§2. Хикая
Халықтың кҿне діни нанымдары фольклордың ҽр жанрында ҽртҥрлі
кҿрініс табады, ҿйткені, ҽр жанрдың ҿз ерекшеліктері, міндеті мен қызметі
болады. Айталық, ежелгі нанымдармен байланысы мығым хикая жанры мен
сол нанымдар елес қалдырған сатиралық ертегі жанры бір-бірінен
ерекшеленіп тҧрады. Мысалы, хикаядағы адамды атын атап шақырып, суға
батыратын ҥббе, жас босанған ҽйелді буындыратын албасты, саяқ жҥрген
аңшыны торитын жезтырнақтар сатиралық ертегідегі Алдар кҿсемен
бҽстесетін шайтаннан мҥлде басқа. Себебі хикая жанры алғаш ҿзінің шыққан
тегі – мифтен онша қол ҥзе қоймаған, сондықтан айтушы да, тыңдаушы да
хикаяға, баяндалатын оқиғаға мҥлтіксіз сенген. Ал, сатиралық ертегідегі
шайтанның оқиғасы бір кезде хикая ретінде айтылғанмен, кейін сол хикаядан
да (алғашқы мифтен – болса да!) бірталай алшақтаған. Ел бҧл оқиғаға
сенбейді, ал сенетіндері болса, дҽл хикаядағыдай іштей қорқынышпен,
сыйынумен сенбейді.
Демек, жаңағы албасты, ҥббе, жезтырнақ, шайтан образдарының тҥпкі
тҿркіні – кҿне замандағы мифтік сана мен діни нанымдар. Олардың бір-
бірінен айырмасы сол шығу тегінен қаншалықты алыстағанында, яғни осы
кейіпкерлерді бейнелейтін жанрлардың қаншалықты кҿркемдік қызмет
атқаруында
жҽне
осыған
байланысты
шығармалардың
сюжеттік
қҧрылысының қаншалықты кҥрделі болуында. Басқаша айтар болсақ,
жанрдың функциясы шығарманың формасын жасайды. Ендеше танымдық
функция басым болса, шығарманың формасы қарапайым болады, мҧнда
айтушы тыңдаушысын сендіруді басты мақсат етіп қояды. Бҧл – хикая
жанрына тҽн негізгі қасиет. Онда адамның кҿзге кҿрінбейтін басқа дҥниенің
203
ҿкілдерімен кездескені жайлы ҽңгіме шын деп баяндалады, ал қиял-ғажайып
ертегілерде ондай кездесу керемет қиял, ҽсірелеу деп қабылданады. Міне,
осыдан-ақ хикая мен ертегінің қайсысы мифке жақын екенін кҿруге болады.
Қазақ халқының ҽртҥрлі мифтік (мифологиялық) мақҧлықтар мен
қҧбыжықтар туралы тҥсінігін барынша айқын бейнелейтін жанр хикая болып
табылады.
Хикая дегеніміз – ел ҿмірінде бар деп сенген неше тҥрлі жезтырнақ,
ҥббе, албасты, кҥлдіргіш, жалғыз кҿзді дҽу, шайтан, пері, дию сияқты
нҽрселер туралы діни нанымға негізделген ҽңгімелер.
Қолдағы материалдарға қарасақ, хикая жанры – кҿне мифтің феодалдық
қоғамдағы ҿзгерген тҥрі. Ойымызды анықтайық. Патриархалды-рулық
қауымнан қҧл иеленуші мемлекеттік қоғамға соқпай, бірден патриархалды-
феодалдық қоғам орнатқан елдердің кҿне мифтері жҥйеленіп ҥлгермей,
ыдырай бастайды, себебі бҧл дҽуірде мифтің бҧрынғы танымдық қызметін
басқа рухани дҥниелер атқарады да, кҿркемдік-эстетикалық сипат ала
бастайды. Дегенмен бҧрынғы кҿне мифтер бірден жоғалып кетпейді, ҿйткені,
біріншіден, ол мифтерді туғызған ескі діни нанымдар инерциямен сақталып
қалады, екіншіден, бҧқара кҿпшілік жаңадан туған рухани нҽрселерді ҽ
дегеннен қабылдай бермейді. Сҿйтіп, кҿне заманда туған миф басқа сипат
алып, адам мен қоғамның рухани ҿмірінің перифериясына кҿшеді. Енді ол
классикалық кҿне миф сияқты адамды толық қанағаттандырмайды, бҥкіл
ҽлем, ҿмір туралы сауалдарға бҧрынғыдай жауап бермейді. Бҧл дҽуірде кҿне
мифтен тек мифтік кейіпкерлер ғана сақталады, соның ҿзінде де ол баяғы
тҥріндей емес. Ол ҿзгерген, адамға бҧрынғыдай билік жҥргізе алмайды, тіпті,
ол адамнан қорқады, сондықтан адамды қулықпен алдап, арбап қана қолға
тҥсіреді. Демек, бҧл кезде адам ҿзі сеніп, қорқатын мақҧлықтардан ҿзін кҥшті
сезінген, ҿзін оған қарсы қоя алған. Міне, хикая жанрының қалыптасу жолы
осылай. Бҧл заңдылықты қҧл иеленуші мемлекет қҧрмай, рулық қауымнан
феодалдық қоғамға бірден кҿшкен Европа халықтары мен шығыс славяндар
фольклорынан да кҿреміз.
Ҽрине, феодализм дҽуірінде бҧл жанрдағы шығармалар бҧрынғының
қалдығы ретінде ғана ҿмір сҥрген, тіпті, ҿзгеріске ҧшырап, ертегіге де
айналған. Елдің неше тҥрлі мифологиялық нҽрсеге сенуі азайып, ескі діни
нанымдар жоғалған сайын мҧндай хикаялар немесе ертегі мен анекдотқа
айналады немесе ҧмытылады. Сҿйтіп, бір кезде бір адамның басынан ҿткен
болып айтылатын естелік (меморат) ҽңгіме кҿркем жанрға айналады.
Хикаяда эстетикалық функция негізгі болмаса да, сол себепті оның
стильдік бейнелеу қҧралдары ертектегідей кҿркем болмаса да, оның жанрлық
белгілері ҿзіндік образдар жҥйесімен жҽне композициялық қҧралдармен
сипатталады. Хикаяның сюжеттік қҧрылысы, ондағы кейіпкердің суреттелуі,
табиғаттың сипатталуы, тіпті, ҽңгімешінің ҿз образы – бҧның бҽрі хикаяның
негізгі қызметіне бағындырылған, ел арасында етек алған, кҿзге кҿрінбей
ҿмір сҥретін ҽртҥрлі су иесі, тау иесі, тағы да басқа мақҧлықтар бар деген
халық сенімін дҽлелдеуге бағытталған. Сондықтан хикая кҿп жағдайда куҽлік
сипатта болады: баяндалып отырған оқиғаны ҽңгімеші ҿз басынан ҿткен деп
204
айтады, немесе елдің кҿбі білетін атақты адам, я болмаса танысым кҿріпті
деп куҽландырады. Ал кейде, ҽйтеуір, бір адамның басынан ҿткен оқиға
ретінде де айтылады. Ең кереметі – айтушы оқиғаның рас болғандығына еш
шҥбҽланбайды.
«Ақ Мешіттің бері жағында, ҿзімен ҥшінші қызыл ҥйдің маңайында
Бірқазан деген кҿл бар. Сол Бірқазаннан кешке таман екі жігіт тҥнде, айдың
жарығымен Ақ Мешітке келе жатса, жолдың бір жағында екі бойжеткен қыз
отын арқалап жҥре берді. Біраз тҧрған соң екеуі де қалың тоғайға еніп кетті
де, бҧлардың атын атап, ҽр жерге от жағып, «ауыл мҧнда» деп шақыра
бастады...»
1
. Міне, бҧл – шайтанмен кездесуін баяндайтын хикаяның айтылу
стилі. Мҧнда айтушы кҿзімен кҿріп тҧрғандай қылып айтады жҽне осы ҿтірік
емес пе екен деген ешқандай кҥдік те жоқ.
Тағы бір хикаяның айтылу мҽнерін байқайық:
«Ақ Мешітте Нҧрпейіс деген бір би бар еді. Бір кҥні қатыны толғатып,
баласын тапты да, ҿзі талып қалды. Сол уақытта бір тҥлкі келіп, қатынның
жатқан жағына барды. Сол мезгілде еркектер ҿз алдына жиылып, бір тамда
отырған екен. Солардың ішінде бір кісі тҥлкінің кіріп келгенін кҿріп, оны
албасты деп, тҧра қуып еді, тҥлкі есіктен шығып барды да, дарияға қатынның
ҿкпесін тастап жіберді. Сонан соң талып жатқан қатын ҿліпті»
2
.
Мҧнда да айтушы ҿзі кҿргендей қылып баяндайды. Оның ҥстіне
тыңдаушысын сендіру ҥшін нақты қаланың (Ақ Мешіт), адамның (Нҧрпейіс
би) атын атап, ҽңгімесінің рас екеніне еш кҥмҽн келтірмейді. Міне, бҧл
хикаяның ҿзіндік стилі десе де болады.
Хикая тек бҧл тҥрде ғана айтылмайды. Кейде хикаялар естелік тҥрінде,
ҽңгімешінің ҿз атынан баяндалады, яғни ҽңгіме бірінші жақтан айтылады.
Бҧл ҽдістің бір қызығы – хикая жеке емес, ертегі типтес шығарманың ішінде
баяндалады. Мҧнда басты кейіпкер хикаяны ҿз басынан кешкен оқиға қылып
айтады. Осындай хикаяның бірі – «Мамай батыр». Ҥйіне келіп, қонақ болып
отырған ҥш жолаушыға Мамай батыр ҿзінің жезтырнақпен кездескен
хикаясын былайша баяндайды:
«Менің ҽкемнің ҽкесі де, менің ҽкем де Ҥшарал деген жерге аң аулап
барып, жоқ болып кетіпті. Содан мен ержеттім, ат жалын тартып, атқа
міндім. Сҿйтіп жҥргенімде, маған ой тҥсті. «Менің ҽкелерім Ҥшаралға барып
ҿлді. Онда қандайлық пҽле бар, барып кҿрейінші», – деп ойладым. Елімізде
бір балгер бақсы бар еді, соны шақыртып алып, жҿнімді айттым. Ол
қобызында ойнап-ойнап жіберіп, маған былай деді: «Тіл алсаң барма,
ҽкелерің де сонда ҿлді, сен де сонда ҿлейін деп пе ең!» – деді. Оған мен
болмадым. Не болса да қҧдайдың салғанын кҿрдім деп, бҽйге кҥрең атым бар
еді, соған мініп алып, тҽуекел деп, Ҥшаралға жҥріп кеттім. Сонымен бірнеше
кҥн жҥріп, Ҥшаралға келіп жеттім. Жері шҥйгін. Неше тҥрлі аңдарды да,
қалың қҧз тоғайлары да кҿп екен. Екі-ҥш кҥн аң атып, жеп жҥрдім. Ҿзімді-
ҿзім кҥзетіп: «Бҧл менің ҽкелерімді қҧртып жҥрген пҽле қайда?» – деп
1
Миропиев М. Демонологические рассказы киргизов. Спб., 1888. С.7.
2
Сонда. 10-11-б.
205
ойладым. Сонымен қанша жҥре берейін, «қой, қайтайын», – деп бір аңды
атып алып, бақырға салып, «жеп кетейін» деп пісіріп отыр едім, ҽлден
уақытта арқандаулы тҧрған атым осқырып қоя берді. Жҥгіріп қасына барсам,
атым дірілдеп, қан сиіп тҧр екен. «Е, бір пҽле бар екен, етімді жылдам пісіріп,
жеп кетейін», – деп асып отырған бақырымның қасына келіп отыра бергенде,
бір нҽрсе зуылдап келе жатты. Қарасам, ҧзын бойлы, қара сҧр ҽйел. Екі қолы
қусырулы, екі кҿзімен ішіп-жеп бара жатыр. Келіп, асулы тҧрған еттің
қасына отырды. Мен де екі кҿзімді одан айырмадым. Бір қолыма
мылтығымды ҧстап, бір қолыммен еттің астына от жағып, отыра бердім. О да
кҿзін менен айырмады. Ет пісті. Ол кететін емес. Бір қолымда мылтық, етті
тҥсіріп, жеп отырмын. Бір жіліктің басын алып, ҧсынып ем, аузын ашты.
Аузына сҥйек-мҥйегімен асатып едім, ол бір-ақ толғап, сҥйегімен жҧта
салды. Сонымен мен де отырдым. Ол да жауап қатпады. Мен де етті жеп
болдым. Кҿзімді одан айырғам жоқ. «Егер кҿзім ауып кетсе, қағып жібереді
екен», – деп ойладым. Сонымен біраздан соң тҧрып, жҥріп кетті. «Қой, менің
ҽкелерімді қҧртып жҥрген осы екен», – деп енді кетейін деп, атымды ҽкеп
ерттеп, ойланып тҧрып: «Бҧл қалай, мен елге барғанда не кҿрдім деп
барамын. Бҥгін қҧдай сақтағанда, тағы сақтар. Осы жерге қонайын», – деп,
қайта ойландым. Мҧның артын тағы байқайын деп, тҥнде ҿз бойыммен
бірдей жуан терек кесіп ҽкеп, ер тоқымымды басыма жастап, ҥстіне қара
шапанымды айқара жауып, кісіге ҧқсатып жатқызып, ҿзім биік талдың
басына шығып, мылтығымды оқтап, ҧйықтамай қарап отырдым. Ай жарық
еді. Бір уақытта атым тағы осқыра бастады. Қарасам, ҽлгі қатын келе жатыр
екен. Шапан жамылып жатқан мен екен деп, келе сала ағашқа мініп алып,
жҧмарлай бастады. Мен мылтықпен тақ ҿкпеден дҽлдеп басып салдым. Тҧра
жҿнелді. Мен де жылдам атымды ерттеп, міне сап, ізіне тҥсіп келемін.
Жҥрген жерінен қан жосып келеді. Бір жерге келгенде қалың тоғайдан атым
жҥре алмады. Соңына тҥсіп, жаяулап келсем, қалың талдың ішінде лашық
бар екен. Соған кіре қҧлап, ҿлген екен. Екі қолын кесіп алдым. Қолы пістедей
темір, жезтырнақ екен»
1
.
Бҧл – Мамай батырдың бір хикаясы. Ҽңгіменің жалғасында екінші
хикая бар. Онда батырдың перілермен кездескені жайлы баяндалады.
Ҽңгіменің бас кейіпкері – айтушының ҿзі, ол хикаяны естелік тҥрінде,
яғни бірінші жақтан баяндайды. Демек, ҿзі де, тыңдаушы да оқиғаның
шындығына еш кҥмҽн келтірмейді. Оның ҥстіне нақты Ҥшарал деген жердің
аты аталады. Бҧл да – хикаяның ақиқат екендігін дҽлелдейтін факт ретінде
қабылданады. Басқаша айтқанда, хикая шындыққа бағытталған. Мҧнда
жезтырнақтан басқа ешбір қиял (ойдан шығарған нҽрсе) жоқ. Ҽңгіме ҥш
жолаушы Мамайдың ҥйіне келіп, сҧхбаттасуынан басталады. Жҿн
сҧрасқаннан кейін, сҧхбат басталып, Мамай батыр ҿзінің басынан кешкен екі
хикаяны айтады.
Осындағы ҽңгіме тудырған жағдай – қазақ арасына тҽн ситуация жҽне
1
ҼҾИ қолжазба қоры. 116-бума. Жарыққа шыққан нҧсқасын қараңыз: Қазақ ертегілері. Алматы, 1962. 2-т.
39-б.
206
ол – хикая жанрының ел арасында ҿмір сҥруінің бір кҿрінісі.
Хикаяның сюжеттік мазмҧнында ешбір қиял жоқ. Мҧндағы ҿмір – қазақ
ҿмірі: мал баққан ел, аңшы мен малшы, жолаушылап жҥрген адамдар,
қҧдайы қонақтар, т.т. яғни кҥнделікті, еш ерекшелігі, елең еткізер ғажайыбы
жоқ, кҽдімгі сахарадағы қазақ ауылының болмысы. Бірақ соған қарамастан,
мҧнда тыңдаушыға ҥрей туғызатын жағдай бар. Ол – жезтырнақпен
кездесердегі ситуация. Дҥниеде адамнан басқа да тірі, бірақ кҿрінбейтін,
қҧпиялы мақҧлықтар, жер-судың иелері бар деп сенген адам жезтырнақ келер
алдындағы аттың осқырып, қан сиюінен-ақ бір сҧмдықтың боларын сезіп,
кҥдіктене бастайды, ол атты киелі жануар, сондықтан алдын ала бір пҽле
болатынын біліп тҧр деп ойлайды да, енді не болар екен деп, ынтыға тҥседі.
Тыңдаушының қаупі расталып, «зуылдап қара сҧр ҽйел келеді». Оның
зуылдап келуі мен қара сҧр болуының ҿзі адамға қорқыныш тудырады жҽне
бір сҧмдық болатынын аңғартады. Міне, бҧл – хикаяның тағы бір жаңалық
ерекшелігі.
Хикаяның жанрлық болмысы – оның мазмҧнына ғана емес, сонымен
қатар айтылу ситуациясына да қатысты. Бірақ қалай болғанда да, адамның
басқа дҥниенің ҿкілімен кездесуі - ҿте қҧпиялы, тылсымды ғана емес, аса
қорқынышты, тіпті, тыңдаушысына ҥрей туғызатын ҽңгіме болып келеді.
Ертегіге қарағанда, хикаяда мифологиялық кейіпкерлер қорқынышты
болып келеді, тіпті, хикаяның бҥкіл мазмҧны ғана емес, ондағы табиғат та,
адам да ҥрей тудырады. Кейбір хикаялар трагедиямен аяқталады:
мақҧлықпен кездескеннен кейін адам не есінен танып қалады, не мас болып,
ҽйтпесе, ҧйықтап қалады, ал кейде ҿліп те кетеді. Мазмҧнының тылсымдығы
мен трагедиялық сипаты, оқиғаның ҿң мен тҥс арасында болуы хикая
жанрының мифологиялық қасиетін кҥшейтіп, тыңдаушының сенімін арттыра
тҥседі. Мысалы, хикаядағы оқиға кҿбіне-кҿп тҥнде, тҧман тҥскенде,
айдалада, елсіз жерде, қалың тоғай, қамыс арасында, тау ішінде, кҿл
жағасында болады жҽне мақҧлықтардың кездесетін адамдары да – иен далада
жҥретін кісілер.
Хикая кейде ҥшінші жақтан айтылса да, оны айтушы адам бҽленнен
естіген едім деп, ҽрі қарай сол оқиғаны басынан кешкен кісінің атынан, яғни
бірінші жақтан да айта береді. Сонда хикаяны айтушы кейіпкердің ҿзі емес,
басқа біреу болады, бірақ соған қарамастан ҽңгіме «лирикалық геройдың»
атынан айтылып, айтушы лирикалық кейіпкердің ҽңгімедегі оқиғаға толық
сенетінін, оның қҧбыжықпен кездескен сҽттегі сезімін тҥгел, сол ҿзі алғаш
естіген қалпында сақтауға тырысады.
Хикаяның жанрлық ерекшеліктері туралы айтқанда, оның ел арасында
айтылуы мен тарауының да ерекше екенін есте ҧстау керек. Хикаяны
ҽдейілеп кҿңіл кҿтеру ҥшін айтпайды. Ол ҽңгіме-дҥкен қҧрып отырған
қауымның арасында пайда болған жағдайға байланысты айтылады.
Отырғандардың ҽңгіме тақырыбына, психологиялық кҿңіл кҥйіне қарай
ҽңгіме айтушының бірі ҿз басынан немесе басқа бір жақынының басынан
ҿткен хикаяны ҽңгімелейді. Дҽл осындай оқиғаны басқа біреуі айтады.
Сҿйтіп, бір хикаядан кейін бір хикая айтылып, жиылған жҧрт бірнеше ҧқсас
207
ҽңгіме естіп, оны басқа бір жиындарда айтып, ел арасына таратады.
Хикаялар, ҽдетте, елсіз жерде жҥретін аңшылар, жолаушылар мен
малшылар арасында жиі айтылған, яғни табиғатпен тікелей араласып, оның
неше тҥрлі қҧпия сырларын кҿріп, бірақ оларды толық тҥсінбей, қорқып,
тіпті, табынып, ҽртҥрлі сезімде болатын адамдар арасында туып, айтылып,
елге тараған. Демек, хикаяларда басты кейіпкер болып жолаушылап жҥрген
батыр, мерген, аңшы, керуенші кҿрінуі тегін емес жҽне ҽңгіменің, кҿбінесе,
солардың атынан баяндалуы да заңдылық.
Хикаяда мифологиялық қҧбылыстардың сырт пішіні де суреттеледі,
бірақ, кҿбінесе, портреті емес, жалпы бейнесі, тҥрі, тҥсі, бет ҽлпеті туралы
тҥсінік беріледі. Ҽдетте, ол қҧбыжықтың кім екені бірден айтылмайды: ол
жолаушымен қатарласып келе жатқан қыз боп кҿрініп, артынан жоқ боп
кетеді (шайтан), сҧлу келіншек кейпінде келіп, ҥндемей отырып, мергенмен
бірге тамақтанып, соңынан оны ҿлтіруге келгенде, мерген атып ҿлтіріп,
ҽйелдің кім екенін біледі (жезтырнақ), т.т.
Алайда, кейбір хикаяларда жезтырнақтың, албастының, перінің бет
ҽлпеті біршама суреттеліп, қарапайым портретті образ жасалады, бірақ бҧл
жалпы хикаяға тҽн емес. Мҥмкін, бҧл кҿркем прозаның ҽсері болуы да.
Хикая жанры ҿзінің даму жолында қарапайымдылықтан кҿркемдікке,
кҥрделілікке қарай бағыт алған. Бҧл жанрда қарапайым ғана ҽңгімемен қатар
біршама кҿркемделіп, циклденген шығармалардың болуы осыдан. Ҽрине,
қазақ хикаясының ҥлгілері кеш жазылып алынғандықтан бҧл жанрға басқа
жанрлардың ҽсері болмады деп айта алмаймыз. Сондықтан хикаялар ішінде
кҿркемделгені болса, ол – осы ықпалдың нҽтижесі болуы да ықтимал. Бірақ
хикая жанрының қҧл иеленуші мемлекеттік формациядан аттап, феодалдық
қауымға ҿткен тҧста ертегіге айналуы – жалпы заңдылық.
Фольклор кҿп уақыт негізгі мҽдени-кҿркем, эстетикалық, рухани қызмет
атқарғандықтан оның барлық жанры ҿзінше дами отырып, бір-бірімен тығыз
байланыста болып, тоғысып жатты. Солардың бірі – хикая жанры, бір
жағынан, ҿзі кҿркемдікке қарай дамыса, екінші жағынан, басқа жанрлармен
бір жҥйеде байланыса, араласа ҿмір сҥрді. Сҿйтіп, ол ертегі жанрына жылдам
ойыса бастады. Демек, қазақ жағдайында хикая жанрының ертегіге айналу
процесі жеделдей тҥсті. Бҧл ел арасында хикаяның біртіндеп азая беруіне де
ҽсер етті. Ҽрине, хикаяның ыдырауын жылдамдатқан, ең алдымен, қоғамның
алға дамуы жҽне ислам дінінің халықтың ескі нанымдарына қарсы кҥресі
болды. Бірақ осыған қарамастан хикая жанры ел арасында ҿмір сҥруін
тоқтатқан жоқ, ол мҥлде жоғалып кетпеді. ХIХ ғасырда жарық кҿрген
хикаялар – осының айғағы жҽне хикая жанрының кҥрделене, кҿркемделе
бастауының дҽлелі. Бҧл шығармалардың біразы – «мен албасты,
жезтырнақты кҿрдім» деп куҽлендірілген ҽңгіме емес, бір адамның сондай
мақҧлықтармен кездескені туралы хикая. Сҿйтіп, бҧрынғы естелік тҥрінде
айтылатын, бір ғана оқиғадан тҧратын сюжет кҥрделеніп, ҧзақ желілі
шығармаға айналады, қарапайым меморат фабулатқа, хикая ертегіге қарай
ойыса бастайды. Мҧны кейбір хикаялардағы мифологиялық қҧбыжық-
кейіпкерлердің іс-ҽрекеті саналы тҥрде, яғни психологиялық мотивировкамен
208
болатынынан кҿруге болады. Мысалы, «Мамай батырдың арманы», «Жайық
пен Еділ» атты хикаяларда батырлар ҿлтірген жезтырнақтың туыстары мен
балалары Мамайдан, Жайықтан, Еділден ҿлген жезтырнақтың кегін алуға
тырысады. Олардың іс-ҽрекеті саналы тҥрде істеледі. Бҧл, сҿз жоқ, хикаяның
ертегіге айнала бастағанының белгісі. Батырлар мен жезтырнақтардың
ҧрпақтары арасындағы қақтығыс – батырлық ертегі мен қаһармандық эпосқа
тҽн генеалогиялық циклденудің кҿрінісі.
Хикаяны айтушы ҽңгімесін барынша шындыққа жақын етемін деген
ниетпен оны кҿптеген тҧрмыстық детальдармен толықтырады, оқиға
болардағы табиғатты, ауа райын, айналаны дҽлдеп, ҿмірдегідей қылып
айтады. Осының салдарынан хикая тек оқиғаны баяндау емес, кҿркем
ҽңгімелеу сияқты болып кҿрінеді, сҿйтіп, ол ертегі тҽрізді болады, тіпті,
кейде солай қабылданады да.
Кейбір хикаяларда екі-ҥш сюжет баяндалып, оқиға қоюлана тҥседі. Бір
қызығы – қанша сюжет болса, сонша хикая да болуы мҥмкін, яғни екі-ҥш
хикаяның басы бір ҽңгімеге тоғытылады. Ҽңгіменің хикая тҥрінде немесе
ертек тҥрінде болуы айтушының мақсатына байланысты: егер ол шындыққа
бағыттап, рас болған оқиға деп кҿрсетем десе, хикая тҥрінде болып шығады.
Хикая кҿбінесе бір эпизодты, бір оқиғалы болып келеді. Мҧндай
жағдайда ол, негізінен, айтушы-кейіпкердің басынан кешкен оқиға болып
қана баяндалады да, бҥкіл мақсаты сол оқиғаның рас екендігін дҽлелдеу
болып табылады. Ал, кейде екі-ҥш хикая бір кісінің (ҽдетте, айтушының)
кҿрген оқиғалары болып айтылады. Бҧл жерде хикаяның циклдене
бастағанын кҿруге болады. Мҧндай шығармада эпизод пен оқиға кҿбейіп,
хикая енді біршама кҿркемделіп, эстетикалық сипат ала бастайды. Хикаяның
бҧл тҥрі қызғылықты ҽңгіме тҥрінде айтылып, ертегіге жақындайды. Хикая
жанрының осындай кҥрделеніп, ертегіге жақындаған тҥрлеріне «Мамай
батырдың арманы», «Жайық пен Еділ», «Қара мерген», «Боран батыр»
сияқты шығармалар жатады. Бҧл хикаялардан айтушының «болған»
қорқынышты оқиғаны тек хабарлап қана қоймай, тыңдаушысын еліктіретін
қызғылықты ҽңгіме етіп баяндайтынын байқауға болады. Ендеше, ол
ҽңгімесін ҽрлеп, ҽсірелеуге тырысады, ал олай болған жағдайда, хикая таза
ҿзіндік бітімін, ерекшелігін жоғалта бастайды да, ертегі жанрына ойысады.
Сҿйтіп, алғашында албасты, жезтырнақ сияқтылармен кездесу туралы хикая
енді дию, пері, шайтандармен кҥресетін ертегіге айналады. Бҧл ретте
кейіпкердің айдаһармен жолығып, жауласатыны туралы шығармаларды да
атауға болады.
Біздің айтайық деп отырғанымыз кейіпкердің елсіз жерде, су жағасында
жалғыз кҿзді дҽу, айдаһар, жалмауыз кемпір, жезтырнақ, кҥлдіргіш, ҥббе,
пері, албасты, дию, шайтан сияқты небір ғажайып мақҧлықтармен кездесіп,
олармен татулық қатынас жасайтыны; немесе кҥресетіні туралы ҽңгімелер ҽу
баста меморат, я болмаса хикая тҥрінде пайда болғандығы. Ал, кейін дами
келе олардың кейбірі ертегіге сіңіскен де, соның қҧрамында ғана айтылатын
болған. Бҧл топқа айдаһар, жалмауыз кемпір, дию, пері, шайтан туралы
хикаялар жатады. Ал, хикаялардың ендігі бір тобы, яғни жалғыз кҿзді дҽу,
209
албасты, жезтырнақ, ҥббе, кҥлдіргіш жайындағылар ертегі мен эпосқа онша
сіңіспей, ҿзінше қалыптасып қалған.
Біздің талдайтынымыз осы хикаялар.
* * *
Ел арасына бҧрынғы кезде кең тараған хикаялардың бірі – албасты мен
адамның кездесуі туралы ҽңгіме.
Бҧл хикаялар, негізінен, ҥш сюжет қҧрайды. Бірінші сюжет мынадай:
бір адам жолда келе жатып, аузында адамның ҿкпесі бар итті (немесе ешкіні,
т.б. хайуанды) кҿреді. Оның албасты екенін біліп, ҽлгі адам албастыны сабап,
ҿкпені алған жерге қайта қуып келеді. Келсе, жаңа босанып жатқан ҽйел не
талып, не ҿліп жатады. Ҥйге келген адам албастыны ҧрып, ҿкпені орнына
қойдырады. Сол кезде ҽйелге жан бітіп, кҿзін ашады
1
.
Екінші сюжет бойынша, албасты тҥнде ешкімге кҿрінбей келіп, ҥйдегі
ҽйелді немесе қызды тҧншықтырып жҥреді. Осы ҥйге қонаққа келген «киелі»
біреу албастыны кҿріп, оны сабап, ҥйден қуып жібереді, сҿйтіп, ауру адам
науқасынан мҥлде айығады
2
.
Хикаялардың ҥшінші сюжеті былай деп баяндалады: бір адам албастыға
жолығып, соған ҥйленеді де, біраз уақыт бірге тҧрады. Соңында ҽртҥрлі
себептерге байланысты адам одан қол ҥзеді, бірақ албасты оған зияндық
істейді. Адам оны ҧрып, қуады немесе атып ҿлтіреді
3
.
Ҽрине, албасты туралы мҧндай хикаялар қазіргі кезде ел арасында
айтылмайды, себебі ол ҽңгімелерді тудырған ескі діни нанымдардың ҿзі
ҿмірден ғайып болды. Ал, жоғарыда келтірілген сюжеттерге келетін болсақ,
олар Совет ҿкіметі орнағанға дейінгі қазақ ауылында мҧндай ҽңгімелер кең
тарағанын кҿрсетеді.
Сонымен, албасты туралы хикаялар ҥш сюжеттен тҧрады дедік. Осының
ҥшеуінде де албасты адамға зиянкес кейіпкер болып кҿрсетіледі жҽне оның
қандай жағдайда адамға ҧшырасатыны жайында да айтылады: ол кҿбінесе
адамға иен далада, алакҿлеңкеде кездеседі: «Ҥш жолаушы келе жатса,
жолдың ҥстінде, бір ешкі суретті нҽрсе аузында ҿкпесі бар жҥгіріп барады»
4
,
– деп, бір хикая басталса, енді бірі: «Бір Молжігіт деген атағы шыққан бақсы
кҿп адамдармен астан келе жатыр еді. Сол уақытта бір ақ итті кҿреді,
аузында ҿкпесі бар»,
5
– деп басталады.
«Біздің елде бір мерген жігіт бар еді. Ол мылтықпен дала аралап, аң-қҧс
атып жҥретін. Бірде ол албастыға кездесіп, соны ҽйел қып алыпты. Ҥйіне
келіп, ҿз қатынының қойнына жатқанда, ҽлгі албасты тҥнде кҿрінбей келіп,
жігіттің екінші жағына жатады екен де, таң ата бере ешкімге кҿрінбей кетіп
1
Қараңыз: Миропиев М. Демонологические рассказы киргизов. С. 10-15; Поярков Ф. Из области киргизских
верований. // Этнографическое обозрение. 1891. №4. С. 41-43; Диваев А. Этнографические материалы о
происхождении албасты, джинна и дива. // Известия общества археологии, истории и этнографии. Казань,
1897. Т. 14. Вып.2. С. 226-233.
2
Қараңыз: Миропиев М. Аталған еңбек. 13-б.
3
Диваев А. Демонологические рассказы киргизов. // Народный университет. 1918. №50. С. 45-48.
4
Миропиев М. Аталған еңбек. 11-б.
5
Сонда. 14-б.
210
қалады екен»
1
. Міне, бҧл – басқа хикаяның бастауы.
Албасты туралы хикаялар кҿркем емес, сондықтан ҽңгімеде оның да,
адамның да сырт пішіні, келбеті анық суреттелмейді. Біздің қолымыздағы
хикаяларда албасты кҿбінесе хайуан кейпінде кҿрсетіледі. Рас, кейбір
хикаяларда ол адам бейнесінде: тек ҽйел немесе қыз тҥрінде кҿрсетіледі.
Басқаша айтқанда, албастының бейнесі айқын емес. Бҧл, біріншіден, оның
кҿне заманғы мифтік элементтерін жоғалтпағанын кҿрсетеді де, екіншіден,
синкретті образ екенін дҽлелдейді. Бҧрынғы адамдардың албасты ҿмірде бар
деп ойлап, оған сенуінің ҿзі осы образдың мифтік сипатын танытады.
Албасты туралы шығармаларды жариялаған кісілердің бҽрі де елдің бҧл
ҽңгімелерге кҽміл сенетінін, тіпті, сонда бейнеленетін албасты, жын,
жезтырнақ тҽрізді кейіпкерлерден қорқатынын айтады. Мысалы, Ҽ.Диваев:
«Шымкент уезінің Қошқарата болысында тҧратын Бексейіт Манкишев дейтін
бақсы маған ҿзінің албастымен кездескені жайында айтып берді»
2
, - деп
жазады.
Қолда бар материалға қарағанда, албасты – синкретті бейне, ол бағзы
замандарда ҽртҥрлі зиянкестер рҿлінде кҿрінген болу керек.
Мҽселен, Шоқан Уҽлиханов ескі қазақ тҥсінігіндегі албастыны былайша
суреттейді: «Албасты - ҽйел босанғанда қастандық қылатын жын (дух).
Оларды кейде жезтырнақ деп те атайды. Албастылардың басшылары сҿрел
(сорель) деп аталады: оның бойы 3 қҧлаш (сажень), кеудесі тар, аяқтары
жіңішке, тҧяғы жҧқа болады...
Сҿрел – орман адамы, кейбір ҽңгіме бойынша, ол жезтырнақтың ері
(кҥйеуі); кейбір ертектер бойынша, ол ҽртҥрлі кейіпте болады. Сҿрел –
мҥлгіген қалың орманды мекендейді, тҥрі адам сияқты. Оның бойы ҧзын
ағашпен бірдей. Ол адамды қытықтап ҿлтіреді, орыстың орман адамы
тҽрізді»
3
.
Ш.Уҽлихановтың сҿзіне қарағанда қазақтар ол кезде албасты мен
жезтырнақты, тағы басқа мақҧлықтарды (сҿрел) бҿлектемей, бҽрі бір нҽрсе
деп ойлаған сияқты. Бірақ сол кездің ҿзінде-ақ албастыға айқын рҿл берілген:
жас босанған ҽйелді ҿлтіру. Мҧндай функция басқа ешбір зияндас жын-
шайтандарда жоқ. Аса бір кҿңіл аударып айтатын нҽрсе сол – албасты образы
мен оның осы зиянды қызметі жалғыз қазақ емес, кҿптеген шығыс
халықтарының фольклоры мен діни нанымдарында кездеседі
4
. Атап
айтқанда, ҿзбек, қырғыз, қарақалпақ, тҥрікпен, тҥрік, татар, қҧмық, ноғай,
малқар, қарашай, ҧйғыр, чуваш, тува сияқты тҥркі халықтарының
фольклорында албасты туралы хикая кең етек алған. Ал, иран тектес
халықтарда албасты бейнесі тҽжік, шугнан, язгулям, вахан, шикашим, рушан,
хуф елдерінің фольклорында кездеседі. Албасты сҿзі ҽртҥрлі нҧсқада, тіпті,
Кавказдағы абхаз, адыг, нах, дағыстан, армян тілдерінде де бар екен.
1
Диваев А. Аталған еңбек. 48-б.
2
Диваев А. Аталған еңбек. 38-б.
3
Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Алма-Ата, 1961. Т 1. С. 115. Татарда – Шурале.
4
Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. М., 1969. С. 32, 62-63;
Сухарева О.А. Пережитки демонологии и шаманства у равнинных таджиков. // Домусульманские верования
и обряды в Средней Азии. М., 1975. С. 5-93.
211
Ғалымдардың айтуынша, албасты сҿзі удмурт, мари тілдерінде де
ҧшырасады
1
.
Осынша елге ортақ албасты образының қызметі ғана ҧқсас емес, сондай-
ақ оның сырт пішіні де бірыңғай сипатталады: ол кҿп жағдайда емшектері
салбыраған, шашы жалбыраған, ҽйел тҥрінде бейнеленеді. Мҽселен,
ҿзбектерде «албасты шашын жалбыратып жіберген қортық ҽйел»
2
кейпінде
суреттеледі, тҽжіктерде албасты «бірнеше ҧзын емшегі бар, шаштары да ҧзын
ҽйел бейнесінде кҿрінеді»
3
. Кавказдағы ноғайлар албастыны «шашы
жалбыраған, емшектері салбыраған, ірі денелі ҽйел»
4
ретінде бейнелейді.
Албастыны осы тҥрде суреттеу қазақтарда да бар: «...албасты ҧрғашы, жетпіс
емшегі бар, ҽр емшегімен жетпіс баланы емізеді... Келбеті қорқынышты,
шашы ҧзын болады»
5
, – деп жазылған Ҽ.Диваев оқыған молда Кҿбей
Тоқболатовтың қолжазбасында.
Алайда, албасты образы ҽр елде кейде ҽртҥрлі болып та сипатталады.
Жаңағы кҿрсетілген ортақ белгілерімен бірге ҽр халық албасты бейнесіне
басқа бір сипаттар қосқан, сҿйтіп, ол еркек болып та суреттеледі. Мысалы,
ноғайларда еркек албастыны Кіркҿйлек деп атайды екен
6
. Қазақтарда да
еркек албасты бар деп сенушілік жайлы кезінде Шоқан Уҽлиханов жазған
7
.
Сонымен бірге қазақтар, тіпті, албасты адам бейнесі тҥгіл, хайуан кейпінде
де кҿрінеді деп санаған жҽне албастыны сары албасты һҽм қара албасты деп,
екі топқа бҿлген. Сары албасты – ҿте қу болады, адамды кездескен кезінде
«енді саған жоламаймын!» – деп алдайды да, ҿзі қайтадан қастандығын істей
береді, – деп сенген. Ал, қара албасты анадан ҽлдеқайда кҥшті һҽм қауіпті.
Оның істеген зҧлымдығын жою қиын деп тҥсінген
8
. Қазақтың «қара
бассын!», «қара басқыр!» деп қарғауы я болмаса «не қара басты?» – деуі осы
тҥсінікке негізделген болу керек. Жын-шайтанды «сары қыз» деп, соның
тҥрінде кҿрінеді деп ҧғыну да «сары албасты» туралы тҥсінікке байланысты
болуы ықтимал.
Ал, енді ескі діни нанымдағы албасты бейнесі мен фольклорлық
шығармалардағы (яғни хикаядағы) албасты образы бір-біріне ҧқсай ма, жоқ
па – міне, енді осыны анықтайық.
Албасты туралы мифтік тҥсінік бойынша оның басты функциясы – жаңа
босанған ҽйел мен сҽбиге қастандық қылу екенін айттық. Осы қызмет барлық
жоғарыда аталған халықтардың хикаясында кҿрсетіледі. Рас, албастының
зиян келтіру жолдары ҿзгешелеу: тҽжік пен ҿзбек хикаяларында албасты
1
Климов Г.А., Эдельман Д.И. К этимологии Аlbasty // Almasty // Советская тюркология. 1979. №3. С. 57-63;
Харатян Е.В. Традиционные демонологические представления армян (по материалам семейного быта ХIХ-
начала ХХ в.) // Советская этнография. 1980. №2. С. 103-116; Керейтов Р.Х. Мифологические персонажи
традиционных верований ногайцев. – Там же. С. 117-127; Традиционные формы воспитания детей и
подростков у народов Передней и Южной Азии. Сборник. // Этнография детства. М., 1983. С. 13, 70 и др.
2
Снесарев Г.П. Аталған еңбек. 32-б.
3
Сухарева О.А. Аталған еңбек. 30-б.
4
Керейтов Р.Х. Аталған еңбек. 122-б.
5
Диваев А. Этнографические материалы о происхождении албасты, джинна и дива. // Известия общества
археологии, истории и этнографии. Казань, 1897. Т.14. Вып.2. С. 229.
6
Керейтов Р.Х. Аталған еңбек. 123-б.
7
Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Алма-Ата, 1961. Т.1. С.115.
8
Миропиев М. Аталған еңбек. 13-14-б. ; Кустанаев Х. Этнографические очерки. С. 47.
212
жаңа туған сҽбиге емшегін емізіп, қастық қылады да, босанған ҽйелдің қҧтын
бекітіп, ендігҽрі бала кҿрмейтін етеді
1
. Ал, қазақ хикаяларында албасты
толғатып жатқан ҽйелдің ҿкпесін ҧрлап алып, суға тастайды, сҿйтіп, ҽйелді
ҿлтіреді
2
. Рас, хикаялардың кҿпшілігінде киелі бір адам ҿкпені ҧрлап алып
бара жатқан албастыны кҿріп қалып, оны есінен тандыра сабап, қорқытып,
ҿкпені қайтадан орнына қоюға мҽжбҥр етеді.
Демек, фольклорда (яғни хикаяда) адам албастыдан басым болып
шығады, оны айтқанына кҿндіріп, айдағанына жҥргізеді. Бҧдан фольклорлық
қаһармандардың алғашқы ҥлгілерін кҿреміз. Мҧнда мифтегідей ілкі ата жоқ
жҽне албастыны жеңетін кейіпкер жасампаз-қаһарман сияқты емес, ол
адамзатқа зиянды мақҧлықпен ашық кҥреседі. Кҥрескенде, ол жауын алдап
жеңбейді, кҥшпен тізе бҥктіреді, яғни мҧнда трикстэрлік элемент жоқ.
Албастыны жеңген кейіпкер – болашақта жезтырнақты, айдаһарды, жалғыз
кҿзді дҽуді жеңетін аңшы-мергеннің, жауды ойсырата талқандайтын
батырдың алғашқы бейнесі, тҧңғыш типі. Кҿне мифтік ҧғыммен байланысты
болғандықтан бҧл кейіпкер кейінгі батырлардай ҥлкен кҥштің иесі емес,
керісінше, шамандық, яғни адамзаттан бҿлек тылсым кҥштермен тілдесіп,
қажет болса шайқасып, оларды жеңе алатын қасиетке ие. Сол себепті албасты
туралы тҥсініктерде оны жеңе алатын адам не бақсы, не бір «киелі» кісі
болып саналады. Бҧлардың қатарында кейде молда жҥреді, бҧл – исламның
ҽсері. Ислам қазақтың бҧрынғы діни нанымдарының бҽріне қарсы кҥресе
отырып, оларды да мҧсылмандық мифологияға енгізіп, ҿзінің реакциялық
мҥддесіне пайдаланып отырған. Мысалы, Ҽ.Диваев кҿшіріп алып,
жариялаған бір діни қолжазбада ҽйел затын кеміту ҥшін албасты, жын,
диюларды Хауа-ана Адам-атасыз тапқан, сондықтан олар адамға қаскҥнемдік
қылады делінген
3
.
Ал, фольклорлық хикаяда албастының шығуы туралы ҽсте сҿз
болмайды. Хикая ҥшін маңыздысы – дҥниеде кҿрінбей жҥретін мақҧлықтар
болатынын адамға білдіріп, оны олардан сақтандыру. Бҧл – алғашқы қауым
заманындағы адамдардың ҿзін қоршаған ортаны, тҿңіректі, тіпті, бҥкіл
дҥниені танып-білу барысында туған.
Албасты туралы хикая халықаралық сипатта болса, жезтырнақ туралы
хикая тек қазақ фольклорында ғана бар. «Жезтырнақ – ҽйел кейпіндегі жын
(дух). Ол орманда ҿмір сҥреді. Жезтырнақ туралы аңыздар кҿп»
4
, – деп
жазады Ш.Уҽлиханов. Иҽ, қазақта жезтырнақ жайында хикая кҿп. Біздің
қолымызда 20 шақты мҽтін бар.
Жезтырнақ туралы хикаялардың негізгі сюжеті мынау: аңшы-мерген я
болмаса жолаушы батыр кешке таман қосына келіп, ас пісіріп отырғанда,
қасына шолпысын сылдырлатып, ҽдемі келіншек келеді. Жігіт оған тамақ
ҧсынады, ал ҽйел тамақты қолының ҧшын жасырып алады. Тамақ ішіп алған
1
Снесарев Г.П., Сухарева О.А. Аталған еңбек.
2
«Албасты – адам типтес жануар, оның адамға еш зияны жоқ», - деп пікір айтқан М.Дҥйсенов біз айтып
отырған қастандығын ескермейді. Қараңыз: Дҥйсенов М. Кісі киік. // Білім жҽне еңбек. 1984. №1. 18-19-б.
3
Диваев А. Этнографические материалы о происхождении албасты, джинна и дива. Т.14. Вып.2. С. 226-228.
4
Валиханов Ч. Аталған еңбек. 1-т. 115-б.
213
соң келіншек жайына кетеді. Енді мергенге «осы жезтырнақ емес пе екен?» -
деген ой келеді де, ол сақтана бастайды, ҿзінің орнына бҿренені ҧйықтап
жатқан адам қҧсатып орап қояды да, ҿзі басқа жақта аңдып отырады. Біраз
уақыт ҿткен соң бағанағы ҽйел ҧрланып келіп, бҿренені адам екен деп
қапсыра қҧшақтап, тырнағымен қарс айырады. Осы сҽтте аңдып тҧрған
мерген мылтығын басып қалады. Ҿлгеннен кейін келіп қараса, жезтырнақ
екен. Жігіт оның тырнақтарын кесіп алады да, қоржынына салып қояды.
Кейбір хикаялар мҧнымен бітпейді. Ҿлген жезтырнақтың балалары кек алуға
тырысып, ҽлгі мергенді аңдиды, одан тҥк шықпаған соң оның балаларын
ториды. Мергеннің балалары да қапыда қалмай, жезтырнақтың келетінін
біліп, тосып жҥреді. Ақыр соңында, жігіттің балалары жезтырнақтың
ҧрпағын жоқ қылады.
Жезтырнақ туралы хикаялар албасты, жалғыз кҿзді дҽу жайындағы
ҽңгімелерге
қарағанда
біршама
кҿркемделген,
тіпті
шежірелік
(генеалогиялық) циклге де тҥсе бастаған, яғни ертегі жанрына ойыса тҥскен.
Мҧнда қҧр адамның жезтырнақпен кездескен оқиғасы ғана айтылмайды.
Оқиға ҽрлене баяндалады, жезтырнақ келер алдындағы адамның жай-кҥйі,
маңайдағы табиғат, тҥн сипатталады, тіпті жезтырнақтың сыртқы киімі,
кескіні суреттеледі. Ойымыз дҽлелді болу ҥшін жезтырнақ келер сҽтті
байқайық:
«Бір кҥні Қара мерген кешкісін ет пісіріп отыр еді, бір сыбдыр естілді.
Мерген бҧл не сыбдыр? Бҧл маңайда ешкім жоқ еді ғой!» - деп жан-жағына
қарады. Дҽл осы сҽтте қостың ішіне кҿк кҿйлек киген ҽйел кіріп келді де,
ҥндеместен бір тізесін бҥгіп, отыра кетті. Мерген ҽйелге зер сала қарап еді,
беті сап-сары, кҿзі аларған екен. Ол да мергенге тесіле қарады»
1
.
Тағы бір мысал: атасының жезтырнақты қалай ҿлтіргені туралы Жҥсіп
мерген қасындағы серігіне айтып отырып, жезтырнақ келген мезетті былай
суреттейді: «Атам атып алған таутекенің тҿстігін отқа қақтап отырып, ҥңгірге
тҥсініксіз бір дыбыс жақындап келе жатқанын сезеді.
«Зыңғыр, зыңғыр» деген дауыс естілген соң, атам бҧл жезтырнақтың
мыс тырнағынан шыққан дыбысы екенін біліп, оның келуін кҥтеді. Содан
шынымен ҥңгірге адам тҽрізді бірдеңе келеді, ҥстінде шапан, басында
тақия»
2
.
Келтірілген екі ҥзіндіде жезтырнақтың келер мезгілі – тҥн, адам ҽр
дыбыстан сескенетін уақыт. Оның ҥстіне маңайда тірі жан да жоқ, айдала.
Бҧның бҽрі тыңдаушыға ҥрей туғызары сҿзсіз. Демек, жезтырнақ жайындағы
хикаяларда тек оқиғаны айтуға ғана мҽн беріліп қоймайды. Мҧнда
тыңдаушыға қажетті дҽрежеде ҽсер ету керектігі де ескеріледі, ал бҧл –
кҿркем фольклордың белгісі. Демек, хикая жанрында кҿркемделудің
алғашқы нышаны елес бере бастайды.
Біздің бҧл ойымызды дҽлелдейтін тағы бір нҽрсе – жезтырнақтың сырт
пішіні мен киімінің суреттелуі, ендеше, біз фольклорлық бейне пайда бола
1
Қара мерген. // Пантусов Н. Аталған еңбек. 35-б.
2
Орлов В. Джестернак. (Железные когти) // Средняя Азия. 1910. №11. С. 119.
214
бастаған деп айта аламыз. Ҽрине, бҧл - ҽлі таза фольклорлық кҿркем образ
емес, бірақ соның ҿзінде де образдың сыртқы тҥрін, кескінін бейнелеу бар
жҽне бір қызығы – жезтырнақтың тҥрі барлық хикаяда бірдей емес. Айталық,
бір хикаяда ол жап-жас келіншек тҥрінде келсе, екінші бір хикаяда ол ҥсті-
басын тҥк басқан еркек адам болып кҿрінеді.
Жезтырнақтардың ҽртҥрлі кейіпте кҿрсетілетінін Шоқан Уҽлиханов та
айтқан. Сонымен бірге кейбір хикаяларда жезтырнақ жалғыз жҥрмейді, тіпті,
жезтырнақ елі бар екені, олардың да басшылары, кҿсемдері болатыны
жайында айтылады. Бҧдан біз бҧл жанрда дҥниеде адамзаттан басқа да, кҿзге
кҿрінбейтін тірі жандар, мақҧлықтар бар деген мифтік ҧғымның ізі
сақталғанын кҿреміз. Ендеше, хикая – кҿне жанр, ежелгі мифтің ҿзгерген тҥрі
деген пікірімізді бҧл тағы да дҽлелдеп тҧр. Басқаша айтқанда, хикая жанры
қазақ жҧртында кҿркем ертегімен кҿп уақыт қатар ҿмір сҥрген, жай ғана ҿмір
сҥріп қоймаған: ҧзақ мезгіл ішінде жаңа хикаялар туып, ескілері ертегіге
айналып отырған басқа жанрлармен қоян-қолтық араласып, бҥкіл
фольклорлық процестің ішінде болған. Осы ойымызға орай С.Сейфуллиннің
мына сҿзін еске тҥсіре кетейік.
«Тіпті, ертек, ҽңгімелердің кҿшпелі ел арасында шығуы, – деп жазады
ол, – соңғы жылдарға шейін ҥзілмей келеді. Арғыдағы елдерде, соңғы жылда
да «метр аяқ», «ҥш буын», «айдаһар», «жапан далада жҥргенде пҽленді
перінің қызы шҽріне кҿтеріп апарып, қайтып ҽкеліп тастапты» деген ертектер
шығып жҥрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы «пҽлен жерде пҽлен
сҧмырайды кҿріпті», «сҧмырай келсе, су қҧриды» деген осы екен деп,
шындай сҿйлеп жҥрді...».
Міне, қазақтың ауыз ҽдебиетіндегі ертек, ҽңгімелер ескі замандағы
надан жҧрттың нанатын ҽңгімелері»
1
.
С.Сейфуллиннің айтып отырғаны – біз талдап отырған хикаялар, тек ол
басқаша атаған.
Біз жезтырнақ образына қайта оралайық. Жоғарыда айтылғандай,
жезтырнақтардың ҿз елі бар деп сенген халық хикаяда жезтырнақтың жҧртын
бейнелейді.
«Бір кҥні Тҿлебай батыр бір жолдасын ертіп, тауға аңға кетеді. Тау
аралап жҥріп, олар мал жайып жҥрген кісілерді кҿреді, бірақ олар
Тҿлебайларға жылы жҥз кҿрсетпейді. Осы кезде Тҿлебай тастан қаланған
ҥйлерді кҿреді де, соған қарай бет бҧрады. Шеткі ҥйге жақындағанда ішінен
жезтырнақ шығып, Тҿлебайға жылы шыраймен сҽлем береді де, батырға
аттан тҥсіп, ҥйге кіріп, шай ішіп кетіңіз», - дейді. Тҿлебай тоқтамай ҿтіп
кетеді де, жанындағы жолдасына «жезтырнақ елінен кҥні-тҥні жҥріп шығып
кетейік!» - дейді
2
.
Ел тҥсінігінде жезтырнақтың отбасы болады, оның отбасындағының
біреуін ҿлтірген кісімен ол ҿле-ҿлгенше ҿштеседі. Біраз хикаяда ҽйелі, я
болмаса баласы кісі қолынан қаза тапқан жезтырнақ ҿмір бойы сол адамды,
1
Сейфуллин С. Шығармалар: 6-томдық. Алматы, 1964. 6-т. 70-б.
2
Диваев А. Джез-тырнак. // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. 1904. Вып. ХI.
С. 3.
215
немесе оның баласын ҿлтіру ниетінде болады. Мысалы, «Мамай батыр» атты
хикаяда атасы мен ҽкесін апат еткен жезтырнақты ҿлтіріп келген батырға
бақсы былай дейді:
«Бҧл кҿк тырнақ адамды ҧсатып жібереді жҽне бҧл (жезтырнақ – С.Қ.)
ерлі-байлы екеу еді. Сенің ҿлтіргенің дҧрыс. Бірақ балтаны алмау керек еді.
Енді мҧның ері бар. Ол осы балта қайда тҧрса, соны іздеп тауып, ауылыңмен
ҥгіп кетеді, – деді. – Балтаны бекер алдың, бҧл айда болмаса, ҥш жылда
қайдан болса да, табады. Оған дейін босағада ҧйықтамай қарап отыруың
керек. Егер білмей, ҧйықтап қалсаң, ауылыңның шетінен аяғына дейін тҥгел
қырады. Жҽне оның ҿз балтасы болмаса, ҿзге нҽрсе оның басын кесе
алмайды», – деді
1
.
Ш.Уҽлихановтың сҿзіне қарағанда, қазақтар бҧрын жезтырнақ ҧрғашы
жҽне еркек болады деп ойлаған, ҧрғашысын – жезтырнақ, еркегін сҿрел деп
атаған
2
.
Міне, жоғарғы мысал – осы тҥсініктің кҿрінісі.
Алайда, қазақтарда жезтырнақтардың мекені туралы тҥсінік ҽртҥрлі
болғанға ҧқсайды. Мысалы, Ш.Уҽлиханов жезтырнақтар орманда тҧрады
десе, Ҽ.Диваев биік тауды мекендейді дейді. Мҧндай тҧжырымдарды
А.Хорошхин де, А.Вамбери де айтады. Қалай болғанда да, қазақтар ежелде
жезтырнақтың елсіз жерде тҧратынына сенген: мҥлгіген қалың орман да,
адам шыға алмас биік тау да, ит тҧмсығы ҿтпес ну қамыс та, адам жҥрмес
жапан дала да - мҧның бҽрі тағы аңдар мен қҧстар мекені. Ондай жерлерге
тек аңшылар, мергендер барады, жолаушылар амал жоқ тҥнейді. Сондықтан
хикаялардың бас кейіпкері – батыр, мерген, аңшы болады. Олар ҿз басынан
ҿткен оқиғаларды ауылға келгенде ҽңгіме қылып айтады. Ол ҽңгіме бірден-
бірге айтылып, жҧртшылыққа тараған кезде батырдың кездестіргені кҽдімгі
аң емес, таңғажайып нҽрсе болып шығады. Қазақ арасында осындай
ҽңгімелердің туып, таралуы, ҿзгеруі туралы С.Сейфуллин ҿте дҽлелді етіп
айтқан:
«Міне, осы неше тҥрлі аң мен қҧстардың тіршілік, тҧрмыстарын,
сырларын, кҥйлерін аңдып, кҿріп, бақылаған аңшылар кешке ауылға
қайтқанда кҿрген-білген, естігендерін от басында ҽңгімелейді. Жаратқан
сҽйгҥлік атқа мінісіп, қолдарына жебелі, шашақты, толғамалы найза, шҥйделі
айбалта алып, жорыққа жауға аттанған ерлер де кҿрген, білген, естігендерін
ҽңгімелеген...
Батыр, мерген жортуылшылар тҥн қатып, тҥн жамылтып, кҿктегі
бырдай болып қҧлпырған алтын гауһар жҧлдыздардың от шашып ойнаған
қҧбылыстарын, жҥрістерін бақылайды. Бҧл жортуылшылар да жорықтан
қайтқанда кҿрген, білген, естігендерін от басында ҽңгімелейді. Жҽне алыс
жерге барған жолаушылар қайтқанда да, немесе қонақ келіп қонғанда да,
тағы да осындайлар жҥздеп ауылға қайтқанда, кешке от басында отырып,
айнала отырған қатын-қалаш, кемпір-шал, ауыл адамдарына кҿрген, білген
1
ҼҾИ қолжазба қоры. №116-бума; Қазақ ертегілері. 1962. 2-т. 41-б.
2
Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Алма-Ата, 1961. Т.1. С. 115.
216
оқиғаларын ҽңгіме қылып айтады. Айтқанда, ҿзінің тҥсінуі бойынша, болған
оқиғаны екінші тҥрде ҽңгімелуі мҥмкін. Немесе ҽңгімені дҽмдендіріп
айтамын деп, немесе серпіп, мақтанып айтып, ҿтірікті қосып айтар болатын.
Міне, сол кҿрген білгендерін, естігендерін сҿйлеген дҽмді ҽңгімелер
бірте-бірте ертек те болып кететін...»
1
.
Сонымен, аңыздық прозаның меморат ҽңгімелері бірте-бірте хикаяға,
одан ҽрленіп, айшықтанып, кҿркем фольклорға айналады дедік. Соның
тамаша дҽлелін Жамбыл жырлаған «Ҿтеген батыр» атты эпостан кҿруге
болады. Мҧнда Ҿтеген батыр мен оның жолдастары жер жаннатын іздеп
жҥріп, небір оқиғаларға тап болады. Соның бірі – жезтырнақпен кездесу
2
.
Міне, бҧл жерде біз жезтырнақ туралы кҿне хикаяның кҿркемделіп,
эпосқа кірігіп кеткенін кҿреміз. Бір қызығы – Жҽкең «Ҿтеген батырды» хикая
деп атапты. Атаса атағандай: эпостың мазмҧны бірнеше хикаядан тҧрады. Ҽр
хикая ҿзінше бір жыр іспетті, ҿрнектелген, бойына эпос поэтикасын сіңірген.
Ал, біз талдап отырған жезтырнақ туралы хикаяның сюжеті бҧл эпоста
толық сақталған, сюжеттің барлық элементтері тҥгел:
1) тҥн қараңғысында елсіз жерде жолаушылардың тамақ пісіруі;
2) олардың қасына екі ҽйелдің келуі;
3) тамақ ішіп болған кезде олардың кетуі;
4) жігіттердің ҿз орнына томарды қойып, ҥстіне шапан жауып,
жезтырнақты аңдуы;
5) тҥннің бір уағында екі ҽйелдің қайтып келіп, томарларға тырнағын
салу;
6) батырдың оларды атып ҿлтіруі.
Сонымен қоса, «Ҿтеген батырда» қарапайым хикаяда суреттелетін
ситуация тҥгел берілген: мҥлгіген қалың орман, қараңғы тҥн,
жезтырнақтардың алғашында ашық, кейін ҧрланып келуі, жігіттердің ҥрейі.
Хикаядағы жезтырнақ пен эпостағы жезтырнақтың іс-ҽрекеттері де,
мінез-қҧлығы да бірдей, тіпті, жезтырнақтың ҿлтірілу ҽдістерінде де еш
ҿзгеріс жоқ.
Алайда, осыншама ҧқсастыққа қарамастан хикая мен эпос екі тҥрлі
шығарма (екі жанр) болып кҿрінеді. Бҧл заңды, ҿйткені, жоғарыда
кҿрсетілген ҧқсас компоненттер эпоста ҿте айшықталып, ҽсіреленіп
бейнеленген, яғни дҽстҥрлі хикаялық сюжет кҿркем тҥрде баяндалған.
Сҿйтіп, бір жанр (хикая) екінші жанрға (эпосқа) ауысқан. Бҧл бір жағынан,
сюжеттің жанрдан бҧрын пайда болатынын растаса, екінші жағынан, жанр
дегеніміз сюжетті баяндау тҽсілі екенін дҽлелдейді, ал ҥшінші жағынан,
аңыздық қарапайым прозаның кҿркем фольклорға айналу процесі заңды
қҧбылыс екенін кҿрсетеді. Бҧны, ҽсіресе, «Ҿтеген батырдың» Жамбыл
жырлаған екі нҧсқасын салыстырғанда айқын кҿруге болады. Екінші нҧсқада
да жаңағы хикаяның сюжеті, кейіпкерлері, ситуациясы, не керек, барлық
дҽстҥрлі компоненттері бар, бірақ олар бірінші нҧсқадан гҿрі басқаша
1
Сейфуллин С. Аталған еңбек. 72-73-б.
2
Жабаев Ж. Шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы, 1982. 1-т. 181-183-б.
217
бейнеленген. Олар мҧнда да ҽсіреленген, кҿркемделген, эпос поэтикасының
заңына сҽйкес жырланған. Міне, мифтің хикаяға, хикаяның кҿркем
фольклорға айналғаны деген осы!
Достарыңызбен бөлісу: |