Мысалы:
…Шҽрияр болсын достасың,
Мҧхаммед болсын қостасың.
Қыдыр болсын жолдасың,
Лҧқпан болсын қҧрдасың
1
.
1
Негимов С. Бата сҿз туралы // Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 5-б;
Ҽдебиеттану. Терминдер сҿздігі. Қҧраст.: Ахметов З., Шаңбаев Т. Алматы, 1998. 101-б.; Ҥмбеталина З.
Қазақ ауыз ҽдебиетіндегі бата сҿз жанры. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дҽрежесін алу ҥшін
дайындалған диссертация. Алматы, 2001. 21-б.
2
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ.
Оренбург, 1905. С.22.
3
Бата-тілектер. Қҧраст.: Н.Уҽлиҧлы. Алматы, 2005. 34-б.
146
Жылқышы ата – Қамбар,
Мінгенің жирен шабдар.
Мыңды айдатып, жҥзді байлатсаң,
Сенен басқа нем бар?!
2
Батагҿй кейде осы ие-киелердің де атынан тікелей ҥн қатып, қалың
қауымды ҥміттендіріп, айтылған барша тілектің айдай орындалатынына
кепілдік бере сҿйлейді:
Бҧл бата бізден емес, Қҧдайдан-ай,
Қҧтылмас қашқан тҥлкі қҧмайдан-ай...
3
Жарылқа, Қҧдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Жарылқайын деп келеді,
Кішкене ғана сабыр ет!
4
…Менің берген батам емес,
Бҧрынғы пайғамбардың берген батасы:
Оның болмас қатасы!
5
Демек уақыт тҧрғысынан алып қарағанда, батагҿй осындай керемет
сҿздері арқылы алақан жайып отырған бҥгінгі қарапайым халықты ежелгі
мифтік қасиетті дҽуірдің ҿкілдерімен тоғыстырады да, оның батасы киелі
саналып, ҿзі де дуалы ауыз, қасиетті жанға айналып кетеді.
Қазақ батасының бас кейіпкерлерінің бірі – Қыдыр ата.
Менің атым – Сарыбай,
Сақалыма сары май.
Таң мезгілі болғанда,
Тҿсегіңнің басынан,
Жастығыңның астынан,
Бҿденедей пырылдап,
Бозторғайдай шырылдап,
Саралақаздай қайқақтап,
Қҧнан қойдай жайқақтап,
Қыдыр келіп дарығай
6
…
1
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ.
Оренбург, 1905. С.7.
2
Негимов С. Бата сҿз туралы // Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 35-б.
3
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ.
Оренбург, 1905. С.17.
4
Сонда. 11-б.
5
Сонда. 12-б.
6
Дҿрбілжін ауданының ҿлең-жырлары. Қҧраст.: Ж.Қарабатырқызы, Қ.Ҽпсейҧлы. Ҥрімжі, 1994. 68-б.
147
...Асың, асың, асыңа,
Берекет берсін басыңа!
Бҿденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Осы тҧрған боз ҥйге
Қыдыр ата дарысын
1
.
Достарыңызбен бөлісу: |