2
жҽне монғол фольклорында да бар
3
.
Билер батасы терме принциптерімен қҧрылған дидактика болғанда,
салмақты мақал-мҽтелдерге салады. Қошқарҧлы Жҽнібекке Қараби:
Қайтып кірер есікті
Қатты серпіп жаппағайсың
Қайтып кҿрер досыңа
Қайрылмастай сҿз айтпағайсың
Осыны есіңе ала жҥрсең, ешкімнен
Кем де, қор да болмайсың, –
деп, логикалық қорытындыны мақалмен жеткізеді. Ал Шақшақҧлы
Жҽнібекке Тҿле би батасында: «Ҽйел алсаң, кҿріктіні алма, тектіні ал»,
«Ақылдың тҥбі қҧт болар», «Кҽсіп болмай, нҽсіп болмас» деген мақалдар
пайдаланылған.
Шешен атанудың бір сыры – қапияда сҿз тауып кету десек те,
шешендердің кейде ҽлдебір жағдайларда іштей дайындалып, ширығып
жҥретін кездері де бар. Мысалы, Кҿкпек Уатай бидің жер-суын қоритынын
біле тҧра, Қҧлдық шешен Бақшақ елінің кҿшін тынықтыру ҥшін сол араға
саналы тҥрде қондырады. Кҿштің қонғанын естіп, қасына 5-6 жігіт ертіп
келген Уатай бидің: «Бҧл жерге саған кім қон деді?» - деген сҧрағына
«Ақылым қон деді», - дейді. «Ақыл қалай қон деді?» - дейді Уатай.
Осылайша шешен ҿзін жауаптап тҧрған адамды абстрактылы ҧғыммен
қызықтырып алды да, оның кҿңілін келе жатқан мақсатынан бҿлді. Енді
кеңірек сҿйлесуге болады.
Ақылым: «Ақпан соқса ҿлмейсің,
тоқпан соқса ҿлмейсің.
Уатай бір соққанда қата қаласың ба?
Сен бір қонғанда
Сарыкҿлдің суы орталанар деймісің?
Кҿсіктінің оты орталанар деймісің, қон-қон деді»
Достарыңызбен бөлісу: |