1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет70/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

«Қыз Жібек» жыры 

 

Қазақ  романдық  эпосының  классикалық  ҥлгісінің  бірі  –  «Қыз  Жібек» 



жыры. Бҧл да – ерте заманда туып, Қазақ хандығы тҧсында  ҿнерге айналған 

кҿркем  шығарма.  Мҧның  ең  басты  ерекшелігі  –  ҥлкен  екі  сюжеттен 

тҧратындығы.  Яғни  «Қыз  Жібек»  –  екі  бҿлікті  шығарма.  Бірінші  бҿлімінде 

Тҿлеген  мен  Жібектің  сҥйіспеншілігі  мен  Тҿлегеннің  қарақшы  Бекежанның 

қолынан мерт  болғаны баяндалады. Ал, екінші бҿлімнің мазмҧны – Тҿлеген 

ҿлгеннен кейінгі Жібектің тағдыры жҽне оның Сансызбаймен қосылуы. 

Жырдың  жалпы  нобайы  мен  тақырыбына,  сюжеттің,  оқиғаның  даму 

логикасы  мен  композициясына  қарағанда,  оның  бірінші  бҿлімі  ҿзінше  жеке 

шығарма болып туып, ел арасына тараған болу керек. Мҧндай пікірді кезінде 

Ғабит  Мҥсірепов  те  айтқан  екен

1

.  Бҧл  бҿлім  жеке  кҥйінде  нағыз  ғашықтық 



жырдың  ҥлгісі  болып  кҿрінеді,  яғни  бірін-бірі  сҥйген  екі  жастың  бақытсыз 

тағдырын  баяндаған  болу  керек.  Ондай  жағдайда  жеке  жыр  ретінде  ҿмір 

сҥрген  бҧл  бҿлім  трагедиямен  аяқталған  деп  ойлауға  болады:  Тҿлеген  опат 

болғанын  білген Жібек ҿмірмен ҿзі қоштасқан тҽрізді. 

Композициялық  қҧрылымы  бойынша  жырдың  алғашқы  бҿлімі, 

негізінен, «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» секілді таза романдық эпосқа жақын: 

1. Тҿлегеннің  ерекше  жағдайда  дҥниеге  келуі:  алдыңғы  сегіз  бала 

шетінеп кеткеннен кейін, солардың ҿтемі ретінде тууы. 

2.  Қалыңдық іздеп, сапар шегуі.  

3.  Болашақ қайын жҧртына келуі. 

Рас,  Тҿлегеннің қызды  іздеу  сапары  мен  арудың  аулына  келуі  Қозыдан 

гҿрі  ҿзгеше.  Ол  Қозы  сияқты  ҧзақ  жҥрмейді,  қиналмайды  жҽне  жасырын  да 

келмейді.  Тҿлеген  ашық  келіп,  ҿзінің    мақсатын  ашық  айтып,  елге  жария 

етеді, Қозы секілді мал бағып  жҥрмейді. Есесіне ол ҧнатқан қыздың ҽкесіне 

қалыңмал  тҿлеп,  «заңды»  кҥйеуге  айналады.  Қайын  жҧртында  Жібекпен 

ойнап-кҥліп  ҥш  ай  тҧрады  да,  еліне  қайтады.  Бірақ  ҽкесі  Тҿлегенге  қайын 

жҧртыңа келесі жылы барасың деп, дереу аттануға рҧқсат бермейді. Алайда, 

Тҿлеген  ҽкесінің  тыйымына  қарамай,  жалғыз  ҿзі  жолға  шығып,  айдалада 

қарақшылардың қолынан мерт болады. 

Міне,  осылардың  бҽрі  ертегінің  қҧрылымын  еске  тҥсіреді:  кейіпкердің 

бірнеше  баланың  ҿлімінен  кейін  тууы,  яғни  Қҧдайдан  тілеп  алған  перзент 

болуы, оның қыз іздеп, алысқа сапар шегуі, қыздың еліне келуі, қыз ҽкесінің 

талаптарын орындауы, қызға ҥйленуі жҽне қыздың елінде біраз уақыт тҧруы 

мен  еліне  қайтуы.  Тіпті,  ҽкесінің  баласына  тыйым  салуы  мен  Тҿлегеннің 

тыңдамай кетіп қалып, опат болуы да ертектегідей: тыйым – тыйымды бҧзу – 

                                                

1

 Дҥйсенбаев Ы.Т. Қазақтың лиро-эпосы. Алматы, 1973. 91-б. 




 

369 


жаза тарту. Бҧл мотив – ертегінің ҿзегі. Ҽрине, эпос бҧларды ҿте кҿркем ҽрі 

лирикалық  мағынада  кҿрсетеді.  Мҽселен,  Тҿлеген  жай  ғана,  еріккеннен  қыз 

іздемейді.  Ол  тек  ҿзі  ҧнатқан,  сҥйген  қызды  ғана  алмақ  ниетпен  іздейді. 

Тҿлеген  ондай  қызды  табады,  оны  қҧлай  сҥйеді,  қыз  да  оны  сҥйеді,  сҿйтіп, 

екеуі  аз  уақытқа  болса  да,  бақыт  қҧшағында  болады.  Тҿлегеннің  Жібекті 

сҥйгені  соншалық,  ол,  тіпті,  ҽкесінің  тыйымын  бҧзып,  сҥйіктісіне  берген 

уҽдесінен шығу ҥшін қатерлі жолға жалғыз шығады. 

Тҿлегеннің  мерт  болған  жағдайы  да  ғашықтық  жырға  сай  кҿрсетіледі:  

дҧшпаны оны қырық кҥншілік шҿлдегі Қособа деп аталатын жерде қапысын 

тауып  ҿлтірді.  (Жердің  Қособа  аталуының  ҿзі  –  трагедиялық  оқиға 

болатынын  аңғартады).  Тҿлегеннің ҿлімі  де  романдық эпос  ауанына  сҽйкес: 

ол қырық қарақшымен кҥні бойы  атысады. Астындағы болдырған Кҿкжорға 

да тҧрып қалады. Бекежан болса, оның сыртынан жасырын келіп атады. Егер 

Бекежан  бетпе-бет  келсе,  Тҿлеген  бой  бермес  еді  дейді  жыр.  Сонымен, 

Тҿлеген батқан кҥнмен бірге қапыда ҿледі... 

Ғашықтық  жыр  жанрының  заңы  бойынша  Тҿлегеннің  ҿлгенін    естіген 

Қыз Жібек ҿзі де ҿмірмен қоштасуы керек еді. Алайда, ол олай етпейді, тірі 

қалады. Енді оқиға ҽрі қарай дамиды. Осылай «Қыз Жібек» жырының екінші 

бҿлімі басталады. 

Бҧл  бҿлім  –  батырлық  эпос  мҽнінде  баяндалады:  Тҿлегеннің  інісі 

Сансызбай хабарсыз кеткен ағасын, оның ҽйелін іздеп шығады, бірақ ол  тек 

Жібекті  ғана  табады.  Жесір  қалған  жеңгесін  зорлықпен  алғалы  жатқан 

қалмақпен  соғысып,  Жібекті  алып,  аулына  қайтады.  Осы  желіге  қҧрылған 

екінші  бҿлім,  яғни  Сансызбай-Жібек  бҿлімі  –  эпикалық  жанрда  жиі 

кездесетін эпилог  болып  шыққан.  Ҽдетте,  мҧндай  эпилогта  ҽкесінің,  немесе 

ағасының істей алмай кеткен шаруасын баласы, я болмаса інісі жалғастырып, 

тындыратын  болған.  (Мҧны  ғылымда  «шежірелік  тҧтастану»  деп  атайды).  

Ол  ҽкесінен,  яки  ағасынан  ҽлдеқайда  кҥшті  болады  да,  олардың  шамасы 

келмеген  жауларды  тҥгел  жайратады,  сҿйтіп,  олардың  ҿсиетін  жҥзеге 

асырады. 

«Қыз Жібек» жырында мҧндай рҿлде Сансызбай кҿрінеді. Ол ағасының 

алысқа,  Жібек  аулына  жол  тартқанда  «олай-бҧлай  боп  кетсем,  асыл  туған 

Жібекті  еш  жаманға  қор  қылмай,  ҿзің  бір  алып,  сҥйгейсің»  деп  айтқан 

ҿсиетін  толық  орындайды.  Қалмақтың  ханы  Қоренді  жекпе-жекте  ҿлтіріп, 

қалың қалмақ қолын қырады да, жеңгесін алып, еліне қайтады. 

Жалпы,  осы  екінші  бҿлімнің  сюжеті  ҿте  кҿне  болып  есептеледі.  Ол 

сонау  ежелгі  рулық  қауымда  жігіттің    ҿз  қалыңдығын  (немесе  ҽйелін)  жау 

қолынан  азат  еткені  туралы  айтатын  аңыздау  тҥрінде  пайда  болған  сюжет. 

«Қыз  Жібекте»  бҧл  сюжет  тарихи  тҧтастануға  сҽйкес  кейінгі,  ХVІ-ХVІІІ 

ғасырлардағы  қалмақ-қазақ  ҧрыстарының  бір  кҿрінісі  болып  шыққан  да,  

қаһармандықпен қатар лирикалық мазмҧнда баяндалған. 

Сонымен,  кҿзіміз  жеткені  –  «Қыз  Жібек»  жыры  фабуласы  ҽртҥрлі,  ҽр 

кезде  туған  екі  сюжеттен  қҧралған  эпос  екен.  Қалыңдығын  (немесе  ҽйелін) 

жау  тҧтқынынан  ерлікпен  босатып  алған  жігіт  туралы  кҿне  қаһармандық 

сюжет  бағы  ашылмаған  екі  ғашық  жҿніндегі  романдық  эпосқа  кірігіп,  осы 



 

370 


эпостың жалғасына айналған да, Жібектің кҥйеуі – Тҿлеген ҿлгеннен кейінгі 

тағдырын  кҿрсетеді.  Ал,  енді  осы  айтылған  контаминация  қашан    жҽне  не 

ҥшін  жҥзеге  асқан?  Біздің  топшылауымызша,  ежелгі  сюжеттің  ғашықтық 

жырға  енуі  ХVІІІ  ғасырда  жҥзеге  асқан  секілді,  себебі  бҧл  тҧста  қазақ 

фольклорында  эпикалық  дҽстҥр  мен  шығармашылық  мейлінше  ҿріс  алып, 

дамыған болатын.  

Қазақ  тарихында  ХVІІІ  ғасыр  –  ҧзаққа  созылған  ең  бір  жаугершілік 

заман  болып,  қазақ  халқы  жоңғар  басқыншыларымен  жҽне  Еділ 

қалмақтарымен  жерін,  елінің    тҽуелсіздігін  сақтау  ҥшін  сан  рет  соғысқаны 

белгілі.  Осы  дҥрбелең  дҽуір  ақындар  мен  жыршыларды  ежелгі  ру-тайпалық 

эпостарды  қайта  жырлауға,  жаңғыртуға  мҽжбҥр  етті.  Олар  жаңадан 

жырлағанда  сол  шақтағы  қоғам  алдында  тҧрған  мақсат-міндеттерге  сай  етіп 

жырлады  жҽне  жаңа  шығармалар  тудырды.  Сҿйтіп,  қазақ  эпосы  тарихи  

тҧтастануға тҥсті. Мҧхтар Ҽуезов: «Жырдың екінші саласы осы жаугершілік 

заманға келіп  килігеді. Жайық бойындағы аз ру шектілерге  торғауыттардың 

ол  кезде,  белгілі  бір  кезеңде  ҥстем  болуы  рас»

1

,  –  деп  жазуы  біздің 



ойымыздың  дҧрыстығын  кҿрсетсе  керек.  Сонымен  «Қыз  Жібек»  жырының 

екі бҿлімі ХVІІІ ғасырда қосылып, тҧтас бір кҿркем шығармаға айналған деп 

айта  аламыз.  Сансызбай  туралы  бҿлімнің  қосылуының  тағы  бір  себебі  – 

жыршылар  мен  тыңдаушылардың  Жібектің    ҽрі  қарайғы  тағдырын  білгісі 

келуі  мен  жҧртшылықтың  жырды  бақытты  аяқталуын  қалауы.  Тегінде, 

фольклорлық  шығармалар  ҽрқашан  жақсылықпен  аяқталады:  ертегіде  бас 

кейіпкер зҧлымдықтың бҽрін жеңіп, сҥйгенін алып, барша мҧратына жетеді; 

эпоста  да  солай,  батыр  барлық жауын  жайратып,  елге  тыныштық орнатады, 

арманына жетеді. Бҧлай болуы  халық арманы мен эстетикасынан  туындаған 

заңдылық. 

Жібек  пен  Сансызбай  туралы  сюжеттің  жырға  эпилог  болып  енуі,  сҿз 

жоқ,  эпостың  бірінші  бҿліміне  де  ҿзгеріс  енгізген.  Оны  мынадай  мотивтер 

мен  эпизодтардан  кҿруге  болады:  Тҿлегеннің  еліне  қайтып  келуі; 

Базарбайдың  Тҿлегенге  қайтадан  Жібекке  баруына  рҧқсат  бермеуі; 

Тҿлегеннің    алыс  жолға  жалғыз  кетуі;  Тҿлегеннің  Сансызбайға  Жібекті 

тапсыруы;  Жібектің  Сансызбайды  кҥтуі;  Жібектің  Сансызбаймен  қосылуы, 

т.б.  Жоғарыда айтқандай, жырдың бірінші бҿлімі Тҿлегеннің жҽне Жібектің 

ҿлімімен аяқталуы керек еді. Ғашықтардың арасына Бекежан кіріп, Тҿлегенді 

ҿлтіруге  тиісті  еді.  Бҽлкім,  Ғабит  Мҥсірепов  айтқанындай,  бірінші  бҿлім 

ҽдепкі  тҥрінде  осылай  аяқталған  да  шығар.  Алайда,  жырда  Бекежан 

Тҿлегенді  дереу  ҿлтірмейді.  Ол  Тҿлегенге  ҽйелімен  ҥш  ай  тҧруға  мҥмкіндік 

береді. Бекежан арам ойын ыңғайлы жағдайда орындамақ, яғни Тҿлеген жеке 

қалғанда  ҿлтірмек.  Ондай  сҽт  туады  да:  Тҿлеген  ҽкесінің  рҧқсатынсыз 

Жібектің  аулына  жалғыз  шығады.  Неге  бҧлай  болады?  Базарбай  неғып 

ҿзгеріп  қалды?  Оның  ҿзі  емес  пе  еді    Тҿлегенге  қыз  айттырмай,  сҥйгенін 

алсын  деп,  ерік  беріп  қойған?  Тҿлеген  Жібектің  еліне  алғаш  аттанғанда 

рҧқсат берген де ҿзі еді ғой?  Енді неліктен ол екінші  рет баруға қарсы бола 

                                                

1

 Ҽуезов М. Ҽр жылдар ойлары. Алматы, 1959. 301-б. 




 

371 


қалды? 

Жырда  бҧл  сҧрақтарға  жауап  берілмейді,  Базарбайдың  ҿзгеріп қалғаны 

да  тҥсіндірілмейді.  Жыр  мен  жыршылар  ҥшін  ең  басты  нҽрсе  бҧлар  емес. 

Олар  ҥшін  аса  маңызды  нҽрсе  –  Базарбай  Тҿлегеннің  таңдауына  риза  емес, 

сол  себепті  ол  баласына  рҧқсат  бермейді.  Ал,  Тҿлеген  болса,  ҽкесінің 

рҧқсатынсыз,  батасын  алмай,  жолға  жалғыз  шығады.  Оның  соңынан  еріп, 

біраз  жерге  дейін  жылап  шығарып  салған  –  жалғыз  інісі  Сансызбай. 

Сансызбаймен қоштасып тҧрып, Тҿлеген оған: 

 

Олай-бҧлай боп кетсем, 



Асыл туған Жібекті 

Еш жаманға қор қылмай, 

Ҿзің бір алып, сҥйгейсің! – 

деп табыстайды. 

Міне,  осы  ағайынды  екеуінің  қоштасуы  мен  арыздасуы  –  екінші 

бҿлімнің  жырға  енгенін  ақтап  тҧр.  Тҿлегеннің  осы  сҿздері  жырдың  бірінші 

бҿлімінде  айтылады,  ал,  осы  мҽндес  сҿздерді  екінші  бҿлімде  Жібек  те 

айтады.  Ҿзінің  мҥшкіл  халін  баяндай  келіп,  жҿн  сҧраған  Шегеге  ол  былай 

дейді: 

Тірі болса Сансызбай 

Жетер уақыты боп еді. 

Біздей ғаріп міскінді 

Неге бір іздеп келмейді-ай?! 

 

Жырдың  оқиға  желісі  бҧзылмас  ҥшін  бірінші  бҿлімнің  аяқталуы  да 



ҿзгертіледі:  Тҿлегеннің  ҿлуі  ҽдеттегідей  емес,  яғни  ол  Жібектің  аулында 

ҿлмейді.  Ол  дҧшпандармен  айдалада  шайқасып,  Жібектің  ауылынан  жырақ 

жерде  оққа  ҧшады.  Сондықтан  Жібек  те,  Сансызбай  да  оның  опат 

болғанынан бейхабар. Тек сегіз жыл ҿткен соң ғана олар Тҿлегеннің ҿлгенін 

естиді.  Міне,    осы  себепті  Жібек  Тҿлегеннің  артынан  қоса  ҿлмеген  дегенді 

айтады  эпос.  Жібек  сегіз  жыл  бойы  сарылып,  Тҿлегенді  кҥтеді.  Жырдың  

қисыны  бойынша  Жібектің  ендігі  тағдырын  баяндау  қажет,  сҿйтіп, 

Сансызбай туралы сюжет еніп, жыр оқиғасы ҽрі қарай дами береді. 

Осы  екінші  бҿлімнің  мазмҧны  лирикалықтан  гҿрі  батырлық  эпосқа 

жақын.  Сансызбайдың  Жібекті  алуы  –  батырлық  эпостағы  қаһармандықпен 

ҥйлену  болып  шыққан.  Ол  кҽдімгі  батырларша  жекпе-жекте  ҿзі  секілді 

батырды  ҿлтіреді,  қалың  қалмақ  қолын  тҥгел  қырады.  Ал,  Тҿлеген  ондай 

емес-тін.  Оның  ҥйленуі  ғашықтық  жырдағыдай,  яғни  ол  қиындықпен 

ҥйленеді:  екі  рет  қырық  кҥншілік  шҿлден  ҿтеді,  ҽкесінің  назасына  ілігеді,  

қарақшылармен  шайқасады.  Осыдан-ақ  жырдың  екі  бҿлімі  мазмҧн  жағынан 

екі  тҥрлі,  біріншісі  –  ғашықтық,  екіншісі  батырлық  екені  кҿрініп  тҧр.  Бірақ 

соған  қарамастан  «Қыз  Жібек»  жыры  біртҧтас  кҿркем  туынды,  мҧнда  екі 

бҿлім  бір-бірін  толықтырып,  ҥлкен  эпикалық  шығармаға  айналған,  ҿйткені, 

бҥкіл жырдың алуан тҥрлі эпизодтары мен мотивтерін жымдастырып тҧрған 

нҽрсе – махаббат тақырыбы. 




 

372 


«Қыз  Жібек»  эпосын  махаббат  гимні  десе  де  болады.  Оның  нағыз 

кҿркем  туындыға  айналу  мезгілінде,  яғни  ХVІ-ХVІІІ  ғасырларда  қазақ 

қоғамында  жеке  бастың  бостандығы,  махаббат  еркіндігі  туралы  мҽселе 

мҧндай  деңгейде  ашық  айтыла  бермейтін,  рулық  заманның  неке  мен 

отбасына  қатысты  ежеқабыл,  қалыңмал,  кҿп  ҽйел  алу,  ҽмеңгерлік  сияқты 

салттары  ҥстем  болатын.  Солай  бола  тҧрса  да,  «Қыз  Жібек»  жырының 

шығуы  сол  дҽуірдің  ҿзінде-ақ  халықтың  идеал  туралы  эстетикалық  пайым-

тҥсінігінде белгілі бір дҽрежеде ҿзгеріс болғанын айғақтайды. Тҿлегеннің де, 

Жібектің де ҿзіне лайық жар іздеуі, сҥйіспеншілікпен ҥйленуді кҿздеуі – сол 

кезеңдегі  жастардың  ойында,  кҿкірегінде  жҥрген  арманын,  мҧңын,  тілегін 

аңғартады.  Жырдың  ел  арасында  кең  тарағанының  бір  себебі  осында  болса 

керек. 


Тҿлеген – қазақ эпосы, тіпті, бҥкіл қазақ фольклоры ҥшін жаңа кейіпкер. 

Ол  Қозы  Кҿрпештен  де  ҿзгеше.  Қозының  бейнесінде  батырлық  қасиет  кҿп. 

Ал,  Тҿлеген  –  нағыз  лирикалық  кейіпкер.  Ол  бай  болуды,  батыр  болуды 

кҿксемейді.  Оның  арманы  –  ҿзіне  лайықты  сҧлуды  сҥю,  соны  ҿзіне  ҿмірлік 

жар ету. Жыршы да осыны айтады: «Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық 

жҿні бір басқа». Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни 

ел ішінде махаббатты – ҿте таза, бҽрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген 

адам  біле  бермейді  деген  ҧғым  қалыптасқан.  Нақ  осындай  ерекше  сезім 

Тҿлегенді  ҽкесінің  бата  бермегеніне  қарамастан  алыс  жолға  жалғыз 

аттандырады.  Тҿлеген  ҥшін  ҿмірдің  мҽні  де,  сҽні  де  –  махаббат,  махаббат 

ҥшін  кҥресіп,  ҿмір  сҥру,  сҥйгеніңе  ҥйлену.  Сондықтан  да  болу  керек,  оның 

мінезі  де,  істері  де  ҽдеткі  эпостағыдай  емес.  Ол  аң  да  ауламайды,  мал  да 

бақпайды,  жастайынан  батырлық  мінез  де  танытпайды,  батырлық  ҿнерді  де 

ҥйренбейді.  «Періште  сипатты  ҧл»  боп  тууының  ҿзі  –  оның  ерекше  сҧлу 

болатынын  білдіреді.  Демек,  ол  батыр  болмайды:  Тҿлеген  кҽдімгі 

батырларша  «сағат  сайын»  ҿспейді,  бозбала  кезінде  ешбір  ерлік  іс-ҽрекет 

жасамайды. Есесіне он екі жасында ҿзіне пара-пар сҧлу қыз  іздей бастайды. 

Он алты жасқа  толғанда ат  тҧяғы  жететін жерді  тҥгел шарлап шығады. Қыз 

Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады. 

Егер Қозы Кҿрпеш қалыңдығының аулына жалғыз шығып, кҿп қиындық 

кҿріп, ҧзақ жҥріп жетсе, Тҿлеген қасына бірнеше нҿкер  ертіп, «жылқыдан екі 

жҥз  елу  жорға  алып,  бірнеше  кҥн  жол  жҥріп,  Шекті    деген  елге  келіп, 

шатырды  тігіп,  жорғаларын  жайып  салып,  жҧртқа  жар  салады». 

Байқайтынымыз –  Тҿлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ 

кҥнде жетеді. Оның қызды таңдауы да ҿзгеше. Қызын кҿрсеткен ҽрбір адамға 

бір жорғадан береді. Тіпті, Тҿлегеннің ҿзі Жібекке қҧда тҥседі. Бҧл да – оның 

ерекшелігі.  Оның  қҧда  тҥсу  ҽдісі  де  айрықша.  Алдымен  жҧртқа  жорға 

таратып, Шекті еліне «мырзалықпен» танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті 

кҿруге  мҥмкіндік  алады.  Бҧл  жерде  Тҿлеген  тағы  бір  мінез  кҿрсетеді.  Ол 

Қаршығаның сҿзіне сеніп қана Жібекке іңкҽр болмайды, мақтаулы қызды ҿз 

кҿзімен кҿргісі келеді. Яғни Тҿлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, 

қызды  ҿзі  сынап,  ҿзі  тілдесіп  қана  бағаламақ.  Міне,  жастайынан  ҿзіне  тең 

қызды іздеген Тҿлеген мҧнда да сол ҽдетінен таймайды. 



 

373 


Кҿркем шығарма болғандықтан жырда Тҿлеген мен Жібектің бір-біріне 

деген  сҥйіспеншілігі  бірден  ашылмайды.  Жібекке  деген  Тҿлегеннің 

ынтықтығы  сатыланып  кҿрсетіледі.  Ең  алғаш  Жібек  туралы  ол  ҿз  елінде 

жҥргенде  естіп,  сҧлуды  іздеп  шығады.  Содан  соң  Жібек  жайында 

Қаршығадан  қанығып,  оны  кҿруге  асығады.  Сҿйтіп,  Қаршығаға  ілесіп, 

кҿштің соңына тҥседі. Кҿш ҥлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. 

Жол  бойы  бірінен  бірі  ҽдемі  он  ҥш  қызды  кҿреді.  Ҽрқайсысын  Жібек  екен 

деп жақындағанда,  Қаршыға «Жібек емес» дейді. Жырда қыздардың келбеті 

ҿте  шебер  суреттелген,  оларды  кҿрген  Тҿлеген  енді  тезірек  Жібекті  кҿруге  

асығады.  Қаршығадан  озып,  Жібектің  кҥймесіне  бҧрын  жетеді.  Бірақ  Жібек 

онымен  «сҿйлесуге  намыстанады».  Тек  Қаршығаның  ҥгітінен  кейін  ғана 

Жібек  «бетін  бір  ашып,  жарқ  етіп  кҿрініп,  амандасты  да,  қайтадан  бетін 

жауып,  пҽуескенің  қақпағын  тҥймелеп,  жатып  қалды»,  –  дейді  жыршы. 

Жібектің  ғажайып  кҿркін  кҿрген  Тҿлеген:  «Жиһанда  бҧл  сипатты  ҽйел 

кҿргенім  жоқ  еді,  енді  мҧны  алайын!»  –  деп  шешеді.  Осы  сҽттен  бастап 

Тҿлеген енді белсенділік кҿрсетеді. 

Жалпы,  Тҿлеген  ғашықтық  эпостың  дҽстҥріне  сҽйкес,  ҿзіне  тиісті 

сынақтардың  бҽрінен  сҥрінбей  ҿтеді:  қалаған  жары  ҥшін  ол  ҿз  елін,  ата-

анасын  тастап,  жалғыз  ҿзі  қауіпті  сапарға  шығады;  махаббатқа  адалдық 

танытып,  жарық  дҥниемен  қоштасады.  Мҧндай  жағдай  романдық  эпос 

кейіпкерінің бҽрінің басынан ҿтеді, Тҿлеген де осыны бастан кешіреді.  

Тумысынан ерекше жаралған Тҿлегеннің мінезі Жібекке деген сезімінен 

кейін  бҧрынғыдан  гҿрі  жҧмсарып,  оның  болмысын  байыта,  нҧрландыра 

тҥседі.  Ол  ҿте  сезімтал,  нҽзік  жанды  болып  кҿрінеді.  Бҧл  қасиеті,  ҽсіресе, 

Тҿлегеннің Сансызбаймен қоштасқан сҽтінде жҽне ҽуелеп жҥрген алты қазға 

қарата зарын айтқан кезде барынша кең ашылады. Ҽсіресе, соңғы монологта 

Тҿлегеннің ішкі сезімі ҿте лирикалық, тебіреністі рухта суреттеледі.  

Жібек  те  –  ҿз  теңін  іздеген  ару.  Оның  арманы  –  ҿзін  де  қҧлай  сҥйген, 

махаббатқа  адал  адамға  қосылу.  Жібектің  идеалы  –  бай  да,  батыр  да  емес. 

Оған керегі – Қыз Жібектің жҥрегін жалындата алатын, ҿзі сияқты жаны таза, 

ақылды  ҽрі  кҿрікті  жігіт.  Яғни  Қыз  Жібектің  ҿзі  қалай  сҥйсе,  жігіт  те  оны 

солай  сҥюі  керек.  Міне,  Тҿлеген  осындай  адам.  Оны  Жібек  алғашқы 

кездесуде-ақ  сынап,  байқаған.  «Жалғыз  атты»  адамсың  дей  отырып, 

Тҿлегеннің  сҿзінен,  ҿзін  қалай  ҧстайтын    мінезінен  оның  парасатты  бекзат  

екенін аңғарған.  

Жалпы,  Жібектің  образы  эпоста  идеалды  болып  суреттеледі,  оның 

бойында  қазақ  ҽйелінің  ең  асыл  қасиеттері  жинақталған.  Жырда  ол  екі 

бейнеде кҿрінеді: сҧлу қыз жҽне адал ҽйел. Жырдың алғашқы бҿлімінің біраз 

жері  –  сол  сҧлу  қызға  арналған.  Оның  сҧлулығы  алыс  жерлерге  жетеді, 

Тҿлеген де, қалмақ ханы Қорен де ару қыздың даңқын естіп келеді. Жібектің 

ҿз елінде де талай жігіт оған  ғашық, бірақ Жібекке жолай алмайды, ҿйткені, 

Жібек тірі жанды менсінбейді, бҧлан боп ҿскен ерке ҽрі ҿр мінезді.  

Жібектің  сҧлулығына  ақылы  мен  ақындығы  да  сай.  Алғаш  кездескен 

сҽттегі Тҿлегеннің сҿзіне берген жауабы ҿте ҧтымды ҽрі ҽсерлі. Ол ҿзін ҥлкен 

шеберлікпен  таныстырады  жігітке,  ҿзінің  кім  екенін  кҽнігі  ақындарша 



 

374 


баяндайды.  Ҿзін  халық  қҧрметтейтінін,  жоғары  бағалап,  сыйлайтынын  айта 

келіп, Жібек Тҿлегенді ҽдейі кемсіте сҿйлейді, сҿйтіп, оның жігіттік намысын 

сынайды. Оның айтқан жауабына, кҿркі мен ҧстамдығына риза болған Жібек 

енді  ҿзі  іздеген  адам  –  осы  Тҿлеген  екеніне  кҿзі  жетеді  де,  соған  тҧрмысқа 

шығуға  бел  байлайды.  Бірақ  ол  жігіттің  ҧнағанын  сездірмейді,  ойын  ашық 

айтпайды.  Іштей  жақсы  кҿріп  қалса  да,  ҽліптің  аяғын  бағады,  себебі  ҽкесі 

қалай қарайды бҧл жігітке, ҽлі белгісіз  еді. Ҽкесінің батасын алған соң ғана 

Жібек  ҿзінің  сезіміне  ерік  береді,  Тҿлегеннің  шақыруын  жылы  қарсы  алып, 

оның отауына ҿзі барады. 

Міне, осыдан бастап Жібек – кҥйеуіне ҿте адал ҽрі қамқор ҽйел ретінде 

кҿрінеді.  Тҿлегенге  деген  терең  де  мҿлдір  сезімін,  шексіз  берілгендігін  ол, 

ҽсіресе, жаман тҥс кҿргенін жеңгесіне айтып, Тҿлегеннің сапарға шықпауын 

ҿтіну  арқылы  білдіреді.  Осы  эпизодта  Жібек  –  сҥйікті  жар  ғана  емес, 

алдағыны  болжай  алатын  кҿреген  ҽйел  болып  бейнеленеді.  Кҿрген  тҥсін  ҿзі 

жорып, Жібек жеңгесін Тҿлегенге жҧмсайды, Тҿлеген жолға шықпасын деген 

тілек білдіреді. Екінші сҿзбен айтқанда, Жібек Тҿлегенге тыйым салады. Бҧл 

–  жырда  екінші  тыйым:  ҽкесі  Тҿлегенге  алыстағы  Шекті  еліне,  Жібекке 

баруға  келісімін  де,  батасын  да  бермеген-ді.  Фольклордың  поэтикасы 

бойынша    тыйымды  бҧзған  кісі  бір  қасіретке  тап  болады.  Ал,  қазақтың 

этикасы  бойынша  ҽке  батасын  алмаған  баланың  жолы  болмайды.    Ендеше 

Тҿлегеннің  мерт  болуының  тҥпкі  себебі  –  осы  екі  тыйымды  бҧзғаны  дейді 

жыр. 


Жібек Тҿлегенге ғана адал емес, оның еліне, руына адал. Сҥйген жарына 

ғана  емес,  оның  ел-жҧртына  деген  махаббатын  Жібек  Тҿлегенді  сегіз  жыл 

бойы  кҥту  мен  ол  келмеген  соң  оның  елінен  біреу  келуін  тосу  арқылы  да 

білдіреді.  Кҥйеуінің  елін  Жібек  –  ҿзінің  қорғаны  деп  біледі.  Қалмақтың 

Қорен  ханы  кҥш  кҿрсетіп,  Жібекті  зорлықпен  алмақшы  болғанда,  ол 

Тҿлегеннің  руын  есіне  алып,  Сансызбайдың  неғып  келмей  жатқанына  таң 

болады.  Зарыға  кҥткен  Сансызбайы  келгенде  Жібек  еш  ойланбастан 

қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Ҿйткені, ол, біріншіден, Тҿлегеннің 

«ҿліп  кетсем,  артымда  еш  жаманға  қор  қылмас  Сансызбай  атты  інім  бар» 

деген  ҿсиетін  орындауы  керек.  Екіншіден,  Жібек,  ҿз  заманының  салты 

бойынша,  ҿзін  Жағалбайлының  жесірімін  деп  есептейді  де,  ҽмеңгерінің 

келуін кҥтеді. Ҥшіншіден, Сансызбай Тҿлегеннен аумайды, сондықтан Жібек 

оны  «Тҿлегеннің ҿзі» деп  қабылдайды.  «Сансызбайды  кҿрген  соң,  Жібектің 

кҿңілі  тояды»,  –  дейді  жыршы.  Демек,  Жібек  енді  ҿзі  сҥйіп  қалады 

Сансызбайды.  Яғни  Жібек  марқҧм  болған  жарының  ҿсиеті  мен  ата  салтын 

орындау ҥшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол ҿзі ғашық болады, сҿйтіп, оның 

Тҿлегенге деген іңкҽрлігі Сансызбайға ауысады. 

Сансызбай болса ҿзін нағыз батыр, елінің таянышы, Жібекті  ҿзі сияқты 

сҥйе  білген  ер  азамат  ретінде  кҿрсетеді.  Ол  Тҿлеген  секілді  емес.  Ерте 

жасынан  ерлікке  даярланып,  ағасы  дайындап  кеткен  тоғыз  қабат  сауытты 

дулығаны  киініп,  найзасы  мен  садағын  асынып,  тҧлпар  атқа  мініп,    кҽдімгі 

батырларша  жолға  шығады.  Оның  бҧл  сапары,  бір  жағынан,  бҧрынғы 

батырлардың  қалыңдық  іздеп,  сапар  шегуін    еске  тҥсірсе,  екінші  жағынан, 



 

375 


жау  қолына  тҥскен  ҽйелін  (яки  қалыңдығын)  тҧтқыннан  азат  ету  ҥшін 

кҥреске  аттанатынын  қайталаса,  ҥшінші  жағынан,  болашақ  батырдың 

алғашқы  ерлігін  ойға  оралтады.  Ал,  мҧның  бҽрі  классикалық  батырлық 

эпосқа  тҽн.  Демек,  «Қыз  Жібек»  жырының  екінші  бҿлімі  –  кҿне  заманнан 

келе жатқан «жігіттің ерлікпен ҥйленуі» туралы сюжет болып табылады. Бҧл 

сюжет,  ҽсіресе,  батырлық  ертегі  мен  кҿне  эпоста  жиі  кездеседі.  Осы  ежелгі 

сюжетті  жыршылар  ҽдемі  пайдаланып,  жырға  шеберлікпен  енгізген,  сҿйтіп, 

екі сюжеттен тҧратын ҿте кҿркем ғашықтық жыр тудырған.  

Эпоста Сансызбай екі сипатта кҿрінеді: ағасын жанындай жақсы кҿретін 

бауыры жҽне оның ісін жалғастырушы інісі. Бірінші сипаттағы Сансызбай  – 

ҽлі  жасҿспірім,  сондықтан  оны  бейнелеуде  жыр  лирикалық  психологизмге 

орын берген. Қайын жҧртына  кетіп бара жатқан ағасымен қоштасқан сҽттегі 

Сансызбайдың  мінезі,  ағасына  айтқан  сҿзі  –  оның  терең  ойлы,  ата-анасы 

туралы қам жейтін, келешегін ойлайтын бала жігіт екенін дҽлелдейді. Мҧңлы 

болған  Сансызбайдың  қайғыратыны:  ағасы  ҽкесінен  бата  ала  алмай  жҽне 

жалғыз аттанып бара жатқаны, ол кеткен соң  ата-анасының, ел-жҧрттың халі 

не болатыны, ҿзінің тым жас екендігі, сол себепті ҽке-шешесін бағып-қағуға 

ҽлі  жарамайтыны...  Осының  ҿзі-ақ  Сансызбайдың  ерекше  жан  екенін 

кҿрсетіп,  оның  келешекте  нағыз  азамат  болатынын  аңғартады.  Ағайынды 

екеуінің қоштасу сҿздерінен Сансызбайды алда ҥлкен де қатерлі сынақ кҥтіп 

тҧрғаны  сезіледі.  Оны  Тҿлеген  де  болжап,  інісіне  қажетті  батырдың  сауыт-

сайманын  дайындап  қойғанын  айтады  жҽне  ҿзі  мерт  болса,  Жібекті  іздеп 

табуды,  ешкімге  қор  қылмай,  жар  етіп  алуды  тапсырады.  Міне,  осылай 

жырдың  эпилогі  іспетті  кҿрінетін  Сансызбай  мен  Жібек  жайындағы 

қосымшаның  пайда  болуы  ақталады  да,  бҥкіл  жыр  біртҧтас  кҿркем  дҥниеге 

айналған. 

Жырдағы  осы  екінші  сюжет  эпосқа  мейлінше  қазақы  сипат  дарытқан. 

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дҽстҥрі,  ҽдет-ғҧрпы  екінші 

бҿлікте кҿбірек ҽрі жарқын кҿрінеді.   

Егер бірінші бҿлімде Тҿлеген Қыз Жібекті алу ҥшін екі жҥз елу жылқы 

сатып алып, қалыңмал берген дҽстҥр кҿрінсе, екінші бҿлімде қай істі бастар 

алдында ҥлкендердің батасын алу ғҧрпына ҥлкен мҽн беріледі. «Ата қарғысы 

–  оқ»  деп  тҥсінген  халық  Тҿлегеннің  мерт  болғанына  аянышты  болса  да, 

таңданбаған,  қайта  оны  заңдылық  деп  қабылдаған.  Ал,  «баталы  ҧл  арымас» 

деген  ҧғымды  ҧстанған  жыршы  да,  тыңдарман  да  Сансызбайдың  ақжолтай 

болғаны  -  ҽкесінің  оң  батасын  алғандықтан  деген  ой  ҧсынады.  Сондай-ақ 

Жібектің  ҽмеңгерлік  салтымен  Сансызбайға  қосылуы  да  –  ел  ҥшін  еш  оғаш 

емес, керісінше, оны орынды деп білген.  

Сонымен  Сансызбай  Жібекті  алады,  бірақ  ол  тек  ҽмеңгерлік  жолымен 

ғана  алмайды.  Сансызбай,  кҽдімгі  қаһармандық эпостағы  батырларша,  ерлік 

жасап  алады.  Ол  бҧл  жерде  –  Жібекті  қҧтқарушы,  тҥптеп  келгенде, 

ҽділеттілік  орнатушы,  сондықтан  да  оның  іс-ҽрекеті  толығымен  қҧпталады. 

Оның образы біржақты емес. Сансызбай – ең ҽуелі батыр.  

Бізге жеткен «Қыз Жібек» жыры – таза сҿз ҿнерінің дҥниесі, сондықтан 

ол  кҿркем  шығарма  деп  тҥсініледі.  Олай  болса,  мҧнда  жҥйелі  композиция, 



 

376 


қызғылықты  сюжет,  бітіспейтін тартыс,  кестелі  тіл,  яғни кҿркем  шығармаға 

не  керек,  соның  бҽрі  болуға  тиіс  жҽне  олар  жырда  айтарлықтай  кҿрініс 

тапқан.  Ҽрине,  бҧл  ҽлі жазба  ҽдебиеттің ҥлгісі емес,  мҧнда  кҿпқатпарлы  іс-

ҽрекет  жоқ,  шытырман  оқиға  баяндалмайды,  кейіпкерлердің  мінез-қҧлқы, 

психологиясы,  характері  динамикалық  тҥрде  дамымайды.  Дей  тҧрғанмен, 

«Қыз  Жібек»  жырында  басты  қаһармандармен  қатар  басқа  да  кейіпкерлер 

оқиғаларға  араласып,  шығарманы  мазмҧн  жағынан  байыта  тҥскен.  Олар  екі 

топқа бҿлінеді. Бірі – бас қаһармандардың жанашыр достары болса, екіншісі 

–  олардың  қарсыластары.  Достары  Жібек  пен  Тҿлегеннің,  содан  соң  Жібек 

пен Сансызбайдың махаббатын қоштап, оларға ҽрдайым жҽрдем етіп жҥреді. 

Бҧлардың арасынан Қаршыға мен Шегені ерекше бҿліп алуға болады.  

Жалпы,  Қаршыға  мен  Шегенің  образдары  ежелгі  кҿмекшілердің 

ғашықтық  жырда  ҿзгергенін  кҿрсетеді.  Мҧның  басты  себебі  –  «Қыз  Жібек» 

тҧтас эпосқа, яғни кҿркем жырға айналған заманда (яғни ХV-ХVІ ғ.ғ.)  жҽне 

одан  кейінгі  дҽуірлерде  де  (яғни  ХVІІІ-ХІХ  ғ.ғ.)  ер  адам  туралы  қоғамдық 

идеалдың  ауысқаны.  Ол  –  тек  қана  қара  кҥштің  иесі  емес,  оны-мҧныдан 

хабары бар, шежіреші, ақылды ҽрі сҿзге ҧста адам. Бас қаһарманның ҿзі сегіз 

қырлы,  бір  сырлы  болғандықтан,  оның  кҿмекші  достары  да  сондай  болуға 

тиіс. 

Жырға  ҥлкен  серпін  беріп,  оған  кҿркем  шығармаға  қажетті  қасиеттерді 



дарытып  тҧрған  нҽрсе  –  кейіпкерлердің  бітіспес  тартысы.  Оны  кҥшейтіп, 

ширықтыруда  бас  қаһармандарға  қарсы  қимыл  жасап  жҥрген  Бекежан  мен 

оның  қарақшы  жолдастары  жҽне  қалмақтардың  ханы  –  Қорен.  Алайда, 

Бекежан  мен  Қорен  бір-біріне  ҧқсамайтын  дҧшпандар.  Бекежан  –  романдық 

эпостағы дҽстҥрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жҥрген қастангер 

(жігіт – қыз – қастаншы).  

Ал,  Қорен  хан  болса,  ол  Бекежаннан  ҿзгеше  дҧшпан.  Қорен  –  елдің 

ішіндегі қаскҥнем емес, сырттан келген жау. Жау болса да, ол – нағыз батыр. 

Ҿз  ойын  ашық  айтады,  кҥшіне  сенеді.  Жібекті  кҥшпен  алатынын  да 

жасырмайды,  Сырлыбайға  қызыңды  бермесең,  еліңді  шабам  деп,  бҥкіл 

ауылды  қамап,  тҧтқында  ҧстайды.  Ҽлбетте,  адамгершілік  тҧрғысынан 

келгенде,  бҧл  да  –  зорлық.  Сансызбаймен  жекпе-жекте  ҿзін  нағыз  батырша 

кҿрсеткен  Қорен  жай  кҥнде  мақтаншақ  ҽрі  ҿз  айтқанынан  қайтпайтын, 

ешнҽрсенің  байыбына  бармайтын,  тек  ҿзінің  қара  кҥшіне  сенетін  дҥлей 

бейнесінде  кҿрінеді.  Эпос  оны,  бір  жағынан,  асқан  ержҥрек  батыр  етіп 

бейнелесе, екінші жағынан, анайы ақымақ етіп суреттейді.  

Егер  Қорен  мен  Бекежанды  салыстыра  қарасақ,  екеуі  де  –  жағымсыз  

кейіпкер,  бірақ  олар  бір-біріне  ҧқсамайды.  Эпос  оларды  бірі-біріне  қарсы 

қоятын  секілді.  Қорен  –  ашық  жау,  ол  –  қазақ  елінің  ата  жауының    ҿкілі. 

Оның  бҥкіл  ойы  мен  іс-ҽрекеті  –  кҥллі  ел  жауының  ҽдеткі  ісі.  Яғни  оның 

мақсаты – шапқыншылық жасап, Шекті руын жаулап алу, кҥш кҿрсетіп, мал-

мҥлкін  талау,  еркектерді  қырып,  ҽйелдерді  –  кҥң  ету.  Қорен  Жібекті 

сҥйгендіктен  алайын  демейді,  оны  салық  деп  қарайды.  Ҿмірде  де, 

фольклорда да сыртқы жау – қашанда жеңген елінен алым-салық талап етеді, 

міне, Қорен де осылай істейді. 



 

377 


Бекежан болса – сырттан келген жау емес, іштен шалған қаскҥнем. Ол – 

ҿте  пасық,  ҿзгенің  жақсылығын  кҿре  алмайтын  адам.  Сол  себепті  ол  ҿзінің 

жымысқы  тірлігін  жасырын  істейді,  ойын  қҧпия  ҧстайды.  Ҿйткені,  ол  –

қорқақ,  арам.  Жырда  Бекежанның    қалай  ҿмір  сҥріп  жҥргені,  бҧрын  кім 

болғаны айтылмайды. Эпос оны тек «қарақшы» деп атайды. Ал, қарақшының 

болмыс-бітімі  белгілі.  Қоренге  қарағанда,  Бекежан  –  айлакер,  қу,  бҽрін 

алдын-ала ойластырып қояды, ҽрбір арам ісін залымдықпен жҥзеге асырады. 

Сондықтан  ол  Қореннен  де  қауіпті.  Сол  себепті  де  жыр  да,  жыршы  да, 

тыңдаушы  да  Қоренді    емес,  Бекежанды  қарғайды,  оны  ит  ҿлімге  қияды. 

Бекежан  –  адам  табиғатындағы  ең  жағымсыз  қасиеттердің,  зҧлымдықтың, 

жауыздықтың белгілерін бойына жинақтаған, солардың символына айналған 

образ.  Міне,  бізге  жеткен  «Қыз  Жібек»  жыры  –  таза  кҿркем  фольклордың 

айшықты ҥлгісі екені осыдан да байқалады. 

Сонымен  қорыта  айтқанда,  қазақтың  классикалық  тҥрдегі  ғашықтық 

жырлары  –  ежелгі  рулық  заманда  пайда  болған  «жігіттің  ҥйленуі»  туралы 

тҥпкі  сюжеттің  негізінде  орта  ғасырларда  ҥлкен  эпосқа  айналған  тҥрі.  Бҧл 

сюжет, ҽсіресе, Қазақ хандығы тҧсында кҿркем фольклордың тамаша ҥлгісіне 

айналған.  Талантты  ақындар  мен  жыршылар  «Қозы  Кҿрпеш  –  Баян  Сҧлу» 

мен  «Қыз  Жібек»  сынды  жырларды  тамаша  романдық  эпос  етіп  жырлаған. 

Сҿйтіп,  қазақ  фольклорының  қҧрамында  ғашықтық  жыр  жеке  жанр  болып 

қалыптасқан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет