3
, ақындар поэзиясында
4
да
кездеседі, бҥгінгі фольклортану ғылымында «мотивтің» баламасы ретінде де
пайдаланылады.
Бақсы сарындарын дін салтына қатысты десек те, наным-сенімдерге
қатысты десек те айырмашылығы жоқ: екеуі бір ҧғымды білдіреді. Егер
нақтылай айтсақ, бақсы сарыны шаманистік салттардың қҧрамына енетін
поэтикалық пішін болып табылады.
Бақсының сарындары ертегі, батырлық жыр немесе мақал-мҽтел
сықылды кез келген сҽтте орындала бермейді, белгілі бір ғҧрыпты атқару
кезінде ғана орындалады жҽне оны орындайтын кісі – бақсы ғана. Бақсы
сарыны бақсы ойынының ҥстінде орындалады, сондықтан ол бақсы
ойынының ажырамас бҿлігі болып табылады. Бҧл бҿлік басқа бҿліктермен
бірлікте, байланыста болғанда ғана басы бҥтін қҧбылыс туады. Ол
қҧбылысты бақсы ойыны дейміз. Бақсы ойыны дҽстҥрлі ғҧрыптар
жиынтығынан тҧратын сеанс болса, оны ҿткеруші орталық тҧлға – ҽрине,
бақсы.
Ал, бақсының сарындары дегеніміз ҿзге діндердегі дҧғаның, мінҽжаттың
міндетін атқарады. Алайда, дҧға алдын ала жазылып қойылған діни сенімдер
жиынтығының эталоны саналатын қасиетті кітаптардан ҥзінді тҥрінде
оқылса, бақсының сарыны, ҽдетте, импровизацияға негізделеді.
Ойын алдындағы дайындық рҽсімдері толық атқарылып болған соң,
бақсы қолына қобызын алып, ойынын бастайды. Алдымен қобыз кҥйлері
орындалады. Кҥй ырғағына беріліп, біраз қызып алғаннан кейін бақсы қобыз
ҥніне ҿзінің мҧңлы, зарлы дауысын қосады. «Бақсы,– дейді А.Левшин,–
қобызын ойнап, сарнап, ақырын теңселе бастады. Сосын оның денесі музыка
ырғағына сай қимыл-қозғалысқа тҥсті. Дауысы біртіндеп кҥшейген сайын,
оның теңселуі де кҥшейді»
5
.
Бақсы, ҽдетте, ҿзінің сарынын ҽулие-ҽнбиелерге сыйынудан бастаған. Ол
мына сияқты болады:
Мағруптағы ҽулие,
1804 годах // Сын Отечества. СПб., 1822. Ч. 78. С. 62. Старшина Айбасовтың қызы ауырғанда бақсы оның
ҥстіне жарқыраған, тҥрлі-тҥсті мата жапқан: Оренбургский листок. 1889. № 25. т.с.с.
1
Қараңыз: Малов С.Е. Шаманство у сартов Восточного Туркестана // Сб. МАИЭ. Пг., 1918. Т.5. Вып. 1;
Троицкая А.Л. Лечение больных изгнанием злых духов среди оседлого населения Туркестана // Бюллетень
Среднеазиатского госуниверситета. Ташкент, 1925. Вып. 10; Муродов О. Некоторые фольклорные жанры
связанные с древними верованиями таджиков // Фольклор и этнография. Л., 1977.
2
Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. В пяти томах. Алма-Ата, 1984. Т.1. С. 212.
3
Қараңыз: Қазақтың музыкалық фольклоры. Алматы, 1982. 193-194-б.
4
Сонда. 204-206-б.
5
Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. СПб., 1832. С. 62.
176
Машруптағы ҽулие,
Тҥркістанда Тҥмен баб,
Сіздерден медет тілеймін.
Сайрамдағы сансыз баб,
Отырарда отыз баб,
Ең ҥлкені – Арыстан баб,
Ең кішісі – Алаша қап,
Сіздерден медет тілеймін.
Қазығҧрт ата, ҽулие,
Арғы жақта Қыңырақ бар,
Бергі жақта Қарақ бар,
Сіздерден медет тілеймін.
Қарамҧрт ата, ҽулие,
Бекбау ата, бек ата,
Бегіш ата, қолдай гҿр.
Шақпақ ата, ҽулие,
Қошқар ата, ҽулие,
Сіздерден медет тіледім.
Тектҧрмас ата, ҽулие,
Қарахан бабам, қолдай гҿр,
Шілтен бабам, қолдай гҿр.
Айналайын атыңнан,
Тілеуімді оңдай гҿр,
Шайқы Борық, ҽулие,
Аруақты жиын жинаған,
Сайтан кҿрсе байлаған,
Жина бермен, дҽу пірім!
Бақсы бҧрын-соңды естіп-білген ҽулие-ҽнбиелерінен ешкімді қалдырмай
тҥгел атап, ақырында:
Жер жҥзіндегі ҽулие,
Кҥн кҿзіндегі ҽулие,
Ал, сыйындым сіздерге,
Жҽрдем бергей біздерге,–
деп бір-ақ тҥйеді. Тҽңірі, Қҧдай, Алла жҽне де Мҧхаммед пайғамбардан
бастап, Омар, Оспанға дейінгі сахабалар - бҽрі аталады. «Мен оның сҿзінен
тҥк те ҧққаным жоқ,– дейді А.Янушкевич,– бірақ ҽртҥрлі қҧдайлардың,
ҽулиелердің ішінде Ысырайыл мен Жебірейіл де болды»
1
. Бақсы ҽулие-
ҽнбиелерге сыйынып болдым-ау деген кезде сарынын аз-кем тоқтатып,
отырғандарға: «Ля алла иль алла» (Алладан басқа Алла жоқ) деңдер», - дейді,
1
Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям. Алматы, 2005. С. 199.
177
қатысушылар мҧны бір ауыздан қайталайды
1
. Бҧдан кейін ол аруақтарды
шақыруға кіріседі. Аруақтарды шақырудың бірнеше типі бар.
1. Бҧрын-соңды ҿткен атақты хандардың, батырлардың, бай-
мырзалардың аруағын шақыру. Мысалы:
Уақ атасы Ер Кҿкше,
Ерлігінің белгісі –
Садағына келген сан кісі,
Мылтығына келген мың кісі.
Сарыбай, Сарыш, Ҿтеулі,
Ҥш жҥзге сексен ат
Бҽйгеге қосқан Кҿрпебай.
Арғы атасы Қарақожа,
Ханда – Абылай,
Қарада – Қазыбек,
Тҿрт ҧлды Торайғыр,
Жағалбайлы Тҥнғат,
Қаракерей Қабанбай,
Қу дауысты Қазыбек,
Қаракерей Мҧрында – Қандыбай,
Шақшақҧлы Жҽнібек,
Тобықтыда – Дҿненбай,
Ішіндегі Доғалбай,
Ҿте шықты заманында – Қҧнанбай,
Таздың арғы атасы – Шойынқара,
Қара, Сары, Қондыбай...
2. Тікелей ҿз ата-бабаларының аруағын шақыру.
3. Атақты бақсылардың аруағын шақыру.
Ҽулие-ҽнбиелер мен аруаққа сыйыну кҿбінше іркес-тіркес келеді, кейде
араласып та кетеді. Бҧлардың бҽрі (ҽулие-ҽнбиелер, аруақтар) бақсының
жебеуші пірлеріне жатады.
Пірлерге сыйыну рҽсіміне бақсы сарындарының композициялық бастауы
ретінде қараған жҿн. Бҧдан кейін бақсы ҿзінің кҿмекші жындарын шақыра
бастайды. Олардың ҽрқайсысына тҽн номенклатуралық қызмет болады.
Сондықтан да бақсы жындарды қалай болса солай емес, белгілі бір тҽртіппен
шақырады. Ҽрине, алдымен болжаушы жындар шақырылуға тиіс. Бақсы
сарынының бҧл бҿлігіндегі негізгі мақсат – ауру себептерін іздеу. Бақсы
оларды былайша шақырады, ақыл-кеңес сҧрайды:
Ал, шақырдым, жын-дағы,
Жынды қылған Қҧдайым,
1
Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун (этнографический очерк) //
Известия общества археологии, истории и этнографии. Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. С. 317.
178
Кел бермен, жын мҧндары,
Сенімен кеңес қҧрайын,
Атаңның аузын ҧрайын.
Шақырайын кҿк Қабан,
Басқан жері он табан,
Ал, шақырдым, Шойтабан.
Қара қасқа ат мінген,
Жал-қҧйрығын шарт тҥйген.
Ал, шақырдым, Темірқан,
Болжа деймін сендерге.
Ақ сҿйлесең керек-ті,
Қара басты, қабақтым,
Лақа шортан тамақтым,
Ал, шақырдым, Қараман,
Бҧл ауруға не қылған?
Ішіндегі бҥйрек деп,
Кеудедегі жҥрек деп,
Ҿкпе менен бауырдан,
Қай жерінен ауырған?
Қарашы оңдап Тҽңір ҧрған,
Он екі тҥрлі Балқия,
Шақырайын, Наркҥміс,
Алма мойын, ақ шҧбар,
Ҽлгі менің Ҽтпенім,
Тінтуші, қара Жіпбике,
Болжа бір деймін сендерге!
Бҧл уақта «жуан ішектерді бойлап, ысқы ҥздіксіз жҥгіреді, біртіндеп
бақсының дауысы қҧлақ жаратын дҽрежеге жетеді»
1
. Бақсы жындарына «ҽділ
сҿйле», «ҿтірік сҿйлеме» дегенді қайта-қайта айтады, ҿйткені, ол аурудың
диагнозын соған қарап қояды:
Қобыз алдым Алла деп,
Ары-бері толғайын,
Ҿтірікші болмайын,
Ал, сҿзіңді оңдайын,
Ҽділ бір енді сҿйлесең,
Шақыруды қоймайын.
...Ҽділ сҿйле, ер Қабылан,
Ақмарал атты еріміз,
Ҽділ сҿйлеп келіңіз,
Сырдың бойы сырғақ-ты,
Ашамайлы кҥн қақты,
1
Москвитянин. 1851. Кн. I. № 7. С. 309.
179
Байқай сҿйле аруақты.
Ҿтірік сҿйлеп, ерлерім,
Сындырмағай белімді.
Ҿтірік енді сҿйлесең,
Шақырып сені не етейін?
Ҽділ бір сҿйле, кел бері,
Байқап сҿйле, сен бері,
Ҿтірік енді сҿйлесең,
Ал, қараңды кҿрмеймін,
Жҿніңе тҥсіп жҥрмеймін!
«Ҽділ сҿйле», «байқап сҿйле», «ҿтірік сҿйлеме» дегендерді
бастырмалата, ҥсті-ҥстіне қайталау арқылы ол біртіндеп аурудың сеніміне
кіреді. Бақсының:
Жын ҥлкені, Ер Шойлан,
Кідірмей бермен кел, Шойлан,
Ҿтірік айтпа, жын, ойлан.
Басыңды баудай қағармын,
Қаныңды судай шашармын,–
деген қаһарлы ҽмірін ҿз қҧлағымен естіп отырған сырқаттың жабыраңқы
кҿңілі кҿтеріліп қалады, бақсының шексіз кҥшіне иланбасқа шарасы
қалмайды. Сҿйтіп, шамандық диагноз қоюға дейін-ақ дерт қуудың алғашқы
психологиялық дайындықтары жасалады. «Арасында,– дейді Қҧдабай
Қостанайҧлы, – бақсы ауыр-ауыр кҥрсінеді. Қобыз ҥні бірте-бірте тыныштала
береді. Міне, бақсы ҥнсіз қалады. Кенет ол селк ете тҥсіп, қолдарын
ербеңдете жҿнелді. Қобыз шанағына ілінген сылдырмақтар сыңғыр қақты.
Бақсы сол сылдыр-сылдыр, сыңғыр-сыңғыр ҥнге қҧлағын тосады, аракідік
кҿзін бір ашып, бір жҧмып, бет-аузын қисаңдатады. Осы кҥйде ол бірнеше
минут отырады. Кҿрермендердің айтуынша, бақсы бҧл кезде сырқаттың
тағдыры туралы жындардан жҿн сҧрап жатады»
1
.
Сылдырмақтардың сыңғыр қағуы, бақсы қолдарының ербеңдеуі мен бет-
аузының қисаюы жындардың келгенінен хабар береді.
Бақсының сырт кҿзге мҥлде жат, тҥсініксіз қимылдар жасауында, яғни
ҿзімен-ҿзі арпалысып, шыр айналып, керіліп-созылып, еңкейіп-жантайып,
бҧлқан-талқан болуында елеулі мағына бар. Олар – жындардың жиылып,
бақсының бойын қыса бастағанын білдіретін пантомималар. Ал, экстаз
дҽрежесіне жеткенде бақсының аузынан ақ кҿбік ағып, талып қалуы – оның
жындар ҽлеміне баруын, сонда болуын білдіреді. Тҧрып, есін жинаған соң,
бақсы ол жақта ҿзінің не кҿріп, не білгенін ҽңгімелейді, сырқаттың не себепті
ауырғанын, қаншаға созылатын, не дауа болатынын айтады.
Осымен бақсы ойынының бір бҿлімі аяқталады. Ҽрі қарай емдеу процесі
басталады. Бақсы емі жоғарыдағы болжам нҽтижесіне тікелей байланысты:
1
Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинского уездов. Ташкент, 1894.
180
не ол дҽрі-дҽрмектерді пайдаланады, не ҽртҥрлі магиялық шараларды
қолданады, не сиқырлы сарынын одан ҽрі жалғастырып, дертке дауа табатын
кҿмекші жындарын шақырады.
Қалай болғанда да, бақсы ойынының сырқатқа ғана емес, оған қатысып
отырған кҿрермендерге де ҽсер ететіні кҥмҽнсіз. Бақсы – ҿзін де, ҿзгені де
трансқа тҥсіре алатын қабілет иесі. Ол сырқаттың жан-дҥниесін кҿз байлау
(гипноз) арқылы да басқарады. Сҿйтіп, ерекше психологиялық ем қолданады.
Сендіру – бақсы ойынының басты міндеті. Бақсының емі жҥйке жҽне жан
дҥниесінің ауруына ҧшырағандарға кҿбірек дауа болатыны да сондықтан.
Қобыздың кҥңіренген ҥні, бақсының зар илеп, жындарын шақыруы, нанбасқа
нандыратын неше тҥрлі фокустар, мың қҧбылған пантомималар, міне, мҧның
қай-қайсысы да нар кҿтерер сенім жҥгін арқалайды. Ҽрине, бар сенімнің
ішіндегі тірегі, темірқазығы – шаманистік сенім: аурудың иесі болады деп
білу. Оған бақсы қалай ҽсер етеді – мҽселе сонда. Неғҧрлым кҥшті бақсының
жындары да кҿп, ҽрі ҽлуетті.
Шамандық тҥсінік бойынша жындар ҽлемі екі ҥлкен лагерьден тҧрады:
мейірімді жындар (добрые духи) жҽне зиянкес жындар (злые духи). Бақсыға
бағынатындары, ҽрине, мейірімді жындар. Жалпы аты солай болғанмен,
олардың ҿзі іштей жіктеледі екен (пері, жын, шайтан). Бақсы сарындарында
жын қатарында пері де, шайтан да атала бергенмен, кейбір бақсылар оларға
жеке-жеке мҽн берген. Қорғанбай бақсының:
Ҿтірік басқа – шын басқа,
Шайтан басқа – жын басқа.
Пері басқа – жын басқа,
Ҽрқайсысы бір басқа,–
деуі де сондықтан.
Бақсылар керегіне қарай жындарын кезек-кезегімен шақырады:
Ақтҧйғыным, бопам-ай,
Томағаң сенің кҥмістен,
Аяқ бауың жібектен.
Екі де бірдей баршын қҧс,
Кҥйту-кҥйту, Сары қҧс!
Жеген жемің бҽрін қҧс!
Темір қанат Қара қҧс,
Сексен сегіз қҧмарлым,
Тоқсан тоғыз тҧмарлым!
Сол иығың – ҥкілім!
Қызыл да жирен ат мінген,
Жал-қҧйрығын шарт тҥйген.
Екі найза тҥйіскен.
Айқайлап жауға тиіскен,
Екі бірдей торы атым,
181
Қҧйысқанды Қҧла атым,
Қызыл шҧбар айдаһар.
Ҽрқайсысына мақтаулы сҿз, ҽсерлі теңеу табуға тырысады. Жындарын
жеке-жеке атап, шақырған кезде бақсы даңғыра, дабыл қағады, асатаяқпен
жерді ҧрады. Бақсының ащы дауысына тҥрлі дҥңгір, тҥрлі сыңғыр қосылып,
азан-қазан болады. Ҽне, жындар да мҧны естіді, суыт хабар жеткен соң, бес
қаруын сайланып, алдағы қызу ҧрысқа апыр-топыр жинала бастайды. Дауыс
жетпеген алыс жерлерге шабарға ат, хабарға ителгі жіберіледі. Бақсының
шақыруын естіген жындардың қай-қайсысы да жолға шығуы керек. Бірақ
олардың ішінде де елгезегі, еріншегі бар. Сондықтан бақсы кейбір
жындарына:
Шақырдым сені, Қарабас,
Еріншек едің шала мас.
Қанша жҧрт қарап тҧрғанда,
Кешіккенің жарамас, –
деп қаттырақ ескертеді. Ҽне, қан майданға жиылған жындардың қарасы да
кҿрінді. Осы сҽт Ешмҧхамед бақсының сарынында былайша суреттеледі:
Қарағай қобыз алған соң,
Оңды-солды шалған соң,
Мҧнарланып шаң шықты.
Шаң астына қарасам,
Тоқсан жерден ту шықты.
Ту астына қарасам,
Тоқсан бҿлек қол шықты.
Қол ішіне қарасам,
Сансыз ҽскер жын шықты.
Меке, Мысыр жайлаған,
Қолдың басы Кҿгаман,
Нҿкерімен сол шықты.
Талай жерді аралап,
Қолын бастап шамалап,
Жынның басы Жоламан...
...Дҥниежҥзін шаң басты,
Істен бақсың адасты.
Байлап дертті алам деп,
Пері мен жындар таласты.
Ал, байлаңдар, алыңдар,
Дертке дауа салыңдар!
Кҿгаман, Жоламан, Темір Шойын, Сораман, Қараман, Тамасалар
бастаған тоқсан бҿлек қалың қолдан кҿтерілген шаңнан-ақ дерт иесінің
шошынуы кҽдік. Мҧнда сансыз ҽскер жынның жалпы сипаты кҿрінсе, кейбір
182
сарындарда келе жатқан жындардың:
Арқасында алты кҿз,
Желкесінде жеті кҿз.
Маңдайында жалғыз кҿз,
Жын келеді алақтап,
Қызыл тілі салақтап, –
деген сияқты жеке-жеке бейнесі жасалады. Бақсы жындарының тҥр-тҥсін,
ісін, қылығын сипаттай отырып, олардың ҽрқайсысына нақты тапсырма
береді, жҧмыс белгілейді:
Жын ҥлкені, Дҽу перім,
Жын ішінде бір серім.
Ҧзындығы тоқсан қар,
Кҿлденеңі сексен қар,
Жалғыз кҿзі бермен кел.
Талай жерге еттің ем,
Бізден сізге фарман бар.
Бас-аяғың жиыл де,
Дауасын дерттің ойлаңдар,
Ортаға алып қамаңдар,
Дерт иесін байлаңдар,
Жасырынып қалмасын,
Іздеп, тінтіп қараңдар! –
деп бҧйырады. Қайсыбір жындары таянғанда бақсы:
Жынның басы Жирентай,
Жын келеді, алақай! –
деп балаша қуанады.
Жын да болса, сырласым-ай,
Ҿзімнің сырлас болған, мҧңдасым-ай.
Келдің бе аман есен
Толықсып, қҧрдасым-ай,–
деп тебіренеді. Оларға кейде ҿтініш айтады, жыннан кҿмек те сҧрайды.
Міне, ҿстіп бақсы бір жыннан соң бір жынын шақыра береді, ҽр жыны
келген сайын соған лайықты қимыл-қозғалыстар жасайды. Кейде отырған
орнында тыным таппай, селкілдейді. Ондайда:
Сары, сен де келдің бе,
Кҥштеп басшы иығымнан, –
183
дейді. Бақсының ойынына қатысушыларға, ҽрине, жындар кҿрінбейді, бірақ
бақсының сҿзі мен қимылын баққан адамға қай жынның келіп, қай жынның
кеткені, олардың не істеп, не қойғаны ап-анық білініп отырады. Ҽне, бақсы
«Ер Кҿбен, Ер Кҿбен», – деп, айғай салды:
Шақырайын, Кҿбенім,
Ілме қара имегім.
Кҿзіңді сал, Кҿбен-ау,
Мына бір тҧрған ауруға,
Бҿтен емес, ҿз інің.
Сҿйтіп, бақсы бірде-бір бос қимыл жасамайды: ҽрбір ҽрекетінде астар
бар, ҽрбір қимылында қатаң қалыпқа, ҿрнекті ҿлшемге тҥскен пантомималық
мазмҧн бар. Бҧдан бақсы сарынындағы сҿз бен бақсы ойынындағы іс-ҽрекет
арасындағы ерекше байланыс болатыны анық кҿрінеді.
Бақсылық ем сеанстары кезінде бақсы ҿзін-ҿзі ойнайды, жын болып
ойнайды, фокус кҿрсетіп ойнайды, т.б. Мҧның барлығы да актерлік ҿнермен
тікелей байланысты. Бақсының ем-дом ретінде қолданатын ғҧрыптық іс-
ҽрекеттері жиынтық тҥрде ойын деп аталуы да нақ осыған қатысты. Алайда,
актердің ойыны эстетикалық сҧранымдарды қанағаттандыруға ғана
бағытталса, бақсы ойынының қызметі мҥлде басқа – емдеу, жору. Сондықтан
да бақсы ойыны актерлік ойыннан тҥбірімен ерекшеленеді.
Бақсылардың денеге пышақ (қанжар, қылыш) сҧғу фокусын жеке алып
қарасақ, ҽрине, ол иллюзион ҿнеріне жатады. Бірақ иллюзион ҿнерін жете
меңгеруіне қарамастан, бақсыны иллюзионшы дей алмаймыз. Иллюзионшы
ҿзінің фокусына адамның ақыл-айласы туғызған ҿнер дҥниесі ретінде қараса,
бақсы мҧны жындары дарытқан кҥш, ауруға демеу болатын тҽсіл деп біледі.
Бақсының негізгі психотерапиялық ҽдісі гипноз (сендіру, ҧйыту) болса,
ҽлгідей фокустар бақсының гипноздық ҽрекеттерін кҥшейте тҥсу ҥшін қажет.
Бақсы неғҧрлым ҿнерлі, неғҧрлым дарынды болған сайын оның гипноздық
ҽрекеттерінің де науқасқа ҽсері соғҧрлым кҥшті. Бақсының жын шақыру
кезінде сырқат та, кҿрермендер де біртіндеп трансқа тҥседі. Ҧйытушы –
ҽрине, бақсы. Жҧрттың сеніміне ҽбден кіріп болған уақытта ол қҧдіреті кҥшті
дирижерға айналады. Отырғандар бақсы не айтса, соны істейді, не қимыл
кҿрсетсе, соны қайталайды. Бақсымен бірге теңселеді, бақсымен бірге оның
жырына да қосылып кетеді. Бақсының ойыны мен сарыны, ҽсіресе, науқасқа
қатты ҽсер етеді.
Бақсы ойыны мен сарыны бірнеше бҿліктен тҧратыны белгілі. Айталық,
кіріспе (рҽсімді дайындау), жын шақыру, жындардың шайқасы. Ал, бақсылар
ойыны мен бақсылар сарынының соңғы бҿлімі жын қайтару деп аталады.
Бақсы жын қайтарар алдында «саф болды» дейтін. Бҧл – кҿмекші жындар
мен зиянкес жындар арасындағы соғыс бітті дегені. Содан соң бақсы
қобызын тағы да кҥңірентіп, жын қайтару рҽсіміне кірісетін. Онда былай
дейтін:
184
Айналайын, дҽулерім,
Айналайын, беклерім.
Бҽрекелде, дҽулерім.
Айдашы, Қара, айдап қайт.
Қол-аяғын байлап қайт.
Шашау шығып қалмасын,
Бҽрін алып, жинап қайт,
Ҥлкен-кіші аға бар,
Бесікте жатқан бала бар,
Жан-жағыңа бармай, қайт.
Тҥндігі ашық бейбақ бар,
Назар кҿзін салмай, қайт,
Ҽскеріңді аралап,
Жаралы бір қалмасын,
Тастамай бҽрін алып қайт!
Иҽ, мҧнда бақсының разылық сезімі бар, ауыр ҧрыстан соңғы майдан
картинасы бар. Жҽне де мҧнда жындардың антропоморфты қасиеттері айқын
кҿрінеді. Бҽрі біткен соң бақсы:
Қой, қош аман болыңыз, –
Пір Қожамның бес ҧлы,
Ер Қожамның ҥш ҧлы,
Алға келдің бас ҧрып,
Қайратыңды асырып,
Алдымдағы мейманның
Ҥстінен дертін қашырып.
Дауа салдың мейманға.
Разы бол, жын мҧндар,
Басыңды қосып, жиғанға.
Мҧнан қоймай хабар айт,
Ертеңгі кҥн қалмасын,
Келуінен танбасын,
Тоқсан тоғай толғаны, –
деп, ҿзі де разы болып, жындарының разылығын сҧрап, соңғы
тапсырмаларын беретін. Сҿйтіп, жындарын тҥгелдей мекеніне қайтаратын.
Сонымен, бақсы ойыны мен сарындарында жҥйелілік, бірізділік
болатынын кҿрдік. Ойын бақсылық ғҧрыптар негізінде ҿткеріледі: бақсының
айтар сҿзі де, атқарар іс-ҽрекеті де дҽстҥрлі ғҧрыптарға қатаң бағынады.
Сондықтан да бақсы ойынындағы сҿз бен ҽрекетті бҿле-жаруға болмайды,
олар бір медальдың екі жағы сияқты. Бақсы ойынын бірнеше актіден тҧратын
трагикомедиялық спектакль десе де болады. Мҧнда да театрдағы сахна,
партер, кҿрермен, актер (бақсы, бақсыға қоса кейде оның кҿмекшісі),
бақсылық реквизит, т.б.) бар. Бақсы сарыны, тҥптеп келгенде,
185
импровизацияға негізделген кҿркем шығарма. Тҥйдек-тҥйдегімен ағытылған
жыр ырғағы науқас пен кҿрерменді ғана емес, жындарды да тербеуі керек.
Бақсының жан алып, жан берген, жын шақырған ащы дауысы, қобыздың
бірде ҧлып, бірде ышқынған ҽуені, қоңыраудың сылдыр қаққан сылқым ҥні
бір оркестр қҧрады. Бҧған бақсының ҽртҥрлі оқыс қимылдары, тҥрлі-тҥрлі
жын бейнесіне енгендегі ҿрескел қылықтары, кҿз байлап, кҿңіл аулайтын
сиқырлы фокусы қосылғанда отырғандардың бейтарап қалуы екіталай болар.
Сондықтан бақсы менен науқас, бақсы менен кҿрермендер арасында
магниттің ҿрісіндей тартатын ерекше жанды, ерекше ауқымды байланыс
орнайды.
Біраздан
соң
отырғандар
бақсы
ойынының
қҧрғақ
тамашалаушылары болудан қалып, оны бірге ҿткеруші, бірге орындаушы
ҽрекет иелеріне айнала бастайды. Сҿйтіп, бақсының психотерапиялық
сеанстарын ҧжым болып атқарысады. Ал, бҧл – кҿне ҿнердің белгісі.
Ҽрине, ойынның режиссері де, басты орындаушысы да – бақсының ҿзі.
Сан салалы ҿнердің басын тҥйістіретін, кҿгендейтін ортақ желі – бақсының
сарыны. Бақсы ойынын бейнелі тҥрде опералық спектакль десек, бақсы
сарыны либретто қызметін атқарады, яки сала-сала, тарам-тарам сюжеттік
оқиғалардан тҧратын кҥрделі эпикалық шығарма болып табылады. Ғҧрыптық
ҽрекеттердің орналасу ретіне қарай жҥйелегенде бақсы сарындары мынадай
сюжеттік қабаттардан тҧратын болып шықты:
I. Пірлерге сыйыну – бақсы сарындарының кіріспе бҿлімі; екі саладан
тҧрады: ҽулие-ҽнбиелерге сыйыну, аруақтарға сыйыну. Ҽулие-ҽнбиелерге
сыйыну типтері – пайғамбарлар мен мҧсылмандық ҽулиелерге мінҽжат ету,
қазаққа немесе қазақ ішіндегі белгілі бір аймаққа тҽн баба-ҽулиелерге
сыйыну. Аруақ шақыру типтері: атақты хан, батыр, би, байлардың аруағын
шақыру, тікелей ата-баба аруағын шақыру, бақсылардың аруағын шақыру.
II. Жын шақыру – бақсы сарындарының негізгі бҿлігі қос салалы:
барлаушы, кеңесші жындарды шақыру, сырқатқа дауа табар кҿмекші,
қызметші жындарды шақыру. Магиялық ем рҽсімдері жын шақыру жорасына
байланыстырыла атқарылады.
III. Жын қайтару – бақсы сарындарының қорытынды бҿлімі.
Міне, осы қалың қатпарлар тҥгел қордаланып, тҧтас сҥлделенгенде ғана
бақсы сарындарының басы бҥтін тҧлғасы бар болмысымен кҿрінбек.
Ғҧрып фольклорының жанрлары да белгілі бір заңдылықтарға бағынады,
белгілі бір заңдылықтар аясында дамиды. Алайда, мҧндағы сҿз ҥлгілері, тіпті
де эстетикалық талап-тілектерді қанағаттандыру ҥшін емес, утилитарлық,
практикалық қажеттіліктерді атқару ҥшін қолданылатынын естен
шығармауымыз керек. Ғҧрыптық сҿз ҥлгілері ғҧрыптық іс-ҽрекетпен тығыз
байланысты. Сондықтан да ғҧрыптық фольклор жанрларын зерттеу ҥстінде
ғҧрыптық сҿз ҥлгілерін ғҧрыптық ҽрекеттен бҿлек алып, жеке қарастыру
мҥмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |