418
деп, бидің кҿңіл тарлығына жол бермей, сҿзбен жығады. Тарлық жасауға
еркі қалмай, «ой, тілі кесілгір, қона ғой! Сенің азғана малыңа су да
тартылмас, шалғын да жапырылмас, бес-алты кҥн ерулеп кҿшерсің», - деп,
кеңдікке салып кетеді. Бҧл қарсы келген адамның алдын сҿзбен орау ҽдіс-
тактикасы.
Қҧрмысы шешен мен елдің ҽкімі Зілғара арасында да осыған ҧқсас ҽдіс
бар. Жер қорыған Зілғара ҽкім қой жайып жҥрген Қҧрмысыны кҿріп, шауып
келеді. Сонда Қҧрмысы:
- Зілғаражан, ағаң қалып еді суалып,
Қонақ келсе, сасып қалушы еді ҧялып.
Бір азғана қой жиып беріп едіңдер,
Қонақ келгенде отырсын деп жҧбанып, -
деп, ҿзінің қалайша малды болғанын баян етіп, менің жайым осылай, сен
қалайша маған қарсы боласың дегенге меңзеп:
- Ағаңа бір аз ғана қой бітті деп,
Шауып келесің бе сонша қуанып?!
1
, -
деп, сҿзбен алдын орайды да, ҽкім «Ой, тілің кесілгір» дегеннен басқаны айта
алмай, кетіп қалады.
Қазақ шешендік сҿздерінің жасалуында сҿз ойнату ҽдісі де, дыбыс
ҥндестігін пайдалану тҽсілі де қолданылады.
- Менің не аты-жҿнімді сҧрайсың, бала? Ҿз атым - Ақсуат, жайлауым -
Бҧйырғын. Ҽлімнің ортасындағы бір қазығымын,- дейді Ақсуат.
- Би, жҿн білсең, суатпын деп мақтанба. Ең жаманы - суат, басынан
соқпақ кетпейді. Қазықпын деп мақтанба, мҥлік жаманы - қазық, басынан
тоқпақ кетпейді. Бҧйырғын деген шҿп болады, жеген жылқы тоқ болады. Тоқ
жылқыны сойылдап аларман айдаса, лезде жоқ болады,- депті Сырым
2
.
Шешен менменсіген бидің ныспысын да, жайлауын да, ҿзінің бағасын да
есім, зат ретінен талдап, оның не мҥжіліп, не жойылатын нҽрселердің
материалдық кҥйіне теңеп, сӛз ойнату арқылы икемге келтіреді.
«Ал баланы ат босағада тепсе, бҥтін қҧн аласыздар,
Жабықта тепсе, жарты қҧн,
Тҿрде тепсе, тҿрттің бірін аласыздар» дегенде қҧн тҿлеудің ерекшелігі
бҧлайша болмайтындығы белгілі, бҧл дыбыс үндестігін пайдалану арқылы
жасалған.
Би, шешендердің репертуарында, сондай-ақ, ым, ишараны қҧрал ететін
жағдайлар да бар. Даугерлердің сҿзін тыңдаған соң Тҿле бидің қолдары мен
еріндерін кезек кҿтеруі, Сырым батырдың «басқа пҽле - тілден» дегенді
білдіру ҥшін басын шертіп, тілін кҿрсетуі – осының айғағы. Ым, ишара
ертегілерде де бар. Ал бҧл тҽсіл, шындығында, генетикалық тҧрғыдан
1
Қҧрмысы мен Зілғара // Шешендік сҿздер. Алматы, 1967. 63-б.
2
Сырым мен Ақсуат би // Тозған қазды топтанған қарға жейді. Алматы, 1991. 101-б.
419
сайқымазақтардың диспутынан басталады
1
.
Орта ғасырларда жазба ескерткіштердің алғашқылары бірден тҿлтума,
нақты авторлы болмайтыны тҥсінікті, ол ҿзіне дейінгі фольклорлық
мҽтіндермен қоса сарындарды белгілі дҽрежеде еркінше тҥрлі тҽсілмен
(вариация, дамыту, т.т.) пайдаланғаны сҿзсіз. Тҥркі аумағында, тіпті,
монғолдықтар ҥшін де, шешендік сҿздердің кең таралуында жазба
ескерткіштердің байланыс қызметі жоққа шығарылмайды.
Қазақ шешендік сҿздерінде типтердің ҽлеуметтік мҽртебесіне қарай
жауапқа айырмашылық енгізіледі. «Аста тҧз тҽтті, дҥниеде дос тҽтті» деу
Сырым батырға, «білімдімен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тҽтті
жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның ҿз жанынан тҽтті
жоқ. Жақында – ажал жақын» деп, ҿмірде кҿпті кҿрген қарт Байдалы бидің
айтуына лайық жауап жасалған.
Шешендік сҿздердегі мазмҧн тҧрақтылығын сақтайтын қаңқалар жанр
табиғатын ашуға, сҿйтіп, классикалық дана типінің шешен типіне ҽсер ететін
басты мазмҧндық сипатын ашуға қҧрал ретінде танылады. Жалпы, шешендік
сҿздер сҿз жобасы мен ой қазығын сақтау бойынша жасалып, сақталған. Сҿз
жобасы аз-кем ҿзгерістердің болуына жол бергенімен, ой қазығы басты
идеяны берік ҧстайды.
Ш.Уҽлиханов «шешен» сҿзі кҿне монғол тілінде ақылман деген ҧғымды
беретінін байқаған
2
, ҿйткені, монғол тіліндегі шешен сҿзінің бірінші
мағынасы – топ басшысы деген ҧғымды береді. Шыңғыс хан бабаларының
сэсэн атанғаны олардың хан мҽртебесімен байланысты, яғни, ҿз
ортасындағы басшы, дана, ақылман. Қазақта Балаби, қырғызда Алчыкенің
жҧмбағын жиналған кҿптің ішінен ешкімнің шеше алмауы немесе Мҧса
мырзаның жауабына қанағаттанбай, Байдалы қарттың жауапты ҿзінше
жасауы да қарттарды дана етіп кҿрсету мҥддесінен туған. «Шешен» сҿзінің
мҽні ҧғым ретінде о бастағы тҥбірінен ажырап кетпесе де, қоғам дамуы
барысында тҥрлі тарихи кезеңдерді бастан кеше отырып, белгілі дҽрежеде
танымдық сапасын ҿзгерткен. Яғни бҥгінгі таңда қызыл тілге жҥйрік,
поэтиканы қҧрал ете сҿйлейтін адамдарды шешен деп таниды, демек,
шешендік сҿздердің фольклорлық қызмет ауқымы тарылған.
Достарыңызбен бөлісу: