жақын келеді. Оның ҿзі тектес жырлардан ерекшеленетін тҧсы – атқаратын
103
қызметі мен орындалу мҽнерінде. Бесік жырының негізгі қызметі – баланы
тыныштандырып, ҧйықтату жҽне ол бесікке жататын уақытта айтылады, ал
уату-алдарқату жырларының міндеті оған керісінше – тынышсызданған
баланы алдандырып, сергітіп, кҿңілін басқа жаққа аудару, оның орындалуы
бесіктен тыс, кҿп жағдайда ойын тҥрінде келеді. Ал, сҽбилік ғҧрып жырлары
міндетті тҥрде ҽлдеқандай халықтық ырыммен қабаттасып келетін болса,
уату-алдарқату жырларына ол шарт емес. Тілі ҽлі толық шығып, есі кіре
қоймаған сҽбиге ата-анасы:
Ой, ой, жаным, ой, жаным,
Мойнымдағы маржаным.
Садақа саған мал-жаным!
Жас алыпсың кҿзіңе,
Не болды екен ҿзіңе?!
Саған тиген кісінің
Қолы сынсын таң ата,
Кҿзі шықсын кҥн бата, –
деп, ҿзінің ішкі эмоциясын жҽбірлеген адамға деген ренішімен қоса ҽзіл
ҿлеңмен білдіреді. Тілі шығып, сҿз мҽнін ҧғына бастаған бҿбектерді қолына
алып:
Бҿпем менің қайда екен?
Асқар-асқар тауда екен.
Тауда неғып жҥр екен?
Алма теріп жҥр екен...
Қызыл алма қолында
Қыздар оның соңында, –
деп ҽндетеді. Немесе:
....Қарғам соққан пышағы,
Қызыл қырғыш деседі.
Ашуына тисеңдер
Қҧлағыңды кеседі, –
деген тҽрізді мадақ-алдарқату ҿлеңдерімен де жҧбатады. Сҽби сҽл қара тҧяқ
болып, аяғы, тілі шығып, ҿз бетімен ойынға айнала бастаған уақытта баланың
белгілі бір дене мҥшесін пайдалана отырып, алдарқататын ермек-ойын
ҿлеңдер басым бола бастайды.
Қазақ фольклорының терең білгірі Ҽ.Диваев ҿзінің «Қазақтар балаларын
қалай жҧбатады?» атты мақаласында қазақ халқы арасында кең таралған
саусақ ойындарының бір тҥрін келтіреді. «Бақыра жылап отырған балаларды
(жалғыз бала болса да) шебер алдандырып:
Бҥлдіршіннің сҧқ саусағын шап беріп: «Сойсақ сояйық»,
104
Ортан қолды ҧстап: «Қҧдайды қайтеміз?»,
Аты жоқ қолды ҧстап: «Қҧдай қайтеді дейсің?»,
Шынашақты ҧстап: «Ҽкел бері, соямыз», – дейді.
Одан ҽрі келесі қолдың саусақтарын алып, дҽл сол ретпен саусақтарды
санамалап шығады жҽне ҽрбір санамалауды бірлҽн, шірлҽн, отыз, қатыз, отыз
сҿздерімен аяқтайды».
Автор қазақ халқының мҧндай ойындарға кенде емес екендігін кҿрсете
келіп, саусақ ойындарының кҿп халыққа тҽн екендігін ескертеді
1
.
Ҽ.Диваев келтірген саусақ ойынының негізінде саусақтардың неге
ҧзынды-қысқалы болып жаратылғандығы жҿніндегі кҿне миф жатыр.
«Алғашқыда адам саусақтарының ҧзындығы бірдей болыпты-мыс. «Ҧрлық
істейік, – деп жамандыққа бастағаны ҥшін Қҧдай басбармақты ортасынан
кесіп тастапты. «Істесек істейік», – деп қостағаны ҥшін сҧқ саусақты да
қысқарта кесіпті. «Қҧдайдан қорықпайсыңдар ма?» – дегені ҥшін ортан қолға
тиіспепті. «Қҧдай не істейді?» дегені ҥшін аты жоқ қолды да қысқартыпты.
«Ҧрлайық та, сояйық» дегені ҥшін шынашақты одан да қысқартыпты», –
дейді ежелгі қазақ мифі.
Қазақ халқы арасында кең таралған сондай уату жырының бір тҥрі –
«Қуырмаш». Жылап отырған баланың алақанын алып: «Қуыр-қуыр,
қуырмаш, тауықтарға бидай шаш», – деп, бидай қуырғандай етіп қытықтайды
да:
Бас бармақ,
Балалы ҥйрек (сҧқ саусақ)
Ортан терек (ортан қол)
Шылдыр шҥмек (аты жоқ қол)
Кішкентай бҿбек (шынашақ), –
деп, ҽр саусаққа ат қойып, бҥгіп шығады. Содан соң: кішкентай бҿбектен
бастап:
Сен тҧр – қозыңа бар,
Сен тҧр – қойыңа бар,
Сен тҧр – жылқыңа бар,
Сен тҧр – тҥйеңе бар.
Сен, қария –
Қазан тҥбін жалап,
Ҥйде жат, –
деп, ҽрқайсысына міндет жҥктейді.
Ҿлеңде тҿрт тҥлікті кҥнделікті тіршілігінің ҿзегі еткен қазақ халқының
ата кҽсібі кҿрініс табады. Кҿшпенді ҿмірде «шылдыр шҥмектің» – баланың
қолынан келер іс – қозы, лақ бағу. Қария адамды ҥйде отырғызып, қҧрмет
кҿрсету де – халық ҧғымында ҽбден қалыптасқан тҥсінік. Демек, уату-
1
Диваев Ҽ. Тарту. Алматы, 1992. 196-197-б.
105
алдарқату жырларының бала кҿңілін аулайтын ермек қана емес, ҥлкен тҽрбие
қҧралы екендігіне кҿз жеткіземіз. Сондай-ақ саусақтарды ретімен жҧмып,
ретімен ашу да бала ҧғымын жҥйелікке тҽрбиелейді. Осылайша сҽби бірте-
бірте санауға ҥйренеді. Оның бір ҥлгісі мынадай:
Бірім – бір,
Екім – екі,
Ҥшім – ҥш, –
деп, онға дейін баланың саусақтарын жҧма келіп:
Он бірім –
Оны тапшы, ай-кҥнім!
дейді. Сосын:
Бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Ҥш дегенім – ҥскі,
Тҿрт дегенім – тҿсек,
Бес дегенім – бесік,
Алты дегенім – асық,
Жеті дегенім – желке,
Сегіз дегенім – серке,
Тоғыз дегенім – торқа,
Он дегенім – оймақ,
Он бір дегенім – қара жҧмбақ, –
деп бітіреді. Мҧндағы дыбыстық ҥйлесімге қҧрылған ҧйқасты сҿздер баланы
қызықтырып қана қоймайды, санды жаттауға да жеңілдік туғызады жҽне
санға телінген балама сҿздер де баланың кҥнде кҿріп, қолына ҧстап жҥрген
таныс дҥниелері. Бҧл тіл дамытады ҽрі баланың танымдық қабілетін
арттырады. Баланы алдарқата отырып, санауға ҥйретудің мҧндай тҽсілі кҿп
халықтарда бар.
Жалпы, халықтың кҿне наным-сенімдері ізінің фольклордың басқа
жанрларынан гҿрі балалар ойындарында ҧзақ сақталады. Ҿйткені, балалар
кҿне мифтік ҧғымдарды шынайы қабылдап, ҿз ермектеріне айналдыра береді,
оған ҿзгеріс ендіруге тырыспайды, кҿп ҿңдеусіз ҿзінен кейінгі буынға ҥйрете
береді.
Достарыңызбен бөлісу: