1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет78/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

§ 7. Хикаят 

 

 

Біздің  дҽуірімізге  жеткен  фольклор  қоғамдық  сананың  бір  тҥрі  ретінде 



ҿнерге  жатады,  бірақ  ол  ҿнер  дҽрежесіне  бірден  жетпеген.  Фольклордың 

тҥрлері адамзат  ҿмірінің ҽр  кезеңінде туып отырған, ҿзгеріске  тҥсіп жатқан, 

тіпті,  ҧмытылып,  қолданыстан  шығып  жатқан.  Осы  кҥнге  жеткен  дҽстҥрлі 

фольклорлық  шығармалардың  кҿбісі  –  сол  бҧрынғы  фольклордың  негізінде 

туып,  солардың  жҧрнағын  сақтап  қалған,  сондықтан  кҿптеген  жанрлардың 

қҧрамында,  бойында,  бір  жағынан,  алғашқы  қауымға  тҽн  ҧғым-тҥсініктің, 

қарабайыр  діннің,  екінші  жағынан,  қарапайым  білімнің,  ҥшінші  жағынан, 

қарапайым  ҿнердің  белгілері  кездеседі.  Бҧл  синкреттік  сипат  кейінгі 

дҽуірлерде пайда болған жанрларда да кҿрініс табады, ҿйткені, ҽрбір жаңадан 

туған  жанр  ҿзінен  бҧрынғыға  негізделеді,  соны  пайдаланады,  ҿзіне 

бейімдейді,  сҿйтіп,  жеке  жанр  ретінде  қалыптасады.  Мҧндай  ҥрдісті, 

мҽселен, хикаят жанрының туып, қалыптасуынан да байқауға болады.  

Орта  ғасырларда  ертедегі  ескі  шамандықтың  орнына  бірқҧдайлық  дін 

келіп, ол бҧрынғы діни нанымдарға қарсы қатал кҥрес жҥргізді, бірақ оларды 

мҥлде  жоя  алмады,  керісінше,  солармен  қатар  ҿмір  сҥруге  мҽжбҥр  болды, 

соның  нҽтижесінде  ескі  діни  нанымдарды  ҿз  мҥддесіне  пайдалану 

мақсатында  кейбір  ежелгі  ырымдар  мен  ҧғымдарды,  ғҧрыптарды  ҿзгертіп, 

дінге бейімдеді. Мҧндай жағдай сол шақтағы фольклорда да орын алды, бҧл 

ҽсіресе, хикаят  жанрының тарихынан айқын кҿрінеді. Ежелгі миф пен хикая 

жанрлары  –  ескі  діни  нанымдар  жемісі  болса,  хикаят  жанры  –  кейін  пайда 

болған бірқҧдайлық дінмен байланысты туған, яғни олар ҽр дҽуірде, ҽртҥрлі 

ҧғым  негізінде  туындаған.  Бірақ  соған  қарамастан  орта  ғасырларда  олар 

қатар  ҿмір  сҥрді  де,  бір-біріне  ҿзара  ықпал  етті.  Сол  себепті  хикаят  ҿзінің 

қалыптасуы  барысында  ежелгі  мифтің  де,  одан  кейінгі  хикаяның  да,  тіпті, 

ҽпсананың да кейбір белгілерін бойына сіңірген, ҿзіне лайықтап пайдаланған. 

Сҿйтіп,  қазақ  фольклорының  қҧрамында  жаңа  жанр  –  хикаят  (агиография) 

пайда болған.  

Хикаят  дегеніміз  –  кейде  ойдан  шығарылған,  немесе  діни  кітаптардан 

алынған  сюжеттерді  кҿркем      тҥрде  баяндайтын  ҽңгімелер.  Хикаяттың 

тҥбінде  ҿте  ерте  заманда  болған  деп  есептелетін  оқиға  жатуы  да  мҥмкін, 

сондықтан  онда  тарихи  есімдер  де,  мекендер  де  ҧшырасып  қалады.  Сондай 

                                                

1

 Чистов К.В. Аталған еңбек. 313-б. 




 

399 


хикаяттарға, мҽселен, Ескендір Зҧлқарнайын есімімен байланысты ҽңгімелер 

жатады.  Қазақ  арасында  Ескендір  жайында  айтылатын  ҽңгімелер,  негізінен, 

ҥш  сюжетке  қҧралған.  Біріншісі  -  ҿлмес  суды  іздеген  Зҧлқарнайын  туралы, 

екіншісі – қос мҥйізін жасыра алмаған Ескендір жҿнінде, ҥшіншісі – жҧмаққа 

кіре  алмаған  Ескендір  хақында.  Осылардың  біріншісі  мен  ҥшіншісі  хикаят 

тҥрінде баяндалады.  

Ескендір  –  тарихта  болған  адам,  демек,  ол  туралы  алғашында  аңыздар 

пайда  болған  да,  кейін  олар  ҽпсанаға,  хикаятқа  айналған.  Бҧған  қоса  тағы 

айтарымыз  –  Ескендір  туралы  сюжеттер  қазақ  еліне  сырттан  келген  жҽне 

кҿбіне-кҿп  діни,  тағы  басқа  да  кітаптар  арқылы  тараған,  соның  ҽсерінен  ол 

сюжеттерде, дҽлірек айтсақ, Ескендірдің ҿлмес суды іздегені жайлы сюжетте 

ислам  идеяларының  ҽсері  бар.  Ендеше,  мҧнда  хикаят  жанрының  белгілері 

айқын.  Мҽселен,  кейіпкердің  пайғамбар  немесе  ҽулие  болып  кҿрінуі, 

шығармадағы  оқиғалар  мен  іс-ҽрекеттердің  Алланың  бҧйрығы  ретінде 

тҥсінілуі,  неше  тҥрлі  кереметтің  орын  алып,  кҿркемдік  мақсатта 

пайдаланылуы,  ескі  шамандық  наным  мен  мҧсылман  діні  мифологиясының   

аралас келуі.  

Хикаяттарда ҽңгімеленетін оқиғалар тыңдаушылар арасында сенімсіздік 

тудырмайды,  ҿйткені,  олар  пайғамбарлар  мен  ҽулиелердің  іс-ҽрекеті  немесе 

басынан кешкен оқиғалары болып баяндалады

1

.   


Хикаят  жанры,  негізінен,  Қазақстанда  ислам  дінінің  таралуымен 

байланысты  қалыптасқан.  Оның  тҥп-тҿркіні,  сҿз  жоқ,  кҿне  заманның 

мифологиялық  тҥсінік-нанымдарымен  сабақтас.  Хикаят  таза  мҧсылмандық 

мифологияға  ғана  негізделмейді,  онда  архаикалық  мифтің  де,  ҽпсана  мен 

аңыздың  да,  тіпті,  ертегінің  де  қасиеттері  ҧшырасады.  Сондықтан  да  бҧл 

жанрдың пайда болу процесін ислам дҽуірінен бҧрынырақ деп тҥсіну керек, 

ал жанр ретінде толық қалыптасуы исламның қазақ еліне кең  тараған кезіне 

сҽйкес келеді.  

Міне,  осы  хикаят  жанрының  белгілері  Ескендір  туралы  қазақ  арасына 

тараған шығармалардан анығырақ кҿрінеді. Ол шығармалар  ҥш топ қҧрайды. 

Біріншісі  -  ҿлмеуге  ҽрекет  істейтін  Ескендір  туралы  баяндайтындар.  Оның 

сюжеті  мынадай:  Ескендір  патша  ҿзінің  Қызыр  жҽне  Ілияс  деген 

жолдастарын  ертіп,  ҿлмес  суды  іздеп,  Зҧлматқа  барады,  бірақ  ол  суды  алға 

қарай озып кеткен Қызыр мен Ілияс тауып ішеді де, соңынан Ескендір келіп 

жеткенде,  ҿлмес  су  ғайып  боп  кетеді  немесе  ол  суды  қарғалар  ішіп  қояды. 

Сҿйтіп, Ескендір патша «ҿлімге дауа болатын суды» іше алмай қалады

2

.  


                                                

1

  Диваев  А.  Предание  о  Хазрети  Исмаил-Ата  //  Туркестанские  ведомости.  1901.  №20,  24,  25;  Киргизская 



святыня.  Пещера  Чакпак–ата  //  Закаспийское  обозрение,  1902.  №31;  Хорасан  ата  //  Труды  Оренбургской 

ученой архивной комиссии. 1910. Вып. 22. С. 200-201; Новицкий Ю. Ходжа Ахмет Ясави // Туркестанские 

ведомости. 1912. №38; Тҽңірінің сҥйген қҧлы // Дала уалаятының газеті. 1900. № 16, 17; Мҧса пайғамбардың 

қҧдаймен сҿйлескені // ОҒК қолжазба қоры. №197-бума; Адам ҿмірі // Сонда. №202-бума, тағы басқалар.   

2

  Ескендір  Зҧлқарнайын  ҿзінің  дҧшпандарын  неменен  жеңгені  //  Дала  уалаятының  газеті.  1895.  №5; 



Қазақтың  қонақ  кҥтуі  турасынан  //  Сонда.  1900.  №11,  12;  Алтынсарыҧлы  Ыбырай.  Ҿлеңдер  жинағы. 

Алматы,  1935.  46-49-б.  ;  Саркин  Н.  Киргизское  стихотворение  об  Александре  Македонском  //  Известия 

Общества истории, археологии и этнографии. Казань, 1905. Т.21. Вып.4. С. 373-378; Қасқабасов С. Ескендір 

туралы қазақ ертегілері жҽне Абайдың «Ескендір» поэмасы // Қазақстан мектебі. 1968. №2. 68-б.; Костюхин 




 

400 


Бҧл  сюжетке  қҧрылған  хикаяттардың  саны  айтарлықтай  кҿп  емес. 

Мҧндай  шығармалар,  кҿбінесе,  Қҧранды,  тағы  басқа  діни  кітаптарды  кҿп 

оқыған  адамдар  арасында  кең  тараған  болу  керек.  Оған  ертеректе 

жарияланған мҽтіндер де жҽне біздің ХХ ғасырда жазып алған фольклорлық 

материалдарымыз да дҽлел болады. Мысалы, 1961, 1963, 1967, 1968 жылдары 

біз  Ескендірдің  ҿлмес  су  іздеп,  Зҧлматқа  (қараңғы  жерге)  барғаны  жайлы 

хикаятты  ерте  кезде  молда  болған,  мҧсылманша  кҿп  оқыған,  бертінде 

колхозда  жҧмыс  істеген  Ҽ.Тышқанбаев,  Р.Сҽрсенбин,  Р.Малдыбаев  деген 

кҿнекҿз қариялардан жазып алған болатынбыз.  

Ҿлмес  суды  іздеген  Ескендір  туралы  хикаятта  ҿлімнен  қҧтылудың 

жолын  іздестірген  Қорқыт  туралы  ҽпсанадағыдай  оптимистік  рух  пен 

табанды  кҥрескерлік  сипат  жоқ.  Егер  Қорқыт  ажалға  қарсы  тайсалмай 

кҥрессе,  Ескендір  олай  кҥресе  алмайды.  Қорқыт  адам  ҿмірі  ҥшін  саналы 

тҥрде кҥрессе, Ескендір тек ҿзін мҽңгі сақтап қалу ҥшін, яғни тек ҿзімшілдік 

мақсатта  ғана  қимылдайды.  Ол  кҥреспейді  де.  Міне,  бҧл  –  діни  кітаптардан 

тараған хикаятқа тҽн белгі. Бҧл айтқанымызға тағы бір дҽлел ретінде мынаны 

айтуға болады: Ескендір, тіпті, ҿлмес суды тапса да, іше алмайды, себебі, су 

біресе  ҿзі  ғайып  боп  кетеді,  біресе  суды  қарғалар  ішіп  қояды,  енді  бірде 

судың  ҿзі  патшаның  тамағынан  жҥрмей  қояды.  Осының  бҽрін  кҿрген 

Ескендір  «Алла  тағала  маған  ҿлмес  суды  бҧйыртпаған  екен!»  –  деп, 

Қҧдайдың  шешіміне,  ҿлімге  мойынсҧнады.  Сондай-ақ  ҿзінен  бҧрын  ҿлмес 

суды  ішіп, енді ҿле алмай, қор болып жҥрген адамды кҿріп, Ескендір патша  

дереу  ҿзінің  райынан  қайтып,  ҿлмес  суды  ішуден  бас  тартады.  Мҧнда  да  ол 

Қорқыттай  табанды  бола  алмайды,  ҿлімге  қарсы  ақырына  дейін  кҥресуге 

жарамайды.  Бірақ  Ескендірдің  бҧл  іс-ҽрекетін  хикаят  сынамайды  да, 

мінемейді  де.  Бҧл  заңды,  ҿйткені,  хикаят  жанры  діни  тҥсініктердің 

ықпалында  молырақ  болады.  Ал,  біз  талдап  отырған  хикаят  қазақ  арасына 

«Қисса-сҥл  ҽнбиядан»  тараған

1

.  Оған  дҽлел:  біріншіден,  бҧл  кітапта  ҿлмес 



суды  іздеген  Ескендір  туралы  былай  ҽңгімеленеді.  Ескендір  барлық 

ғалымдарын  жинап  алып,  дҥниеде  кҿп  жасауға  ойланып,  «ҿмірдің  ҧзақ 

болуына  не  шара  бар?»  –  деп  сҧрақ  қояды.  Сонда  ғалымның  біреуі  тҧрып: 

«Қап  тауының  аржағында,  қараңғылықта  Ғайнылхаят  бҧлағы  бар,  содан  су 

ішкен  адам  қияметке  дейін  ҿлмейді»,  –  дейді.  Оған  басшыны  Қытай  елінен 

іздеу керек болған. Қытайлықтар Ескендірге Қызыр деген адамды басшы етіп 

береді.  Туар  малдың  ең  кҿргіші  қысырақ  бие  дегенді  естіген  соң  Ескендір 

жиырма  мың  бие  тапқызып,  ҽскерлеріне  мінгізеді.  Қызырға  қараңғылықты 

жарық қылатын бір жауһар тас беріп, оны ілгері жібереді. Артынан Ескендір 

ҽскерімен ҿзі жҥреді. Ібілістің нҧсқауымен Ескендір тауды ҿрлеп, жоғарылай 

береді.  Алдынан  қиямет  кҥні  жел  жіберетін  Исрафыл  періште  жолығады. 

Ескендір одан мҽңгі суын сҧрайды. Ол  тобықтай ғана бір тас береді. Ол тас 

                                                                                                                                                       

Е.А. – Александр Македонский в литературной и фольклорной традиции. М., 1972. С.158; Хан бҧйрығы // 

ҼҾИ қолжазба қоры. №118-бума.   

1

 Бҧл туралы толығырақ қараңыз: Қасқабасов С. Ескендір туралы қазақ ертегілері жҽне Абайдың «Ескендір» 



поэмасы  //  Қазақстан  мектебі.  1968.  №2.  68-70-б.;  Кенжебаев  Б.  Қазақ  ҽдебиеті  тарихының  мҽселелері. 

Алматы, 1973. 17-21-б.    




 

401 


адамның кҿз сҥйегі болып шығады. Оның сырын патшаға қасындағы Қызыр 

тҥсіндіреді. «Бҧл – кҿз сҥйегі. Адам тірлікте ешнҽрсеге тоймайды, ҿлген кҥні 

бір уыс топырақтан қанағат табады», – деп жауап береді Қызыр

1

.   



Міне, бҧл – «Қисса-сҥл ҽнбия» кітабындағы сюжет. Осы сюжеттес қазақ 

хикаяттары,  кҿбінесе,  мҧсылманша  оқып,  діни  кітаптармен  жақсы  таныс 

адамдардан  жазылып  алынғаны  жҽне  оның  арабша  хат  танымайтын 

кҿпшілікке кең тарамағаны айтылып отырған сюжеттің тҿркіні -  «Қисса-сҥл 

ҽнбия» екенін дҽлелдесе керек.  

Сондай-ақ  хикаятты  айтушылар  «Зҧлқарнайын»  деген  сҿзді  «қос 

мҥйізді»  емес,  «екі  дҥниені  билеген»  деп  тҥсіндіреді.  Мҧндай  идея,  яғни 

Ескендір – жарық жҽне қараңғы, яки бҧл дҥние мен о дҥниені бірдей билеген 

пайғамбар-патша деген ой  «Қисса-сҥл ҽнбияда» дҽріптеледі, ал, Ескендірдің 

ҿз бейнесі барынша мадақталады.   

Қазақ  арасына  тараған  Ескендірге  байланысты  фольклорлық 

шығармалардың  енді  бір    тобы  мына  сюжетке  қҧрылған:  Ескендір  патша 

жорықта  (жолда)  келе  жатып,  керемет  бҧлаққа  тап  болады.  Бҧлақты  бойлай 

жҥріп,  ол  жҧмақтың  қақпасына  жетеді.  Патша  қақпаны  ашуды  бҧйырады, 

бірақ  қақпаны  ешкім  ашпайды.  Оған  қақпаның  ішінен  орамалға  тҥйілген 

адамның бас  сҥйегін  (кейде  бір    дорба  ҧнмен  қоса)  тастайды.  Оның  мҽнісін 

тҥсінбеген  Ескендір ашу  шақырады.  Сол  кезде  ҽміршінің  қасындағы  Қызыр 

(данышпан)  бас  сҥйекті  таразыға  салдырып,  ҿлшетеді.  Бас  сҥйекті  ешнҽрсе 

баса  алмайды.  Сол  уақытта  таңданған  патшаға  Қызыр:  «Адамның  кҿзі 

дҥниеге тоймайды, тек топырақ қана бас сҥйекті баса алады!»  - деп, бір уыс 

топырақты  сҥйектің  кҿзіне  қҧя  салады.  Сол  сҽтте  бас  сҥйек  тҧрған  таразы 

кҿтеріледі. Ескендір болса, жаһангерлік райынан қайтады

2

.  


Бҧл  –  жалпы  прозалық  фольклордағы  кҿне  сюжеттердің  бірі.  Дҽл  осы 

сюжет ежелгі жазба ескерткіштердің қатарына жататын «Талмуд» кітабында 

бар

3

. Онда мысал (притча) ретінде берілген. Бҧл сюжеттің қазақ топырағына 



келуі  Талмуд  пен  Библиядағы  Сҥлеймен,  Мҧса,  Нҧқ,  Исалар  жайындағы 

хикаяттардың Қҧран, Тафсир, Хадис, тағы басқа мҧсылман кітаптары арқылы 

тарағаны кҥмҽнсіз. Сол себепті де Ескендір тап болатын жҧмақ пен бас сҥйек 

туралы 


баяндайтын 

шығармалар 

хикаят 

жанрының 

қҧрамында 

қарастырылады.  Оған  тағы  бір  айғақ  ретінде  Ескендірдің  біршама  жҧмсақ 

болып  бейнеленуін  айтуға  болады.  Егер  қос  мҥйізі  бар  Ескендір  жайлы 

хикаяттарда ол аяныш, ойлану дегенді білмейтін қатал, тасжҥрек адам болып 

кҿрінсе, мҧнда ойланып, ҿз жайын тҥсіне білетін патша кейпінде суреттеледі. 

Басқаша айтар болсақ, Ескендірді дҽріптеп, мадақтаудың нышаны бар, соны 

ҥлгіге  тарту  мақсаты  бар.  Ал,  бҧл  -  хикаят  жанрының  бас  белгілерінің  бірі. 

Алайда,  кҿркемдігі  жағынан  ҽпсанаға  тҽн  ғажайыптық  сипат  жоқ.  Рас, 

кҿркем  шарттылық  бар.  Ескендірдің  жҧмақ  қақпасына  баруы,  оның 

                                                

1

  Қҧнанбаев  А.  Алматы, 1945.  457-458-б.;  Саркин  Н.  Аталған  еңбек.  379-380-б.;  Кеңесбаев  І.  Қазақ  тілінің 



фразеологиялық сҿздігі. Алматы, 1977. 9-б. 

2

  Тҽкаппар  ҽскер  басы  турасынан  //  Дала  уалаятының  газеті.  1895.  №3.  Зҧлқарнайын  //  Қазақстан  мектебі. 



1968. №2. 62-б.   

3

 Агада. Сказания, притчи, изречения Талмуда и Мидрашей: В 4-х частях. Одесса, 1910. Ч.1. С. 177-178. 




 

402 


кҥзетшісімен сҿйлесуі - ҽрі шарттылық, ҽрі кереметтік элементі.  

Ендігі  бір  кҿңіл  аударатын  нҽрсе  –  арғы  тҥбі  Талмудқа  апаратын  осы 

сюжеттің  ҧлы  Абай  творчествосынан  орын  табуы.  Біздің  қолда  бар 

фольклорлық хикаяттардың да, Талмудтағы мысалдың да сюжеті, оқиға ҿрбуі 

–  толығымен  Абай  «Ескендірінің»  желісі.  Тіпті,  кейбір  эпизодтар  мен 

детальдарға шейін дҽлме-дҽл келеді. Мысалы, Ескендірдің шҿлде бҧлаққа тап 

болуы,  бҧлақ  суына  кепкен  балықты  салуы,  балықтың  хош  иісті  болып, 

дҽмінің ҿзгеруі, бҧлақты бойлай жҥрген Ескендірдің жҧмақ қақпасына жетуі, 

жҧмақ  кҥзетшісімен  сҿйлесуі,  патшаның  ашуланып,  кҥзетшіден  белгі 

боларлық  бір  нҽрсе  сҧрауы;  қақпаның  аржағынан  бас  сҥйектің  тҥсуі,  ол 

сҥйекті  алтын-кҥміспен  ҿлшеуі,  т.т.  Демек,  Абайдың  «Ескендір»  поэмасы 

мен фольклорлық хикаяттың тҥпкі тҿркіні – бір, ол – «Талмуд» кітабы

1

.  


Алайда,  ҧлы  Абай  тек  бҧлармен  ғана  шектелмеген.  Басқа  сҿзбен 

айтқанда,  Абай  «Талмудты»  да,  фольклорлық  хикаятты  да,  басқа  да  ҽдеби 

туындыларды,  сондай-ақ,  Ескендір  туралы  тарихи  шығармаларды  да 

пайдаланған,  оларды  ҿзінің  гуманистік,  имандылық  тезінен  ҿткізіп, 

қорытқан,  сҿйтіп,  идеясы,  эстетикалық  нысанасы  мҥлде  басқаша,  жаңа 

шығарма жазып шыққан.  

Сонымен,  басқа  халықтардағы  сияқты,  қазақта  да  Ескендір  туралы 

фольклорлық  та,  ҽдеби  де  шығармалар  бар  екені  анықталды.  Олар  ҥш 

сюжетті ҽңгімелейді.  

Бірінші  сюжет  -  Ескендір  патшаның  ҿлмес  суды  іздегені.  Бҧл  оқиғаға 

қҧрылған  хикаят  қазақ  фольклорына  Рабғҧзидің  «Қисса-сҥл  ҽнбиясынан» 

келгенімен,  оның  сюжеті,  сайып  келгенде,  адам  баласының  тағдырға  қарсы 

немесе ажалдан қашуы туралы кҿне мифпен тамырлас. 

Екінші  сюжет  –  қос  мҥйізді  Ескендір  мен  шаштаразшы  туралы.  Бҧл 

сюжет  қазақ  халық  ҽдебиетіне  Низамидің  «Ескендір-намасы»  арқылы 

тараған. Ал, тҥптеп келгенде, мҧндай сюжеттердің тууы алғашқы қауымның 

тотемдік сенімдерімен байланысты.  

Осы  сенімдерге  негізделген  тҥсінік  бойынша  ерте  уақытта  ру  басы, 

тайпа  кҿсемі,  бақсылары,  патшалары  тотемнен  туады,  соның  кейпінде 

болады, қасиетін бойына сіңіреді деп ойлаған. Сол себепті олар есек қҧлақты, 

ҿгіз мҥйізді, т.б. тҥрде суреттелген. Егер олар осы магиялық кҥш беріп тҧрған 

қҧлақтан,  мҥйізден  айырылса,  опат  болады  деп  сенген.  Қоғамда  бҧл 

нанымдардың  жойылуымен  мифтегі  қиялдық  элементтер  ҽпсана  мен 

хикаятқа  кҿшеді.  Енді  акцент  моральдық  проблемаға  жасалады:  мҥйізді 

ханның атағы ҥнемі зҧлымдықпен шығады жҽне оның масқара қҧпиясын ашу 

барша  жҧртты  моральдық  тҧрғыда  қанағаттандырады.  Осының  нҽтижесінде 

бҧл сюжеттегі шығармаларда ертегілік сипат бар.  

Ҥшінші  сюжет  –  жҧмаққа  тап  болып,  кҿз  сҥйегін  алған  Ескендір 

жайында.  Мҧның  тҥп  негізі  –  Талмудтағы  мысал.  Ал,  Талмудқа  Ескендір 

сарбаздары  шығарған  аңыздардың  Шығыста  тараған  нҧсқаларынан  енген 

                                                

1

 Бҧл туралы толығырақ қараңыз: Қасқабасов С. Ескендір туралы қазақ ертегілері жҽне Абайдың «Ескендір» 



поэмасы // Қазақстан мектебі. 1968. №2. 66-70-б.; Ахметов З.А. Современное развитие и традиции казахской 

литературы. Алма-Ата, 1978. С.75-78; Сатбаева Ш.К. Казахская литература и Восток. Алма-Ата, 1982. С.112. 




 

403 


болу керек. Ол қазақ еліне мҧсылман кітаптары арқылы келген. Ал, сюжеттің 

арғы  тҥбірі  ҿлмеудің  амалын  іздеген  адам  туралы  миф  болуы  ықтимал, 

ҿйткені,  хикаяттың  бҥкіл  сарыны  сонымен  ҥндес:  жҧмақ,  керемет  су,  мҽңгі 

тірі  Қызырдың  бас  сҥйек  жайында  айтқандары,  Ескендірдің  ҿлім  туралы 

ойлап, жаһангерліктен бас тартуы – міне, осының бҽрі ажал мен адам кҥресі 

туралы  мифті  еске  тҥсіреді.  Ескендірдің  «ҿлімге  дауа  болатын  суды»  іздеп 

Зҧлматқа барғанда, ҿлмес суды Қызыр мен Ілиястың ішіп қоюы осы сюжетте 

де кҿмескі тҥрде кҿрініс береді. Сонымен бірге Ескендір туралы хикаяттарда 

Лҧқпанның бейнеленуі де кездейсоқ емес.  

Лҧқпан да – Шығыс халықтарының фольклорында кең тараған кейіпкер. 

Жалпы,  қазақтың  хикаяттарының  ішінде  Қҧранда  ҽңгімеленетін  Лҧқман, 

Сҥлеймен, Қарун жайында баяндайтын сюжеттер де кездеседі.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет